Менеджмент эволюциясы

Еңбектік қызметті ұйымдастыру жүйесі - менеджмент ғылым ретінде АҚШ-та XIX-XX ғғ. пайда болды.

Ғасырдың басынан (басқару теориясының пайда болуынан бастап) және 1960 жылдары басқару принциптері жабық тұрпаты бойынша құрылған. Басқаша айтқанда, жетекшілерді кәсіпорыннан тыс пайда болатын мәселелер қызықтырмады, әсіресе, бәсеке, өткізу сұрақтары және басқа да сыртқы мәселелер. Фирма қызметі жабық жүйе тұрғысынан қарастырылды.

Басқару ғылыми фирманың қызметі сыртқы ортамен байланысты болғанда туындайтын мәселелерді шешу амалдарына қоғамның дамуымен, шығарылатын өнімнің күрделіленуімен, ғылыми сыйымды өндірістердің өсуімен қадам жасай бастады.

XX ғасырға дейін ұйымды жүйелі басқару жүйесіне байланысты сұрақтар ешкімді қызықтырмады, дегенмен XIX ғасырдың басында Роберт Оуэн өзінің көп уақытын ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелеріне арнады. Тұрақ-жай беріп, жұмыстың жағдайын жақсартып, қосымша еңбекақы төлеп, материалды қызығушылықты дамытты. Қоғамның дамуы жүйелі басқаруды талап етті. Англияда өнеркәсіптік революция басқаруға деген қызығушылықты арттырады. 1911 жылы Фредерик Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» еңбегі жарық көрді. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Осылайша, ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді, қалай істейді, қандай көлемде істеу керектігі туралы шешумен негізделді.

Сөздік

Бәсеке – конкуренция

қоғам – общество

күрделілену – усложняться; становиться более сложным

қызығушылық – интерес; увлеченность

орындаушы – исполнитель

өлшеу – мерить; измерять

сыйымды – вместительный; емкий

талқылау – обсуждать

тұрпат – тип

ұтымдылық – выигрышность; выгодность

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Менеджмент ғылым ретінде қашан пайда болды?

2) Жабық типті басқару деген не?

3) Басқару жүйесіне байланысты қандай ғылыми зерттеулер жүргізілді?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Жеті жарғы - Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті.

Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды.

Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

Сөздік

Қабылдау – принять

ыдырау – распадаться

арттыру – увеличение, усиление

жиынтық – свод

дау-жанжал – конфликты

дәуірлену – делиться на периоды

тиімді – выгодный

қанағаттандырарлық – удовлетворительный

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2.Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған? (Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)    
2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.  
3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес тірек сөз жазыңыз.    

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Бірге оқитын студент сізден көмек сұрады, бірақ ол сіздің қолыңыздан келмейтін іс. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

2. Бейнефильм «Кәсіпкер болудың алғышарттары қандай?»

«Кәсіпкер болудың алғышарттары қандай?»атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.c om/watch?v=JGrnggXiczU бойынша көре аласыз.

Бейнефильмді 3.06 мин. дейін көріп және тыңдау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: