Жеке меншік клиникалар 2 страница

Стационарлық көмек – тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үдерісін қамтамасыз етеді.

Стационарлықалмастырушы көмек – жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үдерісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.

Жедел медициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдіктер, республика аумағында мекен ететін азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі.Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталған немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.

Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санаторлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім – дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.

Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еңбегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.

Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

   

2. Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері

 

Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.

Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-алдын-алу мекемелері деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген болашақ жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.

Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алшақ орналасуы қажет. ЕАМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.

ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, стационар аумағының 40%-ынан кем болмауы керек.

ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық.Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал стационарлық көмекті -20%-ы қабылдайды.

2.1 ЕАМ амбулаторлық түрі

Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады[4, 7, 29, 32].

Емхана – аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең салалы емдік-алдын-алу мекемесі. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕАМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі салалы мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.

Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: тіркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі салалы дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т.б.).

Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т.б.).

Тіркеу бөлімін шығаберіске жақын орналастырады. Тіркеу бөліміндекабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі болады. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы кітапшалар қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т.б.

Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық учаскіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік алдын-алу мекемесі. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәрігері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Бөлиелері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.

Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-алдын-алу мекемесі. Басқа емдік-алдын-алу мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп). Учаскелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.

Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, жұқпалы науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін,саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, алдын-алу іс-шараларын іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.

Медициналық-сантиралы бөлім – өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік учаскелік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби ақаулары бойынша мамандар қызмет етеді.

Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар, денсаулық пункті, профилакториялар, шипажайлар, балаларды сауықтыруға арналған лагерьлер және т.б. кіретін комплексті емдік-алдын-алу мекеме.

Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс үдерісімен байланысты аурулардың алдын-алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Аймақтық (цехтік)дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік жарақат алуды болдырмауға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға қатысады.

Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім құрамына кіріп, жеке емдік алдын-алу мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтарда ұйымдастырылады. Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.

Денсаулық пунктінің медицина қызметкерлерініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер, мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді,диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.

Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық диспансерлер жұмысжасайды.

Диспансердіңнегізгі қызметі – шығутегі бір әртүрлі аурулардың алдын-алу және емдеу. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын-алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын-алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердіңалдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.

Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.

Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер, медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін фельдшер (мейірбике)іске асырады.

Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем бекеттерімен, ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция және апатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-эвакуаторлар желісінде орналасқан санитарлық тасымалдау құралдарымен, радиобайланыспен қамтамасыз етілуі керек.

2.2 Стационарлық типтегі мекемелер

Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады[4, 7, 25, 32].

Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған.Ауруханалық көмек (лат.stationaris –тұратын, қозғалмайтын)-біліктілік, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен,көмек көрсету формасы.

Аурухана - дәрігерлік күтімді,қадағалауды,қарауды қажет ететін науқастарды жатқызатын емдеу мекемесі.Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек,сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау,жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да іс-шаралар)

Ауруханалар бөлінеді:

· бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік,психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)

· көпсалалы, әртүрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)

Көмек көрсету аймағына байланысты:

· аудандық

· қалалық

· облыстық

· республикалық

Клиника -бұл науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, студенттерді оқытатын және ғылыми -зерттеу жұмыстары жүргізілетін аурухана.

Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.

Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.

Госпиталь түрлері:

· орталық;

· қарулы күштер түрі;

· аймақтық;

· гарнизондық;

Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:

· жазықтық жылжымалы;

· эвакуациялық;

· армияға көмек беретін әскери бөлімдер.

Сауықтыру орталығы (лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті,науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа,теңіз суын,минералды суларды,емдік батпақтарды және т.б. күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.

Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақ аймағындағы ірі кәсіпорындарда, шипажайлар – курортты аймақтарда орналасады.

Перзентхана - бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.

Босану үйлері ауданның емдік-алдын-алу мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер кеңесі жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Хоспис (ағылшын тілінен Hospise)- жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.

Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді:науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері.Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.

Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған,емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы,бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Күндізгі стационар құрамында болуы керек:

- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;

- дәрігерлер бөлмесі;

- ем-шара бөлмесі;

- науқастар күндіз болатын бөлмелер;

- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;

- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.

Травматологиялық пункт ауруханалар құрамындағыелді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.

Жеке меншік клиникалар

Соңғы жылдарда ҚР медициналық қызмет көрсету нарығында денсаулықсақтаудың жеке секторларының үздіксіз дамуы бақылануда, бұл мемлекеттік медицинаға елеулі бәсекелестік тудырып, жеке меншік клиникаларға ақылы қызметке жүгіне алатын науқастар санын жоғарлатуда. Жеке меншік медицинаның артықшылығы: өзбетінше қызмет көрсету саласына байланысты клиниканы таңдауы және халық сұранысына байланысты мамандарды таңдау мүмкіндігі, жақсы материальді-техникалық базалар және дәрімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, науқастардың емханаларда кезекте тұруының болмауы. Сонымен қатар, жеке меншік клиникалардың басшылары жоғары медициналық қызмет көрсету деңгейінмен және қызмет көрсету жылдамдығымен, клиниканың жағымды ішкі көрінісі арқылы танымалдылық пен беделді қалыптастыруыға үлкен мән береді. Дегенмен, бұл ақылы медициналық клиникада жылдам және сапалы емдейді деген мағнаны білдірмейді және мемлекеттік ауруханалар қажеттілігін жоқққа шығармайды.

Денсаулықсақтаудың жеке меншік секторы науқастардың барлығына қолжетімді жедел жәрдем жүйесін; ірі профильді мамандандырылған орталықтармен; балансында ғылыми-зерттеу орталықтарымен қамтамасыз ете алмайды.Сонымен қатар, жеке меншік клиникалар кез-келген медициналық мекемелер сияқты санэпидбақылау органдарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Сондықтан, денсаулықсақтау сапасын жоғарлату және қолжетімді көмек алу мақсатында халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік ЕАМ және жеке меншік клиникалар өзара түсінушілікпен және өзара тиімді серіктестікпен қызмет жасаулары қажет.

АҚ «Ұлттық медициналық холдинг»

Біздің республикада денсаулықтысақтауға инновациялық әрекет ету, республикалық мағынадағы ірі медициналық орталықтар ашу арқылы жүзеге асады [31].

2008 жылы 6 медициналық орталықты біріктіретін АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» құралған: ана және бала Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балалар реабилитация орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы, Республикалық шұғыл медициналық көмек көрстеу ғылыми орталығы және Ұлттық ғылыми Кардиохирургиялық орталығы. Ұлттық медициналық холдингтің негізігі мақсаты халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті Қазақстан, алыс және жақын шетел азаматтарына кең көлемде дәлелді медицина шарттары, заманауй аурухана менеджменті, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар негізінде «болашақ Госпитальін» дамытуболып табылады.

Осылайша, әрбір науқас ЕАМ таңдау және сапалы медициналық қызмет алуына құқығы бар.

 

3. ЕАМ жұмысын ұйымдастыру

3.1 БМСК жүйесінің жұмыс принципі

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек (БМСК) медициналық көмектің ең қол жетімді, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімді түрі, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі ядросы болып табылады. Себебі, науқастардың 80% емді біріншілік медициналық-санитарлық көмек шарттары бойынша бастайды және аяқтайды. Адамдар, отбасы, қоғамның денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесімен біріншілік деңгейдегі байланысы.

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек – медициналық қызмет түрінің барынша қолжетімді, әлеуметтік, экономикалық қолайлы түрі болып табылады. Себебі, науқастанған адамдардың 80%-ы дерттеріне шипаны осы БМСК жағдайында табады. Адам, отбасы, қоғамның ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен қатынасудың бірінші деңгейі – медициналық көмекті тұрғылықты мекен-жайына барынша жақындатуға мүмкіндік береді. БМСК – аз қаржыландыруды талап етіп, халық денсаулығының ең жоғарғы көрсеткіштерін береді.

БМСК амбулаторлық-емханалық, жедел және күттіруге келмейтін жәрдем, босануға,алдын-алу, диагностикалық, емдік және реабилитациялық іс-шаралар жиынтығын келтіреді[21, 26].

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін реформалау жиегінде әрбір учаскіге емдік және алдын-алу іс-шаралардың орындалуына жауап беретін 1 учаскелік дәрігер, 2 мейірбике мен 1 акушер бекітіледі.

ТМККК жиегінде амбулаторлық-емханалық көмектің жұмыс тәртібі 08.00-ден 20.00-ге дейін сырғымалы кесте бойынша барлық мамандардың, кезекші дәрігерлердің демалыс пен мереке күндері қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. БМСК дәрігерінің қабылдау уақыты күніне 5 сағаттан кем болмауы керек. Дәрігерлермен немесе орта медперсоналмен қоңырауларға қызмет көрсету жұмысын учаскелік қызмет бөлімінің (жалпыдәрігерлік) меңгерушісі қадағалайды, ол жоқта учаскелік (жалпы тәжірибелі дәрігер)бақылауды қолына алады. Қабылдау БМСК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанға дейін бітеді (18.00-ге дейін)[20].

Үйге шақырып емдеу жүргізудің көрсеткіштері:

1) БМСК мекемесіне өзі бара алмайтын, ауруы асқынған жағдайда:

· дене қызуы 38 градус С-дан жоғары көтерілген кезде;

· артериалдық қысымның жоғарылауы кезіндегі өзін-өзі сезінудің бұзылыстырының болуы;

· сұйық нәжістің жиілеуі;

· қозғалудың шектелуіне әкеп соғатын омыртқадағы және аяқ буындарының қатты ауырсынуы;

· бас айналуы, жүректің айнуықұсу;

2) науқастар емханаға өз бетімен келе алмайтын жағдайлар - бұл (онкологиялық аурулардың ауыр түрдегі ағымдары, мүгедектіктің (І - II топтары), сал болуы, аяқ-қолдың салдануы) созылмалы ауырсыну жағдайлары;

3) қоршаған ортаға қауіп-қатер төндіретін, шұғыл инфекциялық аурулары бар науқастар;

4) тасымалдауға жарамайтын науқастар;

5) жедел медициналық көмек көрсету бекеттерінен, БМСК ұйымының жұмыс уақыты кезінде, берілген жағдайларға белсенді түрде бару.

БМСК ұйымының медициналық қызметкері науқасты белсенді түрде үйлеріне барып қарауы, сонымен қатар әрбір үй және пәтер тұрғындарын қарау жүзеге асады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: