Шелфордтын толеранттылык заны

Шелфорд ережесі —экологияғылымы негізгі қағидаларының бірі. Мұнытолеранттылық заңы(лат. tolerantіa —шыдамдылық) деп те атайды. Бұл бойынша қандай да бір организм популяциясыныңтіршілік етуі немесе таралуы өзін қоршаған ортаның кешендіэкологиялық факторларынатәуелді болады да, әрбірорганизмніңөзіне тән шыдамдылық ауқымы айқындалады. Шыдамдылық ауқымы,организмдертіршілік ете алатын, әрбір фактордың ең төмен және ең жоғары деңгейімен шектеледі. Мұны түрдің экологиялық стандарты деп атайды. Популяцияның немесе түрдің тіршілігіне қолайлылық деңгейі әсер ететін фактордың қарқындылығына байланысты ең жоғары қолайлылық деңгейі негізінен күмбез пішінді сызық түрінде көрініс береді. Шелфорд ережесін 1913 жылы америка экологы В.Э.Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен (минимум заңы) бірге шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны, т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға темперература, су, қоректік заттар (өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады. Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады; сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын — эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық; қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды.

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп аталады,Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.

Экологиялық валенттілік –организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады. Эврибионтты ж/е стенобионтты организмдер. Экологиялық толеранттылыққа б/ты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар - факторлардың кең диапазпонында тіршілік ете алатын организмдер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: