Асқазанды зонд арқылы жуу
Тапсырма: Ересек науқастарға асқазан зонды арқылы жууды жүргізу
| № | Кезеңдері | Іс-әрекет кезектілігі |
| | Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау | - Көрсеткіш: Сапасыз тағам өнімдері мен химиялық уланулардан кейін.
2. Қарсы көрсеткіш: –асқазанды жууға абсалютті қарсы көрсеткіштер: өңештің күрделі дивертикулдары мен тарылулары (6-8 сағаттан асқан) қышқыл-сілтілермен күрделі уланулар болғаннан кейін (өңештің жыртылулары болуы мүмкін) -салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, жиі тырысу ұстамаларымен жүретін эпилепсия (зондты тістеп қалу мүмкіндігі бар) |
| | Коммуникативті дағдылар | - Сыпайы түрде науқасқа өзін таныстыру. Науқасқа шараның мақсатын және одан кейін мұрын арқылы терең тыныс алу өзгерісі болатынын және лоқсу, құсумен жағымсыз әсерлерін түсіндіру.
- Шара бойынша науқастың келісімін алу.
|
| 3 3 | Асқазанды жууға дайындық | - Бұл шара үстелде отырып немесе қырынан жатқызылып жасалынады.
- Ұзындығы 1-1,5м қалың асқазан зондын дайындау, сыйымдылығы 0,5-1,0 л воронка, су құйылған кувшин, 1% сода ерітіндісі немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін, шелек және науқасқа клеенкалық алжапқыш дайындаймыз.
- Науқастың аузынан алмалы тістерін алып тастаймыз және ауыз қуысын тазалаймыз. Егер науқастың есі анық болса алжапқышты кигіздіріп, орындыққа отырғызамыз. Алжапқыштың төменгі бөлігіне шелек қоямыз.
- Зондтың енгізілуіне қарай, ұзындығын анықтау: зондтың жұмыр ұшын пациент кіндігіне қойып, жоғарғы күрек тісіне, одан құлақ сырғалығына дейінгі қашықтықты өлшейміз
|
| | Асқазан зондтын енгізудің іс-әрекеті | - Зондты тіл түбірінің артына тез енгізіп, науқасқа аузын жабуын және жұту әрекеттерін жасауын сұраймыз.
- Зонд трахеяға түскен кезде (науқас жөтеліп, тұншығып, көгере бастайды) бұл жағдайда зондты тез арада алып тастап және қайтадан енгізуді бастаймыз.
- Зондтың дұрыс орналасқанын анықтау керек, Жане шприціне 30-40мл ауа толтыра отырып зондқа жалғаймыз. Фонендоскоппен бақылау арқылы ауаны енгіземіз. Тербелген дыбыстар естіледі.
|
| | Асқазанға сұйықтықты бірінші рет енгізу | - Зонд асказанға тускеннен кейін,зондтын жоғарғы бөлігіне шұңғыманы(воронка)кигізіп, іш
аймағының қатынасындай арақашықтықта ұстап,шұңғыманы науқастың аузынан жоғары көтере отырып, сұйықтық құю. 2.Біріншілікті енгізудегі сұйықтықтың мөлшері 1 л 3.Егер сұйықтық шұңғыманың басына дейін жетсе,сонғы бөлігін төмен түсіріп, асқазанды шайған суды шелекке ағызу керек. |
| | Асқазанды жуу | 1. Іс-шараны көп рет қайталап, жуынды су тазаланғанша жалғастырамыз 2. Ересек адамдарда асқазанды жууға шамамен 8-10 л су, балаларда жасына 1 л су қажет. Күрделі уланулар болған кезде (мысалы, фосфороорганикалық қосындылармен) 30-60л ге дейін су қажет етеді. 3. Жуынды судың бірінші және соңғы порциясын лабораторияға зерттеуге жібереміз. |
| | Асқазан жууды аяқтау | Жуынды су тазарған соң, воронканы шешіп, зондты тез арада алып тастаймыз. |