РобертаСоареш Лара Кассани; Фернандо Нобра; АнтониуПазинFilho; Андре Шмидт

Жыл

Жоспар:

Қысқартулар мен белгілер

І.КІРІСПЕ

Жүрек-қанайналым жүйесі ауруларыныңсоңғы онжылдықта өлім-жітім көрсеткіші

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Жүрек қанайналлым жүйесі ауруларн алын алудағы стратегиялардың рөлі

1.1Қанайналымы жүйесі ауруларының негізгі қауіп факторлары

1.2Қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алудағы стратегиялар мен мақсаты

2 Қанайналым жүйесі аурулары мен қауіп факторларының әлемдегі таралымы

2.1Босния және Герцеговина Федерациясының жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларының 10 жылдық тенденциялары

2.2Итальяндық қоғамдастықтағы жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторларын бақылау және ақпараттандыру деңгейін анықтау: скринингтің нәтижелер науқаны

2.3Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруыныңжалпы жағдайынын өзгерісі мен Kailuan когорты Қытай провинциясы еліндегі жаңа кезеңдегі гипертензия тәуекел өзгерістері

2.4Дамушы елдерде жоғары тәуекел топтарында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау стратегиясы қаншалықты тиімді? Исфахан Салауатты жүрек бағдарламасы

2.5 Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларыныңқауіп факторларыныңөлім-жітім үрдістеріне әсер етуіндегі тенденция үлестері

2.6. Жүрек-қан тамырлары тәуекел факторларын азайту мақсатында отбасыларға өмір салты туралы Lifestyle араласу бағдарламалары: зерттеулердің дамыту және қолдау

3. Бразилиялық өнеркәсіп қызметкерлерінің популяциясындағы жүрек қанайналым жүйесі аурулары қауіп факторларының таралуы

3.1. 2015 жылғы 7 сәуірдегі акция барысындағы Волгоград қаласында ересек халықтың жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп факторларын анықтау

ІІІ. Материалдар және зерттеу әдістері

IV.ҚОРЫТЫНДЫ

V.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қысқартылған сөздер

ҚЖА - Қанайналым жүйесінің аурулары

 

ЖҚА – Жүрек – қанайналым жүйесі аурулары

 

ЖИА - Жүректің ишемиялық ауруы

 

АГ – Артериялды гипертензия

 

ДЛП - Дислипопротеидемия

 

ДСИ – Дене салмақ индексі

ТМД - Тәуелсіз мемлекттер достастығы

 

ДДҰ – Дүниежүзідлік денсаулық сақтау ұйымы\

 

 

Тіркес сөздер: Қанайналым жүйесі аурулары,аурушаңдық,қауіп факторлары,аурушаңдықтың таралуы

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:ж үрек-қантамыр тамыр жүйесі аурулары ХХІ ғасырдағы әлемнің көптеген елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің ең өзекті проблемасы болып табылады.Қан айналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) өлімнің негізгі себебіне алып келетін әлемдегі жаһандық аурулардың құрамдас бөлігі болып саналады.

Эпидемиологиялық мәліметтер көрсеткендей, 2008 жылы ҚЖА-дан әлемде 17,3 млн адам қайтыс болған, соның ішінде 7,3 млн адам - жүректің ишемиялық ауруынан және 6,2 млн инсульттан қайтыс болды.Ғалымдардың болжауынша 2030 жылы осы аурудан 23,6 млн адам көз жұмады [1].

Популяциялық талдау бойынша ҚЖА-дан өлім көрсеткішінің 80% - дан астамы табыс деңгейі төмен және орташа елдер үлесіне тиеді. Еуропалық аймақта ҚЖА жылына 4,3 млн астам адамның өлім-жітім себептерінің біріне айналып отырады (48% - ы өлім-жітім) және 2,0 млн өлім-жітім Еуропалық одақтың 27 субъектілерінде анықталады.(42%)

Қазіргі уақытта Еуропада жыл сайын 65 жастан асқан 800 000 –нан аса адам қанайналым жүйесі ауруларынан қайтыс болады, оның ішінде 230000 -дан астамы Еуропалық одақ елдері үлесіне тиеді.[2].

Еуропа елдерінде бұл қан айналым жүйесі ауруларының өлім-жітім көрсеткіші соңғы онжылдықта айтарлықтай төмендеген,бірақ соған қарамастан ҚЖА Еуропадағы мезгілсіз өлімнің себебінің бірі болып қалып отыр.Қазірде қан айналымы жүйесінің ауруынан барлық өлімнің 80% дамушы елдерде орын алады деп бағаланады[3].

Ресейде үлкен облыс орталықтарындажылына қан айналым жүйесі ауруларынан 1 млн 300 000 адам қайтыс болады.

Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші ТМД елдері арасында жетекші орын алады.

Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, Қазақстанда 2003 жылы жүрек-қан тамыр жүйесі ауруынан қайтыс болғандар саны 100 мың халыққа шаққанда 539 жағдай тіркелген болса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 217-ге жеткен. Ал, 2015 жылғы мәлімет бойынша өлім-жітім көрсеткіші 100мың адамға шаққанда 500-600 – ді құрайды екен,бұл шамамен 2 млн адам, ол жалпы халықтың 12%-ы, демек жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауырады деген сөз[4].

 

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), гипертония ауруы (АГ) қазіргі заманғы медицинаның өзекті проблемаларының бірі болып қалады.Осы аурулардың қауіп факторларының рөлін зерттеудіңмедициналық-әлеуметтік маңыздылығы жоғары.

Қазіргі уақытта, жүрек - қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторлары соңғы он жылда айтарлықтай өсті,яғни 250-ден астам қауіп факторлары анықталып отыр, аурудың генезисі деп аталатын жаңа тәуекел факторларының көпшілігінің үлесі әлі белгісіз [5].

Соның ішінде айналым жүйесі ауруларының маңызды қауіп факторы болып саналатыны: дислипопротеидемия (ДЛП), артық дене салмағы (ДСИ), төмен дене белсенділігі, күйзеліс және мінез-құлық ерекшеліктері, тұқымқуалаушылық жүрек-қан тамыры аурулары, гиперурикемия, алкогольді ішімдіктерді, кофе қолдану.

Мақсаты: Қызылорда қаласы №3 қалалық емханаға қатысты тұрғындардың қан айналым жүйесінің аурулары мен қауіп факторлары жайлы ақпараттандыру деңгейін анықтау.Осы анықталған ақпаратты қолдана отырып мейірбикелердің жұмысын жақсарту үшін оқу процесіне СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) негізінде студенттерге жоба ұсыну, қолдану,нәтижесін бағалау.

Міндеттері:

· Осы тақырып бойынша Еуропалық ғылыми-медициналық сайттардан әдебиеттер шолу;Тақырыптың сұрағы бойынша бұрын қандай зерттеулер жүргізілді, қандай нәтижелерге жеткені жайлы ізденесізтерден мәліметтер жинақтау;Әдебиеттерді шолу бойынша бар мәліметтер базасын қолдану

· Қызылорда облысы және қала бойынша жүрек - қан айналым жүйесі аруларында аурушандық, мүгедектік және өлім – жітім көрсеткішін анықтау.

· №3 қалалық емханаға скринингтік тексеруге келген тұрғындардан қан айналым жүйесінің аурулары және қауіп факторлары туралы интервью және сауалнама алу;

· Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;

· №3 қалалық емханадағы мейірбикелердің тұрғындарға қан айналым жүйесі аурулары туралы ақпарат беру деңгейін бағалау.

· Осы зерттеу нәтижесінде қан айналым жүйесі аурулары және оның қауіп факторларының профилактикасын халық арасында жоғары дәрежеде ақпараттандыру,Қазақстандағы мейірбике жұмысын жақсартатын жоба ұсыну.

Ғылыми жаңалығы

Зерттеу жұмысымда мейірбикенің профилактикалық жұмысын жақсарту үшін Қызылорда медициналық жоғары колледжіне пациентті оқыту курсына СӨЖ (студенттің өздік жұмысы) негізінде қан айналым жүйесі аурулары мен қауіп факторының профилактикасы туралы жоба ұсыну.

 

Жүрек-қанайналым жүйесі ауруларының алдын алу бойынша европалық ұлттық ұсынымдарда клиникалық тәжірибеде жүрек-қанайналым жүйесі аурулары және олардың қауіп факторлары қарастырылды. Жүрек-қанайналым жүйесі аурулары - бұл өмір бойында біртіндеп дамитын және әдетте белгілері пайда болғанша прогрессивті деңгейге дейін баратын созылмалы бұзылу.ЖҚА айтарлықтай өмір салтымен, әсіресе темекі шегумен, әдеттен тыс тамақтану, дене белсенділігінің төмендеуімен және психологиялық стресстік жағдайлармен байланысты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жүрек қанайналым жүйесі ауруларының салдарынан болатын өлім көрсеткіштерінің төрттен үш бөлігін барлық жағдайларда өмір салты өзгерістері арқылы алдын алуға болатынын мәлімдедеді.

1.1Қанайналымы жүйесі ауруларының негізгі қауіп факторлары

1.Биологиялық факторлар:

Егде жасы, ер жынысы, генетикалық факторлар, дислипидемияның туындауына ықпал, гипертония, глюкоза толеранттылық, диабет және семіздік

2.Анатомиялық, физиологиялық және метаболикалық сипаттамасы:

Артериальды гипертензия, дислипидемия, семіздік, ағзадағы май алмасу сипаты,қант диабеті

3. Мінез-құлық факторлары:

Тағамдық әдеттер, темекі шегу, дене белсенділігі, алкогольді тұтыну, стреске бейімділік.Осындағыбір тәуекел факторының 50-69 жас аралығындағы ер адамдарда анықталуы өлімінін 3,5есеге артуына алып келеді,ал бірнеше факторлар қосылатын болса онда 5-7 есеге артады.

ДДҰ мәліметтері бойынша, кенеттен қайтыс болудың негізгі себебі болып үш қауіп факторы әсер етеді: артериялық гипертензия, г иперхолестеринемия (дислипидемия) және шылым шегу.

- Артериальды гипертензия (АГ) «жұмбақ және үнсіз өлтіруші» деп жиі аталады.Көп жағдайда аурудың даму себептері белгісіз қалады, өйткені көптеген науқастарда ауру симптомсыз өтеді және науқас өзінің қан қысымының жоғары екенін қандай да бір асқынулар дамымай тұрып сезінбейді.

- Дислипидемия - қандағы «жақсы» және «жаман»деп аталатын майлар фракциясының дисбалансы, «жаман» майлардың көбеюімен немесе «жақсы» майлардың азаюымен сипатталады.«Жаман» майларға холестерин, липидтер төмен және өте төмен тығыздылықпен, триглицеридтер жатады «Жақсы» майларға қан айналым жүйесі ауруның алдын алатын жоғары тығыздықтағы липидтер жатады.Холестерин мөлшерінің артуы,әдетте,дұрыс тамақтанбаумен байланысты.

Рациональды тамақтану – бұл реттелген,тағам құрамындағы тұзды шектеумен тұрақты түрде мезгілімен тамақтану.

Артық салмақ -жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының даму қаупін және атеросклерозбен байланысты басқа да аурулардың туындауын арттырады.Дене салмағын бағалау үшін дене салмағының индексі қарапайым формуласыпайдаланыпанықталады, (салмағы (кг) /бойы (м2) = дене салмағы индексі). Ең көп таралған артық салмақ себептері шектен тыс тамақ тұтыну, құрамында жоғары майлар мен көмірсулар бартамақ қолдану, сондай-ақ жеткіліксіз дене белсенділігі.болып табылады

- Шылым шегу - негізгі қауіп - қатер факторларының бірі. Бір темекі шеккеннің өзі қан қысымын15 минут арттырады, ал тұрақты шылым шегу кезінде қан тамыр тонусы артады,дәрілік препараттардың әсерін төмендетеді. Күніне бір қорап шегетін шегушілерде,темекі тұтынбайтындармен салыстырғанда, кенеттен өлім 5 есе жиі анықталады.Ал темекі шегуді тоқтатқан адамдарда ҚЖА ауруының туындауы төмендейді және 5 жылдан кейін темекі шекпеген адамдар сияқты өз орнына келеді.

Төмен дене белсенділігі –ҚЖАдамуына,белсенді өмір сүретін адамдарға қарағанда 1,5-2 есе жиі ықпал етеді ЖҚА–нің алдын алу үшін және денсаулықты нығйтудың ең қолайлысы физикалық жаттығулар жасау: тез жүру, жүгіру, велосипедпен жүру, жүзу, шаңғымен жүру және т.б [6].

Еуропалық кардиологтар қоғамының Комитетімендені сау адамдағыҚЖА-ның алдын алудағы негізгі міндеттері әзірленген:

· Систолалық артериялық қан қысымы мм сын. бағ. төмен болуы;

· темекіні тұтынбау - жалпы холестерин деңгейінің төмен 5 ммоль/ болуы;

· Холестерин төмен тығыздықтағы липопротеидтың 3 ммоль/л төмен болуы

· Күніне км серуендеу немесе 30 мин дене белсенділігімен айналысу

· Күнде жеміс – жидектер немесе көкөніс жеу

· Семіздіктен және қант диабетінен сақтану

 

1.2Қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алудағы стратегиялар мен мақсаты

Клиникалық тәжірибеде жүрек – қанайналым жүйесі ауруларын алдын алу атты Ресейдегі ұлттық ұсыныстарда қарастырылған қанайналымжүйесі алдын алуда берілген стратегиялар

Қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алудың үш стратегиялары бар:

• популяцияға негізделген;

• жоғары тәуекелді стратегия;

• екіншілік алдын алу;

Бұл үш стратегиялар бірін - бірі толықтырады. Популяцияға негізделген стратегия қан айналым жүйесі ауруларының азаюының негізі болып саналады,себебі медициналық тексеруді талап етпей халықтың өмір салтын өзгерту арқылы тәуекел факторларының азаюына алып келеді.

Басқа екі стратегияжүрек – қан айналым ауруы қаупін жоғары қауіп-қатер тобындағы пациенттерде төмендетуге бағытталған (біріншілік профилактика) және ЖҚА-мен ауыратын науқастарға бағытталған (екінші реттік профилактика).

Қанайналымы жүйесі ауруларының профилактикасының мақсаттары

1.Жоғары тәуекел факторынын төмендеуі

2.Тәуекел факторларының мынадай мақсатты мәндеріне жетуі:

· Темекі шегуді тоқтату;

· Салауатты тамақтану;

· Дене жүктемесімен айналысу күніне 30 мин;

· Дене салмағының индексі (ДСИ) < 25 кг/м2 болуы жәнесеміздіктің болмауы

· АҚ< 140/90 мм сын.бағ.

· Жалпы холестерин< 5 ммоль/л;

· холестерин липопротеидтің төмен тығыздығы <3 ммоль / л;

· Қандағы глюкоза < 6 ммоль/л.

3.Жоғары қауіп тобындағы науқастарды әсіресе ЖҚА ауруы бар немесе қант диабетімен (DM)тәуекел факторларын қатаң бақылау:

· АҚ < 130/80 мм сын.бағ.,егер мүмкіндік болса

· Жалпы холестерин мөлшері< 4,5 ммоль/л или < 4 ммоль/л, егер мүмкіндік болса

· Холестерин липопротеидтің төмен тығыздығының мөлшері< 2,5 ммоль/л или < 2 ммоль/л, егер мүмкіндік болса;

· Қандағы глюкоза мөлшері< 6 ммоль/л,егер мүмкіндік болса[7].

2 Қанайналым жүйесі аурулары мен қауіп факторларының әлемдегі таралымы

2.1Босния және Герцеговина Федерациясының жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларының 10 жылдық тенденциялары

Жоспарлы медициналық статистика нәтижелері бойынша Босния және Герцеговина Федерациясының халықтың өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі (2012 жылы 53%) аурулары, атап айтқанда, кардиомиопатия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты бар екендігін көрсетті. Бұл тұжырымдар дереу және сөзсіз іс-қимыл үшін қызыл дабыл болып табылады.

2002 және 2012 жылдары Босния және Герцеговина Федерациясында25-64 жас аралығындағы ересек халықтың бағалау және жүрек – қанайналым жүйесі ауруларының (ЖҚА) негізгі тәуекел факторларының дамуы, гипертония, семіздік және темекі шегу бойынша екі көлденең зерттеу әдістері жүргізілді.

Нәтижесінде Босния және Герцеговина Федерациясында ересек халық топтырындағы ҚЖА ауруының жалпы таралуы 2012 жылы 41% құрады,бұл 2002 жылғы көрсеткішке сәйкес келеді.
Семіздіктің таралуы ерлер арасында 2002 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2012 жылы жоғары болды, бұл көрсеткіш 20,3% - ға, ал әйелдер үшін бұл 24,1% - ға өсті.Барлық 61,3% ерлер және 35,9% - ы әйелдер олар күн сайын темекі шегетіндігін айтты, ал 2002 жылы темекі шегушілік ерлер арасында 49,3% - ды құрады және әйелдер арасында 29,8% болды.

Қорытынды жасалғанда Босния және Герцеговина Федерациясында ЖҚА аурулары қауіп факторларының тұрғындар арасында нашарлап келе жатқандығы,әсіресе орта жастағы ерлер арасында,бұл денсаулық жағдайынын нашарлауына және созылмалы ауруларға душар етеді,сонын ішінде жүрек - қан тамырлары ауруларына алып келетіндігі айтылады[8].

2.2 Итальяндық қоғамдастықтағы жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторларын бақылау және ақпараттандыру деңгейін анықтау: скринингтің нәтижелер науқаны

Жүрек - қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары жоғары қан қысымы, дислипидемия, қант диабеті және семіздік аурулар ішіндегі ауыртпалықтың негізгі болып саналады және бүкіл әлемдегі жүрек - қанайналым жүйесі ауруларының әсерінен салауатты өмір салтынын жоғалуына алып келеді.

Жүрек - қан тамырлары ауруын біріктіру стратегиялары негізінде ерте анықтау, тиімді емдеу және сау өмір салтын ұстану арқылы алдын алуға болады.Алайда жүрек - қан тамырлары ауруын халық арасында анықтау және қаупін факторларын бақылау жеке тұлғаның ақпараттандыру деңгейінің нашарлығынын әсерінен тұтастай алғанда әлі де елеулі проблема болып саналатындығы айтылады.

Бұл зерттеу Италияның солтүстігінде орналасқан кішігірім қауымдастықтағы адамдардың таңдамайтын үлгісінде жүрек-қан тамырлары қауіпінің негізгі факторларының таралуы, хабардар болуы, емделуі және бақылауына бағытталған.

Бұл зерттеу қоғамдағы таңдалмаған халықтың негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларын анықтауда скринингтік тексерілуге негізделген.Скринингтік тексерілуге Италияның белгілі бір аудандарында тұратын тұрғындарды мобильді орталыққа медициналық тексерілуге жарнамалар арқылы шақырылды.

Келушілерден жасы мен жынысына қосымша, мынадай ақпарат алынды:, жеке медициналық тарихы; гипертензия, қант диабеті және гиперхолестеринемия болуы.Және де келушілерден темекі шегетіндігі және ішімдік ішетіндігі сұралды.Кейін сұхбат алынғаннан кейін антропометриялық өлшеу жүргізілді және қан қысымы өлшенді, қан сарысуында холестерин мөлшері, қандағы глюкоза мөлшері анықталынды.

Зерттеуге дейін қатысушылар Италия заңнамасына сәйкес, клиникалық деректер жинау және талдау үшін жазбаша келісімдерін берді.

Нәтижесінде келушілердің 78,2% гиперхолестеринемия анықталынды (жалпы холестерин деңгейі > 190 мг / дл), 61,0%-нда семіздік анықталынды(бел өлшемі ерлер үшін ≥ 94 см, әйелдерге ≥80 см),артериялды қан қысымы 51,2%-нда анықталынды(қан қысымы ≥ 140/90 мм сын.бағ.), 8,1% қант диабеті болды (қандағы глюкоза мөлшері ≥ 126 мг / дл), 35,5% артық салмағы болған (дене массасы индексі 25-29 кг / м 2). Алкогольді ішімдіктер мен шылым шегетіндер тиісінше 46,2% және 22,4% құрады.

Қорытындылай келе шағын ауқымды зерттеулерінде жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының қауіп факторлары жалпы Солтүстік Италияда кеңінен таралғандығын көрсетеді.

Осы жағдай нашар түсіну, тиісті ем бастау үшін сәтсіздік, сондай-ақ осы қауіп факторларының тиімді бақылаудың жоқтығы, жүрек-қан тамырлары оқиғалардың тәуекел науқастарды анықтау, емдеу және мониторинг жүргізу үшін бұл неғұрлым тиімді және жан-жақты шаралар ұсынады дереу қабылдануы тиіс екендігін кеөрсетеді.

Бұл нәтиже жүрек қанайналыым жүйесі ауруларын ерте диагностикалауды және емдеуге қолжетімділікті арттыру стратегиясын көрсетеді, демек, халықтың жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығы анықталады.

.[9].

2.3 Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруының жалпы жағдайынын өзгерісі мен Kailuan когорты Қытай провинциясы еліндегі жаңа кезеңдегі гипертензия тәуекел өзгерістері

Жүрек-қанайналым жүйесі ауруының көрсеткіштері Америка денсаулық сақтау жүйесінің жүрек қауымдастығының жүрек-қан тамырлары ауруларымен тығыз байланысты екендігі айтылады.

Kailuan когорты Қытай провинциясы елінде денсаулық жағдайы бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары мен артериалды гипертензияның қауіп факторын денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі бойынша өзгерістерін бағалау үшін зерттеу жүргізіледі.

Жүрек-қан тамырлары аурулары көрсеткіштері болып 2006-2007, 2008-2009 2010-2011 және 2012-2013 жылдар аралығы бағаланды.

Қытай профинциясындағы Kailuan когортында2006 жыл маусым айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін он бір денсаулық сақтау қоғамдастығына жауап беретін жергілікті ауруханалардан негізгі денсаулық көрсеткіштері жинақталынды.

Тұрғындар келесі критерийлер арқылы жинақтады (1) жасы ≥18 жыл; (2) ақпараттандырылған келісімде; (3) әрбір 2 жыл сайын сәйкес хаттамаменөз денсаулығының мәртебесін жанартылуымен.Барлық қатысушылар сауалнама, клиникалық тексеру және зертханалық бағалау арқылы бағаланды.

Кейінгі бағалау мыналарды қамтыды зертханалық жылына екі рет өлшеу параметрлерін және жанама әсерлерін жазу.Зерттеу Kailuan General Hospital этика комитеттері бойынша мақұлданды және Хельсинкской декларацияда нұсқаулыққа сүйене отырып баяндалды.Барлық қатысушылар зерттеуге қатысуға келісті, және жазбаша келісімі алынды.

Қорытындылағанда қан тамырлары жүйесі және артериалық гипертензия көрсеткіштерінің арасындағы күшті кері корреляциялық байланыс болғандығы айтылады.Жалпы популяцияға бағытталған профилактика, әсіресе өмір салтын жақсарту үшін жаңа кезеңдегі гипертензияның алдын алу үшін маңызды болып табылады екен[10].

 

2.4Дамушы елдерде жоғары тәуекел топтарында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау стратегиясы қаншалықты тиімді? Исфахан Салауатты жүрек бағдарламасы

Салауатты жүрек бағдарламасы Исфахан (IHHP) халықтың және Иранда екі жоғары тәуекел көзқарасты пайдалана отырып жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау алдын алу үшін қауымдастық негізіндегі бағдарлама болып табылады.Бұл зерттеу жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тәуекел кезінде халықтың өмір салты мінез-жақсартуға араласуы стратегиялары (IHHP) «салауатты жүрек» бағдарламасының тиімділігін көрсетті.

IHHP жоғары тәуекел топтары үшін салауатты өмір салты он жобалардың бірі болып табылады. Жоғары тәуекел тобындағы жеке тұлғаларда жүректің ишемиялық ауруында (ЖИА) кем дегенде бір қауіп факторы бар екедігі анықталынады. Мінез-құлық параметрлерінің өзгерістері екі өңірлері арасындағы 5 жылдықты қамтитын сауалнама ретінде салыстырылды.

Қорытынды жасалғанда ЖИА факторларының негізгі таралуы (темекі шегуден басқа) 5 жыл ішінде құрылымы рационалды тамақтану және дене белсенділігі жағдайлары жақсарғандығын көрсетті.

IHHP интервенциялық қызметі, жоғары тәуекелді популяция бағытталған, ол, өмір салты мінез-құлық жақсартуға тиімді болу үшін пайда хабардарлықты арттыру және тәуекел факторларының жоғары тәуекел тобына мониторинг жүргізу [11].

 

2.5 Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының қауіп факторларының өлім-жітім үрдістеріне әсер етуіндегі тенденция үлестері

Жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және өзге де жүрек-қан тамырлары аурулары (CVD) бүкіл әлемде шамамен жыл сайынғы 17,5 млн адамның өліміне алып келетін негізгі себептердің бірі болып табылады.

Табыс деңгейі жоғары елдерде және кейбір Латын Америкасы елдерінде жүрек қанайналым жүйесі ауруларының көрсеткіштері төмендеуі ондаған жылдар бойы ешқандай өзгеріссізбаяулап келеді.Табысы жоғары елдер тәуекел факторларының азаюы,физиолгияық факторларлың,темекі шегудің жіне қан құрамындағы холестерин мөлшерінің азаюы қан қысымының төмендеуі оң пайдасын тигізді.

 

Қанайналым жүйесі ауруларын бақылау және кездейсоқ зерттеулер көптеген, мінез-құлық, физиологиялық және психологиялық қауіп факторларын анықтады.

Бүгінде жүздеген қауіп факторларының түрлері анықталып отыр соның ішінде зерттеуде қаратырылатын (темекі шегу, қан қысымы, холестерин және сарысудағы глюкоза, қан диабеті), және де Framingham Heart Study МОНИКИ жобасында да қарастырылады[12].

 

3Бразилиялық өнеркәсіп қызметкерлерінің популяциясындағы жүрек қанайналым жүйесі аурулары қауіп факторларының таралуы

Жүрек - қан тамырлары тәуекел факторларын анықтаудың жүрек - қан тамырлары жүйесі ауруларының біріншілік және екіншілік алдын алуда маңызы зор екендігі кіріспеде айтылады.Зерттеу тәсілдерінде 2002 -2003 жылдардағы Бразилиядағы заводтың қызметкерлерінен қауіп факторын анықтауда олармен интервью жүргізілді.Стандартталған сұхбат қызметкерлердің антрометриялық бағалануымен,артериялық қан қысымын өлшеумен және биохимиялық деректерді жинаумен 25 минутқа созылған.

Стандартталған сұхбат жеке ақпарат жинаумен, мысалы жасы, табыс ауқымы мен деңгейі сияқты, сондай-ақ жеке өмір салттары (демалыс уақытында дене белсенділігінің кемінде үш апталық кезеңдер ретінде анықталады, кем дегенде 30 минут ұзақтығы) белсенділігі төмен өмір салтын және қауіп факторлары туралы білетіндігі,артериялды гипртензия,шылым шегу мен қант диабеті,жанұя мүшесінің жүректін ишемиялық ауруларымен ауруы (ерлердің 55 жастан әйелдердер 60 жастан) сияқты ақпарат жинақталды.

Бұл мақаланың нәтижесінде жалпы саны 1047 жұмысшылардың қауіп факторлары бағаланды, соның ішінде орташа жасы-36 ± 8 жас ер адамдар 913 (87%) құрады. Жиілігі отырықшы өмір салты " 83%, ал артық салмақ 63% көрсеткіш көрсетті.Жүйелі артериялық гипертензия 28% жеке тұлғаларда анықталды, және гипертония диапазонында жүргендер 45% құрады.Қандағы глюкоза деңгейінің өзгерісіқызметкерлердің 49% - нда анықталды, сондай-ақ жоғары деңгейі холестерин және триглицеридтер 7% және 11%, тиісінше болды.

Қорытындысы: Артық салмақ және аз қозғалыстағы өмір салты қызметкерлердегінегізгі қауіп факторларының бірі болып табылатындығы анықталынды[13].

 

3.1. 2015 жылғы 7 сәуірдегі акция барысындағы Волгоград қаласында ересек халықтың жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп факторларын анықтау

Бұл мақалада жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тәуекел факторларды, сондай-ақ олардың анықтау және алдын алу әдістерін талқылайды. Жүрек-қан тамырлары аурулары өлім санының әлемдегі жетекші орын болып табылады. Сондықтан, ол қауіп факторларын анықтау және олармен күресуге өте маңызды.

Жүрек қан тамырлары ауруларын алдын алудың ғылыми концепциясы -қанайналым жүйесі аурулардың дамуы мен прогрессияна алып келетін қауіп факторларының тұжырымдамасы болып табылады.Әдетте қауіп факторлар бұл әсіресе өмір салты (темекі шегу, дене белсенділігі, алкоголь) биологиялық сипаттамалары (қандағы глюкоза мен липидтер деңгейінің жоғарылауы, қан қысымының жоғарылауы), қолайсыз экологиялық жағдай өзгермелі және цереброваскулярлық ауру 80% жағдайдажүректің ишемиялық ауруларына әкеледі.

Сонымен қатар адамның жынысы, жасы, және белгілі бір генетикалық сипаттамалары, қауіп-қатер факторлары болуы мүмкін.Созылмалы аурулардың дамуына әсер ететін факторлар да бар.Олар әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістер нәтижесі - халықтың қартаюы, жаһандану мен урбанизация.Бұған қоса тағы ЖҚА - ның екі маңызды даму себептерін - өмір сүру деңгейінің төмендігі және стресстіқосуға болады.

Бұл зерттеу Волгоград қаласында Бүкіләлемдік денсаулық күнінде акция кезінде анкета түрінде ересек топтағы тұрғындарға жүргізілді.Бұған 460 адам қатысып, анкетаға жауап берді.Анкетада жүрек - қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторын анықтауда сұрақтар қойылды.

Анкета 12 сұрақтан тұрады.Онда жауап берушінің жасы,жынысы көрсетіледі.

Басқа да қауіп факторларын анықтау үшін зиянды әдеттері,дене салмағы,дене белсенділігі,тұқымқуалаушылық аурулары,жеке ҚЖА – ны анықтайтын жжжеке симптомдары т.б көрсетіледі

 

Анкета cұрақтары

1.Жынысыңыз:

ер адам - 1 балл, әйел – 0 баллов.

2.Жасыңыз ер адамдар үшін 40 жастан асқан ба немесе әйелдер үшін 50 жастан асқан ба?

Иә- 1 балл,жоқ – 0 баллов.

3.Күніне 30 мин кем емес жаяу жүріп ссеруендейсіз бе?

Иә - 0 баллов, жоқ – 1 балл.

4.Мен жұмыс істемеймін немесе жұмыс барысында көбінесе отырамын.

Иә- 1 балл, жоқ – 0 баллов.

5.Артық салмағыңыз бар ма? (Сіздің дене салмағыңыз бойыңызға сәйкес келеді ме)

Иә - 2 балла, жоқ – 0 баллов.

Темекі шегесіз бе?

Иә - 3 балла, жоқ – 0 баллов.

7.Алкогольді ішімдіктіаптасына:

әйелдер үшін ішімдік 250 мл. артық немесе вино 750. мл артық, сыра 2,5мл

ер адамдар үшін ішімдік 500 мл артық немесе вино1500мл артық немесе сыра 5л. ішесіз бе?

Иә - 1 балл, жоқ – 0 баллов.

8.Күніне400-500гр жеміс - жидектер немесе көкөніс тұтынасыз ба(картоп өнімдерін есептемегенде)?

Иә- 0 балл, жоқ – 1 баллов.

9.Қан қысымыңыз жоғары ма (140/90 мм. сын.бағ.)?

Иә - 4 балла, жоқ – 0 баллов.

10.Отбасында жанұя мүшелеріңіз жүрек қанайналыым жүйесі ауруларымен ауырады ма?

Иә - 4 балла, жоқ – 0 баллов.

11.Стресстік жағдайларға жиі ұшырайсыз ба немесе эмоциональды зорығу, қобалжулар болады ма?

Иә - 2 балла, жоқ – 0 баллов.

12.Сіздің жүрегіңіздің тұсында немесе төс аймағыңызда қысу, ыңғайсыздық сезімі, ауру, шаншуы сынды белгілер болған жоқ па?

Иә - 5 баллов, жоқ – 0 баллов.

Анкета нәтижелері

Жынысына байланысты

Жынысы   Ер адам   Әйел адам   Всего
  Қатысушылар саны(чел.)              
               
Жалпы қортындысы, (%)     35,2   64,8    

 

Қатысушылардағы әйелдердің саныерлерден1,8 есе басым.

Жасына байланысты

Возрастная группа, лет     Қатысушылар саны(чел.)     Жалпы қортындысы(%)
Ер адамдар үшін 40 жастан асқан және әйелдер үшін 50 жастан асқандар       44,1
         
Басқа жас мөлшерлері       55,9
         
Барлығы        

 

Жас бойынша қан айналым жүйесі ауруларының қауіп факторында тұрған жалпы саны 45% құрайды.

 

3.Күніне 30 мин кем емес жаяу жүріп серуендейсіз бе

Күніне 30 мин кем емес жаяу жүріп серуендейсіз бе Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны(чел.)          
Қорытындысы, (%) 65,9   34,1    

 

4.Мен жұмыс істемеймін немесе жұмыс барысында көбінесе отырамын

4. Мен жұмыс істемеймін немесе жұмыс барысында көбінесе отырамын Да   Нет   Всего
Қатысушылар саны(чел.)          
Қортынды, (%) 50,2   49,8    

 

5.Артық салмағыңыз бар ма? (Сіздің дене салмағыңыз бойыңызға сәйкес келеді ме)

Артық салмағыңыз бар ма?     Иә   Жоқ   Барлығы
  Қатысушылар саны (чел.)            
             
Қортынды (%)     39,1   60,9    
   
               

Артық дене салмағы тек қатысушылардың 40% ғана кездеседі

Темекі шегесіз бе?

Темекі шегесіз бе?   Иә   Жоқ   Барлығы
             
  Қатысушылар саны(чел.)            
Қорытынды(%)     25,0   75,0    

Қатысушылардың әрбір төртіншісі темекі шегеді

7.7.Алкогольді ішімдіктіаптасына:

әйелдер үшін ішімдік 250 мл. артық немесе вино 750. мл артық, сыра 2,5мл

ер адамдар үшін ішімдік 500 мл артық немесе вино1500мл артық немесе сыра 5л. ішесіз бе?

 

 

Алкогольді ішімдікті аптасына ішесіз бе     Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны(чел.)            
             
Қортындысы, (%)     21,3   78,7    

Қатысушылардың әрбір бесіншісі алкогольды ішімдік тұтынады

8.Күніне400-500гр жеміс - жидектер немесе көкөніс тұтынасыз ба(картоп өнімдерін есептемегенде)?

.Күніне400-500гр жеміс - жидектер немесе көкөніс тұтынасыз ба(картоп өнімдерін есептемегенде)? Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны(чел.)          
Қорытындысы(%) 51,1   48,9    

 

Қатысушылардың жарты бөлігі күніне 400 – 500 гр жеміс,көкөністер қолданады.

 

 

9.Қан қысымыңыз жоғары ма (140/90 мм. сын.бағ.)?

9.Қан қысымыңыз жоғары ма (140/90 мм. сын.бағ.)?   Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны(чел.)          
Қортындысы (%) 33,3   66,7    

Әрбір 3 – ші адамда қан қысымы жоғары

 

10.Отбасында жанұя мүшелеріңіз жүрек қанайналыым жүйесі ауруларымен ауырады ма?

Отбасында жанұя мүшелеріңіз жүрек қанайналыым жүйесі ауруларымен ауырады ма? Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны(чел.)          
ҚҚорытындысы, (%) 45,9   54,1    

 

Қатысушылардың жартысында отбасыларында жанұя мүшелері жүрек қанайналыым жүйесі ауруларымен ауырады

 

11.Стресстік жағдайларға жиі ұшырайсыз ба немесе эмоциональды зорығу, қобалжулар болады ма?

11.Стресстік жағдайларға жиі ұшырайсыз ба немесе эмоциональды зорығу, қобалжулар болады ма?   Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны (чел.)          
Қорытындысы, (%) 59,3   40,7    

 

60% жуық қатысушыларда стрестік жағдайлар анықталынды

12.Сіздің жүрегіңіздің тұсында немесе төс аймағыңызда қысу, ыңғайсыздық сезімі, ауру, шаншуы сынды белгілер болған жоқ па?

12.Сіздің жүрегіңіздің тұсында немесе төс аймағыңызда қысу, ыңғайсыздық сезімі, ауру, шаншуы сынды белгілер болған жоқ па? Иә   Жоқ   Барлығы
Қатысушылар саны (чел.)          
Қорытындысы, (%) 36,1   63,9    

Әрбір 3-ші адамда осы белгілер анықталынды

ҚЖА ауруларының қауіп факторлары бойынша Волгоградтағы тұрғындарда анықталған анкета қортындысының нәтижесі мынадай болды:

Тұрғындарда кездесетін қауіп факторларының үлкен үлесі:

1.Эмоциональды жүктемелер

2.Жұмыс уақытындағы физикалық белсенділіктің төмендігі;

3.Жеміс, көкөністер тұтынудың жеткіліксіздігі;

4.Тұқымқуалаушылық;

5.Ер адамдар үшін 40 жастан асуы, ал әйел адамдар үшін 50 жастан асуы [14].

 

http://vocmp.oblzdrav.ru/wp-content/uploads/

 

Материалдар және зерттеу әдістері

Зерттеу дизайны: Сапалық зерттеу;Феноменальды;Рандомизирленген мақсатты;Мақсатты таңдама;Популяцияға негізделген

Мақсаты:Емханаға скрининг кабинетіне тексерілуге келген тұрғындардан қанайналым жүйесі аурулары туралы ақпараттандыру деңгейін анықтау.Осы ауру туралы не білетіндігін,қауіп факторлары,негізгі себептері және қалай алдын алуға болатындығы туралы сұрақтар кою.Сұхбат жүргізу арқылы емханадағы мейірбикелердің тұрғындарға қандай дәрижеде ақпарат беріп жатқандығын бағалау.Сауалнама алу арқылы тұрғындар арасында қауіп қатер факторларынтауып,қаншалықты деңгейде екенін анықтау.

Зерттеу объектісі: №3 қалалық емхана,Скринингтік тексерілуге шақырылған 40-60 жас аралығындағы адамдар тобы.

Міндеттері: Зерттеу сұхбат алудан және сауалнама сұрақтарынан тұрады.Сұхбатта 10 сұрақ қарастырылған. Сұхбаттың 5 сұрағы жүрек – қанайналым жүйесі аурулары мен қауіп факторлары туралы болса, қалған 5 сұрағы емханадағы ақпарат беретін мейірбикелердің жұмысын бағалауға арналған.

Сауалнама 12 сұрақты қамтиды.Сауалнама тұрғындар арасындағы жүрек қан айналым жүйесі ауруларының қауіп факторларын анықтауға арналған. Анықталған қауіп факторлар балдық шкала бойынша бағаланады.

Жалпы зерттеу шамамен 30 адам қатысады.15 адамнан сұхбат алынса,қалған 15 адамнан сауалнама алынады.Тұрғындардан алдымен жазбаша келісім алынып,зерттеудің қалай жүргізілеттіні,қандай сұрақтар қойылатыны туралы мәліметтер беріледі.

Интервью

Сұхбат сұрақтақтары «жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының қауіп факторларының өлім-жітім үрдістеріне әсер етуіндегі тенденция үлестері» атты мақала сүйене отырып құрастырылған.Тұрғындар арасындағы жүрек – қанайналым жүйесі ауруларының ақпараттандыру деңгейін қаншалықты екенін білу мақсатында сұрақтар ретімен қарастырылған.

 

Интервью сұрақтақтары

І.

1.Жүрек - қанайналым жүйесі аурулары туралы білесіз бе?

2.Бұл ауруға алып келетін негізгі себептер туралы не айта аласыз?

3.Жақын арада медициналық тексеруден өттіңіз бе?

4.Өзіңіздің қандағы холестерин және глюкоза деңгейіңізді білесіз бе?

5.Туыстарыңыз немесе отбасы мүшелеріңіз жүрек - қан айналым жүйесі ауруларымен ауырмайды ма?

ІІ.

1.Өзіңіздің аймағыңызда жүрек – қанайналым жүйесі ауруы туралы өзіңіді қызықтырған қандай да бір ақпарат ала алдыңыз ба?

2.Сіз үшін жүрек қанайналым жүйесі аурулары мен оның алдын алуы туралы сенімді ақпарат алу көзі не болып табылады?

§ Телевидидар

§ Радио

§ Газеттер

§ Емханадағыдәрігерменәңгімелесу

§ Емханадағымейірбикеменәңгімелесу

§ Туған – туысқандарыңыздыңұсыныстары

§ Басқа

 

3.Емханадағы мейірбикелердің пациенттерге жүрек қанайналым жүйесі аурулары мен оның алдын алуы туралы ақпарат беруі қаншалықты деңгейде екенін айта аласыз ба?Жалпы айтқанда көңіліңіз толады ма?

4.Өз дене салмағыңызды білесіз бе?Дене массасының индексі дегенді сізге аймақтық мейіркеңіз түсіндірді ме?

5.Емханадағы денсалық мектептерінің қандайда бір аурулардың алдыналужәне салауатты өмір салты туралы сабақтарына қатысып көрдіңіз бе?

 

Сауалнама

Сауалнама cұрақтары 2015 жылғы 7 сәуірдегі акция барысындағы Волгоград қаласында ересек халықтың жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп факторларын анықтау мақаласына негізделе отырып жасалынған.Сауалнама сұрақтары балдық шкала бойынша бағаланады

Сауалнама cұрақтары

1.Жынысыңыз:

ер адам - 1 балл, әйел – 0 баллов.

2.Жасыңыз ер адамдар үшін 40 жастан асқан ба немесе әйелдер үшін 50 жастан асқан ба?

Иә- 1 балл,жоқ – 0 баллов.

3.Күніне 30 мин кем емес жаяу жүріп ссеруендейсіз бе?

Иә - 0 баллов, жоқ – 1 балл.

4.Мен жұмыс істемеймін немесе жұмыс барысында көбінесе отырамын.

Иә- 1 балл, жоқ – 0 баллов.

5.Артық салмағыңыз бар ма? (Сіздің дене салмағыңыз бойыңызға сәйкес келеді ме)

Иә - 2 балла, жоқ – 0 баллов.

Темекі шегесіз бе?

Иә - 3 балла, жоқ – 0 баллов.

7.Алкогольді ішімдіктіаптасына:

әйелдер үшін ішімдік 250 мл. артық немесе вино 750. мл артық, сыра 2,5мл

ер адамдар үшін ішімдік 500 мл артық немесе вино1500мл артық немесе сыра 5л. ішесіз бе?

Иә - 1 балл, жоқ – 0 баллов.

8.Күніне400-500гр жеміс - жидектер немесе көкөніс тұтынасыз ба(картоп өнімдерін есептемегенде)?

Иә- 0 балл, жоқ – 1 баллов.

9.Қан қысымыңыз жоғары ма (140/90 мм. сын.бағ.)?

Иә - 4 балла, жоқ – 0 баллов.

10.Отбасында жанұя мүшелеріңіз жүрек қанайналыым жүйесі ауруларымен ауырады ма?

Иә - 4 балла, жоқ – 0 баллов.

11.Стресстік жағдайларға жиі ұшырайсыз ба немесе эмоциональды зорығу, қобалжулар болады ма?

Иә - 2 балла, жоқ – 0 баллов.

12.Сіздің жүрегіңіздің тұсында немесе төс аймағыңызда қысу, ыңғайсыздық сезімі, ауру, шаншуы сынды белгілер болған жоқ па?

Иә - 5 баллов, жоқ – 0 баллов.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. http://cyberleninka.ru/article/n/bolezni-sistemy-krovoobrascheniya-kak-globalnaya-problema-obschestvennogo-zdravoohraneniya#ixzz4fqw4uzJe

2. http://medbe.ru/materials/obshchee/statistika-serdechno-sosudistykh-zabolevaniy-v-evrope/

3. http://xn--80ahc0abogjs.com/valeologiya_739/bolezni-sistemyi-krovoobrascheniya-metodyi.html

4. http://medbe.ru/materials/obshchee/statistika-serdechno-sosudistykh-zabolevaniy-v-evrope/

5. http://cyberleninka.ru/article/n/bolezni-sistemy-krovoobrascheniya-kak-globalnaya-problema-obschestvennogo-zdravoohraneniya#ixzz4fqw4uzJe

6. http://cardiogomel.by/special/informatsiya/zabolevaniya/faktory-riska-bolezney-sistemy-krovoobrashcheniya.html

7. http://dispanser.by/downloads/national/profilaktika_ssz.pdf

НАЦИОНАЛЬНЫЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ СЕРДЕЧНО - СОСУДИСТЫХ ЗАБОЛЕВАНИЙ В КЛИНИЧЕСКОЙ ПРАКТИКЕ
Минск «ДокторДизайн» 2010 А. Г. Мрочек (РНПЦ «Кардиология», г. Минск),И. Ю. Коробко (РНПЦ «Кардиология», г. Минск),Т. А. Нечесова (РНПЦ «Кардиология», г. Минск),М. М. Ливенцева (РНПЦ «Кардиология», г. Минск),О. С. Павлова (РНПЦ «Кардиология», г. Минск)

2010. – 20 с. ISBN 9789856913191.

 

8. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4314181/

9. Федеральное министерство здравоохранения, Сараево, Босния и Герцеговина

10.2 Факультет медицинских исследований Университета Сараево, Сараево, Босния и Герцеговина

Соответствующий автор: Айда Пилав, MD, PhD. Сектор общественного здравоохранения, мониторинг и оценку. Федеральное министерство здравоохранения, Титовой 9. 71 000 Сараево, Босния и Герцеговина.

Мед Arch. 2014 Dec; 68 (6): 394-398.10,5455 / medarh.2014.68.394-398

Опубликовано на сайте 2014 Dec 16. DOI:

 

9.https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/23662063
Итальянский институт телемедицины и ассоциации по исследованию и развитию биомедицинских технологий и непрерывного медицинского образования (ARSMED), Варезе, Италия. stefano.omboni@iitelemed.org

Vasc Здоровье Manag риска. 2013, 9: 177-85. DOI: 10,2147 / VHRM.S40925. Epub 2013 30 апреля

 

10.https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4951012/

отделение офтальмологии, ЛКС медицинский факультет, Университет Гонконга, Гонконг, КитайФэйГао, # 1 КскиоксюЛиу, # 2 КсизуВанг, 2 ШоуаЧэнь, 3 Джихонг Ши, 4 АингЗханг, 5 ШоулингУу, 4, ‡ *и Джун Кай 6, ‡

 

11.

12. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4945698/MRC-PHE центр по окружающей среде и охране здоровья, школа общественного здравоохранения, Imperial College London, Лондон, Великобритания Маджид Еззати, 1 Зияд Обермейер, 2 Ioanna Tzoulaki, 1 Bongani М Mayosi, 3 Пол Эллиот, 1 и Дэвид A ЛеонNat Rev Cardiol. Автор рукописи; доступны в PMC 2016 Jul 15.

13. Распространенность сердечно-сосудистых факторов риска в популяции бразильских работников промышленности

РобертаСоареш Лара Кассани; Фернандо Нобра; АнтониуПазинFilho; Андре Шмидт

https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4823424/

 

14. http://vocmp.oblzdrav.ru/wp-content/uploads/М.А.Кривко

15. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC5217619/программа лайфстайл

16.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: