Жеке меншік клиникалар 1 страница

С.М. КАБИЕВА, А.Т.ТУЙМЕБАЕВА, Н.Т.АБИЛЬДИНА,

С.У.ЖУНУСОВА,Г.Л.АЛИШЕВА

 

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ

Оқулық

Том I

 

Қарағанды 2015

УДК 616.08

ББК 53.5я7

К 42

 

Пікір берушілер:

В.Б.Молотов-Лучанский – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, медицина ғылымының докторы, профессор.

Қ.А.Алиханова– Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздіксіз кәсіби жетілдіру факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор.

К.Ж. Ахметов– Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы.

 

К 42 Клиникаға кіріспе: Оқулық, том I. – Қарағанды – 2015 – 266 б.

ISBN

Оқулық «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы МЖОС сәйкес әзірленген және осы пән бойынша типтік бағдарламада көрсетілген тақырыптар бойынша ақпараттық материалдарды қамтиды. Оқулықта пациенттердің функциональдық жағдайының көрсеткіші, емдеу – алдын-алу мекемелерде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртібінің аспектілері баяндалған. Көбінесе пациенттерді бақылау және күту сұрақтарына көңіл бөлген, емдеу және диагностикалық іс-шаралар кезінде іс-әрекеттердің оңтайлы бірізділігі ұсынылған. Материалдарды жақсы меңгеру үшін теориялық мәліметтер суретермен толықтырылған.

Ұсынылған оқулық С.М. Қабиеваның авторлармен бірге қайта өңделіп толықтырылған орыс тіліндегі оқулықтың аудармасы. Оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының «Жалпы медицина» мамандығының 1-2 курс студенттеріне арналған және авторлармен қайта өңделіп, орыс тілінен аударылған.

УДК 616.08

ББК 53.5я7

 

ҚММУ Білім беру комитетінің мәжілісінде талқыланды және құпталды

Хаттама № 6 05.02. 2015 ж.

ҚММУ Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды және құпталды

Хаттама № 5 10.02. 2015 ж.

ҚММУ Оқу Кеңесінде басылымға бекітілді және нұсқалды

Хаттама №623.01. 2015 ж.

© Қабиева С.М., Түймебаева А.Т.,

Абильдина Н.Т., Жүнусова С.У., Алишева Г.Л.

© ЖШС «Эверо», 2015

МАЗМҰНЫ

Қысқартылған сөздер тізімі ……………………………………..............7

АЛҒЫ СӨЗ. ……………………………...................................................8

ТАРАУІҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ...........................10

1. Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері…….................10

1.1 Медициналық көмектің түрлері........................................................10

1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері............................................11

2. Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері................................13

2.1 ЕАМ амбулаторлық түрі....................................................................14

2.2 Стационарлық типтегі мекемелер.....................................................17

3. ЕАМ жұмысын ұйымдастыру............................................................20

3.1 АМСК жүйесінің жұмыс принципі..................................................20

3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері.......................22

3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері.................24

4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру.............................................25

4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс принцпі..........................................26

4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі................................................29

4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері...................................32

4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері...........................................33

4.5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері...........................................34

4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі).................................................................................................36

4.7 Стационарлық көмектің көрсетілу кезектілігі...............................37

ТАРАУІІМЕЙІРБИКЕЛІК ҮДЕРІС................................................42

1. Мейірбикелік үдеріс кезеңдерінің мінездемесі............................42

1.1 Мейірбикелік үдерістің бірінші кезеңі.............................................42

1.2 Мейірбикелік үдерістіңекінші кезеңі..............................................43

1.3 Мейірбикелік үдерістіңүшінші кезеңі.............................................47

1.4 Мейірбикелік үдерістің төртінші кезеңі..........................................48

1.5 Мейірбикелік үдерістіңбесінші кезіңі..............................................49

ТАРАУІІІАУРУХАНАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ...........51

1. Инфекциялық қауіпсіздік.................................................................51

1.1 АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары...................................51

1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары..............................52

1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар.....................................53

1.4 Аурухана ішілік инфекция себептері мен дамуы............................53

1.5 АІЖ жататын аурулар........................................................................54

1.6 АІЖ алдын-алу...................................................................................55

2. Санитария және эпидемияға қарсы тәртіп.........................................56

2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері............................57

2.2 Қызметкердің гигиенасы.................................................................59

2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу).....................................................60

3. Дезинфекция.........................................................................................66

3.1 Дезинфекцияның түрлері...................................................................66

3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі......................................67

3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі...................................................67

3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі....................................................69

3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі

(химиялық құрылымына байланысты)...................................................70

3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген

дезинфекциялық құралдар.......................................................................73

3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы.....................76

3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары...................................................................................................77

3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек............................................................................................78

3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі..............................................80

4. Стерилизация........................................................................................80

4.1 Медициналық тағайындау құралдарын деконтаминациялау кезеңдері....................................................................................................82

4.2.Стерилизацияның түрлері және әдістері..........................................87

4.3 Стерилизацияның булық әдісі...........................................................88

4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі....................................................91

4.5 Стерилизацияның химиялық әдісі....................................................92

4.6 Стерилизацияның газды әдісі...........................................................92

4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері...................................94

5. Медициналық қалдықтар.....................................................................94

5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі............................................96

5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері.....................99

6. Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта...................................102

6.1 Емдеу-қорғау тәртібі......................................................................102

6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі.........................103

6.3 Биомеханика туралы түсінік...........................................................104

6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері...........................108

6.5 Зеңбілмен тасымалдау.....................................................................111

6.6 Орындық - арбамен тасымалдау.....................................................120

6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері.......................................123

6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу.....................................132

ТАРАУIVФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ..........135

1. Адамның негізгі қажеттіліктерінің сипаттамасы..........................135

2. Науқастың жалпы жағдайы..............................................................140

3. Ес жағдайы.........................................................................................142

4. Науқастың төсектегі қалпынің түрлері...........................................144

5. Антропометриялық өлшеу әдістері.................................................146

6. Термометрия......................................................................................151

7. Тері қабатының жағдайын бағалау.................................................161

8. Тыныс алу жағдайын бағалау..........................................................163

9. Пульс және оның қасиеті.................................................................167

10. Артериалды қысымды зерттеу.........................................................170

11. Су тепе-теңдігін анықтау.................................................................177

ТАРАУVПАЦИЕНТТІҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫ..........................179

1. Қабылдау бөлімінде пациентті санитарлық өңдеу.....................179

1.1Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау.............................179

1.2 Шашты қысқарту............................................................................181

1.3 Қыру...................................................................................................181

1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру...............................182

2. Халі ауыр науқастар күтімінің принцптері.................................186

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру........................187

2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру............................190

2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері..........................................191

2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер.................................................................................................193

2.5 Тері күтімі.........................................................................................197

2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау...........................198

2.7 Төсекте аяқты жуу............................................................................210

2.8 Тырнақ күтімі....................................................................................211

2.9 Ауыз қуысы күтімі...........................................................................212

2.10 Шаш күтімі......................................................................................217

2.11 Көз күтімі........................................................................................219

2.12 Мұрын күтімі..................................................................................222

2.13 Құлақ күтімі....................................................................................223

2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек...........225

ТАРАУVІНАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ........................234

1. Негізгі тағам ингредиенттері.............................................................234

2.Тамақтану тәртібі................................................................................242

3. Емдік тамақтандыру...........................................................................243

4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру...........256

4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру....................................256

4.1 Жасанды тамақтандыру....................................................................258

ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................264

Қысқартылған сөздер тізімі

ҚҚ - қан қысымы

АИТВ - адам иммунитет тапшылық вирусы

ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымы

ЖОО - Жоғарғы оқу орыны

ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

МТҚ - Медициналық тағайындау құралы

ҚЖҚ - Қауіпсіз жою қорабы

ЕАМ - Емдеу-алдын-алу мекемесі

ҚР ДМ - Қазақстан Республикасының денсаулықсақтау министрлігі

МСБ - медициналық-санитарлық бөлім

БМСК - біріншілік медико-санитарлық көмек

АҚТМ - артериалды қысымының сөткелік мониторы

СНжәне Е- санитарлық нормалар және ережелер

ЖИТС - жүре пайда болған адамның иммунды тапшылық синдромы

ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі

ТҚЖ - тыныс алу қозғалыс жиілігі

АЛҒЫ СӨЗ

Медицина – халыққа жақсы сапалы, уақытылы медициналық көмекті және азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын қамтамасыз ететін мемлекеттің қызметтік саласы. «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау саласын дамытудағы стратегиялық міндеттемелерді анықтайды. Халықтың денсаулық жағдайының деңгейі, өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриалды дамуының өлшемін анықтайды. Денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік шаралар жиынтығы 2020 жылға қарсы ана және нәрестелік өлімді екі есе төмендетуі, жалпы өлімді 30 % азайтуы, туберкулезбен ауруды 20% қысқартуы қажет [1, 9].

Қазақстан Республикасындағы жаңа заман денсаулық сақтау жүйесінің реформалаудың бірден бір бағыты – отбасылық маңызға сүйемелденген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мен жаңашаландыру болып табылады.

Осыған байланысты алғашқы медициналық көмекті көрсету деңгейіндегі басты тұлға – жалпы тәжірибелі дәрігер (отбасылық дәрігер). Жалпы тәжірибелі дәрігер – кең салалы маман, госпитальға дейінгі деңгейде жедел жәрдем мен түрлі ауруларда кең салалы көмек көрсете алатын әмбебап дәрігер. Обасылық дәрігер қызметін қалыптастыру – ауруды ерте сатысында анықтау, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттің еңбекке қабілеттілік әл-ауқатын сақтау, ерте жастағы өлім деңгейін төмендетуге бағытталған[1, 2, 3].

Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалардың орындалуы әсерлі болуы үшін алдымен мамандандырылған медициналық білім беру жүйесіне өзгертулер енгізу қажет. Студент 1-2 курстағы іргелі пәндермен қатар, болашақ дәрігердің мамандардырылған қызметінде қолданылатын медициналық білімдердің негізін де ұғынуы керек. Осыған орай, Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-ның істегі оқу жоспарына «Клиникаға кіріспе» атты жаңа пән енгізілген болатын.

Бұл медицина университеті студенттеріне арналған алғашқы клиникалық пән. Клиникадағы бірінші қадамға көп нәрсе байланысты. Осы пәнмен студент мамандықты таңдау шешімінің дұрыстығы, кәсіби этика ережелері мен нормаларын орындау қажеттілігі жайлы түсінік қалыптасуы керек. Клиникаға келген студент - оған қоршаған қауым медициналық мамандық өкілі, болашақ дәрігерлердің жаңа заманы ретінде қарап жатқанын ұмытпауы тиіс[4].

Бұл пән негізгі пәндерге жатқызылып (жалпы кәсіби), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриаттың 1-2 курс студенттеріне арналады. «Клиникаға кіріспе-1» пәні студенттерді емдеу-алдын-алу мекемелердің жұмысын ұйымдастыру негізімен, ондағы санитарлық-эпидемиологикалық тәртіпті қамтамасыз ету, науқастарды күту мен бақылаудағы білім мен әдістермен таныстырады. Ал, «Клиникаға кіріспе-2» пәні студенттерді клиникадағы науқастарды бақылау мен күтім көрсетудегі қажетті манипуляциялық техниканы үйрену, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі қағидаларын үйретеді.

Науқастарды күту үрдерісін екінші реттік, «медицинаның өгейі» деп қабылдауға болмайды. Бұл шартсыз – аурумен күресудің нәтижелі болуы екіталай. Науқасты күту оларға қарасты көмектің бірқатар аспектілерін қамтиды. Бұл науқастың функционалдық жағдайын бақылау ғана емес (жалпы жағдайды бағалау, антропометриялық зерттеулер, тыныс алуды, қан айналым жүйесін бағалау), сонымен қатар танымал медициналық манипуляциялар (егулер, асқазан жуу, клизма қою, термометрия және т.б.). Дәрігер қызметіндегі маңыздысы – аурулардың синдромдық диагностикасын жүргізуді анықтау мен науқас жағдайын динамикалық бақылау болып табылады [5-8, 24].

Реанимация негіздерін оқыту да медициналық білімнің кез келген деңгейінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы оқу әдістемесінде студенттер түсінікті түрде терминалды жағдайлар, клиникалық және биологиялық өлім мен науқастардың осы санатына ургентті көмектің тәсілдерімен танысады.

Дәрігер өзінің болашақ кәсіби қызметі барысында тек нұсқауларына ғана жауапкершілік алмай, сондай-ақ медициналық ұжымның көшбасшысы ретінде кіші және орта персоналдың жұмысын ұйымдастыруы керек. Жалпы тәжірибелі дәрігер қызметінің ерекшелігі кешенді медициналық көмек көрсетуге қажетті оңтайлы кәсіби даярлықты талап етеді.

 

ТАРАУІ

ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ

 

1. Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері

Денсаулық сақтау – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, ауруларды емдеу және алдын-алу және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылатын жүйе.

Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін заңгер тұлғалардың қызметін қамтиды.

1.1 Медициналық көмектің түрлері:

1) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

2) Біліктілікті медициналық көмек;

3) Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;

4) Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

5) Медициналық -әлеуметтік көмек.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.

Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.

Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «жеке мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда әр сала мамандарымен жүзеге асырылады.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда бейінді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).

Медициналық-әлеуметтік көмек – қоршаған орта үшін қауіәпті болатын, әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға бейінді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В,С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар, балалардың церебральді сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.

1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері

Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық көмек.

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастырушы көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитарлық авиация;

6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;

7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация;

8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім;

9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды:

1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;

2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;

3) санитарлық-ағарту жұмысы.

АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.

Кеңестік-диагностикалық көмек – тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: