Туристік бизнес экономикасы – Экономика саласы ретінде

Туристік бизнес тарихының негізі 1841 жылы ағылшын мұға­лімі Томас Куктың Мидленд округіндегі теміржол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада пойыздық саяхат ұйымдас­тыруға үгіттеуінен басталған.

Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Оған 20 саяхатшы қатысып, жерді 220 күнде айналып өтті.

1892 жылы Т. Кук өмірден өтіп, оның еңбегін ұлы және ұжым­дастары жалғастырады. Осылайша, «Томас Кук» туристік компа­ниясы дүниеге келеді.

Ал 1885 жылы Ресей жерінде алғашқы туристік фирманың негізі болып Петербургте Леопольд Липсонның кәсіпорны са­налды.

XX ғасырда турбизнестің дамуы ерекшелене бастады. Сұраныс өскен сайын олардың талаптары да арта түсті. Сол себептен қызмет көрсету деңгейі көтеріліп, талаптарға сай қызмет көрсету маңызды шаруалардың бірі болды. Мұндай сапалы қызмет көрсету ғылыми түрде зерттеліп, мамандық ретінде оқытылды. 1901 жылы Lasell College оқу орнында туристік бизнес мамандығы енгізіліп, студенттерді қабылдай бастады.

Туристік бизнестің дамуы көптеген мемлекеттерге қолдау көрсетті. Экономикасы әлсіз, құрып кету қаупінде тұрған мем­лекеттер туристік бизнеске бет бұрып, оны дамытуға барлық жағ­дайды жасауға кірісті.

1913 жылы Крит Грекия құрамына қосылып, өз экономикасын теңіз жағалау туризмін дамытудан бастады.

1914 жылы Германия қонақ үй, мейрамхана, туристік кешендерді дамытуды көздеді.

1922 жылы Корея халқы қосымша күн көріс ретінде туристік бизнеспен айналысты. Олар шағын демалыс орындарын ашты.

Ресей жерінде 1929 жылы Интурист компания тобы құрылды. Ол өз тарабынан бизнестің дамуына жол ашты. Сонымен қатар 4 бизнестің бағытын қарастырды. Олар: туроператор, қонақ үй, турөнімді сату және көлік қызметін көрсететін бизнес түрлерін ұсынды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс туристік бизнестің дамуын тежеді.

Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқан орындар жабылып қалды. Тек 1950-1960 жылдары ел экономикасын көтеруге байла­нысты туристік бизнеске назар аударылып, оның қыр-сырларын дамыта бастады. Туристік бизнес соғыстан дағдарысқа ұшырап шыққан елдердің экономикасын көтеретін бір бағыт ретінде қарастырылды. Туристік бизнес жүйесі күрделене түсті. Жаңа бағыттар ашылып, бизнестің сферасы кеңи бастады. Жаңа тараптан қызығушылар көбейіп, туристік бизнестің тарихын тағы бір сатыға көтерілді.

Қазақстан – Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер ел. Елдің көне мәдениеті мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнито­логиялық, балалар, аңшылық және тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде.

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне за­мандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласының тамыры тым тереңде жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда туристік бизнес даму бағыты халықаралық нарықта ерекше орын алатын, ел экономикасы үшін маңызды іс болып табылады

Туристік бизнеске экономика салаларының әсері

Туристік бизнес – шаруашылық салалардың ішінде ең қар­қынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туристік бизнес әлемнің ең ірі саласының бірі болып есептеле отырып, экономиканың дамуына, әлеуметтік прогреске, қосымша жұмыс орындар санының көбеюіне үлесін қосты, туристерге қызмет көрсететін қосымша салаларды қалыптастырды (2 сурет).

Туристік ұйымдар жұмыстарының нәтижесінде миллиондаған адамдар демалуға, білім алуға, емделуге, мәселелерді шешуге халықаралық деңгейде мүмкіншілікке ие болады. Алдымыздағы курсты оқыту нәтижесінде студент өз мамандығының негізгі пәндері, жалпы теориялық және тәжірибелік дағдыларды, дүние­жүзілік туризм индустриясы, туризмнің негізгі түрлері бойынша білім алу қажет.

Туристік бизнестің экономика салаларына әсері

ДӘРІС 2

ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жоспар

1. Туристік кәсіпорын ұғымы.

2. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы

1. 2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасы туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады.

Негізгі қызметтері мыналар: орналастыру, тамақтандыру, транспорт, экскурсия, ойын-сауық, білім, спортпен айналысу, сауықтыру, қызмет ісімен айналысу және т.б. Турдың тематикалық бағытына қарай кейбір қызметтер негізгі, ал қалғандары қосымша болады. Негізгі және қосымша қызметтерді комплексті түрде негізінен туристік-экскурсиялық кәсіпорындар – заңды ұйым, туризм және экскурсия саласында жергілікті халыққа және шетел азаматтарына ақылы қызмет көрсету т.б. субъектілердің осы түрдегі қызметтері жатады.

Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастыру, оларды дайындау және өткізу, турагенттік қызмет жолдамаларды дайындау және жол жүру құжаттарын дайындаумен айналысады; экскурсиялық қызмет экскурсияның дайындалуы мен өткізілуі қамтамасыз етеді.

Осы қызмет түрлерінің негізгі мақсаттары:

· Қазақстан тұрғындарының рухани және интелектуалдық деңгейін көтеру;

· Халықты дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту;

· Шетелдермен мәдени достық қарым-қатынастарды дамыту;

· Жергілікті халықтардың патриоттық сезімін ояту, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына құрметтілігін арттыру;

· Туристер мен экскурсанттардың табиғатқа ұқыпты қарауын қамтамасыз ету;

· Туризмге әлеуметтік аз қамтылған халықты тарту.

Әрбір кәсіпорынның шаруашылық-финанстық іс-әрекеті, белгілі бір орындайтын міндеттері және өзіне тән құқықтары бар. Ол заңды тұлға бола отырып, банк мекемесінде есеп қисабы, фонды, жеке балансы, ұйым аты жазылған басылым, туристік қызмет жүргізуге лицензиясы болу керек. Туристік кәсіпорын құрылғанда жұмысшылар транспорттық ведомствамен, қонақ үймен, тамақтану орындары, музейлер, театрлармен, көрмелер, ішкі және шетел партнерлер, сақтандыру және жарнама компаниялары, қоғамдық және басқа да ұйымдармен келісім шартқа отыру жұмыстарын ұйымдастыру керек. Туризм орналастыру, тамақтандыру, транспорт, жарнамалық және сувинерлік өнім шығарумен тығыз байланысты. Авиа-, авто- және теміржол билеттерін сатуда транспорттық агенствалардың құрылуы, соңғы жылдары турфирма кірісі үшін берік мақалалар пайда болды.

Туристік қызмет жыл бойына табысты бола бермейді. Сондықтан маусымдық екі кезеңге ойластыру керек.

2.Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы

Туристік фирма заңды тұлға ретінде яғни, субъект ретінде құрылады. Олар жолдастық, кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында құрылады. Қазақстан Республикасы туризмінде көбірек шаруашылық формасындағы тарағаны жолдастық (толық, коммандитті, белгілі және қосымша жауапкершілікті). ЖШС-те 1-50ге дейін адам болуы мүмкін. Серіктестік қатысушысы кез-келген уақытта өз бөлігін анық алып щығуы мүмкін және соттың шешімі бойынша шығарылады.

Туристтік кәсіпорын құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: басшыны таңдау, келісім –шарт жасау, қаулы бекіту және оны әділет органдарына тіркеу, тіркеу картасын алу; Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен бекітілген заңға сай статистика орындарына салық инспекциясында, зейнет ақы қорында және т.б. есепке тұру.

Келесі әрекет лицензиялауға және берілген бизнесті жүргізуге рұқсат алуға дайындық. Қазақстан республикасының Парламентінің «Лицензиялау туралы» заңы 17-сәуір 1995ж №2200 кейін туристік қызмет лицензиялар болады. Қазіргі кезде барлық турфирмалар лицензия алуға міндетті, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен 2001 жылы 14 қыркүйекте бекітілген №1213 «Туристік іс-әрекетті лицензиялау ережесі» заңына сай жүргізіледі.

Лицензиялауға келесі құжаттар қажет: қажетті формада өтінген лицензиялық жинақтың төленгені туралы құжат, нотариалды бекітілген қаулы көшірмесі, офис үшін өзіндік және арендаға алынған мекеменің бар екенін көрсететін құжат немесе бір материалдық базасы бар ұйыммен келісім-шарты, білімі мен жұмысы, стажы туралы құжат көшірмесі бар жұмысшылар тізімі, туристік қызметте азаматтардың құқықтық жауапкершілікті сақтау туралы келісім-шарт көшірмесі, экскурсиялық қызметке лицензиясы бар ұйыммен келісім-шарт көшірмесі немесе оқу орнын бітірген және медициналық анықтамасы бар гидтер, экскурсоводтар тізімі, жарнамалық және ақпараттық материал, туристік маршруттар тізімі, туристерге қызмет көрсету бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңына сай туристік қызметті жүргізу келісім-шартының үлгісі. Бұл туроператорлық қызмет үшін қажет. Турагенттік қызметте 3 пуктке кем, ал экскурсиялық қызметте 2 есе кем. Қызметкерлер және мамандар саны қызмет түріне байланысты. Үлкен кәсіпорындар туризмде аз. Көп елдерде орта есеппен 14 адамға дейін. Ал, Қазақстанда 2 есеге аз.

Іс-тәжірибе жұмыстары көрсеткеніндей турфирма құрылғанда алғашында кәсіпорындағы жұмысшылар саны 3-4 адам, басшы, қаржы жұмыскері, 1-2 туризм бойынша мамандар.

Мұндай кәсіпорын жұмысшыларының қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Кейде бухгалтер қызметіне толық емес күн және соған лдайық еңбек ақы алатын маман шақырылады. Директор жалпы басқарудан бөлек туристерді қабылдау және щетелге жіберуге құжаттар дайындау жұмыстарында атқарады.

Туризм бойынша маман офис-менеджер функциясын орындайды, ал курьер шағымдарды орындау бойынша, партнерлермен байланыс орнатады. Қызмет түрлерін кеңейткенде жұмысшылар саныда көбейеді.

Мамандар белгілі-бір жұмысты атқарады. Олардың біреуі туристерді қабылдаумен, ал екіншісі туристерді шетелге шығарумен айналысады. Менеджер паспорт визалық құжаттар мен, маркетинг пен мамандарды басқарумен айналысады. Ақырындап турфирма басшылығы лауазымдарды: президент, вице-президент, қаржы жұмыстары бойынша вице-президент т.б. құралады. Менеджмент персоналының білімді басшысы қызметкерлерінің болашақтағы өсу перспективасын І, ІІ, ІІІ категориялар бойынша немесе «бас», «бастаушы», «жоғарғы», «кіші» дәрежелерін жоспарлайды. Ал, менеджер лауазымына маман ретінде тек қана өндіріс процесін басқару емес, адамдарды басқару да енгізілген.

Турфирма құрудың негізгі принциптері жинақтылық, тұрақтылық, қызметкерлердің минималды саны, жоғары квалификация қойылған міндеттерді шешуге экономикалық тұрғыдан қарау. Туристік кәсіпорын әр түрлі іс-әрекеттерді орындайды.

Егер туристік кәсіпорын филиалдарын ашса немесе іс-әрекет түрімен айналысса, мысалы: агентке сапалы билеттер сату, транспорттық жеткізулер, туристік сувенирлер мен естелік заттар шығарумен, инвентарлар прокаты, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер – ұйым құрылымы басқада қызметтер мен толықтырылады. Басқа да, мысалы экономист, жоспарлаушы, психолог және т.б.

Қорыта келе, келесідей міндеттерін қарастыруға болады:

· туристік кәсіпорындардың құрылуы көп жақты ойластырылған шешімге негізделген;

· турфирмалар турфирманы құрғанда берілген бизнес құрылатын құқықтық құжаттарды қарастыру керек;

· туристік кәсіпорын құрылымын жасау – шығарушылық үнемі даму үстіндегі процесс;

· кадрлық сұрақтарды шешу – фирма құрудың маңызды этапы;

· негізгі және қосымша қызмет түрлерін – таңдау мамандардың жұмыспен шұғылдануына және кәсіпорынның жұмысына әкеп соғады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Туристік қызметті ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті.
  2. Туристік бизнесті ұйымдастырудың құрылымы.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Памирян Г.А.Экономика туризма.М;Финансы и статистика,1998-208с
  2. Биржаков М.Б. Введение в туризм.-М; Санкт-Петербург; Торговыи дом Герда, 1999-192с
  3. Гезгалаян.Туризм в народном хозяйстве.М; Прогресс, 1974-212с
  4. Сапрунова В.Б, Туризм: эволюция,структура, маркетинг. М.,1997г
  5. Окладникова Е.А. Международный туризм.-М: изд. Омега-л,2002-384с.

6. Страны мира. Энциклопедический справочник.- Минск; Миринда Родиола плюс,1999-624с.

ДӘРІС 3

ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ НЕГІЗДЕРІ

Жоспар

1. Турфирма персоналын басқарудағы менеджмент ерекшелігі

2. Туристік кәсіпорындағы басқару мен бақылау негіздері

3. Басқарудың негізгі функциялары

1.Турфирма персоналын басқарудағы менеджмент ерекшелігі

Туристік-экскурсиялық мекеменің қызметінің сәтті болуы коллективіне, жұмысшыларының іскерлік сапасына, олардың дайындығына, компоненттілігіне, тапсырылған жұмыс үшін жауапкерлішігіне, ең алдымен басқарушыға байланысты. Басшы кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруды оның қызметіне толық жауап береді.

Ол ұжымды басқара отырып, кадрлардың дұрыс іріктелуін қадағалайды, жұмысшыларда жұмысқа қабылдауда және жұмыстан шығаруды, ынталандыру жұмыстарын жүргізеді, қажет жағдайда ескерту білдіреді. Туризм менеджерінің заңды және экономикалық білімі болуы керек.

Кәсіпорын басшысы еңбек заңын міндетті түрде үйренуі тиіс, өйткені қиын жағдайларға түсіп қалмауы үшін, ол алдын-ала мынадай сұрақтарға жауаптарды білуі керек: «Жұмысшыны жұмысқа қабылдағанда қандай құжаттар сұрау керек екенін?», «жұмысшыны қалай жұмыстан шығару керек?», «тексеру уақыты және қанша екенін?» және т.б. білу керек. Менеджерлер басқа кәсіпорындардың жұмысын зерттеу керек. Мысалы, кейбір кәсіпорындарда жалақы көтеріледі, оларға мыналар жатуы мүмкін: тәртібі үшін, ұқыпты сырт көрінісі үшін, темекі, алькоголді қолданбағаны, шығармашылық үшін, проффессор дейгейіне көтергені, спортпен айналысуы қоғамдық іс-шараға қатысқаны үшін және де т.б. болуы мүмкін.

2.Туристік кәсіпорындағы басқару мен бақылау негіздері

Туристік кәсіпорын қызметі басқарудың негізгі функцияларына сай құрылуы керек: болжалдау, жоспарлау, ұйымдастыру, шешім қабылдау, ақпарат беру, мотивация және бақылау.

Егер турөнім уақыты, мезгілі, күні бойынша дұрыс болжалданған болса, онда бұл туристік қызмет сәтті болады. Қысқа мерзімді жоспарлау жаңа фирмаларда және кредит және инвестиция алу үшін бизнес-план жасаушыларда қолданылады.

Турбизнесті ұйымдастыру шешім қабылдау процесімен тығыз байланысты. Фирманың қызметі сәтті жүргізілгенде шешім қабылдау процесі жақсы жүреді: турөнімге сұраныс көбейеді, көп туристерге қызмет көрсетуге тырысады. Стандарттық емес ситуацияларда бірқатар жұмыстар қиын жағдайда болады, олар: егер қашан да істің қорытындысы үшін жауапкершілікті өз бойыңа алу керек, ол финанстық шығыстармен кездеседі, персонал еңбегі т.б. мысалы, жаңа маршрутты жіберу мен өңдеу, кейде дайындық үшін көптеген аптаның немесе айдың кетуі. Жаңа турөнімді жасауда сенімді шешім қабылдау, асқан дәлді анализді, экспертизалар, клиенттерде адрестік бағыттың болуы талап етіледі. Қызметкерлер басшыға оны өзінің жеке және ынталы орындайтындай, логикалық қорытындыға жеткізетіндей ой жеткізулері керек. Туристік іс -әрекетте мотивация да қажет. Оған: материалдық (қосымша төлеулер, марапаттау, үстемелер); моральды (қызмет жылжуында мақтау, алғыс, категориясының жоғарылауы); стандарттық емес (шетел командировкалары, жарнамалық турларға жіберу, туристерді «сүйікті» бағыттарда немес маршруттарда басқару, көрмелерге жолдамалар, презентациялар және т.б.).

Менеджменттің маңызды бөлігі бақылау. Туризмде көп үлесті қызмет құрайды, оларға сервис принциптері көрсетілуі керек: клиенттер талаптарына сай максималды қызмет, персонал жұмысы үшін жағдайдың жасалуы, турөнімнің жайлылығы, стандартпен сай келуі керек.

Бақылау ұйымда тек сырттай болмай, ол кәсіпорынның ішінде де жасалады. Ол мерекеге жөн-жоспардан кейін жоспарлау барысында пайда болады, оның өңделуі мен қорытындылау мерзімін, қорытындылау үшін бақылау кімге жүктелгені аныталатын болады. Соңғы бөлім «ескерту». Онымен жазу істелінеді, тапсырманың қалай орындалғаны: кешіктіріліп немесе тез, уақытысында немесе мерзімін ұзартумен, шығынының болуы т.б.

Бақылау Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізілуі керек. Бұл функцияларды басшы, бас бухгалтер, менеджер орындауы тиіс. Тұрақты, жанжақты бақылау комплексті, эстетикалық және сапалы туристік қызметке алып келеді.

Туристік бизнесте табыстың бірден –бір және маңызды факторлардың бірі кадрларды дұрыс іріктеу. ЮНЕСКО-да саналған 40 000 кәсіптердің ішінде қаншама ондықтары туристік сферасына жатады. Қазақстан Республикасында туристік нарыққа қазіргі қызмет түрлеріне дайын емес мыңдаған мамандар келген. Қазіргі кезде туризм мамандарына талаптар өзгерген. Олар мыналар: шетел тілін білу (ағылшын тілінен басқа), компьютермен жұмыс істеу қабілеті, тез тере білу, туристік орталықтарды және географиялық региондарды білу, маркетинг және сату бойынша білімінің болуы. Басқа да мамандарға профессиональды білім мен жекелік талаптарда көрсетілген. Бұл қызметтерге тәуелді олар:

· жақсы коммуникативті әдеттер;

· турөнім мен адамдарға дұрыс қарым-қатынас;

· келіссөздерді жүргізу қабілеті;

· байқағыштығы мен қозғалушылық;

· сыпайылық және елгезектік;

· білімдарлық пен жаңа нәрсеге ұмтылуы;

· артистизм мен жақсы дикция (экскурсоводтар үшін);

· тартымды келбеті;

· асқан дәлділік пен жауапкершілігі;

· толық жетілдіруге ұмтылуы, қызметтегі орны және басқалар.

Сондықтан да, болашақ қызметшілер үшін кадрлық саясат талаптарының ролі жоғарылайтыны белгілі. Көптеген турфирмалар персоналға қажеттілікті жоспарлауды үйренді: қызметтер көлемінің үлкеюнде жұмысқа адамдарды сақтықпен, белгілі мезгілге, уақытша немесе маусымға ғана қабылдайды. Турфирма администрациясы талантты және тұрақты талапкерлердің резюмесін үйрену барысында өкінбеуді көздейді. Сондықтан да, кәсіпорын басшысының өзі білімді маман болуы қажет және өзінің мамандарынан талап ететіндей сапаға ие болу керек.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалык, жағдайларына әсер етеді, ол ғылымньң зор көнілің аударып, маңызды қоғамдык-экономикалык, құбылыска айналып, терендеп бара жатыр. Туристік демалысты кайда жэне қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көнілді калай аударту, туризмде пайдалы не бар, ол құбылыс кай экономикалық элеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез құлқына қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстьң ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай - осы мәселелерді бүгін туризм жайында ғылымдар зерттеп отыр.

Сонымен катар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық
саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз
ұласады. Әлеуметтік-экономикалык, дамудың катализаторы болып табылатын бұл курделі кұрылымды сала табиғатты экономикалық максатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің, жоғары деңгейің қамтамасыз етеді. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.

Туристік инфрақұрылымда соңғы жылдары туристік кәсіпорындар саны өсуде. Олардың жұмысын ұйымдастыруда басты рольді кәсіпорын басшысы ойнайды. Өйткені, ол өзінің кәсіби білімі арқылы тек қана ұжымды басқарып қоймай, ұжымда оң климат қалыптастыру керек. Кәсіпорын жұмысының табысты болуы ондағы ұжым бірлігіне, қызметкерлердің іскерлік сапасына, олардың дайындығына, компитенттілігіне, жұмысты орындаудағы жауапкершілігіне, ал бірінші кезекте туристік кәсіпорын басшысына тәуелді.

3.Біз қандай да бір мекеменің қызмет ететіні жайында сөз қозғасақ, онда бұл мекемедегі адамдар белгілі әрекеттер жасайтынына көңіл аударамыз. Көптеген адамдар өз қызметін бір күнге (айға, жылға, және т. б.) жоспарлайды, кейін осы жоспарды орындауға қажет ресурстар жасайды. Іс барысында біз жасағандарымызды бұрын қойылған мақсат – мүдделерімізбен салыстырамыз. Нәтижесінде, түрлі қарапайым жұмысты орындау үшін нәтижеде не алуымыз керектігін, істі қалай ұйымдастыруды, оның орындалуын бақылауды алдын ала анықтауымыз қажет. Ал бұл басқару функциясы.

Басқару функциясы бір біріне өзара байланысады. Мысалы: бақылау қызметін орындау арқылы жиналған ақпарат менеджерге олардың жоспары қалай орындалып жатқаны туралы «айтады» (жоспарлау қызметі). Бұл кезде бақылау тиісті түрде мативтендіруге және ұйымдастырылуға міндетті (мативациялау және ұйымдастыру қызметі). Басқаша айтқанда, басқару жүйесіндегі барлық басқару қызметтері біртұтас біріккен үдеріс.

Олай болса, басқару қызметтерін басқарушы объектіге қатысты басқару еңбегінің түрлері ретінде елестетуге болады. Басқару қызметін топтастыруға жасалған бірнеше қадам бар. Туристік индустрия үшін жоспарлау, ұйымдастыру, мативтендіру (мотивация) мен бақылаудың мәні зор

Менеджменттің бұл қызметтерін ұйымдастыру үшін өмірлік маңызы зор. Сонымен бірге жоспарлау, бақылау қызметі ретінде басқа қызметтердің негізі қамтамасыз етеді және олардың ең бастысы болып есептеледі, ал ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау қызметтері ұйымның тәсілдік және стратегиялық жоспарларын орындауға бағытталған.

Туризмді жүйелі басқару стратегиялық болжамда қорлану тиіс, менеджменттік бастаушы идеясы болып табылатын көрініс негізінде туристік фирманың саясаты жасалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: