AVR aVL

Ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама, 29.08 2013 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Жүрек оралымы және оның кезеңдік құрылымы. Жүрек соғу дыбысытарының пайда болу механизмдері. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.

2.Мақсаты: Дені сау адамда жүрек қантамырлар жүйесінің қызметінің заңдылықтары, олардың реттелу тетіктері мен жүрек қызметінің жұмысының бұзылу жолдарын студенттерге түсіндіру.

3. Оқыту мақсаты: Жүректің қызметін реттейтін физиологиялық процестерін, балалардағыжүрек қызметтерінің негізгі тетіктерін түсіндіру. Жүрек шегін, жүрек аускультациясын, электрокардиография мен қалыпты жағдайда ЭКГ талдауын анықтауды дағдылау.

4. Тақытыптың негізгі сұрақтары:

1. Қантамыр жүйесінің функционалдық сипаты. Жүрек қақпашасының аппараты.

2. Жүрек бұлшыкетінің физиологиялық қасиеттері. Қозу, әрекет потенциалының генерациясының ерекшеліктері. Жүрек автоматиясының градиенті. Балалардағы ерекшеліктер.

3. Жүрек айналымы және оның фазалық құрлысы.

4. Систолық және минуттық қан көлемі, жүрек көрсеткіші. Балалардағы ерекшеліктер.

5. Жүрек қызметінің физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістері. Шектік және жүректік соғыстары, олардың көріністері, локализация және оны анықтау әдістері.

6. Жүрек тондарының пайда болу тетіктері, есту орындары. Балалардағы ерекшеліктері.

7. Жүрек қызметінің электрикалық көріністері. Электрокардиография. Қалыпты жағдайдағы ээлектрокардиограмма.

8. ЭКГ-ның физиологиялық негіздері. Балалардағы ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Практикалық жұмыстарды орындау: жүрек және қантамытлардың жұмысының клинико- физиологиялық зерттеу әдістері (жүрек аускультациясын, шектік соғысын анықтау), электрокардиографпен жұмыс жасау (электродтарды қою техникасы, 12 стандартты тіркелімдегі ЭКГ-мен жазып алу, қалыпты ЭКГ-ның анализі, тістердің параметрлері мен қалыпты жағдайдағы ара қашықтығы), жұмыстың қорытындысын талқылау, хаттаманы толтыру, жағдайлық есептерді шешу.

№1 тәжірибелік жұмыс. ЖҮРЕК ҰШЫНЫҢ СЕРПІНДІСІН ТАБУ

Жұмыс мақсаты: Жүрек ұшының серпіндісін табуды үйрену.

Пальпация арқылы жүрек арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады.Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс.Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды.Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағының ұшымен жүрек ұшы тұрған нүктені дәл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едәуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады.

Жүрек түрткісінің аумағы деп түркінің әсерінен кеуде клеткасының қозғалуын айтамыз, оның қалыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады. Егер ол 2 см-ден үлкен болса – жайылған және одан кіші болса- шектелген деп есептелінеді.Жайылған түрткі жүрек өлшемдерінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл жағдай адам жүдеу болғанда, қабырға аралықтары кең болғанда, сол жақ өкпенің төменгі бөлігі жиырылғанда кездеседі.Семіздікте, өкпе ауруларында, диафрагманың төмен орналасуында түрткінің шектеулі түрі кездеседі, яғни жүрек кеудеге аз көлнмімен түйіседі.

Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай бесінші қабырға аралығында жатады. Егер науқас мсол жағымен жатса, бұл нүкте солға 2 см, оң жағымен жатса,оңға 1-1,5 см ығысуы мүмкін. Ал адам тік тұрғанда мұндай өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының ығысуына жүректен тыс себептер де әсерін тигізеді. Оларға кеуде пердесінің жоғары тұруы, кеуде қуысы көлемінің өзгеруі, өкпенің бүрісіп қалуы т.с.с. себептер болады.

№2 Тәжірибелік жұмыс. ЖҮРЕК АускультацияСЫ

Жұмыс мақсаты: Жүрек аускультациясын жүргізуді үйрену.

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақшада пайда болатын дыбыстар (1-ші нүкте).Екінші қабырға аралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы (2-ші нүкте), кейін сол жақ екінші қабырға аралығында өкпе артерия қақпақшасы (3-ші нүкте). Төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндінің негізінде – үш жармалы қақпақша (4-ші нүкте). Ең соңында Боткин нуктесі, ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасқан. Бұл нүктеден қолқа қалпақшасынан естілетін дыбысты тыңдайды. Жүрек қалпақшаларында кездесетін ақаулар көбінесе екі жармалы және қолқалық қалпақшаларда кездеседі.

Жүректі физикалық күш түсіргеннен соң тыңдау өте тиімді. Жүректі тыңданда дыбыс түсініксіз айқын естілмесе, Егер науқастың хал жағдайы көтере алатын болса науқастан бірнеше рет тіңзесін бүгіп отырып тұруды сұрау қажет.Бұл кезде жүрек бұлшық етінің жиырылуының тездігінен қан ағыны жылдамдайды да бұл дыбысты айқын ажыратуға көмектеседі(екі жармалы қалпақшаның тарулуындағы пресистолалық шуыл).

№3 Тәжірибелік жұмыс.

ЭКГ – ЖҮРЕК ЭЛЕКТІРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТІРКЕУ ӘДІСІ.

Жұмыс мақсаты: Жүрек электірлік белсенділігін тіркеумен танысу және «КАРДИОЛАБ» аспабымен стандартты тіркелімдегі ЭКГ тіркеуінің негіздерін үйрену.

Әдістеме:

1. Кардиоаралықтың созылуына байланысты жүрек жиырылуының жиілігін (ЖЖЖ) анықтау. Тістің бірінші R шегі мен тістің келесі R шегінің аралығын миллиметрмен өлшеу.

R-R аралықтың ұзақтылығын секундпен өлшеп анықтау. Ол үшін миллиметр мөлшерін (R-R аралықты) 0,02-ге (бір секунд ішінде лентотартылымның жылдамдығы 50мм, осыдан 1 мм–дің бір бөлімі 1/50-0,02 секундқа тең) көбейту керек. 1 минуттегі ЖЖЖ-ны анықтау үшін 60-ты (1 минутте 60секунд) секунд ішіндегі R-R аралық ұзақтығына бөлу керек.

2. Амплитудалық- уақыттық тістер мен тыныштықтағы аралықтардың сипаттамалары. ЭКГ тістерінің (вольтаж) амплитудасын үш стандартты тіркелімде мм-мен өлшеу. Шыққан санды милливольтке (1мВ-10мм) айналдыру. Мәліметтерді кестеге еңгізу.

Тістер амплитудасы тістер шегінен изоэлектрикалық сызыққа дейін мм-мен өлшенеді. R, Т тістерінің ұзақтылығын, QRS кешені мен Р-Q, Q-Т аралықтарын мм-мен өлшеу.

Шыққан санды 0,02-ге көбейтіп,секундқа аударамыз. Мәлеметтерді кестеге енгізу. Тістердің ұзақтығы мен аралықтарын өлшеуі стандартты тіркелім уақытында өтеді.

Тістер өлшенеді:

n R - R тісінің басынан соңына дейін;

n Т – Т тісінің басынан соңына дейін;

n QRS кешені- Q тісіеің басынан S тісінің соңына дейін;

n P-Q аралығы - Р тісінің басынан Q тісінің соңына дейін;

n Q-Т - Q тісінің басынан Т тісінің соңына дейін.

ЭКГ элементі Ұзақтылығы(II тіркелімі) Вольтаж
1 тіркелім 2 тіркелім 3 тіркелім
мм с мм мВ мм мВ мм мВ
Р                
Q                
R                
S                
T                
QRS    
Арал. P-Q    
Арал. Q-Т    

3. Фронтальді қуыстағы вектордың бағытын (немесе жүректің электрикалық осін) бағалау.

Эйтховеннің үшбұрысын салу (шегімен төмен қаратылған қабырғасы 10 см болатын теңбүйірлі үшбұрыш). Үшбұрыштың табаны бірінші стандартты тіркелімге сәйкес: сол жағы (aVR) – екінші тіркелімге, оң жағы (aVL) – үшінші тіркелімге. Үшбұрыштың шегінен қарама-қарсы жақтарға биіктік жүргізіп, сызықтардың қиылысу нүктесінде үшбұрыштың ортасын белгілеу.

Бірінші тіркелімдегі QRS кешенінің көлемін өлшеу. Q және S тістерінің көлемін минус таңбасымен, ал R тісін – плюс таңбасымен алады.. Тістер көлемін мм-мен анықтайды. Бұл тістердің арифметикалық соммасын есептеу. III-ші стандартты тіркелімде QRS кешенінің көлемін іспеттес өлшеу. Арифметикалық соммасын өлшеу.

QRS I кешенінің сомдалған көлемін үшбұрыштың жоғарғы қабырғасынаорналастыру керек. Егер бұл өлшем оң болса, онда ортаңғы нүктеден оңға қарай, ал егер теріс болса, солға қарай орналастырады.

QRS III кешенінің сомдалған көлемін үшбұрыштың оң жағына орналыстырады. Егер ол оң болса, оны ортаңғы нүктеден төмен, ал егер теріс болса жоғары орналастырады.

I және III векторлары қиылысатындай шегтеріне перпендикулярлар жүргізеді. Қиылысқан нүктесін үшбұрыштың ортасымен қосып, I және III векторлар тіркелімнің көлемі және жүректің электрикалық осінің бағытын аламыз. Оның бағытын градуста анықтау үшін үшбұрыштың ортасынан тік паралелді үшбұрыш табанын өткізеді және ортаңғы сызық пен алынған вектордың (a бұрышы) арасындағы бұрышты транспортирмен өлшейді.

Сектор Жүректің электірлік осі векторының позициясы.
0-ден 90-ға дейін градус Вектордың сол жаққа бұрысы
0-ден 20-ға дейін Вектордың көлденен бұрысы
30-дан 60-қа дейін Қалыпты позиция
70-тен 90-ға дейін Тік орналасуы
90-нан 180-ге дейін Тік осінің оңға қарай бұрысы

Алтыості сызба-нұсқа бойынша электрикалық остің дұлыс анықталғанын тексеріңіз. Ол үшін радиусы 5 см шеңбер өткізіп, оны 12 секторге бөліңіз. Оң жағына оң мәнін (30, 60, 90, 120, 150, 180 градус), сол жағына теріс мәнін белгілеңіз (1 сурет)

I осінің тіркелімінде QRS тістердің арифметикалық соммасын қою. Тіркелімнің III –ші осінде III стандартты тіркелімнен алынған тістердің арифметикалық тіркелімін қою. Алынған векторлардың соңынан перпендикулярларды өткізу.Қиылысу нүктесін шеңбер ортасымен қосу. Бұл – жүректің электрикалық осінің бағыты болады.

Мысал:

Мысал Сіздің нәтижелеріңіз

Тістер көлемі I тіркелім (мм) Q = –2 R = +15 S = –3 S = +10 Тістер көлемі III тіркелімде (мм) Q = –1 R = +10 S = –4 S = +5 Тістер көлемі I тіркелім (мм) Q = R = S = S = Тістер көлемі III тіркелімде (мм) Q = R = S = S =

Мысал – I +10 +

aVR aVL

– –

II III

+5

+ +

AVF

-90

-120 -60

-150 -30

±180 0

150 30

120 60

6. Әдебиет.

Тақырып бойынша дәрістер.

Негізгі:

1. Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

2. Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

3. Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

4. Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

Қосымша:

1. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

2. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

4. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007.

5. Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

6. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

7. В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7.Бақылау:

Жағдайлық есептерді шешу:

Ситуациялық есеп:

ЭКГ-де РQ аралықтың ұзақтығының созылуы байқалды. Мұндай жүректің физиологиялық қызметінің өзгеруі нені білдіреді?

Шешу алгоритмі:

1.ЭКГ элементтері, олардың түзілуі. Аралық, тістер, ЭКГ сегменті туралы түсінік.

2. РQ аралық уақытының ұзаруы себептері.

3Қалыпты жағдайда. Изобразить ЭКГ в норме, при неполном и полном блоке проведений в атриовентрикулярном узле.

Ситуациялық есеп:

Адамның көлденең күйінен тік күйіне өтуі кезінде жүрек жиырылу жиілігі 1 минутта 70-тен 110-ға жоғарылайды, артериалық қысым 180/80 мм сын.бағ-нан 90/55 мм сын.бағ.-на дейін төмендейді. Бұл өзгерулердің тетіктері қандай?

Шешу алгоритмі:

1. Артериялық қысым деңгейін қалыптастыратын факторлар. Систолалық, диастолалық және пульстік қысым көрсеткіштердің бағасы.

2. Жүрек қан тамыр жүйесінің функционалдық күйінің қорытындысы.

Ситуациялық есеп:

Дем алу мен дем шығару кезінде артериялық қысым қалай және не себептен өзгереді?

Шешу алгоритмі:

1. Оң жүрекшеде қан қысымы деңгейін және веналардағы қысым градиентін анықтайтын факторлар.

2. Дем алу тетіктері, дем алу мен дем шығару кезінде кеуде қуысындағы қысымның өзгеруі

3. Тыныс алу фазаларына байланысты іші қуыс (полые)веналарда қысымды өлшеу, веналық жасқа әсері.

4. Артериялық қысым деңгейін анықтайтын факторлар.

Ситуациялық есеп:

Тыныштық күйінде тамыр соғысың жиілігі минутына 42 болып келеді. Жүрек ырғағының жүргізушісі болып не келеді? Дәлелдің негүрлым жәй тұрін ұсыныңыз.

Шешу алгоритмі:

1. Жүректің өткізгіштік жүйесі

2. Жүрекке Станниус әдісі бойынша лигатурасын салу

3. ЭКГ негіздері.

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15    
Қалыпты физиология кафедрасы   8 бет

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы: Гемодинамика. Тамыр арналарының түрлі бөлімдеріне функционалды сипаттама.

Сағат саны: 3

Курс: 3

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған Хасенова К.М.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: