Нефрология

!Келтірілген қоздырғыштардың қайсысы геморрагиялық циститтің ең жиі себебіне жатады?

*протей

*клебсиелла

*+аденовирус

*ішек таяқшасы

*көк ірің таяқшасы

!Зәр жүйесі инфекциясының өршуін алдын-алу үшін нитрофурандар дозасы беріледі:

*күндіз

*таңертен

*+түнге қарай

*тәулік бойы

*уақытқа байланысты емес

!Бүйрек ауруы бар науқас балаларға аминогликозидтерді тағайындағанда төменде келтірілгеннің арасында есте сақтау қажет:

*кең спектрлі әсерге ие

*грамм-оң флораға әсер етеді

*+нефротоксикалық қасиетке ие

*амилоидоз емдеуде артықшылығы бар

*гломерулонефриттерді емдеуде артықшылығы бар

!Сәбилерде пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкессіз емі ненің дамуына алып келеді:

*Цистит

*Уретрит

*Остеопороз

*+бүйрек бүрісуі

*жедел бүйрек жетіспеушілігі

!11 айлық қыз балада алғаш рет зәр шығару жолдарының инфекциясы мен қуық-несепағар рефлюксінің ІІ дәрежесі анықталды. Негізгі антибиотикалық ем курсынан кейін төменде келтірілген терапевттік тактиканың қайсысын өткізу дұрыс деп санайсыз:

*қуық цистоскописын

*антирефлюксті операцияны

*қуық инстилляциясын

*негізгі емдеу курсын өткізу жеткілікті

*+ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде антибиотикпен алдын алу

*1,5 жасар балада – қалтырау, интокискация белгілері анықталады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар.!Төменде келтірілген іс-шаралардың ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

*цистография

*цистоскопия

*уросептикалық ем бастау

*экскреторлы урография

*+эмпирикалық антибактериялық емді бастау

!12 жастағы қыз балада шамалы ісінуі бар, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. Қан талдауларында: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия.Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжама диагноз қандай?

*пиелонефрит

*нефротикалық синдром

*+нефритикалық синдром

*жекеленген зәрлік синдром

*тез үдемелі гломерулонефрит

!«Нефритикалық синдромға» төменде келтірілгеннің арасында тән емес:

*азотемия, олигурия

*ісінулер, макрогематурия

*ісінулер, гиперкреатининемия

*+жайылған ісінулер, протеинурия 8,0 г/тәу

*протеинурия 2,0 г/тәу дейін, макрогематурия

!Жекелеген зәр синдромы төменде келтірілгеннің арасында келесі гломерулярлы аурудың көрінісі болып табылады:

*+тұқым қуатын нефрит

*мембранозды нефропатия

*минимальды өзгерістер ауруы

*фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

*мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

!Балаларда бүйректің созылмалы жетіспеушілігі дамуының төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себеі:

*қант диабеті

*балалар инфекциялары

*артериялық гипертония

*жүйелі қызыл жегі

*+зәр шығару жүйесінің туа біткен даму ақаулары

!9 жасар ұл бала айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырғанАҚҚ 110/70 мм с.б.б., бүкіл денесіне жайылған ісінулер анықталады. зәрі ақшыл-сары,.ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л. Төменде келтірілген аурулардың ішінде болжама диагноз: қандай?

*жедел цистит

*жедел пиелонефрит

*+нефротикалық синдром

*нефритикалық синдром

*зәр жолдарының инфекциясы

!Нeфротикалық синдромда протеинурия сипаты (г/тәул.):

*0,5

*1,0

*1,5

*2,0

*+3,5

!Гломерулонефриттің нақты диагностикасы үшін төменде келтірілгеннің арасында қандай зерттеу әдісі қажет?

*+биопсия

*урография

*цистоскопия

*цистография

*компьютерлік томография

!Бүйректің азот шығару қызметі жөнінде төменде келтірілгенгнің арасында қай параметрлердің көрсеткіштері бойынша бағалайды:

*зәрде белок

*қанда белок

*қанда калий және кальций

*зәрдегі несеп нәрі және креатинин

*+қандағы несеп нәрі және креатинин

!Балаларда peнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

*шок

*+гломеpулопатиялар

*уретра стриктурасы

*обструктивті уропатиялар

*жедел ішек инфекциясыі

!Балаларда постpeнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

*шок

*пиелонефрит

*гломерулонефрит

*интеpстициальды нефpит

*+обстpуктивті уpопатиялар

!Ерте жастағы балаларда бүйрек алмастырушы терапияның төменде келтірілгеннің арасында ең тиімді түрі:

*гемодиализ

*гемосорбция

*плазмаферез

*гемофильтрация

*+перитонеальды диализ

!Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін төменде келтірілгеннің арасында радикальды емдеу әдісі:

*гемодиализ

*плазмаферез

*гемофильтрация

*+бүйрек трансплантациясы

*перитонеальды диализ

!Балаларда шумақтық фильтрация жылдамдығы төменде келтірілгеннің арасында қай формуламен есептеледі?

*+Шварц

*Реберг-Тареев

*Кокрофт-Голт

*Дене салмағының индексі

*Салмақ-жасының көрсеткіші

!15 жасар бозбала 12 жылдан бері нефротикалық синдром + гематурия түрінде созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан талдауында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин 370 мкмоль/л, несеп нәрі 17,9 ммоль/л. Зәр талдауында. – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Науқаста төменде келтірілгеннің арасында ең болжама диагноз қандай?

*транзиторлы азотемия

*+созылмалы бүйрек ауруы

*жедел бүйрек жетіспеушілігі

*созылмалы пиелонефрит өршуі

*интерстициалді нефрит өршуі

!Тұқым қуалайтын нефриттің бастапқы сатысында төменде келтірілгеннің арасында зәр талдауына тән өзгерістер:

*ісінулер

*артериялық гипертензия

*+ негізінен гематурия

*негізінен протеинурия

*негізінен лейкоцитурия

!5 жасар баланы амбулаторлық зерттегенде СБЖ белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Зәр талдауында протеинурия, гематурия, анамнезде атасының бүйрек ауруынан қайтыс болуы, 12 жасар әпкесінде микрогематурия анықталды. Төменде келтірілгеннің арасында ең болжамалы диагноз:

*Берже ауруы

*+Альпорт синдромы

*жанұялық гематурия

*Фанкони нефронофтизі

*жұқа базальды мембраналар ауруы

!Нефрондар санының азаюында бүйректің созылмалы ауруы дамуының механизмін атаңыз:

*+гиперфильтрация

*обструктивтік уропатия

*бүйрек қан тамырларының васкулиті

*шумақтардың иммунды зақымдалуы

*бүйректің микробты-қабынулық зақымдалуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: