Жеке меншік клиникалар 4 страница

· Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.

· Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.

· Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

· Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.

· Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.

· Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санаторлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.

· Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.

· Ауруларды емдеу мен алдын-алудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.

· Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкердің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

· Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды[18].

Медициналық ұжымдағы сәтті қызмет – дәрігерлердің орта және кіші мед.қызметкерлерімен өзара сыйластығына байланысты келеді. Мейірбикелер мен санитарлар науқастармен күні-түні қатынаста болып, аурудың жаңа белгілерін байқай алады. Мейірбикелер науқастардың жағдайының ушығуын уақытылы байқау арқасында дер кезінде көмек көрсетіліп, қаншама адамның өмірі сақталған. Осыған орай дәрігер өз көмекшілеріне деген қарым-қатынастың қызметтік түрін нығайтып, мейірбикелік үдерістің дұрыс ұйымдасуына жәрдемдесуі міндетті.

Бөлімшеде аға мейірбике жұмысының маңызы зор. Аға мейірбикеге барлық мейірбикелер, кіші медицина және күтуші қызметшілер бағынады. Бөлімшедегі науқасқа медициналық көмек көрсету сапасы аға мейірбике жұмысының ұйымдастырылуына байланысты[18].

4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері

· Бөлімшедегі орта және кіші мейірбике жұмысын ұйымдастырады және олардың өз қызметін орындауын бақылайды.

· Дәрігерлердің жұмысына қалыпты жағдайды және бөлімшедегі жалпы тәртіпті қамтамасыз етеді.

· Орта және кіші медицина қызметкерлер кадрлерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.

· Бөлімшені медициналық құралдармен, медикамент-термен, науқасты күту құралдарымен, жиһаздармен жүйелі түрде қамтамасыз етеді және олардың қолдануын бақылайды.

· Мейірбикелердің дәрігер тағайындауын толық және уақытында орындауын бақылайды.

· Қайта түскен науқастарды санитарлы өңдеу сапасын бақылайды.

· Науқастарды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

· Мейірбикелердің медициналық құжаттармен дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.

· Орта және кіші мейірбикелердің санитарлы - эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз етеді және бақылайды.

· Қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден уақытында өтуі бақылайды.

· Бөлімшедегі өртке қарсы жағдайды бақылайды, еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіз техниканы сақтауды бақылайды.

· Орта және кіші мейірбикелердің біліктіліктерін жоғарлату жоспарын құрады және оның орындалуын бақылайды.

· Орта және кіші мейірбикелерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.

· Аурухананың Мейірбикелер Кеңесі жұмысына және мейірбикелерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.

4.5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері

· Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің тиімділігін бағалайды.

· Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді.

· Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге асырады.

· Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.

· Әртүрлі жастағы және әртүрлі ақауы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар комплексін, ағзаға дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.

· Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.

· Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады.

· Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуді жүзеге асырады.

· Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие бойынша үгіт насихат жүргізеді.

· Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтайды[18, 25].

Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы

Кезекшілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып табылады. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдайы тексеріледі. Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.

Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.

Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.

Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша журнал тексерілуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жағдайы ауыр науқастар тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильді түрде тапсырылады. Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының орындалуы туралы баяндалады.

Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар, шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.

4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі)

· Мейірбикенің жетекшілігімен өзінің міндеттерін атқарады.

· Пациенттің психофизиологиялық жағдайы, емге және емшараларға реакциясы тіркеліп бағаланады.

· Үйде және емдеу алдын-алу мекемесінде науқастарды күту және жағдайын бақылау мен бағалауды жүзеге асырады.

· Алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативті көмек көрсетеді, зертханалық тексеруге материал жинауды жүзеге асырады.

· Аспаптарды, таңу және науқасты күту құралдарын зарарсыздандыруды орындайды.

· Науқасты күту бойынша барлық іс-шаралар комплексін, ағзаға дәрі енгізуді жүзеге асырады.

· Тіркеу-есепке алу бойынша медициналық құжаттарды жүргізеді.

· Бөлмелердің таза болуын қамтамасыз етеді.

· Науқастарды күту құралдарын дұрыс қолдану және сақтауды бақылайды.

· Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздікті, санитарлы эпидемияға қарсы режимдісақтайды [18].

4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі

Науқастың стационарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша жатқызылуы[12]:

1) БМСК мамандарының жолдамасы және Порталжатқызылу бюросы арқылы жүзеге асады.

2) шұғыл көрсеткіштері бар болса, мамандардың жолдамаларынсыз жатқызылады.

Стационарға жоспарлы жатқызылу науқастың стационарға келуінен кейін 30 минут ішінде жүргізледі. Шұғыл жағдайларда науқас стационарға медициналық мекеменің санитарлы автотранспортымен, жедел медициналық көмектің станциясымен және медициналық қызметкермен бірге санитарлы авиациямен жеткізіледі. Басқа жағдайларда науқастар стационарға ішкі істер қызметкерлерімен немесе азаматтарымен жеткізіледі[13].

Стационардың қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы қабылдау жүргізіліп, науқастардың шұғыл түрдегі немесе жоспарлы медициналық көмекке тіркеу орнатылады. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсетілу кезінде:

1)науқастың жеткізілгенінен кейін 10 минут ішінде, ал өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде салалы маманмен қаралуы;

2) қарау нәтижесіне байланысты науқастың ауруханаға жатқызылуы немесе амбулаториялық немесе стационар алмастырушы жағдайда, ақпараттың тұрғызылған орнына байланысты БМСК-ке жіберілуі орнатылады;

3) стационарлы емдеуді қажет етпейтін науқастарға амбулаторлы-емханалық жағдайларда емделуге ұсыныс беріледі.

Науқасты стационарға жатқызу жағдайында:

ü Медициналық карта тағайындалу парағымен толтырылады.

ü Медициналық картаға емделушінің жалпы жағдайы жазылады, егжей-тегжей және дәйекті түрде шағымдары, ауруға шалдығудың анамнезі және өмірбаяны, объективті тексеру - деректері, айқынды паталогиясы, орындалған лабораториялық және функционалдық зерттеулері, клиникалық белгілері, алдын-ала қойылған диагноз, диагностикалық және емдік іс-шаралар жазылады, емделушіден емдік-диагностикалық іс-шара жасауға жазбаша келісім алынады.

ü Егер пациент медициналық көмекке жүгінген кезде алкогольды, наркотикалық немесе токсикалық улану белгілері кездессе, онда медициналық қызметкер науқастың медициналық картасында бұл туралы белгі қойылады.

ü Кейбір жағдайларда, диагноз қою үшін уақыт қажет болса динамикалық бақылау үшін, бұл жағдайда пациент қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында екі сағатқа қалдырылады. Осы уақытта шұғыл емдеу-диагностикалық шаралардың толық көлемі жүргізіледі.

ü Стационарға түскен жағдайда науқасқа медициналық мекеменің ішкі ережелі және күн тәртібі, оған медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің кәсіби статусы туралы мәлімет беріледі.

ü Медициналық көмек тек науқастың немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі келісімінен кейін ғана көрсетіледі.Науқас немесе оның заңды түрдегі өкілі медициналық көмектен бас тартуға құқылы. Науқастың медициналық көмектен бас тартуы оның салдарларымен бірге талқыланып, құжатқа жазылады, ол құжатқа науқас немесе оның заңды өкілі және медициналық қызметкер қолқояды.

ü Кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ науқастардың заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезінде, науқастың өмірін сақтап қалу үшін медициналық мекеме қамқорлық және қорғаныш мекемесіне немесе/және сотқа мәлімдеме беруіне құқықтары бар.

ü Науқас медициналық көмек алған кезде өзінің денсаулық жағдайы туралы толыққанды мәлімет алуға, сонымен қатар қауіп қатері туралы және жасалайын деп отырылған емдеу әдістері жайында, егер емнен бас тартқан жағдайда қандай асқынулары болуы туралы, диагноз жайында, болжамы және емдеу шараларының жоспары туралы науқасқа түсінікті деңгейде мәліметтер алуға құқылы, сондай-ақ үйіне шығарылу немесе басқа медициналық мекемеге ауыстырылу себептерін түсіндіру керек.

ü Науқас адам ауруханаға түскеннен бастап қажетті күтім шаралары, емдік тамақтандыруды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу басталады.

ü Науқас ауруханаға түскеннен кейін үш тәуілік ішінде клиникалық диагноздың қойылуы шарт. Кейбір диагностикалық жағынан түсініксіз жағдайларда, бұл туралы ауру тарихында диагноздың кешіктіру себебі жазылады және де тағы да қосымша диагностикалық зерттеу әдістері және мамандардың қосымша кеңестері белгіленеді. Клиникалық диагноз қойылған күні бұл туралы ауру тарихында жазылады.

ü Барлық ауруханаға түсіп жатқан науқастарда жұқпалы ауру бар туралы ой келсе, онда қатаң түрде санитарлық өндеу жүргізіледі.Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өндеу жартылай және толық болуы мүмкін. Қажетті кезде науқастың киімдерін дезинфекциялайды.

ü Ауруханада айналасындағы адамдарға қауіп төндірген жағдайларда (жұқпалы аурулар, жұқпалы тері аурулары, психикалық өзгерістері бар науқастар) науқастарды бір-бірінен бөлек орналастыруы үшін бөлек орналасқан палаталар немесе бокстар болуы керек.

ü Ауруханаға түскен науқастардың барлығын мереке және демалыс күндерден басқа күндері күн сайын дәрігер қарайды, мереке және демалыс күндері кезекші дәрігер қарайды, диагностикалық және емдеу шаралары белгіленеді және бұл туралы ауру тарихына күнделік жазылады. Ауру туралы күнделік егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса емдеуші дәрігер үш күнде бір рет жазады, орташа ауыр жағдайда күніне бір рет жазады, ал ауыр және өте ауыр жағдайларда күнделік жазу саны науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты, өзгерістер пайда болған сайын, емдеуге түзету жасаған сайын, бірақ үш сағаттан сирек емес жазылады, шұғыл жағдайларда – әр кезең сайын шұғыл көмек көрсеткен уақытын белгілеп, сағат немесе минут сайын жазылады.

ü Бөлім меңгерушісі науқасты ауруханаға түскен күні қарайды, одан кейін медициналық көрсеткіштері бар болса қарап отырады (ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар күніне, ал орташа ауыр және қанағаттанарлық жағдайдағы науқастарды –аптасына бір реттен кем емес қарайды) және ауруханадан шығаратынның алдында қарайды. Бөлім меңгерушісінің науқастарды қарағанда жасаған мәліметтері диагнозы және нұсқаулары ауру тарихына жазылады және ол өз қолын қояды.

ü Балалар стационар жағдайында емделгенде:

1) Үш жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар ауыр жағдайдағы үлкен жастағы балалар, дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін, анасына (әкесіне) немесе басқа да туысына күтім жасаған жағдайда, оларға оның жанында медициналық мекемеде болуына мүмкіндік беріледі, оларға уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат беріледі.

2) Бір жасқа дейінгі баласын емізетін анаға осы медициналық мекемеде болған күндерінің бәрінде баласын күту уақытында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

3) Анасы (әкесі) немесе басқада адамға, стационарда жатқан балаға күтім жасап жатқан, тегін жататын төсекпен қамтамасыз етіледі.

ü Мектеп жасындағы балалар стационарда емделу уақытында стационар жағдайында үзіліссіз білім алуға құқығы бар.

ü Диагнозды қоюға қиыншылық туғызған жағдайларда, беріліп жатқан емнің оң нәтижесі болмағанда және де тағы басқа да көрсеткіштер болған жағдайларда, емдеу бөлімі бастығының орынбасары емдеуші дәрігерден біліктілігі жоғары мамандардын немесе басқа салалы мамандардың кеңесіне жүгінеді, немесе қажет жағдайда республика деңгейіндегі мамандарды шақыртып консилиум ұйымдастырады (үштен кем емес жоғары дәрежелі мамандардың немесе басқа мамандардың қарауы, қажетті жағдайларда диагноз қою, емдеу тактикасын және болжамын анықтау мақсатымен науқасқа қосымша тексеру әдістерін жасайды). Науқас кеңес жасайтын немесе консилиумға қатысатын мамандарды таңдауға құқылы.

ü Ауруханадан шығаруға қарасты көрсеткіштерге жатады:
1) Жалпылай алынған аурудың аяқталу жолдары (жазылу, жағдайының жақсаруы, өзгеріссіз, қайтыс болу, басқа медициналық мекемеге ауыстырылуы);

2) Науқастың жазбаша арызына байланысты (немесе оның заңды өкіліне қарасты) емдеу курсының аяқталғанына дейін, егерде науқастың денсаулығына және оны қоршаған адамдарға қауіп-қатер туғызбаса. Бұл жағдайларда емдеуші дәрігер науқасқа емнің аяқталмаған салдарынан болуы мүмкін өзгерістер туралы мәлімет беріледі.

ü Егер аурухананың бекітілген ережелерін және күн тәртібін бұзған болса, және де емдеу-диагностикалық процессіне кедергі туғызылса, басқа науқастардың медициналық көмекпен қамтамасыз ету құқықтарына зиян келсе, онда науқас емін бітірмей жатып ауруханадан шығарылады (егер науқастың өміріне қауіп- қатер төнбеген жағдайда) медициналық ұйымның бастығының шешімі бойынша және медициналық құжатында белгі қойылады.

ü Науқас стационардан шыққанда оның қолына форма 027/у беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, жүргізілген тексеру әдістерінің көлемі, жасалған емдеу шаралары және одан да кейінгі науқасты бақылау және емдеу үшін берілген нұсқаулар жазылады.

ü Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шет ел өкілдері ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы, егер олар шұғыл аурулармен ауырып қоршаған ортаға қауіп туғызған жағдайларда.

ü Қосымша медициналық ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінен артық 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2299 Қазақстан Республикасының қайта қалпына келтіру құжатына «денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету және ережелерінің бекіту туралы» сәйкес көрсетіледі.

ТАРАУ ІІ

МЕЙІРБИКЕЛІК ҮДЕРІС

Әлемде мейірбике ісінің негізін қалаушысы болып Флоренс Найтингейл (1820-1910) саналады. Жаралылар мен жағдайы ауыр науқастарға күтімді ұйымдастыруға өмірін аранған атақты қоғам қызметкер. Ф.Найтингейл науқастардың күтімі жөніндегі «Жазбалары» мейірім бикелерінің ең қажет қолжазбасына және мейірбике ісі философиясының алғашқы еңбектеріне айналды.

Қазақстанда науқас күтімінің негізі халықтық медицинамен дамыған. Мысалы, шала туылған нәрестелерді 40 күн бойы арнайы бесік- тымақта ұстаған. Бұл кезде күтімді халық емшілері мен ауылқариялары іске асырған. Ұрпақтан ұрпаққа сынықшылар дағдылары беріліп отырылған. Көшпенділердің гигиеналық мәдениеті тұратын жерлерінің тазалық сақтау дәстүрімен және тағам өнімдерін ұзақ сақтау дағдыларымен берілген. Киіз үй шаң борандарынан, ыстық пен суықтан сенімді қорған болып табылды. Әскери әрекеттер кезінде жаралылар мен науқастарға күтім көрсету кезінде лазарет қызметін атқарды.

Заманауй Қазақстанда мейірбике ісінің даму тарихы кеңес денсаулықсақтауымен байланысты және 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысында ерекше күшті импульс алды. Қазақстанда көптеген әскери госпитальдар жасақталды, онда мыңдаған жаралылар ем алып және физикалық қалпына келді. Ол мейірбике бақылауы мен күтімінің нағыз мектебі болып саналды.

Қазақстан Республикасында мейірбикелік мамандықты медициналық колледждарда алады, аяқтағаннан кейін біліктілік беріледі: «медициналық мейірбике», «фельдшер» (бұл мамандық АҚШ-та дәрігер көмекшісі немесе арнайы көмекші мамандығына сәйкес келеді), «акушер» (босануға көмектесетін медқызметкер). Мейірбике, фельдшер, акушер қызметі халық денсаулығын сақтауға, жоғары сапалы мейірбике көмегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мейірбикелік үдеріс – бұл науқастың қажеттіліктеріне бейімделген, мейірбикелік көмектік көрсетілуінің ғылыми-негізделген жүйелік көзқарас. Мейірбикелік үдеріс науқастың мәселелерін шешу арқылы оның өмірлік қасиеттерін сақтауға негізделген[4, 7, 22, 25, 26, 27].

 

1. Мейірбикелік үдерістің кезеңдерінің мінездемесі

«Мейірбике үдерісі» - ағылшын термині; күту, қызмет көрсету, науқасты күту мағынасын білдіреді. Алғаш рет бұл терминді АҚШ-та Лидией Холл 1955 жылы қолданған. Мейірбике үдірісінің заманауй моделі 5 кезеңнен тұрады. Әрбір мейірбике үдірісінің кезеңі негізгі мақсатпен тығыз байланыста:

науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру[7, 9, 32].

Мейірбикелік үдеріс бес кезеңнен құралады:

1) мейірбикелік зерттеу;

2) мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);

3) мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;

4) ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;

5) мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.

1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу

Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:

· Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.

· Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальды қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: