Екінші кіші топ 2018 жыл Мамыр айы

Өтпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мақсаты: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларының мазмұндары бойынша балалардың даму көрсеткіштерін анықтау.

Міндеттері:

- Балалардың қимыл қозғалыс белсенділіктері мен денсаулық сапалары бойынша білім, білік, дағдыларын бекіту;

- Әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік білім, білік, дағдыларын бекіту;

- Логикалық ойлауы, интеллектуалдық қабілеттері және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін бекіту;

- Балалардың өзіндік шығармашылық тұрғыдағы жан-жақты даму дағдыларын бекіту;

- Қоршаған ортаға жағымды мінез құлық пен үлкендермен жағымды қарым –қатынас жасау дағдыларын бекіту.

 

Тақырыпша «Денсаулық»-3 Коммуникация-2 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет -0,5 Русский язык-0,5 Таным- 2,5 Қарапайым математика 1 Жаратылыстану 1 Құрастыру-0,5 Шығармашылық- 3 Сурет салу-1, Музыка – 1,5 Мүсіндеу-0,25 Аппликация-0,25, Әлеумет:0,5 Экология негіздері -0,25Қоршаған орта -0,25
1-апта «Достық -біздің тірегіміз»     3. 1.Дене шынықтыру (Негізгі қимылдар) 1. 2 метр ара қашықта лақтырған допты қағып алып, қайтадан допты лақтыру. 2.Орындық аяқтарының астынан еңбектеу. Қимылды ойын: «Допты көршіңе бер» 2.Дене шынықтыру 1. Орындық аяқтарының астынан еңбектеу 2.Еденде жатқан шығыршықтан-шығыршыққа секіру. Қимылды ойын: «Кім мықты?» 3.Дене шынықтыру 1.Еденде жатқан шығыршықтан-шығыршыққа секіру. 2.Көлбеу бөрене үстімен жүру. Қимылды ойын: «Досыңмен бірге қамалды бұз» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Тату боламыз!» (тілдің дыбысталу мәдениеті) Мақсаты: Қазақ және өзге ұлттардың өнер туындылары мен таныстыруды жалғастыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін бекіту. Достыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың киімі?» Көркем әдебиет Тақырыбы: Ю. Тувим «Бәріміз үшін бәріде» өлеңі Мақсаты: Құрдастарымен қарым-қатынас және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтау дағдыларын бекіту. Келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілеттерін анықтау Дидактикалық ойын: «Менің досым»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Достық еліне саяхат» Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін анықтау. Балаларға қоршаған ортадан басқа жердегі геометриялық пішіндерге сәйкес келетін заттарды тауып, салыстыру дағдыларын бекіту Дидактикалық ойын: «Өз жалаушаңды тап!» Жаратылыстану Тақырыбы:«Достық – ұлы туымыз» Мақсаты:Достық құндылығы туралы түсініктерін анықтау. Суретке қарап әңгіме құрау дағдыларын бекіту. Достаса білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Бұл қай ұлт?» Құрастыру Тақырыбы:«Көгершін» Мақсаты: Қалдық материалдардан көгершіннің бейнесін құрастыру дағдыларын бекіту. Ұсақ қол моторикаларының дамуын анықтау. Құстарға қамқорлық жасай білуге, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Досыма хат» Сурет салу Тақырыбы: «Достық мерекесі» (шарлар) Мақсаты:Халықтар достығы мерекесі туралы жайлы түсініктерін жетілдіру. Қылқаламды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салу дағдыларын бекіту. Салынған суреттерді дәстүрден тыс әдістер арқылы бояуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Түрлі – түсті шарлар»   Музыка Тақырыбы:«Тату доспыз бәріміз» Мақсаты:Әнді жеңіл, ширақ орындау дағдыларын бекіту. Эстетикалық тәрбие беру. Халықтар достығы мен бірлігі туралы білетін мағлұматтарын анықтау Ән тыңдау:«Мамыр ай-мереке» Қ.Қайым Ән айту:«Мамыр ай» Б. Бәлденбаев Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Мы-веселые друзья» А.Филиппенко   Музыка Тақырыбы:«Тату доспыз бәріміз» Мақсаты::Әнді жеңіл, ширақ орындау дағдыларын бекіту. Эстетикалық тәрбие беру. Халықтар достығы мен бірлігі туралы білетін мағлұматтарын анықтау Ән тыңдау:«Мамыр ай-мереке» Қ.Қайым Ән айту:«Мамыр ай» Б. Бәлденбаев Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Мы-веселые друзья» А.Филиппенко  
2-апта «ҚР Отан қорғаушар» (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)   4. 5. 1.Дене шынықтыру 6. (Негізгі қимылдар) 1. Көлбеу бөрене үстімен жүру. 2. Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру (биіктігі 30см, ені 20см) Қимылды ойын:«Нысанаға тигіз»   7. 2.Дене шынықтыру 8. (Негізгі қимылдар)   1.Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру (биіктігі 30см, ені 20см) 2.«Аттардың» қимылын бейнелей отырып, қолды еркін қалыпта ұстап жәй, шапшаң қарқынмен жүру, жүгіру; Қимылды ойын:«Ирелеңдеген соқпақ жол» 3.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.«Аттардың» қимылын Бейнелей отырып, қолды еркін қалыпта ұстап жәй, шапшаң қарқынмен жүру, жүгіру; 2.Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру Қимылды ойын:«Теңіздегі толқындар» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы «Сарбаз» өлеңі Мақсаты:Балалардың «б» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айту және синонимдік қатар құру, тақпақ мазмұнын айта білу дағдыларын бекіту Сөздік дидактикалық ойын: «Басқа сөзбен айт» Русский язык: Тема:«Я защитник своей Родины» Цель: Ввести в активную речь слова по теме, развивать речь, память, внимание. Воспитывать уважение к Родине, к народам, проживающим в Казахстане. Дидактическая игра: «Третий лишний» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Әскери мұнара» Мақсаты: Мұнараларды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыру, үлкен-кіші түсініктерін бекіту. Заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілеттерін анықтау Дидактикалық ойын:«Кішкентай сарбаздар» (ойыншықтар топтамасымен ойнау)   Жаратылыстану Тақырыбы: «Тау басындағы шекарашы» Мақсаты:Шекарашы мамандығы туралы түсініктерін жетілдіру. Шекарашылардың еңбегінің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мерекенің ерекшелігі туралы түсініктерін дамыту Дидактикалық ойын:«Дүрбі» Құрастыру. Тақырыбы:«Қақпа» Мақсаты: құрылыс материалдарының негізгі түрлерін дұрыс қолдана отырып, қарапайым құрастыру іскерлік қабілеттерін бекіту. Ойлау, шығармашылық қабілеттерін анықтау Дидактикалық ойын: «Кішкентай сарбаздар» Сурет салу: Тақырыбы:«Отшашу» Мақсаты: Түрлі – түсті бояуларды пайдаланып, отшашудың оттарын салу дағдыларын бекіту. Ойлары мен қиялдарының дамуын анықтау Дидактикалық ойын: «Барлаушылар»   Музыка: Тақырыбы:«Ел қорғауға әзірміз» Мақсаты: Жеңіс күнінің мәнін түсіндіру. Әндегі тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып айту дағдыларын бекіту Ән тыңдау: «Жеңіс күнін тойлаймыз» Ж.Тезекбаев Ән айту: «Кішкентай солдат» Ө.Байділдаев Әуенді-ырғақты қимыл, ойын:«Көңілді ән» Г.Кемелова Музыка: Тақырыбы:«Ел қорғауға әзірміз» Мақсаты: Жеңіс күнінің мәнін түсіндіру. Әндегі тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып айту дағдыларын бекіту Ән тыңдау: «Жеңіс күнін тойлаймыз» Ж.Тезекбаев Ән айту: «Кішкентай солдат» Ө.Байділдаев Әуенді-ырғақты қимыл, ойын:«Көңілді ән» Г.Кемелова    
3-апта «Көңілді жаз» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру 2.. Аяқты-аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру. Қимылды ойын:«Көбелек аулау»   2.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Аяқты-аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру. 2. 20-30 см биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу. Қимылды ойын:«Ойын алаңында» 3.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.30 см биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу. 2.Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу Қимылды ойын:«Лақтар мен қошақандар»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көңілді алаңқайда» Мақсаты:. Дыбыстарды жеке және сөз арасында естіп, анық айтуға үйрету. «Ж» дыбысын жеке және сөз арасында айтуға жаттықтыру. Жазғы табиғат көріністері туралы білімдерін бекіту Дидактикалық ойын: «Көбелектер гүлге қонады» Көркем әдебиет Тақырыбы: Ә.Дүйсенбеев «Жаз» өлеңі Мақсаты: Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтай отырып, жаз мезгілінде болатын ерекшеліктер туралы білімдерін бекіту. «Триз» технологиясының ойыны: «Ыстық доп»   Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Биік – аласа ағаштар» Мақсаты:Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыру, заттарды оң қолмен, солдан оңға қарай орналастыру дағдыларын бекіту Дидактикалық ойын:«Ағаштағы жапырақтар» Жаратылыстану Тақырыбы:«Алақай, жаз келді!» Мақсаты:Өлі табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін (күн сәулесі, күн көзінің жылуы, қоршаған табиғатқа пайдасы) бекіту Дидактикалық ойын: «Жасырынған суретті тап» Сурет салу Тақырыбы:«Көбелектер» Мақсаты: Дәстүрден тыс әдіспен көбелектерді салуды үйрету. Салу, елестету қабілеттері мен бақылай білу дағдыларын бекіту Дидактикалық ойын: «Гүлге қонған көбелек» Музыка Тақырыбы:«Алақай, жаз келді!» Мақсаты: Ырғақты сезіну, жоғарғы және төменгі дыбыстар ұғымдарын түсіну дағдыларын бекіту Ән тыңдау:«Жаз келеді, алақай!» Қазақ халық әні Ән айту: «Кішкентай солдат» Ө.Байділдаев Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Қораз, тауық, балапандар» («Әр күніміз бақытты» әдістемелік жинағынан) Мүсіндеу Тақырыбы:«Құмға арналған қалақ» Мақсаты:бірнеше бөліктен тұратын заттарды ермексаздан мүсіндеу дағдыларын бекіту. Домалатылған пішінді тік есу және жалпақтау тәсілдерін пайдалану арқылы қалақ мүсіндеу қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойыны: «Не жасырдым?»   Қоршаған орта Тақырыбы: «Жайлауға саяхат» Мақсаты: Жайлау туралы түсініктерін анықтай отырып, табиғатқа қамқор бола білу дағдыларын бекіту. Жаз мезгіліндегі табиғаттың ерекшеліктеріне бақылау жасау қабілеттерін арттыру Дидактикалық ойын: «Тамшыларды жина»
4-апта «Мен жасай аламын» 9. 1. Дене 10. шынықтыру 11. (Негізгі қимылдар) 1. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу 2. 20-30 см биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу. Қимылды ойын:«Мен спортшымын»   12. 2.Дене шынықтыру 13. (Негізгі қимылдар) 1.20-30 см биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу. 2. Қолды еденге тигізбей, доғаның астынан өту. Қимылды ойын:«Тунель арқылы өтейік»   3.Эстафеталық ойын: «Көңілді әуе шарлары» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ауылда» (Сурет бойынша әңгіме) Мақсаты:Үй жануарларының жазғы күтімі туралы айта отырып, оларға қарап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беру дағдыларын бекіту Дидактикалық ойын: «Нені жақсы көреді?»   Русский язык: Тема: «Ягоды» Цель: Продолжать учить понимать русскую речь, познакомить их с ягодами и ввести названия в активный словарь. Развивать познательную активность в процессе исследовательской деятельности, координацию слова и движения, учить детей согласовывать прилагательное с существительным в роде, числе и падеже. Дидактическая игра: «Назови на русском языке Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Егістікке барамыз» Мақсаты:Санау және геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»     Жаратылыстану Тақырыбы «Жаз қандай тамаша!» (табиғатты бақылау) Мақсаты: Жаз мезгілінің кейбір сипаттық ерекшеліктері жайлы білімдерін бекіту. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын көрсету (күн жылынды, құстар ұшып келді). Дидактикалық ойын: «Ненің дауысы?» Сурет салу: Тақырыбы:«Өз бетінше сурет салу» Мақсаты:Сурет үшін тақырыпты дербес тандай білу және бастаған істі соңына жеткізе білу дағдыларын бекіту. Елестету қабілетін дамыту, сурет салуға қажетті заттардың аттарын білуді бекіту. Коллаж құрастыру: «Менің өнерім»     Музыка Тақырыбы: «Өнерпаз баламыз» Мақсаты:Әуенге эмоциялық үн қосу, бейнелі ойындарға белсене қатысу дағдыларын бекіту. Ырғақты ажырата білуін анықтау Ән тыңдау«Өнерпаз бала» А.Еспенбетова Ән айту:«Біз-көңілді баламыз» Әуенді-ырғақты қимыл, ойын:«Веселые музыканты» А.Филиппенко Аппликация: Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар» Мақсаты:Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. Бейнелеу іс әрекетіне баули отырып, достыққа тәрбиелеу В.Воскобович ойындарының дидактикалық материалдарымен жұмыс Экология негіздері Тақырыбы: «Мен жасай аламын» (тәжірибелік жұмыс) Мақсаты: табиғат бұрышында қол еңбегіне тарта отырып, тұқымдарды отырғызу іскерліктерін, танымдық қызығушылықта-рын бекіту Пиктограмма әдісі арқылы сөйлем құрастыру  

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: