double arrow

Функциональды зерттеуге 7 страница

Клиникалық белгілер: Сырқат кейде аяқ астынан ауыруы мүмкін. Науқастардың негізгі шағымдары кеудедегі шаншу, ентігу, құрғақ жөтел, жүректің тарсылдап соғуы. Шаншу мойынға, қолға, төс шеміршегі астына беріпуі мүмкін. Ентігу деңгейі өкпе қабы қуысындағы ауаның көлеміне, өкпенің бүрісуіне (коллапс), аралық ағзалардың ығысуьна тікелей байланысты болады.

Науқастарды қарап тексерген кезде: ауру жақ өсіңкі көрінеді және оның демалу қимылы азаяды. Пальпция арқылы: дауыс дірілі анықталмайды.

Перкуссия арқылы: дабыл дыбысын және өкпе шетінің шектелуін анықтауға болады. Аускультация арқылы: тыныс алған естілмейді. Бронхофония әлсіреген, не анықталмайды. Ашық пневмоторакста амфора дыбысы естіледі. Бронхофония күшейген Синдром кеуде сарайының қабырғасы жарақаттанғанда, плевра қуысына жасанды ауа айдағанда және өкпенің кейбір ауруларының асқынғанда пайда болады.

Тыныс алу кызметінің жетіспеушілік синдромы

Қанның газ құрамының бұзылуын (оттегінің азайып, көміртек тотығының көбеюі) не қанның газ құрамының қалыпты жағдайда болуы, тыныс мүшелері және жүрек тамыр жүйесі қызметінің артуы арқылы іске асырылатын жағдайды тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды.

Тыныс алу жеткіліксіздігі өкпе вентиляциясының бұзылуына альвеолла-капилляр блогы өткізгіштігінің нашарлауына (диффузия жеткіліксіздігі) және өкпедегі қан айналысының бұзылуына (перфузия жеткіліксіздігі) байланысты дамиды.

Сыртқы тыныс алу аппаратының қызметі организмді оттегімен қамтамасыз етуге және зат алмасу реакцияларының нәтижесінде түзілген көміртегінің қос тотығын сыртқа шығаруға бағытталған. "Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі" деп организмдегі қанның қалыпты газ құрамының сақталуының қамтамасыз етілмеуін айтады. Бл жерде сыртқы тыныс алу аппаратының қызметі жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметімен тығыз байланысты екенін әр уақытта есте сақтау керек; жүректің шамадан тыс көп жұмысы тыныс жетіспеушілігіне бейімделудің ең бір маңызды элементі болып есептелінеді.

Клиникада тыныс алу қызметінің жетіспеушілігі ентігумен, көгерумен, ал ақырғы кезеңінде, жүрек қызметінің жетіспеушілігі қосылғаңда, ісінулермен белгіленеді.

Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің ең бір ерте байқалатын белгілеріне өкпе желдетілуіне теңбе-тең (адекватты), сәйкессіз өзгеруі (демалудың жиілену, тереңдеуі) жатады, сау адаммен салыстырғанда, аз ғана физикалық күш түскенде пайда болады.

Тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің үдеу сатысына қарсы күреске әр түрлі компенсаторлық механизмдер қосылады және біртіндеп оның дәрежесіне сәйкес келеді. Алдыменен тыныс алу кызметінің жетіспеушілігінің алғашқы кезендерінде, қимылсыз күй кезінде сыртқы тыныс аппаратының қызметі қалыпты түрде жұмыс жасайды. Компенсаторлық механизмдер тек науқасқа физикалық күш түскен жағдайларда қосылады, демек сыртқы тыныс аппаратының резервті мүмкіншіліктерінің төмендеуі анықталады. Кейін, жеңілдеу физикалық күш түскенде, ал сонан соң тіпті қимылсыз күйде де тыныстың жиіленуі, тахикардия байқалады, ауа жұтып, ауа шығарған кездеріңдегі тыныстық бұлшық еттердің күшейген жұмьісының белгілері, тыныс актісіне бұлшық еттердің қосымша топтарының қатысуы анықталады. Тыныс жетіспеушілігінің одан да соңғы кезендерінде, организмнің компенсаторлық мүмкіндіктері таусылғанда артериалдық гипоксемия мен гиперкапния білінеді. Айқын артериалдық гипоксемияның үдеуіне параллельді жасырын оттегінің жетіспеушілігінің белгілері, қан менен тіндерде клеткалық зат алмасудың толық тотықталмаған өімдері (сүт қышқылы жөне т. б.) жиналады.

Егерде тыныс алу қызметінің жетіспеушілігіне кіші қан айналымының шеңберіндегі гипертензия нәтижесінде немесе жүректің оң қарыншасына күштің артық түсуінен, я болмаса миокардқа әрдайым артық күш түсуінен жөне оттегімен аз қамтамасыз етілгеннен, миокардта дистрофиялық өзгерістердің зардабынан жүрек қызметінін жетіспеушілігі қосылса, науқастың қал жағдайы қатты нашарлайды. Өкпенің кең жайылған зақымдануының нәтижесінде пайда болған кіші қан айналымының шеңберіндегі гипертензия өкпенің жеткіліксіз желдетілуіне және альвеоларлық гипоксияға рефлекторлық жауап ретіңде пайда болады. Өкпенің ошақты зақымдануыңда бұл механизм жеткіліксіз желдетуге ұшыраған альвеолалардың қанменен қамтамасыз етуін шектегендіктен, маңызды бейімдеу қызметін атқарады. Келешекте өкпенің созылмалы кабыну ауруларында өкпенің тыртықтанып өзгеруі және өкпе қан тамырлар жүйесінін зақымдануы нәтижесінде кіші қан айналымы шеңберінің қан тамырлары артылып, қан ағуы одан да көп нашарлайды. Оң қарыншаның миокардына артық күш түсуі бірте-бірте үлкен қан айналымы шеңберінде, қан іркілу белгілерімен анықталатын, оның қызметінің жетіспеушшігіне әкеліп соғады.

 

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының науқастарын сұрастыру және қарау. Жүрек маңын қарау және пальпациялау. Пульсті зерттеу, артериальды және веналық қысымдарды анықтау. Жүректі перкуссиялау.

Диагностикалық маңызы.

Жүрек - қан тамыр жүйесіне жүрек, қан тамырлары және оның жұмысын реттеп отыратын аппараттар жатады. Жүрек – кеуде қуысының ортасында, үшінші қабырға мен семсер өсіндінің ортасында орналасқан. Жүректің көп бөлігі ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай орналасқан. Қолқа, өкпе артериясы және жоғарғы ұшынан жүректің негізін және төменгі сол жағын табуға болады. Жүректің салмағы – 250 – 350г. Жүрек сол жақ қарыншадан, сол жақ жүрекше және оң жақ қарынша, сол жақ қарыншадан тұрады. Жүрек үлкен және кіші қан айналу шеңбері арқылы ағзаны оттегімен және көректік заттармен қамтамасыз етеді. Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан қолқаға шығуымен басталады. Қолқадан артерия және капилляр арқылы қан ұсақ тамырларға құйылады, одан екі көк тамырлы бағанға ауысады – бұл төменгі және жоғарғы қуысты көк тамыр мен екі бөлек саңылаумен оң жақ жүрекшеге әкеліп құйылады. Жүрек жиырылғанда оң жақ қарыншадан көк тамырлы қан кіші қан айналымға ауысады. Бұл қан айналым өкпе артериясынан басталып, өкпенің капиллярларына, өкпенің альвеоларына тарайды. Осы кезде қан оттегімен қамтамасыз етіп көмірқышқыл газын шығарады. Өкпе капиллярлары ұсақ көк тамырларға ауысып төрт өкпе көк тамырын құрайды. Бұлар сол жақ жүрекшеге келіп қосылады. Жүрек шырышты қапшығы мен оралған (перикард). Перикард екі қабаттан тұрады: ішкі және сыртқы. Перикард диафрагмамен қосылған. Перикардтың қабаттарын арасындағы аз мөлшердегі сұйықтық жүректің еркін жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрек үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабат – эндокард деп аталады. Бұнда жүрек камераларына бөлінген екі қос қақпақша және артерио – вентрикулярлы жарты ай тәрізді бөлінген. Жүрек қақпақшаларының ең негізгі қызметі тесіктердің тығыздығын және қанның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Жүректің ең негізгі қабаты – ортаңғы қабат, миокард. Оң жақ жүрекшенің қозуынан жүрек жиырылады. Жүректің жұмысына бас миының сыртқы қабаты, ал жүректен келген импульстерге орталық нерв жүйесі әсер етеді: алдымен жүрекше жиырылады, бұл кезде қарынша босайды, содан соң қарынша жиырылады, жүрекше босаңсиды. Қарынша мен жүрекше босаңсығанда қысқа уақытқа үзіліс пайда болады, содан кейін цикл қайталанып отырады. Миокардтың жиырылуын систолдық деп аталса, ал жүректің босаңсығаның және кеңеюін диастола деп атайды. Үзіліс кезіңде қан өкпе жүрекшесі мен көк тамырларына құйылады. Жүрекше жиырылу кезіңде қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға құйылады. Бұл кезде қақпашалар қарыншаға ашылады. Қарыншаның жиырылу кезіңде қан қысыммен сол жақ жүрекше мен қарыншаның қақпақшаларын жабады. Қан ағымымен қолқа қақпақшалары ашылып қан ортаға құйылады.

 

4 сурет Жүректің алдыңғы

жағынан қарағандағы көрінісі:

1 - жоғарғы қуыс көктамыры;

2 - қолқа иінінің жоғары өрлеген

бөлігі;

3 - дененің жоғырғы жағына

таралатын артериялардың

қолқадан бөлінетін тармақтары;

4 - қолқаның иіні;

5 - өкпе көктамырлары;

6 - жүректің сол жақтағы

құлақшасы;

7 - сол жақтағы күмбез артериясы;

8 - үлкен күмбез көктамыры;

9 - жүректің сол жақ қарыншасы;

10- оң жақ қарынша;

11 - жүректің оң жақ құлақшасы;

12 - оң жақтағы күмбез артериясы;

5 сурет Қан айналым шеңберлері:

 

1 - жүректің сол жақ қарыншасы;

2 - жүректің оң жақ қарыншасы;

3 - жүрек қақпақшалары;

4 - дененің барлық мүшелеріне

таралатын қан тамырлары;

5 - өкпеге таралатын қан тамырлары;

6-бауыр мен ішектерге таралатын қан тамырлары;

 

Қалыпты диастола кезінде қан қолқадан сол жақ қарыншаға айналып келуі мүмкін емес, себебі қолқа қақпақшасына итермелейді. Қанның тамырлардағы ағымы тамырдың қабырғаларының жиырылумен байланысты. Сол жақ қарыншаның жиырыу кезінде артерияға 50 мл қан түседі.Бұл систолдық жүрек көлемі, сол қарыншаның жиырылуында артериядағы қысым қалыпта 115 – 145 сынап бағаның да болуы керек. Бұл адамның жасы мен салмағына байланысты. Ал диастола кезінде 55 – 90 мм сынап бағанасында болуы керек. Бірінші – систолдық, екінші диастолдық қан қысым, систолдық пен диастолдық екеуінің айырмасын пульстік қан қысым деп атайды. Жүректің қан айналымы жүрек артерияларымен жүзеге асады, олар қолқаның өрлеу бөлігінен басталады.

Науқастарға сұрастыру жүргізгенде науқастан анамнез жинаудың маңызы зор. Қан айналу ағзаларының ауруларында науқастар қандайда бір ауруға байланысты емес, әр түрлі шағымдарды айтады. Барлық осы шағымдар әр түрлі сәйкестіктер мен әр түрлі дәрежеде байқалып әр түрлі ауруларда кездеседі. Сонымен қатар кейбір аурулардың бастапқы кезеңінде науқастар ешқандай шағым айтпауы мүмкін және аурудың өзі осы жағдайларда кездейсоқ білініп қалады (диспансерлегенде, басқа себептермен дәрігерге қаралуға келгенде мысалы, өткір респираторлы ауруға байланысты қаралуға келгенде), сонымен қатар негізгі симптомдарды білу қан айналу ағзаларының патологиясын білуге көмектеседі. Науқастың қандай да бір шағымы болса, онда әрі қарай зерттегенде қан айналу ағзалары жағынан өзгерістерді анықтауға ерекше көңіл бөлу керек. Екінші жағынан егер диагноз белгілі емес болса, онда бұл шағымдар пайда болуы мүмкін немесе жағдайы нашарлағанда күшеюі мүмкін және мейірбике дер кезіңде аурудың ағымыныдағы өзгерістерді анықтап, бұл туралы дәрігерге хабарлау керек. Қан айналу ағзаларының ауруларына бірнеше симптомдар тән: ырғақтылығының бұзылуы, жүрек маңайының ауруы, демікпе, тұншығу, ісік, көгеру және т. Б. Дені сау адам қалыпты жағдайда өзінің жүрегінің соғысын сезбейтіні белгілі, бірақ жүрегі сау адамда шамадан тыс физикалық күш түсіргенде жүрегінің соғысын сезеді мысалы, тез жүгіргеннен кейін, қатты қобалжығанда, жиілеген жүрек соғысы мен қатар жүректің қатты соққаның сезеді. Ең соңында дене қызуы жоғары болғанда жүрек соғысын сезуге болады. Жүрек ақаулары бар науқаста, тыныш тұрған кезде де, аздаған физикалық күш түскенде де жүрек соғысы пайда болады. Аздаған қобалжуда, тамақ ішкенде де жүрек соғуы пайда болуына әкеледі. Жүрек ауруларында жүректің соғуының пайда болу себептері – жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі яғни жүректің бір жиырылуында қолқаға қалыптағы айдайтын қан мөлшерінен аз айдауы. Қан айналу ағзаларымен тіндерге көмектесу үшін жүрек жиі жиырылуы керек, яғни жүрек соғысы өзінің компенсаторлы механизм болып табылады. Бірақ жүрекке мұндай тәртіпте жұмыс істеу жағымсыз, өйткені жүрек соққанда жүректің босасу фазасы (уақыты) қысқарады. Бұл кезде жүректің бұлшық еттерінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жүрек бұлшық еттерінде биохимиялық дәрістер жүреді. Жүрек соғысының жиілеуін тахикардия деп атайды.

Жүректің бір қалыпта соқпауы жүрек ырғақтылығының бұзылуы деп аталады. Ырғақтылық уақыт бойынша бір реттік немесе ұзақ уақытқа созылған болуы мүмкін. Жүректің ырғақтылығының бұзылуы жүректің жиі соғуымен – тахикардиямен байланысады, бірақта жүректің сирек ритмі кезінде де кездесуі мүмкін. Ырғақтылықтың бұзылуының әртүрлі түрлері болуы мүмкін: экстрасистолия – жүректің кезексіз жиырылуы, аритмия – жүрекшенің бір қалыпты жиырылуының бұзылуы әсерінен жүректің аритмиясы, сонымен қатар өткізгіш жүйесі қызметінің және жүрек бұлшық еттерінің әр түрлі бұзылыстары байқалады.

Жүрек маңында ауырсыну сезімінің пайда болуы жүрек-қан тамырлар жүйесімен ауратын науқастарда жиі кездеседі, бірақ әртүрлі болады. Кейбір ауруларда (жүрек ишемиялық ауруында) бұл симптом негізгі белгі болып табылады, ал басқа ауруларда ең шешуші орын алады. Жүрек ишемия ауруларында ауырсыну аса маңызды. Мұндай аурудың себептері жүрек бұлшық еттерінің қан мен қамтамасыз ету жетіспеушілігі дамуына байланысты. Ишемиядан пайда болған аурулар былай сипатталады: қысып ауырады, қысқа уақыт (3 – 5 минутқа дейін) ауырады, ұстама түрінде пайда болады. Жиі физикалық күш түскен кезде білінеді. Ауру көбінесе қозғалысты тоқтатқаннан кейін және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады. Мұндай ұстама түрінде ауыратын сырқат жүрек қыспасы (стенокардия) деп аталады. Осындай ауру түнде ұйықтап жатқанда да пайда болуы мүмкін. Негізінде науқас ұйқыдан оянғаннан кейін отырады, сол кезде ауру біртіндеп тарайды. Бұл ұстаманы тыныштықтағы стенокардия деп атайды. Қарастырылған аурудың ұстамалары кейбір жүрек ақауларында да кездесуі мүмкін. Басқа ауруларда ауырсынудың белгілі бір сипаттамасы жоқ. Негізінде олар сыздап ауырады, олардың ұзақтығы әртүрлі (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), белгілі бір дәрілік заттарды қабылдағаннан ауырсыну басылмайды. Мұндай ауырсыну өте көптеген жүрек сырқаттарында кездеседі: жүрек ақаулары, миокардит, перикардит, артериалдық қысым көтерілнгенде және т. б. Жүрек – тамыр жүйесі қатысы жоқ сырқаттарда да жүрек маңайының ауырсынуы пайда болуы мүмкін. Міне осылай жүрек маңының ауырсынуы сол жақ өкпе қабынуында, омыртқа жотасының, мойын кеуде бөлігінің остеохондрозында, асқазан ауруларында, қабырға және қабырға шеміршегі, қабырға аралық невралгияда, миозит және т. б. Ауруларда кездесуі мүмкін.

Жүрек ауруларында жиі кездесетін белгі – демікпе. Демікпенің себебі – жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі және сол себептен кіші қан айналым шеңберінің тамырларында қан тұрып қалуы. Яғни, демікпе жүрек жетіспеушілігінің алғашқы белгілерінің бірі болып табылады. Жүрек бұлшық еттері аздап әлсірегеннің өзінде тек қана физикалық күш түскенде, баспалдақпен көтерілгенде, кез келген қозғалыстықтан демікпе пайда болады. Ауыр жағдайда демікпе тіпті төсекте жатқан науқаста да байқалады. Жүрек бұлшық еттерінің кенеттен әлсіреуі жүрек демікпесі деп аталатын тұншығу ұстамасы түріндегі кенеттен пайда болатын демікпені шақыруы мүмкін. Егер тұншығу ұстамасының уақытында әртүрлі емдік шараралар көмегімен тоқтатпаса, онда өкпе ісігі дамуы мүмкін: тұншығуға жөтел қосылады, жөтелгенде қызғылт түсті көпіршікті қақырық бөлінеді. Бұл ұстамалар өте қауіпті, өйткені мұндай ұстама кезіңде науқастар өліп кетуі мүмкін.

Ісік- жүрек жетіспеушілігіне тән белгі. Дәлірек айтқанда – оң жақ қарыншаның шамасыздығы. Оң жақ қарыншаның жиырылуы қызметі төмендеуі, оның қуысында қанның тұрып қалуына және қан қысымының көтерілуіне әкеліп соғады. Біртіндеп барлық жүйеде қан тұрып қалады. Қанның тұрып қалу нәтижесінде оның сұйық бөлігі тамыр қабырғалары арқылы қоршаған тіндерге ағып шығып, ісіктер пайда болады. Жүрек шамасыздығындағы ісіктердің өзіне тән бірнеше белгілері бар: аяқта пайда болады (өкпе, сан яғни жүректен алыс жерлерде). Егер төсек тартып жатқан болса, онда ісіктер алғашқы рет сегізкөз бен белде пайда болады. Жүректің жұмысының әрі қарай әлсіреуінде сұйықтық қуыстарда (өкпеқапта - гидроторакс, іш қуысында – асцит) жиналады. Шетті ісіктер пайда болғанға дейін қанның тұрып қалуы бауырда дамиды, ол ісініп, көлемі ұлғаяды да ауырсыну сезімі пайда болуына әсер етеді, содан кейін оң жақ қабырға астында аурысыну пайда болады.

Еріннің, мұрын ұшының, аяқ пен қолдың саусақтарының көкшіл түсті болуы цианоз деп аталады. Әдетте цианоз ісіктен бұрын пайда болады және жүрек шамасыздығына тән. Көкшіл түске боялу құрамында көп мөлшерде тотықсызданған гемоглобині бар қанның тері саңылаулары арқылы шығуы деп түсіндіріледі. Қалыпты жағдайға қарағанда тіндер гемоглобиннің оттегіні көп мөлшерде даму себебіне тотықсызданған гемоглобин көбейеді, бұл дәріске жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі әсерінен капиллярлардағы қан ағымының азаюы да әсер етеді. Жүрек шамасыздығында цианоз жергілікті түрде байқалады

Науқастарды қарап тексеру. Жалпы қарағанда науқастың бет әлпетін, ыңғайлы жағдайын, терінің түсін, ісіктің көлемін, домбығы бар ма екенін қарау керек. Жүрек маңайының ауруында, ентікпеде науқас өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Ауырсыну кезінде дененің жоғарғы бөлігін қозғалтуға қорқады. Ауа жетіспегендіктен қан айналымының бұзылғанынан және гемоглобиннің тотықпауынан науқастың еріннің, мұрын ұшының, аяқ пен қолдың саусақтарының көкшіл түсті болуы цианоз деп аталады. Әдетте цианоз ісіктен бұрын пайда болады және жүрек шамасыздығына тән. Көкшіл түске боялу құрамында көп мөлшерде тотықсызданған гемоглобині бар қанның тері саңылаулары арқылы шығуы деп түсіндіріледі. Қалыпты жағдай-ға қарағанда тіндер гемоглобиннің оттегіні көп мөлшерде даму себебіне тотықсызданған гемоглобин көбейеді, бұл дәріске жүректің жиырылу қызме-тінің төмендеуі әсерінен капиллярлардағы қанағымының азаюы да әсер етеді. Жүрек шамасыздығында цианоз жергілікті түрде байқалады. Туа біткен ақауы бар адамдарда және митрал қақпақшаның қатаюында көгеру қатты білінеді. Кейбір жүрек - тамыр ауруларында науқастың терісі сарғаюы мүмкін. Өйткені бұл бауырдың билирубин шығару қызметінің бұзылуынан болады. Жүрек маңайын қарағанда ол жердің төмпекшеніп көзге көрінуіне көңіл аударамыз. Қалыпты жағдайда ол көзге көрінбейді. Бұлшық еттің гипертрофиясында сол жақ қарыншаның жиырылуы жиіленеді және көлемді болады. Сол жақ қарыншаның дилетация (босану) кезінде жоғарғы бөліктің итерімі (күші) сол жақ және төменге қарай беріледі. Қолқаның аневризмасында кеуденің жоғарғы ойындысында оң жақ екінші қабырға аралықта пульстің соғуы білінеді. Жүректің аневризмасында пульстің соғуы кеуденің сол жақ төртінші қабырға аралығында білінеді. Жауырын аймағындағы пульстің білінуі - бұл жүрек ақауындағы оң жақ қарыншаның гипертрофиясында және өкпе эмфиземасы болып табылады. Жүрек ұшын және жүрек думпуін пальпация әдісімен тексеру. Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағының ұшымен жүрек ұшы тұрған нүктені дәл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едәуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады. Жүрек түрткісінің аумағы деп түрткінің әсерінен кеуде клеткасыньң қозғалуын айтамыз, оның калыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады. Егер ол 2 см-ден үлкен болса — жайылған және одан кіші болса - шектелген деп есептелінеді. Жайылған түрткі жүрек өлшемдерінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл жағдай адам жүдеу болғанда, кабырға аралықтары кең болғаңда, сол жақ өкпенің төменгі бөлігі жиырылғаңда кездеседі. Семіздікте, өкпе ауруларында, диафрагманың төмен орналасуында түрткінің шектеулі түрі кездеседі, яғни жүрек кеудеге аз көлемімен түйіседі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: