Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯны 3 страница

9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егер де науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкіжәне алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

10. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

11. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буынының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

12. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).

13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

14. Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егер де қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егер де науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы тұтқаны көтеріңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

науқасты Симс қалпына жатқызу

(ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

 

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудың алдын алу.

Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй кереуетті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

4. Кереуеттін тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).

6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).

10. Шынтақ және иық буынынан 900 бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

11. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

12. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 900 бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).

13. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

15. Тұтқаларды көтеріңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

науқасты ішімен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттін (тормозын) тежеуін бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы тұтқаны түсіріңіз (егер де ол болса).

6. Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуге жолды қамтамасыз етіңіз.

7. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егер де науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).

8. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

9. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.

10. Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.

11. Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).

12. Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.

13. Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа қысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).

14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Науқасты арқасымен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Даярлаңыз: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі (құмы бар қапты).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).

6. Төсектегі науқасқа көлденең қалыпты беріңіз.

7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

8. Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).

9. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).

10. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).

11. Сирақтың төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).

12. Табанға 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).

13. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).

14. Науқастың қолының ұшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


НауҚасты қырымен жатҚызу

 

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: тесектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындаңыз: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған тіреуді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттің тежеуін бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).

6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

7. «Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

8. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егер де сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастын аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.

9. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

10. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін – мейірбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.

11. Науқастың басының және мойнының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана – емізікшелік бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).

12. Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту).

13. Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.

14. Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

15. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяктың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяктың жазылуын болдырмау).

16. «Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяктың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

17. Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

18. Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


V. Науқастың жеке бас тазAлығы

 

ФУНКЦИОНАЛЬДЫ КЕРЕУЕТТІ ҚОЛДАНУ

 

Төсектегі жайлы жағдай емдеу – сақтандыру тәртібінің маңызды элементтерінің бірі болады.

Функциональды кереуеттің негізгі тағайындалуы – науқасқа ең ыңғайлы және функциональды қалып беру мүмкіншілігі

Функциональды кереует бірнеше секциядан тұратын арнайы жабдық, оның қалпы сәйкесті тұтқаны меңгеруімен бұрылуымен өзгеріледі.

Бұл кереуетке арнайы құрал орналастырылған (қондырылған) болуы керек: кереует жанындағы столиктен, тамшы тамызуға арналған штативтен, жеке астына салатын судноны және зәр қабылдағышты сақтауға арналған ұядан мекеннен функциональды кереуеттің жанында тұтқасы бар.

Функциональды кереуеттің аяқ жағында немесе қырында меңгеретін тұтқасы бар, оның көмегімен бас жағын жылдам көтеріп немесе жатықтық деңгейге түсіріп, бір мезгілде кереуеттің аяқ жағын көтереді. Кереуеттің торы серпілмелі болуы керек, жылжуға ыңғайлы болу үшін аяқтары дөңгелек тежеумен жабдықталған.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

- Кереуеттің бас жағын қабырға жаққа қойыңыз;

- Кереуеттер арасындағы қашықтықты 1-1,5 м ұстаңыз;

- Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз;

- Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;

- Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз

Науқасқа төсек-орын дайындау

Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.

Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

2. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

4. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

5. Жастықтарға тысын кигізіңіз, оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

6. Астыңғы жастықты тіке, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

7. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

 

Халі ауыр науқастың төсек-орынтыстарын ауыстыру

(ұзынынан жасалатын әдіс)

 

Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.

13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;


 

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру

(көлденең әдіс)

(екі мейірбикемен орындалады)

 

Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

9. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

10. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ішкі киімді ауыстыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

Халі ауыр науқастың шашын күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: