Баллдар шкаласы

90-94 А – 3,67 Үздік (өте жақсы)
85-89 В + 3,33 Жақсы
80-84 В 3,0
75-79 В – 2,67
70-74 С + 2,33 Қанағаттанарлық
65-69 С 2,0
60-64 С – 1,67
55-59 D + 1,33
50-54 D 1,0
0-49 F –   Қанағаттанарлықсыз

8.2 Студенттердің тәртіп саясаты және процедурасы

-Сабаққа кешікпеу, оқытушының рұқсатынсыз қоңырау соққанша аудиториядан шықпау;

-Сабақ кезінде сөйлеспеу, басқа әдебиетті оқымау;

-Телефон арқылы сөлеспеу, ұялы телефонды өшіріп тастау;

-Бақылау жұмысы жүріп жатқанда дәріс конспектілерін қолданбау, көшірмеу

-Сабаққа сыртқы киіммен, бас киіммен кірмеу;

-Ұқыпты болу, қоқыс тастамау, жиһазды бүлдірмеу;

-Себепсіз сабаққа қатыспаған жағдайда құқықты анықтама көрсету;

-Сабаққа қатыспай қалған жағдайда оқытушыны алдын ала ескерту

-Жіберіп алған сабақтарды оқытушы анықтаған уақытта қайта тапсыру

-Оқытушы мен студенттерге сыпайылық таныту

-Оқу процесіне белсенді қатысу, әр сабаққа дайындалу

-Сабақта кері байланысты ұстану

-Уақытында келіп, міндетті болу

-Аудиторияда темекі шекпеу, ішімдік ішпеу, балағат сөз айтпау

-Аппаратурамен пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін орындау, әдебиетті, көрнекі құралдарды орынды пайдалану

4.9.4 «Экскурсиятану» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамассыздандыру картасы

  №   Жұмыстың атауы Орын дау ұзақтығы (сағат) Бақылау түрі Тапсыру уақыты (апта)
  Экскурсияға кіріспе, оның қүрылымы: үйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері. Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшалар және қүрастырушы сұрақтар. Экскурсияның қорытындысы, оның мазмүны.   Кіріспенің ұйымдастырушылық және ақпараттық бөлімдерін құрастыру.  
  Экскурсияларды топтарға бөлу: қалалық, қала маңындағы, музейлік. Экскурсияларды тақырып бойынша бөлу: тарихи, табиғаттану, әдеби, сәулеттік, өндірістік-экономикалық. Экскурсиялар топтарын бөлу, бөлшектерінің сипаттамасы.   Экскурсиялық объектілерінің паспорттарын құрастыру.  
  Экскурсия жүргізушілердің шығармашылық топтары. Экскурсияны даярлаудың дәйектілігі: экскурсияның тақырыбы мен мақсатын анықтау, әдеби көздерін таңдау және зерттеу, мүрағаттық, музейлік, статистикалық көздерді зерттеу, экскурсиялық объектілердің бақылау пакеті мен паспорттарын даярлау, әдістемелік қүралды қүрастыру; маршрутты жаяу түрде немесе көлік пайдаланып өз көзімен зерттеу, экскурсияны тапсыру және қабылдау.   Маршрут схемасын құрастыру.  
  Экскурсия даярлаудағы басты кезеңдері.   Экскурсиялық объектінің паспортын құрастыру.  
  Объекттердің орналасуы. айқындылығы, білім берү қүндылығы, сақтандығы. Негізгі және қосымша экскурсиялық объекттер. Объекттер классификаңиясы: мәдени, сәулет ескерткіштері, табиғи, тарихи, қалалық, қала маңындағы, музейлік, Әдебиет пен өнер объектілері. Қарапайым және күрделі объектілер.   Экскурсияның әдістемелік өңделуі.  
  Экскурсиялық жүмыстагы объектілерді көрсету жөне сипаттау. Үйлесімділіктің ерекшеліктері және деңгейлері. Экскурсиялық көрсетудің негізгі әдістемелік тәсілдері. Экскурсия өткізудің негізгі әдістемелік тәсілдері: көрсету әдістері.   Маршрут құрастыру.    
  Алғашқы байқау, оның сипаттамасы. Экскурсиялық талдаудың түрлері: сәулеттік, тарихи, табиғаттанулық, өндірістік-экономикалық.   Экскурсия жүргізудің әдістемелік тәсілдері.  
  Экскурсия жүргізу техникасы. Экскурсоводтың сөйлеу техникасы. Экскурсия жүргізу техникасы. Экскурсия жүргізудегі қойылатын талаптар.   Айтудағы әдістемелік тәсілдерді анықтау.  
  Экскурсия жүргізушінің сөз шеберлігі, экскурсия жүргізу техникасы. Экскурсия жүргізу техникасының үғымы, мақсаты жөне міндеттері. Экскурсия жүргізушінің топпен танысуы, үйымдастырушы нүсқаулар. Кіріспе, негізгі тарау, қорытынды кезіндегі экскурсия жүргізушінің орны.   Әдістемелік материал. Әдістемелік жетілдіру бөлімдері.  
  Экскурсиялық іс-әрекеттің психологиялық негіздері. Экскурсияның психологиялық сипаттары. Экскурсиялық іс-әрекетте психологияның элементтерін қолдану. Назар аударуға ықпал ету. Көңіл бөлудің кризистері. оларды экскурсия жүргізген уақытта ескеру. Экскурсантардың әртүрлі контингенттерімен жүмыс істеу ерекшеліктері.   Қала тарихы бойынша экскурсия ны жетілдіру.  
  Сәулеттік-қала қүрылысы тақырыбы бойынша экскурсияларды өткізу ерекшеліктері. Сәулет өнерінің объектілерінің негізгі үйымдары, кезеңдері және сәулетік білімдерді экскурсия жүргізген кезде қолдану. Көрсету мен сипатгың ерекшеліктері. Аталған экскурсияларды жүргізудің әдістемелері. Сәулеттік және өнертану экскурсияларының эстетикалық тәрбиелеуде, этикалық идеяларды қальштастырудағы маңьзы.   Қаланың мәдени орталығы.  
  Тарихи экскурсиялардың мақсаттары мен міндеттері, Тарихи және әдеби экскүрсияларын жүргізу әдістері, көрсету мен сипаттау ерекшеліктері. Әдеби экскурсиялардың мақсаттары мен міндеттері. Тарихи және әдеби экскурсиялардағы музейлік экспозиңияларының орны. Әдеби экскурсияларын жүргізгенде экскурсия жүргізушінің сөз шеберлігіне қойылатын талаптар.   Қаланың саяси-әкімшілік орталығы. Әдістемелік жетілдірудің бөлімдерімен танысу.  
  Экскурсиялық мекеменің әдістемелік жұмысының құрылымы: әдістемелік бөлім, әдістемелік кабинет, әдістемелік кеңес, экскурсия жүргізушілердің әдістемелік секциялары, шығармашылық топтар, халықтың өртүрлі кагегорияларымен жүмыс істеу топтары.   Кіріспенің ұйымдастырушылық және ақпараттық бөлімдерін қүрастыру.  
  Экскурсия дайындалудағы негізгі кезең. экскурсияның тақырыбы мен атын таңдау Экскурсияның объектлерін таңдау   Топ презентациясы және реферат 14-15

4.9.5 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет

Атауы Барлығы
кітап ханада кафедрада оқытушыда
  Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Саипов А.А. Экскурсоведение. Алматы 2010г.   -  
  Бархаш Л. Виды и формы туристских путешествий и экскурсий. М., 2012г.   - -
  Бурмистрова Н.Д. Организация работы методических секций экскурсоводов. М.: ЦРИБ «Турист», 2011г.   - -
  Гецевич Н.А. Основы экскурсоведения. Учебное пособие для географических специальностей вузов. Минск: Университетское, 2013г.   - -

Қосымша әдебюиет

Атауы Барлығы
кітап ханада кафедрада оқытушыда
  Емельянов Б.В. Методика подготовки и проведения экскурсии. Учебное пособие. М.: ЦРИБ «Турист», 2010г.   - -
  Емельянов Б.В. Основы экскурсоведения. М., 2011г   - -
  Емельянов Б.В. Экскурсионное обслуживание на транспортных маршрутах. М.: ЦРИБ «Турист», 2012г.   - -

4.9.6. «Экскурсиятану» пәні бойынша дәрістік кешен

1-ТАҚЫРЫП. «Экскурсиятану» пәні, оның мақсаты мен міндеттері

Экскурсиялық іс – халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды бөлігі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқаны мен, ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді.

Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан, экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленгені бекер емес. Экскурсияның бір неше түрлері бар: тарихи, тарихи-әскери, кәсіптік, табиғаттық, архитектура-градоқұрылыстық, әдебиетік т.б.

Алғашы экскурсияларға себепші болған, өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасау мен байланысты болды. Жалпы айтқанда саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр келкі функцияларды атқарған, ол сол ғасырдың қызығушылығына, жетістіктеріне байланысты болды.

Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырлардың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығып, айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар, оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашыда өте аз, серігу үшін жасалған, билеуші клас өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына (Баден-Баден, Карловы-Вары) саяхат жасаған.

Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен.

Экскурсия (латын тілінде excursion – жол жүру) – экскурсияны жүргізушінің жетекшілігімен оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсаттармен көрнекі орындарда, мұражайларда және т.с.с. жерлерде. Ұжымдық немесе жеке түрде қарап шығу. Экскурсияның осындай анықтамасы 1993 жылы шыққан «Энциклопедия туриста» кітабында берілген. Экскурсияның мәні туралы «Орыс тілінің сөздігі» кітабында терең көрсетілген.

Экскурсия – бұл оқыту және таныстыру мақсатымен белгілі жоспар бойынша айтылатын, қандай да бір заттарды (өнер шығармалары, өткен күндердің ескерткіштері, қандай да болса құрылыстар, механизмдер және т.б.) ұйымдастырылған түсініктемелермен жүргізілетін көрме.

Жоғарыда көрсетілген анықтамалар бойынша әрбір экскурсияның спецификасы көрме мен әңгіменің бірлестігіне сүйенеді.

Әрбір экскурсияға белгілі анықталған белгілер тән. Емельянов Б.В. (1976 ж) 5 керекті белгілерді бөліп көрсетті:

-Уақыт бойынша ұзақтығы, көбінесе 1 академиялық сағаттан 1 күнге дейін.

-Мамандырылған экскурсия жүргізушінің болуы.

-Экскурсиялық нысандарды қарау, көру, әсер алудың алғы шарттары.

-Нысандармен қозғалу және тоқтау кезінде таныстыру, әсіресе автобустан шығу кезінде.

-Осы көрменің негізі болып табылатын, яғни оның тұрақталатын нақты анықталған тақырыбы.

Экскурсия-орыс тіліне XIX ғ. енгізілген, басында бұл сөз «әскери шапқын», кейіннен «серуенге шығу, жорық» деп белгіленген.

Экскурсияның мәні

Экскурсия – методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес.

Экскурсияның терминына түрлі басылымдарда соңғы 70 жылда берілген анықтамаларға тоқталайык:

Ен алғашқы түсінігін 1923 жылы М.П. Анциферов берген «Экскурсия – серуен, өз мақсаты ретінде, көруге қолайлы объектті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу».

Экскурсиялық әрекеттің орнын мектептен тыс жұмысында сипаттай отырып экскурсионист Л. Бархаш былай деген – Экскурсия ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі, алдын-ала өңделген тақырып арқылы нақты объектке бару кезінде тәрбие беру.

Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтамағада тоқталайық: «ЭКСКУРСИЯ – оқудың, оқудан тыс жұмысының ерекше формасы, оның барысында мұғалім – экскурсовод, оқушылар – экскурсанттар бірігіп, болып жатқан процесстерді табиғи жағдайда бақылауы (завод, колхоз, тарихи ескерткіш, естелік жер, табиғат аясы т.б.) немесе арнайы жасалған коллекция қоймалары (мұражай, көрме)».

Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «ЭКСКУРСИЯ – серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т.б.». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «ЭКСКУРСИЯ – бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т.б.».

Үлкен совет энциклопедиясында «ЭКСКУРСИЯ – назар аударарлық объекттерге бару (мәдениет ескерткіші, мұражай, өндіріс орны, т.б.) білім алудың формасы мен тәсілі. Маман-экскурсоводтың басшылығымен топ үшін өткізіледі».

Жоғары берілген анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.

Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінрек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,

Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «ЭКСКУРСИЯ – серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т.б.». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «ЭКСКУРСИЯ – бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т.б.».

Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.

Барлық берілген экскурсия жайлы анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.

Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінірек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,

Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.

Кәзіргі кезде экскурсия тұтас, өзіне ғана тән функциялары мен белгілері, жекешелік ерекше, методикасы бар сала. Айтарлықтай ол мазмұны, өткізу формасы және материалды ұсыну бойынша байып, идеялық-тәрбие және мәдени-көпшілік жұмысының бөлігі боп сипатталады. Экскурсияның міндетін, мақсатын, өткізу формасын кесте арқылы көрсетейік.

Мақсаттары Міндеттері Өткізу формалары
  Демалу Шипалы шөп, жеміс, жидек, саңырауқұлақ іздеу. Серуен
  Оқу Балалар мен оқу пәндерін игеру (ботаника, география, тарих) Кластан тыс сабақ
  Ғылыми Өлкетану мұражайларға экспонаттарды жинау Экспедиция
  Жалпы білім беру Жалпы білім денгейін арттыру Туристік жорықтарда әңгімелесу, көлік саяхатында экскурсиялық жол информациясы
  Мәдени-ағарту Архитектура, әдебиет, тарих және т.б. салалар бойынша білім денгейін арттыру Көп планды шолу экскурсиясы
  Мәдени – тәрбие Тәрбие беру мен қатар білім алу Тақырыптық экскурсия

Сонымен, экскурсия табиғи жағдайда, немесе кәсіпорын ішінде, лабораторияларда, ғылыми-зерттеу институттарда т.б. жерлерде орналасқан, алдын ала таңдалған объекттер арқылы адаммен қоршаған ортаны танудың көрнекілік процессі. Объектті көрсету арнай маманы бар - экскурсоводтың басшылығымен өткізіледі. Экскурсанттармен объекттерді қабылдау тақырпты ашу міндеттеріне бағындырылган. Экскурсовод аудиторияға объектті көруді, естелік жерге баға беруді, сол объектпен байланысты тарихи оқиғаларды түсінуді жеткізеді.

Қысқаша түрде экскурсияның негізін былай анықтауға болады – экскурсия спецификалық формада адамдар тобына жеткізілген білім сомасы және соны жеткізудегі белгілі жүйе әрекеттері.

2-ТАҚЫРЫП. Экскурсия құрылымы.

Экскурсияда оқыту, тәрбие беру, насихаттау сияқты өзінің құрылымы болады. Сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері бар. Композиция бойынша экскурсия 3 бөліктен тұрады. Композиция дегеніміз – құрылу, құрастыру, жеке бөліктерді бір тұтас қылу.

1. Кіріспе. Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа дейін болады. Ол экскурсияның тақырыбына, түріне байланысты. Мәліметтерді жүйестіру жағынан кіріспе 2-ге бөлінеді – ұйымдастыру және ақпараттық бөліктер.

а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет береді. Оның ұзақтылығы, маршруттың ұзындығы, өткізі ерекшелігі, экскурсияның міндетімен таныстырады. Экскурсия қай жерде бітетіндігіде осы бөлімде айтылады.

Көлік ішінде, су жағалауында, тауда өзін ұстау туралы ережелерімен таныстыру – жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып жүрмеуі, тазалықты. тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпау, көшелерді өткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі.

б) ақпараттық бөлігінде экскурсанттардың назарын экскурсияға аударады, оның бөліктеріне, мазмұнына кысқаша шолу жасайды. Қызықты объектілерді, маршруттың бөліктерін, кіші тараулардың тақырыптарын айта кету қажет.

2. Негізгі бөлік. Бір неше кіші тараудан тұрады, олар арасында бір-біріне көшу кезінде қисынды ауысуды қолданады. Әр кіші тақырып бір, немесе бірнеше объектілер арқылы ашылады. Ол экскурсияны сапалы өткізіп есте сақталуына көмек береді.

3. Қортынды. Қортынды 2 бөліктен тұрады.

а) негізгі мазмұны бойынша қортынды жасау, тақырып бойынша қортынды жасау.

б) басқа экскурсиялар туралы ақпарат беру.

Бірдей экскурсия болмайды, оларды бір бірінен әр қашанда тақырыбы арқылы ажыратуға болады.

Тақырып деген сөз грек тілінен аударғанда “негізіне қойылған нәрсе” деп аударылыды екен. Тақырып түсінігі, бір нәрсенің мазмұнына қатысты.

Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.

Әр экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу қажет. Экскурсияда тақырып – көрсету мен әңгімелеудің заты. Объектті қалай көрсету керектігін, ақпараттың кандай бөлігін экскурсанттарға беру қажеттігін экскурсияның тақырыбы анықтайды. Кейбір объекттер бір неше экскурсияларда көрсетіледі. Бірақ әр қайсысында, тақырыпқа байланысты, бір объект жайлы ақпарат түрлі көлемде беріледі.

Әр тақырып бір неше тараулардың жиынтығы. Әр тарауда толықтылық және қисынды аяқталу болу керек.

Экскурсияда көрсету.

Көрсету – көрнекілік принципін іске асыру процессі, экскурсиялық объекттермен көру арқылы танысу (мысалы, архитектура ескерткіші мен). Экскурсияда көрсету – объекттерден көру ақпаратын сыртқа шығаратын көп планды процесс. “Көрсету”арнайы термин ретінде экскурсионист ғалымдармен енгізілген. Экскурсиялық методикалық әдебиетте кең пайдаланады. “Көрсету” және “демонстрациялау” бір мағынаны білдіреді.

Объектті көрсету ол экскурсовод пен экскурсанттардың бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер жүйесі, квалификациясы бар маман басшылығымен объекттерді бақылау.

Бұл сатылар алыста тұрған объекттерге қатысы жоқ. Экскурсанттар объекттің көлемін байқау үшін оны объектің қасындағы басқа бір объекттермен салыстырады (тал, үй, адам. т.б.). Экскурсия жүргізушісі тек қана негізін анықтайды.

Экскурсия жүргізушісінің нұсқаулары Экскурсанттардың әрекеті
Мына 9 қабаттығимаратқа қараңыздар Экскурсант объектке көз тастайды
Су жағасында ғимарат сондай ыңғайлы орналасқан Экскурсант қарап ол ыңғайлылығы неде екенін түсінуге тырысады
Мына ғимаратқа қараңыз, оған көкшіл түс сондай әр беріп тұр Экскурсан үйге қарап, неліктен көкшіл түс оны ашады деп айлайды
Уйдің екіеші қабатының соңғы екі терезесіне қараңыз, ол жерге ғаламның кабинеті орналасқан Экскурсант сол терезелерді тауып, кабинетті елестетеді
Ертеңмен өз столында жұмыс істеп отырған ғалымды елестетіңіздер Экскурсант, ойша”қабырғаны алып тастап”, ғаламды жұмыс үстіндеелестетеді

Экскурсовод өз түсініктерімен экскурсанттарға көз алдындағы затқа дұрыс қарауға көмек береді

Әр бір экскурсия екі негізгі элементтерден құрылады – экскурсиялық объекттерді көрсету және олар туралы әңгімелеу.

Бұл дәрежеде объекттер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Автобустан шығатын аялдамалары белгіленеді. Тақырып кіші тарауларға бөлінеді. Көрсетудің кейбір методикалық тәсілдерімен қолдана бастайды. Тараулардың араларында қисынды ауысулар, сөз көпірлер пайдаланады. Қисынды ауысулар тараулар арасында көпірге айналады. Экскурсия бір тұтас бола бастайды. Экскурсанттардың іс әрекеттері белсенедіріле бастайды. Олар тарихи, мәдени ескерткіштерді тереңдеу зерттейді. Экскурсияның кіріспесі, қортындысы жеке, өз бетінше бөліктер болып бөлінеді, жетіспейтін тізбекті “экскурсовод портфелі” толықтырады.

Көрсету мен әңгімелеудің үйлесуі экскурсиялық түрге айналады. Көрсету негізгі орынды алады. Әңгіме екінші орында. Көрсету мен әңгімелеудің методикалық тәсілдері белсенді қолданады.

Бұл дәрежеде көрсету мен әңгіменің байланысы оптималды болып табылады. Көрсетудің көлемі кеңейеді, бас орынды алады, әңгімені өзіне бағындырады. Әңгімеде басты рольді объекттерді көріп қабылдау анализі алады. Әңгіме экскурсиялық формаларда жүргізіледі: комментарий, анықтама, түсіндіру түрлерінде, объекттерді көрсетудің кіріспе сөзінде немесе оларды көрсетіп болғаннан кейін қортынды бөлігінде. Экскурсия жүргізудің әдістері мен техникасы жоғары түрде жетіледі, экскурсиялық анализдің көптеген түрлері толығымен пайдаланады. Объекттерді көрсетудің методикасы жоғары белсенді күйіне жетеді. Материалды қабылдау процесінде экскурсоводттың ролі өседі.

3-ТАҚЫРЫП. Экскурсияның негізгі функциялары.

Функция (тусінік ретінде) латын тілінен қызметің орындалуы жүзеге асуы ролі және міндеті дегенді білдіреді. Функция бұл қандайда бір объектінің сыртқы көрінісі оның шығуы мекемемен кәсіпорындар жұмысынын формасы. Фунцияландыру дегеніміз жұмыс істеуқызмет ету дегенімізді білдіреді.

1.Ғылыми насихаттау функциясы – саяхат саяси философиялық ғылыми көркемдік және басқада көз қарастар мен идеялар және теорияларды кеңінен таратуға көмектеседі.

2.Ақпарат функциясы – саяхат тақырыбына байланысты нақты топтар бойынша білімдін ақпараттарды ұсыну тиіс. Оған тариха ғылымдардың жетістіктерді медецина, биология жетістіктері археологтардың жаналықтары шаруашылық және мәдени, құбылыстағы жетістік туралы ақпараттарды ұсыну.Мәдени шараларды ұйымдастыру – адамның жұмыс уақытынан кейін бос уақыты өз еркімен түрлі мақсаттарды пайдалануы.

3Көз қарасты жинау функциясы – саяхат мақсаты аудитория білімін жариялау нақты сана бойынша білім туралы адамның қызығушылығын білдіру.Кенейту – саяхат мүшелері алған білімдерін тарих, өнер сәулет, әдебиет, экономика облысында кенейту мүмкіндігі болды.

4.Белгі дегеніміз – құбылыстармен құралдардын өзара бір-бірімен байланысты түрін айтады. Экскурсиятанудың белгілері бар.

Экскурсияның функциялары оның негізгі қасиетін қарастырады. Экскурсияның бес функциясы бар: ғылыми насихат (танымдық), ақпараттық, бос уақытты мәдени үйымдастыру, қызығушылықты қалыптастыру, мәдени ой өрісті кеңейту.

Танымдық ең негізгі функция. Экскурсия саяси, ғылыми, көркемдік және басқа да көзқарастарды игеруге көмектеседі.

Экскурсия ғылым жетістіктерін, ғарышты жаңа зерттеу туралы, археологтардың ашулары, спортсмендердің жеңістері, мәдениет саласының жаңалықтары т.б. ақпараттарды қамтиды. Радио, теледидар, лекция сияқты ақпараттар көздерінен экскурсияны жоғары дәрежедегі көрнекілік және тыңдаушыларға әсер етуі арқылы ерекшелендіреді.

Экскурсия білім мен қатар бос уақытты мәдени өткізуге мүмкіндік береді. Адамның рухани қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Экскурсияның түрлі білім беретін оқұ формалары арасында - білімді жүйелеу, ақпараттарды іріктеу т.б. өзіндік орны бар. Білім нақты бағытта оқұ және өндірістік экскурсиялар кезінде қалыптасады.

Мәдени ой өрісті кеңейту функциясы мұражай экскурсиясында айқын байқалады, ал сауықтыру функциясы қала маңында өткізілетін экскурсияларда байқалады – суға түсу, тауға шығу, шаңғы тебу.

Әр нақты берілген экскурсия бір неше функцияны атқаралады. Ол экскурсия тобына байланысты. Балалар мен жас өсперімдер үшін - мәдени ой өрісті кеңейту; маман таңдаған жастар үшін - қызығушылықты қалыптастыру; шетелдік туристер үшін – ақпараттық функция т.б.

Экскурсияның белгілері

Белгі деп бір заттарды бір бірімен ұқсас қылатын, немесе бір бірінен ажыратуға болатын ерекшеліктерді атаймыз.

Экскурсия, мәдени-ағарту жұмысының басқа формалары сияқты, үйымдастыруында, өткізу методикасында өзінің ерекшеліктері бар. Оның белгілері басқа формалармен ұқсастығын немесе оның мүлдем басқа екенін көрсетеді.

Барлық экскурсияларға ортақ белгілер:

1.Уақыты бойынша ұзақтылығы бір академия сағатынан (45 мин.) бір тәүлікке дейін;

Халықаралық стандарт бойынша экскурсиялар 24 астрономиялық сағат арасында өткізіледі. Уақыты бойынша ең қысқа экскурсия өндіріс орнында, мұражайда және көрмелерде өткізіледі, олардың ұзақтылығы 1 академиялық сағат (45 минут).

2.Экскурсанттардың болуы (топ, немесе жеке адам);

Саны бойынша 1 адамнан 50 адамға дейін. Топтың саны көп жағдайда транспорттың сиымдылығына байланысты.

3.Экскурсия өткізетін экскурсоводттың болуы;

Экскурсияның сапасы экскурсоводттың білім деңгейіне байланысты. Дәрежесі бар экскурсовод 20-ға жуық түрлі тақырыпта экскурсия өткізе алады, ал бастауыш - 1-3 тақырыпты игереді. Экскурсоводтың міндеті экскурсия өткізу, оларды өңдеу, жетілдіру, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.

4.Көрнекілік, экскурсиялық объекттерді орналасқан жерінде көрсету;

Экскурсиялық нысандарын дұрыс таңдау, тақырыптың толық ашып көрсетуіне, мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Экскурсиялық нысандардың жүйесі, көрсету методикасы, тәсілі, түрлері болады. Арнайы көрсетусіз экскурсия лекцияға айналады, сондықтан ол көрсетуге бағынады.

5.Экскурсия тобын алдын-ала құрған маршрут бойынша алып жүру;

Маршрут экскурсия жасаған кезде құрастырылады, өзінің жүйесі болады. Қашықтығы бір неше жүз метрден (мұрадай, қөрме) бір неше жүз километрге дейін болады. Маршрут құрастырудың өзінің ережелері бар.

6.Белгілі тақырыптың болуы, объктті бір мақсатпен көрсету;

Бір тақырып бойынша экскурсия жасаған кезде міндетті түрде мақсаты белгіленеді, мақсатсыз өткізген экскурсия өзінің құндылығын жоғалтады. Экскурсияның тақырыбына, адам контингентіне қарай мақсат, өте-мете тәрбие мақсаты өзгеруі мүмкін.

1. Тақырып бойынша құжаттардың болуы;

2. Қатысушылардың белсенділігі (бақылау, зерттеу).

Осы аталған жеті белгілерінің бірі болмаса өткізілген шараларды экскурсия деп атауға болмайды.

Жалпы барлық экскурсияларға тән белгілерімен қоса кез келген экскурсияның өзіндік спецификалық белгілері болады:

Автобус экскурсиясында – міндетті түрде автобустан шығып объект жәніне бару;

мұражай экскурсиясында – стендта орналасқан материалдармен танысу;

өндіріс орнындағы экскурсияда – жұмыс істейтін объекттерді демонстрациялау (станок, агрегат, механизм).

Кез келген мәдени-ағарту жұмысының ажыратуға болатын өзінің белгілері бар.

Экскурсияның негізгі белгісі – көрнекіліктің жоғарғы дәрежеде болуы.

Кезкелген экскурсияқортындымен аяқталады ол уақты бойынша 1-3 минуттан 5-7 минутқа дейін созылады. Экскурсияға қысқаша қортынды жасап, тағы да көрген объектілерге, естігендеріне назар аударады. Соңында ұнады деп үміт білдіре отырып, тағы да басқа тақырып бойынша өткізілетін экскурсияға келулерін сұрау қажет Қортындыныңда, кіріспе мен негізгі бөлік сияқты маңызы өте зор.

Топтастыру

Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу мәселесіне көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілердің көңілі көп кеткен. Бірінші рет бұл проблема туралы өткен ғасырдың 20-шы жылдарында айта бастаған. Экскурсиятану ісі дамыған сайын түрлі жүйелер ұсынылған, бірақ 1970 жылдарында ғана келесі жүйеге тоқталды:

-Мазмұны бойынша

-Қатысушылардың құрамына, санына қарай

-Өткізген орнына қарай

-Жылжу тәсіліне қарай

-Экскурсияның ұзақтылығына қарай

-Өткізу түріне қарай

Мызмұны бойынша экскурсиялар бөлінеді: шолуық және тақырыптық. Оның ішінде тақырыптық келесі топтарға бөлінеді:

-Тарихи;

-Тарихи-төнкерістік;

-Әскери-тарихи;

-Өндірістік;

-Табиғаттанушылық;

-Өнер танушылық;

-Әдеби;

-Архитектуралық-қала құрылысшылық.

Қазіргі уақытта экскурсиялық тәжірибеде тарихи төңкерістік экскурсиялар толық жойылуда, тарихи төңкерістік тақырыбына сәйкес тақырыпшалар бірқатар шолулық экскурсияларда сақталынды. Тақырыптық экскурсияның жіктемесіне бүгінгі күнде діни тақырыбына байланысты экскурсияларды енгізу керек.

Әрбір аталған тақырыптық топтар өзінің ішінде мазмұны бойынша белгілі топшаларға бөлінеді:

1.Тарихи экскурсиялар (тарихи өлкетанушылық, археологиялық, этнографиялық)

2.Әскери-тарихи. ХХ ғ-ң әскери инженерлік құрылыстарды, бекіністерді, мұнараларды, көпірлерді және т.б. көрсетумен әскери оқиғалар болған естелік орындарындағы; халық кейіпкерлерінің ерлігімен байланысты орындарындағы әскери-тарихи және мемориалды мұражайлардағы экскурсиялар.

3.Өндірістік экскурсиялар. Өндірістік-тарихи, өндірістік экономикалық, өндірістік-техникалық, профарентациялық, табиғаттанушылық: географиялық, шолулық, ботаникалық, геологиялық, топырақтанушылық, табиғаттыңтаңғажайып ескерткіштері мен зоологиялық экскурсиялар, табиғат қорғаушылық немесе экологияға байланысты экскурсиялар, экскурсиялық мұражайлар бөлімдерінде.

4. Өнертанушылық. Театрельды композиторлар мен музыканттардың творчествосы туралы әңгімесі мен тарихи-музыканың, монументалды мүсіндерінің шығармалардың көруімен экскурсиялар, сурет галереясындағы, мұражайдағы мүсіншілер мен суретшілердің шеберханасындағы, халық бұйымдары бойынша көрмелерінде, әртіс пен суретшілердің өміріменәрекетіне байланысты орындарындағы экскурсиялар.

5.Әдеби. Жазушы немесе драматургтың өмірі мен творчествосы туралы естелікті сақтайтын орындар бойынша әдеби-биографиялық, мысалы: «Баянауыл» - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың отаны; қазақ әдебиетінің белгілі кезеңдерін алатын тарихи, тарихи-әдеби. Мысалы: ХХ ғ-ң 20 ж.ж. «Әдеби Алматы» жазушылардың шығармасында суреттелген орындар бойынша экскурсиялар, мысалы: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша мемориалды мұражайларында.

6. Архитектуралық-қала құрылысшылық экскурсиялар. Белгілі кезең бойынша архитектуралық ескерткіштерді көрсетумен байланысты экскурсиялар; бір архитектордың творчествосы туралы берілетін экскурсиялар; қаланың планировкасымен және құрылуымен таныстыратын экскурсиялар.

Діни тақырыбына байланысты экскурсиялар қазіргі уақытта жалпы қабылданған мазмұны бойынша жіктемесі жоқ. Туристік ұйымдар және епархиялардың қажылық қызметтерімен храм және монастірлер, мешіттер бойынша экскурсияларды жүргізеді.

Экскурсиялар қатысушылардың құрамы бойынша келесі топтарға бөлінеді:

-Ересек азаматтар (әр алуан ұйымдардың студенттер топтарының жинақтары, кәсіби топтар және т.б.);

-Әр түрлі жастағы балалар (мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, орта және жоғарғы сыныптағы оқушылар);

-Жергілікті тұрғындар;

-Қаладан тыс тұрғындар;

-Шетелдіктер.

Экскурсияны өткізу бойынша 5 топқа бөлеміз:

-қалалық

-қаладан тыс

-өндірістік

-мұражайлық

-Табынушылық құрылыстар және шіркеулер мен мешіттер.

Қалалық экскурсиялар шолулық және тақырыптық болуы мүмкін және тек бүкіл қаланы көрсетумен ғана шектелмейді, оның жеке бөліктерін де көрсетеді. Мысалы, қаланың ескі орталығы.

Қаладан тыс экскурсиялар қаланың шетінде ұйымдастырылады және автобусты немесе жаяу болуы мүмкін. Автобусты экскурсиялардың 100 км-ден аспайды. Жаяу экскурсияларды көліктің бір түрімен(арнайы жалданған немесе рейсті автобус, қаладан тыс поезд, теплоход немесе тік ұшақ). Экскурсиялық топты қандайда бір нақты орнынға апарып сол жерде ұйымдастырылады. Қаладан тыс экскурсиялар бірнеше түрге бөлінеді:

1.Экскурсия қорытынды нүктеде жүргізіледі. Мысалы, орманда немесе тарихи-мәдени нысандарға бай ұсақ қалада.

2.Экскурсияны жол барысында жүргізу, көрсету нысандары ретінде маршрут бойында жақсы көрінетін көрнеліктерді пайдаланады.

3.Жол барысындағы экскурсияның, маршруттың соңғы нүкиесіндегі экскурсияның жиынтығын айтамыз. Соның ішінде экскурсияны қорытынды нүктеде топты қабылдайтын туристік ұйымның экскурсияның жүргізушісі немесе мражайдың қызметкері жүргізеді.

Өндірістік экскурсияның өткізу орны: заводтар, фабрикалар, тұрғын, мәдени тұрмыстық нысандардың құрылыстары, ауыл шаруашылық кәсіпорындары, теміржол вокзалдары, аэропорттар, ғылыми-зерттеушілік институттар, ЖОО, планетарий, театр, цирк, филармония және басқа өндірістік, оқу, ғылыми, әлеуметтік-мәдени мәні бар нысандар болып табылады. Өндірістік экскурсияның маршруттары тек бүкіл кәсіпорындағы емес, сонымен оның жеке өндірістік учаскелерінде жүргізілуі мүмкін.

Мұражай экскурсиялары: экскурсанттар саны бойынша жоғарыда аталған топтардан күрт артығырақ болады. Олар мемлекеттік, ведомстволық мұражайларында, сурет галереяларында, көркем көрмелерде, шаруашылық жеке салаларының (машина жасау, ауыл шаруашылық және т.б.) тарих пен жетістіктер көрмелерінде, мемориалды мұражайларда және т.с.с. жүргізіледі.

Діни құрылыстар мен монастырлерде діни тақырыпқа байланысты өзіндік экскурсиялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар архитектуралық-қала құрылысшылық, өнер танушылық және тарихи экскурсияларды пайдаланады.

Экскурсиялар қозғалу тәсілі бойынша жаяу, көліктік және комбинирленген болып бөлінеді. Әрбір аталған экскурсияның түрлері өзінің артықшылықтарына ие.

Жаяу экскурсияларда (маршруттағы топтың қозғалысының темпінің баяу кезінде) экскурсиялық нысандарды көруіне және экскурсия жүргізушінің әңгімесіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді.Жаяу қалалық экскурсияның ұзындығы 2-6 км.

Көліктік экскурсияның артықшылығы – қалалық немесе қаладан тыс үлкен территориялармен таныстыру, нысандардың(бір-бірінен алыс алыс орналасқан) экскурсияның көрінуіне мүмкіндігін береді. Ең тарлған түрі – автобустық. Олар 2 бөліктен тұрады: автобустың қозғалыс барысындағы көру және әңгіме; тоқтаулардағы автобустан шығу мен экскурсиялық нысандарға талдау жасау. Қазіргі уақытта экскурсиялық ұйымдар, экскурсиялардың өткізуіне көліктік құралдар ретінде, сонымен қатар өзен теплоходтарын, арнайы жабдықталған трамвайларды, тік ұшақтарды пайдаланады.

Комбинирленген экскурсиялар көліктік жаяу құралдарды, тәсілдерді пайдаланады.

1985 жылы Емельянов Б.В. экскурсияларды өткізу формасы бойынша келесі түрлерге бөледі:

1.кәдімгі экскурсиялар;

2.оқу;

3.экскурсиялар-массовкалар;

4.экскурсиялар-серуендер;

5.экскурсиялар-концерттер.

Кәдімгі экскурсия дегеніміз – туристік экскурсиялық ұйымдармен жүргізілетін шолулық және тақырыптық экскурсияның барлық спектрі деп аталады.

Оқу экскурсиялары – жұмыстың жоспары бойынша экскурсия жүргізушінің кәсіби мамандылығын арттыру формасын өзіндік көрсетеді. Олар экскурсия жүргізушілерін дайындау және қайта дайындау бойынша, жаңа экскурсияларға экскурсия жүргізушілердің дйындау кезіндегі курстар немесе семинарлардың тыңдаушылары үшін жүргізіледі.

Оқу экскурсиясының қатысушылары алдын ала экскурсияның бақылау мәнімен оның маршрутымен, экскурсиялық нысандардың карточкаларымен т.б. танысады.

Оқу экскурсиясының басқа мәні де бар. Олар сонымен қатар оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын әр түрлі дәрежелі оқу орындарындағы сабақтың түрі болып өзінді көрсетеді. Көбінесе ең белсенді олрды географтар, биологтар, геологтар, тарихшылар, архитекторлар өз тәжірибелерінде қолданылады.

Экскурсиялар-массовкалар – духовой оркестрдің қолдауымен плакаттар мен тулармен көңілді шеруімен тән.

Экскурсиялар-серуендер – көбінесе табиғаттағы демалыс пен табиғаттанушылық экскурсияларды көрсетеді. Өткізу орны – ботаникалық бақтар, теңіздің, көлдің, өзеннің жағалаулары.

Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды, бұндай экскурсиялар көп планды деп аталады. Оларда тарихи және кәзіргі материалдарды қолданады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объекттерді (тарихи және мәдени ескертеіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды, табиғи объекттерді, қәсіп және ауылшаруашылық орындарын) көрсету арқылы құрастырылады.

Шолу экскурсияларында оқиғалар ірі план мен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Бұндай экскурсияның хронологиялық шегі – қаланың бірінші күнінен пайда болуынан осы күнгедейін, және болашағы. Шолу экскурсиясының ерекшеліктері бар, кез келген қалада олар бір бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады. Қаланың тарихы, қәсіп орындарының қысқаша сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардың болуы. Шолу экскурсиялардың бір-бірінен айырмашылығы қала тарихының спецификасына байланысты. Мысалы: Верный қаласының тарихы 19-шы ғасырда басталса, Тараз қаласының тарихы 1ғасырдан басталады. Аталған екі қалада Ұлы Жібек жолында орналасқаны мен даму тарихы мүлдем ұқсамайды. Тараз қаласының экономикасы, градоқұрылысы 10-12 ғасырларда өркендеген. Ал Верный қаласының орнындағы елді мекендер ұмытылып кеткен.

Соны мен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттерімен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Экскурсия қисыны талабы арқылы құрастырылады. Ол экскурсиялық материалды ұсыну мен объектілерді көрсетудің заңдылық түрі. Қисын дегеніміз ғылым, адамның ойлауы жайлы заңдылық пен формалары. Әр бір экскурсовод дұрыс қисынды ойлаудың заңы мен формасын жанжақты және терең білу керек.

Тәжірибелі экскурсоводтар көбінесе, практикада қисындылықтың заңдылығын білмеседе, дұрыс ойлап сендіре сөйлейді. Олар бұл жерде өзінің табиғи интуициясына (сезіміне) сүйенеді.

Қисындық заңға жататындар: анықтық, қарама-қайшылық, жүйелілік, дәлелділік. Қисындық форма – құрылым, ойдың құрылымы. Қисындық тәсілдер – анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту.

Методистер мен экскурсоводтар экскурсия жасаған кезде ойлау заңының негізгі әрекеттерімен санасу керек: тепе-теңдік, қайшылық келмейтіндік, үшіншіні шығарып тастау, жеткіліктілікті негіздеу (достаточного основания).

1. Тепе-теңдік заңы – экскурсия кезінде бұл заң экскурсоводттың бір объектті әңгімелегенде басқа объектпен ауыстырып алмау (подменять), әңгіме кезінде түсініктер түрлі мағынада болмауы.

2. Қарама-қайшылық заңы –экскурсия әңгімесі кезінде бір ой өзінің мағынасынан экскурсия бойы қайтпауы. Бір ой, бір уақытта жалған және шынайы болмайды. Тарихи оқиғалар жайлы әңгімелеген кезде қарама-қайшылықтарды болдырмауы.

3. Үшіншіні шығарып тастау заңы – пайымдау мен мойындаудың арасында үшіншінің болмауы. Егер бір ой пайымдаса, екіешісі мойындамайды, бұл жерде осы екі ойдың біреуі ғана дұрым болады. Экскурсовод өзі вариант таңдайды. Екінші вариантты терістейді.

4. Жеткіліктілікті негіздеу заңы (достаточного основания) – бұл бір ой дәлелді болуын қажет етеді. Тек осы жағдайда ол дұрыс боп саналады. Әр бір ой басқа рйлармен дәлелдену керек. Дәлелсіз ойлардан сақ болу керек.

Қисындылықтың заңдарымен пайдалану методистер мен экскурсоводтарға келесі қисынды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

- экскурсиялық материалды дәлелді әңгімелеуге, көргеннен әсер алуға, аргументтерді дұрыс пайдаланған арқылы дәлелдеу;

- тарихи оқиғаларды шындықпен түсіндіру, факт пен мысалдарды сипаттау кезінде қисынды жүйелілікті анықтау;

- экскурсияның әңгімелеу бөлігінің қортындысының түйінін тұжырымдау;

- қөрсетудің, әңгімелеудің әр-бір методикалық тәсілін пайдаланғанда қисынды схеманы таңдау;

Әр экскурсияда, қай тақырыпқа ол арналмасын, қисындының өзі сүенетін конструкциясы болады. Бұл жерде біз қисынды ауысу жайлы айтамыз. Экскурсияда қисынды ауысудың екі түрі болады – «көпір» арқылы ауысу жене тікелей ауысу.

Қисынды ауысулардың негізгі ерекшелігі, ол экскурсияның әңгімелеу бөлігі мен көрсету бөліктерін байланыстырады.

Экскурсияның белгілері:

1.Уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады.1 сағат – 45 минут академиялық болады.

2.Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны 1-70 адамға дейін.

3.Жоғарғы маманды экскурсоводтың болуы. Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

1- категориялы экскурсоводтар 1 тақырып және 1-2 экскурсия жүргізеді.

2- категориялы экскурсоводтар 1-2 тақырып 7-8 экскурсия жүргізу керек.

3- категориялы экскурсоводтар 4 тақырып 60-70 экскурсия жүргізеді.

4- категориялы экскурсоводтар 10 тақырып және экскурсияларды жеке ұйымдастыру.

4.Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.

5.Экскурсанттардың алдын-ала құрастырылған маршрутпен жүргізу. Экскурсия шеңберлі болу керек.

6.Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы.

7.Экскурсиялық құжаттар:

1) Экскурсияның маршрутының схемасы.

2) Экскурсияның мәліметтері.

3) Эксурсоводтың портфелі.

8. Экскурсанттардың белсенділігі.

Экскурсияның функциялары:

1. Танымдылық

2. діни

3. мәдени

4. рекреациялық

5. ақпараттық

6. белсенді түрі

Экскурсияның құрылымы:

1. Кіріспе. 3-15 минут созылу керек.

2. Негізгі бөлім. Экскурсияның басты ақпараттары айтылады.

3. Қорытынды. 3-5 минут.

Экскурсияның классификациясы.

1. Экскурсия құрылымы бойынша: шолу экскурсия және тақырыптық экскурсия.

Тақырыптық экскурсия түрлері:

1)тарихи экскурсия:

а) археологиялық экскурсия

б) этнографиялық экскурсия

в) тарихи – биографиялық экскурсия

г) тарихи шайқастар болған жерлерде

2)өнерге байланысты экскурсия:

а) тарихи – театралдық

б) театрларда жұмыс істейтін әйгілі адамдардың өмірбаяны

в) көрмелер, шеберханалар және галерея.

3) Әдебиеттік экскурсиялар:

а) тарихи – әдебиеттік экскурсиялар

б) көркем әдебиеттік экскурсиялар

в) әдебиеттік-биографиялық экскурсиялар.

4) Архитектуралық экскурсиялар:

а) атақты архитектураларға байланысты экскурсия жүргізіледі

б) белгілі бір уақыттағы архитектуралық құбылыстар туралы экскурсиялар жүргізеді

в) қаланың негізгі жоспары бойынша салынып жатқан ғимараттарға экскурсия жүргізу.

Экскурсияға қатысатын адамдар саны бойынша:

1) топтық және индивидуалдық

2) шетелден келген қонақтарға және жергілікті тұрғындарға көрсетілетін экскурсиялар.

3) үлкен адамдарға және балаларға жүргізілетін экскурсиялар.

Экскурсия өткізілетін жер бойынша:

1) қала ішіндегі экскурсиялар

2) қала сыртындағы экскурсиялар немесе табиғи экскурсиялар

Экскурсияда жүру тәсілі бойынша:

1) жаяу туризм

2) көлікпен жүру

3) әртүрлі жануарлармен жүру.

Экскурсияны жүргізу формасы бойынша:

1) экскурсия ­ масовка (көп адамдық)

2) серуендеу экскурсиясы

3) концерттік экскурсия

4) экскурсия ­ спектакль

5) экскурсия ­ сабақ

6) экскурсия ­ жарнама.

Жаңа экскурсияны дайындау.

Жаңа экскурсияны дайындау үшін бірнеше мақсаттарды қарастыру керек:

Бизнес план ­ экскурсиондық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес планда экскурсияның жаңа тақырыптары, экскурсияға берілген уақыты және әртүрлі нұсқаулары қарастырылады. Бизнес планды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң туристік фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметшілеріне жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және жаңа экскурсияға жауапты адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адамдар анықталған соң, экскурсаводтар тақырып бойынша ақпараттарды жинайды. Жаңа экскурсияларда көрсетілетін объектілерді таңдайды және экскурсия маршрутын қарастырады.

Жаңа экскурсияның мақсаттары мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты ­ туристерді археологиялық, архитектур


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: