Коммандиттік серіктестік (КС)

Коммандиттік серіктестік деп өзінің құрамына толық жауапкершілікке ие (оларды толық жолдастар деп атайды) қатысушылар, сондайақ жауапкершілігі шектеулі қатысушылар (салымшылар) кіретін серіктестік танылады.

Салымшылардың жауапкершілігі енгізген салымның сомасымен шектеледі, жəне олар серіктестіктің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайды. Яғни бұл жағдайда екі жеке тұлғадан кем емес қатысуы тиіс. Біреуі (толық жолдас) компанияға «команда беруді» жəне комапняиның кəсіпкрелік жұмысымен байланысты барлық тəуекелдіктерді өзіне алады жəне компанияның қарыздарына өзінің барлық жеке мүліктерімен жауап береді. Ал екінші (салымшы) жарғылық капиталға мүлкін ғана салады, ол тек жарғылық капиталдағы осы үлесімен ғана тəуеке етеді, алайда, компанияның мəселелеріне араласпайды. Оны банктің салымшысымен салыстыруға болады.

  • азамат тек бір ғана коммандиттік серіктестіктің толық жолдасы бола алады;
  • коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды;
  • коммандиттік серіктестіктің салымшысы құрылтай құжаттармен ескерілген өлшемде, əдіс
  • пен тəртіп бойынша бастапқы салым мен қосымша жарналарды (салымдарды) салымдап отыруға міндетті.

Коммандиттік серіктестіктің салымшысы төмендегідей құқықтарға ие:

  • серіктестіктің таза табысының оның жарғылық капиталдағы үлесіне тиесілі бөлігін құрылтай құжаттарда ескерілген тəртіп бойынша алып отыру;
  • серіктестіктің қаржылық есебімен танысу, сондай-ақ оның дұрыс құрастырылғанын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;
  • Жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бөлігін басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға серіктестіктің заңдық актілері мен құрылтай құжаттарында қарастырылған тəртіпте беруге.

Салымшының өзінің барлық үлесін басқа тұлғаға беруі оның серіктестік қатысушысы болуын

тоқтатады.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: