Глоссарий

Абсолютті өсім – қатар деңгейлерінің айырмасы. Абсолютті өсімді базалық және тізбекті әдіспен есептейді.

Абсолютті шамалар деп қоғамдық құбылыстардың көлемін, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Агрегаттық индекстер - жалпы индекстердің негізгі түрі, олар 2 элементтен тұрады.

Ағымдағы бақылау деп үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілетін бақылауды айтады.

Ажырасу коэффициенті бір жылдағы ажырасу санын халықтың орташа санына бөлу арқылы анықталады.

Ақырғы тұтыну шығындары үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатып алынған тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді.

Альтернативті немесе балама белгі деп жиынтықтың белгілі бір бірліктерінде болатын, ал екінші бір бірліктерде болмайтын белгілерді айтады.

Аналитикалық топтау – зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік беретін топтау түрі.

Аралық тұтыну шығындары – есепті мерзімде өндіріс үдерісінде тұтынылған тауарлар (негізгі капиталдан басқа) мен нарықтық қызметкердің құны.

Арифметикалық жолмен тексеру – сандық көрсеткіштердің жиынын тексеру арқылы статистикалық мәліметтерді тексерудің бір жолы.

Арнайы ұйымдастырылған бақылау деп әр түрлі құбылыстарды зерттегенде олардың күй-жайы, дамуы туралы мәліметтерді есеп беру формасы бойынша жинау мүмкін болмаған жағдайда жүргізілетін бақылауды айтады.

Ассоциация коэффициенті – екі альтернативті белгі арасындағы байланыс тығыздығын бағалайтын көрсеткіш.

Атрибутты таратпалы қатарлар деп сапалық белгі бойынша құрылған таратпалы қатарларды атайды.

Аттас шамаларды салыстыру тәсілі – бірнеше динамикалық қатарларды талдау үшін қолданылатын тәсіл. Бұл тәсілді қолданып, аттас құбылыстарды бақылағанда динамикалық қатарлардың абсолютті деңгейлерін, абсолютті өсімдерін, өсу қарқындарын тікелей салыстыруға болады.

Ашық интервал деп не төменгі, не жоғарғы шегі ғана көрсетілген интервалды айтады.

Бағаның агрегаттық индексі - ағымдағы мерзімде тауар бағасы неше есе өскенін немесе кемігенін білдіретін индекс.

Базалық индекстер -көрсеткіштің ағымдағы деңгейін белгілі бір мерзімдегі деңгеймен салыстыру нәтижесінде анықталатын индектер. Базалық индекстерде салыстыру негізі тұрақты болады.

Бақылау бағдарламасы деп бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін немесе тіркеуге алынатын белгілердің тізімін айтады.

Бақылау қатесі деп көрсеткіштің бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын айтады.

Бақылау мезеті – құбылыстардың белгілі бір күйін тіркейтін уақыт мезеті. Бақылау мезеті зерттелетін құбылыс күн сайын ғана емес, сағат, тіпті минут сайын өзгеріп отырған жағдайда қолданылады.

Бақылаудың құжаттық тәсілі – негізгі ақпарат көзі ретінде әр түрлі құжаттарды қолданатын бақылау тәсілі.

Бақылаудың объективті уақыты деп бақылау мәліметтеріне қатысты уақытты айтады. Объективті уақыт жиынтық бірліктерінің белгілері тіркеуге алынған мерзімді немесе мезетті сипаттайды.

Бақылаудың субъективті уақыты – бұл бақылау өткізілетін уақыт, яғни жиынтық бірліктері туралы керекті мәліметтер жиналатын кезең. Бақылаудың сұрақ-жауап тәсілі – қажетті мәліметтер сұралушы адамның берген жауаптарынан құралатын бақылау тәсілі. Сұрақ-жауаптың экспедициялық, өзіндік тіркеу және корреспонденттік деп аталатын 3 түрі болады.

Баланс әдісі – құбылыстар байланыстарын талдау, экономикалық пропорцияларды анықтау, салалар, аймақтар арасындағы байланысты сипаттау үшін қолданылатын әдіс.

Белгі – бақылауға алынатын немесе өлшенетін бірліктердің, құбылыстардың ерекшеліктері, қасиеттері.

Бір жолғы бақылау – белгілі бір мәселені шешу үшін бір рет немесе қажет болған кездерде жүргізілетін бақылау.

Біртекті жиынтық деп бірліктерінің негізгі белгілері бірдей болатын жиынтықты айтады.

Вариант деп вариациялық белгінің таратпалы қатардағы жек мәнің айтады.

Вариация коэффициенті – орташа квадраттық ауытқудың орташа шамаға қатынасы арқылы анықталатын вариация көрсеткіштерінің бір түрі.

Вариация өрісі – вариация көрсеткіштерінің ең қарапайым түрі. Ол белгінің ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасын көрсетеді.

Вариациялық қатарлар деп сандық белгілер бойынша құрылған таратпалы қатарларды атайды.

Гармониялық орташа шама – белгінің кері мәнінен есептелетін орташа шама. Басқа дәрежелік орташалар сияқты гармониялық орташаның да жай және салмақталған түрі болады.

Геометриялық орташа шамалар – динамикалық қатар түрінде берілген ситатистикалық көрсеткіштердің өсу коэффициенттерінің немесе өсу қарқындарының орташа шамасын анықтау үшін қолданылатын дәрежелік орташа шамалардың бір түрі.

Гисторамма – интервалды вариациялық қатардың графигі.

График деп көрсеткіштердің сандық мәндерін шартты түрде бейнелеуді айтады.

График өрісі – графиктік бейне орналасқан кеңістік.

График экспликациясы -графиктің мазмұнын сөзбен сипаттау. График экспликациясы графиктің атын, масштаб шкаласы бойындағы жазуларды, көрсеткіштердің өлшем бірліктерін, шартты белгілеулерді қамтиды.

Графиктік бейне – статистикалық мәліметтерді бейнелейтін геометриялық белгілер (нүктелер, сызықтар, геометриялық фигуралар, т.б.)

Даму үрдісі немесе тренд деп тұрақты әсер ететін факторлар салдарынан болатын құбылыстың негізгі даму бағытын айтады.

Дербес абсолютті шамалар – жиынтық бірліктерінің сандық белгілерінің мөлшерін көрсететін абсолютті шама түрі.

Дербес индекстер – құбылыстың біртекті элементтерін салыстыру арқылы анықталатын индекстер.

Детерминация коэффициенті деп сызықтық корреляция коэффициентінің квадратын айтады.

Динамика – көрсеткіштің (құбылыстың) уақытқа байланысты өзгеруі.

Динамикалық жиынтық деп құрамы уақытқа байланысты өзгеретін жиынтықты айтады.

Динамикалық қатар деп статистикалық көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан мәндерін айтады.

Динамикалық қатарды аналитикалық тегістеу деп құбылыстың уақытқа байланысты даму үрдісін сипаттайтын математикалық үлгіні табуды айтады.

Динамикалық қатарларды біріктіру тәсілі – қатар деңгейлері әр түрлі әдіспен есептелгенде немесе әр түрлі аумақтық шекара үшін анықталғанда динамикалық қатарларды талдау үшін қолданылатын тәсіл.

Динамикалық қатысты шама – уақытқа қарай көрсеткіштің өзгеру дәрежесін сипаттайтын қатысты шаманың түрі.

Дисперсия – ауытқулар квадратының орташасы.

Еңбек өнімділігінің агрегаттық индексі – ағымдағы мерзімде еңбек өнімділігі базалық мерзіммен салыстырғанда қалай өзгергенін көрсететін индекс.

Еңбек ресурстары деп экономикалық әрекетпен айналысатын, сол сияқты жасы және денсаулығы бойынша еңбек етуге қабілетті, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс істемейтін халықты айтады.

Еңбек сыйымдылығының агрегаттық индексі – ағымдағы мерзімде еңбек сыйымдылығы қалай өзгергенін көрсететін индекс.

Есеп беру деп кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы статистикалық органдарға құжаттар (есеп) тапсыруын айтады.

Жай арифметикалық орташа шама – белгінің варианттары жинақталмаған жиынтықтар үшін қолданылатын арифметикалық орташа шаманың бір түрі.

Жай жинақтау – мәліметтерді топтарға бөлмей жай жинақтау.

Жай жинақтау деп бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді топтарға бөлмей, жинақтауды айтады.

Жай кесте деп бастауышында топтастыру болмайтын кестені айтады.

Жай топтау деп бір белгі борйынша жүргізілген топтауды айтады.

Жалданбай жұмыс істейтіндер – өзін – өзі жұмыспен қамтамасыз ететін адамдар.

Жалданып жұмыс істейтіндер – еңбегі үшін жалақы, кесімді қызметақы және шартта көрсетілген өзге де ақшалай немесе заттай нысандағы ақы төлеу қарастырылған еңбек келісімі, жалдай шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Жалпы ішкі өнім қарастырылып отырған елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық ақырғы өнімдердің құнын көрсетеді

Жалпы абсолютті шамалар – дербес абсолютті шамаларды қосу арқылы анықталатын абсолютті шамалар.

Жалпы дисперсия барлық факторлардың әсерінен жиынтықта болған вариацияны көрсететін дисперсия.

Жалпы индекстер – тікелей салыстыруға келмейтін элементтерден тұратын әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың қатынасын көрсететін индекс түрі.

Жалпы қосылған құн – экономика салалары үшін құрылған өндіріс шотының баланстық статьясы. Ол жалпы шығарылған өнім мен аралық тұтыну шығындарының айырмасына тең.

Жалпы пайда немесе жалпы аралас табыс – табыстардың пайда болу шотының баланстық статьясы. Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өніммен еңбекақыны өндіріске салынған таза салықтарды, импортқа салынған таза салықтарды шегергендікке тең.

Жалпы ұлттық табыс - елдің резиденттерінің алғашқы табыстарының қосындысын сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіш.

Жалпы шығарылған өнім - барлық институционалдық бірліктердің есепті мерзімдегі өндірістік әрекеттерінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Жаппай бақылау деп зерттелетін жиынтық бірліктері толық қамтылатын бақылауды айтады.

Жартылай бақылау – негізгі жиынтықтың бір бөлігі ғана қамтылатын бақылау.

Жас бойынша өлім -жітім коэффициенті белгілі жас тобындағы қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына қатынасы арқылы анықталады.

Жас бойынша туу коэффициенті белгілі бір жас тобындағы босанған әйелдер санының осы жастағы әйелдердің орташа жылдық санына қатынасы арқылы анықталады.

Жинақтау деп зерттелетін құбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде өңдеп, бір жүйеге келтіруды айтады.

Жиынтықтың бірліктері деп осы жиынтықтағы жеке объектілер аталады.

Жиынтықтың негізгі бөлігін зерттеу деп бақылауға алынған жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын аса ірі бірліктерді ғана зерттеуді атайды.

Жиілік – әр варианттың неше рет қайталанғаның көрсететін шама.

Жоспардың орындалу дәрежесі – көрсеткіштің есепті мерзімдегі нақты деңгейінің жоспардағы деңгейге қатынасын білдіретін қатысты шама.

Жоспарлық тапсырма – көрсеткіштің жоспарланған мәні мен оның өткен мерзімдегі нақты мәнінің қатынасын білдіретін көрсеткіш.

Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

Жұмыспен қамтылған халық деп есепті мерзімде сыйақы үшін жалданып немесе жалданбай, табыс әкелетін жұмысты өз бетінше істейтін адамдарды айтады.

Жұмыспен қамтылу деңгейі (коэффиценті) - экономикалық белсенді халық санындағы жұмыспен қамтылғандардың үлесін сипаттайтын шама.

Жұмыссыздар деп қарастырылып отырған кезенде жұмысы немесе табыс әкелетін кәсібі болмаған, жұмыс істеумен белсенді түрде айналысқан, жұмысқа кірісуге дайын және халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15және одан жоғары жастағы) адамдарды айтады.

Жұмыссыздық деңгейі (коэффициенті) – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсететін шама.

Жұптық корреляция – бір факторлық белгі мен нәтижелік белгі арасындағы байланысты көрсететін корреляция түрі.

Жылжымалы орташа деп көрсеткіштің мүшелі интервал бойынша есептелген арифметикалық орташа мәнін айтады.

Жіктеме деп құбылыстар мен объектілерді олардың ұқсастықтарына, айырмашылықтарына байланысты белгілі бір топтарға, кластарға, разрядтарға деп белгініжүйелеп бөлуді айтады.

Заттай қабылданған әлеуметтік трансферттер – әлеуметтік – мәдени сипатта тегін көрсетілген қызметтер, тегін берілген тұтыну тауарлары (мысалы, мектептерге оқулықтарды тегін беру, мүгедектерге көлікті тегін беру, т.б.), тегін берілген дәрі-дәрмектер болады.

Икемділік коэффициенті – факторлық белгі 1% - ке өзгергенде нәтижелік белгі қалай өзгеретінін білдіретін көрсеткіш.

Импортқа салынатын салықтар деп елдің экономикалық аумағына әкелінген тауарларға және резидент емес бірліктердің резидент бірліктерге көрсеткен қызметтеріне салынатын салықтарды айтады.

Инвестициялық субсидия деп негізгі капиталдың қорын көбейту үшін мемлекет немесе басқа елдер берген трансферттерді айтады.

Индекс деп белгілі бір экономикалық құбылыс мәндерінің қатынасын білдіретін сандық көрсеткішті айтады.

Индекстер әдісі – күрделі құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу үшін, сонымен қатар құбылысқа әсер ететін факторлардың ықпалын айқындау үшін қолданылатын статистикалық әдіс.

Интенсивті (үдемелік) қатысты шама- бір-бірімен байланысты, бірақ аттас емес көрсеткіштердің қатынасы арқылы есептелетін қатысты шама түрі.

Интервал деп белгінің әр топтағы жоғарғы және төменгі мәндерінің айырмасын айтады. Интервал бірдей және әр түрлі болады

Интервалды болжам -көрсеткіш денгейінің сандық мәндерінің диапазонын, интервалын анықтауды көздейтін болжам.

Интервалды динамикалық қатар- құбылысты белгілі уақыт аралығына байланысты сипаттайтын динамикалық қатар түрі.

Интерполяция деп динамикалық қатар ішіндегі белгісіз деңгейлерді анықтауды айтады.

Картограмма- әр түрлі штрихпен немесе қоюлыға әр түрлі бояумен берілген көрсеткіштін белгілі аумақта қалай таралғанын бейнелейтін график.

Картодиаграмма- әр түрлі диаграммалық фигуралық көмегімен статистикалық көрсеткіштің шамасын берілген аумақтық бөлінудің әр бірлігі шеңберінде бейнелейтін картогрмма түрі.

Квадраттық орташа шамалар – квадраттық функция түрінде өрнектелген шамалардың орташасын анықтау үшін қолданылатын орташа шамалар.

Кедейлік өткірлігі – кедей тұрмысты халық арасындағы теңсіздікті айқындайтын көрсеткіш.

Кедейлік тереңдігі кедей адамдардың табысы кедейшілік шегінен қаншалықты төмен екендігін көрсетеді.

Кездейсоқ қателер – қызметкер біліктігінің төмендігінен, оның жұмысқа ынтасыз болуынан, т.б. Себептерге байланысты жіберілетін қате.

Кездейсоқ іріктеу – жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін бақылауға алу.

Кері байланыс деп факторлық белгі өскенде (кемігенде) нәтижелік белгі кемитін (өсетін) байланысты айтады.

Кестенің бастауышы деп зерттелетін объектіні айтады.

Кестенің баяндауышы деп зерттелетін объектіні сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Контингенция коэффициенті – екі альтернативті белгі арасындағы байланыс тығыздығын бағалайтын көрсеткіш.

Координациялық (үйлестік) қатысты шама – жиынтықтың құрамдас бөліктерінің өзара қатынасын білдіретін қатысты шаманың бір түрі.

Корреляция өрісі деп көрсеткіштер байланысын нүктелік диаграмма арқылы бейнелеуді айтады.

Коррляциялық байланыс деп факторлық белгі өзгергенде нәтижелік белгінің орташасы өзгеретін байланысты айтады.

Корреляциялық қатынас – құбылыстар арасындағы байланыс тығыздығын анықтайтын көрсеткіш. Корреляциялық қатынасты эмпириялық және теориялық корреляциялық қатынас деп екіге бөледі.

Корреляциялық талдау – факторлық белгілер мен нәтижелік белгі арасындағы байланыс тығыздығын, байланыс бағытын анықтау.

Корреспонденттік тәсілмен бақылау – бақылау бланктері толтыруға ерікті түрде келісім берген белгілі бір ұйымдарға немесе жеке адамдарға статистикалық органдар арқылы таратылатын, яғни керекті мәліметтер ерікті корреспонденттер арқылы жиналатын сұрақ-жауаптың бір түрі.

Көп факторлы байланыс – екі немесе одан да көп факторлық белгілер мен нәтижелік белгі арасындағы байланыс.

Көптік корреляция коэффициенті – нәтижелік белгі мен факторлық белгілер арасындағы байланыс тығыздығын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш.

Көрсеткіш деп әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттерінің сандық бағасын айтады.

Көрсеткіштер жүйесі – қоғамдық құбылыстар арасындағы өзара байланысты, қоғамның дамуын жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Күрделі жинақтау деп статистикалық топтастыру қолданылған жинақтауды айтады.

Күрделі топтау деп белгілі топтарды жаңа топтарға топтауды айтады.

Қайта топтау деп белгілі топтарды жаңа топтарға топтауды айтады.

Қайталанатын бақылау деп бір рет бақылауға алынған бірлік негізгі жиынтыққа қайта түспейтін бақылауды айтады.

Қарыз алудың арнайы құқығы – Халықаралық валюта қоры шығаратын және осы ұйымға мүше елдердің арасында бөлінетін резервтік актив.

Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы мәнін айтады.

Қатысты шамалар – бір – бірімен байланысты екі шаманың қатынасы арқылы есептелетін қорытындылаушы көрсеткіштердің бір түрі.

Қолда бар нақты табысты есептегенде қолда бар табыстарды тұтыну бағасының индексіне бөледі.

Қорытындылаушы көрсеткіштер- жиынтықты немесе жиынтық бірліктерінің біртекті топтарын сипаттайтын көрсеткіштер.Статистикада қортынды көрсеткіштердін 3түрі қолданылады абсолютті шамалар.

Қосылған құн салығы деп тауар өндіру, қызмет көрсету және олардың айналымы процесінде қосылған құнға салынатын салықты, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларға салынатын салықты айтады.

Құрама кесте деп бастауышында зерттелетін объект екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылған кестені айтады.

Құрама іріктеу деп іріктеудің бірнеше түрін қатар қолдануды айтады.

Құрылымдық қатысты шама – жиынтықтың жеке бөлігінің үлесін сипаттайтын қатысты шама түрі.

Құрылымдық өзгерістер индексі деп зерттелетін көрсеткіштің орташа деңгейінің өзгеруіне тек құрылымдық өзгерістердің тигізетін әсерін анықтау үшін қолданылатын индексті айтады.

Құрылымдық топтау – өзгермелі белгілер бойынша зерттелетін жиынтықтың құрылымын анықтау үшін қолданылатын топтау түрі.

Логикалық тексеру – бақылау бағдарламасындағы өзара байланысты сұрақтардың жауаптарын салыстыру арқылы статистикалық мәліметтерді тексеру жолы.

Маусымдық ауытқулар немесе маусымдық толқындар деп құбылыстардың дамуында жыл мезгілдеріне байланысты болатын ауытқуларды айтады.

Маусымдық индекстер деп жылдың әр айының нақты деңгейінің орташа деңгейге қатынасын айтады.

Медиана деп вариациялық қатардың ортасында орналасқан вариантты айтады.

Медианалық табыс деп жиынтықты тең екі бөлікке бөлетін табыс деңгейін айтады.

Мезеттік (моменттік) динамикалық қатар – құбылысты белгілі бір уақыт мезетіне байланысты сипаттайтын динамикалық қатар түрі.

Меншіктен түскен табыс деп актив иелерінің өз активтерін шаруашылық бірліктеріне уақытша пайдалануға беруден түскен табысты айтады.

Мерзімдік бақылау – мәліметтерді белгілі бір уақыт аралығында тіркеген кезде қолданылатын статистикалық бақылау түрі.

Механикалық іріктеу – негізгі жиынтықтан бірліктерді іріктеп алу үшін белгілі бір интервал қолданылатын іріктеу тәсілі.

Мода деп жиынтықтағы ең жиі кездесетін белгінің мәнін (вариантын) айтады.

Модалық табыс деп халық табысының ішіндегі ең жиі кездесетін табыс деңгейін айтады.

Монетарлық алтын- ақша-несие жүйесіндегі жетекші роль атқаратын мемлекеттік мекемелерде сақталатын монеталар немесе сом алтын түріндегі алтын қоры.

Монографиялық бақыла у – жиынтықтың жекеленген бірліктері жан-жақты, толық зерттелетін бақылау түрі.

Нақты халық – тұрақты мекеніне байланыссыз есепке алу кезінде осы елді мекенде болған барлық адамдардың жиынтығы.

Нәрестелік өлім-жетім коэффициентін классикалық нұсқа бойынша есептегенде бір жасқа дейін шетінеген нәрістелер санын күнтізбелік жылы тірі туылған балалар санына бөледі. Алайда бір жасқа дейін қайтыс болған нәрестелердің ішінде өткен күнтізбелік жылы туылған балалар да болатындықтан, қазіргі кезде нәрестелік өлім-жітім коэффициентін Ратс формуласы бойынша есептейді.

Нәтижелік белгі деп факторлық белгілердің ықпал етуіне байланысты өзгеретін белгіні айтады.

Негізгі капиталдың жалпы қор жинауы деп резидент шаруашылық бірліктерінің бір жылдан артық пайдаланылатын объектілерді көбейтуге жұмсаған қаржыларын айтады.

Негізгі (бас) жиынтық деп барлық бірліктердің жиынтығын айтады.

Некелесу коэффициенті бір жылда тіркелген некелер санын халықтың орташа санына бөлу арқылы анықталады.

Нүктелік болжам – көрсеткіш деңгейінің болжам жасалатын мерзімдегі нақты сандық мәнін анықтауға негізделген болжам.

Орташа индекстер – агрегаттық индекстердің өзгерген түрі. Орташа индекстер арифметикалық және гармониялық орташа индекстер деп бөлінеді.

Орташа шама деп біртекті құбылыстардың жиынтығын бір вариациялық белгі бойынша сипаттайтын қорытынды көрсеткішті айтады.

Орташа шамадан ауытқу деп белгі мәні мен орташа шаманың айырмасын айтады.

Отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп отбасының жеке кәсіпорында жұмыспен қамтылған осы кәсіпорын иесінің туысқандарын айтады.

Өз бетінше жұмыс істейтін халық деп жеке өзі немес серіктестерімен бірлесіп жұмыс істейтін және жұмыс күшін тұрақты түрде жалдамайтын адамдарды айтады.

Өзгермелі құрамды индекс – зерттелетін көрсеткіш шамасының және құбылыс құрылымының өзгеруі әсерінен орташа шаманың қала өзгергенін сипаттайтын индекс.

Өзіндік құнның агрегаттық индексі ағымдағы мерзімде өнімнің өзіндік құны неше есе өскенін немесе кемігенін білдіретін индекс.

Өзіндік тіркеу – бақылау бланктерін респонденттердің өздері толтыратын, ал тіркеуші бланктің дұрыс толтыруын қадағалайтын сұрақ-жауаптың бір түрі.

Өлім-жетімнің жалпы коэффициенті бір жылда қайтыс болғандар санының халықтың жылдық орташа санына қатынасы арқылы есептеледі.

Өндіріс салықтары деп резидент – шаруашылық бірліктерінің тауар өндіріп, қызмет көрсеткені үшін және өндірі прцесінде еңбек ресурстарын, материалдық, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін мемлекетке міндетті түрде төлейтін төлемдерін айтады.

Өндірістік кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын еңбек кооперативінің мүшелері.

Өндіріс шығындарының жалпы индексі – ағымдағы мерзімдегі өндіріс шығындарының базалық мерзімдегі өндіріс шығындарына қатынасын білдіретін индекс.

Өсу қарқыны – салыстырылатын деңгейдің базалық деңгейден неше есе артық екенін немесе салыстырылатын деңгей базалық деңгейдің неше пайызын құрайтынын анықтайтын динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Өсім қарқыны деп абсолютті өсімнің базалық деңгейге немесе алдыңғы мерзім деңгейіне қатынасын айтады.

Өсім қарқынының 1 пайызының абсолютті мәні тізбекті тәсілмен есептелген абсолютті өсімнің өсім қарқынына қатынасын көрсететін шама.

Параллель қатарларды салыстыру әдісі – құбылыстар арасында стохастикалық байланыстың бар немес жоқ екенін, байланыс болған жағдайда, оның сипаты, даму бағыты қандай екенін анықтау үшін қолданылатын әдіс.

Ранг бойынша орналастыру – жиынтық элементтерінің зерттелетін белгі бойынша өсу (кему) ретімен орналасуы.

Рангтер корреляциясының коэффициенті – факторлық және нәтижелік белгі рангтерінің айырмасы арқылы анықталатын көрсеткіш. Оны құбылыстар арасындағы байланыс тығыздығын бағалау үшін қолданады.

Регрессия сызығы – факторлық белгі мәндерін нәтижелік белгі мәндерінің орташасымен байланыстыратын функция.

Регрессиялық талдау – корреляциялық байланысты неғұрлым дәл сипаттайтын байланыс формасын, яғни регрессия теңдеуі түріндегі статистикалық үлгіні анықтау.

Резидент деп елдің экономикалық мүдде орталығы бар институционалдық бірліктерді айтады.

Репрезентативті қате деп іріктеліп, бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы оның нақты мәнінен ауытқуын айтады.

Репрезентативті іріктеу деп ішінара жиынтықтың қасиеттері мен құрылымы негізгі жиынтықтың қасиеттері мен құрылымына сәйкес келетін іріктеуді айтады.

Салмақталған арифметикалық орташа шамалар – белгінің әр варианты бірнеше рет қайталанған жағдайда қолданылатын арифметикалық орташа шаманың бір түрі.

Салыстырмалы қатысты шамалар - аттас, біріктес шамалардың қатынасын көрсететін қатысты шамалардың бір түрі.

Сандық белгі – жеке мәндері сан мөлшерінде (санмен) берілетін белгі.

Сапалық (сипаттамалық) белгі – жеке мәндері белгілі бір ұғым арқылы сипатталатын белгі.

Сатылған өнім көлемінің агрегаттық индексі – ағымдағы мерзімде сатылған тауар көлемі неше есе өскенін немесе кемігенін білдіретін индекс.

Сериялы іріктеу – негізгі жиынтықтан белгілі бір топтар, сериялар іріктеліп алынып, содан кейін осы топтардың, сериялардың барлық бірліктері бақыланатын іріктеу тәсілі.

Статистика – бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, олардың құрамы мен дамуын, өзара байланыстарын сол құбылыстардың сапалық ерекшеліктерін ескере отырып, сан жағынан белгілі бір орынға, мерзімге байланысты сипаттайтын қоғамдық ғылым.

Статистикалық бақылау бірлігі депбелгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады.

Статистикалық бақылау деп қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинауды айтады.

Статистикалық бақылау объектісі деп зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен прцестерді аййтады.

Статистикалық есеп беру формасы деп есеп беру үшін қолданылатын бланктерді айтады.

Статистикалық жинақтау деп зерттелетінқұбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде өңдеп, бір жүйеге келтіруді айтады.

Статистикалық жиынтық деп бір немес бірнеше ортақ белгілері бар құбылыстарды, объектілерді айтады.

Стохастикалық байланыс деп белгілер арасындағы тәуелділік әрбір жеке жағдайға емес, жалпы алғанда, бақылау саны өте үлкен болған жағдайда ғана байқалатын байланысты айтады. Стохастикалық байланыста факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінің көптеген мәндері сәйкес келеді.

Таза салық деп салықтан субсидияны шегергеннен кейінгі қалдықты айтады.

Танымның диалектикалық әдісі – қоғамдық құбылыстар мен процесстер өзара байланысты, біріне- бірі тәуелді және үздіксіз дамып отырады, ондағы сандық өзгерістер сапалық дәрежеге көтеріледі деп санайтын әдіс.

Таралу полигоны – дискретті вариациалық қатардың графигі.

Таратпалы қатарлар деп зерттелетін жиынтық бірліктерінің топтау белгісі бойынша реттеліп, топтарға бөлінуін айтады.

Тауар айналымының (өнім құнының) жалпы индексі – ағымдағы мерзімдегі тауар айналымының (өнім құнының) базалық мерзімдегі тауар айналымына (өнім құнына) қатынасын білдіретін индекс.

Типологиялық топтау – біртектес топтарды, типтерді, кластарды анықтау үшін қолданылатын топтау түрі.

Типтік іріктеу – жиынтықты типтік белгілер бойынша топтарға бөліп, содан кейін әр топқа кездейсоқ немесе механикалық іріктеу жүргізілетін іріктеу тәсілі.

Топаралық дисперсия – топтастыру негізі болып саналатын фактордың әсерінен болған вариацияны сипаттайтын дисперсия.

Топтастырылған кесте деп бастауышында зерттелетін объект бір белгі бойынша топтастырылған кестені айтады.

Топтау деп бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты біртекті топтарға біріктіруді айтады.

Топтық дисперсия – топтастыру негізі болған белгіден басқа факторлардың, яғни есепке алынбаған факторлардың әсерінен болған белгі вариациясын сипаттайтын дисперсия.

Трансферттер – институционалдық бірліктердің ақшалай немесе заттай табыстарының бір бөлігінің қалай қайтарымсыз екінші бір бірліктерге берілгенін көрсететін бөлу операцияларының негізгі бір тобы.

Тура байланыс деп факторлық белгі өскенде (кемігенде) нәтижелік белгі де өсетін (кемитін) байланысты айтады.

Туудың арнайы коэффициенті деп бір жылда туылған балалар санының балаға тууға қабілетті жастағы, яғни 15-49 жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасын айтады.

Туудың жалпы коэффициенті деп бір жылда туылған балалар санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын айтады.

Туудың жиынтық коэффициенті тууға қабілетті жас кезеңі бойында (яғни 15-49 жас аралығында) әр жастиа көрсеткіш есептелетін жылғы туу деңгейі сақталған жағдайда бір әйел ортша есеппен қанша туатындығын көрсетеді.

Тұйық интервал – интервалдың төменгі шегі де, жоғарғы шегі де көрсетілген интервал.

Тұрақты белгі деп барлық бірліктер үшін өзгермейтін бір мәнді қабылдайтын белгіні айтады.

Тұрақты жиынтық деп құрамы белгілі бір уақыт аралығында өзгермейтін жиынтықты айтады.

Тұрақты құрамды индекс деп орташа шаманың динамикасын жиынтықтың құрылымы тұрақты болғанда сипаттайтын индексті айтады.

Тұрғылықты халық деп осы елді мекенде тұрақты тұратын адамдарды айтады.

Тұтыну бағаларының индексі халықтың жеке тұтынуы үшын сатып алған тауарлары мен тұтынған қызметтерінің бағалары уақытқа байланысты қалай өзгергенін айтады.

Түзетілген қолда бар табыстарды анықтағанда үй шаруашылықтарының қолда бар табыстарына оларға заттай берілген әлеуметтік трансферттерді қосады.

Тізбекті индекстер – көрсеткіштің ағымдағы деңгейін алдыңғы деңгеймен салыстыру арқылы анықталған индекстер. Тізбекті индекстерде салыстыру негізі үнемі өзгеріп отырады.

Тізімдік жай кесте – объект бірліктерінің тізімі көрсетілетін кесте.

Тікелей бақылау тәсілі деп мемлекеттік статистикалық органдардың немесе басқа ұғымдардың өкілдерінің бақылау бірліктерін өздері байқап, өлшеп, санауы арқылы қажетті мәліметтерді жинауын айтады.

Тікелей шығындар коэффициенті – бір саланың өнімін шығару үшін басқа салалардың өнімдері қандай мөлшерде жұмсалғанын көрсететін шама.

Тіркеу қатесі – бақылау барысында деректерді дұрыс анықтамағанда, дұрыс жазбағанда болатын қате.

Уақытша жоқтар деп есепке алу кезінде елді мекенде болмаған тұрғылықты халықтың бір бөлігін айтады.

Уақытша тұратындар – есепке алу кезінде осы елді мекенде болған, бірақ тұрақты мекені басқа жерде орналасқан адамдар.

Ұлттық шоттар жүйесі – қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын және экономикалық цикл теориясына негізделген халықаралық статистикалық үлгі.

Үздіксіз (интервалды) вариациялық қатар деп топтастыру белгісі кез-келген мәнді қабылдайтын және оның мәні интервал түрінде берілетін қатарды айтады.

Үздікті (дискретті)вариациялық қатар деп топтастыру белгісі тек бүтін сан болатын қатарды айтады.

Үй шаруашылығы деп бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін адамдардың жиынтығын айтады.

Үй шаруашылықтарының қолда бар табыстары деп олардың ақырғы (түпкілікті) тұтыну шығындарын қаржыландыруға жұмсайтын ағымдағы табыстарының жиынтығын айтады.

Факторлық белгі деп басқа белгілерге әсер ететін белгіні айтады.

Формуляр деп бақылау бағдарламасындағы сұрақтардың жауабын жазу үшін қолданылатын бланкті айтады.

Функционалды байланыс деп факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінің айқындалған мәнінің сәйкес келуін айтады.

Халық деп белгілі бір аумақта тұратын адамдардың жиынтығын айтады.

Халық санағы – елдегі барлық адамдарға немесе халықтың шектеулі бөлігіне қатысты белгілі бір уақытта жағдай бойынша демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытындылаудың, талдаудың және жариялаудың немесе өзге түрде таратудың біріңғай үдерісі.

Халықтың механикалық өсім і деп көшіп келгендер мен көшіп кеткендер санының айырмасын айтады. Мұндай айырманы к өші-қон өсімі (сальдосы) деп айтады.

Халықтың өміршендік коэффициенті деп туылғандардың санының қайтыс болғандар санына қатынасын айтады.

Халықтың табиғи қозғалысы деп туу, өлу процестерін, сол процестерге байланысты халық санының өзгеруін айтады.

Халықтың табиғи қозғалысы деп туу, өлу процестерін, сол процестерге байланысты халық санының өзгеруін айтады.

Халықтың табиғи өсімі деп туылғандар мен өлгендерге санының айырмасын айтады.

Халықтың тұрмыс деңгейі адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерді тұтынуда қол жеткізген деңгейін көрсетеді.

Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі жалпы халық санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесін сипаттайтын шама.

Хронологиялық жай кесте деп көрсеткіштердің әр кезеңдегі мәндері берілген кестені айтады.

Шағын іріктеу деп бақылауға алынған бірліктерінің саны 30-дан аспайтын іріктеуді айтады.

Шекті қате деп белгілі бір ықтималдықпен есептелген ішінара бақылау қатесін айтады.

Ішінара бақылау деп жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін зерттеуді айтады.

Ішінара бақылау қатесі деп ішінара жиынтық пен негізгі жиынтықтың орташа шамаларының айырмасын айтады.

Ішінара жиынтық деп негізгі жиынтықтың бақылауға алынған бөлігін айтады.

Экономикалық белсенді халық деп тауар өндіріп, қызмет көрсету үшін өз еңбегін ұсынатын халықты айтады.

Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық – қарастырылып отырған мерзім ішінде жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын, бірақ халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жас шегіндегі адамдар.

Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жина у – респонденттің ауызша жауаптарын статистик немесе тіркеушінің арнайы бланктерге жазуы арқылы қажетті мәліметтерді жинау тәсілі.

Экстраполяция – өткен мерзімде байқалған даму заңдылығы болжам жасалатын мерзімде де сақталады деген жорамал негізінде жасалған болжам.

ДӘРІС КЕШЕНІ

СТАТИСТИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1.1 Статистика туралы жалпы түсінік

Негізгі ұғымдар: статистика, нақты белгі, вариация

Иллюстрациялық материал: слайд, карточка

«Статистика» термині латынның статус деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған мемлекеттану туралы ғылыми жұмысында қолданды. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы деген мағынаны білдірді. Ғылым ретінде статистика тек XVIIIғасырда пайда болғанмен, статистикалық есептің өте ертеден жүргізілгені белгілі. Мысалы көне заманның өзінде-ақ халықты, малды, жерді, қалаларды есепке алып отырған.

Статистика ғылымының қайнар көзінде екі мектеп түрды:

• немістің сипаттамалық мектебі;

• ағылшынның саяси арифметиктер мектебі. Сипаттамалық мектептің өкілдері мемлекеттін аумағын, халқын, шаруашылықты жүргізуін, т.б. назар аударарлық көрсеткіштерін статистика санмен емес, сөзбен сипаттауы қажет деп санады. Бұл мектептің көрнекі өкілдері ретінде Г. Конрингті (1606-1661), Г.Ахенвальды (1719-1772), А. Бюшингті (1724-1793) атауға болады.

Ал саяси арифметиктер қоғамдық құбылыстарды сан жағынан сипаттауды мақсат етті. Статистика ғылымы үшін бұл қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттаудан оларды өлшеуге, зерттеуге көшкен жаңа кезең болды. Саяси арифметиктер мектебінің негізін қалаушы және оның аса көрнекті өкілі болып ағылшын ғалымы В. Петти (1623-1687) саналады. Ол осы мектептің статистикалық-экономикалық бағыты бойынша зерттеулер жүргізсе, Д. Граунт (1620-1674), Э. Галлей (1656-1742) демографиялык процестерді талдады. Бұл ғалымдар алғаш рет қоғамның дамуын сан жағынан көрсетуге тырысты және олардың алдарына қойған міндеттері қазіргі статистика міндеттеріне ұқсас болды.

Статистиканың одан әрі дамуына бельгиялык ғалым А. Кетле (1796—1874) көп үлес қосты. Ол қоғамдағы бұқаралыққұбылыстардың заңдылықтарын зерттеді. А. Кетленің бастамасы бойынша статистиканың үйлесімді түрде дамуы үшін бірнеше халықаралық статистикалық конгрестер ұйымдастырылды.

Ресей статистикасының тарихында сипаттамалық мектептің өкілдері ретінде В. Н. Татищевті (1686-1750), М. В. Ломоносовты (1711-1765), ал Д. Бернулли (1700-1782) мен Л.Крафты (1743-1814) саяси арифметиктер ретінде атауға болады. Статистикалық әдістемені жетілдіруге А. А. Чупров (1874-1926), В. С. Немчинов (1894-1964), С. Г. Струмилин (1877-1974) сияқты орыс ғалымдары ат салысты. Ал статистиканың математикалык бағытта дамуына П. П. Чебышевтің (1821-1894), Н. А. Марковтың (1856-1922), А. М. Ляпуновтың (1857-1919) косқан үлестері зор.

Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеттік статистикалық орган болып Түркістан губерниялық статистикалық комитеті (1868) және оған бағынышты Сырдария, Жетісу статбюролары саналады. XIXғасырдың 70 - 90-жылдарында Орал, Семей, Ақмола, Торғай облыстарында статистикалық комитеттер құрылды.Бірақ 1920 жылға дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық мекемелерді біріктіретін бірыңғай орган болған жоқ. 1920 жылы Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына байланысты Үкімет өзінің 1920 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен «Қазақ АҚСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені» бекітті және Қазақ АҚСР-ның статистика басқармасын құрды. Сондықтан Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистикалық органдарының құрылған күні болып 1920 жылдың 8 қарашасы саналады.

1.2 Статистика пәні мен міндеттері

Статистика - бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, олардың құрамы мен дамуын, өзара байланыстарын сол құбылыстардың сапалық ерекшеліктерін ескере отырып, сан жағынан белгілі бір орынға, мерзімге байланысты сипаттайтын қоғамдық ғылым.

Бұл анықтамада статистика ғылымының мынадай негізгі ерекшеліктеріне көңіл аударылған:

• статистика - қоғамдық ғылым;

• статистика бұқаралық қоғамдық құбылыстарды зерттейді;

• статистика бүқаралық құбылыстарды сандық жағынан сипаттайды;

• статистика қоғамдық құбылыстарды олардың сандық және сапалық ерекшеліктерін тығыз байланыстыра отырып сипаттайды;

• статистикалық көрсеткіш құбылыс болған жерді, уақытты анықтайды.

Қазіргі кезде «статистика» сөзі мынадай мағынада қолданылады:

•статистика - қоғамдық құбылыстар туралы деректерді,

мәліметтерді жинайтын, өңдейтін, оларды талдап, жариялайтын

практикалық әрекет саласы;

•статистика - қоғамдық құбылыстарды сипаттайтын сандық

көрсеткіштердің жиынтығы;

• статистика - жоғары оқу орындарында оқылатын пән. Статистика ғылым ретінде төмендегі пәндердің біртұтас жүйесін құрайды:

• статистика теориясы;

• экономикалық статистика және оның салалары;

• әлеуметтік статистика және оның салалары.

Статистика теориясы элеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы принциптері мен статистикалық әдістері туралы ғылым болып саналады, яғни бұқаралық қоғамдық құбылыстарды статистикалық зерттеудің әдістемесін жетілдіреді. Сондықтан статистика теориясы барлық салалық статистиканың әдістемелік негізі болып саналады.

Адамзат тарихы статистикалық мәліметтерсіз мемлекетті басқару, экономика салалары мен секторларының дамуын, олардың арасындағы тиімді пропорцияны қамтамасыз ету мүмкін еместігін көрсетті. Сондықтан статистиканың негізгі міндеттеріболып мыналар саналады:

• қоғамды нақты, шынайы мәліметтермен қамтамасыз ету;

• әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бақылау:

• ғылыми және практикалық статистиканың әдістемесін жетілдіріп отыру;

• экономика дамуындағы үрдістерді бақылау және болжау.

1.3 Статистикада қолданылатын негізгі ұғымдар

Статистика пәнін оқып үйрену үшін белгілі бір категориялар, яғни ұғымдар қолданылады. Енді сол ұғымдарға тоқталайық.

Белгі - бақылауға алынатын немесе өлшенентін бірліктердің, құбылыстардьщ ерекшеліктері, қасиеттері. Мысалы адамдардың демографиялық, әлеуметтік-экономикалық белгілеріне олардың жасы, жынысы, мамандығы, білім деңгейі, табысы, т.б. жатады. Белгілердің мынадай түрлері болады:

• сандық және сапалық (сипаттамалық);

• негізгі (алғашқы) және көмекші;

• тұрақты және вариациялық (өзгермелі)

Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде (санмен) беріледі. Мысалы, адамның жасы, еңбек өтілі, жалақы мөлшері, т.б. Сандық белгілер үздікті (дискретті) және үздіксіз болып бөлінеді. Үздікті сандық белгілер тек бүтін санды қабылдайды. Мысалы, пәтердегі бөлме саны, отбасындағы бала саны, т.б. Үздіксіз сандық белгілер кез-келген мәнді қабылдайды. Мысалы, еңбек өнімділігі, шығымдылық, т.б.

Сапалық (сипаттамалык) белгі белгілі бір ұғыммен сипатталады. Мысалы, білім деңгейі, мамандык, тауар сорты, т.б.

Негізгі белгілер құбылыстың, үдерістің ең негізгі ерекшелігін көрсетеді. Ал көмекші белгілер қосымша деректерді жинау үшін қажет.

Қабылдайтын мәндеріне байланысты белгілер тұрақты және вариациялық болып бөлінеді. Тұрақты белгі деп барлық бірліктер үшін өзгермейтін бір мәнді қабылдайтын белгіні айтады. Ал әр түрлі мән қабылдайтын белгіні вариациялық (өзгермелі) белгі дейді. Мысалы, адамның жасы, қызметкердің жалақысы, т.б. Статистика тек вариациялық белгілерді зерттейді.

Вариация деп белгілердің әр түрлі мәнді кабылдауын айтады. Вариацияның төменгі шегін белгі минимумы, ал жоғары шегін белгі максимумы дейді. Белгінің әр түрлі мәнін сол белгінің варианттары деп атайды.

Статистикалық жиынтық деп бір немесе бірнеше ортақ белгілері бар құбылыстарды, объектілерді айтады. Жиынтықтағы жеке объектілер осы жиынтықтың бірліктері деп аталады. Мысалы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары бір жиынтықты құрайды, ал осы жиынтықтағы әр кәсіпорын оның бірлігі болады. Егер жиынтық бірліктерінің негізгі белгілері бірдей болса, ондай жиынтықты біртекті жиынтық дейді. Әр типті күбылыстардан құрылған жиынтық ә р текті болады. Бір жиынтық біртекті де, әр текті болуы мүмкш. Мысалы, кәсіпорындар өңдейтін шикізаттары бойынша біртекті, ал шығаратын өнімдері бойынша әр текті болуы мүмкін. Жиынтықтың құрамы белгілі бір уақыт аралығында өзгермейтін болса, ондаи жиынтықты тұрақты жиынтық дейді. Құрамы уақытқа байланыст өзгеретін жиынтық дииамикалық жиынтық болады.

Көрсеткіш деп элеуметтік-экономикалық құбылыстар ме үдерістердің касиеттерінің сандык бағасын айтады. Статистикалық көрсеткіштер көлемдік және есептік болуы мүмкін. Көлемдік көрсеткіштер зерттелетін құбылыстың көлемін, деңгейін сипаттайды. Есептік көрсеткіштерге қатысты шамаларды, орташа шамаларды, вариация көрсеткіштерін, т.б. әр түрлі есептеулер нәтижесінде аныкталатын көрсеткіштерді мысал ретінде келтіруге болды.

Көрсеткіштер жүйесі - қоғамдық құбылыстар арасындағы өзара байланысты, қоғамның дамуын жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі қоғам өмірін барлық жағынан, әр түрлі деңгейде қамтиды.

2 тақырып СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

2.1. Статистикалық бақылау туралы жалпы түсінік

Негізгі ұғымдар: статистикалық бақылау, бақылау мезеті, есеп беру

Иллюстрациялық материал: слайд, схема

Қоғамдық құбылыстарды олардың сандық және сапалық ерекшеліктерін тығыз байланыстыра отырып сипаттау терең әрі жан-жақты жүргізілетін статистикалық зертте


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: