Функциональды зерттеуге 5 страница

Үзілісті тыныс (саккодирленген) - везикулярлық тыныстың бір түрі боп табылады. Бұл тыныстың ерекшелігі үзілістермен естіледі. Бұл тыныс кейбір ұсақ бронхыларда шырыш болса немесе бронхтың ішкі кілегей қабаты бөртіп іскенде ауаның өтуіне бөгет болады да, ауа үзіліспен өткеннен тыныс та үзіліспен пайда болады. Осындай тыныс тек қана өкпе ұшынан естілсе, туберкулез үдерісінің барлығын көрсетуі мүмкін.

Кейбір клиницистер қалыпты жағдайдың өзінде тағы бір тыныс түрін есітіп ажыратады, ол бронхо-везикулярлық тыныс. Бұл тыныста везикулярлық және бронхиалдық тыныстардың араласқан түрлері бар. Ондай тыныс оң жақ өкпенің үшынан естіледі, өйткені оң жақтың жоғары бөлігі сол жақпен салыстырғанда кеңірек, қысқалау және жоғарылау орналасқандықтан кеңірдектегі бронхиалдық тынысқа тән кейбір қасиеттер өкпе ұшына дейін беріледі.

Бронхиалдық тыныс везикулярлық тыныстан айқын ажыратылады. Бронхиалдық тыныс қатқыл түрде естіледі, тыныс алудың екі фазасында да, дем шығару фазасы дем алудан ұзағырақ, жуанырақ және қатқылдау естіледі.

Бұл дыбыс "X" дыбысын ауызды ашып тұрып айтқанда естілетін дыбысқа ұқсайды. Бронхиалдық тыныс, кейбір авторлар айтқандай, ол ларинготрахеадды тыныс, қалыпты жағдайда алдынан көмекей, кеңірдек, төс тұтқасы үстінен (кеңірдек тарамының проекциясына дейін), арт жағында VII мойын омыртқасынан III—IV кеуде омыртқалар үстінен естіледі. Өкпенің басқа аймақтарында естілген бронхиалдық тынысты патологиялық үдерістердің әсерінен пайда болады деп есептеуге болады.

Бронхиаддық тыныстың пайда болатын жері — көмекей. Бұл дыбыс байламдары орналасып тарылған жер. Тар дыбыс саңылау арқылы өткенде тербелістер туғызады. Сондықтан, бұл жерде қатқыл, шуыл дыбысы пайда болады. Физиологиядан белгілі, дыбыс саңылауы ауа шығарған кезде тарлау болады, сол себептен бронхиалдық тыныс бұл фазада ұзақтау және күштілеу естіледі, бұл тыныс алу фазасымен салыстырғанда көмекейде пайда болатын бронхиалдық тыныс төмен қарай кеңірдек тарамдары арқылы таралады, бірақ та қалыпты жағдайда өкпенің альвеолалары бұл тербелістерді басып тастағандықтан кеуде клеткасының аталған жерлерінен басқа аймақтарынан естілмейді.

Патологиялық бронхиалдық тыныс жақсы өткізетін жағдайларда пайда болады және естіледі. Осындай жағдайлар келесі патологиялық үдерістер кезінде пайда болуы мүмкін: 1) өкпе тінін тығыздайтын өкпе аурулары; 2) өкпеде қуыс (каверна, өкпе абсцесі) пайда болса; 3) компрессиялық ателектазда; 4) ашық пневмоторакста. Дыбыстарды жақсы өткізетін өкпе тінінің тығыздалуы өкпенің крупозды қабынуында, өкпе туберкулезінде, өкпе инфаркты кезінде болады. Бронхиалдық тыныстың өкпе қуысы үстінен естілуі өкпедегі қуыстың орналасуына, оның мөлшеріне және оның бронхпен қатынасуына байланысты. Егерде өкпедегі қуыс кеуде клеткасы кабатына жақын орналасса, көлемі жеткілікті түрде болса және бронхпен қатынасып тұрса, ондай қуыс үстінен бронхиалдық тыныс естіледі. Бұл жағдайда қуыс өзі резонанс заңы бойынша, дыбыстарды күшейтеді және реактивті қабыну әсерінен қуысты айнала жатқан өкпе тіні тығыздалады, сондықтан, бронхиалдық тыныс жақсы естіледі.

Егерде қуыс мөлшері өте үлкен болса және де ол беткей орналасса, беті біртеғіс болса және бронхпен қатынасса, ондай жағдайда қуыс үстінен амфорикалық тыныс естілуі мүмкін, ол бос құмыраға ауа үрлегенде пайда болатын дыбысқа ұқсайды. Бұл тыныс тағы да тыныс алудың екі фазасында, яғни ауа жұтып, ауа шығарған кезінде де естіледі, ол бронхиалдық тыныстың бір түріне жатады. Қуыстың көлемі кішкентай болса және ол терең орналасса, оның төңірегінде сау өкпе тіні жатса, ондай жағдайда қуыстың үстінен бронхиалдық тыныс естілмейді, перкуссия арқылы өзгеріс анықталмайды, қуыс тек рентген сәулесімен зерттегенде ғана көрінеді.

Экссудатты плевритте пайда болған компрессиялық ателектаз үстінен тағы да бронхиалдық тыныс естілуі мүмкін, ең бірінші мұны неміс клиницисі Шкод суреттеп жазған болатын. Бронхиалдық тыныс ашық пневмоторакс кезінде естіледі. Бронх пен плевра куыс арасында тікелей байланыс болуы себебінен, бұл тынысты металдық тыныс деп атайды.

Қосымша (жанама) тыныс шуылдары.

Бұларға сықыр, сырылдар, плевра үйкеліс шуылдары жатады. Сырылдар құрғақ жене ылғалды болып бөлінеді. Құрғақ сырылдар бронх ішінде пайда болады, ол тұтқыр секреттен немесе кілегей қабатының қабыну үдерісінің нәтижесінде бөртіп іскендіктен бронхтың ішкі мөлшері тарьлғанда шығады. Ауа бронхтың тарылған жерінен өткенде пайда болады. Құрғақ сырылдар сипат жағынан пайда болған ірі немесе ұсақ бронхтармен байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Ұсақ бронх ішінде туатын сырылдар ысқырыққа ұқсайды, жоғары болады. Ал ірі бронхтарда ызыңдаған төмен тембрлі сырылдар пайда болады. Сырылдар тыныс алу үдерісінің екі фазасында да естіледі.

Тыныс демікпесі кезінде бронхтардың тегіс бұлшық еттері жиырылады, оның іштерінде тұтқыр секрет жиналады, бұл жағдайда құрғақ сырылдар, әсіресе дем шығару фазасында жақсы естіледі, ол кей кезде науқас адамнан қашық тұрғанның өзінде де естіліп тұрады. Құрғақ сырылдарды анықтау бронхит ауруын зерттегенде өте маңызды. Бұл ауру кезінде құрғақ сырылдар бүкіл өкпе үстінен естіледі. Тембрі және биіктігі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Ол ауру үдерісінің фазасымен және бронхтардың жағдайымен тікелей байланысты болады. Ылғалды сырылдар кеңірдек, бронхтар ішінде пайда болады, егерде олардың ішінде сұйық секрет болса. Сұйық секреті бар кеңірдек, бронхтар, өкпе қуыстары арқылы өтіп жатқан ауада көпіршіктер туғызады, олар жарылғанда ылғалды сырыл деп аталатын дыбысты жағдайлар пайда болады.

Көпіршіктердің жарылу мөлшеріне байланысты ылғалды сырылдар: ірі көпіршікті, орта көпіршікті, ұсақ көпіршікті болып бөлінеді. Ол бронхтардың диаметріне тікелей байланысты болады.

Ірі көпіршікті сырылдар бронхит кезінде ірі бронхтар ішінде пайда болады, немесе кеңірдек ішінде, сол сияқты кеуденің сырылдауы өкпе ісінуі кезінде, агония кезіндегі (өлім аузындағы) науқастарда естіледі. Ірі көпіршікті сырылдар сұйык секреті бар, бронхпен қаты-насып тұрған өкпе қуысы үстінен де естілуі мүмкін. Ауа қуысқа өткенде ішіндегі сұйықтық көпіреді, көпіршіктер пайда болып кейде жарылады. Калибр жағынан бұл кездегі сырылдар ірі көпіршікті болады және ашық, сыңғырлап естіледі. Бұл жағдайда пайда болған дыбысты резонанс заңымен байланысты қуыс күшейтеді, сонымен қатар қуыс айнала дыбысты фонендоскопқа жақсы өткізетін, қабыну әсерінен пайда болған тығыздалу байқалады.

Орта көпіршікті сырылдар бронхит кезінде естіледі, ол орта калибрлі бронхтардың ішіңде пайда болады. Ұсақ көпіршікті сырылдарды есітудің тәжірибелік маңызы зор. Олар ұсақ бронхтарда, бронхиолаларда пайда бо-лады. Олардың шектелген аймақ үстінен естілуі қабыну үдерісінің брон-хиолалардан альвеолаларға тарап бронхопневмонияның дамуын көрсетеді. Ылғалды сырылдардың анықтығын, сыңғырлағыштығын анықтау өте қажетті (ашық па немесе дыбыссыз сырыл ма), бұл мәселенің диагности-калық маңызы өте зор. Бронхиттар кезіңде, қабыну үдерісіне бронх аймағындағы тіндер қатынаспаса, сырылдар дыбыссыз болады, бронх айналасындағы ауалы өспе тіні бронх ішінде пайда болған дыбыстарды басып тастайды. Бронх айналасындағы өкпе тіндері тығыздалса (бронхо-пневмония), дыбыс жақсы өткізіледі. Сонымен қатар, қуыс ішінде пайда болған сырылдар да ашық, сыңғырлаған дауысты болып естіледі.

Сықыр (крепитация ) ол экссудаты бар альвеола ішінде пайда болады. Альвеолалар ішінде экссудат болса, олардың қабырғалары дем шығарған фазада бір-біріне жабысады да, ал дем алу фазасының ең терең кезінде ажырасады.

Бұл дыбыс құлақ үстінен шаштарды бір-біріне үйкелегенде естілетін дыбысқа сәйкес келеді. Сықырды ұзақ уақыт төсекте шалқасынан жатқан қарт адамдардан, нашар халдегі жүрегі ауырған немесе жқпалы инфекциялық аурулардың өкпесінің төменгі бөліктерінен есіту мүмкін. Бұл жағдайларда сықыр тек бірінші терең дем алғанда естіліп кейін жойылады, яғни тұрақты емес. Басқа жағдайларда крепитация өкпенің өзінің зақымдануына байланысты бола-ды. Сықыр өкпе қабынуында, әсіресе крупозды пневмонияда, өкпе туберкулезінде, өкпе инфаркты және компрессиялық ателектазы кезіңде естілуі мүмкін. Сырылды ұсақ көпіршікті сырылдардан ажырату үшін мына жағдайды есте сақтау керек. Сықыр тек дем алу фазасында, әсіресе терең дем алғанда естіледі, ал ұсақ көпіршікті сырылдар әдетте дем алудың екі фазасында да естіледі. Сонымен қатар, сықыр жәй ғана жөтелгенде айқын анықталады, ал ұсақ көпіршікті сырылдар жөтелгеннен кейін естілмейді.

Өкпе қабының үйкеліс шуылы. Қалыпты жағдайда өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларының беті тегіс болғандықтан дем алған кезде бір-бірінің үстімен дыбыссыз жылжиды. Құрғақ плеврит кезінде плевра бетінде фибрин жиналады да плевра беті кедір-бүдір болады. Дем алған кезінде өкпе қабы бетінде үйкеліс шуылы пайда болады, аязды күні қардың үстінде жүргенде естілетін сықыр сияқты, немесе бір нәрсені тырнағанда естілетін дыбысқа ұқсас болады. Плевра үйкеліс шуылы дем алу үдерісінің екі фазасында да: дем алу жөне дем шығару кезінде де естіледі. Бәрінен де жақсы өкпе қабының үйкеліс шуылы өкпенің дем алудағы қимылдарының нағыз айқын жерінде, қолтық асты, артқы, ортаңғы, ал-дыңғы сызықтары бойымен естіледі. Кей кезде бұл шуыл өте қатты болғандықтан пальпация кезінде қолмен сезілуі мүмкін. Өкпе қабы үйкеліс шуылын ылғалды сырылдардан ажырату үшін науқасты жөтелдіру керек. Бұл жағдайда плевра үйкеліс шуылы өзгермейді, ал ылғалды сырылдар жойылуы мүмкін. Оларды бір-бірінен ажырату үшін тағы бір тәсіл жасауға болады. Дем шығарғаннан кейін, ауыз бен мұрынын жапқызып, құрсақты жиырып бұлтитады, бұл кезде кеуде пердесі төмен түседі. Осы кезде париеталды және висцералды плевра жапырақтары бір-бірінің үстімен жылжиды, егерде құрғақ плеврит болса оның зақымданған беттері кедір-бүдір болса, өкпе қабының үйкеліс шуылы пайда болады. Бұл кезде бронх арқылы ауа жүрмегендіктен, яғни альвеолаларға ауа кірмегендіктен, ьлғалды сырылдар мен сықырлар естілмейді. Өкпе қабының үйкеліс шуылын сықырдан ажыратуға мына белгілер көмектеседі: 1) өкпе қабының үйкеліс шуылы дем алу фазасының екеуінде де естіледі, сықыр тек дем алу фазасында және оның ең терең кезіңде; 2) кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді, ал сықыр өзгермейді; 3) өкпе қабының үйкеліс шуылы фонендоскопқа сықырдан жақындау естіледі.

Бронхофония стетоскоп немесе фонекдоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Науқастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары(ч, р) бар сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз ("қырық төрт", "бір шыны шай"). Фонендоскопты науқастың са-лыстырмалы аускультация жасаған орындарына қойып тындау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары естіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеуәдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпеде немесе өкпе қабы куыстарында патологиялық үдерістер кезінде бронхофония күшейеді, кейде оның әлсіреуі де мүмкін.

Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қа-бынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абсцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофония да күшейеді.

Бронхофонияның күшеюі каверна үстінен де анықталады, бұл жағдайда каверна куысы дыбыстың өзі резонанс заңы бойынша күшейтеді және өкпе куысы айналасындағы тыгыз. реактивті қабьнған өкпе тіні тығыз болғандықтан күшейген дыбыс құлаққа бронхофония, сонымен қатар компрессиялық ателектаз және ашық пневмоторакс кезінде анықталады. Бронхофонияның әлсіреуі дауыс дірілінің әлсіреуіне сәйкес келеді (экссудатты плеврит, гемо, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз). Бронхофонияның пайда болу жолы дауыс дірілінің пайда болуымен бірдей. Сондықтан да бұл феномендердің диагностикалық маңызы да бірдей. Айырмашылығы - дауыс дірілі пальпация тәсілімен, бронхофония аускультация тәсілімен анықталады

Тыныс алу жүйесі патологиясы кезінденгі лабораторлы және инструментальды диагностикасы. Өкпе тканінің тығыздалу синдромы.. Себептері. Синдромдары,олардың механизмдері. Диагностикалық

әдістері.

Тыныс алу мүшелерін тексеруде қолданылатын тәсіл 3 топқа бөлінеді;

1. аспапты тәсілдер; 2. лабораториялық тәсілдер;

3. дәрігерлік малипуляциялар (плевра және лимфа пункциялары).

Аспаптық зерттеу тәсілдеріне жататындар:

1. Рентгенологиялық зерттеуге

а) рентгеноскопия б) рентгенография в) бронхография

г) флюорография д) томография т. б.

2. Эндоскопиялық зерттеуге

а) трахеобронхоскопия б) торакоскопия

Функциональды зерттеуге

а) спирометрия б) спирографня в) пневмотахометрия

г) пневмоталография д) оксигемометрия е) оксигемография

ж) капнография,т. б.

Рентгенологиялық зерттеу Адам денесі арқылы рентген сәулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені байқайтын тәсіл рентгеноскопия деп аталады. Рентген сәулелері түскеннен пайда болатын бейнені фотографияға түсіру тәсілі рентгенография деп аталады. Ренттеноскопия және рентгенографиялық зерттеулердің көмегімен анықтай алатын тыныс алу мүшелерінің ауруларына жататындар:

1. өкпеде тығыздалған түйінде пайда болуы

а) пневмония б) түберкүлез в) қатерлі ісік т. б.

2. өкпе ауасының көбеюі (өкпе эмфиземасы)

3. өкпеде ауалы қуыстар барлығы (өкпе іріңдігі, түберкүлез кавернасы)

4. өкпе дәнекер тканінің өсіп дамуы (пневмосклероз)

5. плевра қуысында сұйықтық не ауа жиналу

6. өкпедегі бөтен денелер (ақ, т. б).

7. өкпе тамырлары қабырғаларының тығыздалуы және калыңдалуы (өкпе артериясының склерозы)

Флюорография. Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады.

Бронхография - бронхтың ішінде рентген сәулелері өтпейтін заттар жіберіп, бронх тарамдарының (бронх бұтасының) ренттендік суретін түсіру. Ол: 1. бронхтың қисаюын: 2. бронхоэктаздарды (бронхтың кеңеюі);

3. бронх өзегінің тарылуын табуға көмектеседі.

Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.)

Эндоскопиялық методтар Трахеобронхоскопия. Трахея мен бронхтың ішікі бетін әдейі құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобромхоскопия дейді. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т. б.) диагнозын қоюға көмектеседі.

Бронхоскоп көмегімен бронх және трахеяның, кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды.

Торакоскопия - тракоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Тракоскопия плевра ауруларын анықтау үшін колданылады.

Функциональды методтар Спирометрия —спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.

Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

1.Тыныстық көлем - қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500 см3 шамасында.

2.Қосымша көлем(тынысты ішке алудың қосымшарезерві)демдіқалыптыалға-ннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен 1500 см3

3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) - демді

қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның

көлемі. Шамамен 150см5

4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша)

шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000 см3.

5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдерді қосындысы өкпенің тіршіліктік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған ӨТС-ті тиісті ӨТС-н салыстырады. Қалыпты жағдайда бұл екі көрсеткіштің айырмашылығы ұ 15% - тен артық болмауы керек. ӨТС-тің өзгерісі өкпенің, жазылғыштығын сипаттайды. Сондықтан оның мөлшері өкпе кеңуіне кедергі туғанда азаяды:

1) өкпе эмфиземасы 2) пневмосклероз 3) пневмоторакс 4) гидроторакс

5) Іш қуысы қысымының көбеюі т.б. ӨТС бронх өткізгіштігінің азаюына да тән, бірақ бұл жағдайда да оның кемуі онша елерліктей емес.

6) Вотчал – Тиффно индексі. Ол индексті есептеп шығару үшін спирография тәсілімен 1 секундта тездетіп сыртқа шығарған ауаның (ТСША) көлемін анықтау керек.Пациентпен белгіленген ТСША-ның ӨТС-на қатынасы (ТСША ӨТС 100%) Вотчал-Тиффно индексі деп аталады. Бұл көрсеткіштің мөлшері негізінен бронх өзегінің өткізгіштігін сипаттайды. Қалыпты жағдайда Вотчал - Тиффно индексі 70%-тен төмен болуы керек.

Пневмотахомстрия. Демнің көлемдік жылдамдығын өлшеуді пневмотахо-метрия деп аталады. Демді сыртқа шығарудың көлемдік жылдамдығы еркек-терде 5 - 8 л/с, әйелдерде 4 - 6 л/с шамасында болады. Демді ішке алудың мөлшері аздау болады. Демді ішке алу мен іштен шығарудың өзара қатынасы = 1: 1,2 болады.

Пневмотахография тәсілімен өкпенің жазылғыштығын, эластикасыз (серпінділіксіз) кедергісін, демді жай және тездетіп алғандағы ауа толқынының көлемді жылдамдығын қағазға жазады.

Пневмотахометрия және пневмотахография тәсілімен бронх өзегінің өткізгіштігін анықтайды. Бронх өзегі өткізгіштігінің төмендеуі бронхитқа, тыныс демікпесіне, бронхтың сырттан қысылуына тән.

Оксигематрия және оксигсмография методтарымен қанның оттегімен қанығуын тексереді. Қалыпты жағдайда артерия қанының оттегімен қанығуы - 95% - ке, ал венар қанының қанығуы 60—70%-ке тән.

Лабораториялық әдістермен зерттеу Қақырықты зерттеу. Тексеруге ертеңгі қақырықты алу керек. Қақырыққа сілекейді араластырмай алу керек. Егер қақырык аз болса, оны бірнеше сағат не бірнеше тәулік бойында жинаған жөн.Қақырықты макроскопиялық және микроскопиялық жолмен тексереді.Макроскопиялық тексеру кезінде қақырықтың, көлемін, түсін, иісін және түрін анықтайды. Қақырықтың бұл өзгерістерінің клиникалық маңызы туралы жоғарыда айтылды. Қақырықты микроскопия жолымен қарау үшін қақырықтың екі түрлі (боялған және боялмаған) препаратын дайындайды.

Боялған препаратты бактериологиялық тексер үшін қолданады.

Жоғарыда көрсеткендей, қақырық тастау тек ауру жағдайда гана болады. Қақырықта жиі кездесетін элементтер:

1. Қақырықта лейкоциттердің, оның ішінде нейтрофия лейкоцитінің

көбеюі, қақырықтың іріңді түрін көрсетеді. Тыныс демікпесінің ұстамалы кезінде бөлінген қақырықта эозинофия болады.

2. Қырықта эритроциттің көбеюі қан түкіруге тән.

3. Қақырықта эластикалық талшықтардың табылуы өкпе тканінің

талқандалып бұзылуына тән (өкпе түберкүлезі абсцессі және гангренасы).

4. Шарко-Лейден кристаллдары - түссіз, сүйір бұрышты жалтыраған

ромбтар. Эозинофил талқан болғанда, оның заттарынан пайда болады.

Тыныс демікпесінде кездеседі.

5. Куршман спиралі (серіппелі) - муциннен тұратын, ұзындығы 1-2 см.

спираль. Бронхиолада пайда болады. Бронхиоладағы муцин бронхиола

түйіліп қалғанда, соның түрін қабылдап, шиыршықталады. Кейін

бронхиола кеңігенде қақырықпен бөлінеді. Куршман спиралі тыныс

демікпесінде кездеседі.

6. Өкпенің қатерлі ісігінде қақырықта «ісік клеткалары» пайда болады.

7. Құрамында қан пигменті гемосидерин бар (протоплазмада қоңыр-сары

түйіршектер) альвеолалық эпителийді жүрек ақауының клеткалары деп

атайды. Себебі олар жүректің митральды ақауларында қанның өкпеде

іркілуіне байланысты пайда болады.

8. Эхинококкте қақырықта эхинококктің хитин қабығы мен ширатылмасы

табылады.

Бактериоскопиялық тексеруде қақырықты екі жолмен Циль-Нильсен және Грамм тәсілдерімен бояйды. Өкпе ауруларына себеп болатын негізгі патогендік микробтар: пневмококк, стрептококк, стофилакокк, Фридлендер диплобацилласы, Пфейффер бациласы, туберкулез микобактериялары, саңырауқұлақтар және т.б.

Өкпе ауруларыньң диагиозын қоюда қанның жалпы клиникалық анализінің да маңызы зор.

Д иагностикалық манипуляциялар Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.

Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды (спирт, иод). Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала стрелизациядан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8—10 см, көлденең қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 8-ші не 9-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдарды өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тән болғаны сезіледі. Алынған сұйықтықтың түрін анықтау үшін оның тығыздық салмағын, құрамындағы белоктің мөлшерін, Ривальт реакциясын анықтап және пунктат тұнбасын микроскопия жасау керек. Плевра қуысынан алынған әр түрлі сұйықтықтардың ерекшеліктері:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: