Популяциялар экологиясы 6 страница

Жердегі энергия көзі күн болғанда, күллі тірі организмдер жердің 2- щі қабығы литосфера жіне гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған сантиметр қабатында шоғырланған, тек бірен – сарандығы ғана бірнеше метрге төмендейді (өсімдік тамыр, жауын құрты). Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер литосфераның терең, қабаттарына ене алмайды. Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі қабаттарына таралады. Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабаттарынан табанына дейін тіршілікке толы.

Ноосфера – ақыл қабаты. Ноосфера гректің «ноос»- ақыл сөзінен шыққан, ақыл қабаты деген ұғымды білдіреді. Адам биосфераға әсер етеді және адам ақылынан жиі ауып кетеді. Ноосфера туралы ілім Вернадскийдің ғылымы іс- әрекеттерімен байланысты. Француз математигі Э. Леруа 1927 жылы ноосфера туралы ұғымды енгізді. Вернадский биосфераны оқытуды дамыта отырып ноосфера ұғымына терең ғылыми маңыз берді. Ол ортаны және қоғамды құруда маңызды рөл атқарды. Ноосфера биосфера дамуының жоғары стадиясы деп қарау керек. Ол ондағы адамзат қоғамының дамуымен байланысты. Адамзат табиғат заңдарын таниды, техниканы жоғарғы деңгейіне дамытатын тұғырлы планеталық күш.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]

Негізгі терминдер

Ноосфера - ойлау қабаты.

Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. «Биосфера» терминін ұсынған ғалымды атаңыз:

А) Э. Зюсс.

B) В.ВДокучаев.

C) В.И.Вернадский.

D) Э. Геккель.

E) Ю. Одум.

2. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский қалай атады?

А) Биологиялық.

B) Биогеохимиялық цикл.

C) Шөгу циклі.

D) Геологиялық

E) Химиялық.

3. Биосфера ғылымының авторы:

А) Зюсс.

В) Тунелли.

С) Дарвин.

Д) В. И. Вернадский

Е) Э. Геккель.

4.Ақыл-ой сферасы:

А) Биосфера.

В) Тропосфера.

С) Ноосфера.

Д) Атмосфера.

Е) Гидросфера.

5. Биосфераның абиотикалық бөлігі – бұл:

А) Топырақ, жер беті жануарлары.

B) Тропосфера және стратосфера.

C) Топырақ, су, ауа ортасы.

D) Микроағзалармен байытылған топырақ түрі.

E) Гидробионтті су ортасы.

6. Биосфера-бұл:

А) Биосфераның ең жоғарғы сатысы адамның саналы іс-әрекеті.

B) Жер планетасында тіршілік тараған орта.

C) Адам әрекеті тараған аймақ.

D) Жер планетасында өткен дәуірдегі тіршілік тараған аймақ.

E) Қазіргі жерде тіршілік жоқ орта.

 

8. Биосфераның биотикалық бөлігі – бұл:

А) Жердегі тіршілік жиынтығы

B) Тропосфера және стратосфера.

C) Топырақ, су, ауа ортасы.

D) Топырақ түрі.

E) Вулкандар.

9. "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе"- деп айтқан кім?

А) Э. Зюсс.

B) В.ВДокучаев.

C) В.И.Вернадский.

D) Э. Геккель.

E) Ю. Одум.

 

10. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км ал терең максимальді тереңдік Мариан шұңғыламасында қанша? Бұл жерде тіршілік көзі бар.

А) 11022м.

B) 44022м.

C) 10011м.

D) 22022м.

E) 33022м.

Сабақ № 6 Тұрақты даму концепциясы (тұжырымдамасы).

(1 сағат)

Дәрістің мақсаты мен жоспары

Тұрақты даму тұжырымдамасы туралы түсінік алу.

Жоспар:

1. Тұрақты даму факторлары. Экологиялық фактор. Экономикалық фактор. Әлеуметтік фактор.

2. Тұрақты даму стратегиясымен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері.

3. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі

4.Тұрақты дамудың бірден-бір аспектіліренің бірі табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.

5. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары.

6. Биологиялық ресурстар және азық түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану.

7. Экологиялық тұрғыдан таза альтернативті энергия көздерін пайдалану экожүйелермен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 

«Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды. 1980-ші жылдары «орнықты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды. 1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады: «Тұрақты даму - Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады». Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадйы емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі».

XXI ғасыр күн тәртібі — әрекеттер жоспары

1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің 179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ Тұрақты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау. XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда 2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді. Тұрақты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Тұрақты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды: Экономикалық өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану. Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау – ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.

Әлеуметтік даму – адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.

Қала тұрғысында даму

Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген. 1994 жылғы маусымда өткізілген Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады. Бұл бағдарламада әлемнің 80 астам елдері қатысады. БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Тұрақты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Тұрақты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді. Тұрақты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі. Тұрақты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын қаланың тіршілігінің барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының ерекшелігі ескеріледі. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы

2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары

3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары

4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары

5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Әлемнің кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4].

Қоршаған орта

Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады. Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңаратын энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. евро. Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында 2,7 млрд. евро бөлінген. Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады. Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты. Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда. Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді. Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба іске асырылды. Жоба целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.

Әлеуметтік сала

Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді; яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады. Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген. Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс. Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды. Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту, жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті. Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: