Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сəйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды жəне қызметімен байланысты болатын залалдардың тəуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады.

Сондай-ақ:

1. жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасынан кем емес жəне серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі айлық есептік көрсеткішінің 100 еселік өлшеміне теңестіріледі. Бұл – жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 100 теңгеден кем болмауы тиіс шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектісі болып танылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қолданылмайтынын

2. ЖШС-нің жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын өзге шаруашылық серіктестігі болуы мүмкін емес;

3. мекемелер, егер заңнамалық актілерде өзгесі ескерілмесе, меншіктенушінің рұқсаты бойынша ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңқатысушылары бола алады;

4. ЖШС өзге түрдегі шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам немесе өндіріс кооперативі ретінде қайта құрылуға құқылы. ЖШС-нің қызметі жоғарыда аталған бірқатар нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР 1998 ж. № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңымен реттеліп отырады.

Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (ҚЖС)

Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік деп өзінің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салған салымдары бойынша жауап беретін, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда соған қосымша түрде тиесілі болып келетін мүлік бойынша солар салымдаған салымдарға еселі көлемде жауап беретін серіктестік танылады.

ҚЖС қызметі жоғарыда аталған бірқатар нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР 1998 ж. 22 сəуірдегі № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңымен реттеліп отырады. Қосымша жауапкершілікке ие серіктестікке арнап жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ережелер қолданылады.

Акционерлік қоғам (АҚ)

Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акциялар шығарып отыратын заңды тұлға танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды жəне заңнамалық актілерде ескерілген жағдайларды санамағанда, соларға тиесілі акциялардың құны шегінде қоғамның қызметімен байланысты залалдардың тəуекелін арқаламайды.

Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен бөлектенген мүлікке ие, өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады жəне өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.

Акционерлік қоғамның құқықтық күйі, акционерлердің құқықтары мен міндеттері ҚР АК, Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, өзге де заңнамалық актілерге сəйкес белгіленеді.

Өндіріс кооперативі (ӨК)

Өндіріс кооперативі деп азаматтардың солардың жеке еңбектік қатысуына жəне соның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруге негізделген мүшелік негізіндегі ерікті түрде бірлесуі танылады.

  • Кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауы тиіс.
  • Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікте болады.
  • Кооператив мүшесінің кооперативтің міндеттемелері бойынша (субсидиарлық) жауапкершілігінің шекті көлемі құрылтай құжаттармен белгіленеді, алайда ол кооператив мүшесі пайының бағасының көлемінен кем болмауы тиіс.
  • Кооператив мүшелерінің арасындағы жауапкершілікті бөлістіру олардың пайларының көлеміне теңбе-тең түрде жүргізіледі.

ӨК қызметі жоғарыда аталған бірнеше нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ 1995 жылдың 5 қазанындағы №2486 «Өндіріс кооперативі туралы» заңымен реттеліп отырады. Егер заңды тұлғаны құрып жатқан болсаңыз, өз жұмысыңызға заңгерлерді, бухгалтерлер мен өзге де мамандарды немесе кеңес берушілерді тартуды ұсынамыз.

Заңды тұлғаның істерін жүргізу ЖК істерін жүргізумен салыстыруға келмейді.

 

№7 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Бизнес субъектілерін тіркеу тәртібі

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымдастыру тәртібі және элементтері.

2. Басқару формалары мәні және тұжырымы.

3. Ұйымдастыру тәртібінің салыстырмалы модельдері.

1. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу – бұл салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру және Куәлік дубликатын беру, сонымен қатар жеке кәсіпкер қызметін уақытша тоқтату және жеке кәсіпкер есебінен алу бойынша салық органының қызметі.

Салық төлеушінің қалауы бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеу келесі түрде жүргізілуі мүмкін:

жеке кәсіпкерлік;

ортақ кәсіпкерлік.

Жеке кәсіпкерлік оның жеке меншігіне жататын, сонымен қатар мүлікті қолдануға және (немесе) өкім беруге құқық беретін мүлік базасында өздігінен бір физикалық тұлғамен жүзеге асырылады.

Ортақ кәсіпкерлік – оның жеке меншігіне жататын, сонымен қатар мүлікті қолдануға және (немесе) өкім беруге құқық беретін мүлік базасында кәсіпкерлік қызметті физикалық тұлғалар тобымен жүзеге асырылуы.

Ортақ кәсіпкерлік формасы болып табылады:

жұбайылардың жалпы ортақ меншігі базасында жүзеге асатын жұбайылар кәсіпкерлігі;

жалпы ортақ крестьян (фермерлік) шаруашылық немесе мүлікті меншіктеуге жалпы ортақ кәсіпкерлік базасында жүзеге асатын жанұялық кәсіпкерлік;

жеке кәсіпкерлік жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асатын жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті ауыстыру бойынша қызмет салық төлеушінің аты (тегі, аты, әкесінің аты) өзгерген жағдайда ұсынылады, Куәлік дубликатын беру бойынша қызметті Куәлікті бүлдірген немесе жоғалтқан кезде көрсетіледі.

Қызметтің уақытша тоқтатылуы – қызметін қайта жандандыуына дейін келешек салық кезеңдеріне салық есептіліктің ұсынбауы үшін негіздеме болып табылатын белгілі бір уақытқа дейін тапсырылған өтінішіне сәйкес жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатылуы.

2. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қызмет кей жерлерінде автоматтандырылған.

3. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қызмет Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 6 тарауы және Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 68 және 401 баптары негізінде ұсынылады.

4. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қызмет Қазақстан Республикасының салық органдарымен көрсетіледі.

5. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қызметтің аяқтау (нәтижесі) ф ормасы болып табылады:

1) жеке кәсіпкерлерді тіркеу және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру кезінде – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алу. Куәлік формасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсанындағ № 1586 қаулысымен бекітілген. Ортақ кәсіпкер формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде Куәлікке салық органы басшысымен мөрленген ортақ кәсіпкерлік мүшелері тізбесі қоса беріледі, сонымен қатар ортақ кәсіпкерлік мүшелерінің салық төлеушінің тіркеу нөмірінен (СТН) ерекшеленетін жаңа СТН беріледі;

2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын алған кезде – Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликаты;

3) есептен алып тастаған кезде – жеке кәсіпкерді есептен алып тастау;

4) жеке кәсіпкер қызметін уақытша тоқтатқан кезде:

қызметті уақытша тоқтату туралы салық органының шешімі;

қызметті уақытша тоқтату кезінде бас тарту туралы салық органының шешімі.

6. Жеке кәсіпкерлерді тіркеуді оларды тіркеу үшін белгіленген жағдайларға тәуелсіз өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасы салық төлеушісі ретінде тіркеуден өткен физикалық тұлғалар өтуі мүмкін. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді физикалық тұлғалар міндетті түрде өтуі қажет:

тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін қолданушы;

Қазақстан Республикасы заңымен физикалық тұлғалар үшін белгіленген жиынтықты жылдық табыс (ЖЖТ) көлемін салық көлемінен асатын көлемде Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес есептелген жеке кәсіпкерден алатын жиынтықтық жылдық табыс.

Жиынтықтық жылдық табысының салық салынбайтын көлемі Қазақстан Республикасының әрбір есептік жылға республикалық бюджетті бекіту туралы заңымен бекітілетін минималды айлық жалақысының (МАЖ) 12-мөлшердік көлеміне сәйкес.

Уақытша тоқтату бойынша қызмет:

1) крестьян (фермалық) шаруашылық және қызметтің жеке түрлері үшін арнайы салық режимін қолданудан басқа жеке кәсіпкерлер;

2) жеке нотариус тар;

3) адвокаттарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) тұтынушымен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті және Куәлік дубликатын алған кезде – 1 жұмыс күні;

есептен алып тастау кезінде:

жеке кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешімді өздігінен қаблдаған кезде – оның арызы негізінде Мемлекеттік регистрден осындай кәсіпкерді шығарған сәттен бастап;

есептен күштеп шығарған кезде – сот шешімінің заңды күшіне енгеннен бастап;

қызметті уақытша тоқтатқан кезде – 5 жұмыс күні;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің максималды кететін уақыт – 20 минут;

3) құжаттарды алу кезінде күтуге максималды кететін уақыт – 20 минут.

8. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша қызметі салық органымен Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік пошлинаны төлеуден басқа кезде ақысыз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тіркеу үшін жиын алынады:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде жиын соммасы жиынды алу күніне 4-еселік айлық есепті көрсеткіш (АЕК) құрайды;

2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік дубликатын алған кезде жиын соммасы жиын ставкасынан 25% құрайды.

Құжаттарды тіркеуге бергенге немесе Куәлік дубликатын алуға арызды бергенге дейін жиын төленеді.

Жиынды төлеу банк бөлімшелерінде, «Казпочта» АҚ және төлемді қабылдауды жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жүзеге асырлады.

Тіркеу үшін алынбайды:

крестьян (фермерлік) шаруашылық;

I, II және III топ мүгедектері;

Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейінгі заңды тұлғаның құрылуынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын репатрианттар (оралмандар).

9. Қазақстан Республикасы салық төлеушісін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету с тандарты орналасқан:

1) мына мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің web-порталы «Салық қызметі сапасы» бөлімінде: www.salyk.kz;

2) салық органдары ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталықтарының ақпараттық қабырғаларында;

3) салық органдары ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталықтарында салық төлеушілерге тарату үшін жеке материалдар үшін белгіленген сөрелерде, жәшіктерде, үстелдерде.

10. Жұмыс тәртібі: жексенбімен сенбіден басқа күндері 09.00 ден 18.00 сағатқа дейін түскі үзіліссіз. Қызмет түріне алдын ала жазылу қажет емес. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған.

11. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында желдету, жылу жабдықтары, күту орындары, құжаттарды толтыруға арналған столдар, керексіз қағаздар, шимайжазбаларды жинауға арналған арнайы қондырғылар, анықтамалық, кеңес беру қызметі үшін анықтамалық «терезелер» және тағы басқа жағдайлар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

12. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыстар министрінің «Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы» 2002 жылғы 21 наурызындағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1820 болып тіркелген) бекітілген форма бойынша жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті алуға арыз;

2) 3х4 сурет (2 данада);

3) Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуге жиын соммасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (жиынды төлеу туралы квитанция);

4) крестьян (фермерлік) шаруашылығы ретінде жеке кәсіпкерлікті (Қазақстан Республикасының резиденті) (002.00 нысаны) жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу туралы арыз – ортақ кәсіпкерлік формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өткен кезде.

Ортақ кәсіпкерлікті тіркеуге құжаттар үшінші тұлғалар мен мемлекеттік органдар қатынасына қызығушылығын ұсынатын өкілетті тұлғамен беріледі.

Көрсетілген құжаттар салық комитетінің Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына ұсынылады:

физикалық тұлғаның тұратын жері бойынша - жеке кәсіпкер формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде;

өкілетті тұлғаның тұратын жері бойынша – ортақ кәсіпкер формасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде.

Куәлікті ауыстыру үшін «мәліметтерді өзгерту кезінде» жолында белгісі бар және дұрыс мәліметтерді көрсетумен Куәлікті алуға арыз, 3х4 сурет (2 данада), сонымен қатар алдында берілген Куәлікті (Куәлік дубликатын) ұсыну қажет.

Куәлік дубликатын алу үшін беру қажет:

еркін формада арыз;

3х4 сурет (2 данада);

Куәліктің бүлінген бланкісі – Куәлік бүлінген жағдайда.

Қызметтің уақытша тоқтауы үшін қажет:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының «Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш нысанын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсанындағы № 666 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4538 болып тіркелген) бекітілген форма бойынша қызметті уақытша тоқтатуға арызды салық органына тіркеу орны бойынша беру. Арыз 12 айдан аспайтын кез-келген күнтізбелік кезеңде ұсынылады;

2) Салық кезеңінің басынан қызмет тоқталған күнге дейін құрылатын салық есептілігін ұсыну.

Жеке кәсіпкер ретінде есептен шығару келесі жағдайларда жүзеге асады:

Жеке кәсіпкерлік:

1) жеке кәсіпкердің өзімен қабылдаған шешім негізінде еркін тәртіпте қызметті тоқтатқан кезде;

2) міндеттеп қызметті тоқтатқан кезде;

3) жеке кәсіпкер қабілетсіз болып саналған кезде;

4) қайтыс болған туралы жариялаған немесе қайтыс болған кезде.

Ортақ кәсіпкерлік:

1) барлық қатысушылармен бірге қабыланған шешім негізінде еркін тәртіпте қызметтің тоқтауы кезінде;

2) міндеттеп қызметті тоқтатқан кезде;

3) қайтыс болған туралы жариялаған немесе қайтыс болған кезде немесе жеке кәсіпкер жалғыз қалса немесе ортақ кәсіпкерліктің біреуі де қалмаған жағдайда;

4) некені бұзғанда мүлікті бөлу кезінде.

Міндеттеп жеке кәсіпкерліктің қызметі келесі жағдайларда сот шешімімен тоқтатылады:

1) оны банкрот деп танылғанда;

2) түзетілмейтін сипаттағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылығын тіркеу кезінде жіберумен байланысқан жеке кәсіпкердің әрекетсіз тіркеуін мойындау;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының қатаң бұзушылығымен және күнтізбелік жыл ішінде бірнеше рет қызметті жүзеге асыру.

Жеке кәсіпкерліктің тоқтауы туралы шешім қабылдаған кезде қажет:

1) салық органына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлау – шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

2) кәсіпкерлік қызметі тоқтаған күніне дейін салық кезеңінің басталуымен құрылған таралған салық есептілігін ұсыну;

3) кәсіпкерлік қызметтің таралу салық есептікпен байланысты салық тексеруді жүргізу туралы арызды ұсыну.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алып тастау үшін қажетті құжаттарды ұсыну қажет:

1) крестьян (фермерлік) шаруашылық, физикалық тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариалды қызметті Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесін бекіту туралы» 22.02.2002 жылғы № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1826 болып тіркелген) бекітілген 007.00 нысаны бойынша жүзеге асырушы салық төлеуші есебінен алып тастауға арыз;

2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (Куәлік дубликаты);

3) ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлігі (Куәлігі дубликаты), егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе;

1) Салыстыру актісін алуға арыз.

Салық органына берілетін арыз салық төлеушімен қол қойылады және салық төлеушінің мөрімен мөрленеді (бар болған кезде). Салық төлеуші – физикалық тұлға болмаған кезде немесе қабілетсіз болған кезде арыз оның өкілетімен қол қойылады және мөрленеді.

13. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті алуға арыз бланкісін ақысыз түрде Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында алуға болады. 002.00 және 007.00 нысаны бойынша арыз бланкісін қағазда inis.taxkz.kz сайтынан шығаруға болады («Нормативті құжаттар» бөлімі, «Салық төлеушіні тіркеу» бөлімшесі) немесе типографиялық ұйымдарда, салық органдары мекемелерінде осыған арнайы арналған жерлерден алуға болады.

14. Жеке кәсіпкер ретінде салық төлеушісін тіркеу процедурасынан өту үшін, салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарындағы тиісті «терезеге (-лерге)» келіп өткізу қажет.

15. Барлық құжаттарды өткізуді растау құжаттары келесі:

1) салық төлеушілерде қалатын арыздың екінші данасында салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, қолы, код және қабылдау күні қойылған салық төлеушілерді тіркеуге арызды қабылдау, тіркеу мәліметтерін өзгерту туралы және есептен шығару туралы салық органы қызметкерімен белгі;

2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 30 мамырындағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4699 болып тіркелген) бекітілген физикалық және заңды тұлғаның қарау Ережелерінің № 3 қосымшасымен белгіленген форма бойынша талон беру (бұдан әрі - талон).

16. Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкер ретінде салық төлеушісінің куәлігін, Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкер ретінде салық төлеушісінің куәлігі дубликатын Сіз салық органдары Ақпараттар қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті «терезеден (-лерінен)» ала аласыз.

17. Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкер ретінде салық төлеушісін тіркеу бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіздеме құжаттардың толық пакетін бермеуі болып табылады.

Қызметті уақытша тоқтатудан бас тарту туралы хабарлама келесі жағдайда бағытталады:

1) салық қарызының болуы;

2) кәсіпкерлік қызметі тоқтаған күніне дейін салық кезеңінің басталуымен құрылған таралған салық есептілігін ұсынбау.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Салық қызметі органдары жұмыста төмендегідей қағидаттарды басшылық етеді:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу процедурасы туралы толық ақпарат беру;

2) қызмет көрсету кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын қадағалау;

3) салық есептілік формалары бланкілерін төлеуден басқа жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша ақысыз қызмет көрсету;

4) салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары қызметкерлері тарапынан жылы қарым-қатынас жасау;

5) салық төлеушінің ұсынған ақпараттардың құпиялылығын сақтау және қорғалу.

4. Жұмыс нәтижелері

19. Салық салумен байланысты объектілері мен салық салу объектілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері тұтынушылармен осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа көрсеткіштерімен және қол жеткізушілігімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа көрсеткіштері және қол жеткізушілігінің толық мағынасы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

21. Салық органы қызметкерінің іс-әрекетін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібі туралы ақпаратты алуға болады:

1) салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы ақпараттық қабырғаларынан;

2) www.salyk.kz сайтында (Ақпараттық материалдар бөлімі/Жаңалықтар).

22. Салық органдары Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар таңдау арқылы мына жолдармен жіберілуі мүмкін:

1) тіркеу есебі бойынша салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарының басшыларына тікелей, тіркеу есебі бойынша салық органдарының басшыларына немесе жоғарғы салық органдарының басшыларына жүгініс ету;

2) салық органдары Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығында орналасқан қызмет көрсету сапасы бойынша салық төлеушілердің арнайы пікірлері бланкісі немесе келу карточкасын толтыру, толтырылған бланкіні шағымдар мен ұсыныстардың арнайы жәшігіне салу;

3) тіркеу есебі бойынша салық органдарының «сенім» телефонына, жоғарғы салық органдарының «сенім» телефонына немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 8(7172) 717963 «сенім» телефонына хабарласу. Республика салық органдарының «сенім» телефондар нөмірлері Б ұйрықтың № 1 қосымшасында келтірілген;

4) мына мекен жай бойынша электрондық шағым кітабына: call-e-tax@mgd.kz;

5) тіркеу есебі бойынша салық органдарының, жоғарғы салық органдарының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығында немесе Қазақстан Республикасы Каржы министрлігі Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

6) жоғарғы салық органының кеңсесіне почта байланысы арқылы немесе барып хабарласуға болады. Облыстар, Алматы және Астана қаласы бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық органдары кеңселерінің почта байланысы Б ұйрықтың № 2 қосымшасында келтірілген;

7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің кеңсесіне, мекен-жайы: Астана қ, Победа даңғ, 11.

23. Салық органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздіктері) шағым қабылдау ретінде қағаз тасымалдаушысында ұсынылған шағымды қабылдау кезінде берілетін талон болады. Талонда шағымды қабылдаған даманың аты жөні, күні және уақыты көрсетіледі.

Шағымды қарастыру барысы және қарастыру нәтижесі туралы:

егер шағым өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта ұсынылған болса – шағымды қабылдаған адамнан;

егер шағым электрондық шағым кітабына ұсынылған болса – электрондық хат жолдау арқылы білуге болады.

Салық органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздіктері) шағым Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген мерзімінде қарастырылады.

6. Байланыс ақпараты

24. Байланыс туралы ақпараттар:

1) Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтары басшыларының байланыс ақпараттары – Бұйрықтың № 3 қосымшасында келтірілген;

2) салық органдары басшыларының байланыс ақпараттары – Бұйрықтың № 4 қосымшасында келтірілген.

25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің web-порталында келесі мекен-жайда: www.salyk.kz салық төлеуші ала алады:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетімен жүргізілетін шаралар, сонымен қатар республиканың барлық салық органдарының мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты;

2) нормативтік құқылық актілерді және салық салу мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды қарастыра;

3) салық салудың әр түрлі мәселелерін және Қазақстан республикасы Салық комитеті ақпараттық жүйелерін талқылау бойынша форумға, сонымен қатар салық төлеушілерді сұрауға қатыса.

Дереккөз: www.salyk.kz

 

 

Кәсіпорын ашумен байланысты қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Елімізде қандай да бір кәсіпорын ашу үшін түрлі анықтамаларды зерделеп, қандай да бір шешімдер шығарып, құжаттарды нотариус арқылы рәсімдеу қажет. Осындай қиындықтардың алдын алу мақсатында 2015 жылдан бастап, кәсіпорын ашуға қажетті құжаттар электронды форматқа көшірілді. Кәсіпкерге кәсіпорын ашу үшін өтініш беру ғана қалды. Кәсіпорынды ашуға кәсіпкердің 1 күн ғана уақыты кететін болады. Яғни, кәсіпкерге есеп ашылады, қосымша қызметтердің қажеті жоқ. Қазір бұл қызмет түрі тегін. Жарғылық капитал қоры да қажет емес. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекттік тіркеу рұқсат тәртібінен ескертпе тәртібіне көшу арқылы және мемлекеттік қызметтерін көрсету процесіне ақпараттық технологияларды белсенді енгізу арқылы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімінде түбегейлі өзгерістер пайда болды. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін кәсіпкерге тек қана тіркеу алымын төлеп тіркеуші органға хабарлама жіберу керек. Хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және төлем шлюзі арқылы төлемдер жүзеге асырылады. Тіркеу «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында автоматты түрде жүзеге асырылады, оның аяқталуын бизнес сәйкестендіру нөмері (БСН) берілген заңды тұлғаны тіркеу туралы электрондық анықтаманың берілгені дәлелдейді. Жаңа заң жобасы бизнесті ашу кезінде кездесетін тосқауылдарды сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алады. Сонымен қатар, онда заңды тұлғаларды тарату рәсімін жеңілдету мәселесі де қарастырылған. Бүгінде, заңды тұлғаның таратылуын тіркеуге 13 құжат ұсыну қажет болса, оны тіркеу мерзімі 10 күнге созылады. Заңды тұлғаларды тарату кезінде туындайтын қиындықтардың бірі, ол салық органынан анықтама алу. Өйткені бұл анықтаманы алуға бірнеше ай кетеді. Осы себепті ұсынылатын құжаттар тізбесінен бұл анықтама алынып тасталады. Ал құжат тапсыратын азаматтың салық берешегінің бар не жоқ екендігі автоматты түрде тексеріледі. Бұған қоса жаңа заң жобасында тарату балансы және оны бекіткені туралы шешім, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттарды ұсыну талабы да алынып тасталады. Заң жобасында ұсынылатын барлық шаралар кәсіпкерліктің қаржылық және уақыт жағынан кететін шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, халықаралық ұйымдар рейтингісіндегі Қазақстанның ұстанымын көтереді, ашылатын кәсіпорындар саны көбейетін болады.

№8 практикалық сабақ.

Тақырып. Кәсіпорынның банкрот болуы және жою.

 

1. «Банкроттық», «санкция» түсініктері. Конкурстық, салықтық және басымдылыққа ие несие берушілер.

2. Сотта банкроттық туралы істі қарастыру.

3. Несие беруші мен қарыз кәсіпорын арасында бейбіт келісушілік (лонгациялау, компромистік келісім, өз еркімен келісім нәтижесі ретінде жойылу).

  1. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау

Қазақстан Республикасының «банкроттық» туралы заңына сәйкес (2173 07.04.95 ж), қабілетсіз дегеніміз қарыздаушының, кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын орындамауы, оның ішінде еңбекақы және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді төлемеуі.

1. Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның тұрақтылығын болжау және тәуекелін анықтау мен банкроттыққа ұшырауын айқындау үшін экономика-математикалық модельдер қолданылады. Солардың ішінде көп қолданылатын модель – бұл американдық экономист Э. Альтманның Z – модельдері. Бұл модельдердің ең жай екі факторлы модель болып саналады. Ол модель екі көрсеткішке негізделеді. Жалпы өтелу коэффициенті (коэффициент общего покрытия) немесе ағымдағы өтімділік коэффициенті () және қаржылық тәуелділік коэффициенті.

Американдық тәжірибеде келесі Z – моделі қолданылады:

-0,3877 – тұрақты көрсеткіш;

-1,0736 – ағымдық өтімділік көрсеткіштеріне анықталған коэффициент көлемі;

+0,0579 – баланс пассивінде заемды қаржылардың үлес саламығының көрсеткіштері үшін анықталған коэффициент.

 

Егерде кәсіпорында Z=0, банкротқа ұшыраудың ықтималдылығы 50%. Егерде Z<0, банкротқа ұшыраудың ықтималдығы 50% төмен және Z төмендеуіне байланысты, ол төмендей береді.

Бірақ бұл модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз етпейді. Өйткені, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін басқа да маңызы зор факторларды есепке алмайды (табыстылық, активтер қайтарымдылығы, кәсіпорынның іскерлік активтілігі).

Дамыған елдер тәжірибесінде Э. Альтманның көп факторлы модельдері қолданылады:

Z = 1.2 * K1 + 1.4 * K2 + 3.3 * K3 + 0.6 * K4 + 1.0 * K5

 

Z – индексінің шекті көлемі: 2,675

Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығының деңгейі.

Z – көлемі Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығы
1,81 және одан төмен өте жоғары
1,81-ден 2,70-ке дейін Жоғары
2,71-ден 2,90-ға дейін Мүмкіндік туындайды
3,0 және одан да жоғары өте төмен



Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе. олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР "Азаматтық Кодексінің" 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, "Банкроттық туралы" заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес банкрот ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады.

Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады.

І БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ

I.I Банкрот туралы жалпы түсініктеме

Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген банкроттық туралы соңғы заңның күшіне енгеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты. Әрине бұл уақыт оның жағымды (күшті) және осал (әлсіз) тұстарына баға беруге, тәжірибеде қолдану кезінде байқалған ол қылықтарын атауға мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.

Банкроттық институты ең алғаш орта ғасырларда сауда құқығы инсттуты ретінде пайда болып дами бастады. Ол сол замаңғы тауар-ақша қатынастарының қарқындалуымен тікелей байланысты болды. Бұл институттың субъектілері - саудамен айналысатын жеке тұлғалар болған. Ал жеке кәсіпкерлерді олардың бірлестіктері - сауда серіктестіктері алмастырған кезде, арнайы заңның күші сауда құқығындағы заңды тұлғаларға да таратыла бастады.

Дәрменсіздік (банкроттық) мәселелерін реттейтін алғашқы заңдардың шығу тарихы XV ғасырдың ортасына жатқызылады. Ол кездің заң шығарушысы негізінен қылмыстық сипаттағы қатаң нормаларды қолдана отырып тауарлық айналымға әсер етуді көздеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, дәрменсіз борышкерлерге қолданылатын ең қатаң шаралардың өзі банкроттық қатаң болуды тия алмады.

Бірте-бірте азаматтық-құкьқтық сипаттағы нормалардың саны ұлғайып, дәрменсіздікке байланысты заңнамалардың мақсаты әжептеуір өзгеріске түсіп, олар барған сайын өркениеттілік сипатқа ие бола бастады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы банкроттық туралы заңнамалар-банкротқа ұшырағаңдардың мүлкін олардың кредиторларына үлестіріп беру үшін оны қолма-қолақшаға айналдыруды негізгі мақсат ретінде көздеді. Сонымен қатар, бұл заңдар адал борышкерлерді коммерциялық сәтсіздіктерден пайда болған міндеттемелері мен қарыздарынан құтқара отырып, бәрін қайта бастауға мүмкіндік беруді демақ сат өтті.

Сонда қарап отырсақ, заң - ол әрқашан да, тіпті прецеденттік құқық қолданылатын мемлекеттерді қоса алғанда дәрменсіздікті құқықтық реттеудің бірден-бірқайнар көзі болып табылған.

Отандық құқықтық жүйеде банкроттық институтының пайда болуын ел экономикасының 1990 жылдары нарықтық қатынастарға көшуімен байланыстыруға болады. Нарықтық экономикада банкроттық рәсімдерінің рөлі мен оның құқықтық реттеу мәселелерінің маңызы өте зор:

- біріншіден нарықтық қатынас жағдайында банкроттықты - экономиканы сауықтыруға бағытталған және де кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін қорғайтын құрал ретінде қарастырсақ;

- екіншіден банкроттық нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс;

- үшіншіден өтпелі кезең тұсында банкроттық көптеген мәселелердің (өндірістің өсуі, төлемсіздік, т.б.) өз шешімін табуына әсер ететіндіктен, ол ұлттық өндірісті қорғаудың құрамды бөлігі болып табылады.

Кеңестік дәуір тұсында оның құрамында болған одақтық мемлекеттердің құқықтық жүйесінде банкроттық институты қолданылған жоқ, тіпті сол заманда оның дамуы мүмкін емес еді. Себебі мемлекеттің бірыңғай экономикалық жүйесі тек әкімшілік-бұйрықтық әдіспен басқарылатын мемлекеттік секторға ғана жұмылдырылған болатын. Бірақ көршілес Ресейдің революцияға дейінгі құқықтық кезеңінде конкурстық құқық (банкроттық), конкурстық процесс кеңінен қолданыс тапқан еді.






I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі

Сондай-ақ басқа да шетелдік елдер (Италия, АҚШ, Англия, Германия Франция және тағы басқалары) тәжірибесінде банкроттық институтының құқықтық реттелу мәселелерінің өзіне тиесілі заң ғасырлық тарихы болды.

Бұл механизмге қоғамның ғасырлар бойы ерекше қызығушылық тудыруы, ең алдымен банкроттық институтымен шешілуге жататын мәселелерге байланысты болса керек. М.В.Телюкина Банкроттық институты-біріншіден ол кредиторлардан олардың талаптарын орындауға мүмкіншілігі жоқ борышкерді қорғауды қамтамасыз етуді көздесе; екіншіден ол мүліктің сақталуын және оның кредиторлар арасында әділ бөлініп берілуін қамтамасыз ете отырып әрбір кредитордың мүддесін борышкердің және басқа да кредиторлардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғауды көздейді» дейді. (М.В. Телюкина. Проблемы несостоятельностии банкротства юридических лиц. Дис.к. ю.н., М.: МГУ, 1997),

Банкроттық заңнамаларының ерекшелігі сол, егер оларды дұрыс, әрі тиісінше қолдана білсе, онда ол ең алдымен борышкер мен кредитор арасындағы қатынасты реттеуге қол жеткізеді.

"Банкроттық туралы" заң бәсекелестік пен нарықтың қатаң талаптары тұсында әрқашанда әлеуметтіктендіктің кепілі ретінде қызмет атқарады.

Біздің заңнамамызға банкроттық институты азды - көпті әзірленген түрінде Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 14 қаңтардағы "Банкроттық туралы" заңымен енгізілген болатын. Бірақ кәсіпкерді банкрот деп жариялау мүмкіндігіне бұған дейінде, мысалы 1990 жылғы 14 қаңтардағы Қазақ КСР-нің "Шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" заңымен жол берілген еді (С.И.Климкин. Заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша. А.: Қаз ГЗУ баспа үйі, 2001).

1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жою және сонымен бір кезде қабылданған "Банкроттық туралы" заң күші бар Жарлығы бекітілгенге дейін 1992 жылғы банкроттық туралы заңның күші жүрді. Бертін келе аталмыш Жарлықты 1997 жылы 21 қаңтарда жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" заңы алмастырды.

Әзірше бұл заң республикамызда банкроттық мәселелерін құқықтық реттеуді жүзеге асыратын соңғы заң болып есептеледі. Ол - дәрменсіз борышкерді оңталудың арнаулы рәсімдерін өткізудің, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсімінің шарттары мен тәртібін белгілейді. Бірақ 1998 жылдың өзінде-ақ оған өте маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп үлгерді. Оларды әзірлеу кезінде шет елдің осы саладағы тәжірибесімен отандық тәжірибе, сондай-ақ ұлттық экономика мен заңнамалардың дамуы ескерілді.

Банкроттық рәсімдері ерікті және мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Заң соның құқықтық нөгізін қалыптастырады. Бірінші жағдайда банкроттықты тануды сот борышкердің, ал екінші жағдайда оның кредиторларының және өзге де тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырады.

Кез келген, соның ішінде "Банкроттық туралы" заңды алсақ, ол жүзеге асырылуы барысында оның белгілі бір нәтиже беруі қөп жағдайда заң шеңберінде қабылданатын нормативтік актілердің саны мен сапасына, заң ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті құқықтық шаралардың дер кезінде әзірленуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда заңды жүзеге асыру механизмдеріне мейлінше тәуелді болып келеді. Сондықтан да егер "Банкроттық туралы" заң дұрыс жұмыс істеп, қандай да бір жетістікке қол жеткізгіміз келсе, онда оны тиімді қолдануды қамтамасыз ететін механизмдерді ойлап табуымыз қажет.

Жалпы алғанда, банкроттық мәселелерін қарастырғанда анықтауға жататын ең басты сұрақтардың бірі – банкроттық ұғымының түсінігі. Түп негізі Италиядан шыққан банкроттық термині - тікелей аударғанда "бұзу" деген мағынаны білдірген. Ортағасырдағы конкурстық құқық, яғни банкроттық – борышкерге қатысты жеке қадағалау жүргізумен сипатталды. Бұл сол замаңғы борышкердің мүлкіне қорғаншылық жасаудан көрініс тапты.

Г. Шершеневич банкроттық деп меншік иесінің барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіздігін көрсететін, арнайы куәландырылған оның мүліктік жай-күйін қарастырған (Г.У.Шершеневич. Учение о несостоятельности. Казань, 1890).

Сондай-ақ Т. Мухамбетов пен А. Нукушевтің көзқарастары бойынша банкроттық ұғымынан ықтауда заңдылық (құқықтық) және экономикалық (қаржылық) бағыттарды ұстанған жөн (Т.И.Мухамбетов, А.Г. Нукушев, Банкротство и антикризисное управление предприятием. Алматы, 2000).

Бүгінде көбіне сол құқықтық бағытты көп кездестіреміз. Оның себебі-банкроттық заңының ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жалпы банкроттық мәселелерін жүйелендіретін бірден-бір нормативтік акт болуынан да шығар. Бұл бағыт бойынша қысқаша айтқанда банкроттық-ол тек сотпен ғана қуатталған дәрменсіздік.













I.III Банкротқа ұшырау жолдары

Ал экономикалық бағыттың өзі: макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме-нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме-фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.

Ал ресейлік экономистер банкроттықты анықтау үшін, алдымен оған ұшырау себептерінің екі категориясын (ішкі және сыртқы) ашып көрсетеді (Е.М.Шабалин. Как избежать банкротства. М.: Инфра-М, 1996). Олар ішкі себептеріне – экономикалық, саяси, демографиялық алғы шарттармен басқа да факторларды жатқызса, ал керісінше сыртқы себептеріне - халықаралық нарықта бәсекелестіктің күшеюі, ғылым мен техниканың дамуы және тағы басқаларын жатқызды.

Банкроттық ұғымын "етеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.

Бірінші жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі" өлшемі бойынша борышкердің дәрменсіздігі туралы тұжырым тек салық немесе басқа да міндетті төлемдерді және несие берушілердің несиелерін борышкердің кері қайтара алмауы – оның қажетті мөлшерде тиісті мүлкі болмағандықтан деген болжамдардан тұрса, ал екінші жағдайда, яғни "төлемсіздік" өлшемін қолданған кезде борышкерді дәрменсіз деп табуға оның төлем қабілеттілігі жөнінде қандай да болмасын болжамдар емес, керісінше нақты мүліктік жағдайы ескеріледі.

Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі)- ол "дәрменсіздік" екендігі қайта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасының заңнамасында банкроттық ұғымының анықтамасы "Банкроттық туралы заңның 1-бабында және де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52-бабында берілген. Яғни банкроттық - бұл борышкердің сот шешімімен танылған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де банкроттық қатынастарын реттеуге байланысты баптар (21,52-57) қарастырылған.

Осы кодекстің 52-бабында: "Борышкердің дәрменсіздігі деп - жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі", — деген анықтама берілген.

Сотта банкроттық бойынша істі қозғаудың маңызы, борышкердің дәрменсіздігінің жоғарыда аталып өтілген сыртқы белгілері мен өлшемдерінен көмде-кем емес. Бұл жерде мәселе сот тәжірибесінде жинақталған, қ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: