Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯны 1 страница

Ерітіндісін даярлау

 

Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атын көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны бекітіңіз.

 

Ескерту:

- ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастын қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

- негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.

 

Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау

Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%) Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері
10 л-ге 1 л-ге
Негізгі 5% ерітінді (л) Судың мөлшері (л) Негізгі 5% ерітінді (мл) Судың мөлшері (мл)
0,25 0,5 9,5    
0,5   9,0    
    8,0    
1,5   7,0    

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

 

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.

Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген

 

 

түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең – зарарсыздандыру,

2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең – залалсыздандыру.

 

I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз:

- зарарсыздандыру ерітіндісін;

- қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;

- құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

- медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

- бирканы (таңбаны);

- арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

- пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

- лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

- ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста:

- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста:

- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

- ыдысты қакпақпен жабыңыз;

- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

- № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

 

IІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

 

Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

Жуушы ерітіндінің құрамы

 

Компоненттің аттары Ерітіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері Қолданылуы
жуушы зат (Айна, лотос)   ауыз суы (см3) 5 грамм   1 литр қолмен тазартқанда қолданылады
сутегі асқын тотығы \пергидроль\ ерітіндісі 27,5% 17 мл механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу үльтразвукті пайдалану)
-жуушы зат (Айна, лотос)   -ауыз суы (см3) 5 грамм   1 литр

 

3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

5. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

7. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

10. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.

11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.

 

Азопирам байқауының нәтижесі

 

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:

 

көк-күлгін түске егер де заттарда жасырынды қан қалса
күрең-қоңыр түске егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
қызғылт түске егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса

 

Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)

Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

14. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.

 

III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.

 

1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

 

- автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

- ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут

 

4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

7. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.

 


 

Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

 

Мақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.

11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

- сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

- тік (қақпағына перпендикулярды),

- бос қопсытып.

13. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

14. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз.

15. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

16. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

17. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

18. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

ІІ. ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА

БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДА

МЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ

(КӨМЕК) КӨРСЕТУІ

 

 

Науқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктері

 

Манипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолының терісіне, көздің және мұрынның сілемей қабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы қажет.

АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ

Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:

 

Крафт пакетіндегі таңғыш материал Саны, мөлшері
1. Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары 4 дана
2. Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс 3дана залалсыздандырылған
3. Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс) 2дана залалсыздандырылған
4. 70% этил спирті 100мл
5. 5% йод ерітіндісі 10 мл
6. 0,05% калий перманганат ерітіндісі, 10 мл
7. 1% протаргол ерітіндісі 10 мл
8. 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі 100 мл
9. саусаққа киетін резеңке 2-3 дана
10. Бактериацидті жабысқыш пластырь 2-3 дана
11. қайшы 1 дана
12. Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар:
  протаргол 0,1г-орау
  калий перманганат 0,005г-5 орау
  Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден 6 ампула

 

ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ

 

Адам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар

- 70% этил спирті

- 5% йод ерітіндісі

- жабысқыш пластырь

- марганец қышқыл калий аспасы

- марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000 (0,05%)

- 1% бор қышқылы ерітіндісі

- 1% протаргол ерітіндісі

 


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

БЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ

СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

4. 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.

5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз).

6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).

НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

КӨЗ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердіңкөз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!

4. Крафт пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сорғызыңыз. Ысқылауға болмайды!

5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).

 

Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда -30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.

 

НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ БАЙҚАУСЫЗДА

МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1% протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.

4. Қолыңызға лотокты алыңыз.

5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз (ішіндегі зат лотокқа ағады). Жұтқыншаққа ерітіндіні түсірмеуге тырысыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: