double arrow

Жергілікті жансыздандырушылар 17 страница

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Құрғақ жөтел (бронхопневмония, бронхит, өкпе эмфиземасы); әлсіз және орташа қарқынды ауыру сезімі кезінде (наркотикалық емес анальгетиктермен қосып береді – бас ауыруы, невралгия); іштің өтуі. Ересектерге ауыру синдромы кезінде ішке - 15-60 мг-нан 3-6 сағат сайын, іштің өтуі кезінде - 30 мг-нан тәулігіне 4 рет, жөтел кезінде – тәулігіне 10-20 мг-нан 4 рет. Ересектерге арналған жоғары тәуліктік мөлшері - 120 мг. Балаларға ауыру синдромы кезінде – 0,5 мг/кг (15 мг/кв.м) тәулігіне 4-6 рет; іш өткенде – тәулігіне 0,5 мг/кг 4 рет; жөтел кезінде балаларға 2 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, токсикалық диспепсия, бронх демікпесінің ұстамсы, аритмииялар, тырысулар, дәріге тәуелділік, маскүнемдік, бас-сүйекішілік гипертензия, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гиперплазиясы, ауыр ауыру сезімді аурулар, әлсіз аурулар, жүктілік, лактация кезеңі, қарт адамдар, балалық шақ.

Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия, ішек және қуық атониясы, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік.

Шығарылу түрі. 0,1% ішке қолдануға арналған шырын және тамшы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Codeinі 0,1% - 100 ml

D.S. 1 шай қасықтан бір рет қолдану үшін.

#

Коделак (Codelacum) қоспасы (кодеин + термопсис шөбінің ұнтағы және мия тамыры + натрий гидрокарбонаты) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсерлері бар.

Шығарылу түрі. Таблеткалар N.10

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. «Codelacum» N.10

D.S. Тәулігіне 1 таблеткадан 2 – 3 рет.

#

Коделак фито (Codilacum phyto) қоспасы (кодеин + мия тамырының сығындысы, термопсис және жебір шөбі сығындысы) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Шығарылу түрі. Коделак сауыттағы фито шырыны 50, 100 және 125 мл.

9.1.2. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері

Тримеперидин (Trimeperidinum), промедол. Тримеперидин – фенилпиперидин жасанды туындысы және күшті ауырсынуды басатын белсенділікке ие. ОЖЖ-не әсер етуі бойынша промедол морфинге ұқсас; ОЖЖ-нің ауыруды қабылдау импульстарын азайтады, шартты рефлекстерді тежейді. Басқа анальгетиктерге ұқсас ОЖЖ-нің жиынтық қабілетін төмендетеді, новокаиннің және басқа да жергілікті анестетиктердің жансыздандырушы әсерін кұщейтеді. Морфинмен салыстырғанда тыныс алу орталығын аз тежейді, кезбе жүйкесінің орталығын және құсу орталығын аз қоздырады. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттеріне шамалы спазмолитикалық әсер көрсетеді және сонымен қатар жатырдың бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Айқын ауыру синдромдары (миокард инфаркты, жедел перикардит, асқазан мен он екі елі ішектегі ойық жаралары, бауыр және бүйрек шаншулары, глаукоманың жедел ұстамалары, күйіктері, жарақаттар, қатерлі ісіктерде, операция алдында және одан кейінгі кезеңдерде) босануда (ауырсынуды басу және белсендіру) ж.т.б. Тері астына, көк тамырға және бұлшық етке 1% немесе 2% ерітіндісі 1 мл ампула түрінде егуге арналған; балаларға (2 жастан үлкен) – 0,003-0,01 г қабылдауға.

Кері көрсеткіштері. Тыныс жетіспеушілігінде, жалпы қалжырауда, ерте жастағы балаларға (2жасқа дейін) және қарт адамдарға қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері. Жүрек айнуы, бас айналуы, әлсіздік, құсу, тыныс алу орталығының тежелуі, үйренгіштік, физикалық тәуелділік.

Шығарылу түрі. 1 және 2% 1 мл ампулада және шприц-тюбикте егуге арналған ерітінді N. 5; 25 мг таблеткада N.10.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Trimeperidinі 1%-1 ml

D.t.d. N 5 in amp.

S. Күніне 1 мл тері астына 1 рет.

#

Просидол. (Prosidolum) - анальгетикалық, жөтелге қарсы, тыныштандырғыш, спазмолитикалық әсері бар зат. Опиатты рецепторлармен әрекеттесіп, антиноцицептивті жүйені белсендіреді, ауыру сезімталдылық табалдырығын жоғарылатады және ауырудың эмоционалды суретін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ересектердегі ісік, жарақат, миокард инфарктісі, бауыр және бүйрек ұстамалары, жедел панкреатит кезіндегі ауыру синдромын, хирургиядағы жансыздандыру (оташалудан кейінгі кезең), анестезиология, акушерлік тәжірибеде қолданылады. Трансбуккальды (жоғары ерінмен қызыл иек арасына салады) немесе тіл астына (ауыз қуысында толық сіңгенге дейін ұстап тұру қажет) - 0,01-0,02 г (тәулігіне 0,05-0,25 г).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі, коматозды жағдай, алкоголды улану, артериялық гипотензия, ОЖЖ-нің органикалық аурулары, анамнезінде қояншық және тонико-клоникалық тырысулар бойынша, бронх демікпесі, тыныс жетіспеушілігі.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, бас айналу, әлсіздік, ауыз қуысының құрғауы, лоқсу, құсу, дәріге тәуелділік, «алып тастау» синдромы, тыныстың тежелуі, тырысулар, нарколепсия, артериялық гипотензия, брадикардия, ішек және қуық атониясы, бауыр және бүйрек зақымданулары, аменорея, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар, енгізу жерінде ауыру сезімі және қызаруы.

Шығарылу түрі. 1% 1 мл ампуладағы ерітінді N. 5; 25 мг таблеткалар және 10 және 20 мг суббукалды таблеткалары N. 10.

Фентанил (Phentanylum) наркотикалық анальгетик, ОЖЖ-нің, жүлын миының және шеткі тіндердің опиатты рецепторларының агонисті. Антиноцицептивті жүйенің белсенділігін жоғарылатады, ауыру сезімінің шегін арттырады. Препараттың негізгі терапиялық ықпалына - ауырсынуды басатын және тыныштандыру жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қатты және орта қарқынды ауыру синдромы (стенокардия, миокард инфаркты, онкологиялық науұастардағы ауырсынуда, жарақаттар, операциядан кейінгі ауырулар); жалпы жансыздандырудың әртүрлеріндегі премедикацияда дроперидолмен бірге; нейролептоанальгезия, басқа генезді ауыру синдромы. Ересектерді операцияға дайындау кезінде 10-15 мин алдында – к/т, 0,05 -0,1 мг фентанил мен 2,5-5 мг дроперидолмен бірге. Балаларды хирургиялық операцияға дайындау кезінде 2 мкг/кг; жалпы анестезия үшін - 10-150 мкг/кг к/т немесе 150-250 мкг/кг бұлшықетке; анестезияны ұстап тұру үшін - 1-2 мкг/кг к/т немесе 2 мкг/кг бқлшықетке. 2 жасқа дейінгі балаларға мөлшері белгілі емес.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, тыныс алу орталығының ауыр тежелуі, жедел және операциядан кейінгі ауыру, тітіркену, күйген немесе зақымдалған тері, токсикалық диспепсия; жедел тыныстың тежелуі, жүктілік, лактация кезеңі, 18 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, гиповентиляция, тыныстың тоқтауына дейін, бастың ауыруы, ұйқышылдық, эйфория, елестер, бас ішілік гипертензия, лоқсу, құсу; брадикардия, АҚ төмендеуі, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік, «алып тастау» синдромы.

Шығарылу түрі. 0,005% 1, 2 және 10 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; Дюрозик – пластырь (фентанилдің трансдермалды терапиялық жүйесі) 2,5; 5; 7,5 және 10 мг (25, 50, 75 және 100 мкг/сағ) және 2,1; 4,2; 8,4; 12,6 және 16,8 мг (12,5; 25; 50; 75 және 100 мкг/сағ теріге күніне 1 рет 3 күн бойы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenthanyli 0.005%-1 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. 1 мл-дан тері ішілік 1 рет.

#

Ремифентанил (Remifentanilum) ултива. Ремифентанил - опиоидты анальгетик, мю-опиоидты рецепторлардың талдамды агонисті. Әсерінің жылдам басталуымен және әсерінің қысқа болуымен сипатталады. Мю-опиоидты рецепторларға қатысты ремифентанилдің антагонистеріне - наркотикалық дәрілердің әсерін тежейтін налоксон жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Оташалу кезінде және ерте оташалудан кейінгі кезенде жансызандыру үшін қолданады. Кіріспе наркоз кезінде жалпы жансыздандыру үшін қолданады; әртүрлі хирургиялық оташалауларда (кардиохирургияны қоса алғанда) жалпы анестезияны бір қалыпты ұстап тұру үшін; Ересектерге инфузия ретінде көк тамырға енгізеді. Кіріспелі анестезия кезінде: 0,5—1 мкг/кг/мин. Бір қалыпта ұстап тұрушы анестезия үшін азот тотығымен қосып 0,1—2 мкг/кг/мин қолданады. Изофлуранмен бірге: 0,05—2 мкг/кг/мин. Пропофолмен: 0,05—2 мкг/кг/мин. Ерте оташалаудан кейнгі кезеңде: 0,025—0,2 мкг/кг/мин.

Кері көрсеткіштері. Ремифентанилге және фентанилдің басқа баламаларына жоғары сезімталдылық болған кезде. Ремифентанилдің дәрілік түрінің құрамына глицин кіреді, сондықтан эпидуральды және жұлын миының тежелуін қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері. Асқазан-ішек жолдарынан: лоқсу, құсу, жүрек-қантамыр жүйесінен: артериялық гипотензия, кейде — брадикардия, оташалаудан кейінгі артериялық қан қысымының жоғарылауы болуы мүмкін. Тыныс алу жүйесі жағынан: жедел тыныс алу қызметінің тежелуі, апноэ. Аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 1, 2 және 5 мг лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ, көктамырға енгізуге арналған N. 5.

Рецепт үлгісі. Rp.: Remifentanili 0,005

D.t.d. N. 5

S. 0,5 – 1 мкг/кг/мин көктамырға енгізуге арналған.

#

 

9.1.3. Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері

Пентазоцин (Pentazocinum), фортрал. Опиоидты анальгетик, бензоморфанам тобына жатады. Жоғары анальгетикалық (ауыру сезімін басатын) белсенділігі бар. Опиоидты каппа-рецепторлардың агонисті болып табылады, әлсіз мю-рецепторларының антагоисті болып келеді. Әсері бойынша морфиннен әлсіз, бірақ аз мөлшерде тыныс алу орталығын тежейді, іш қатуды және зәр шығаруының қиындауын аз шақырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Орташа және айқын қарқындылықты әртүрлі генездегі ауыру синдромы кезінде қолданады. Оташалу алдында премидикация үшін қолданады. Ішке ересектерге және 12-16 жастағы балаларға - 25-100 мг-нан әр 3-4 сағат сайын тамақтан кейін тағайындайды. Т/а және б/е ересектерге және 12-16 жастағы балаларға - 30-60 мг-нан әр 3-4 сағат сайын; көктамырға енгізген кезде бір реттік мөлшері - 30 мг дейін болады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары бас ішілік қысым, естің шатасуы, тырысу реакцияларына бейімділік, 6 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналу, ойлау қабілетінің бұзылуы, дисфория, бас ауыру, дезориентация, қорқынышты түстер, көру өткірлігінің нашарлауы, миоз, лоқсу, құсу, ауыз қуысының құрғауы, іштің қатуы, өт жолдарының спазмы, іштің ауыру сезімі, артериялық гипертензия, тахикардия, тыныстың тежелуі, дерматит, қышыну, беттің ісінуі.

Шығарылу түрі. 50 мг таблеткада N. 5; 3% егуге араналған 1 мл ампуладағы ерітінді 10, 20, 30, 50, 100.

Буторфанол (Butorphanolum), бефорал, стадол. Буторфанол парентералды енгізуге арналған ең күшті анальгетик болып табылады. Опиатты рецепторлардың антагонист-агонист тобына жатады және пентазоцинге және нальбуфинге ұқсас болып келеді. Әсер ету күші мен ұзақтылығы бойынша морфинге ұқсас, бірақ морфинге қарағанда аз мөлшерде әсерлі болып келеді. Морфинмен салыстырғанда аз мөлшерде физикалық тәуелділік шақырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ең бастысы қатты ауыру сезімінде: оташалаудан кейінгі кезендерде, қатерлі ісікпен ауыратын науқастарда, бүйрек ұстамаларында, қатты жарақаттар және т.б. Әдеттегі ересектер үшін бұлшық етке бір реттік мөлшері - 2 мг әр 4 сағат сайын (1 мг-нан 4 мг-ға дейін, ауыру сезімін қарқындылығына байланысты).

Кері көрсеткіштері. Буторфанолды тыныс жеткіліксізідігі кезінде, бас сүйек-ми жарақаттарында, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстарында абайлап қолдану қажет. Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды.

Жанама әсерлері. Морфинді қолданған кездегі сияқты тыныстың тежелуі, әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық, тершендік, лоқсу байқалады. Артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек жиырылуының күшеюі, бас-сүйек ішілік қысымының жоғарылауы мүмкін. Есекжем пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,2% 1 және 2 мл ампуладағы ерітінді және шприц-тюбиктегі 1 мл ерітінді; 1% интраназалды енгізуге арналған аэрозоль (1 мг/доза).

Налбуфин (Nalbuphinum), нубаин. Налбуфин опиатты рецепторлардың агонист-антагонист қасиеттеріне ие. ОЖЖ тежейді, анальгетикалық, ұйықтатқыш, жөтелге қарсы әсерлері бар. Мю-рецепторларды қоздырады және каппа-рецепторларды тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миокард инфарктісі кезіндегі қарқындылығы орташа және айқын ауыру синдромы, оташалауға дайындық кезені (алдын алу) және оташалаудан кейінгі кезең; жалпы анестезия кезінде қосымша жансыздандырушы зат ретінде. Ересектерге: к/т немесе б/е 0,15–0,3 мг/кг дене салмағына. Балаларға: к/т немесе б/е 0,1–0,25 мг/кг. Ең жоғары бір реттік мөлшері 0,25 мг/кг, ең жоғары тәуліктік мөлшері — 2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық. Бауыр және бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде, бас-ішілік қысымның жоғарылауы кезінде, тыныстың тежелуі, жүктілік, босану, балалық шақ және жасөспірімдерге (18 жасқа дейін) абайлап тағайындаған жөн.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, тыныс алу орталығының тежелуі, бас ауыруы, эйфория немесе депрессия, дисфория, елестер, гипертензия/гипотензия, брадикардия/тахикардия, өкпе ісінуі, ауыз қуысының құрғауы, лоқсу, құсу, диспепсия, спастикалық аурулар, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 1% 1 және 2 мл ампуладағы ерітінді және 10 мл сауыттағы ерітінді.

Бупренорфин (Buprenorphinum), норфин. Бупренорфин -орталыққа әсер ететін анальгетик. Әсер ету механизмі опиоидты рецепторларға ұқсастығы өте жоғары болуымен байланысты. Тыныс алу орталығын тежемейді. Жүргізілген тәжірибелерге сай бұл препараттың үйренгіштік (ұзақ уақыт қайталап қолданған кезде әсерінің әлсіреуі немесе болмауы) және дәріге тәуелділік (препаратқа күйзелістік құшатар болуы) шақырмайтыны анықталған.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әр түрлі генезді әлсіз және орташа қарқынды ауыру синдромы. Бұлшық етке немесе көктамырға 0,3 мг ақырын әр 6-8 сағат сайын енгізеді (1 мл егуге арналған ерітінді), қажет болған жағдайларда мөлшерді жоғарылатуға болады. Ішке 1-2 таблеткадан әр 6-8 сағат сайын немесе қажет жағдайларда беру қажет.

Кері көрсеткіштері. Препаратқа жоғары сезімталдылық. МАО тежегіштерін, сонымен қатар ОЖЖ-ін тежейтін заттарды қолданып жатқан кезде, тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда абайлап қолдану қажет.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, лоқсу, құсу, тыныстың тежелуі.

Шығарылу түрі. 0,03% 1 және 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,2 мг тілдің астына салатын таблеткалар N.20; 20 мг (35 мкг/сағ), 30 мг (52 мкг/сағ) және 40 мг (70 мкг/сағ) N.3, 5, 10.

9.1.4. Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері

Налоксон (Naloxonum), наркан. Налоксон – бәсекелестік типті опиатты антагонист, морифин тәрізді әсерден айрылған. Бәсекелестік антагонизм тип бойынша әсер етеді, агонистермен байланысты тежеу немесе оларды опиатты рецепторлардан ығыстырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ең бастысы наркотикалық анальгетиктермен жедел уланған кезде. Ол сонымен алкогольды кома кезінде тиімді (алкогольмен ауыр уланғанда) және шок кездерінде белсенуімен байланысты әртүрлі шок түрлерінде және кейбір жағдайлардағы ағзаның опиоидты жүйесінің күйзелістер түрлерінде, сонымен қатар налоксонның гипотензияны азайту қабілеті бар (төмендеген артериалды қысымды жоғарылатады). Налоксонды 0,4-0,8 мг мөлшерде қабылдайды. Агонист-антагонисттерді (пентазоцин, нальбуфин, буторфанол, 254) қолдану кезіндегі улануды шеттету үшін налоксонның үлкен мөлшері қажет (10-15 мг).

«Таза» агонисттерді (морфин, омнопон ж.т.б.) қолданған кезде және агонист антагонисттерді үлкен мөлшерде қабылдағанда нашақорлықты диагностикалау үшін налоксонның 0,5 мг енгізеді.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық.

Жанама әсерлері. Нашақорлықпен зардап шегушіге налоксонды енгізгенде абстиненция ұстамаларының сипаттарын туғызады (наркотикалық заттарды қабылдауды бірден доғарған кезде болатын), кейде ауруды анықтау үшін қолданады.

Шығарылу түрі. 0,002% 2 мл және 0,04% 1 мл ампуладағы егуге арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Naloxoni 0,04%-1 ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

 

Налорфин (Nalorphinum), тидигезик. Налорфин наркотикалық анальгетиктердің антагонисті.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Наркотикалық анальгетиктерменжедел улануларда емдік және диагностикалық мақсатпен қолданады. Парентеральды қолданады 0,4 -0,8 мг 1 – 2 реттен арасы 2 – 3 минуттан.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік және емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық немесе психикалық қозулар, бастың ауыруы, миоз, лоқсу.

Шығарылу түрі. 0,03; 0,05 және 0,5%% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,2 мг тілдің астына салуға арналған таблеткалар.

Налтрексон (Naltrexonum), антаксон. Налтрексон - наркотикалық анальгетиктердің антагонисттері. Опиоидты анальгетиктердің ықпалын төмендетеді (анальгетикалық, іштің өтуіне қарсы, жөтелге қарсы); опиоидтардың жанама әсерлерін шеттетеді (сонымен қатар эндогенді), гистаминді реакцияға байланысты симптомдардан басқасын. Налоксонмен салыстырғанда әсері күшті және ұзақ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Опиоидті нашақорлық (опиоидты анальгетиктерді доғарғаннан соң көмекші дәрі ретінде), маскүнемдікте. Бастапқы мөлшері - 25 мг, науқасты 1 сағат бойы бақылайды, абстиненция болмаған кезде тәуліктік қалған бөлігін енгізеді. Орташа мөлшері - 50 мг/тәу, парентеральды енгізілген опиаттар тежеу үшін жеткілікті (бұл мөлшер көк тамырға енгізілген 25 мг героинді тежейді). Басқа да кесте түрлері бар: 18 жасқа дейінгі балалар үшін мөлшері анықталынбаған.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық (налоксонға), опиоидты тәуелділік тұсындағы абстиненция жағдайы, жедел гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, налоксонмен пробаның оң болуы.

Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, абдоминальды ауыру, мазасыздану, ашуланшақтық, айтусыз шаршау, жалпы әлсіздік, мазасыз ұйқы, «қорқынышты» түстер, бастың ауыруы, несеп шығарудың қиындауы, несеп шығарудың жиілеуі, ісіну синдромы, аллергиялық реакциялар, опиоидтарды «алып тастау» синдромы.

Шығарылу түрі. 50 мг капсулада N. 10; 430 мг сауыттағы бұлшықетке егуге арналған суспензия үшін ұнтақ.

9.2. Орталыққа әсері ететін наркотикалық емес

ауыруды басатын дәрілер

Наркотикалық емес анальгетиктерге жатады:

1) Салицил қышқылының туындысы: ацетилсалицил қышқылы (аспирин).

2) Пиразолон туындысы: анальгин, бутадион және т.б.

3) Аналин туындысы: парацетамол және т.б.

Бұлардың әсер ету механизмі: бас миындағы простагландинсинтетаза белсенділігін басу арқылы простогландиннің түзілуін тежейді. Нәтижесінде Гипоталамустағы жылу орталығына пирогендік әсер ететін простогландин Е-1 түзілуін бұзады, ол тамырлардың кеңеюіне және жылудың берілуін жоғарылатады, яғни дене қызуын төмендетеді.

 

9.2.1. Қызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер

Парацетамол (Paracetamolum), ацетаминофен, панадол, тайленол, эффералган. Парацетамол – наркотикалық емес анальгетик, тікелей ОЖЖ-дегі ЦОГ1 және ЦОГ2 тежейді, ауыру және жылуды реттеу орталығына әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Инфекциялық аурулар салдарынан болатын қызбалар; ауыру синдромы (айқындылығы әлсіз және орташа): артралгия, невралгия, миалгия, бас сақинасы, тістің және бастың ауыруы, альгодисменорея. Ересектер мен 12 жастан үлкен жасөспірімдерге (дене салмағы 40 кг артық) бір реттік мөлшер - 500 мг; ең жоғары бір реттік мөлшер – 1 г. Тағайындау жиілігі тәулігіне 4 рет. 1 айдан 3 айдағы және одан үлкен сәбилер үшін мөлшері анықталынбаған.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жаңа туылған кезең (1 айға дейін). Сақтықпен. Бауыр мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, вирусты гепатит, бауырдың алкогольді зақымданулары, маскүнемдік, жүктілік, лактация кезеңі, егде жастағылар, ерте емшектегі кезеңде (3 айға дейін).

Жанама әсерлері. Тері қышынулары, тері және шырышты бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, экссудативті эритема, бастың айналуы,психомоторлы қозулар мен ориентацияның бұзылуы, лоқсу, эпигастри тұсының ауыруы, гипогликемия, гипогликемиялық комаға дейін, қаназдық, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, нефротоксикалық ж.т.б.

Шығарылу түрі. 125, 200, 325 және 500 мг таблеткада N.10, 500 мг көпіретін таблеткада N. 4, 12 және 80 мг балаларға арналған шайнайтын таблеткалар N.12; 325 мг капсулалар N.6, 12, 30 және 500 мг N. 12; 80, 150 және 240 мг ішке қолдануға арналған ерітінді түріндегі бір реттік пакеттегі ұнтақтар; 2,4% 70, 100 және 300 мл сауыттағы ішке қабылдауға арналған суспензия; 10% суспензия 15 мл нәрестеге арналған; 2,4% 50 және 100 мл балаларға арналған сауыттағы шырын; 50, 80, 100, 125, 250, 300, 500 және 600 мг тік ішек балауыздары N. 5, 6, 10; 15% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді және 1% 50 және 100 мл сауыттағы инфузия үшін ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Supp. cum Paracetamolo 0,05

D.t.d. N. 5

S. 1 балауыздан тік ішекке түнде.

#

Трамадол+Парацетамол (Tramadol+Paracetamol), залдиар. Трамадол мен парацетамолдан тұратын ауыруды басатын дәрі. Трамадол – орталыққа әсер ететін және жұлын миына әсер ететін (ауыру импульстарының өтуін тежейтін және мембрананың гиперполяризациясын туғызатын, K+ және Ca2+- түтікшелерінің ашылуына ықпал етеді), тыныштандыратын дәрілердің әсерін күшейтеді. Бас миының және АІЖ ноцицептивті жүйесіндегі афферентті талшықтардағы пре және постсинаптикалық мембранадағы опиатты рецепторларды (мю-, дельта-, каппа-) белсендіреді, ОЖЖ катехоламиндердің нейрональды қайта ұсталуын тежейді. Парацетамол – наркотикалық емес анальгетик, ОЖЖ тікелей ЦОГ тежейді, ауыру мен жылуды реттеу орталығына әсер етеді. АІЖ шырышты қабатының тітіркенуін туғызбайды, су-тұз алмасуына әсер етпейді, себебі шеткі тіндергегі Pg синтезіне әсер етпейді. Парацетамолдың әсерінен тез ауыру әсері басталады, ал трамадол әсер ету ұзақтығын созылуын қамтамасыз етеді. Екі белсенді заттардың ауыруды басатын әсерінің синергизмі, жанама әсерлерінің туындау тәуекелін төмендетеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: