Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгіойынбілдіретін 5 тірек сөзжазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Қала мэрі қандай әлемдік рекорд орнатқан?

2) Біз үшін көп сөйлеу қандай әдет болып көрінеді?

3) Қарым-қатынас ушықпау үшін не істеу керек?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Тоғызыншы апта. СӨЙЛЕУМӘДЕНИЕТІ

1-сабақ.

СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазып, сөздерді өз орнымен қолдану сияқты амал-әрекеттерді қамтиды. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқару мен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарады.

Сөз адамның ой өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән берген, қай халық болса да қатаң бағалаған. Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығын да, сөз өнерінеде қатысады. Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде синонимдық, фразеологиялық сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор.

Сөйлеу мәдениетіне қажетті шарттардың бірі – тіл тазалығы. Бұл дегеніміз сөйлеуші адамның сөзінде артық сөздердің болмауы. Ал бұл сөздердің өз орнында қолданбаудың немесе қажетсіз сөздерді орынсыз жерге кірістірудің және кейбір сөздерді жиі қолданудың нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адамдар сөз арасын да не ғой, не ше, солай, анау ше деген қажетсіз сөздерді жиі қолданады.

Сөздік

Бағалау – оценивать

байыптылық – рассудительность

емле – орфография

қолдану – применять

ой өрісі – кругозор

парасат – здравый смысл

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Сөйлеумәдениетідегеніміз не?

2) Сөйлеумәдениетін ерекшеліктері қандай?

3) Тілтазалығы дегеніміз не?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ.

БАСҚАРУШЫНЫҢ СТИЛІ

Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын, қайталанатын әдіс пен басқарушылық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы.

Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибиесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық ахуалға елеулі әсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста.

Жетекшілік стилінің бірнеше классификациясы бар. Көбіне белгілі классификация - бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.

Авторитарлы стилі жетекшінің рөлін асыра пайдаланумен байланысты. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес күштеу әдістерімен іске асырылады. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже береді.

Либералдық стилі басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындалмағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды.

Демократиялық стилі ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.

Сөздік

Ахуал – атмосфера

бағынышты – подчиненный

бастамашыл –поддерживающийновыеначинания

құқық –право

пайымдау– рассуждать

серіктестік – товарищество

ұжым – коллектив

тұлға – личность

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Жетекшінің жұмыс стилі деген не?

2) Жетекшілік стилінің қандай түрлері бар?

3) Жетекшілік стилінің түрлері немен ерекшеленеді?

3.Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізбасқарып отырған бөлімнің қызметкері қабылданғаншешімменкеліспейді. Сіздің әрекетіңіз қандайболады?

2. Бейнефильм «Жеке кәсіпкерлікті ашу».

«Жеке кәсіпкерлікті ашу» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=6kMbEIeaXEwбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: