Жергілікті жансыздандырушылар 3 страница

3. Синапстан кейінгі мембрана рецепторымен медиатордың әрекеттесуі

4. Синапстан кейінгі мембрананың белсендірілген рецепторларының жасуша алмасуымен және қызметімен ұштасу механизмінің қосылуы

5. Медиатордың ферменттік әсерсізденуі немесе оның синапс алдындағы ұштарға қайта сіңірілуі және жасушаның бастапқы қалпына келуі.

Жүйке импульсінің берілу механизмі (Сурет 4.4):

1. Синапс алдындағы талшықта медиатордың синтезі мен жиналуы жүреді. АХ синтезі үшін холинацетилаза ферментінің белсенділігі мен үлкен мөлшерде холиннің аминоқышқылы қажет. Холиннің жоғарылауы жұмыс импульсінің келуінен басталады және холинацетилазаның қатысуымен медиатор синтезделінеді.

Ретикулада синтезделінетін медиатор ақуызбен, АТФ-пен қосылады – аталған компоненттер медиатордың ферменттермен бұзылуынан қорғаушы болып келеді.

2. Синапс алдындағы мембраналарда өзектер болады, оларға ішкі жағынан қайтымды медиатормен күлбірлер келеді. Жұмыс импульсі келгеннен кейін, жасуша ішіне Nа иондары кіреді, олар өзімен бірге К иондарын кіргізеді. Жасуша ішіне түскеннен кейін К иондары кальмодулин ақуызымен ұсталады және жасушаның жиырылатын элементтеріндегі ферменттерге әкелінеді. Бұл ферментке Са-тәуелді АТФ-аза (фосфатаза) жатады. Са әсерінен фермент белсенділігі артады, ал бұл ферменттің қызметі АТФ өзгеруіне әкеледі. АТФ өзгеруі кезінде энергия бөлінеді, ол актинді және миозинді жіптердің жиырылуына жұмсалады, күлбірлер жиырылып, медиатор синапстық саңылауға бөлінеді.

3. Синапстан кейінгі мембранада медиаторларға сезімтал рецепторлар бар. Бұл әрекеттесу электр күшіне негізделген: синапстан кейінгі мембранаға түсетін медиатордың оң қуаты бар (катионды басы). Рецептор карбонильді ақуыздан және теріс қуаты бар анионды орталықтан тұрады. Импульс берілген кезде медиатор мен рецептор бір-бірімен өзара орналасады және әртүрлі қуаттары болғандықтан бір-бірімен әрекеттеседі.

4. Медиатор мен рецептор арасында әрекеттесу болғаннан кейін, жұмыс істейтін мүшелер жағынан жауап жүреді, сол бірдей медиатордың әсері кезінде, бұл реакция оң немесе теріс болуы мүмкін. Мысалы, АХ бірден ішек перистальтикасын қоздыруы мен іштің өтуіне әкеледі, яғни бірдей медиатор әртүрлі ықпал туғызуы мүмкін. Егер жауап беру реакциясының күшеюі болса – Nа, Са енуі жүреді, жасуша ішілік белсенділік жоғарылайды. Са - жасушада алмасу үрдісінің биокатализаторы. Тежелу кезінде жасушада СІ үшін өзекшелер ашылады және жасуша ішіне СІ кіреді, үйексіздену орынына әсіре үйексіздену дамиды – импульстің берілу мүмкіндігінің болмауы, бір мезгілде Nа және Са жасушадан шығаратын насостар қосылады.

5. АХ 75% синапстық саңылаудан кетеді және ацетилхолинэстеразамен (АХЭ) бұзылмайды, ол қанда бұзылады (бутирилхолинэстераза) – бұл медиатордың қысқа әсер етуін түсіндіреді. БХЭ жеткіліксіздігі кезінде кейбір дәрілік заттардың әсер ұзақ болып келеді (мысалы, дитилин).

 

Сурет 4.4. Жүйке импульсінің берілуі мен ацетилхолиннің холинергиялық синапстағы метаболизм сызбасы.

 

Холинергиялық жүйеге әсер ететін заттар белсендіргіш және тежегіш болып бөлінеді. Осыған байланысты олар келесі топтарға жіктеледі:

1. М - және Н – холиномиметиктер – (антихолинэстеразды дәрілер)

2. М-холиномиметиктер

3. Н-холиномиметиктер

4. М-холинотежегіштер

5. Холинолитиктер (ганглиотежегіштер және миорелаксанттар)

 

4.1. Антихолинэстеразды дәрілер

Антихолинэстеразды заттар холинергиялық синапста ацетилхолинэстеразаны баяулату арқылы, ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасайды, соның салдарынан ацетилхолин синапстық саңылауда жиналады және холинергиялық жүйке талшықтарымен байланыстағы ағзада барлық үрдістердің белсенуін туғызады. Осыдан туындаған ықпалдар эндогенді ацетилхолиннің әсерімен байланысты. Бұл кезде: көз қарашығының тарылуы, аккомодация тарылуы, брадикардия, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықет тонусының жоғарылауы (бронх, асқазан ішек жолдары, қуық), бронх, асқазанның, тер бездерінің секрециясының жоғарылауы байқалады. Антихолинэстеразды дәрілердің жүйке-бұлшықет синапстарына белсендіруші әсері айқын болады, осыған байланысты бұл дәрілер қаңқа бұлшықет тонусын жоғарылатады. Қан мен ми арасындағы тосқауылдан жақсы өтетін анихолинэстеразды дәрілер ОЖЖ-не қоздырушы әсер көрсетеді.

Қазіргі кезде қолданылатын көптеген препараттар уақытша ферменттің белсенділігіне тежегіш әсер көрсетеді. Олардың салыстырмалы әсері ұзақ емес, себебі ферменттің белсенділігі тез қалпына келеді. Әсер ету ұзақтығы 2-10 сағат.

Басқа да фосфоорганикалық қосылыстар бар, олар ферменттермен тығыз байланыс түзейді және ферменттердің белсенділігі ұзақ қалпына келеді, нәтижесінде холинорецепторлардың қозуларымен жүретін ацетилхолиннің жиналу салдарынан ауыр жағдайларға әкеледі.

Ацетилхолинэстеразамен антихолинэстеразды дәрілердің әрекеттесуі әртүрлі болғандықтан, оларды екі топқа бөлінеді:

а/ қайтымды типті әсер ететін (ферменттің белсенділігін уақытша басатын) - физостигмин, неостигмин, галантамин, пиридостигмин бромид және т.б.

б/ қайтымсыз типті әсер ететін – армин, фосфороорганикалық қосылыстар (ФОҚ) – инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер және т.б., уланған кезде холинэстераза реактиваторларын қолданады (дипироксим, изонитрозин).

 

4.1.1 Кесте. Антихолинэстеразды дәрілермен жедел улану (прозерин, ФОҚ).

 

Ықпал әсері Улану симптомдары Бірінші жәрдем көмегінің шаралары Антагонисттері
Холинэстераза ферментін қайтымды тежеу (прозерин және басқалары) және қайтымсыз тежеу (ФОҚ). Тершеңдік, жасаурау, сілекейдің ағуы, құсу іштің өтуімен. Өлім ағзаның сусыздануынан болады. Жылдамдатылған диурез, гемосорбция, перитониалді диализ және т.б. М-холинотежегіштер (атропин және т.б.). ФОҚ уланған кезде холинэстераза реактиваторлары (дипироксим, изонитрозин)  

 

4.1.2 Кесте. Антихолинэстеразды заттардың жалпы сипаттамасы

 

Әсер ету механизмі Қолдану көрсеткіші Кері көрсеткіші Жанама әсерлері
Қайтымды антихолинэстеразды әсер етеді, холинорецепторларға белсендіргіш әсер көрсетеді Парездер мен салдар, миастения, бұлшық еттердің дистрофиясы, ішектің және қуықтың атониясы, глаукома және т.б. Негізі бронх демікпесі, стенокардия, брадикардия, қояншық, жүктілік, емшекпен емізу. Миоз, бронхтың тарылуы мүмкін, сілекейдің ағуы, брадикардия, тыныстың тежелуі, артериалды гипотензия және т.б.

 

Ацетилхолин - М және Н-холиномиметик, әсері жылдам, бірақ тез жойылып кетеді, тәжірибеде қолданылмайды. Жылдам әсер етуші ацетилхолинэстераза ферментімен гидролизге түсіп, тез бұзылады. Күретамыр қысымын төмендетеді, қан тамырларын кеңейтеді, жүректің соғысын баяулатады, кеңірдек, ішек және қуықтың жиырылуын күшейтеді. Физиологиялық зерттеу ретінде ғана пайданылады.

а/ қайтымды әсер ететін дәрілер.

Физостигмин салицилат (Physostigmini salicylas), эзерин. Алкалоид, препарат өсімдіктен алынған, алғашқы қайтымды әсер типті антихолинэстеразды дәрілер өкілі және холинорецепторларына белсендіруші әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тек көз тәжірибесінде қарашықты тарылту және глаукома кезінде көз ішілік қысымды төмендету үшін қолданылады. Конъюнктивалды қапшыққа 1-2 тамшыдан 0,25% - 1% ерітіндіні күніне 1-6 реттен қолданады. М-холинотежегіштермен (атропин және т.б.) уланғанда антидот ретінде қолданылуы мүмкін. Кейде жүйке-бұлшықет ауруларында және Альцгеймер (есте сақтау қабілетінің қарқынды жоғалуымен және жарыместікпен сипатталатын) ауруы кезінде науқастың жағдайын жақсарту үшін қолданады.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, брадикардия, стенокардия, жүрек жетіспеушілігі, артериалды гипертензия, қояншық, гиперкинездер.

Жанама әсерлері. Бронхтың тарылуы, миоз, сілекейдің ағуы, ішек және қуық бұлшықеттерінің тарылуы, тырысу, брадикардия, жүректің айнуы, құсу, бастың айналуы және әлсіздік.

Шығарылу түрі. Ұнтақ

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Physostigmini salicylatis 1% - 5 ml

D. in vitro nigro.

S. Көз тамшысы. 1-2 тамшыдан 4 рет

#

Галантамин (Galanthaminum), нивалин, реминил. Галантамин синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді және кураре тәрізді препараттармен тежелген жүйке-бұлшық өткізгіштігін қалпына келтіреді. Тегіс салалы бұлшықеттердің тонусын жоғарылатады және асқорыту мен тер бездерінің секрециясын күшейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Салдану, парез, миастения, бұлшықеттердің дистрофиясы, невритпен байланысты қозғалу мен сезімталдық бұзылыстары, радикулит, полимиелитпен ауырған балалардағы церебралды паралич, қан айналымының бұзылыстары, полимиелит кездерінде 0,1% - 1% ерітінді 1 мл ампулада, сонымен қатар, Альцгеймер ауруы кезінде, түнгі зәрдің ұсталмауында тағайындалынады.

Кері көрсеткіштері. Қояншық ауруы кезінде, гиперкинезияда, бронх демікпесінде, стенокардияда, брадикардияда.

Жанама әсерлері. Жеке жоғары сезімталдық, сілекейдің ағуы, жүректің айнуы, іштің ауруы, құсу, брадикардия, бастың айналуы, аритмия, бронхтың тарылуы.

Шығарылу түрі. 4, 6 және 12 мг таблеткасы; 0,4% ерітінді – 100 мл флаконы; 0,1; 0,25; 0,5 және 1% ерітінді – 1 мл ампуласы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Galanthamini 0,25% - 1ml

D.t.d. N.6 in ampull.

S. 1 мл тері астына.

#

Такрин (Tacrinum), когнекс. Такрин холинэстеразаны қайтымды баяулатқышқа жатады және холинергиялық нейрондардан ацетилхолиндердің бөлініп шығуына ықпал етеді, соның салдарынан тіндерде, сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінде де ацетилхолиннің мөлшері жоғарылайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Альцгеймер ауруы кезінде, есте сақтау мен жарыместіктің қарқынды өсуінде және басқа да кәрілік деменцияларда. Ішке, тамақтың алдында 10 мг тәулігіне 4 реттен қолданады.

Кері көрсеткіштері. Бауыр қызметі бұзылғанда, бронх демікпесі, брадикардия, қояншық.

Жанама әсерлері. Гепатотоксикалық жағдай, диспептикалық бұзылыстар, брадикардия, бронх тарылуы, атаксия.

Шығарылу түрі. 10, 20, 30 және 40 мг капсуласы.

Неостигмин метилсульфат (Neostigmini methylsulfas), прозерин. Синтетикалық препарат, физостигминнің жеңілдетілген аналогы, бірақ тән сипаттамасы бар (пиридостигмин және басқа да бір қатар синтетикалық антихолинэстеразды препараттар сияқты) молекуласында төрт аммония тобы бар (шеткі жүйеге әсер етеді және қан мен ми арасындағы тосқауылдан нашар өтеді), алколоидтардан оның осы айырмашылығы бар. Ол қайтымды антихолинэстеразды белсенділікке ие, ал шеткі ықпалы бойынша физостигмин мен галантаминге жақын.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Шала салдану және сал ауруына ұшырау, жарақатынан кейінгі қозғалтқыштық бұзылулар, минингит, полиомиеттен кейінгі қалпына келу кезеңінде, энцефалит, невритте, глаукомада, көру жүйкесіндегі атрофия кезінде, ішек атониясы және қуықты емдеу және алдын алуда және миорелаксанттармен улану кезінде қолданылады. Емдеу мақсатымен таблетканы 0,015 г мөлшермен және ампула түріндегі 1 мл – 0,05% ерітінді беріледі.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, стенокардия, айқын атеросклероз, гиперкинездер, қояншық, жүкті және бала емізетін әйелдерге қарсы көрсетілген.

Жанама әсерлері. Жүрек айнуы, лоқсу, терлеу, іш өту, миоз, зәр шығару, көрудің нашарлауы, аритмия, брадикардия, артериалды гипотензия, тыныстын тежелуі, тремор, сіңір тартылу, зәр шығарудың жиілігі, гиперсаливация, ас қорыту ағзаларының моторикасының белсенуі, бронх демікпесі, әлсіздік және диспепсиялық бұзылыстар. Препаратты енгізуді доғарады және М-холинотежегіштерді (атропин сульфаты) қолданады.

Шығарылу түрі. 15 мг таблеткасы N.20; 60 г гранула баларға ерітіп ішуге арналған - флаконда; 0,05 % ерітінді егуге – 1 мл. ампулада N.10

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Neostigmini methylsulfatis 0,05% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. Тері астына 0,5 мл күніне 1-2 рет.

оь #

Пиридостигмин (Pyridostigminum), калимин. Химиялық құрылымы және әсер етуі бойынша прозеринге жақын, дегенмен белсенділігі бірнеше төмендеу, бірақ ұзақ әсер ету үшін жоғары мөлшерде қолданады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миастенияда, жарақаттан кейінгі бұзылулар және сал ауруына ұшырау кезінде, операция жасағаннан кейінгі болатын ішек және қуық атониясында, қалпына келу кезеңінде және антидеполяризиялаушы миорелаксанттардың мөлшерін көбейтіп жіберген кезде қолданылады. Үлкендерге 4 сағат сайын 0,06 г-нан, балаларға жас ерекшеліктеріне байланысты белгілейді.

Кері көрсеткіштері. Ішектің, қуықтың бітелуінде, бронх тонусының жоғары болуында, жүктілік.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бронх тонусының және бронх бездерінің секрециясы жоғары болғанда, сілекейдің ағуы, миоз, брадикардия, бұлшықеттің тартылуы, тері бөртпесі.

Шығарылу түрі. 60 мг таблеткасы; (N.50, 100); 0,5% ерітінді егуге – 1 мл ампулада N.10

Дистигмин бромид (Distigmini bromidum), убретид. Ұзақ әсерлі холинэтеразаны қайтымды баяулататын препарат болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Операциядан кейінгі ішектің және қуықтың атониясын алдын алу шаралары мен емдеу үшін, миастения және басқа да прозеринге және ацеклодинге ұқсас көрсеткіштер. Күніне таңертен 0,005-тен аш қарынға ішу керек. Мөлшерін күніне 2 рет ішуден асырмау керек және препаратты көтере алуына қарай мөлшерін азайтуға да болады. Бұлшық ет астына 0,05% – 1 мл-нан енгізуге болады және қайталап енгізу тек бір тәулік өткеннен кейін ғана, ал ұзақ қолдану кезінде 2-3 күн үзіліс жасап отыру керек.

Кері көрсеткіштері. Миокард инфаркті, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, шеткі қан айналымының бұзылуы, бронх демікпесі, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары, тиреотоксикоз, паркинсонизм, жүктілік, бала емізу кезінде.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бронхоспазм, брадикардия, миоз, дірілдеу, бұлшықет құрысуы, жұтыну қиыншылықтарында.

Шығарылу түрі. 5 мг таблеткасы (N.10, 20); 0,05 және 0,1% ерітінді бұлшықетке егуге – 1 мл ампуласы (N.5)

Амбенония хлорид (Ambenonii chloridum), оксазил. Амбенония хлорид симметриялық төртіншілік аммонии негіздері болып табылады. Нәтижесінде гистогематикалық тосқауылдан нашар енеді. Күшті қайтымды антихолинэстеразды әсер көрсетеді. Әсер ету сипаты бойынша прозеринге жақын, бірақ оған қарағанда белсенділігі жоғары және әсері ұзақ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миастенияның кешенді терапиясында, менингитпен және энцефалитпен байланысты қимыл бұзылыстарында, полиомиелиттен кейінгі қалпына келу кезеңінде, бүйірлік амиотрофиякалық склероз, орталық жүйке жүйесінің жарақаты кезінде, шеткі бет жүйкесінің сал ауруы. Ересектер үшін 1 реттік мөлшер күніне 0,01 мг 2-3 реттен. Детям в возрасте 1-2 жастағы балаларға 1-2 мг, 2-5 жастағыларға - 2-3 мг, 6-10 жастағыларға – 3-5 мг, 11-14 жастағыларға – 5-7 мг,14-тен жастан жоғары балаларға күніне 1 реттен 7-10 мг күніне 1 рет.

Кері көрсеткіштері. Қояншық, гиперкинезия, бронх демікпесі, стенокардия, брадикардия.

Жанама әсерлері. Бронхоспазм, брадикардия, аритмия, ішек және қуық бұлшықетінің ауырсынуы, сөл бөлінуінің күшеюі, сіңірдің тартылуы.

Шығарылу түрі. 1, 5 және 10 мг таблеткасы.

б/ қайтымсыз әсер ететін дәрілер.

Армин (Arminum) – ФОҚ ішіндегі қайтымсыз холинэстераза баяулатқышы болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Офтальмологиялық тәжірибеде глаукома кезінде көздің ішкі қан қысымын төмендету үшін және мидриазда (атропинді қолданғаннан кейінгі), көз торы орталық тамырының тромбозы кезінде көз трофикасын жақсарту үшін, тор артериясының бітелуінде, көру жүйесінің атрофиясы кезінде, шыны тәрізді денедегі қанның құйылуында. 0,005% және 0,01% ерітінді 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Миоз және миопия кезінде тордың қатпарлану қаупі, көрудің нашарлығы, бронх демікпесінде, қабынуында және жүктілік кезінде.

Жанама әсерлері. Миоз, бас ауыру, көздің ауыруы, миопия, аккомадацияның қатты жиырылуы, көрудің таза еместігі, қас қарайған уақыттағы көрудің нашарлауы, жасаурау, фолликулярлы конъюктивит, үстілік кератит.

Шығарылу түрі. 0,005 және 0,01% ерітінді (көз тамшысы) – 10 мл флаконы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Armini 0,01% - 10 ml

D.S. Көз тамшысы. Күніне 2 рет, 1-2 тамшыдан.

#

Дипироксим (Dipyroximum), тримедоксима бромид (ХПА) холинэстераза реактиваторы. Фосфоорганикалық қосылыстармен уланғанда холинотежегіштермен бірге қолданылады.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 15% ерітінді 1 мл ампулада (2 – 4 мл тері астына, бұлшықетке және көк тамырға).

 

Изонитрозин (Izonitrozinum) холинэстераза реактиваторы. Фосфорорганикалық қосылыстармен және басқа да антихолинэстеразалық заттармен уланған кезде қолданады. 1,2 – 4 г мөлшерде бұлшықетке немесе көк тамырға енгізеді.

Шығарылу түрі. 40 % ерітінді 3 мл N.10 егуге арналған ампулада.

М-холиномиметиктер

Пилокарпин (Pilocarpinum), алкалоид, шеткі М-холинорецепторларды қоздыратын, асқорыту мен бронх бездерінің секреция сөлін жоғарылататын, қарашықты тарылтып, көздің ішкі қысымын төмендететін және көз трофикасын жақсартатын, бронхтың, ішектің өт қапшығының және қуықтың, жатырдың тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Офтальмология тәжірибесінде глаукома кезіндегі көз ішілік қысымды төмендету үшін, көздің торлы қабатының орталықты тамырының тромбозы кезіндегі көздің трофикасын жақсарту үшін, көздің торлы қабатының артериясының жедел түйілуі, көз жүйкесінің атрофиясында, шыны тәрізді денеге қан құюылулар кезінде 1 және 2% көз тамшысын, кейде 4% ерітіндісін қолданады.

Кері көрсеткіштері. Миоз қажет емес жағдайларда (ириттер, иридоциклиттер), сонымен қатар, көздің торлы қабатының ажырау қауіпі бар миопия кезінде, бронх демікпесі кезінде және жүктілік кезінде қолданбайды.

Жанама әсерлері. Миоз, бас ауыру, көз ауыруы, миопия, аккомодация тарылуы, көрудің нашарлауы, көрудің елестік өзгерісі, көзден мөлшерден тыс жас ағуы, фолликулярлы конъюктивит, беткейлік кератит және қабақтың жанаспалы дерматиті.

Шығарылу түрі. 1; 2 және 4% ерітіндісі (көз тамшысы) - 10 және 15 мл флаконда; 1 және 6% ерітіндісі 5 мл флаконда; 1% ерітіндісі тюбик-тамшысы – 1,5 мл; 1, 2 және 4% көз майы және гель тубада – 5 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloridі 1% - 5 ml

D.S. Ауыратын көзге күніне 2-6 рет, 1-2 тамшыдан.

#

. Rp.: Sol.Epinephrinі 0,1% - 10 ml

Pilocarpini hydrochloridi 0,1

M.D.S. Көз тамшысы. 1 тамшыдан ауратын көзге.

#

Саладжен (Salaqenum) - құрамына пилокарпин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі. Дәрілік түрі ксеростомитті емдеу үшін (ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауында) қолданылады.

Шығарылу түрі. Таблеткасы 5 мг N.21, 84.

 

Пиларин (Pilarіnum) – құрамына пилокарпин + адреналин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі, глаукома кезінде көз қысымын төмендетуге қолданылады.

Шығарылу түрі. Көз қапшық түрінде 2,7 мг.

 

Ацекледин (Aceclidinum) синтетикалық холиномиметикалық зат болып табылады. Әсіресе, М-холинорецепторларға тән ынталандырушы, тонусты көтеру қасиеті бар және ішектің қуықтың және жатырдың тарылуын күшейтеді. Көз қарашығының тарылуы көз іші қан қысымының төмендеуімен бірге жүреді. Мөлшерін көбейтіп жіберген жағдайда улануы мүмкін. Мускаринге тән симптомдар – тердің көп бөлінуі, көздің жасаурауы, сілекей ағу, 1,5-2 сағат көлемінде құсу, және іштің өтуі, балалар бұл жағдайда ағзаның құрғауынан шетінеп кетеді. Уды зәрмен бірге (тездетілген диурез) шығуы керек, сонымен қоса гемосорбция, перитониалды диализ және басқа да шаралар пайдаланылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Глаукома, ішектің және қуықтың, жатырдың атониясында 0,2% егуге арналған ерітінді және 3% май түрінде, көзге жатар алдында мақтаға жағып тану.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, жүрек ауруларында, стенокардияда, АІЖ қанталауы, қояншық, гиперкинездерде, жүктілік кезінде және де оташалауға дейінгі құрсақ қуысының қабыну үрдісінде қолдану қарсы көрсетіледі.

Жанама әсерлері. Егілген кезде холиномиметиктерге тән сілекейдің ағуы, тершеңдік, іштің өтуі және басқа да симптомдар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 1 мл ампулада 0,2% ерітіндісі тері астына егу үшін.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aceclidini 0,2% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

Цизаприд (Cisapridum), синтетикалық жолмен алынған, құрылымы жағынан метоклопрамидке ұқсас препарат. Холиномиметикалық заттар сияқты холинергиялық жүйке ұштарынан айетилхолиннің бөлінуін күшейтеді, сонымен қатар 5-НТ4-серотонинді рецепторларды белсендіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Асқазанның парезінде, ішектің атониясында, диспепсияда, құсу және асқазан ауруларының диагностикасында қолданылады. Таблеткада 0,005 және 0,01 г; 0,2% және 0,5% ерітінді 2 мл ампулада егу үшін.

Кері көрсеткіштері. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік және емшекпен ему кезінде.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: