Функционалды сынау

Әдістеме: Отырған зерттелушіден аралығы 10 секунд болатын аралықта қан тамыр соғысы жиілігінің тұрақтылығына дейін бірнеше рет қан тамыр соғысының жиілігін анықтаймыз. Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшейміз. Сфигмоманометрдің манжетін шешпей тұрып, зерттелушіге 30 секудте 20 рет отырып тұруын немесе 60 рет бір орында секіруін сұрайды. Күш түсіргеннен кейін зерттелуші отырып оның сол сәтте (10 секунд ішінде) қан тамыр соғысын санайды және қан қысымын анықтайды (анықтау уақыты 40 секундтан аспауы керек). 1-ші минуттын 50-ші секундында куш түсіруден кейін тағы да қан тамыр соғысын 10 секунд тоқтамай, бастапқы көрсеткішке келгенше өлшейді. Қан тамыр соғысы бастапқы өлшемге келгенде 3-ші рет қан қысымын өлшейді.

Нәтижелерді жазу тәртібіне мысал:

Зерттелуші Жынысы Жасы

Бастапқы көрсеткіші (күш түсіруге дейін):

10 секунд ішіндегі қан тамыр соғысының жиілігі:

Артериялық қысым:

Күш түсіруден кейін

Қан тамыр соғысының жиілігі Бірінші минуты Екінші минуты Үшінші минуты
10 секундтан кейін      
20 секундтан кейін      
30 секундтан кейін      
40 секундтан кейін      
50 секундтан кейін      
60 секундтан кейін      
Артериялық қысым мм сын.бағ.      

Күш түсіруден кейін бірінші минуттегі қан тамыр соғысының санаудан уақыт аралығындағы кідіріс артериялық қысымды өлшеуге арналған (оған 40 секунд бөлінеді). Жағымды деп келесі көрсеткіштерді санауға болады: күш түсіруден кейін 10 секунд ішінде қан тамыр соғысының 6-7 соғысқа жиіленуі, систолалық артериялық қысымның 12-22 мм сын.бағ.-ні жоғарылап, систолалық қысымның 5-7 мм сын.бағ-ні жоғарылауы, пульстік қысымның жоғарылауы. Орташа қан тамыр соғысының реституциясының уақыты 1 минут 40 секундтан 20 минут 30 секундқа дейін, артериялық қысымның бастапқы қалпына келуі ақырындап жүреді. Әйел адамда көрсеткіштер жылжуы анығырақ байқалады. Физиологиялық күш түсіруден кейін қан тамыр соғысының қысым динамикасының жиілігін сызу.

Жұмысты қорытындылау.

№3 тәжірибелік жұмыс.

«РЕОГРАФ» ҚҰРЫЛҒЫСЫНДАҒЫ СФИГМОГРАММА АНАЛИЗІ

Мақсаты: Жүрек жұмысынан пайда болатын, пульстік толқын формасы бойынша түсінік беру, артерялдық пульсті тіркеу және анализдеу.

Әдістеме: ұйқы артериясының қасына теріүстілік датчикті орнату. Жылдамдығы 50 мм/с болатын лентаайнымалы механизмді қосу. 30с аралығында пульсті жазып алу, 1 минут ішіндегі ЧСС-ТІ ӨЛШЕУ.

Хаттаманы толтыру:

1) Сфигмограммада алынған үзіндіні дәптерге жабыстырыңыз;

2) Пульстік толқынның компаненттерін белгілеп, өлшеңіз: а) систоликалық көрсеткіштің жоғарлауының созылу уақыты – анакротаның басы мен ВФГ-ның ең биік нүктесі арасындағы аралық; ә) бүгілу периодының созылу уақыты – анакрота мен инцизура арасындағы аралық; б) карикротаның созылу уақыты (диастолаланың төмендеуі) – инцизура мен катакротаның соңы арасындағы аралық.

3) Алынған өлшемдер бойынша жүрек циклының созылу фазалары туралы қортынды жазыңыз.

6. Әдебиет.

Тақырып бойынша дәрістер.

Негізгі:

1. Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

2. Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

3. Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

4. Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

Қосымша:

1. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

2. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

4. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007.

5. Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

6. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

7. В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7.Бақылау:

Жағдайлық есептерді шешу.

Жағдайлық есеп

Адамның көлденең күйінен тік күйіне өтуі кезінде жүрек жиырылу жиілігі 1 минутта 70-тен 110-ға жоғарылайды, артериалық қысым 180/80 мм сын.бағ-нан 90/55 мм сын.бағ.-на дейін төмендейді. Бұл өзгерулердің тетіктері қандай?

Шешу алгоритмі:

1. Артериялық қысым деңгейін қалыптастыратын факторлар. Систолалық, диастолалық және пульстік қысым көрсеткіштердің бағасы.

2. Жүрек қан тамыр жүйесінің функционалдық күйінің қорытындысы.

Жағдайлық есеп

Дем алу мен дем шығару кезінде артериялық қысым қалай және не себептен өзгереді?

Шешу алгоритмі:

1. Оң жүрекшеде қан қысымы деңгейін және веналардағы қысым градиентін анықтайтын факторлар.

2. Дем алу тетіктері, дем алу мен дем шығару кезінде кеуде қуысындағы қысымның өзгеруі

3. Тыныс алу фазаларына байланысты іші қуыс (полые)веналарда қысымды өлшеу, веналық жасқа әсері.

4. Артериялық қысым деңгейін анықтайтын факторлар.

«Астана медицина университеті» АҚ     Форма№ ОБ-07.1.13
  Шығарылған күні:31.08.2009
Қалыпты физиология кафедрасы   Тексеріс күні:31.08.2012
  Тексеріс #:   13 бет 27

Жалпы медицина факультеті

Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау: Жүрек-қантамыр жүйесі

Тәжірибелік сабақ: №3

Тақырыбы: Жүрек жұмысының және қантамырлар тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшелігі.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

Ж.

1.Тақырыбы: Жүрек жұмысының және қантамырлар тонусының жүйкелік және гуморальдық реттелусі. Балалардағы ерекшелігі.

2. Мақсаты: Сау адам жүрек қан тамыр жүйесінің процесстерінің негізгі зандылықтары туралы студенттердің білімдерін үйлестіру, басты принциптерін түсіну үшін олардың механизімдерін және қан тамыр жүйесінің функционалды жұмысының бұзылуының компенсация жолдарын түсіндіру.

3. Оқыту мақсаты: Жүрек пен қан тамырлардың қызметін реттейтін физиологиялық процестерді, балалардан жүрек қан тамыр қызметтерінің негізгі тетіктерінің түсінуге, жүрек пен қан тамыр жұмысын функционалды зерттеу (жүрек қан тамыр рефлекстерін зерттеу, перефериялық қарсылықты есептеу, минуттық қан айналым көлемін анықтау).

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүрек қызметінің реттелуі

2. Жүрек қызметінің интракардиальды және экстракардиальды жүйке тетіктерінің реттелуі.

3. Жүректің гуморальды реттелуі.

4. Балалардағы реттелу ерекшеліктері.

5. Қанайналымының реттелуі. Қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе.

6. Қан айналымының гуморальды реттелуі.

7. Балалардағы реттелу ерекшеліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Практикалық жұмыстарды орындау, кестелер мен атластармен жұмыс жасау (жүрек рефлекстері, перифериялық қарсылықты есептеу), шағын топтарда және жұптасып жұмыс жасау. Жұмыс нәтижелерін талқылау, хаттамаларды толтыру, жағдайлық есептерді шығару. Бақылау жұмысы.

№1 тәжірибелік жұмыс.

ЖҮРЕК РЕФЛЕКСТЕРІ.

Жұмыс мақсаты: Кейбір рецепторлық аймақтардың қозуы симпатикалық және кезеген жүйке орталықтары арқылы жүректің қызметіне әсер етеді. Бұл әсер баяу және әлсіз немесе шапшаң және күшті жүрек жиырылуымен көрінеді.

Данини-Ашнердің көз –жүректік рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі. Отырған күйде 1 минут ішінде қан тамыр соғысы арқылы жүрек жиырылу санын санаймыз. Содан кейін қан тамыр соғысын көз алмасына саусақпен басу арқылы 15-20 секунд аралығында санаймыз, содан соң тез саусағымызды түсіреміз. Қан тамыр соғысының тәжірибеден 5 минуттан кейін санаймыз. Жүрек жиырылу жиілігінің өзгерістер сипаттамасын тіркеу. Тәжірибені электрокардиограммада тіркеу арқылы анықтауға болады.

Синокаротидті аймақтың барорецепторлық рефлексі.

Әдістеме: Жұмыс адамға жүргізіледі.Зерттелуші шалқасынан жатып толығымен денесін бос ұстайды.Мойынның көкірек-бұғаналық - сосцевидтәрізді бұлшық етінің алдыңғы жағына жалпы ұйқы артериясынан қан тамыр соғысын табамыз. Қалқаншалық шеміршектің жоғарғы шекарасына қарай бұталанған ұйқы артериясы мен каротидті синус орналасады. 2 секундта артерияны омыртқаға тығыз қысамыз.Ұйқы артериясын қысқанға дейін және қысқаннан кейін тамыр соғысының жиілігін санаймыз. Бір уақытты ұйқы артериясының екеуін де қысуға болмайды.Бұл тәжірибені электрокардиограмма арқылы тіркеуге болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: