Екінші кіші топ 2018 жыл Наурыз айы

Өтпелі тақырып «Салттар мен фольклор»

Мақсаты: Қазақстан Республикасындатұратын қазақ және өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынас жасай білу дағдыларын дамыту Халық шығармашылығының туындыларына деген қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері:

- дербес қимыл әрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

- балалардың тілін заттың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту;

- заттар мен олардың шамасын, түсін ажырату дағдыларын дамыту;

- балалардың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білу дағдыларын жетілдіру;

- халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білім беру мазмұнында іске асыру;

Тақырыпша «Денсаулық»-3 Дене шыңықтыру-3 Коммуникация-2 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет -0,5 Русский язык-0,5 Таным- 2,5 Қарапайым математика- 1 Жаратылыстану-1 Құрастыру-0,5 Шығармашылық- 3 Сурет салу-1 Музыка – 1,5 Мүсіндеу-0,25 Аппликация-0,25 Әлеумет:0,5 Экология негіздері -0,25 Қоршаған орта -0,25
1-апта «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 5. 1. Гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу 6. 2. Арқан бойымен тепе- 7. теңдік сақтап жүру Қимылды ойын:«Тақия тастамақ» 2.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 8. 1. Арқан бойымен тепе- теңдік сақтап жүру. 9. 2. Қысқа секіртпемен секіру Қимылды ойын:«Жаяу көкпар» 3.Дене шынықтыру (Негізгі қиылдар) 10. 1. Қысқа секіртпемен секіру 2. Үлкен допты екі қолмен лақтыру Қимылды ойын: «Байланған орамал»     Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Іскер бала» Мақсаты: Күнделікті өмірге қажет бұйымдар мен ұлттық көне заттардың аттарын атап, дұрыс айтуды, әңгімелей білуді жетілдіру Дидактикалық ойын:«Сандықшада не бар?»   Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бесік жыры» Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті нұсқасымен –бесік жырымен таныстыру. Үлкенді сыйлауға кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Бесік жабдықтары» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Киіз үй» Мақсаты:Кеңістікті бағдарлай отырып, заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсете білу (биік-аласа) дағдыларын жетілдіру Дидактикалық ойын: «Киіз үйдің жиһаздарын орналастырайық» Жаратылыстану Тақырыбы: «Ұлттық киімдер» Мақсаты:Ұлттық киімдерді сипаттап айтуға үйрету. Ер бала мен қыз балалардың киімдерін ажыратып салыстыра білуге жаттықтыру. Талғампаздылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Киімдерді әшекейлейік»   Құрастыру. Тақырыбы: «Құрақ көрпе» (қағаздан құрастыру) Мақсаты: Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру. Қиылған қағазды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыруға, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Қағазбен жұмыс жасау іскерліктерін дамыту. Музыкалық дидактикалық ойын: «Ғажайып алаң» Сурет салу: Тақырыбы: «Кілемшені әшекейлейік» Мақсаты:Өрнекті кілемшені қазақтың ою-өрнек элементерімен әшекейлей білу дағдыларын қалыптастыру. Ою-өрнек туралы түсініктерін дамыту, кілемшені «Қой ізі» және «Ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету. Дидактикалық ойын: «Әдемі кілемше» Музыка: Тақырыбы:«Әй-әй, бөпем» Мақсаты: Бесікке салу дәстүрі туралы баяндау. Әлди әнінің ерекшелігін түсіндіру. Ән тыңдау:«Бесік жыры» Халық әні Ән айту:«Әжеммен қаламын» Л.Сүйінбаева Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Бипыл» Халық әні   Музыка Тақырыбы:«Әй-әй, бөпем» Мақсаты: Бесікке салу дәстүрі туралы баяндау. Әлди әнінің ерекшелігін түсіндіру. Ән тыңдау:«Бесік жыры» Халық әні Ән айту:«Әжеммен қаламын» Л.Сүйінбаева Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Бипыл» Халық әні      
2-апта «Ертегілер елінде. Театр әлемі» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 11. 1. Үлкен допты екі қолмен лақтыру 12. 2. Биікке сатылап 13. көтерілу және 14. түсу 15. Қимылды ойын: «Бауырсаққа тез жетейік»   2.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 16. 1.Биікке сатылап 17. көтерілу және 18. түсу 2. Құм салынған қалтаны бастан асыра екі қолмен алға, жоғары лақтыру. 3Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар» 2. 3. 3.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Құм салынған қалтаны бастан асыра екі қолмен алға, жоғары лақтыру 2. 20 метр қашықтыққа әртүрлі бағытта қарқынды жүгіру Қимылды ойын: «Ұйқыдағы түлкі»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ертегілер әлемі» Мақсаты:Балаларға таныс ертегілерді тыңдата отырып, өздерін рөлдерге бөліп ойнату. Ондағы кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп айтуға үйрету. Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға дағдыландыру. Дидактикалық ойын:«Қай ертегінің кейіпкері?»   Русский язык: Тема:«Волшебный мир сказок. Мир театра» Цель: Развитие у детей устной речи, обогащение словарного запаса. Научить детей слушать и запоминать, правильно произносить русскую речь, применять необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок.   Дидактическая игра: «Найди героя» Жаратылыстану Тақырыбы:«Табиғат – ана» ертегісі Мақсаты: Ертегі желісі арқылы көктемгі табиғаттың өзгерістері туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүйе білуге және қамқор бола білуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Жыл мезгілдері»   Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Үш аю» ертегісі Мақсаты:Балаларды жеке затты заттар тобынан бөліп алуға және жеке заттардан топ құрастыруға үйрету. Дидактикалық ойын:«Үш аюға қажетті заттарды сәйкестендір»   Құрастыру: Тақырыбы:«Бетперде» (қағаздан құрастыру) Мақсаты: Қағаздан құрастыру тәсілдерін пайдалана отырып бетперде жасауға үйрету. Ертегі желісі бойынша ойнау арқылы шығармашылық қиялдарын дамыту. Сюжетті – рөлдік ойыны: «Ерте, ерте, ертеде...» Сурет салу Тақырыбы: «Үйшік ертегісі» Мақсаты:Сызықтар, нүктелер арқылы үйшікті бейнелеуге үйрету, бағдарлауды дамыту. Негізгі түстерді ажырата білуін бекіту. Дидактикалық ойын: «Ненің ізі?» Музыка Тақырыбы:«Наурызым-мерекем» Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Әуезді әндету іскерліктерін дамыту. Би қимылын бекіту. Ән тыңдау:«Наурыз-біздің жаңа жыл» Ж.Қалжанова Ән айту: «Наурыз» Т.Баклан Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Хан талапай» ойыны   Музыка Тақырыбы:«Наурызым-мерекем» Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Әуезді әндету іскерліктерін дамыту. Би қимылын бекіту. Ән тыңдау:«Наурыз-біздің жаңа жыл» Ж.Қалжанова Ән айту: «Наурыз» Т.Баклан Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Хан талапай» ойыны  
3-апта «Өнер көзі халықта» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. 20 метр қашықтыққа әртүрлі бағытта қарқынды жүгіру 2. Үлкен допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыру. Қимылды ойын: «Асық ату»   2.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Үлкен допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыру 2. Арқан бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру Қимылды ойын: «Теңге алу» 3.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Арқан бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру 2.Нық қадаммен алға және артқа жүру Қимылды ойын: «Арқан тарту» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Ұлттық жиһаз- сандық» Мақсаты: Қолдан жасалған қазақтын ұлттық жиһазы сандық жайлы білімдерін тереңдету. Қазақ халқының сәндік қолтаңбалы өнерімен таныстыруды жалғастыру. Үлестірмелі материалдармен жұмыс «Ұлттық бұйымның атын ата» Көркем әдебиет Тақырыбы: А.Оразақын «Наурызым армысың!» өлеңі Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, өлеңді түсініп тыңдау дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық ойын: «Ханталапай» Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Жайлаудағы киіз үй» Мақсаты:Өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату, алдында-артында түсініктерін қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Киіз үйдің бөліктерін атайық»   Жаратылыстану Тақырыбы:«Сүйкімді төлдер» Мақсаты:Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру. Үй жануарларына және олардың төлдеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Мультфильм тамашалау: «Ботақан және оның достары»   Сурет салу Тақырыбы: «Кілемше» Мақсаты: Қазақтың қол өнер туындысы кілемше туралы түсініктерін молайту. Бұрыштарға қазақ оюының элементін салуды үйрете отырып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Дидактикалық ойын: «Оюдың атын ата» Музыка Тақырыбы:«Өнер көзі халықта» Мақсаты: Халық әндері арқылы қазақ өнерімен таныстыру. Ұлттық сазбен сусындату. Ән тыңдау:«Еркем-ай» Халық әні Ән айту: «Наурыз» Т.Баклан Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Хан талапай» ойыны Мүсіндеу Тақырыбы:«Өрнекті кесе» Мақсаты:Мүсіндеудегі саусақпен жасалатын өрнектеу элементтерін әдістерін жетілдіру, дамыту. Ұлттық ыдыстың түрі кесе және оны тұрмыстық қажетке пайдалану жолдарын түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Көңілді жолақтар»   Қоршаған орта: Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар» Мақсаты: Төрт түлік өнімдері туралы білімдерін бекіту. Ұлттық тағамдар туралы түсініктерін молайту. Асты құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Құртты кім көп жинайды?»    
4-апта «Нұр төккен, гүл көктем» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Нық қадаммен алға және артқа жүру 2. Допты тәрбиешіден 1-1.5м арақашықтықта лақтыру Қимылды ойын:«Гүлдерді баспай өтейік» 2.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Допты тәрбиешіден 1-1.5м арақашықтықта лақтыру 2.Еденге қойылған жалпақ шығыршық үстімен жүру; Қимылды ойын: 4.«Құстар мен жаңбыр» 5. 3.Эстафеталық ойын:«Наурыз – жыл басы!» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көктем шақырады» Мақсаты:Көктемгі табиғат құбылыстары, адамдардың еңбектері, киімдері туралы әңгімелесу. Балалардың сөздік қорларын, антонимдерді толықтыру. Заттарды ерекше белгілері бойынша топтастыру қабілеттерін арттыру. Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?» Русский язык: Тема: «Весна» Цель: Уточнить познания детей о признаках ранней весны, рассказать о пробуждении природы весной.Учить отвечать на вопросы полным предложением, называть слова и выражения обозначающие весенние признаки на русском языке. Дидактическая игра: «Когда это бывает?» Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру: Тақырыбы: «Бәйшешек» Мақсаты: «Қанша?», «Неше?», «Қандай?», сұрақтарына жауап беруге, кеңістік бағытты ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Көршісін ата» Жаратылыстану: Тақырыбы:«Көрікті көктем» Мақсаты:Көктемгі табиғатты бақылай отырып, өзгерістерді айтуға үйрету. Көктемгі жаңбырдың пайдасы мен зияны жайлы мәліметтер беру. Үлкендердің көктемгі еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу Дидактикалық ойын:«Қай кезде киеміз?»     Сурет салу: Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп шықты» Мақсаты:Шөптерді қылқаламның ұшымен салу тәсілі арқылы бейнелеуді үйрету, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын:«Гүлге қонған көбелек» Музыка Тақырыбы:«Сұлу көктем» Мақсаты: Көктемгі өзгерістерді бақылау. Көктем әндерімен танысу. Орындаушылық дағдыларын дамыту. Ән тыңдау:«Сұлу көктем» А.Еспенбетова Ән айту: «Біз-өмірдің гүліміз» Б.Ғизатов Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Қамшымен би» Аппликация: Тақырыбы: «Құстарға ұя жасау» (сюжетті) Мақсаты: Бірнеше бөліктерден құралған заттарды белгілі бір ретпен ораластыра білу қабілеттерін арттыру Экология негіздері: Тақырыбы: «Көктем келді» Мақсаты: Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатыны туралы түсініктерін кеңейту. Көктемдегі жануарлар тіршілігі мен ауа райындағы өзгешеліктер туралы білімдерін толықтыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Тәжірибелік кезең: «Гүл отырғызамыз»    

 

 

Екінші кіші топ 2018 Сәуір айы

Өтпелі тақырып «Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: Апталық тақырыпшалар негізінде балалардың бойында қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыра отырып, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін білдіруге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Балалардың түрлі қимыл белсенділіктерін дамыта отырып, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін сақтауға үйрету;

- құрдастарымен тұрақты ойын бірлестіктерін құруына, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды қатынас жасауға үйрету;

- ақпарат көздеріне қызығушылық таныту дағдыларын қалыптастыру;

- Ойыншықтармен, достарымен ойнау барысында эмоциялық қуаныш сезімін білдіруге ықпал жасау;

- Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындауға жетелеу.

Тақырыпша «Денсаулық»-3 Дене шынықтыру -3 Коммуникация-2 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет -0,5 Русский язык-0,5 Таным- 2,5 Қарапайым математика 1 Жаратылыстану-1Құрастыру-0,5 Шығармашылық- 3 Сурет салу-1, Музыка – 1,5 Мүсіндеу-0,25 Аппликация-0,25, Әлеумет:0,5 Экология -0,25Қоршаған орта -0,25
1-апта «Аялайық гүлдерді» 1.Дене шынықтыру (Негізгі қимылдар) 1. Еденге қойылған жалпақ шығыршық үстімен жүру; 2. Орында тұрып қосарланып қос аяқпен секіру. Қимылды ойын:«Көбелектер» 2.Дене шынықтыру (Негізгі қимылдар) 1 Орында тұрып қосарланып қос аяқпен секіру. 2.Аяқпен алма -кезек секіру; Қимылды ойын: 6.«Әр себетке өз гүлдері» 3.Дене шынықтыру (Негізгі қимылдар) 1. Аяқпен алма -кезек секіру; 2. Көлбеу тақтай үстімен жүру.(бір шеті 20см биіктікке көтерілген); Қимылды ойын:«Күн мен жаңбыр»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көктем гүлі» Мақсаты: Көктем гүлі қызғалдақты таныстыру. Қызғалдақтың өсу құрылысын әңгімелей білуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануды үйрету. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Дидактикалық ойын:«Гүл терейік» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бәйшешек» С. Мәмбетов Мақсаты: Сұрақтарға сауатты жауап бере білу дағдыларын қалыптастыру. Өлеңді зейін қойып және түсініп тындай білуге дағдыландыру. Қисынды ойлау қабілеттерін арттыру. Дидактикалық ойын: «Бәйшешек жинау» Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және тенеу» Мақсаты: Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Заттарды бір-бірінің үстіне қою және жанына қою тәсілдерін қолдана отырып, заттар тобын санына қарай салыстыру (қай зат үлкен, кіші, қайсысы тең) «Сиқырлы қорап» ойыны Жаратылыстану Тақырыбы:«Алғашқы гүлдер» Мақсаты:Алғашқы көктемгі гүлдер туралы балалардың білімдерін нақтылау. Гүлдерді салыстырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты таба білу дағдыларын жетілдіру Еңбек: «Гүлдерге күтім жасайық» Құрастыру. Тақырыбы:«Арба» (қалдық материалдардан құрастыру) Мақсаты: Қалдық материалдарды қолдана отырып арбаны құрастыруға үйрету. Арбаның негізгі бөлшектерін атап және оларды үйлесімді құрастыруға дағдыландыру. Флипчарт ойыны:«Көшет отырғызамыз»     Сурет салу Тақырыбы:«Бақбақтар» Мақсаты:Нүктелеу тәсілдері арқылы бақбақты бейнелеуді үйрету. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Саусақ жаттығуы: «Гүл шоғы»   Музыка Тақырыбы:«Аялайық гүлдерді» Мақсаты: Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту, қарапайым би қимылдарын орындауға дағдыландыру. Табиғи дауыспен ән айтуға үйрету. Ән тыңдау«Қызғалдақтар» А.Айтуова Ән айту«Біз бақытты баламыз» А.Айтуова Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Гүлдер мен көбелектер» Қимылды ойын   Музыка Тақырыбы:«Аялайық гүлдерді» Мақсаты: Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту, қарапайым би қимылдарын орындауға дағдыландыру. Табиғи дауыспен ән айтуға үйрету. Ән тыңдау«Қызғалдақтар» А.Айтуова Ән айту«Біз бақытты баламыз» А.Айтуова Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Гүлдер мен көбелектер» Қимылды ойын  
2-апта «Ас атасы–нан»   7. 1.Дене шынықтыру 8. (Негізгі қимылдар) 1. Көлбеу тақтай үстімен жүру(бір шеті 20см биіктікке көтерілген); 2. Жүру мен жүгіруді алмастыру Қимылды ойын:«Бидай орамыз» 19. 2.Дене шынықтыру 20. (Негізгі қимылдар) 1. Жүру мен жүгіруді алмастыру 2. Білте таяқтың астынан өту (40 см) Қимылды ойын:«Алқапты айналып өтейік» 21. 22. 3.Дене шынықтыру 23. (Негізгі қимылдар) 1. Білте таяқтың астынан өту (40 см) 2. Адымдап жүріп,тізбекке тұру Қимылды ойын:«Қоймадағы тышқандар»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Ә. Қалдыбаев «Ас атасы –нан» өлеңі Мақсаты:Өз ойларын дұрыс әрі қысқаша байланыстырып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Шығарманы тындау және түсінуге тәрбиелеу. Зат есіммен, еңбек әрекетін білдіретін етістікпен, үстеумен, шылаулармен сөздік қорларын байыту. Дидактикалық ойын: «Кім неге барсын?»   Русский язык Тема:«Продукты питания» Цель: Продолжать обогащать словарь детей, ввести в активный словарь названия продуктов питания, учить отвечать на вопросы полным предложением. Воспитать у детей бережное отношение к продуктам питания, заботливость, трудолюбие. Дидактическая игра: «Покажи и повтори» Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Диірменшіге көмектесейік» Мақсаты:Балаларды жоғары – төмен, бірдей көлемдерін салыстырып үйрету. Биік және аласа заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Дастарханды жаяйық»   Жаратылыстану Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Мақсаты:Нан - ас атасы екендігі туралы айта отырып, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге баулу. Тәжірибелік жұмыс: «Тоқаштың қамыры» Құрастыру. Тақырыбы: «Кішкентай диірменші» (құрылыс материалдарынан және қағаздан құрастыру) Мақсаты: Құрылыс заттарын дұрыс пайдалана отырып, үлгі бойынша диірменді құрастыруға үйрету. Ауылшаруашылығындағы адамдардың еңбегін құрметтеуге, шығармашылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Қай сурет жоқ?» Сурет салу: Тақырыбы:«Бауырсақ» Мақсаты: Ертегі кейіпкері Бауырсақты салуды үйрету. Дөңгелек пішіндерді салу икемдерін жетілдіру. Суретті ұсақ бөлшектермен толықтырып, кейіпкерлердің көңіл-күйін бере білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Қонаққа барамыз»   Музыка Тақырыбы:«Нанның қадірі» Мақсаты: Нанды қастерлеуге, асты ысырап етпеуге тәрбиелеу. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауға дағдыландыру. Ән тыңдау:«Ас атасы-нан» Б.Жұмабекова Ән айту«Жаңбыр» Парцхаладзе Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Бақша қарақшысы мен торғайлар» ойыны Музыка Тақырыбы:«Нанның қадірі» Мақсаты: Нанды қастерлеуге, асты ысырап етпеуге тәрбиелеу. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауға дағдыландыру. Ән тыңдау:«Ас атасы-нан» Б.Жұмабекова Ән айту«Жаңбыр» Парцхаладзе Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Бақша қарақшысы мен торғайлар» ойыны  
3-апта «Жәндәк тер мен қосмекен ділер әлемі» 24. 1.Дене шынықтыру 25. (Негізгі қимылдар) 1.Адымдап жүріп, тізбекке тұру. 2. Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру(арақашықтығы 10м) Қимылды ойын: «Қоңыздар»   26. 2.Дене шынықтыру 27. (Негізгі қимылдар) 1. Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру(арақашықтығы 10м) 2. Алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен жеңіл секіру Қимылды ойын: «Түкті аралар»   3.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар)   1. Алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен жеңіл секіру (арақашықтығы 2м) 2. Көлбеу бөрене үстімен жүру. Қимылды ойын: «Жыландар» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Құмырсқаның саяхаты» Мақсаты: Балаларды «Ж, З» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айтуға үйрету. Байланыстыра сөйлеуге үйрете отырып, танымдық қабілеттерін дамыту. Жұмбақ шешеміз Көркем әдебиет «Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі) Мақсаты: Оқиғаны эмоционалды қабылдауға, шығарма жанрларын (тақпақ, әңгіме, ертегі т.б) ажыратуға, сұрақтарға жауап беруге және оның мазмұнын айтуға үйрету. Ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыру. Дидактикалық ойын: «Ұша ма,жүре ме?» Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:«Жұлдызқұрт» Мақсаты: Ұзын – қысқа сөздерін дұрыс қолдануға үйрету. Ретімен санау қабілеттерін тереңдету. Дидактикалық ойын: «Жәндікте неше аяқ бар?»   Жаратылыстану Тақырыбы: «Жәндіктер тіршілігі» Мақсаты:Балалардың жәндіктер, олардың сипаттық белгілері туралы білімдерін кеңейту. Көбелек пен қоңыздың айырмашылығын таба білуге үйрету. Лэпбук жасау:«Жәндіктер тіршілігі»   Сурет салу: Тақырыбы:«Сегізаяқтар» Мақсаты: Қисық және доғал сызықтар арқылы сегізаяқтарды салуды үйрету. Бұл ретте нысанның бейнелік көрнекілігін бере отырып, бейнені парақтың ортасына орналастыра білуге дағдыландыру. Дидактикалық ойын: «Суретті құрастырайық!» Музыка Тақырыбы:«Әдемі көбелек» Мақсаты: Музыканы сезінуді, әнді бұзбай орындауға талпындыру, көркем-ойындық бейнені сезіну. Ән тыңдау:«Көбелек» М.Дауылбаев Ән айту:«Жаңбыр» Парцхаладзе Әуенді-ырғақты қимылдар, ойындар: «Құмырсқалар тізбегі» Мүсіндеу Тақырыбы:«Жұлдызқұрттар» Мақсаты:Ермексазды алақанда домалақтау арқылы 2-3 бөліктен тұратын бейнелерді мүсіндей білу дағдыларын жетілдіру Дидактикалық ойын: «Суда ма, құрғақта ма?» Қоршаған орта: Тақырыбы:«Еңбексүйгіш жәндіктер» Мақсаты: жәндіктер мен олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Табиғатты сүйе білуге және қорғауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын: «Бал жинаймыз!»
4-апта «Еңбек бәрін жеңбек» 1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Көлбеу бөрене үстімен жүру. 2. Тапсырмаларды орындай жүгіру. Қимылды ойын: «Жолдағы кедергілер» 1. 2. 2.Дене шынықтыру (Негізгі қимылдар) 1. Тапсырмаларды орындай жүгіру. 2. 2 метр ара қашықта лақтырған допты қағып алып, қайтадан допты лақтыру. Қимылды ойын: «Шеге қағамыз»   3.Эстафеталық ойын: «Біз еңбекқор баламыз!»   Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Кім қайда істейді?» (байланыстырып сөйлеу) Мақсаты:Түрлі мамандық иелерінің еңбектері жайлы әңгімелесу.Сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Балаларды еңбек етуге баулу. Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы?»     Русский язык: Тема:«Мои помощники» Цель: Познакомить с новыми словами по теме, ввести в речь грамматические формы новых слов, развивать воображение, внимание, память. Воспитывать уважение к труду. Дидактическая игра: «Кому что нужно для работы?" Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Кішкентай құрылысшы» Мақсаты:Таныс геометриялық пішіндерді ажыратып, айта білу қабілеттерін арттыру. Қиялдарын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Кьюзинер таяқшаларымен жұмыс: «Үй тұрғызамыз!»   Жаратылыстану Тақырыбы: «Ауладағы ағаштар» Мақсаты: Ауладағы ағаштарды тануға және атауға үйрету, ағаштың негізгі бөліктерімен таныстыруды жалғастыру (діңі, бұтақтары, жапырақтары). Оларды күтіп баптаудағы адамдардың еңбектерін бақылау. Дидактикалық ойын:«Аталған ағаштың суретін табайық»   Сурет салу Тақырыбы:«Күрек» Мақсаты:Көктемгі адам еңбектері туралы түсінік бере отырып, еңбек құралдарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Нүктелерді қосу арқылы бейнелеу дағдыларын арттыру, түстерді үйлесімді қолдана білуге дағдыландыру. Ф.Фребель материалдарымен жұмыс жасау Музыка Тақырыбы:«Еңбектің наны тәтті» Мақсаты:Еңбексүйгіштікке, қолқанат болуға баулу. Әнді түсіне, соңына дейін тыңдауға үйрету. Таныс әнді тани білулерін байқау. Ән тыңдау:«Кішкентай бағбандар әні» А.Еспенбетова Ән айту: «Сылдырмақ» М.Сабиров Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Киіз басу» биі Аппликация: Тақырыбы:«Дастархан» Мақсаты: Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету. Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдай отырып, төртбұрышты ою-өрнектермен өрнектеп дастархан жасау дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамдарын дамыту. Дидактикалық ойын: «Анамызға көмектесейік»   Экология негіздері Тақырыбы: «Ағаш отырғызамыз!» Мақсаты: Өсімдіктер әлеміне танымдық қызығушылықтарын, тілектестік сезімдерін (табиғатта өзін – өзі ұстау нормалары мен ережелерін сақтау) дамыту. Ұжым болып ағаш отырғызуға үйрету. Еңбек: «Ағаш отырғызу»  

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: