Кедендік-тарифтік реттеу

Кіріспе

«Бизнесті ұйымдастыру» курсында бизнесті ұйымдастыру пәнінің мақсаты және міндеті бакалавриат білімін оқығанда экономикалық мәселерді үйрету.

Бакалавр әрбір өндірістік проблемаларды шешкенде экономикалық жағын еске алуы керек. Бұл пікір әсіресе нарықты жағдайда өте маңызды.

Бакалавр әрбір өндірістік мәселелерді шешкенде осы пәннің ұсыныстарын пайдаланғаны жөн.Қазіргі нарықты жағдайда өндірістік проблемаларды тез және нәтижелі шешу керек, әйтпесе кәсіпорын банқротқа ұшырауы мүмкін.

Бұл пән әсіресе технология және экономикалық пәндермен тығыз байланысты.

Әрбір бакалавр негізгі маман біліміне қосымша экономикалық білімді және өндірісті ұйымдастыру әдістерін жақсы біліп, тәжірибеде пайдалану керек. Әрбір техникалық шара экономика жағынан қаралуы тиіс. Сол шараны тек қана тиімділігі болса енгізуге болады.

Экономика білімінің маңызы нарықты уақытта көтеріледі. Экономикалық есептер шығарған бұйымның және жасалған қызметтің өзқұнын төмендетіп, бәсеке қабілетін көтеруге мүмкіндік береді. Экономикалық жұмыс дұрыс жасалынбаса кәсіпорын банкротқа ұшырайды.

ш

Бакалаврдың көбі келешекте өндіріс орынды басқарады, кейбіреулері өз ісін тауып, шағын кәсіпорынды ұйымдастырып, оны басқаруы мүмкін. Екеуінде де бакалавр жедел басқаруға кірісуі керек, тәжірибе жинауға уақыт болмайды. Өндірістік кәсіпорындардың энергетикалық ресурстарды, негізгі және ағымдағы қорларды пайдалану, өндіріс саласына капитал құю, инвестицияның қаржылай экономикалық тиімділігі, өндірістік объектілерді ұйымдастыру және басқару сияқты негізгі проблемалар қарастырылады. Экономика мәселелеріне, сондай ақ өндірістік кәсіпорындарды басқару, соның ішінде өндіріс шарушылық объектілеріне капитал құю, еңбекті, пайданы және рентабельділікті, энергияны пайдаланумен басқару мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, өндірісті автоматтандыру, байланыс салаларындағы экономикалық білімді теориялық және тәжірибелік жағынан меңгеріп, энергетикалық шаруашылықтардағы және өндірістік кәсіпорындардағы техника- экономикалық сұрақтарды шешудің жолдарын табу. Өндірісті автоматтандыру, байланыс, ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, энергетикалық шаруашылық салаларындағы экономикамен байланысты сұрақтарды қарастырғанда негізгі көңіл кәсіпорынның негізгі ағымдағы активтерінің (негізгі қорлары) құрылымы мен құрылуын, өндірістің өзіндік құнын, электр және жылу энергиясын жіберу мен таратқандағы көрсетілетін қызметтер, еңбек ақы қорының құрылуы мен жұмысшылар санын анықтау сұрақтарына, энергетикалық құрал-жабдықтарды жөндеуге және пайдаланудың экономикалық аспектілеріне, энергетикалық шаруашылықтың экономикалық жұмысын жоспарлауға және инвестициялық жобаларды жасау мен оларды бағалау әдістеріне айырықша көңіл бөлген.

- өндірісті автоматтандыру, байланыс салаларындағы кәсіпорынды басқару және өндірісті ұйымдастыру мәні;

- өндірістік кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың экономикалық саясатқа қатысты негізгі мазмұны және міндеттері;

- еңбекті басқару,басқару жүйесі және өндіріс басшысының атқаратын ролі;

- басқарушы жұмыстарды автоматизациялау, математикалық модельдерді қолданатын басқарудың жаңа әдістерінің артықшылығы мен техникалык экономикалық негіздемелері;

- жеке техникалық шешімдерді кәсіпорынды ұйымдастыру тәжірибесінде қолдану үшін шетел тәжірибесі мен танысу жөнінде мағыналар мен білімдерді қамтиды, студенттерді тұтастық техникалық және экономикалық дайындықпен электроэнергетика мамандығының бакалавры дәрежесіндегі маман техникалық есептерді экономикалық жолмен есептеуі оның бөлінбес сапасы болуымен қамтамасыз ету.

Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың әдіс тәсілдерін үйрету, жоғарыда көрсетілген тақырыптар олардың тәжірибеде қолданылуын және жоғары білікті өндіріс маманы болуын қамтамасыз етеді.

• өндіріс және өндірістік жүйелер жайлы жан-жақты түсінік беру;

• материалды, қаржы және еңбек ресурстарының аз шығынымен жоғары нәтижеге ие болудың жолдарын үйрету;

өндірісті автоматтандыру, байланыс салаларындағы мекемелерде экономикалық талдау жасауды толығымен меңгеру;

• өндіріс типтерінің ұйымдастыру құрылымына әсерін бағалау;

• өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың негіздерін үйретуге мүмкіндік береді;

• байланыс, ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, энергетикалық шаруашылық кәсіпорынның қызметтері үшін тариф есептеуінің әдістемесін үйрету;

• байланыс, ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, энергетикалық шаруашылық кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің шығындарын есептеу әдістерін үйрету;

• байланыс, ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, энергетикалық шаруашылығы бойынша нәтижелі жобаның бизнес-жоспарды дайындауды білу керек.


Мазмұны

  Мазмұны бет.
  Модуль 1. Бизнес тұжырымдамасы, бизнесті ұйымдастырудың ғылыми негіздері және бизнесті құру, бақылау, реттеу жіне жүргізуді ұйымдастыру  
  Бизнес түсінігі, даму тарихы    
  Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру    
  Ірі бизнесті ұйымдастыру    
  Венчурлік бизнесті ұйымдастыру    
  Бизнес түрлерін жіктеу    
  Бизнесті жүргізу формалары    
  Бизнес субъектілерін тіркеу тәртібі    
  Модуль 2. Бизнес саласының негізгі формалары мен қызмет түрлері, бизнес тәуекелділігі, бизнесті қорғау және қауіпсіздігі жүйесін ұйымдастыру  
  Кәсіпорынның банкрот болуы және жою.    
  Бизнес инфрақұрылымын құрудың объективті қажеттілігі    
  Кеден жүйесі. Кеден анықтамасы және қызметтері    
  Бизнес және салық жүйесі    
  Бизнесте менеджменттің негізгі қағидалары    
  Бизнесте персоналды басқару және іскерлік этика    
  Бизнес жоспарлаудың негіздері    
  Бизнесті қаржымен қамтамасыз ету және тиімділігін талдау    
  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  

 


№1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Бизнес түсінігі және даму тарихы.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және оның мәні.

2. Кәсіпкерліктің субъектері мен нысандары. Заманауи кәсіпкерліктің негізгі сипаттары.

3. Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.

Аудиториялық жұмыс:

Кәсіпкерлікті дамытудың ғылыми негіздерін нарықтық экономикада ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары экономикалық әдебиеттерде «кәсіпкерлік» термині пайда бола бастады. Американдық экономист Р.Голдберг бұл терминді «кәсіпкерлік» - деп, өз еңбектеріне енгізді. Бизнес елдің бір тұтас халық шаруашылық кешенінің қажетті құрылымды құрушы элементі ретінде қалыптасты. Бизнес саланығ болашақтағы дамуын, оның құрылымдық өзгеруін жетілдіріп, негіздеу бойынша зерттеу жұмыстары кеңейтеді, кәсіпкерлік ке кіретін салаларды жоспарлау және басқару біртұтас жүйе негізінде қалыптасып іске асады.

Кәсіпкерліктің экономикалық мәнін түсіндіруде әр түрлі көзарастар қалыптасқан, оның құрылымын қалыптастыруда және кәсіпкерлік ті жоспарлау мен басқаруда, біртұтас жүйе ретінде әдістемелер қолданды. Зерттеулер кәсіпкерлік тің күрделі де және шешімін табу өте қажет мәселе екендігін аңғартады. Кәсіпкерліктің біртұтас экономикалық жүйе ретінде зерттеу әдістемесін дамыту үшін, кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің мәні мен мақсатын, оның құрамы мен құрылымын, жоспарлау қағидалары мен көрсеткіштер жүйесін, және зерттеу әдістемесін анықтаудың ролі зор.

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы ұзақ, күрделі және кей жағдайда алдын ала болжауға болмайтын үрдіс ретінде дамиды. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және оның мәні жұмыс жүргізудің негізгі қағидалары нарықтық экономиканың мүмкіншілігі, оның жеке кәсіпкерлердің қабілеттілігін ашуға, олардың іскерлік мүмкіншіліктерін пайдаланумен және барлық меншіктік түрлерді құқықтық қорғаумен анықталады.

Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және оның мәні негізгі қағидалары экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік еркіндікке және жеке тұлғаны құрметтеуге құқықтық жағдай жаратылған. Қазақстанда жоғары еңбек өнімділікті қамтамасыз ету және сапалы еңбекті марапаттау, әліде болса шешілмейтін мәселе болып отыр.

Елдегі нарықтың дамуы әр кімнің қабілеттілігі бойынша, әр кімнің еңбек нәтижесі бойынша деген қағиданы іске асыруы мүмкін. Нарық - өте күрделі және объективті механизм, оның өзіне тән даму заңдылықтары қызмет атқарады. Тек қана нарық, меншік түрлерін таңдай және іріктей отырып инвестицияны қажетті салаларға бағыттап өндіріс құрылымын өзгеретеді, салааралық байланыстарды қалыптастырады, тауар-ақша қатынастарын дамытуда қызмет атқарады. Дамыған елдердің нарық жағдайында дамуының мәліметеріне талдау, ең жоғарғы экономикалық және әлеуметтік тиімділікке, тек төмендегі жағдайда ғана жетті:

- кәсіпорындардағы тауар өндірушілердің бәсекелестігі;

- кәсіпкерлік те өндірістік құрал-жабыдықтарды тиімді пайдалану;

- елдегі экономиканың барлық салаларын тұрақты дамытуда, нарықтық бәсекелестік пен мемлекеттің қолдауы.

Қазақстандағы кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерлік өндірістік интеграциялық бірлесу үрдісінің қалыптасуы мен дамуы. Бұл үрдістің экономикалық мәні, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдеу нәтижесінде кейбір өндірістер және қызметтердің түрлері бөлініп шығады, және жеке дара өндіріс құрайды. Онда ауыл шаруашылығы үшін өндірістік құралдар шығаруға, өнімді қайта өндіруге, тасымалдауға, өнімді сақтауға, оны сатуға маманданады.

Ел ішінде шаруашылық өндірісінде аймақтар бойынша, жеке өнімді, немесе оның бөлшегін өндіруге, өндірілетін өнімнің технологиялық үрдісінің әр бір жеке сатысына мамандануы мүмкін. Еңбек бөлінісі мен өндірісті мамандандыруды тереңдетудің нәтижесі, ғылыми-техникалық дамуына, еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік жаратады. Аграрлық салаға тығыз байланысты көптеген тізбектелген экономикалық салалар ашылады.

Бір-біріне байланысты салалардың бірлесуі, қосылуы – өнеркәсіп интеграциясы, - деп аталады. Экономикалық әдебиеттерде интеграциялы бiрлесудiң екi түрi қарастырылады: көлденең және тiк интеграциялық бiрлесу. Көлденең интеграциялық бiрлесуде, бiр тектi өнiмдi шығаратын, немесе оны өндiру бойынша әртүрлi операцияларды орындайтын бiр саланың немесе оның бiрнеше iшкi салаларының өндiрiстерi мен кәсiпорындарының ұйымдық-экономикалық өзара әрекеттесуiн немесе бiрлесуi қарастырылады. Көлденең iшкi салалық интеграциялық бiрлесу өңдеу өнеркәсiбiнде кең тараған.

Тiк интеграциялық бiрлесуде экономикалық салалардың әртүрлi салаларының кәсiпорындары мен өндiрiстерiнiң салааралық кооперациялық бiрлесуi қарастырылады. Бұл ұйымдар мен өндiрiстер тауарлық жиынның бiртұтас технологиялық үрдiсiнде өндiрудiң бiр сатысынан басқасына үйлесімді өтуiн, шығындарды төмендетудi, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн және өнiмнiң сапасы мен бәсекелiк қабiлетiн көтерудi қамтамасыз етедi.

Кәсіпкерлік тiк интеграциялық бiрлесуді дамыту және оларды зерделеу, бұл күрделi жүйенiң тек салалық немесе аумақтық деңгейде пайдаланып кәсіпкерлік тiк кешенiнiң құрылымдық сипаттамасын беруге болмайтындықты дәлелдейдi.

Ғылыми және тәжiрибелiк мәнiнде олар, келесi бес сипатқа бөлiп, кәсіпкерлік кешенiнiң құрылымын қалыптастыру қажет: қызметтiк-салалық; өнiмдiк; аумақтық-өндiрiстiк; әлеуметтi-экономикалық; ұйымдастыру-басқару.

Кәсіпкерлік кешенiнiң қызметтiк-салалық құрылымы – бұл кешеннiң түпкiлiктi мақсатына жету үшiн кәсіпкерлік кешенi шеңберiнде анықталған қызметтердi атқаратын және бiрiгетiн салалар мен қызметтер түрлерiнiң жиынтығы.

Кәсіпкерлік кешенiнiң өнiмдiк құрылымы – бұл түпкiлiктi өнiмнiң нақты түрлерiнiң сатылас интеграциялық бiрiккен өндiрiстерiнiң жиынтығы. Әр өнiмдiк iшкi кешен – бұл түрлi салаларға, сала iшiндегi өнiмдерге жататын, бiрақ берiлген өнiмдi алу үшiн мамандандырылған өндiрiс құрал-жабдықтарын өндiруден бастап, осы өнiмдi тұрғындарға өткiзумен аяқталатын технологиялық бiрлескен қызметтер тiзбегi.

Кәсіпкерлік кешенiнiң құрамындағы түпкiлiктi өнiмдi бөлшектеу дәрежесiне байланысты кәсіпкерлік кешенiнiң өнiмдiк құрылымын анықтайтын бiрнеше iшкi кешендерге бөлуге болады.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің мәнін негіздеуде кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенін оңтайлау және үйлесімді жоспарлауды моделдеуде үлкен үлес қосқан А.П.Курносовтың еңбегін атап өтсе болады.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінін қалыптастыру барысында ел ішіндегі кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің алдында жаңа мақсаттар мен мәселелер қойылуда. Жоғарғы айтылғандарды ішіне толық қамтитын және АӨК-ін зерттеуде жүйелі жанасуды есепке алатын кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің белгері мен мәселелерін анықтау керек.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешені төмендегі қызметтерді қамтиды:

- тұрғындарды ауыл шаруашылық өнімдерінен болған азық-түлік пен тұтыну заттарымен тұрақты қамтамасыз ету.

-кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында әлеуметтік инфрақұрылымдық жүйені қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің негізгі мақсаттары:

- елді азық-түлік қаупсіздігінен қамтамасыз ету.

- кешендегі салаларды және бөлімдерді тұрақты дамыту.

- кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің тиімді іс-жүргізуін қамтамасыз ету.

Белгіленген негізгі қызметтері мен мақсаттары, оның жүйе ішіндегі кешен мен аймақтық кешендерінің іс-жүзінде шаруашылық жұмыстарын жүргізудің мақсаттары мен қызметтерін анықтау үшін негіз болады.

Ғылыми әдебиеттерде көбінше үш сфералық құрылымдық кешен үлгісі кездеседі. Өнімді дайындау, тасымалдау, өнімді сақтау, материалды-техникалық жабдықтау жүйелері өз кезінде, арнайы маманданған өзіне өзі ерікті салаға айналуда. Олардың даму дәрежесі барлық салалардағы негізгі өндірістің іс-жүзінде тиімді қызмет атқаруына тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп интеграциялық бірлестігінің дамуы және оны зерттеудегі ғылыми тетік құралдарды жетілдіру, кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің құрылымын бір жақтама аймақтық немесе салалық деп талдаудың мүмкін еместігін дәлелдейді.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің салалық-қызметтік құрылымы – бұл кешенінің соңғы мақсаттарына жету үшін оның ауқымында интеграциялық бірлескен және белгілі қызметтерді атқарушы салалар мен қызмет түрлерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің, азық-өнімдік құрылымы, өз кезеңінде – бұл, анық түрдегі соңғы тұтыну өнім өндірісінің тік интеграциалық бірлесу жиынтығы. Әрбір өнімдік интеграциалық бірлесу, ол өзара байланысты әр түрлі салаларға қарайтын тізбектегі қызметтер түрі, бір технологиялық үрдіспен, сол өнімді өндіру үшін қажетті арнайы өндірістік құралдарды өндіруден бастап, сол өнімді тұрғындарға сатуға дейінгіні қамтиды.

Кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің құрамындағы соңғы тұтыну өнімін барынша анықтау деңгегейіне байланысты кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің азық-түлік өндіру кешенінің құрылымын анықтаушы бірнеше өндіріс кешенін бөліп қараса болады.

Қазiргi республика деңгейiндегi аграрлық саясат ауыл шаруашылық өндiрiсiн дамыту мәселелерiн шешуде, жалпы ел экономикасын тұрақты дамыту көзқарасымен сипатталады. Бүкiл шаруашылық құрылысын, тек ағымдағы кезеңде емес, алыстағы болашаққа бағдарлай дамытуды алға қояды. Ауыл шаруашылық өндiрiсiн дамыту бүкiл ел экономикасының үйлесiмдiлiк қызмет атқаруының маңызды шарты

Ауыл шаруашылығының, кәсіпкерлік өнеркәсіп кешенінің орталық буыны ретiндегi рөлi, кешендi құраушы салалардың, өндiрiстiк тұтынуындағы ауыл шаруашылық өнiмiнiң басымды үлесiмен бейнеленедi.

Ауыл шаруашылық өнiм өндiрiсiнiң артуына байланысты, өндiрiстiк тұтынылатын өнiмнiң салмағы оданда жоғарылауы қарқынды көбейуде.

Салааралық байланыстардың дамуы, ауыл шаруашылығының, әсiресе өнеркәсiпте дайындалған өндiрiс құрал-жабдықтарын тұтыну есебiнен өсетiн материалдық өндiрiстiк шығындарды өзгертедi.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы, ұлттық экономиканы дамытуда тұрақты үлес қосуда. Облыс макроэкономикалық еңбек бөлiнiсiнде ауыл шаруашылығының мақта, жүзiм, көкөнiс, мақсары, жүн, қаракөл және т.б. өнiмдерiн өндiруге маманданған.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде ғалымдардың ғылыми көз қарасының бір бағыты, нарық тетіктеріне мемлекеттік реттеу тікелей қажет деп тапса, екіншісі, мемлекеттік реттеу нарық жүйесіне қосымша түрде жүргізу қажет, ал үшіншісі, нарық қатынастарын пайдаланусыз мемлекеттік реттеу бағытын дамыту қажет деп негіздейді.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру және дамыту үрдісінің тарихында экономикалық үрдіске мемлекеттің араласуының рөлі кезеңен- кезеңге сапалы өзгерді және жаңа қолдауларды алға тартты.

Экономикалық үрдістерге шектеулі мемлекеттік араласу және бақылаудың мәні өз ішіне төмендегілерді қамтиды: біріншіден, заңдық және құқықтық актілер арқылы мүлікті иелену, пайдалану және билік етудің заңмен қамтамасыз етілуін анықтау, оның заң жүзінде іске асуын қатаң бақылау; екіншіден, елдің және оның тұрғындарының ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; үшіншіден, ұлттық валюта эмиссиясы теңгені шығару және оның бағалы бағытын қолдау, қоғамдық игіліктер өндірісін ұйымдастыру.

 

№2 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Орта және шағын бизнестің нарықтық экономикада атқаратын рөлі

2. ҚР-да кəсіпкерліктің ахуалы мен дамыту мәселелері

3.ҚР-ғы кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау бағдарламалары

4. Орта және шағын бизнесті қолдаудың шет елдер тәжірибесі.

 

Аудиториялық жұмыс:

Нарықтық жағдайларда тек ірі кəсіпкерлікпен ғана айналысуға болады, орта және шағын кəсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір бар. Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бəсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді жəне үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тəжірибесі кəсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр.Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын жəне орта кəсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын: «Шағын нəрсе тамаша!». Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мəліметтері бойынша əлемдік экономикада шағын кəсіпорындардың саны барлық кəсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады.

Олардың үлесі əрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа əлемдік көрсеткіштер.

Ал Жапонияда мысалы, шағын жəне орта кəсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын жəне өнеркəсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды.

АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кəсіпкерлікте еңбек етеді.

Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың əрбір бесіншісі шағын жəне орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы – жеке кəсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кəсіпорындар мен кəсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын жəне орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа əлемдік

көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз. Сонымен қатар, егер шағын жəне орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда – бұл шамамен 16%. Ал, мыса лы, Ұлыбританияда – 52%, Италияда – 55%, Германияда – 57%.

Біздің еліміз үшін шағын бизнесті дамыту – ең бір басты міндеттердің бірі. Шағын бизнес жұмыссыздықтың азаюына, нарықты отандық тауарлармен жəне қызметтермен толықтыруға мүмкіндік

 

Қазақстан Республикасында кəсіпкерліктің ахуалы мен дамыту проблемалары

Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік жаппай жəне айтарлықтай қарқынды құбылыс болды. Тіркелген жалпы шағын жəне орта кəсіпкерлік суъектілері (əрі қарай - ШОКС) санындағы белсенді1 ШОКС-нің үлесі 2005-2009 жылдары 68-69% тұрақты деңгейде болып келді. Белсенді ШОКС - нің ұйымдық – құқықтық тұрғыдағы құрылымы көрсетіп отырғандай, жеке кəсіпкерлер 01.10.2010 ж. шаққанда 383,3 мың субъектіні немесе 61,1%-ды, заңды тұлға болып табылатын шағын бизнес кəсіпорындары 65,5 мың субъектіні немесе 10,4%-ды, заңды тұлға болып табылатын орта бизнес кəсіпорындары 8,9 мың субъектіні немесе 1,4 %-ды, шаруа (фермерлік) қожалықтары – 170,1 мың субъектіні немесе 27,1 %-ды құрады:

Тіркелген қожалық етуші субъектілердің жалпы санындағы тіркелген ШОКС үлесі 2005 жылғы 92%-дан 2009 жылғы 93%-ға дейін 1 пайыздық тармаққа өсті:

Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының жоғарылығына қарамастан, экономиканың осы секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған біраз проблемалар бар. Атап айтқанда:

– заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кəсіпкерлік туралы заңнама нормалары ескірген. ШОБ дамыту мəселелері бойынша нақты норма жоқ, бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;

– кəсіпкерлік субъектілерін анықтау проблемалары – кəсіпкерлік субъектілерін шағын жəне орта бизнес санатына жатқызу өлшемдері əлемдік іс-тəжірибеге сай емес. Төмендетілген құндық өлшемдер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай келмейді. Олар бизнестің табиғи «ұсақталуына» жол береді, отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;

– сындарлығы жеткіліксіз салық жүйесі – Қазақстанның салық жүйесі шағын бизнес ауқымының өсуіне жəне оның біртіндеп орта бизнеске айналуына ынталандыратын қозғаушы күштерді қарастырмайды;

– əкімшілік тосқауылдар – əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын жəне орта бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алайда оларды кешенді түрде талдау аталған проблеманы барынша тиімді шешудің жолы болып табылады;

– кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай дамуы – Қазақстанда орын алған ШОБ қолдау инфрақұрылымы шағын жəне орта бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;

– шағын жəне орта бизнес өнімінің бəсеке қабілеттілігінің төмендігі – тұтастай алғанда ШОБ секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай-ақ технологиялылығының төмендігі шағын жəне орта бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу қабілетін төмендетеді;

– қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы – əлемдік қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың тапшылық проблемасын тереңдетіп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын дер кезінде іске асыру - дағдарыс құбылыстарының ШОБ секторына жағымсыз əсерін ішінара бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.

 

Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау бағдарламалары

Қазақстанның тəуелсіздік алған кезінен бастап кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Бірінші кезең – 1992-1994 жылдар аралығы;
  2. Екінші кезең – 1994-1996 жылдар аралығы;
  3. Үшінші кезең – 1997-2000 жылдар аралығы;
  4. Төртінші кезең – 2001-2003 жылдар аралығы;
  5. Бесінші кезең – 2004-2007 жылдар аралығы;
  6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін.

Мемлекеттің 1992-1994 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту бағдарламасын қабылдауы осы саладағы бастапқы шаралардың бірден бірі болып табылады, ол жеке кəсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының, оны ауқымына қарай бөлместен, тұтастай алғанда негізін қалады.

Сол кезде кəсіпкерліктің дамуына басты кедергі болғандар тұтас жəне тұрақты заңнаманың, тиісті салық саясатының болмауы, инвестиция жəне несие, өндіріс ғимараттарын, шикізат ресурстарын, ақпарат алудың қиындықтары, яғни құрылуы Бағдарламада болжанған кəсіпкерлікті мемлекет тарапынан нақты қолдау механизмінің болмауы.

Кəсіпкерлік топтарын белсенді қалыптастыру үшін қажетті жағдай туғызу мақсатында, сонымен қатар республикада экономикалық реформаның сенімді əлеуметтік базасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне дамыту жөніндегі 1994- 996 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама əзірленіп, қабылданды.

Сол кезеңнің басты мақсаты салық ауыртпашылығын бұрын қолданылған салық жəне төлемдерді қысқарту арқылы төмендету, сонымен қатар елдің барлық аумағында салық ережелерінің бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету болып табылған салық реформасын жүзеге асырумен есте қалды. Ел экономикасын реформалау үдерісінде шағын бизнес басты рөль атқарды. Шағын кəсіпкерлікті өнеркəсіп секторын əртараптандырумен бірге дамыту «Қазақстан – 2030» Стратегиясының бірден-бір негізі болып табылды.

Шағын кəсіпкерліктің дамуына кедергі болатын алдыңғы кезеңдегі проблемаларды болдырмау, жəне мемлекеттің қол жеткізген оң беталыстарын бекіту мақсатында, 1997- 2000 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды:

1. «Шағын кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды жəне жандандыруды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы қабылданып, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту шараларының мəртебесін мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласымен ресми түрде бекітті жəне жүзеге асырылатын шараларды, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, олардың əлеуметтік проблемаларын шешуге жəне еңбек белсенділіктерін арттыруға, тұтыну нарығын көптеген тауарлар мен қызметтердің түртүрімен толтыруға жолдады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 26 сəуірде Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құрды («Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сəуірдегі № 665 қаулысы)

3. Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда, нарықтық экономикадағы оның ерекше рөліне байланысты, шағын бизнесті қолдаудың басты бағыттарын белгілеп берді. 2001 жылы Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған кезекті Мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол шағын кəсіпкерліктің құрылып жатқан қолдау жəне қорғау инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін арттыруды, шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несие механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті кадрмен, ғылыми-əдістемемлік жəне ақпарат жағынан қамтамасыз етуді, шағын кəсіпкерлікті аймақтық дамытуды топшылайды.

Шағын кəсіпкерлікті одан əрі дамыту мақсатында мемлекет 2004 - 2007 жылдар аралығында шағын бизнестің жақын арадағы перспективасының басты бағыттарын, оның ішінде кəсіпкерлік ахуалды, бəсекелі ортаны, қосымша құны жоғары өндірісті құру үшін жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі.

Қазақстан Республикасындағы Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөнінде 2004- 2006 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында, шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуы үшін институционалдық жағдайды қамтамасыз ету, профильдігін ұлғайту, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға аудару, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін көбейту, шетке шығаруға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін өндірістер құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерін (жұмыс, қызмет) сыртқы нарыққа шығару жөніндегі міндеттер тұрды.

Үкімет Шағын кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шаралардың іске асырылуының аяқталғанын күтпестен тағы бір бағдарламаны – «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірленген «Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама ШОБ- ті қолдау жəне дамыту бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп отырған макроэкономикалық саясат аясына қисынды үйлесіп кететін Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына жəне Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге даму Стратегиясына негізделген аса пəрменді шараларды қарастырады.

2007 жылдың соңынан бастап мемлекет ШОБ үшін əлемдік қаржы дағдарысының салдарынан туындаған кредит қаражатының тапшылығын қысқарту мақсатында, қаражатты кейіннен ШОБ-ті жеңілдік шарттарымен несиелендіру үшін, «Даму» Қоры оператор болып табылатын, екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасын іске асыруға кірісті.

Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 29.01.2010 ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. «Бизнестің жол картасы 2020» атты Кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру кəсіпкерлікті қолдаудың үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар құрылатын болады.

Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты басынан өткізген, қазір жұмыс істеп тұрған бизнес-ке қолдау көрсету.

Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өнді рістерге қолдау көрсету, яғни өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау.

Аталған бағыттардың іске асырылуына 2010 жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге бөлінді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне жаңа өндірісті іске асыру үшін кредитке кепілдік беру бірінші бағыт бойынша басты қолдау механизмі болып табылады.

Екінші бағыт бойынша мемлекеттің кəсіпорындардың берешектерін құрылымдауға

қатысуы бұрынырақ берілген проблемалы кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жəне төлемақы өсімі есептелместен бюджетке салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру есебінен жүзеге асырылады.

Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау банктердің бұрынғы кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

«Даму Қоры несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау жəне несие бойынша жартылай кепілдеме беру бағдарламаларының қаржы агенті ретінде осы үш бағыттың барлығына қатысады.

Орта және шағын бизнесті қолдаудың шет елдер тәжірибесі.

Кіші және орта кәсіпорындардың жаңа жұмыс орындарының өсуін қамтамасыз етуі, шет мемлекеттердегі жұмыссыздықты едәуір қысқартуға әсерін тигізеді. Кіші кәсіпорындар тұтынушылар саласында ғана тиімді болып қоймай, сонымен қатар ірі кәсіпорындарға шығаруға тиімді емес жеке түйіндер мен кіші механизмдердегі дайын өнімді өндіруге қажетті жартылай фабрикаттар мен басқа да элементтерді өндірушілер болып табылады.

Оның барлығы кіші кәсіпорындардың экономикадығы нақты орны мен ролін анықтаудағы кешенді тәсілінің қажеттілігін негіздейді.

Біздің елімізде тиімді қолдануға болатын кіші кәсіпкерлікте үлкен қорлар бар. Мысалы, АҚШ-тың кіші және орта фирмалары ЖІӨ 40%, жеке сектордың жалпы өнімінің жартысын өндіреді, соның ішінде: өндеу өнеркәсібінде - 21%, құрылыста - 80%, көтерме саудада - 86%, қызмет көрсету саласында - 81%. Осы кәсіпорындарда жеке салалар қамтылған барлық жұмысшылардың жартысы шоғырланған. АҚШ экономикасындағы ғылыми-техникалық прогресс саласына қатысты олар барлық жаңа енгізілімдердің жартысын құру мен меңгеруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ірі кәсіпорындарға қарағанда олар орташа алғанда бір доллар шығынға 17 есе көп жаңа енгізілімдер енгізеді. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру жеделдетілді, мысалы Бельгияның болат өнеркәсібі, Испанияның мұнай концерні, Дания мен Нидерландияның агро-өнеркәсіптік кешені, сонымен қатар Швецияның болат концерні, формацевтикасы, ағаш өнеркәсібі, Швейцарияның сағат өнеркәсібі, Германияның машина өнеркәсібі.

Капиталдың шоғырлануы мен орталықтанудың негізгі қасиеті, кіші және орта фирмалардың ойсырауынан кіші бизнестің жоқ болып кетуіне әкелмеуі. Ол өзіне өміршеңдік, қайта өндіруге қабілеттілік және бір мезгілде ірі концерндер тарапынан қызығушылық танытты. Кіші және орта фирмалар концерндерінің ірі сериялық өндірісінде қосалқы мердігер болып, арнайы тауашасын әкетеді. Батыс Еуропада тауарды өңдеу өнеркәсібінің жартысы кіші және орта кәсіпорындарда жасалады. Монополия еместігіне қарамастан, олар өндіріс пен өткізудің ішкі шаттарына бейімделуге барлық күш-жігерлерін бағыттайды. Трансұлттық корпорациялар оларға жалпылама өндіріске кіріспес бұрын, бірінші жаңа өнім өндіруді байқап көруге мүмкіндік береді. Құлдыраған кіші фирмалардың орнын жаңалары басады, яғни олардың қайта жаңғыртылуы болады. Дағдарыс кезінде де кіші бизнесте жұмысбастылықтың азаймауы есте қаларлық оқиға.

АҚШ-та отбасылық және үйдегі кіші бизнес көп даму үстінде. «Үйдегі бизнес» түсінігін оңайлатылған түсінік ретінде қарастырмау керек. Кейбір кәсіпкерлік қызмет түрлері толық үй жағдайында орындалады, ал кейбіреулері үй тәртібіне жартылай сай келеді. Кез келген жағдайда отбасылық және үйдегі бизнес кіші бизнестің бір тәсілі болып табылады. Ғылыми-техникалық прогресс жұмысты үйде ұйымдастырудың шеңберін едәуір кеңейтті. Қазіргі уақытта үйдегі және отбасылық бизнес 200-ден астам қызмет түрлерін көрсетеді. Бұған дәстүрлі үй бизнесі, тұрмыстық қызмет көрсету, әртүрлі қолөнер түрлері, білім және іскерлік қызметтер кіреді. Осылайша, АҚШ-та барлық үйдегі кәсіпорындардың тек 44% қолөнермен; 11,8% бөлшек саудамен; қаржылық, бухгалтерлік, кеңес беру мен компьютерлік қызмет көрсету барлық үйдегі бизнестің 30% құрайды; құрылыс, жылжымайтын мүлік, білім, құқықтық және денсаулық қызметі 53,8% басым бөлігін құрайды.

Бүгінгі күнде үйдегі бизнестің дамуының басты күші дербес компьютерлерге тиесілі. Компьютерді қолдану арқылы, үйде ғылыми жұмысшылар, инженерлер, дизайнерлер, бухгалерлер, қаржыгерлер еңбек ете алады.

Мемлекет экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің көмегімен жалпы қоғамды қызықтыратын өндіріс салаларынмен айналысатын жеке кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдайлар жасайды.

Экономиканы реттеудің жанама әдістері терең зерттеуді талап етеді. Бұл реттеу әдістеріне мемлекеттің салық және ақша-несие саясатын, тауар мен қызметтің мемлекеттік сатып алуын жатқызуға болады. Экономиканы мемлекеттік реттеуге экономикалық саясаттың әртүрлі бағыттары, сыртқы экономикалық байланыс, ғылыми-техникалық зерттеумен байланысты экономикалық өсудің инфляцияға қарсы саясаты, инвестициялық және әлеуметтік саясат септігін тигізеді.

Мемлекет экономиканың мемлекеттік және жеке мемлекеттік сеторын қолдана отырып, реттеу қызметін жүргізеді. Қазіргі кезде ұлттық байлықтың көп бөлігі мемлекетке, европалық елдер қатарына тиесілі. Мысалы, мемлекеттік меншік Франция экономикасында 40%, Жапония экономикасында 20%, АҚШ мемлекетінің меншік үлесі 5-10% асады. Бірақ АҚШ-та электр станциясы, транспорт, байланыс және т.б. мемлекеттің қатаң бақылауында.

Реттеу жағдаяты аясында құрылымдық реттеу жүргізу, бұл елдегі салалар мен аудандар арасындағы үйлесімдік туғызуға бағытталған мемлекеттік қызмет.

Қазіргі кезде мемлекет ең қолайлы салааралық үйлесімдік құруға үлкен көңіл бөледі. Сол мақсатта мемлекет елдің экономикасында шешуші мағынасы бар салаларды дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы жағдайында қиын жағдайға түскен ескі салаларға қолдау көрсетеді. Мемлекеттің экономикаға араласуының басты жанама тәсілдерінің бірі табыс және басқа да салықтарды алудың кешенді шаралары, яғни салық саясаты болып табылады. Жеке кәсіпкерлердің шаруашылық жасауына салық ауыртпалығының көлемі, салық жинау уақыты, оның құрылымы, салық салу түрлеріне байланысты жақсы және нашар жағдайлар жасалынады, жеке меншік иелеріне және еңбек етушілердің әртүрлі санаттарына қарай салық үдерісі көбееді және азаяды. Осы шаралардың көмегімен мемлекет экономиканың экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұл тәсіл экономиканы жағдаяттық, салалық және аймақтық реттеуде кеңінен қолданылады.

Жеке капиталға мемлекеттің әсер етуінің жанама әсері тура тәсілден әлде қайда сенімді, бірақ сонымен қатар тиімділігі аз емес. Жеке секторды реттеу қиындық туғызады, бірақ жанама әсер ету тәсілдеріне жеке кәсіпкерлердің әсер етуін зерттей келе, мемлекет кәсіпкерлердің алдағы іс-әрекетін болжай алады. Осы шаралар арқылы мемлекет жеке кәсіпкерлерге мемлекеттің бағытталған арнасы бойынша әрекет етуге едәуір мүкіндіктерін және оған қарсы әрекет ету тиімді еместігін түсіндіреді. Кейбір жағдайларда жанама әдістерді қолдану батымды болып келеді.

Осылайша, кәсіпкерлік шектеулі болып келеді, себебі тауар өндірісі кезінде өндірісті ынталандырудың негізі, өзіндік құнын алу болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің дамуы кезінде жеке кәсіпкерлік қызметінің шеңберінің тарлығы айқын көрінеді. Мемлекеттің экономикалық қызметін кеңейту, жеке кәсіпкерлік шеңберінің тарлығын жеңу үшін қажет.

№3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Ірі бизнесті ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары:

1. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі түрлері (холдингтік компаниялар, концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, трестер, қаржылық өнеркәсіптік топтар).

2. Фирма бірлестіктерін ұйымдастыру қағидалары және қызметтері.

3. Ірі бірлестіктерді құру тетіктері.

Қазақстандық ірі бизнес ұлттық экономиканың «локомотиві» іспеттес. Ол еңбек өнімділігі бойынша да, тиімділік бойынша да, өсу қарқындары бойынша да көптеген орта және шағын компаниялардан неғұрлым тиімдірек болып табылады. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты реформалар өткізілген жылдарда ірі бизнесте негізгі ақша көлемі шоғырланған. Нәтижесінде қазіргі уақытта ірі бизнестің шеңберінде еңбек ақылары жоғары, біліктілігі жоғары менеджерлер қызмет етеді.

Тәуелсіздіктің 20 жылынында Қазақстан бірнеше ауыр дағдарысты бастан өткерді. Солардың ең біріншісі және ауыры біз үшін Кеңес одағының ыдырауы болды. Сол тұста Қазақстан құлаған империяның бір бөлшегі ретінде тым ауыр экономикалық жағдайлармен бетпе-бет қалды. Сол тұста біз бұрын болмаған өз дербес мемлекеттігімізді қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттың жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мемлекетті, либералды экономиканы қалыптастыру үшін өте күрделі бес-алты жылды жұмсадық. Одан енді ес жиямыз деген тұста Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысына тап болдық. Сондықтан біз өз дамуымызды 1999 жылдан бастадық. Соңғы 10-13 жылдың аясында ғана қалыпты даму жағдайына түстік. Осы үшін біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Бұл жылдардың өн бойында шет ел инвесторлары кеңесі менімен бірге болды. Соның арқасында біз 120 миллиард доллардың шетелдік инвестицияларын тартып, 150 миллиард доллардың өзіндік, ішкі инвестицияларын іске қосты.

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылым ның болуы.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі – Қазақстандағы ірі бизнестің әлеуметтік – экономикалық дамуының стратегиялық басқарудың тиімді нысандары мен әдістерін іздестіру қажеттілігімен белгіленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан экономикасында ірі бизнестің ролі мен мағынасын анықтау.

Курстық жұмыстың мақсаттарына сәйкес келесі м індеттер белгіленген:

  • ірі бизнестің даму кезеңдері мен оның теоретикалық аспектілерін қарастыру;
  • Қазақстанның ірі кәсіпорындары қызметіне талдау жасау;
  • талдау қорытындылары бойынша қорытындылар әзірлеу.


  1. Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту - ірі бизнесті дамытудың негізгі құралы

 

Қазіргі кезде шетелдік тәжірибеге негізделе отыра Қазақстан экономиканы дамытудың алғышарты - инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту деп белгіленген. Осы салаға ірі бизнестің енгізер үлесі мол. Сонымен қатар, инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту барысында көптеген орта бизнес субъектілері өз айналымдарын, несие қаражаты мен ықзмет ету аясын кеңейтулеріне байланысты біртіндеп ірі бизнес субъектілеріне айналуда. Сондықтан да қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту - ірі бизнесті дамытудың негізгі құралына айналуда. Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, оларды


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow