Курсы: ІІІ

Оқу семестрі: VІ

Барлық сағат саны: 90

Түркістан, 2015

«Жалпы хирургия» пәнінің силлабусы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2009 жылғы 05 қарашадағы №651 бұйрығымен бекітілген,

5В130200 – «Стоматология»мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлкеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалып, жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынды.

Силлабус медицина факультеті «Жалпы хирургия» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. _________________ Н.Қ.Төлежанов

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы_____________ магистр оқытуышысы А.Кошкарова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У. Байзакова

1. Оқытушылар туралы мәлімет:

А) Жүнісов Мұрат Сағынәліұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: « Алгоритм диагностической и лечебной тактики спаечного синдрома».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері:

  1. Способ диагностики кишечной непроходимос­ти. Патент куәлігі. № 99016471. Алматы каласы, 1999ж.
  2. Жалпы хирургия және анестезиология пәнінен дәрістер. Оқу құралы. Кентау 2005ж.
  3. Хирургия және реанимациядағы мейірбикелік іс. Оқу әдістемелік құрал. Түркістан, 2007 ж.
  4. Жалпы хирургия және анестезиология пәнінен әдістемелік нұсқаулар жинағы. Оқу әдістемелік құрал. Түркістан, 2008 ж.
  5. Патент «Лапароскопиялық аппендэктомия өткізу кезінде құрт тәрізді өсіндінің тұқылын байлау тәсілі» Автор куәлігі. № 80989 30.06.2013ж Астана қаласы және 30 астам ғылыми мақалалар.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.222). тел.872533 63636 (ішкі жоқ).+7 701 730 55 77

Б) Төлежанов Нұрпейіс Құдайбергенұлы - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы; жоғары санатты дәрігер хирург.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы– «Способ применение силиконовых имплатантов при рака Педжета молочной железы» атты өнер табысы бар.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: Халықаралық, Республикалық, ЖАК бекіткен журналдарда 28-дан аса ғылыми мақалалары, 2 оқу құралы жарық көрген.

  1. «Жедел іш қуысы мүшелерінің хирургиялық аурулары» Н.Қ.Төлежанов. Оқу құрал. Түркістан, 2007 ж. Бет 102
  2. «Жайылған іріңді перитониттің заманауи емдеу тәсілдері» Ш.М. Сейдинов, Н.Қ. Төлежанов Оқу құрал. Түркістан, 2015 ж. Бет -85;

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.220). тел.872533 63636 (ішкі 307). +7 775 468 86 07

В) Тұяқбаев Бағлан Пардабайұлы - жалпы хирургия пәні бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: «Жедел хирургиядағы аурулар диагностикасы».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 ғылыми мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.222). тел.872533 63636 (ішкі жоқ). + 7 702 312 12 36

Г) Шаймерденов Лесхан Абдижапарұлы – жалпы хирургия пәні бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: «Іріңді жараларды алхидин майымен емдеу».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 11 ғылыми мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.222). тел.872533 63636 (ішкі жоқ). +7 701 435 84 46

Д) Абжаппаров Қанат Зейдинұлы – жалпы хирургия пәні бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: «Емханалық хирургияның заманауи ерекшеліктері».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 4 ғылыми мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттархан к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.222). тел.872533 63636 (ішкі жоқ). +7 702 676 71 05

Е) Ибрагимов Ержан Жақсылықұлы – жалпы хирургия пәні бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: «Емханалық хирургияның заманауи ерекшеліктері».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 4 ғылыми мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттархан к., медицина факультеті, «Жалпы хирургия» кафедрасы (каб.222). тел.872533 63636 (ішкі жоқ). +7 702 622 77 12

2. Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: