Алгоритмдеу негіздері. Турбо Паскаль программалау тілі

Кез келген программаны құруда, программалаудың төмен-дегідей кезеңдерін ескеріп, жұмыс жасаған ыңғайлы. Программа құру кезеңдері:

· есептің математикалық қойылымын жасау;

· есепті шешу алгоритмін жазу, алгоритмге сәйкес программа құру, компьютер жадысына енгізу;

· программаның қатесін тексеру;

· программа нәтижесін алу.

Программалау ортасында жұмыс істеу үшін Turbo.exe файлын орындау керек. Бағдарламалау ортасын іке қосу үшін жұмыс столындағы Турбо Паскаль белгішесін екі рет шерту арқылы немесе Пуск – Программы – Турбо Паскаль командасын орындау керек.

Турбо Паскаль ортасында программа құру барысында қоршаулармен шектелген әр түрлі терезелермен жұмыс атқарылады. Бұл терезелердің көмегімен программаныреттеуге арналған командаларды іске қосуға болады. Яғни Турбо Паскаль программалау ортасындағы бұл мүмкіндік меню жүйесі көмегімен атқарылады. Берілген менюлерде ішкі меню орналасуы мүмкін.

Турбо Паскальдың меню жүйесінде арнайы қолданушыларға арналған көмек менюі бар. Бұл меню көмегімен программалау тілінде қолданылатын көптеген командалар туралы толық ақпарат алуға болады. Қажет ақпаратты атауы бойынша іздеу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл жүйеде меню көмегімен атқарылатын командалардың жылдам орындауға арналған функционалдық пернелер қызметімен де танысуға болады.

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Блок-схема дегеніміз не?

3. Программа, программалау дегеніміз не?

4. Программалау кезеңдерін атаңыз

5. Программалау түрлерін атаңыз және түрлерін сипаттаңыз

6. Турбо Паскаль программасын қай фирма өңдеді?

7. Алгоритм қадамдарын атаңыз

8. Турбо Паскаль. Программа құрылымын айтыңыз

9. Турбо Паскаль алфавитіне не жатады?

10. Турбо Паскальда қолданылатын амалдарды атаңыз

11. Турбо Паскаль. Айнымалыларды сипаттау бөлімі мен айнымалылар типтерін атаңыз

12. Турбо Паскаль. Енгізу операторлары

13. Турбо Паскаль. Шығару операторлары

14. Турбо Паскаль. Меншіктеу операторы

15. Турбо Паскаль. Тұрақтылар мен белгілер.

16. Турбо Паскаль. Программа денесі қай бөлімде орындалады?

17. Турбо Паскаль. Сызықтық программалау. Мысал келтіріңіз.

18. Турбо Паскаль. Тармақталу операторлары. Мысал келтіріңіз.

19. Турбо Паскаль. Таңдау операторы. Мысал келтіріңіз.

20. Турбо Паскаль. Көшу операторы.

21. Турбо Паскаль. Қызметші сөздерді атаңыз және сипаттамасын беріңіз

22. Турбо Паскаль. Цикл дегеніміз не? Циклдік операторларды атаңыз

23. «Үшін» (For…Do) циклінің орындалуы мен жазылуы. Мысал келтіріңіз.

24. «Алдын-ала» (While…Do) циклінің орындалуы мен жазылуы. Мысал келтіріңіз.

25. «Кейін» (Repeat…Until) циклінің орындалуы мен жазылуы. Мысал келтіріңіз.

26. Турбо Паскаль программасы қалай іске қосылады?

27. Турбо Паскаль. Программаны енгізу, сақтау, ашу командалары?

28. Турбо Паскаль құжаты мен файл кеңейтілімі қалай аталады?

29. Турбо Паскаль. Программа нәтижесін көру мен қатесін тексеру қалай жүргізіледі?

30. Программалау тілдерін атаңыз


Информатика пәнінен реферат тақырыптары

1. Жаңа ақпараттық технологиялар

2. Жасанды интеллект жүйесі. Роботтық техниканың дамуы.

3. Қазіргі заманғы компьютерлік техникалар

4. Компьютерлік эргономика. Компьютерлік қауіпсіздік ережелері.

5. Жаңа операциялық жүйелердің мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері

6. Желілік технологиялар

7. Деректер қорын басқару жүйелері

8. Жаңа антивирустық бағдарламалардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері

9. Браузерлер және олардың ерекшеліктері

10. Қазақстандық сайттар мен порталдардың дамуы

11. Компьютерлік графика

12. Архивтеуші бағдарламалар

13. Мультимедиалық мүмкіндіктердің дамуы

14. MS Excel-де кірістірілген функциялардың ұйымдастырылуы

15. MS Excel-де деректер қорымен жұмыс

16. MS Office 2007 мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері

17. Жаңа микропроцессорлық технологиялар

18. Желіге байланысу түрлері

19. Интернеттің дамуы мен мүмкіншіліктері

20. Хаттамалар мен олардың түрлері

21. Жад түрлері

22. Ақпаратты тасымалдауыштар

23. Жинақы дербес компьютерлер

24. Утилиттер

25. Драйверлер

26. Желілік техникалық ресурстар

27. Ақпаратты кодтау

28. Файл. Файлдық жүйе

29. Мәтінді редакторлардың жаңа мүмкіндіктері

30. Компьютердің ішкі құрылғылары


Қолданылған әдебиеттер

1. Нұрғазинова А.Ж., Тәжібай Л.К., Информатика пәнінен оқулық, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ баспаханасы, 2009ж.

2. Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2006ж.

3. Камардинов О., Информатика, Алматы, 2004ж.

4. Байжұманов М.К., Жапсарбаева Л.К. Информатика пәнінен оқу құралы. АстанаТОО «ЭВЕРО», 2004 ж. 232 б.

5. Microsoft Access 2003. Шаг за шагом /Практ.пособ./ Пер.с англ.-М:СП ЭКОМ, 2004г.

6. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ, Алматы, 2001 ж.

7. Симонович С.В., Евсеев Г. Практическая информатика: универсальный курс.-М., АСТ-ПРЕСС,1999г.

8. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Бекбаев А., Дәулетқұлов А., Спанқұлова Л.

Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша–орысша сөздігі.

Алматы, «Сөздік-словарь»,1998ж.

9. Умбетов Т.П., ''Информатика негіздері'', Алматы-2000ж.

11. Халықова С.А., ”Информатиканы оқыту әдістемесі”, Алматы-1999ж.

12. “Информатика негіздері” журналдары.

13. Қ. Ахметов “Есептеу техникасы және программалау“

14. Р.С. Гутер, Ю. Л. Полунов “ От абака до компьютера“

15. А. Гончаров “Компьютер для менеджера“

16. В. Симонович «Информатика для экономистов», 360 бет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: