Жеке орналасатын іргетастар

Кіріспе

1.1 Қазіргі замандағы құрылыстың алатын орны

1.2 Қазақстанда құрылыстың дамуы

2. Негізгі бөлім

2.1 Ғимараттардың негізгі бөлшектері

2.2 Іргетастар

2.3 Ғимараттың сумен қамтамасыз етілуі

2.4 Терезе,есік бөлшектері

2.5 Балкондар, эркерлер, лоджиялар

2.6 Ғимарат және оның элементтері

3. Қорытынды:

 

 

Кіріспе:

Қазіргі замандағы құрылыстың алатын орны

Құрылыс индустриясы -Құрылыс индустриясының пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың, қатынас жолдарының, сауданың дамуына байланысты болды. Неғұрлым күрделі жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың қажеттілігі құрылысты мамандандыруды, оны дербес шаруашылық саласына айналдыруды қажет етті. Қазақстанда Құрылыс индустриясы құрылыстың жедел қарқынмен дамуы және үнемі жетілдірілуі нәтижесінде қамтамасыз етілді. Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізудің басты түріне айналып Құрылыс индустриясын дамытуды едәуір жеделдетті. Кеңестік дәуірде сонымен бірге ұжымшар аралық құрылыс ұйымдары да құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуға едәуір септігін тигізді. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде құрылыс-құрастыру ұйымдары түгелдей дерлік жекешелендіріліп, бірқатары ірі холдинг-компанияларға айналдырылды. Олар негізінен құрылысты мердігерлік тәсілмен жүргізеді.

Құрылыс нысандарын жаңадан салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық әдіспен жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының жиынтығы. Құрылыс индустриясының үздіксіз дамуы шаруашылықтың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының ұдайы өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының өніміне құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел орнатылып, құрастырылған, іске қосылуға даяр өндірістік орындар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық, т.б. ғимараттар жатады.

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрылыстың дамуы

Тек 2006 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен пайдалануға 4300 оқушы орнына арналған 6 жалпы білім беретін мектеп, 500 орынды 4 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ұйымы, денсаулық сақтау объектілерінен 233 кереует орнымен 3 аурухана, ауысыммен 98 адам баруға арналған 7 амбулаторлық-емханалық мекеме, 11,3 км су тартқыштар мен су құбыры жүйелері, жергілікті маңыздағы үш қазандық сағатына 7,62 Га, 72 орындық 1 әлеуметтік қамтамасыз ету объектісі, бір мәдениет объектісі, екі дене тәрбиесі мен спорт объектісі және қоршаған ортаны қорғаудың екі объектісі енгізілген. 2006 жылы республикалық бюджет есебінен Қарағанды қаласында 700 орынға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ерекше объекті құрылысы басталды, оны салу 2007 жылы жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауын, «Қазақстан — 2030» Стратегиясын орындау үшін, Қазақстан жаңа даму кезеңінде. Біздің ішкі және сыртқы саясатымызға бағытталған 30 маңызды бағыттар «мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысын» іске асыру жобасы, 2007 жылы облыста Абай қаласында 464 орынға арналған орта мектеп құрылысын аяқтау және Балқаш қаласында 1176 орынға арналған орта мектептің құрылысын бастау, Қарқаралы қаласында 360 орынға арналған кәсіптік мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, жобаға жеті денсаулық сақтау объектісі кірген, оның ішінде екі объектісінің 2007 жылы құрылысы басталатын болады: Теміртау қаласындағы 500 адам баруға арналған диагностика орталығымен қалалық емхана және Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентіндегі 100 кереуетке арналған орталық аудандық аурухана. Құрылыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторы болып табылады. 2005-2006 жылдары күрделі құрылысқа 171573,8 млн. теңге инвестиция жіберілген. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылыс-монтаж жұмыстары 75885,7 млн. теңгеге орындалған. Облыста 593 құрылыс ұйымдары мердігерлік жұмыстарды іске асырады.

Көптеген мердігерлік жұмыстар көлемі жеке меншік түріндегі құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған (94,0 пайыз).

Егер де 2005 жылы жалпы көлемі 370,3 мың шаршы метр 963 ғимарат салынса, оның ішінде 556 ғимарат тұрғын үй бағытындағы жалпы көлемі 240,8 мың шаршы метр, ал 2006 жылы жалпы көлемі 501,3 мың шаршы метр 1419 ғимарат салынды, оның ішінде жалпы көлемі 314,3 мың шаршы метр тұрғын үй бағытындағы 857 ғимарат.

Қазіргі таңда елімізде құрылыс индустриясы қарқынды түрде дамуда. Елбасы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы міндет үкіметтен, құрылыс саласы мен кәсіби қауымдастықтың барлық қатысушыларынан Қазақстанның құрылыс нарығының нормаларына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруын талап етеді. Н. Ә. Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламысында еліміздің бірегей қалаларының транспорт инфрақұрылымын, туризмді, транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамуты қолға алуды тапсырды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында, әлбетте, құрылыс материалдары мен шикізат өнімдеріне деген сұраныс та арта түседі. Осы орайда, Еуразиялық экономикалық комиссияның ғаламтор желісінде орналасқан «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін талқылау өте орынды.

Бұл техникалық регламент талаптары құрылысы жаңа аяқталған, қолданысқа берілетін ғимараттар мен үймереттерге, капиталды жөндеу жұмыстарына, бұрынғы құрылыстарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына; инженерлік іздеу процестеріне, ғимараттар мен үймереттерді жобалау, олардың құрылысы, қолданысқа беру және жою жұмыстарына; ғимарат немесе үймеретті инженерлік қамтамасыз ету жүйесіне, құрылыс құрылымдарын құрастыру және барлық құрылыс материалдары мен бұйымдарына таралады.

КО ТР бойынша ғимараттар мен үймереттер жалпы негізгі қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет, соның ішінде:

-механикалық қауіпсіздік;

- өрт қауіпсіздігі;

- гигиена, адам денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны қорғау;

- жазатайым оқиғадан сақтау және пайдалануға қолжетімдік;

- энергияны үнемдеу және жылу шығынын азайту;

- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Ғимараттар мен үймереттер КО қатысушы-мемлекеттер аумағында айналысқа ене алмайтын өнімдер болып табылғандықтан, техникалық регламентте сәйкестікті растаудың бірегей жалпы формалары ғана көрсетілген. Яғни, ғимарат пен үймеретке қатысты нақты ережелер мен сейкестікке растау рәсімдері әрбір КО қатысушы-мемлекетте ұлттық деңгейде қарастырылады. Ғимарат пен үймереттерді сәйкестікке бағалау міндетті болып табылады және «сәйкестік презумпциясы» принципімен жүзеге асырылады.

Ал құрылыс өнімдері мен бұйымдарына келетін болсақ, оларды нарықта тасымалдау еркін жүретіндіктен, КО қатысушы-мемлекеттерінде қолданысқа жіберілген әрбір құрылыс материалы міндетті түрде сәйкестікке расталуы қажет.

Қолданысқа жаңадан енгізілетін, қолданыста қауіпті деп саналатын құрылыс материалдары мен бұйымдар құрылыста қолдануға жарамдылық рәсімдерінен өтуі тиіс. Қолдануға жарамдылық рәсімдері қортындысы бойынша оң баға алған өнімге «Жаңа өнімнің Кеден одағы аумағында құрылыста пайдалануына жарамдылығы туралы Техникалық куәлік» беріледі. Бұндай сәйкестіке растау формасы нарықты жарамсыз өнімдерден сақтап қана қоймай, тұтынушылар мен саралау органдарының сенімсіздігінің алдын алып, техникалық кедергілерді бірқатар азайтады.

Техникалық регламент жобасында өнімді сертификаттау үшін үш түрлі сұлба ұсынылған, яғни, бірегей сертификаттау, мағлұмдау және жарамдылыққа растау. Міндетті сәйкестікке растауға жатпайтын құрылыс материалдары мен бұйымдар КО қатысушы-мемлекеттер нарығына тұтынушыға жеткізу туралы келісімшарт (өзара шарт) негізінде босатылады.

Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары мен бұйымдар КО қатысушы-мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірегей белгісімен таңбаланатын болады.

Құрылыс саласында жұмыс атқаратын әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар осы техникалық регламент қолданысқа енген күннен бастап, негізгі талаптарды ұстана отырып, сапалы қызмет атқарады деген ойдамыз. Техникалық регламент талаптарын орындамағаны үшін әр тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын да ескерте кеткен жөн.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өедірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда – ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай – бұл мәселелер туралы әркімдер – ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми – техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес.

Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері – силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе – ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физмка – химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туатыны кітапта талданған және тиісті мысалдар келтіріліп дәлелденген. Сонымен қатар Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібінің өркендеу тарихы туралы да біраз мәліметтер осы еңбекте баяндалған.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.

Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері бірнеше топқа бөлінеді:

Бірінші топқа физикалық қасиетер жатады. Олар: құрылыс материалдардың тығыздығы және көлемдік масса (салмағы), кеуектілігі, механткалық қасиеттері (беріктігі, қаттылығы, формасын өзгерткіштігі, т.б.).

Екінші топқа олардың өткізгіштік қасиеттері жатады. Мысалы, олар құрылыс материалдаррына судың, ылғалдың, ауаның және төменгі температураның қалай әскр ететінімен сипатталады. Айталық, ол заттың су тартқыштығы, су өткізгіштігі, суға беріктігі, ылғалдығы, аязға төзімділігі, т.б.

Үшінші топқа құрылыс материалдарына жылудың немесе жоғары температураның тигізетін әсері және оның беріктігін сипаттайтын қасиеттері: отқа беріктігі, отқа төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т.б.

Төртінші топқа құрылыс материалдарының химиялық немесе коррозиялық әсерлерге төзімділігі жатады. Бұлар қышқылдардың, сітілердің, тұздардың, газдардың, т.б. құрылыс материалдарына тигізетін әсерін сипаттайды.

Бесінші топқа құрылыс материалдарының технологиялық қасиеттері жатады. Бұған заттардың кесілгіштігі, шегеленгіштігі, нормалық қоюлығы, қалыптағыштығы, т.б. жатады.

 

Негізгі бөлім:

Ғимараттардың негізгі бөлшектері, олардың жіктелуі

Құрылыстар деп халықтың материалдық және рухани талаптарын қамтамасыз ету үшін салынған жасандыларды айтады. Ғимараттар деп адамның әртүрлі іс-әрекеттеріне арналған жіне икемделген ішкі кеңістігі бар жер бетіндегі құрылысты айтады.

Құрылыстар тек қана техникалық міндеттерді атқаратын болса онда, оларды инженерлік құрылыстар деп атайды.

Ғимараттың ішкі кеңістігі жеке бөлмелерге бөлінеді. Бір деңгейде орналасқан бөлмелер ғимарат қабатын құрайды. Қабаттар арқалық аражабындар арқылы бөлінеді.

Ғимараттың қай қайсысынын болсын ішінде бір-бірімен тікелей байланысқан.үш тобын көрсетуге болады:

1.Көлемді жоспарлық;

2.Құрылымдық;

3.Құрылыстық бұйымдар.

Ғимараттар әртүрлі қасиеттері бойынша төмендегідей жіктеледі:

1.Арнаулы бойынша:

а)адамдардың тұрмыстық және қоғамдық талаптарын қанағаттандыруға арналған азаматтық ғимараттар;

б)өндіріс құрал жабдықтарын орналастырып және еңбек процесстерін орындау арқылы әртүрлі өндірістік өнімдерді алуға арналған;

в)ауылшаруашылығының мүдделерін қанағаттандыруға арналған

2.Қабырға материалына байланысты:

а)ағаштан;

б)тастан;

3.Қабырға құрылымы бойынша:

а)кіші бөлшектерден;

б)ірі бөлшекті;

4.Жасалуы бойынша:

а)құймалы және кіші бұйымдардан өрілмелі;

б)толық құрастырмалы;

5.Қабаттарының санына байланысты:

а)бір қабаттылар;

б)аз қабаттылар; (2,3 қабат)

в)көпқабаттылар(4-9)

г)көтеріңкі қабаттылар(10-20)

д)зәулім биік қабаттылар(20 қабаттан аса).

6.Мерзімділік дәрежесы бойынша:

а)қызмет ету мерзімі 100 жылдан аса;

б)қызмет ету мерзімі 50-100 жыл:

в)қызмет ету мерзімі 20-50 жыл;

г)қызмет ету мерзімі 20 жылдан аз.(уақытша ғимараттар).

7.Өртке төзімділік дәрежесі бойынша:

а) 1-3- тасты құрылымдармен;

б)4-сыланған ағаш құрылымдарымен;

в)5- сыланбаған ағаш құрылымдарымен.

8.Таралу дәрежесіне байланысты:

а)ғимараттың кең тараған құрылыстары;

б)бірегей, арнайы жобалармен салынатын.

Қойылатын талаптар:

1.Мақсатқа сәйкестігі - ғимараттар өздрінің арналуына сәйкес келуі керек;

2.Беріктілік - әртүрлі әсер еткен күштерге төзімділік көрсетіп, өзі сол алғашқы қалпын сақтау қасиеті;

3.Орнықтылық - көлденең әсер еткен күштерге қарсы тұру қабілеті;

4.Жылу ұстамдылық-арналуына байланысты ғимарат ішінде нормативтік температураны бірқалыпты сақтау қасиеті;

5.Индустриалдығы- жаңа технологияны қолдай отырып, құрылыс жұмыстарын автоматты және биік механикаландырылған түрде дайын бөлшектерден ғимаратты жинақтау;

6.Сәулеттілігі- көркемділігі- өңдеу жұмыстарына жаңа материалдарды қолдану,көріністеріне сәулеттік бұйымдарды енгізу, қабырғаның сыртқы беттерінде әр түрлі бөлшектердің дұрыс орналасуы,т.б арқыы іске асырылады.

7.Ұзақ мерзімділігі-ғимараттың бұзылмай нормативтік мерзіміне қызмет етуі.

8.Экономикалық талаптар-ғимарат тек салынуда ғана емес сонымен бірге оны пайдаланғанда да үнемді болуы тиіс.

9.Өртке төзімділігі.Отқа төзімділік шегі деп құрылымды отқа сынау мерзімінің басынан бастап,сол құрылымның жанған бетінде температура 140 градусқа жеткенге дейінгі немесе құрылымда өткін жырақтар пайда болғанша кеткен уақыт мерзімін айтады.

Іргетастар

Іргетастар – ғимараттардың жер үстіндегі конструкцияларының салмағын көтеріп топырақты негіздерге таратуға арналған, жер астында орналасатын конструциялық бөлшек.

Іргетастар көтергіш қабырғалар мен бағандардың астына орналасады. Негіздердің беріктігі топырақтардың минералдық құрамына, тығыздығына және ылғалдығына тәуелді. Іргетастардың орналасу тереңдігі топырақтардың беріктігіне және ғимараттардың салынатын климаттық ауданына байланысты есептеліп тағайындалады.

Іргетастардың жіктелу түрлері:

а)тереңдігіне байланысты

-тайыз (3 м дейін);

-терең (3 м асатын).

б) тұрғызу әдістеріне байланысты

-құйылмалы;

-жиылмалы.

в) материалдарына

-тасты;

-бетонды;

-темірбетонды;

-темірден;

-ағаштан.

г) конструкциялық түрлеріне байланысты

-таспалы (ленталы);

-жеке орналасқан;

-тұтас тақталы;

-қадалы.

Іргетас ғимараттың көтергіш конструктивті бөлшегі болып жерасты кабатына жатады. Іргетастар берік, орнықты, ұзақ уақыт пайдаланатын және үнемді болуға тиіс. Ғимараттың жоғарғы бөлігі (қабырға, баған) орналасқан іргетастың жоғарғы беті жиек деп, ал топырақты негіздермен жанасатын төменгі беті табаны деп аталады.

 

 

 

а- таспалы (ленталы); б- жеке орналасқан; в- тұтас тақталы; г- қадалы

Іргетастардың түрлері

 

Іргетас биіктігі, жиек пен табан аралығындағы өлшем – hф.

Іргетас салу тереңдігі, жер бетімен табан аралығында болатын өлшем – h.

Іргетас табаны, іргетастың еніне тең болады – b.

Іргетас табаны есеп-санау арқылы анықталады.

Іргетас орналастыру тереңдігі келтірілген мәселерге байланысты:

-құрылыс алаңының инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары;

-құрылыс алаңының климаттық шарттары;

-ғимараттың түрлері және ерекшеліктері;

-құрылыс жұмыстарының іргетас салғандағы ерекшеліктері.

15 – суретте үймереттердің жерасты бөліктерінің қималары көрсетілген.

 

 

1- қабырға (баған); 2- іргетастың тақтасы; 3- іргетас блоктары; 4- іргетас иегі; 5- іргетас табаны; 6- негіздердің көтергіш қабаты; 7- негіздердің төсеніш қабаты

Іргетас анықтамалары және өлшемдері

2- Егер табан асты үгілген тау жыныстарынан (құм, балшық) болса, іргетасты топырақтың тоңдану тереңдігінен төмен орналастырады.

1-іргетастартың гидроизоляцияланған жиегі; 2- жағылған битум

(вертикальды гидроизоляция); 3- балшық; 4- арнайы төсем;

5- жертөленің едені; 6 - жертөленің қабырғасы; 7- арнайы

гидроизоляция; 8- қыштан жасалған қорғаныс қабат;

9- екінші арнайы төсем

Үймереттердің жерасты бөліктерінің қималары

Таспалы іргетастар

Қабырға құйылмалы, тас кірпіш, панель, блоктарды қолданса астына таспалы (ленталы) төртбұрышты іргетас жобаланады. Таспалы іргетас ені қабырғаның екі жағынан 50-150мм артық етіп жобаланады. Іргетастың беріктігін толық пайдалану үшін ауданын үлкейту арқылы, топырақты негізге түсірілетін қысым мөлшерін азайтады. Таспалы іргетастар құйылмалы немесе құрамалы болады. Құрамалы іргетас түрлері 7.1,7.2 – кестелерде және 7.4 - суретте келтірілген.

 

7.1 кесте - Құрамалы таспалы іргетастар. Іргетас табан тақталары

    Іргетас табан тақтасының жалпы көрінісі     Маркалары   Тақта өлшемдері, мм   Салмақтары, т
  b   L   h   c
  Ф6 Ф6-12 Ф8 Ф8-12         - - - -   1,07 0,53 1,43 0,71
Ф10 Ф10-12 Ф12 Ф12-12 Ф14 Ф14-12 Ф16 Ф16-12         1,58 0,79 1,82 0,9 2,18 1,08 2,53 1,26
Ф20 Ф24 Ф28 Ф32         2,54 3,00 3,55 4,14

 

 

h- биіктігі; b – ені; L1 – ұзындығы

Құрамалы таспалы іргестастар. Іргетас блоктары

7.2 кесте- Блок маркаларынын өлшемдері,

  Блок маркалары Өлшемдері, мм
b h L1
ФБС6; ФБС6-9 ФБС5; ФБС5-9 ФБС4; ФБС4-9 ФБС3; ФБС3-9     2380; 880 2380; 880 2380; 880 2380; 880
ФБСН-6 ФБСН-5 ФБСН-4      

Жеке орналасатын іргетастар

Ғимараттың конструктивтік шешімдері қаңқалы болып, бағандар жобаланса, жеке орналасатын іргетастар қабылданады 7.1,7.2 –кестелерде (7.3–кестеде, 7.5 - сурет). Жеке орналасқан іргетас осьтерінің арасын 3,0...6,0 м тең. Жеке орналасқан іргетастар міндетті түрде

 

а- таспалы іргетастар: 1- тығыздалған топырақ; 2- блоқтар; 3- тақталар; 4- құм-тасты төсем; 5- құйма бетон; 6- жиек; б- жеке орнатылатын іргетастар: 1-іргетастар арқалығы; в-қабырғалардың астына жеке орнатылатын іргетастар: 2- рандбалка

Құрамалы және жеке орналасатын іргетастар

ғимараттардың бұрыштарында және ішкі, сыртқы координациялық осьтердің қиылысқан жерлерінде жобаланып орналастырылады.

Жеке орналасатын іргетастар жиналмалы немесе құйылмалы болып темір бетоннан жасалады. Жеке орналасатын бағана қойылатын жиналмалы іргетастар 7.3 кестеде келтірілген.

 

 

Жеке орналасқан іргетастар. Іргетастар тақтасы мен бағандықтары.

 

  Жалпы көрінісі     Маркалары Өлшемдері, мм
  b   L1   h  
    БК-1 БК-2                 - -
  ФП20-20 ФП22-22              
  ФП24-12 ФП28-12 ФП32-12          
  ФТ-16-18         -

 

Тұтас тақталы іргетастар

Тұтас тақталы іргетастар ғимараттардың жалпы астына бүтіндей, биіктілігі 0,3÷3,0 м аралықтарында темір бетоннан құйылмалы түрінде орнатылады. Тұтас тақталы іргетастар, ғимарат салмағынан топырақты негіздерге түсетін қысымдар мөлшерін азайтып, өте берік және тұрақты болып келеді.

Қадалы іргетастар

Қадалы іргетастар топырақты негіздерге қағылып немесе бұрғылап-құйылып, темірден, ағаштан, темірбетоннан жасалған өзектерді атайды (7.6- сурет). Қадалы іргетастар ғимараттардың салмағын, тереңде орналасқан көтергіш қабілеті мол тау жыныстарына таратады.

Қадалы іргетас түрлері:

1.Статикалық жұмыс атқаруына қарап:

-аспалы;

-тіреулі.

2. Материалдарына қарасты:

-темірбетоннан;

-бетоннан;

-ағаштан;

-темірден.

3. Конструкциялық шешіміне қарасты:

-қағылмалы;

-бұрғылы-құйылмалы.

4. Тереңдігіне (қаданың ұзындығына) байланысты:

-қысқа (3-6 м);

-ұзын (6-40 м).

 

 

 

а- бағандар астына орналатын құйма іргетастардың түрлері: 1- құйма темірбетон; 2- баған; 3- айқасқан таспалы іргетас; 4- құм төсем; 5- тосбаған; в- қадалы іргетас: 1- қада; 2- ростверк

Құйма және қадалы іргетастар

Қағылмалы қада іргетастардың түрлері, өлшемдері, қойылатын талаптар, қабылдау қағидалары, зерттеу, тасу және сақтау ережелері мемлекеттік стандартта ГОСТ 19804-84, ГОСТ 17382-82 келтірілген.

Қағылмалы қада іргетастар зауыттарда дайындалады және түрлері 7.7-суретте көрсетілген. Дайын қадаларды құрылыс алаңына тасып алып келгеннен кейін, жобаның үлгісі бойынша құрылыс алаңының орнына арнаулы машиналармен қағылады.

 

а- тік төртбүрышты; б- квадрат түріндегі; в- жалғамалы қада; г- конус пішінді; д- дөңгелек қуыс темір қада; е-ағаш; 1- қаданың басы; 2- орта бөлігі; 3- қаданың жаны; 4,6 - қадалардың ұшталған бөлігі; 5- темір құрсау

Қағылатын қадалардың түрлері

Құйылмалы қада іргетастарды орналастыру барысында бірнеше технологиялық амалдар істеледі:

-жерді бұрғылап тереңдікке шұңқырлайды;

-шұңқырларға темір арматураны орналастылады;

-темір арматура орналасқан шұңқырларға бетон құйылады.

 

 

а- қарапайым түрі; б- үштықпен жасалған скважинадағы қада; в- үш жағы бұрғылап кеңейтілген қада; г- қопарып кеңейтілген қада; д- тіреу-қадаларды арматуралау; 1- ұштық; 2- ростверктың арматурасы; 3- қаданың арматурасы; 4- тасты топырақ

Құйылатын қадалардың түрлері

Ғимараттың сумен қамтамасыз етілуі

Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау — елді мекендерді, өнеркәсіпкәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.

Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.

Сумен қамтамасыз ету пункті (пункт водоснабжения) — су өндіру, оны сақтау және бөлу үшін арнайы техникалық құралдармен жабдықталған, айналасындағы жермен қоса алғандағы су көзі. Жаппай қырып жоятын қару қолданған жағдайда әскерді сумен қамтамасыз ету аса маңызды іс боп саналады, өйткені ашық су көздері залалдануы мүмкін. Сумен қамтамасыз ету пункті шахталық және тұрбалық құдықтарды, бұрғылау орындары мен бұлақтардың және судың үстіңгі кездерінің (өзен, көл, теңіз) базасында жасалады. Құдық құрылысы бөлімшелерге күнделікті қажет ішетін су, тамақ дайындауға, шаруашылық және техникалық қажеттіліктерге кететін су мөлшерін есепке ала отырып салынады.

Суық (ССЖ) және ыстық сумен жабдықтаудың (ЫСЖ) жүйелері мен ғимараттардң және үймереттердің (жылыту, желдету және кондицинерлеу жүйелермен қатар) канализациясы ішкі санитарлық – техникалық құрылғыларды құрады және ыстық, суық суды беру мен суық суды тұтынушылардың есептік санына сәйкес тоған суларды орныққан санитарлық – техникалық приборлар мен ондағы құрылғылар арқылы шығару.

 

Терезелер

Терезе - ғимараттардың бөлмелеріне жарық түсіретін және желдетуге арналған конструциялық бөлшек. Терезелер қорғағыш конструкция болғандықтан бөлмелердің жылу сақтау талаптарына жауап беруі тиіс.

Терезелер жармалардың саны бойынша: бір, екі, үш жармалы ашылатын немесе ашылмайтын, ілгектер арқылы терезе қорабына ілінетін.

Желдеткіш үйымдастыру бойынша: форточка немесе жарма арқылы.

Шынылау әдістері бойынша: бір, екі, үш қатарлы.

Шынылардың түрлері бойынша: жай шыны-қалыңдығы 3-4 мм; арнайы шынылар (күн сәулесінен қорғайтын, жарық азайтатын); сымдармен күшейтілген шынылар; шыныблоктар.

Терезелердің материалдары ағаш, темір, темір-пластик, пластикалық.

Терезе құрамалар қалыңдықтары 140 мм кем болмайды, сондықтан олардың жылу және дыбыс өткішбегіш қасиеттері сұрақ туғызбайды.

Терезелердің өлшемі: 2100х1800 мм —үш-жармалы;1800х1800 мм және 1500х1800 мм — екі жармалы; 900х1800 мм бір жармалы.

Терезелердің құрамына терезе асты тақтайлар (ағаштан, пластиктен) және сырт жағында орналасатын цинкпен қапталғын қаңылтыр кіреді.

 

 

1-терезе асты тақтай; 2- импост; 3- терезе қаңқаларының жылжымалы

(ашылмалы) бөлімі; 4 – терезе қорабы; 5-фрамуга; 6-орта қатайтқыш белдеме; 7- сыртқы сукетіргіш

Терезе құрама бөлшектері

 

а – бір жармалы; б – екі жармалы желдеткішті; в – екі жармалы желдеткішсіз ашылмалы; г – екі жармалы желдеткішті ашылмалы; д – үш жармалы ашылмалы; е – үш жармалы ағаш торлы желдеткішті; 1 –тік ашылмалы жарма; 2 – желдеткіш; 3 - шыны; 4 – көлденең ашылмалы жарма; 5 - ағаш торлар; 6 – ағаш қорап; 7 – есікше

Терезе түрлері

Есіктер

Есіктер – ғимараттардың ішкі қабырғалардың ойықтарына орналасқан ашылып жабылатын, бөлмелермен қатынасуға арналған конструктивтік бөлшек. Есіктер ғимараттар мен үйлерге кіру үшін арналады.

Есіктің құрмалары:

1.Есіктер қорабы, қабырғалардағы ойықтарға орнатылған, жылжымайтын бөлігі болады;

2.Есіктер, кораптарға ілініп ашылып-жабылатын жылжымалы бөлігі.

 

1-есік; 2-есік қорабы; 3- есік тұтқасы

Есіктер құрамы

Есіктердің жұпталуы

-орналасқан орнына: сыртқы (кіруге); ішкі; қызметші; (шатырға, жертолеге анараты); жиһазды.

-есік түріне қарай: бір есікті; екі есікті; бір жарым есікті.

-есік сипаттамасына қарай: тұтас; жартылай шыныланған; тегіс шыныланған.

-ашылу әдісіне қарай: бір жаққа; екі жаққа; сырғытпалы; жиналмалы; айналмалы.

Есік өлшемдері:

биіктігі — 2000, 2100 мм;

ені: 600, 700, 800, 900, 1000, 1200 мм.

Терезелер мен есіктерді жасағанда арнайы қалыңдығы 6 мм шынылар және сапасы өте жоғары ағаштар қолданылады.

 

 

 

а-қалқанды; б-байламалы; в-торлы; г-әсемді; д-балталы; е-шынылы.

1-қаптама (фанера, крагис, ламинат т.б.); 2-ағаш қалқан; 3- ағаш қаңқа; 4-шыны; 5-астыңғы қаңқалы тақтай; 6-тік ағаш қаңқа; 7- байламалы ағаш қаңқа; 8-орталық; 9-әсемделген бөлшек; 10-шегелер; 11-арнайы сынбайтын өңделген шыны; 12-жылжымалы ілгек

Есіктер түрлері

 

Бөлмелерді табиғи жарықтандыру, қабырғалар мен төбе жабындарындағы жазық және тік ұңғылар арқылы орындалады.Бөлме жарықтандырылуының табиғи түрі есеп бойынша анықталады да,соған байланысты терзе өлшемдері анықталады. Тұрғын үйлерде терезе ауданы еден ауданының 1/8 ден 1/5 бөлігіне тең етіп қабылданады.

Терезелер ғимарат ішкі кеңістігі жарық түсіру, сыртқы кеңістікпен байланыс, бөлмелерде ауа алмастыру және өрт пен апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін арналған.Терезенің әйнектер құрылымы ғимараттың сыртқы көрінісіне үлкен әсер ететін маңызды бөлшегі болып табылады.Терезе құрылымына әртүрлі жүктемелер мен тасбиғат жағдайлары әсер етеді.

Есіктер ғимаратқа кіруге, бөлмеден бөлмеге қатынауға, өрт немесе апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға арналған.Олардың орналасуы, маны және арналуына байланысты болады.Есік құралдарына топсалар, тұтқалар, ойылып орнатылған құлыптар,ысырма жапқыштар,сұқратиектер, аспалы шынжырдар, көзкөргіштер жатады.Кейбір қоғамдық ғимараттарда қалың шыңдалған әйнектерден (10-15мм) көмкермесіз жасалған есіктер әлдеқайда тиімді, бірақ адамдар шығып-кірер мезгілде қауіпсіздік талаптарға сай болуы тиіс.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: