Функциональды зерттеуге 12 страница

Астматикалық (түншығу) түрі. Миокард инфарктісінің бұл түрінде ауырсыну синдромын сол қарыншаның жедел жеткіліксіздігінің белгілері басып кетеді. Бұл түрі атеросклероздық кардиосклероз бар, гипертония ауруымен ұзақ ауыратын және егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Астматикалық түрі ауыр ағыммен өтіп, ауырғандардың 40 - 60% - і қайтыс болады.

Абдоминалдық (іш) түрі. Миокард инфарктісінің бұл клиникалық түрінде ауырсыну эпигастрий маңайынан басталып, төстің астына тарайды. Оған қоса жүрек айну, құсу, іш кеуіп, кеңейіп бара жатқандай сезім, асқазан, ішек шала салы қосылады. Кейіннен гемодинамика бұзылыстар байқалады. Миокард инфарктісінің абдоминалдық түрін тағамдық улы жұқпадан; асқазан жарасының тесілуінен; панкреатиттен ажырата білу керек. Кейде жедел миокард инфарктісі мен жедел панкреатиттің қабаттасуы кездеседі.

Аритмиялық түрі. Миокард инфарктісінің бұл түріне өмірге қауіпті жүрек ырғағының жедел бұзылулары тән. Оларға ерте қарыншалық экстрасистолия, қарыншалық тахикардия, қарыншалар бұлшық ет жыпылықтауы, сонымен қоса жыбырлы аритмия және жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жатады. Олардың ең қауіптісі қарынша бұлшық ет жыпылықтауы. Ұзаққа созылған аритмия сол қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен немесе кардиогенді шокпен аяқталуы мүмкін.

Церебралды (ми) түрі. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде ми қан айналымының бұзылуына тікелей байланысты. Ол ми ишемиясы салдарына пайда болатын жүрек айну, бас айналу, естен тану сияқты жалпы белгілермен мидың ошақты зақымдалуы белгілерімен білінеді. Әдетте бұл уақытша өзгерістер. Миокард инфарктісінің жедел кезеңі өткеннен кейін қалпына келеді.

Жасырын түрі. Миокард инфарктісінің клиникасы білінбей, ойламаған жерде ЭКГ арқылы табылады. Бұл түрі науқас ем алмай, төсек тартпаған салдарынан кейде қолайсыз аяқталады.

Миокард инфарктісінің клиникасы өлі еттенудің көлеміне байланысты сипатталады. Трансмуральды инфаркте ауырсыну өте қатты; кардиогенді шок, жүрек ырғағының бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі жиі кездеседі. Инфаркттің ауыр кезеңінде лейкоцитоз айқын білінеді. Әдетте лейкоцитоз ұзақтығы 3 – 5 тәулік. Лейкоцитоз төмендеген сайын, ЭТЖ жоғарылайды. Ол жоғары деңгейіне екі аптада жетіп, 1 – 1,5 ай сақталады. Бірақ лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы миокард инфарктімен ауырғандардың бәрінде кездесе бермейді. Қазіргі уақытта одан маңыздырақ әдіс қан сары су ферменттерінің белсенділігін анықтау қолданылады. Әдетті түрде АЛАТ, АСАТ көрсеткіштері көбейеді. Электрокардиография миокард инфарктісі дерт анықтамасының негізгі әдісі болып табылады. Оның көмегімен инфарктің орналасқан жерін, тереңдігін, көлемін, кезеңін анықтауға болады. Миокард инфарктісінің кезеңін SТ сегменті арқылы анықтайды: SТ сегменттінің көтерілуі сырқаттың жедел кезеңіне, ал төмен түсіп кетуі жеделдеу кезеңіне тән. Миокард инфарктісін электрокардиограммасында ажырату қиынға түскен жағдайда векторкардиограмманың маңызы зор.

Миокард инфарктісінің ағымында кездесетін асқынулар көбіне алғашқы 7 – 10 күнде пайда болады. Олардың ең қауіптісі кардиогенді шок, өкпе ісінуі, жүректің аневризмасы және жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылуы.

Кардиогенді шок негізіңде сол қарыншаның жиырылғыштық қызметінің бұзылуы жатады. Жүректің минуттық көлемі азаяды, қан қысымы төмендейді. Бұның салдарынан қан айналымы нашарлап, ағзалармен тіндердің гипоксиясына себепкер болады, шок дамиды. Шоктың негізгі белгілері: шеткергі белгілерге жатады – терінің бозаруы, көгеру, жабысқақ суық тер, аяқ – қолдың мұздауы, әлсіреу; басты белгілеріне – қан қысымының күрт төмендеуі, тамыр соғуының әлсізденіп, білінбеуі жатады. Сонымен қатар кардиогенді шоктың көпшілігінде ауырсыну синдромы және бүйрек жеткілісіздігі салдарынан олигурия, азотемия байқалуы мүмкін.

Өкпе ісінуі. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде кездесетін асқыну. Жүрек бұлшық етінің әлсізденуінен қан айналымы бұзылып, өкпе капиллярларында қан тоқырап, сары судың альвеоларда іркілуі, сол қарыншаның жиырылу қабілетінің күрт төмендеп, оң қарыншаның бұл қызметінің өзгермеуіне байланысты. Көгеру, өкпеде әртүрлі көпіршікті ылғалды сырыл пайда болып, науқастың тынысы тарылып, жиі – жиі бұрқылдата дем алады. Ауызынан қызғылт көбікті көпіршік ағады. Бұл жағдайды жүрек демікпесі деп атайды.

9 сурет. Миокард инфарктісінде ЭКГ- дегі өзгерістер

А - ишемиялық (гипоксия) кезең: ST- сегменті күрт көтерілген;

Б - өткір кезең: Q - тісі кең және терең;

В - жеделдеу кезең: Т- тісінің қалыпсыз және терең байқалуы

Г – қатаю кезең: паталогиялық Q - тісі сақталынған, Т- тісі кішірейген

Жүрек ырғағының бұзылуы. Миокард инфарктісінде жиі кездесетін асқыну болып табылады. Ол көбнесе миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарында кездеседі. Бұлардың ең қауіптілері қарыншалық экстрасистолалар және қарыншалық ұстамалы (пароксизмді) тахикардия.

Миокард инфарктісінің ең қауіпті асқынуы – жүрек бүлшық етінің жарылуы. Жүректен атқылаған қан перикард қуысын толтырып, науқас жүрек тампонадасынан қайтыс болады.

Миокард инфарктісінен кейінгі синдром. (Дресслер синдромы). Бұл синдром перикардит, плеврит, пневмонит үштігімен сипатталынады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, жүрек маңайы ауырсынып, дем алуы қиындайды. Перикардтың қабынуынан үйкеліс шуылы пайда болады. Осы белгілерге қосымша полиартрит, иық периартриті қосылуы мүмкін.

Біріншіден науқасқа жедел көмек көрсету, оның құрамына жандандыру шараларын өткізу, ауырсыну синдромын басу, өмірге қауіпті жүрек ырғағының бұзылыстарын тоқтату және науқасты дұрыс тасымалдау, тез ауруханаға жеткізу болып табылады.

Науқасты ауруханаға жеткізгенше дейінгі көрсетілетін көмекке жатады: толық физикалық, психикалық тыныштықты сақтау, науқас қимыл қозғалыс жағдайында болмауы тиіс. Тіл астына жедел 1 – 2 таблетка нитроглицеринді салу. Науқасты жансыздандыру маңызды болып табылады. Арнайы жабдықталған жедел көмек топтары азот тотығы мен оттегі қоспасы мен наркоз беріп жүрек ауырсынуын басуға болады. Осы мақсатты ұстана отырып көк тамырға немесе бұлшық етке Кушелев қоспасын, баралгин немесе наркотит дәрілерін қолданаған қажет. Қан қысымы төмендеп кетсе, мезатон 1% - 1мл немесе 0,5 – 0,1% адреналин ерітіндісін 0,5% глюкоза ерітіндісімен араластырып көк тамырға жібереді. Жүрек жеткіліксіздігі пайда болған жағдайда гемодинамиканың көрсеткіштеріне сүйене отырып, жүрек гликозидтерін қолданған абзал. Гипоксия жағдайында алмастыру мақсатымен оттегін қолданады. Қажетті жағдайда жандандыру шараларын өткізу керек (жабық жүрек массажы және жасанды дем алдыру).

Миокард инфарктісінде науқастарды кардиология бөлімшесіне жатқызып емдейді. Науқастарды ауруханаға зембілмен тасымалдау керек. Жолда науқастың жағдайын бақылап, қадағалап отыру керек. Қан қысымын өлшеп, тамыр соғуын анықтап, демін санап, аузындағы сілекейін сүртіп отыру керек. Оттегін береді. Ауруханада науқастың жалпы жағдайына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылады. Емдәмнің бұл аурудағы маңыздылығы тұзбен сұйықтықтың мөлшерін шектеу, жүрекке күш түспеуіне кепілдік туғызады. Қатаң төсек тәртібінде сақтауды естен шығармау керек. Емнің негізі - ол нитрат дәрілерін үздіксіз қолдану болып табылады. Сонымен қатар ауырсынуды басу мақсатымен жансыздандыру дәрілерін тағайындау (наркотиктер, Кушелев қоспасы, наркотикалық емес аналгетиктер) керек. Миокард инфарктісінің бірінші сағатынан бастап, қанның ұюына қарсы алғашқы үш – төрт күнінде гепарин ерітіндісін қолданады, содан соң гепариннен фибринолизинге ауысады. Жүректің ырғағының бұзылуын алдын алу ретінде калий дәрілерін қолданады (лидокаин, панангин, калий хлорид ерітінділері). Сонымен қоса симптомдық ем жүргізіледі. Миокард инфарктісі ұзақ мерзімді емді қажет етеді.

Алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады.Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Пациенттер функционалдық жағдайына байланысты диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Бастапқы кезеңінде кардиологпен апта сайын 1 рет қаралып отырады, содан кейін жарты жыл бойы айына 1 рет, ал соңында – жағдайына байланысты қаралады. Тұмауға қарсы иммунизация жүргізіп, пациенттің физиологиялық жағдайын күшейтіп, депрессиямен қозуға шек қойып, жүрек-тамыр асқынуларын алдын алған дұрыс.

Атеросклероз Атеросклероз – тамырлар қабырғасының ішкі бетіне липидтер мен кальций тұзының шөгуінен дәнекер тінінің дамып, кейіннен қатайып, тамырлар өзегінің тарылуымен бейнеленетін созылмалы ауру. Қан айналысының бұзылуына байланысты ағзаларда дистрофиялық, некроздық және склерозды дәрістер дамиды. Атеросклероз қазіргі кездегі жиі кездесетін аурулардың бірі болып есептелінеді.Үлкен қалаларда ауылды жерлерге қарағанда атеросклероздың жиілігі жоғары. Бұл айырмашылық тұрмыс қалпының, тамақтанудың, еңбектену және тектік ерекшеліктеріне, жүйке гормоналды мәнбірлерге байланысты. Кейінгі жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атеросклероздан өлімнің саны жоғарланған. Атеросклероздың себебі мен даму жолы әліде болса толық анықталынбаған. Оны көп этиологиялы ауру деп қарайды. Солардың ішінде клиникалық белгілерінің үдеуіне себепші қауіп мәнбірлері - әртүрлі липопротеидтердің жоғарылауы, артериалды гипертензия, темекі шегу, ұзақ уақыт жүйкенің күйзелуі, қантты диабет, семіздік т. б. Атеросклероз патогенезіндегі бастысы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық тінінің зақымдануы. Нәтижесінде тамырдың ішкі қабаты дәнекер тіндермен инфильтрацияланады, торшалардың іші сыртына липидтер шөгеді. Осы айтылған жағдайлар атеросклероздық түйіндер қалыптасады. Ауруларда атеросклероздың дамуы әртүрлі қарқынды және бір қалыпты болмайды. Патологиялық дәрістің өршу кезіңде атеросклероздық қатпарлы табақшалар қалыптасады, олардан жарақаттанумен қоса тромбтық салмақтар пайда болады. Тромбтардың қалыптасу дәрісіне қанның қоюлануының үдеуі мен оның ұюға қарсы қаситетінің бәсендеуі жағдай туғызады.

Атеросклероздың клиникалық ағымы екі кезеңге бөлінеді: алғашқы және клиникалық кезеңі. Соңғысы үш сатыдан тұрады: ишемиялық тромбо – некротикалық және склерозды. Бірінші сатысы, ағзалар мен тіндердің қан айналысының жеткіліксіздігі қайтымды дистрофиялық дәрістермен және ағзадан функционалды өзгерістермен бейнеленеді. Екінші сатысы, қан айналысының айқынырақ түрде нашарлануынан және тромбылардың пайда болуынан кері даму(дегенерациялы) және некрозды ошақтар қалыптасады. Үшінші сатысында, зақымдалған ағзаларда кері дамыған некроздық өзгерістерден кейін тыртықты – дәнекер тіні дамиды. Әр сатысы өзіне сәйкес клиникалық белгілерімен сипатталынады. Сатылар араларында әртүрлі ауыспалы кезеңдері болады. Атеросклероздың клиникасы дәрістің басым шоғырланған орыны мен аурудың даму ағымын ауырлататын мәнбірлердің болуымен (артериалды гипертония, тромбоздар) анықталады. Атеросклерозда ағзаның барлық мүшелері зақымданады, бірақ олардың ішінде бір жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді.

Қолқа атеросклерозы. Атеросклероздың артерия жүйесіндегі жиірек дамитын орыны қолқа мен оның ірі тармақтары. Олардың клиникалық белгілері, сәйкес келетін ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ірі тармақтардың осы дәріске тартылуына байланысты. Қолқаның жоғарғы бөлігінің өзгерістеріне тән белгілерінің бірі қолқаның серпімділігінің төмендеуінен пайда болатын симптомдық гипертония. Атеросклероздық гипертония систолдық қысымның жоғарылап, диастолалық қысымның қалыпты болуымен сипататалады. Атеросклерозды дәрістің қолқаның іш бөлігінде орналасуы жиі кездеседі. Оның симптомдары орыны мен айқындылығына, зақымдалған тармақтарына, тромбдардың пайда болуына байланысты. Атеросклероздық қатпарлы табақшалар ыдырағанда одан бөлініп шығатын атероматозды салмақтар артериялық тармақтар өзегін бітеуінен соларға сәйкес белгілер пайда болады. Жүрек тамырлары зақымданғанда жүрек қыспасының ұстамасы, миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Ми тамырларының зақымдануы да жиі кездеседі. Атеросклероздық өзгерістер іш құысының мүшелерінде де байқалады. Сипалағанда іштің бұлшық еттерінің шамалы қатайғандығы және жоғарғы бөлігінің ауыратындығы байқалынады. Осы айтылған белгілердің қосындысын “іш қыспасы” деп атайды және ол ас қорыту ағзаларына қажетті қан мен келетін қан мөлшерінің сәйкес келмеуінен туындайды. Қарағанда байқалынатын үдемелі қатты болатын ауырсынудың қарқындылығы мен іштегі объективті симптомдар сәйкес келмеуі. Мезентериалды тамырлардың тромбозы ішектің гангренасымен аяқталып, іш пердесінің қабынуы мүмкін.

Бүйрек артерияларының атеросклерозы. Негізгі клиникалық белгісі – симптомдық артериалды гипертония,. Бүйрек артериясы тым айқын тарылғанында немесе толық бітелуінде гипертония тұрақтылығымен және қан қысымының жоғарғы көрсеткіштерімен сипатталады. Бүйрек артериясының тромбозында іш пен бел тұсы ауырсынады, ауыру кенеттен пайда болып, бірнеше сағаттан күндерге дейін созылады. Жүрек айну және құсу сияқты диспепсиялы синдромының болуы мүмкін. Жиі несепте ақуыз, эритроциттер болып және гематурия айқын байқалынады.

Аяқ тамырларының атеросклерозы. Негізгі белгісі – жүргенде пайда болатын аяқтарының немесе бір аяқтың ауратындығы. Ауырғаны ұстамалы және жиі балтыр бұлшық етінде, табанда, сирегірек санда болады. Ауырғандығын басу үшін науқас тоқтап тұруға мәжбүр болады (“ұстамалы ақсақтық”). Басқа симптомдарына аяқтарының тоңғақтығы, жалған сезім жатады. Зерттеп қарағанда зақымданған аяқтары салқын, терісінің түсі өзгерген (ақтығы “мрамор” түсті), құрғақ және оның жұқарғаны байқалады. Кейінгі сатыларыда аяқтың бармақтарында, өкшеде, сирақтың алдыңғы бетінде құрғақ және ылғалды трофикалық жаралар пайда болады. Аяқ артериясын сипалағанда тамыр соғуының әлсіздігі немесе жоқтығы анықалады. Атеросклероздың қатпарлы табақшалар қолқа айырығында немесе мықын артерияларының тамыр соғуы анықталынбайды.

Атеросклероздың біріншілік алдын алуы артериалды гипертензияда, қант сусамырында, семіздікте жүргізіледі. Көпмәнбірлі алдын алудың мақсаты тұрғындарға келесі медициналық ақпаратты қарастыру:

1 жағымсыз қылықтардан арылу: шылым шегу, ішімдік ішу, аз қимылдау;

2 мамандығына, дене салмағына, жынысына байланысты рациональды тамақтануды қатаң ұстау;

3 әр адам өзінің артериальды қан қысым көрсеткішін білу керек, егер ол жоғары болса, дәрігердің бақылауымен оны қалпына келтіріп отыру керек;

4 жанұясында қант сусамыры, семіздік бар адамдар міндетті түрде тексеріліп отыру керек, тек сонда ғана ерте кезде аурулардың жасырынды түрлерін айқындауға болады, яғни ерте кезде ем қағидаларын қолдануға болады;

5 үнемі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын, қатты толқуда жүретіндерге міндеті мен мамандығын дұрыс ойланып таңдау керек;

6 жұмыстан бос уақытты тиімді пайдаланып, ішкі толқуды шығарып үйреніп, өзін дұрыс түнгі ұйқымен қамтамасыз ету.

Атеросклероздың көпмәнбірлі алдын алуы жақсы ұйымдастырылса, оның әсері жағымды болып шығады. Ол үшін оған әрбір жеке адам және тұрғындар белсенді қатысу керек.

Артериалды гипертензия Артериалды гипертензия - артериалдық қан қысымның көтерілуі және жүрек жұмысының нашарлауы. Дамуына байланысты екі түрі бар. Эссенциалды (біріншілік) артериалдық гипертензия - бұл ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат (гипертониялық ауру). Симптоматикалық (екіншілік) артериалдық гипертензия – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары) артериалдық қысымның көтерілуі. БДҰ – ның келісімі бойынша артериалдық қысымның көтерілуі, шамамен (жасқа қарамастан) 120/80– 139/89мм сынаб бағаны бойынша көрсетілген көрсеткіш болып табылады. Ал артериалдық қысым 140/90 болса, онда адамға “қауіп төндіруші” болып табылады. Артериалды гипертензияның себебі әлі толық және нақты анықталмаған. Артериалды гипертензия орталық жүйке жүйесіне көп психикалық күш түскеннен, жүйке – психикалық жарақаттан кейін, әр түрлі тұқым қуалайтын патологиялық аурулардан дамуы мүмкін. Артериалды гипертензияға ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылуы, шылым шегу, көп мөлшерде тағамға ас тұзын қолданғанда, жеткілісіз ұйықтап тынықпаған кезде, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және (мамандығына қатысты) жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалар мәнбірлері әкеліп соғуы мүмкін.

Артериалдық қысым денгейінің жіктелуі 4 бейнелеме

Сатысы Систолдық Диастолдық
Оптималды <120 < 80
Қалыпты <130 <85
Көтеріңкі қалыпты 130-139 85-89
  Г и п е р т о н и я  
Шектелген 140-149 90-94
І дәреже (жұмсақ) 140-159 90-99
ІІ дәреже (орташа) 160-179 100-109
ІІІ дәреже (ауыр) >=180 >=110
Шектелген систолалық гипертония >=140 <90

 

Артериалды гипертензияда нысана мүшелердің зақымдалуы байқалады: жүрек, ми, көз түбі, бүйрек.

Іш мүшелерінің зақымдалуына байланысты артериалды гипертонияның үш кезеңін айқындауға болады.

І кезең. Қан қысымы –140/90 – 159/99 с.б.б. Артериалдық қан қысым әр түрлі қолайсыз жағдайларда тұрақсыз болып, содан кейін өз бетімен қайтадан қалпына келуі. Ішкі ағзалардың өзгерістері (әсіресе сол жақ қарыншаның үлкеюі) байқалмайды.

ІІ кезең. Қан қысымы –160/100 – 169/109 с.б.б. Артериалдық қысымды түсіру үшін дәрілерді қолданады. Сол жақ қарынша айқын түрде үлкейеді (бұл екінші кезең мен бірінші кезеңді айыруға көмектесетін маңызды және нақты болып табылады)

ІІІ кезең. Қан қысымы –180/110 с.б.б. жоғары. Артериалдық қысым өте қатты түрде және жиі көтеріледі. Мұнда ми қан айналысының бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі, жиі түрде бүйрек жетіспеушілік асқынулары болуы мүмкін. Артериалды қысым болған асқынулардан кейін өз бетімен қалпына келуі мүмкін, сондықтан артериалдық гипертония артериалдық қысымның үшінші кезеңіне тән белгі болып табылады.

Науқастың артериалдық қысымының көтерілуіне байланысты бастың ауры негізгі шағым болып табылады. Жиі бастың ауруы таңертеңгі кезде білініп, шүйде маңайына шоғырланады. Науқастар дұрыс ұйықтай алмайтындығына, жиі қозғыштығына,жұмысқа деген және есте сақтау қабілетінің төмендігіне шағымданады. Содан соң физикалық күш түскенде жүректің ауырсынуы, демікпеге шағымдар пайда болады. Кейбір науқастарда үнемі артериалдық қысым болғандықтан көз көру қабілеті бұзылады. Бірақта, ұзақ уақытқа созылған артериалдық қысымның болуына қарамастан, науқастардың көбінде асқынуы дамығанша ешқандай шағымдарды айтпауы мүмкін.Ұзаққа созылған бүйрек үсті, бүйрек, ұйқы безі артерияларының жиырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қолқада, коронар қан тамырларында, ми қан тамырларында атеросклероз өте қатты түрде дамиды. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Ал науқасты тексергенде артериалды қан қысымы жоғары болады. І кезеңде тек қана артериалдық қан қысымы көтеріледі, ал ішкі ағзадаларда өзгерістер байқалмайды. ІІ кезеңде артериалдық қан қысымы жоғарылап қана қоймайды. Сонымен қатар сол жақ қарыншаның үлкеюі байқалады. Бұл кезде бүйректе патологиялық дәрістің белгілері білініп, науқастың зәрінде ақуыздың ізі, эритроциттер пайда болады (бүйректе атеросклероз дамиды). Емдеу кезінде дәрілерді қолданған жағдайда бүйректің тамырлары жиі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. ІІ кезеңде де коронарлық артерияларда атреосклероз дамиды. Бұл стенокардияның ұстамасы мен сипатталады: физикалық күш түскенде кеуденің қысып ауырсынуы. ІІІ кезеңінде миокард инфарктісі, сонымен қатар ми қан айналысының бұзылысы (ауыспалы немесе шектелген парез және паралич сияқты белгілері) дамуы мүмкін. Көздің көруі күрт төмендеп немесе көз көруі қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Аурудың ағымында артериалдық қан қысымы тез арада жоғарлап сырқат гипертониялық кризбен қайталанбалы түде сипатталуы мүмкін.

Криз дегеніміз қан қысымының күрт көтеріліп, науқаста бас шағымдарының пайда болуы. Криздің екі түрі бар. Бірінші түрі (адреналды) – тез басталумен мінезделеді, вегетативті өзгерістер басым. Науқаста қысқа мерзімде тынышсыздық, сескеншілік, діріл мен тершендік білініп, жүрек қағысы жиілейді, ентігу пайда болады. Екінші түрі (норадреналды) жәй басталып ұзақ уақытқа созылады. Негізінде гипертензиялық энцефалопатиямен сипатталынады. Науқастың басы қатты ауырады, құсу білінеді, көзінің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін. Артериалдық қан қысымы ми қан айналысының бұзылуы бір мезетте болған жағдайда науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, жүріс – тұрысы өзгереді. Ауыр жағдайда миға қан құйылуы мүмкін – инсульт. Гипертониялық криз кезінде жүрек демікпесі немесе миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Артериалды гипертензия баяу қарқынмен өтуі мүмкін (қатерсіз түрі). Кейде артериалды гипертензияның қатерлі түрінің симптомдары тез арада байқалады. Аурудың бұл түрі екі – үш жылға созылып өлімге әкелуі мүмкін. Артериалды гипертонияның қатерлі түрі тез дамиды және тұрақтана бастайды. Содан ауру білінген соң сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалады, көздің түбіндегі артериялары өзгереді (көздің торлы қабаты тез жиырылады). Тез арада бүйрек жетіспеушілігінің белгілері байқалып, нефроангиосклероз дамуы мүмкін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: