double arrow

Тарау. Жалпы фармакология.



Сраилов Н Назымбек Ж

М. Н. Мусин, С. С. Бүркітбаева

ФАРМАКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

РЕЦЕПТУРАМЕН

1 Бөлімі

Медициналық жоғары оқу орындарының

студенттеріне арналған оқулық

Астана 2011

УДК 615.1 (075.8)

ББК 52.8 я 73

О – 75

 

РецензентТЕР:

АҚ «Астана медициналық уневрситетінің» клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор –Мажитов Т.М.

Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымының докторы, профессор

Гуляев А.Е.

 

Шайдаров М.З., Мұхамбетов Д.Д., Мусин М.Н., Бүркітбаева С.С. Фармакология негіздері рецептурамен. 1 Бөлімі –оқулық – Астана - 2011.- 342 б.

 

Бұл оқулық 2- бөлімнен тұрады, «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері үшін фармакология-1 Типтік бағдарлама негізі бойынша жасалған.

Бірінші бөліміне жалпы фармакология, рецептура мен жеке фармакология бөлімдерінің анықтамасы кірген.: шеткі және орталық жүйке жүйесіне әсер ететін негізгі дәрілер, сонымен қатар қабынуға қарсы және иммунотропты дәрілер. Екінші бөліміне жеке фармакологияның келесі бөлімдері кірген: бактерияларға қарсы және химиотерапиялық, паразиттерге қарсы және қатерлі ісік кездерінде қолданылатын дәрілер.




«Жеке фармакология» бөлімінде жеке препараттар бойынша олардың синонимдары, негізгі фармакологиялық қасиеттері, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, мөлшерлері, болатын жанама әсерлері мен кері көрсеткіштері және дәрілік түрі мен дәрілік препараттардың рецептте жазылу ережесі берілген.

Бұл оқулық медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

615.1 (075.8)

ББК 52.8 я 73

«АМУ» АҚ ОӘК басылымға бекітілген

28 маусым 2011 ж. №5 Хаттама

 

Шайдаров Мәжіт Зейнуллаұлы,

Мұхамбетов Дәмір Дәулетқалиұлы,

Мусин Марат Нүкенұлы,

Бүркітбаева Сәуле Сәлімқызы

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................... 8

1. Фармакология анықтамасы.......................................................................9

2. Фармакология тарихы...............................................................................9



3. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары..............................................11

1 Тарау. Жалпы фармакология...............................................................11

1.1. Фармакокинетикалық кезең.............................................................12

1.1.1. Дәрілердің енгізу жолдары...............................................................13

1.1.2. Дәрілердің сіңірілуі...........................................................................14

1.1.3. Дәрілердің таралуы ..........................................................................15

1.1.4. Дәрілердің өзгеруі.............................................................................15

1.1.5. Дәрілердің шығарылуы (экскреция).............................................. .17

1.1.6. Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері.................................17

1. 2. Фармакодинамикалық кезең...............................................................17

1.3. Фармакодинамика мен фармакокинетика арасындағы байланыс...21

1.4. Дәрілердің негізгі ықпалдары.............................................................26

1.5. Дәрілердің жанама әсерлерінің көріністері.......................................26

1.6. Фармацевтикалық кезең......................................................................27

«Жалпы фармакология» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар.......27

2 Тарау. Жалпы рецептура.....................................................................32

2.1. Қатты дәрілік түрлер..........................................................................36

2.2. Жұмсақ дәрілік түрлер.......................................................................38

2.3. Сұйық дәрілік түрлер.........................................................................39

2.4. Егуге арналған дәрілік түрлер...........................................................41

2.5. Аэрозольды және басқа түрлер.........................................................42

«Жалпы рецептура» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар............42

Жеке фармакология...............................................................................47

І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер........48

3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер...............48

3.1. Жергілікті жансыздандырушылар...................................................48

3.1.1. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер............51

3.1.2. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін

қолданылатын дәрілер.............................................................................54

3.1.3. Өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер........56

3.1.4. Мидың өрмек қабықшасының астындағы

кеңістікті жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер.....................57

3.1.5. Эпидуральды және каудальды жансыздандыру үшін

Қолданылатын дәрілер............................................................................57

3.2. Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.......................................57

3.2.1. Тұтқыр дәрілер..............................................................................58

3.2.2. Қармаушы дәрілер.......................................................................59

3.2.3. Сорғыш дәрілер...........................................................................59

3.2.4. Тітіркендіргіш дәрілер................................................................60

«Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар...............................................................62

4 Тарау. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер. Холинорецепторларға әсер ететін дәрілер

(холинергиялық дәрілер)....................................................................66

4.1. Антихолинэстеразды дәрілер.........................................................74

4.2. М-холиномиметиктер......................................................................80

4.3. Н-холиномиметиктер.......................................................................82

4.4. М-холинотежегіштер.......................................................................84

4.5. Ганглиотежегіштер...........................................................................90

4.6. Миорелаксанттар..............................................................................92

«Холинорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар.................................................................97

5 Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер

(адренергиялық дәрілер)......................................................................103

5.1. Адреномиметиктер...........................................................................109

5.1.1. α және β – адреномиметиктер.......................................................110

5.1.2. α – адреномиметиктер...................................................................111

5.1.3. β – адреномиметиктер...................................................................112

5.2. Адренотежегіштер............................................................................115

5.2.1. α – адренотежегіштер....................................................................116

5.2.2. β – адренотежегіштер....................................................................119

5.3. Симпатомиметикалық және симпатолитикалық дәрілер.............124

5.3.1. Симпатомиметикалық дәрілер.....................................................125

5.3.2. Симпатолитикалық дәрілер..........................................................126

«Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар.................................................................129

ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.................133

6 Тарау. Жалпы медиаторлық әсерлі дәрілер.................................137

6.1. Дофаминергиялық дәрілер.............................................................137

6.2. Серотонинергиялық дәрілер..........................................................145

6.3.Пуринергиялық дәрілер.................................................................148

«Жалпы медиаторлық әсерлі дәрілер» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар...............................................................153

7 Тарау. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті........................157

7.1. Наркозға арналған дәрілер............................................................157

7.1.1. Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер.............................157

7.1.2. Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер........................159

7.2. Этил спирті...................................................................................168

«Наркозға арналған дәрілер мен этил спирті» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар............................................................172

8 Тарау. ГАМҚ (гамма-аминомайлы қышқылы) рецепторларына

әсер ететін дәрілер.............................................................................176

8.1. Ұйықтататын дәрілер...................................................................178

8.1.1. ГАМҚ рецепторларының агонисттері (бензодиазепинмен

ұқсастығы бар).....................................................................................180

8.1.2. Наркотикалық әсері бар ұйықтататын дәрілер.......................185

8.1.3. Әр түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер..................................186

8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер...........................................................187

8.2.1.Үлкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер...........190

8.2.2. Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер.............197

8.2.3.Психомоторлы эквивалентте қолданылатын дәрілер..............199

8.2.4. Миаклонуста қолданылатын дәрілер.......................................200

8.2.5. Қояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер...........201

8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер....................................................204

8.3.1. Холинергиялық дәрілер.............................................................205

8.3.2.Дофаминергиялық дәрілер.........................................................209

«ГАМҚ рецепторларына әсер ететін дәрілер» тақырыбы

бойынша тестік тапсырмалар..............................................................214

9 Тарау. Ауыруды басатын дәрілер................................................224

9.1. Орталыққа әсер ететін наркотикалық ауыруды басатын дәрілер..224

9.1.1. Опиоидты рецепторлардың толық агонисттері

(табиғи ауыруды басатындар)..................................................................224

9.1.2. Опиоидты рецепторлардың толық агонисттері

(жасанды ауыруды басатындар)...............................................................224

9.1.3. Опиодты рецепторлардың жартылай агонисттері

мен агонист-антагонисттері......................................................................230

9.1.4. Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонисттері............232

9.2. Орталыққа әсер ететін наркотикалық емес

ауыруды басатын дәрілер.........................................................................233

9.2.1. Қызуды және ауыруды басатын ықпал әсері бар дәрілер...........234

9.2.2. Ауыруды басатын ықпал әсері бар әртүрлі топтағы дәрілер......238

9.2.3. Әсер ету механизмі аралас ауыруды басатын дәрілер.................238

9.3. Шетке әсер ететін ауыруды басатын дәрілер (стероидты емес

қабынуға қарсы дәрілер)..........................................................................239

«Ауыруды басатын дәрілер» тақырыбы бойынша

тестік тапсырмалар..................................................................................239

ІІІ бөлім. Қабынуды тежейтін және иммунды үрдістерге

әсер ететін дәрілер...................................................................................243

10 Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер............................................................243

10.1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер.................................................253

10.1.1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының табиғи гормондары...267

10.1.2. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының

жасанды гормондары...................................................................................268

10.1.3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының

фтордан тұратын гормондары....................................................................270

10.1.4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған

глюкокортиокоидты препараттар.............................................................272

10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортиокоидты

препараттар..................................................................................................274

10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар

тобының дәрілері........................................................................................276

10.2.1.1. Салицил қышқылының туындысы.............................................276

10.2.1.2. Пиразолидин туындысы..............................................................277

10.2.1.3. Индол сірке қышқылының туындысы.......................................277

10.2.1.4. Фенил сірке қышқылының туындысы.......................................279

10.2.1.5. Оксикам туындысы......................................................................280

10.2.1.6. Пропион қышқылының туындысы.............................................282

10.2.2. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдық емес топтар........285

10.2.2.1. Алканон туындысы......................................................................285

10.2.2.2. Сульфонамид туындысы.............................................................285

10.3. Әр түрлі топтардағы қабынуға қарсы дәрілер................................286

10.3.1. Алтын препараттары......................................................................286

10.3.2. Жинақ түзеуші қосылыстар...........................................................287

10.3.3. Безгекке қарсы дәрілер..................................................................288

«Қабынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар...288

11 Тарау. Иммунотропты дәрілер..........................................................292

11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер............................................................293

11.1.1. Цитостатикалық дәрілер.................................................................293

11.1.2. Глюкокортикоидтар........................................................................294

11.1.3. Антибиотиктер................................................................................294

11.1.4. Антиденелер препараттары...........................................................295

11.2. Иммунды белсендіруші дәрілер.......................................................297

11.2.1. Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және

олардың үйлестері.......................................................................................297

11.2.2. Жасанды препараттар.....................................................................299

11.2.3. Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері..300

11.2.4. Интерферондар................................................................................302

11.2.5. Интерферон индукторлары (интерфероногендер).......................304

11.2.6. Интерлейкиндер...............................................................................307

11.2.7. Иммуноглобулин препараттары.....................................................308

11.3. Аллергияға қарсы дәрілер..................................................................311

11.3.1. Гистаминге қарсы дәрілер....................................................................315

11.3.2. Месше жасушаның түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер..320

11.3.3. Глюкокортикоидтар..............................................................................322

11.3.4. Симптоматикалық және аллергияға қарсы дәрілер..........................322

«Иммунотропты дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар..........323

Тестік тапсырмалар үшін жауап үлгі-нұсқа.............................................328

Әдебиеттер.......................................................................................................329

Пәндік көрсеткіш..........................................................................................330

 

Кіріспе

«Фармакология» – медициналық жоғары оқу орындарындағы барлық мамандар үшін студенттердің оқуына қажетті пән, себебі бұл тірі ағза мен дәрілік заттардың арасындағы әрекеттесуді және әсерді зерттейтін ғылым және медицина пәндірінің ішіндегі ең қиыны болып саналады, себебі бұл салада он мыңға жуық химиялық қосылыстарды зерттейді. Солардың ішінде клиникада тек бірнеше онға жуық, жаңа, жоғары белсенді дәрілік препараттар қолданылады, олардың әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері анықталуда, кеңейтілуді немесе өзгертілуді.

Қазіргі кезде фармацевтикалық тәжірибеде (сонымен қатар дәрігерлік рецепт жазу кезінде) дәрілік препараттардың халықаралық патенттелмеген атауын (ХПА) қолдану шешілген, осыған қарамастан қолданыстағы фармакология оқулықтар саудалық атауын әлі күнге дейін қолдануда.

Сонымен қатар, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде оқитын студенттер үшін, жалпы және рецептурасы бар жеке фармакология оқулықтары жетіспейді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, «Фармакология-1» Типтік бағдарламасына сәйкес, «Жалпы медицина» мамандарының 2 курс студенттері үшін, «Фармакология негіздері рецептурамен» атты оқулығы жасалды.

Бұл кітап студенттерге осы пән бойынша дағдыны қалыптастыруға және әртүрлі аурулар кезінде препараттарды тиімді талдауды қамтамасыз ету икемділігі үшін және өзіндік жұмыстарды орындаудың оңтайландыруында, білім алуға көмектесуге бағытталған.

ҚР медициналық жоғары оқу орындарында оқулық әдебиеттерінің басылымы мен дайындауды ұйымдастырудың Ережелеріне сәйкес, дәрілік препараттардың коммерциялық атауының ескерілуі ұсынылмайды, сондықтан барлық талаптарды ескеріп, оқулықта халықаралық патенттелмеген атаулары берілген.

Бұл оқулықта жіктелудің жүйелік сипаттамасы және дәрілік препараттардың топтық мінездемесі, сонымен қатар әрбір дәрінің сипаттамасы, оның жиі кездесетін синонимдары, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері, дәрілік түрі, рецепт үлгісі берілген. Кейбір бөлімдерде мәліметтерді жеңіл ұғыну үшін, дәрілік препараттар топтарының жалпы сипаттамасымен кестелер мен әсер ету механизмі бойынша суреттер келтірілген.

Қорытындылай келе айта кететін жәй, ақпараттар көлемінің үнемі өсуімен және дәрілер санының көбеюімен, оқулық қосымшамен және өзгерістермен қайта басылымға шығарылады.

 

1. «Фармакология» анықтамасы

Фармакология - дегеніміз дәрі-дәрмектердің шипалы әсерімен әр түрлі ауруларға қарсы және аурулардың алдын алу мақсатымен қолданылатын заттар туралы ғылым. «Фармаки» сөзі көне заманынан келе жатқан араб тіліндегі «шипалы» деген мағынаны білдіретін, емдік ретінде қолданылатын заттар болып табылады. Содан бері келе жатқан ол грек тіліне сіңіп кеткен «фармакон» сөзі, яғни «дәрі» және «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Фармакологияның ең басты міндеттері жаңадан алынған тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды іздестіру болып табылады.

Медицинада дәрі-дәрмектердің алатын орындары өте зор, ол ғылымдардың ішінде аралық қатынасқа ие, яғни тәжірбиелік және теориялық ғылым саласын байланыстырып, олардың дамуына ықпал етеді. Мысалы, теориялық ғылымдар саласын алсақ оған: физиология, биохимия, патологиялық физиология, органикалық және органикалық емес химиялар жатады, екінші жағынан клиникаға (хирургиялық, терапиялық т.б.) да қатысы бар.

Фармакология тарихы

Тарихи кезендерде дәрі-дәрмектердің жетілуі ғасырдан - ғасырға созылады. Ерте заманда адамдар ауырғанда немесе қатты қиналғанда жануарлар сияқты шөпке, тұзға және т.б. өзін қорғайтын заттарға, яғни олар үшін қалыпты емес нәрселерге жүгінген. Бұл жеуге болатын өсімдіктерді ішкі сезімдері арқылы танып, оны анықтау арқылы белгілеген. Осы арқылы пайдалы емдік өнімдер мен өсімдіктер анықтала басталған. Бұлар шипалы дәрілердің тұңғыш ашылу жолы болып табылады. Одан кейінгі көне замандарда үнді, мысыр, араб елдерінде дәрілерді дайындау құпиялық жолмен ашылған.

Медицинаның атасы Гипократтың (377-460 б.д.б.) кезінде дәрілік заттар туралы ғылым болмаған, тек онда дәрілердің тізімі ғана берілген. Дәрілер жөніндегі ғылым өзінің бастауын Диоскарида кезеңінен бастайды. Ол Гипократтан кейін 500 жыл өткеннен кейін, сол кезеңдегі барлық (400-дей) дәрілердің қасиеттері жөнінде кітап жазып шығарған.

Дәрілердің дамуына Клавдия Галеннің (127-200 ж.б.д.б.) қосқан еңбегі ерекше. Ол дәрілік түрлерді (тұнба, қайнатпа, тұндырма т.б,) жасаған. Осы түрлер әлі күнге дейін галенді дәрілер деп аталады.

Абу-Али-Ибн Сина (Авиценна) медицина саласына өте үлкен үлес қосты (Х ғасырдың аяғы, ХІ ғасырдың басы). Оның еңбегі 5 томнан тұратын “Медицина каноны” деген кітаптар. Оның екінші томы дәрілік заттарды суреттеуге арналған, ал бесінші томы қиын және күрделі дәрілерді жасау мен қолдану жөнінде жазылған. Ол өзінің еңбегінде дәрілік заттардың қасиеттеріне, қатынастық мөлшерге, аурудың түрі мен сипатына қарай қолдануын баяндайды.

ХV ғасырда дәрілік заттарды жеке ғылым ретінде химияны уағыздаушы испандық Филиптус Теофрастус Бобтастус Фон Тонхейм (Парацельс) химиялық көз қараспен түсіндіріп, оның барлық денедегі өзгерістеріне сипаттама берген. Көптеген жаңа қарапайым минералды, негізі сұйық дәрілерді ұсынады. Барлық дәрілер Парацельстің айтуы бойынша, құдайдың берген үлкен күшіне ие. Сондықтан Парацельс оны гомеопатия деп атаған.

ХVІІІ ғасырда немістің химик-фармакологы Самуил Ганиман осы бағытты жалғастырды. Ол 1848 ж. “Гомеопатия” деген кітап жазды. Осы гомеопатия негізі 3 бағытты құрады.

Бірінші бағыты, бір ұқсастықпен байланысты денедегі ауру өзгерісі екінші дәрінің әсерімен пайда болған ұқсастықпен байланысты (сондай ұқсастық дәріні тауып алған жөн дейді).

Екінші бағыты, дәрінің мөлшерін азайта түссе, оның күші көбейе түседі.

Үшінші бағыты, сонымен дәрінің негізгі әсері бір құпия күшпен (гомеопатикалық мөлшер) байланысты 1:10, 1:100, 1:1000, 1:5000 араластырылған аз мөлшерлерімен емдеу.

Қазіргі кезге дейін осы әдіспен көптеген аурулар (мысалы: демікпе, қант диабеті т.б.) емделуде. Бірақ, өкінішке орай дәрігерлердің көбісі бұл ем жолын түсінбейді және оған сенбейді. Көбіне ем қонса да қонбасада дәрінің үлкен мөлшерімен емдейді. Олар дәрінің улылық және жанама әсерлерін ескермейді. Бұны аллопатикалық/дәрінің сырқатқа ұқсастығы жоқ/ мөлшер емі деп атайды (қарама-қарсылық). Гомеопатикалық /дәрінің сырқатқа ұқсастығы бар/ мөлшер емі ұқсастықты (аурудың көрсеткіші) ұқсастықпен (дәрінің ұқсас әсері) емдеу деген мағынаны түсіндіреді. Оқулық бағдармаларда гомеопатикалық ем болмағандықтан, қазіргі күнге дейін ол дамымай отыр, тек жеке халық медициналық тәжірбиеде ғана қолданылады. Сондықтан, әрі қарай тек аллопатикалық дәрілік заттардың даму жолдарын көрсетіп отырамыз.

ХVІІІ ғасырдан бастап, Ресейде фармакологиялық зерттеу және мектептер ашыла басталды. Сондағы ең жақсы көзге көрінетін акушер-гинеколог Максимович-Амбодиктің 1783 жылы басылып шыққан «Врачебное веществословие или описание целительных растений» кітабы. ХІХ ғасырдан бастап, ғылыми фармакологияның дамуына үлесін қосқан көптеген фармакологтар Р.Бухгейму, А.Н.Нелюбин, А.А.Иовский т.б. жатады. Ерекше жұмыстарымен фармакологияға қатысы бар физиология ғалымдары И.М.Сеченовтың (нейротропты дәрілер), И.П.Павловтың (жүрек гликозидтері, қызуды басатын дәрілер), С.П.Боткиннің (кардиотроптық заттар) еңбектері де бар. Ресейлік фармакологияның әкесі деп Н.П.Кравковты (1865-1924) айтуға болады. Бірінші кітабы «Негізгі фармакология» 1904 ж. жарық көрген.

Совет үкіметі кезіндегі фармакология ғалымдарына М.П.Николаевты, Н.В.Лазаревті, С.В.Аничковты, В.В.Закусовты және т.б. жатқызуға болады. Бері келе фармакология пәнінің авторлары М.Д.Машковский (Дәрі-дәрмектер), П.В.Сергеев (Молекулярлық фармакология) В.Г.Кукес (Клиникалық фармакология), Д.А.Харкевич (Фармакология) және т.б. болып табылады.

Қазіргі кездегі егемендік Қазақстанның ең көзге көрінетін фармакология ғылым мамандары академиктер Р.С.Күзденбаева, И.Р.Кұлмағамбетов және профессорлар А.Е.Гуляев, С.К.Жауғашова, Г.М.Пичхадзе, Х.Д.Рахимов, Н.Ж.Орманов, Н.М.Мавлюдова, Т.М.Мажитов және т.б. жатады.

 

3. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты

Негізінен дәрі-дәрмектер әр түрлі аурулардан, патологиялық жағдайлардан сақтандыру мен олардан емделу және олардың алдын алу шаралары үшін қолданылатын заттар. Оның маңызды мәселелерінің бірі – жаңа, пайдалы дәрілік заттарды іздену және табу болып саналады. Жаңа дәрілік заттарды ізденуде және сынауда фармакология мамандықтары химиктермен және клиникалық дәрігерлерімен тығыз қарым-қатынаста болады.

Жаңадан дәрілерді жасап шығарудың жолдары:

1) Химиялық жолмен шығатын жасанды дәрілер, яғни бағыттылығы синтездік болып табылады (биогендік белсенді заттар, антиметаболиттер, денедегі өзгеріске ұшырайтын метаболиттік продәрілер және т.б.);

2) Эмперикалық жол (кездейсоқ табылған зат, скрининг арқылы - көптеген заттардың арасынан ізденіс жолымен табу және т.б.);

3) Шикі заттардан ізденіс ретінде алынатын дәрілер (шөптен, жануарлардан және минералдық заттардан);

4) Микробтардан және ұсақ саңырауқұлақтардан (антибиотиктер);

5) Биотехнология арқылы (жасуша және гендік инженерия арқылы).

Осы жолдармен жаңа заттарды алғаннан кейін әрі қарай зерттеу тәсілдері болады:

а) физико-химиялық сипаттамасы;

ә) клиникаға дейінгі зерттеу - фармакологиялық тексеру (фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы);

б) клиникаға дейінгі зерттеу - токсикологиялық тексеру (жедел улану, үстірт асты, созылмалы улану, мұралық өзгеріс, ұрық өзгерісі және қатерлі ісік тексерулері);

в) клиникалық тексеру:

1 сатысы - еріктілерге тексеру;

2 сатысы – бірінші белсенділік мөлшерін тексеру;

3 сатысы – емдік қасиетін тексеру (кездейсоқ бақылау);

4 сатысы – емдік қасиеті - тікелей белгілері бойынша;

 

Тарау. Жалпы фармакология.

Жалпы фармакология – дәрілік заттардың ағзадағы фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары мен дәрілердің өз ара қатынастарының әсерін талқылайды. Фармакологияның жалпы әсерлері дәрілердің денеге енгізу жолдарынан бастап, ақырғы тиісті ықпалына дейінгі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Фармкокинетикалық

2. Фармакодинамикалық

3. Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қарым-қатынастары

4. Дәрі-дәрмектердің жанамалық, қатерлі және т.б. әсерлерін анықтайды.

5. Фармацевтикалық

 

1.1 Фармакокинетикалық кезең

Жалпы фармакологияның бұл бөлімі дәрілердің адам мен жануарлардың ағзасына түсу жолын (енгізу жолы мен сіңірілуін), олардың мүшелер мен тіндерде таралуын, биотрансформациясы мен шығарылуын зерттейді (Сурет 1.1.). Бұл кезіңнің мақсаты дәрілердің тиімділігін жоғарылату және жанама әсерлерін төмендету болып табылады. Фармакологиялық ықпалды анықтауда негізгі көрсеткіш – бұл дәрілік заттардың рецептор аймағында құнарлығының жоғары болуы.

 

Сурет 1.1.1. Дәрілердің ағзадағы фармакокинетикалық үрдістері

 

 

1.1.1. Дәрілердің енгізілу жолдары

 

Дәрілерді емдік немесе аурудың алдын алу шаралары мақсатымен қолдануында, оларды ағзаға енгізуден басталады. Дәрілерді енгізу жолдары келесі топтарға бөлінеді:

а) Энтералды(enteron - кишка) енгізу жолы - ас қорыту жолдары арқылы, ол келесіге бөлінеді: ауыз арқылы (per os), тіл астына (suв lingua), ұртқа, қызыл иекке жапсыру, тік ішекке (per rectum), он екі елі ішекке зонд арқылы енгізуі. Тиімді енгізу жолдары – тілдің асты мен тік ішек, себебі онда препараттар бауырға түспестен бірден үлкен қан айналымына өтеді.

б) Парентералды енгізу жолы – дәрілерді ас қорыту жолынан тыс егу арқылы беретін жол: тері астына, бұлшық етке, көк және күре тамырға, жүрекке, буынға, құрсаққа, сүйекке, ми қабының астына, қуыстарға және т.б жолдары. (Сурет 1.1.2.1).

Дәрілердің ауыру ошағына толық жеткізілуі, сонымен қатар оның тиімділігі мен қауіпсіздігі енгізу жолына байланысты болады.

 

 

Сурет 1.1.2. 1. Дәрілердің енгізілу жолдары

1.1.2. Дәрілердің сіңірілуі

Дәрілердің сіңірілуі (абсорбция) – дәрілік заттардың бір қатар биологиялық жасуша мембранасынан өтіп, қан арасына түсуі. Көптеген заттардың, соның ішінде дәрілердің сіңуінің негізгі механизмдері ол: белсенді емес диффузия, сүзілу, белсенді тасымалдану, пиноцитоз арқылы жүреді. Белсенді емес диффузия жолымен липофильді, көбінесе иондалмаған (полярлы емес) заттар өтсе, ал сүзілу арқылы су, кейбір иондар, ұсақ гидрофилді молекулалар өтеді. Белсенді тасымалдау механизмімен гидрофилді полярлы молекулалар, органикалық иондар, қышқылдар, қанттар, пиримидиндер АТФ-ны жұмсау арқылы сіңеді. Жеңілдетілген тасымалдау немесе диффузия кез келген заттың құнарлығы жоғары жақтан құнарлығы төмен жаққа жылжитын табиғи бағытталуына негізделген. Пиноцитоз арқылы қарапайым жолмен сіңірілмейтін ірі молекулалық қосындылар тасымалданады. Бұл кезде ірі молекулалар мембрананың беткейіне жанасып, көпіршіктер түзеу арқылы (ішінде дәрі бар) жасуша ішіне енеді, кейін ішінде босатады немесе жасуша сыртында. Кейбір ерекше заттар үшін арнайы тасымалдаушы жүйелер болады (тасымалдаушы-ақуыз), олар жасуша мембранасына енеді және олардың талдамды тасымалдауын қамтамас етеді, бұл кейде градиент құнарлығына қарсы тасымалдайды.

 

1.1.3. Дәрілердің таралуы

Дәрілердіңағзада таралуы олардың қажетті орынына жеткеннен кейін басталады және нысана мүшелерден өтіп, ерекше рецепторлармен, тіндердің ақуыздарымен байланысады, бос күйіндегі түрде, биотрансформацияға ұшырауы және өзгермеген түрде шығарылуы мүмкін. Бұл кезде дәрілік заттар келесі мүшелер мен жүйелердің тосқауылдарынан өтеді: капилляр тамырлары, жасуша мембранасы, плацентарлы, гематоэнцефалиттік және басқа да гистогематикалық тосқауылдар. Дәрілердің ағзада таралуы кезінде әртүрлі тіндерде жиналуы мүмкін және бұл үрдіс жинақтаудеп аталады. Көп жағдайларда бұл заттар ерекше әсерге ие, олар аталған тіндердің алмасу үрдістеріне қатысқан кезде (қалқанша безіндегі йодтың, сүйек тініндегі фтор ж.т.б.), сонымен қатар тінге ұқсас немесе үйірлік болса және әсер ықпалы жағынан ұқсас болғанда. Мысалы, кардиотропты дәрілер (жүрек гликозидтері), психотропты дәрілер (антипсихотикалық, антидепрессанттар, транквилизаторлар ж.т.б.).

 

1.1.4. Дәрілердің өзгеруі

Препараттар сіңіріліп және таралғаннан кейін:

1) барабар ферменттердің әсерінен метаболизмге ұшырайды;

2) ферменттердің әсерісіз шұғыл басқа заттарға айналады;

3) немесе ағзадан өзгертілмеген (немесе экскреттелінеді) күйінде шығарылады.

Кейбір дәрі-дәрмектер (эмбихин) ағзаның қышқылдық орталығының өзгеруінен шұғыл басқа заттарға айналады. Сонымен, тірі ағзада дәрі-дәрмектер белгілі бір өзгерістерге немесе биотрансфомацияғаұшырайды.

Биотрансформация дегеніміз (басқа затқа айналу немесе метаболизм) дәрі-дәрмектердің анағұрлым қарапайым, иондалған, полярлы және суда еритін құрылымға ауысатын, ағзадан жеңіл шығарылатын физико-химиялық және биохимиялық өзгеріс жиынтығы.

Дәрі-дәрмектердің метаболизмі келесі тіндерде және мүшелерде (маңызды мүшелерден бастап, төмендеу кезегімен берілген) жүреді:

- бауырдың эпителиалды жасушаларында (90%) – микросомалды аппарат

- бүйректе

- қан сары суында

- асқазан ішек жолдарының тіндерінде (ішек қабырғаларында)

- өкпеде

- теріде ж.т.б.

Метаболиттік трансформация ағзаның жасуша аралық кеңістігінде, жасушалық және субжасушалық мембранада, жасуша ішіндегі органелде орналасқан бір қатар ферменттер жүйелерінің қатысуымен жүреді.

Ағзада дәрі-дәрмектердің метаболизм реакцияларын екі типке бөледі: синтетикалық емес және синтетикалық.

Синтетикалық емес реакцияларға тотығу, тотықсыздану және гидролиз жатады. Барлық синтетикалық емес реакция метаболизмін немесе дәрі-дәрмектердің метаболиттік трансформациясы деп аталатын реакцияны, орналасуына байланысты 2 негізгі биотрансформациялаушы жүйеден тұратын 2 топқа бөледі:

а) негізгі реакция топтары, бұл реакция, гепатоциттердің эндоплазматикалық ретикулум ферменттерімен катализденеді немесе микросомалды реакция;

б) басқа жерде орналасқан ферменттермен катализденетін реакциялар, микросомалды емес.

Ең басты бауырда жүретін микросомалды биотрансформация үрдісін бөліп айтқан дұрыс. Гепатоциттерде оңтайлы ферменттер жиынтығы бар, олар науқас ағзасы үшін бөгде заттарды, сонымен қатар дәрі-дәрмектердің тотығуына қатысады. Оның ішіндегі ең маңыздысы цитохром жүйесі Р450 (мәрелі тотығу жиынтығы) және оксидаз-редуктазды жүйе ферменттері (арадағы тотығу жиынтығы).

Бауырдың микросомалды ферменттеріне қатысты дәрі-дәрмектер келесі топтарға бөлінеді:

Метаболизмді баяулатқыштар – микросомалды ферменттердің белсенділігін төмендететіндер (хлорпромазин, циметидин, амидарон, индометацин, левомицетин, тетрациклин, эритромицин ж.т.б.).

Метаболизм демегіштері – микросомалды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады (үш циклді антидепрессанттар, барбитураттар, нейролептиктер, бутадион, димедрол, дифенин, карбамазепин, кофеин, рифампицин, этанол ж.т.б.).

Синтетикалық реакция негіздеріне дәрі-дәрмектердің күкірт, сірке қышқылдарымен сонымен қатар глицин және глутатиондармен қосылып эфир буларын түзеуі жатады, ол жоғары полярлы, суда жақсы еритін, майларда нашар еритін, тіндерге нашар сіңетін және көп мөлшерде фармакологиялық белсенді емес қосылыстар түзеуге көмектеседі. Әрине, бұл метаболиттер ағзадан жақсы шығарлады.

Сонымен, синтетикалық реакциялар жаңа метаболиттің түзілу синтезіне алып келеді және ол ацетилирлеу, метилирлеу (азот, күкір бойынша) ж.б. реакцияларының көмегімен жүзеге асады. Конъюгация заттардың бір ғана айналу жолы болуы мүмкін немесе метаболиттік трансформациядан кейін жүреді.

Жеке жағдайларда ағзада дәрі-дәрмектердің химиялық айналуы, түзілетін қосылыстардың белсенділігінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.

 

1.1.5. Дәрілердің шығарылуы (экскреция)

Дәрі-дәрмектердің және олардың метаболизм өнімдері ағзадан шығарылуы (экскрециясы) негізінен бүйрек арқылы үш үддітің қатыуымен жүреді: шумақ сүзуі (жоғары молекулалы қоылытардан басқасы); құнарлық градиентіне қарсы арнайы тасымалдау жүйесінің өмегімен жүретін белсенді секреция; түтікшелер реабсорбциясы (қайта сүзілу) құнарлық градиент бойынша белсенді емес диффузия жолымен. Асқазан ішек жолдары арқылы, яғни өт арқылы ішекке түседі. Арнайы тасымалдаушы жүйелердің қатысуымен гепатоциттерден заттар өтке белсенді тасымалдаудың көмегімен өтеді. Дәрілік заттардың жартысы қаңға қайта сіңеді де қайтадан өт арқылы шығарылады. Бұл үрдіс энтерогепатикалық айналым деп аталады. Тыныс алу жолдары арқылы газ тәрізді және ұшпа заттар бөлінеді. Кейбір заттар бездер арқылы бөлінеді (тер, сілекей, жас және де лактация кезінде сүт арқылы).

 

1.1.6. Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері

Дәрі-дәрмектердің тиімділік әсерін анықтау үшін фармакокинетикалық өлшемдерін анықтау қажет және қандағы оның құрамын көптеген тәсілдерді қолдану арқылы зерттейді (хроматография, спектрофотометриялық, радиоиммундық және ферменохимиялық сараптамалар ж.т.б.).

       
 
 
   

Осы тәсілдермен алынған мәліметтерден фармакокинетикалық иін және фармакокинетикалық көрсеткіштер түзіледі (мысалы, 1 график).


1 Сурет. Дәріні енгізгеннен кейінгі ағзадағы фармакокинетикалық иіні.

 

Денедегі фармакокнетикалық жүрістер шарт бойынша екі камерамен көрсетуге болады, соның ішінде дәрі-дәрмектер бір қалыпты тарайды.

Орталық камераға қанды жақсы жетістіруші мүшелер (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, эндокринді бездер) жатады, ал шеткі камераға шамалы қанды жетістіруші мүшелер (бұлшық еттер, тері, май талшығы) жатады. Орталық камерада дәрі-дәрмектер жылдам бөліседі, ал шеткі камерада баяу тарайды.

Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер.

CL (Сlearance) – жалпы клиренс (тазалану).

T½– жартылай шығу мезгілі.

Vт– таралу көлемі.

Cтт – тепе-тең шоғырымы.

AUC (area under curve) - фармакокинетикалық иін - мезгіл алаңы.

CL жалпы клиренс – қан сары су немесе қанның препараттан толық босаған уақыт саны.

Таралу көлемі (V½) – бұл дәрінің таралуын көрсететін жорамалданған сұйықтық көлемі.

Жартылай шығу мезгілі (Т1/2) – элиминация жүрісі арқылы қан ішіндегі шоғырымды 50% кеміту үшін керекті мезгіл.

Таратылу көлемі (VD) –барлық енгізілген шоғырымдағы дәрі-дәрмек мөлшерінің біркелкі таралуы үшін қажетті сұйықтық көлемі.

Тепе-теңдік шоғырымы (CSS)– дәрі-дәрмектің түсуі мен шығарылу жылдамдығын бірдей сипаттайтын жағдай.

 

1.2 Фармакодинамикалық кезең

Фармакодинамикалық фазада зерттелетін:

1) әсер ету механизмі

2) фармакологиялық ықпалдары

3) дәрі-дәрмектердің әсер ету орыны мен әсер ету түрлері.

Бұл жерде белгілі бір дәрінің ағзаға қалай әсер ететінін және қандай механизм арқылы, мүше мен жүйе жұмысында қандай пайдалы және жағымсыз ығысулардың болуы, зат алмасуларда қандай ықпалдар болатынын, медицинада не үшін қолданылатынын, осы жолда қандай жағымсыз ықпалдарды күтуге болатынын суреттейді.

Дәрі-дәрмектер мүше тіндерінің жасушаларымен байланысып, нысана-молекула қызметтерін түрлендіреді: рецепторлардың, эффекторлардың, ферменттердің, ионды түтікшелердің, тасымалдау жүйесін және басқаларын. Нәтижесінде ағзада жауапты реакциялар болады: мүшенің және жүйенің күшеюі, әлсіреуі немесе қызметінің қалыптануы. Нысана-молекулаға гормондардың, нейромедиаторлардың, нейромодуляторлардың көптеген арнамалы рецепторлар саны жатады.

Рецепторлар деп – дәрі-дәрмектер әрекеттесетін макромолекулалар қосылысының (нысана) белсенді топтарын айтады. Аталған термин Reception сөзі латын тілінен алынған – қабылдау, дәрілік заттардың әсері рецепторлық теория негізін қалаушы П. Эрлихпен ұсынылған. Осы ғылымның дамуы мен химиотерапия аймағы үшін ол 1908 жылы Нобель сыйлығын алды. Кейінгі зерттеулерінде рецепторлар фармакологиялық ықпалды жүзеге асыратын және талдамды байланыстыратын бөлшек ретіндегі түсінігін дұрыс екендігін дәлелдеді.

Негізінен рецепторлардың 4 түрін бөледі:

І рецептор түріне - тікелей ионды түтікшелер қызметін түйіндес, оларға жататындар – Н (никотин) -холинорецепторлар, ГАМҚ (гамма-аминомай қышқылы), глутамин рецепторлары жатады.

II рецептор түрі – эффектормен түйіндес «G (гуанозин)- ақуыз (екінші өткізгіштер) жүйесі арқылы. Бұндай рецепторлар гормондарда, медиаторларда М (мускарин) –холинорецепторларда, адренорецепторларда болады.

III рецепторлар түрі – тікелей эффекторлық ферменттер қызметін бақылайды (олар тирозинкиназамен байланысты).

IV рецепторлар түрі – ДНҚ-ның транскрипциясын немесе ядролық ақуызды (жауша ішілік рецепторлар) бақылайды. Бұндай рецепторлармен стероидтық және тиреоидық гормондар әрекеттеседі.

Көптеген рецепторлардың өзіндік түрлер бөлімдері болады, олар кейбір ерекше ауруларды емдеуге қолданатын жаңа талдамды әсер ететін дәріні жасауда маңызды болып келеді.

Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері.

1. α және β – адренорецепторлар (α1 және α2; β1 , β2 , β3)

2. М және Н-холинорецепторлар (М1, М2, М3, М4; Н – бұлшық еттік, нейрондық)

3. Н – холинорецепторлар – бұлшық ет және нейроналды түрдегі

4. ГАМҚ – рецепторлар (GABAA, GABAB, GABAC)

5. Дофаминдік рецептор (D1, D2, D3, D4, D5).

6. Серотонинді рецепторлар (5-НТ1, 5-НТ2, 5-НТ3, 5-НТ4, 5-НТ5 т.б.)

7. Пуринді рецепторлар (Р1, Р2, сонымен қатар 4 топтамадағы А1 А4).

8. Гистаминдік рецепторлар (Н1, Н2, Н3, Н4)

9. Ангиотензиндік рецепторлар (АТ1, АТ2)

10. Опиоидық рецепрторлар (μ, δ, κ) т.б.

 

Дәрі-дәрмек рецептормен байланысып, молекулярлық байланыс көмегімен «зат-рецептор» қосылысын түзейді.

Ковалентті байланыстар – электрондардың жалпы жұбының есебінен екі атомның арасында пайда болады. Олар заттардың қайтарымсыз байланысын қамтамасыз етеді, бірақ бұл байланыс кез-келген дәріге келе бермейді.

Ионды байланыс – оған ион-диполді және диполь-диполді байланыстар жақынырақ – электоростатикалық өзара әрекеттер топтар арасында пайда болады. Жасуша мембраналарының электрлі алқабына дәрілік заттар түседі, одан әрі рецепторлармен байланысу үшін қажетті демелген диполдердің түзілуі жүреді.

Сутектік байланыстар – бұл сутек атомдары отегінің, азоттың, күкірттің және басқа да атомдармен байланысады, ван-дер-ваальсовтар байланыстары әлсіз, екі кез-келген атомдардың арасында құрылған байланыстар.

Сулы ортада алқапсыз молекулалардың өзара әрекеті кезінде гидрофобты байланыстар құрылуы мүмкін.

Заттың тінге әсер етуі үшін, ол рецепторға ұқсас болуы керек. Ұқсас болу түсінігі «аффинитет» деп аталады.Аффинитет-дегеніміз дәрілердің рецепторлармен тез және тығыз байланысын айтады.

Аффинитеттің жоғарлық кезінде дәрінің ықпалдығы өте аз мөлшермен де кездесе береді. Бірақ, дәрінің мөлшері көбейе түссе оның қатынасы рецепторлармен азайады. Өйткені дәрілердің көптеген мөлшерлік бөлімдері, макромолекулярлық орталықтардың басқа белсендік қоспалық аз аффинитеттерімен қосылып кетеді. Бұл кезде дәрілердің кері ықпалдығы көбірек шыға бастайды және тиісті әсері азайады.

Дәрі-дәрмектер рецепторлармен қарым-қатынас құрғаннан кейінгі, сол рецептордың қызметтік маңызының реакциясын туғызу «ішкі белсенділік» термині деп аталады. Дәрінің рецепторға аффинитеттігі және қосымша ішкі белсендігі болса, бұны рецептордың агонисті(сәйкестік) дейді. Агонист ретінде препараттың арнамалы рецепторлармен әрекеттескендегі миметикалық әсерінің тұспалдануы, олар оны белсендіреді, рецепторлардың конформациясын өзгертеді, биохимиялық реакциялар нәтижесінде белгілі фармакологиялық ықпалдар туындайды. Мүмкіндігінше ең жоғары ықпалдар туындағанда толық агонистер деп аталады, ал рецепторлармен әрекеттескенде ең аз ықпал туындаса, яғни ең жоғары ішкі белсенділігі болмаса, онда жартылай агонисттер деп аталады.

Дәрі рецепторға аффинитеті болып тұрып, бірақ ол рецептормен байланысуға кедергі келтірсе оны антагонистік (қарсыма-қарсы) рецептор деп атайды. Рецептормен байланыса отырып, олар агонисттердің осы рецепторларға әсеріне кедергі жасайды, оларды тежегіш рецепторлар деп атайды. Антагонисттер агонисттердің байланысатын жерінен орын алса және оларды рецептормен байланысуын ығыстырса, бұндай ықпалдар бәсекелестік антагонист деп аталады. Егер антагонист агонисттің байланысатын нысанасы емес жерден орын алса, яғни ішкі белсенділікті реттемейтін, онда ол бәсекелестік емес антагонист деп аталады. Бұл кезде препарат рецепторды белсендіретін қабілеті болады және осы рецептордың түр бөлімін тежейді, онда оны агонист-антагонист деп аталады (наркотикалық ауыруды басатын дәрілерді қара).

Дәрі-дәрмектер үшін бсқа да аз арнамалы «нысана» рецепторлары бар. Олардың біріне ионды түтікшелер – N+, Са2+, К+ талдамды өткізетін және басқалары жасушалық мембрана арқылы өтетін (жергілікті анестетиктерді, аритмияға қарсы дәрілерді қара). Көптеген дәрілер ферменттердің тежегіштері болып келеді, олар үшін «нысана» ретінде. Кейбір тасымалдаушы ақуыздар дәрілерді жасуша мембранасы арқылы өткізеді (үш циклді антидепрессанттарды қара). Болашақта дәрілер үшін «нысана» белгілі гендердің түрлері болып келеді.

Фармакологиялық ықпалдары бойынша барлық дәрілер арнамалы және арнамалы емес болып бөлінеді, сонымен қатар талғамды әсер етеді. Арнамалы емес дәрілердің фармакологиялық ықпалдары кең спектрлі (витаминдер, адаптогендер ж.т.б.), ал арнамалы белгілі жүйенің рецептор аппараттарнына агонист және антогонист (α және β- адренорецепторлар, М және Н холинорецепторлар ж.т.б.) ретінде әсер етеді, талғамды көріністерде дәрі аз мөлшерде жүйенің тек белгілі бір мүше бөлімінің белсенділігін өзгертеді. Олдың белгілі бір тіндерде жиналу қабілеті бар, яғни оған ұқсас болып келеді.

Дәрілердің ағзаға тигізетін әсерлері: біріншілік немесе жергілікті әсер, яғни дәрінің қанға сінбей тұрып, жанасқан жердегі әсері; екіншілік немесе резорбтивті әсері (сіңірілу) – қанға сіңіп, қан тамырлары арқылы таралғаннан кейінгі әсері, үшіншілік немесе рефлекторлы әсері рецепторлы аппарат арқылы (жасуша мембранасында орналасқан макромолекулалық қосылыстар, вегетативті талшықтар синапстары мен басқа түзілістері) әсер ету жатады. Дәрілер үшін негізгі немесе емдік әсер тән, бірақ кейде жанама емдік әсері болуы мүмкін (жүрек гликозидтерін қара). Сонымен қатар, қалаусыз жанама әсерлері де болуы мүмкін. Препарат әсері қайтымды болуы мүмкін, ол кезде дәрі «нысанадан» немесе «рецептордан» ығыстырылады, кейде бұл «нысаналар» қайтымсыз тежеледі (фосфоорганикалық қосылыстарды қара). Талғамды немесе тропты (кардиотропты, психотропты дәрілер ж.т.б.) деген түсініктер бар, бұл кезде препараттың әсері бір мүшеге немесе жүйеге бағытталған.

 

1.3 Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс

 

Препараттардың әсер ету механизміндегі айырмашылықтардың пайда болуы мөлшерге, дәрежесіне және терапиялық ықпал сипатына, сонымен қатар препараттың рецепторларға тікелей әсерінің (макромолекулалаық–нысана) және препараттың басқа да ағзаға тигізетін ықпал көріністерінің болуы, осының барлығы фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.

Препараттың мөлшері мен әсерінің арасындағы байланыс фармакокинетикалық және фармакодинамикалық үрдістердің бірлестігі, ол енгізіл



Сейчас читают про: