Популяциялар экологиясы 5 страница

Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері) және микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттар (фитонцидтер) бөліп шығарады. Ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырау- құлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауық- тырады. Ал әртүрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдік- тердің жұқпалы ауруларын кең таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады. Организмдер арасьшдагы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп белуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды. Жанамалық қарым-қатынаста бір организмдер екінші бір организмдерге орта түзушілік, субстрат ролін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін организмдерге өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт- құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары көптеген құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады. «Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Грйнелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс - абстракты ұғым, бұл табиғапипа түрдің тіршілік етуіне ыкңал ететін барлық орта факторларынын жиынтыгы. Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, ягни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс - түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысгы иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысғы иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді: зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен, антилопа гну зебралардан қалган өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен, газельаласа өсімдіктермен, ал топи антилогіалары басқа жануарлардан қалган, құраған биік шөптермен қоректенеді.Гаузе пршщипі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеністіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажсттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысгы (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін).Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады.Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен лтқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі қалдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны түрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық Қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге Жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: Фундаменталъды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс - түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған - түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. іске асырылған қуыс Фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды. Экологиялық сукцессия Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.

Негізгі терминдер

Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциясының жиынтығы.

Биогеоценоз – үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік ерекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бір бөлігін қамтитын біріңғай табиғат құбылыстара мен олардың жиыны.

Гетеротрофтылар – дайын органикалық заттарменқоректенеді, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, паразиттер, барлық жануарлар, саңырауқұлақтар.

Гомеостаз – экологиялық жүйелердің қозғалыстағы тепе-тендік күйі.

Консументтер – органикалық заттарды басқа затқа айналдырады.

 

 

Тақырып бойынша тест сұрақтар

1. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымдастығы:

А) Биоценоз.

B) Экологиялық қуыс.

C) Биом.

D) Ареал.

E) Популяция.

 

2. Зат және энергия айналымы жүретін, барлық организмдер бірге қызмет ететін, бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін орта келесідей аталады:

А) Ареал.

B) Биогеоценоз.

C) Экологиялық жүйе.

D) Экологиялық ниша.

E) Биоценоз.

 

3. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған ғалымды ата:

А) Вернадский.

B) Гаузе.

C) Тенсли.

D) Мебиус.

E) Геккель.

4. Паразитизм дегеніміз не?

А) Екі түрге жататын органимдердің кеңістікте бір-біріне еш бір зиянын тигізбей керісінше, селбесіп пайдалы тіршілік етуі.

B) Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік ету.

C) Бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі.

D) Бір немесе бірнеше түрге жататын организмдедің өзара қорек, тұрағы т.б. ресурстардың жетіспейшілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.

E) Жануарлардың орын ауыстыру арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы.

5. Бір кеңістікте өмір сүретін, қажеттілігі бірдей, жақын түрлердің ара қатынасы қалай аталады?

А) Мутуализм.

B) Нейтрализм.

C) Симбиоз.

D) Комменсализм.

E) Бәсекелестік.

 

6.Зат және энергия айналымы жүретін, барлық организмдер бірге қызмет ететін, бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін орта келесідей аталады:

А) Биоценоз.

В) Биогеоценоз.

С) Ареал.

Д) Экологиялық жүйе.

Е) Экологиялық қуысқ.

 

 

7. Бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі:

А) Биогеоценоз.

В) Биосфера.

С) Экожүйе.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

 

8. Экологиялық жүйелердің қозғалыстағы тепе-тендік күйі.

 

А) Гомеостаз.

В) Биосфера.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

 

9. Барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерісгерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.

А) Гомеостаз.

В) Биосфера.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

10. Организмнің экожүйедегі атқаратын ролі

А) Гомеостаз.

В) Экологиялық қуыс.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

Сабақ № 4. Биоценоздың трофикалық құрылымы..

Дәріс мақсаты:Тірі ағзалардың бірлестігі және оның классификациясы ерекшеліктеріне түсінік.

1. Биоценоздің трофикалық құрылымы.

2. Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер. Қоректік торлар

3. Экожүйелердің табиғи дамуы

4.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы.

5.Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 

Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.

Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.

Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.

Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.

Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.

Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі. Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:

1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.

2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.

3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.

«Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.

Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық массасын құру бірлестіктегі бірінші өнім деп аталады.

Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.

Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.

Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.

Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.

Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.

Екінші сукцессия – бұрын тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.

Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.

 

 

Тақырып бойынша тест сұрақтары.

1. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде жұмсалатын қуат мөлшері

А) 20%

B) 10%

C) 5%

D) 15%

E) 1%

2. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А) Сапрофиттер.

B) Консументтер.

C) Редуценттер.

D) Продуценттер.

E) Капрофиттер.

3. Бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейтін ағзалар:

А) Экотоп.

B) Продуценттер.

C) Биогеоценоздар.

D) Консументтер.

E) Экожүйе.

 

4. Қоршаған ортадағы қолданушы (тұтынушы) организмдер:

А) Консументтер.

B) Биогеоценоздар.

C) Фитоценоз.

D) Экожүйе.

E) Экотоп.

 

5. Продуценттерге келесі жатады:

А) Микроорганизмдер.

B) Өсімдік жегіш жануарлар.

C) Жануарлар мен өсімдіктердің жиынтығы.

D) Жыртқыш жануарлар.

E) Өсімдіктер жиынтығы.

 

6. Редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілерге жатады:

А) Жасыл өсімдіктер.

B) Жануарлар.

C) Микроағзалар.

D) Паразиттер.

E) Саңырауқұлақтар.

 

7. Продуценттер немесе өндірушілерге жатады:

А) Жануарлар.

B) Микроағзалар.

C) Паразиттер.

D) Саңырауқұлақтар.

E) Жасыл өсімдіктер.

8. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А) Продуценттер.

В) Редуценттер.

С) Консументтер.

Д) Капрофиттер.

Е) Сапрофиттер.

 

9. Шөпқоректі жануарлар бұл:

А) Бірінші сатыдағы консументтер.

B) Биогеоценоздар.

C) Фитоценоз.

D) Экожүйе.

E) Экотоп.

10. Жыртқыштар бұл:

А) Екінші сатыдағы консументтер.

B) Биогеоценоздар.

C) Фитоценоз.

D) Экожүйе.

E) Экотоп.

Сабақ № 5. В.И. Вернадскийдің биосфера ілімі және ноосфера концепциясы.

(1 сағат)

Дәрістің мақсаты мен жоспары

Босфераның қасиеттерін, ноосфера ұғымын түсіну.

Жоспар:

1. Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. компоненттері.

2. Тірі зат тұжырымдамасы.

3. В.И. Вернадскийдің негізгі биохимиялық заңдар

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.

«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.

Биосфераның негізгі қасиеттері.

1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.

Биосфераның еркшелік сипаттамалары. Атмосфера, гидросфера және литосфера, олардың қысқаша сипаттамасы, компоненттері. Биосфераның шекаралары. Биосферадағы заттардың айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық маңызын анықтау. Күшті геологиялық және геохимиялық фактор ретінде антропогенді әсерлердің тұжырымдамасы. Қазіргі кездегі биосфера. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Атомдардың биогенді өрісі заңы. Биосефраның биогенді, негізді (косное вещество), бионегізді (биокосное вещество) және тірі заттары. Күрделі динамикалық өзін-өзі реттеуші жүйелер ретінде Жердің ішкі және сыртқы қабаттарының өзара әрекеттері. Заттың механикалық, физикалық-химиялық биогенді және техногенді өрістері. Үлкен және кіші геохимиялық айналымдар. Үлкен айналымның ашықтығы және оның геохимиялық салдары. Жердің энергетикалық тепе-теңдігінің негізгі ерекшеліктері.

Биосфера ұғымын 1876 жылы австралиялық гелог Эдуард Зююс өзінің альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы тарауында жер шарының қабаттары жайында баяндағанда ең аташ пайдаланды. Бірақ оның ғылым ретінде дамытады. Биосфера концепциясының негізгі қағидаларын 1926 жылы В. И. Вернадский тұжырымдады.

Жердегі энергия көзі күн болғандықтан, күш тірі организмдер жердің екі қабығы литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарына тараған. Литосфера тірі организмдер болмашы ғана тереңдкте енеді.

Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі, бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабатарна тараған.

Гидросферада ең беткі қабатынан табанына дейін тіршілік тараған.

Биосфераның әуеге қарай өршуін негізінен сұйық күйіндегі судың тапшылығы мен көмірқышқыл газының парционалдық қысымының төмендігі шектейді.

Биосфераның әр түрлі бөліктерінде тіршіліктің дамуын әр түрлі заттар шектейді. Шөлді жерлерде су күйіндегі сутегі мен оттегінің тапшылығы шектейді. Ашық мұхитта игерілуі тың гирототық түріндегі кездесетін темір. Биосфераның биотикалық бөлігі, абиотикалық бөліктің басқарушысы болады. Биотикалық жүйеде басқару қызметін комсулинттер атқарады. Өйткені жүйенің тұрақтылығы осы консулинттерге байланысты.

Жр бетіндегі биомдар ретінде тундралардың, ормандардың, шөлдердің және т. б. жеткілікті болуы қажет.

Акад. В. И. Вернадскийдің «Биосфера- ноосфера» концепциясы. Жүз жылдан астам ауқыт бұрын 1875ж. Австралиялық геолог Эдуард Зюсс «биосфера» терминін алғаш рет қолданған болатын. 1926ж. Орыс минералогы В. И. Вернадский 2 лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияларда ол Зюсстың еңбектерінен кейін 50 жылдан соң биосфера концепцияларының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тричы бойында тірі оргаизмдердің әсеріне ұшырыған барлық қабаттарын түсінді.

Биосфера – Жер шарының айрықша қабығы. 1-ден биосфера сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. 2- ден, оған Күн энергиясының тасқыны ықпал етеді, 3- ден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: