Кіріспе

Хирургия - адам денесінің барлық ағзалары мен бөліктерінін сырқаттары мен жарақаттануын зерттейтін және оперативті емдеу әдістерін ұсынып қолданатын медицинаның саласы. Хирургия базалық пәндердің бірі ретінде қандай да мамандығы болмасын барлық клиницист дәрігерге қажетгі хирургиялық қызметтің зерттеу негіздерін қалайды.

Хирургия ілімі үнемі дамып отыру үстінде, жаңалықтар үсті-үстіне жинақталуда және хирургияның асептика мен антисептика, қан мен қан алмастырғыштарды құю, хирургиялық инфекция, жарақаттарды емдеу, жансыздандыру мен реанимацияның негіздері, пластикалық хирургия және басқалары сияқты негізгі ұғымдары туралы түсініктерге басқаша көзқарас қалыптастырады.

Бірінші және мамандырылған медициналық көмек көрсету үшін жалпы хирургияның негізгі тарауларын барлық дәрігер мамандары білуі қажет. Жалпы хирургия негізі жөнінен пропедевтикалық хирургиялық пән ретінде хирургиялық науқастарды клиникалық тексеру және емдеу жүргізуді оқытуды көздейді. ЖОО студенттері жалпы хирургияны оқып үйрену процесінде өздерінің кәсіптік қызметіне керекті және қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Салыстырмалы үлестірілімі
Б1.1.   ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибек жүзінде қолданады. 0,3
Б2.1. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағадыларды меңгергендігін көрсете алады. 0,1
Б2.2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. 0,4
Б2.3. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді 0,2

2.2. Пәннің мақсаты: студенттерге хирургиялық патология негіздері, хирургиялық аурулардың диагностика және емдеудің жалпы принциптері бойынша білімін және дағдыларын қалыптастыру.

2.3. Оқыту мақсаттары

· медициналық, клиникалық және хирургиялық базалық түсініктемелерді түсіндіру;

· десмургия туралы білім негіздерін және дағдыларын үйрету;

· хирургиялық практикада қолданатын ауырсынуды басатын дәрілер мен әдістер туралы білім беру;

· хирургиялық аурулардың симптомдарын ажырату және диагноз коюды үйрету;

· науқастың өміріне қауіпті жағдай туындағанда бірінші медициналық жәрдем көрсету және хирургиялық емдеуге көрсеткіші анықталғанда тасымалдау түрін ажыратуын үйрету.

2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1.     ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ   Білім (когнитивті) домені: Қолданады: пәнді игеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені:Дәлділік:презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:Құндылықтарды үйлестіреді: ғылыми жаңалықтар құндылықтарын үйлестіреді.
Б2.1. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ -КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР   Білім (когнитивті) домені: Қолданады: Деонтологиялық және этикалық талаптарды қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:Құндылықтарды үйлестіреді:Коммуникативті дағдылар, яғни деонтология, этика құндылыктарын үйлестіреді.
Б2.2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ -НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды:
  • қазіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптерін;
  • хирургиялық науқастардыңклиникалық және аспаптар көмегімен тексерудің жалпы принциптерін;
  • негізгі хирургиялық симптомдар мен синдромдарды;
Түсінеді:
  • хирургиядағы анестезиология және трансфузиология негіздерін;
  • жиі кездесетін хирургиялық ауруларды емдеуінің негізгі кезеңдерін;
  • ургентті жағдайларды (қан кету, жарақаттар, ішкі ағзалардың және бастың жабық зақымдары, шок, коллапс, күйіктер, үсіктер, электр тоғымен жарақаттау);
Қолданады:
  • хирургиялық науқасты тексеріп оның қал-жағдайының ауырлығын бағалауды және жергілікті патологиялық статусын талдауда;
  • жергілікті анестезияны орындауда;
  • әртүрлі таңбалар түрлерін жасауда;
  • сіреспе және газды гангренаның алдын-алуына бағытталған көрсеткіштерді анықтауда;
  • аяқ-қолдың сынығында және шығып кетуінде қолда бар заттар мен тасымалдау аспаптармен (Крамер, Дитерихс және т.б. импровизацияланған стандартты типтік) иммобилизация жасауда алған білімдерін қолданады.
Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:
  • қыздыратын компресс салуды;
  • таза және іріңді жараға танба салуды;
  • сыртққа қан кетуді тамырды қолмен кысу арқылы, жгут және байлам салу арқылы тоқтату;
  • АВО жүйесі, резусы бойынша қан тобын анықтауды, топтық және жеке сәйкестікке сынама жасауды, қан құю хаттамасын толтыра отырып қан және оны алмастыратын заттарды құюды дәлдікпен орындайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және үйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын ескере отырып ұйымдастырады.
Б2.3     ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ -МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР Білім (когнитивті) домені: Қолданады:
  • қазіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптерін;
  • хирургиялық науқастардыңклиникалық және аспаптар көмегімен тексерудің жалпы принциптерін;
  • негізгі хирургиялық симптомдар мен синдромдарды;
  • хирургиядағы анестезиология және трансфузиология негіздерін;
  • жиі кездесетін хирургиялық ауруларды емдеуінің негізгі кезеңдерін;
Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:
  • жергілікті анестезияны орындауды;
  • сыртққа қан кетуді тамырды қолмен кысу арқылы, жгут және байлам салу арқылы тоқтату;
  • АВО жүйесі, резусы бойынша қан тобын анықтауды, топтық және жеке сәйкестікке сынама жасауды, қан құю хаттамасын толтыра отырып қан және оны алмастыратын заттарды құюды;
  • таза және іріңді жараға танба салуды;
  • аяқ-қолдың сынығында және шығып кетуінде қолда бар заттар мен тасымалдау аспаптармен (Крамер, Дитерихс және т.б. импровизацияланған стандартты типтік) иммобилизация жасауды;
  • омыртқа және жаңбас сүйектері сынғанда иммобилизация жасауды дәлдікпен орындайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және ұйымдастырады:жасаған іс-әрекеттерінің құндылықтарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

  • қазіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптерін;
  • хирургиялық науқастардыңклиникалық және аспаптар көмегімен тексерудің жалпы принциптерін;
  • негізгі хирургиялық симптомдар мен синдромдарды;
  • хирургиядағы анестезиология және трансфузиология негіздерін;
  • жиі кездесетін хирургиялық ауруларды емдеуінің негізгі кезеңдерін;
  • ургентті жағдайларға (қан кету, жарақаттар, ішкі ағзалардың және бастың жабық зақымдары, шок, коллапс, күйіктер, үсіктер, электр тоғымен жарақаттау)
  • диагноз қоюды, бірінші медициналық және хирургиялық жедел жәрдем көрсетупринциптерін және әдістерін:
  • емханалық хирургиялық қызметті ұйымдастыруды.

Студент істей алуы тиіс:

  • хирургиялық науқасты тексеріп оның қал-жағдайының ауырлығын бағалауды және жергілікті патологиялық статусын талдауды;
  • көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтауды жараға бірінші хирургиялық өндеу жасауды;
  • жергілікті анестезияны орындауды;
  • әртүрлі таңбалар түрлерін жасауды; аяққа эластикалық таңба салуды;
  • қыздыратын компресс салуды;
  • таза және іріңді жараға танба салуды;
  • жұмсақ тіндердің, жасушалық кеңістіктер мен қуыстардың жіті іріңді ауруларға (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, гидроаденит, тілме, мастит, парапроктит, паранефрит, медиастенит, артрит, бурсит, перитонит) диагноз қоюды;
  • іріңді ошақты (абсцесс) ашу, тексеру және дренаж жасауды;
  • аяқ-қолдың сынығында және шығып кетуінде қолда бар заттар мен тасымалдау аспаптармен (Крамер, Дитерихс және т.б. импровизацияланған стандартты типтік) иммобилизация жасауды;
  • омыртқа және жаңбас сүйектері сынғанда иммобилизация жасауды;
  • ургентті жағдайда (қан кету, шок, коллапс, естен тану, күйіктер, үсіктер, электр
  • тогынан жаралар жэне т.б.) бірінші медициналық жедел жәрдем көрсетуді;
  • сыртққа қан кетуді тамырды қолмен кысу арқылы, жгут және таңбалау арқылы
  • тоқтату;
  • шеткері кан тамырлардың венепункциясын және катетеризациясын жасауды;
  • АВО жүйесі, резусы бойынша қан тобын анықтауды, топтық және жеке сәйкестікке сынама жасауды, қан құю хаттамасын толтыра отырып қан және оны алмастыратын заттарды науқасқа кұюды;
  • сіреспе және газды гангренаның алдын-алуына бағытталған көрсеткіштерді анықтауды;

2.5. Пәннің алғашқы және кейінгі реквизиттері:

5. Алғашқы реквизиттері: анатомия-1, анатомия-2, микробиология, коммуникативті дағдылар-1, коммуникативті дағдылар-2, клиникаға кіріспе-2

6. Кейінгі реквизиттері: хирургиялық аурулар, акушерлік іс және гинекология, жедел жәрдем, жалпы дәрігерлік тәжірибе.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: