Сурет - Энергия пирамидасы

 

52. Биоценоз. Биогеоценоз. Экожүйе

Биоценоз (биота) – бұл өсімдіктердің (фитоценоз), жануарлардың (зооценоз) және микроағзалардің (микробоценоз) ұйымдасқан популяциялар тобы, олар өзара байланыса отырып бірдей жағдайдағы ортада тіршілік етеді. Биотоп – бұл биоценоздың өмір сүру ортасы. Биоценоз биотоппен бірігіп биологиялық макрожүйе құрайды – ол биогеоценоз.. Биоценоз бен биотоп бір бірімен ажырамас ұғымдар.

Принциптері:

1. Әртүрлілік принципі. Биотоптың жағдайы шарттары алуан түрлі болған сайын биоценозда да түрлер көп болады.

Мысалы, тропикалық орман - онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп.

2. Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан ауытқуы артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер көбеюі мүмкін. Мысалы ластанған жерлерде ағзалардің алуандығы болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін.

3. Ортаның жайлап өзгеру принципі. Орта жайлап өзгерсе және тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.

 

Әрбір биогеоценозды экожүйе деуге болады, ал әрбір экожүйені биогеоценоз деуге бола бермейді. Себебі биогеоценоз – бұл экожүйенің бір бөлігі ғана.

Экожүйе – бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жаңдайы. Терминді 1935 жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе – Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл, көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар Экожүйенің қаситеттері – гомеостаз, өсімшілдігі, өздіктазалануы, төзімділігі, тұрақтылығы, эмерджменттілігі, сукцессиясы, зат айналымына қатысушылығы.

- Гомеостаз – тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі химиялық реакциялар түзе алушылығы.

- Өсімшілдігі – бірлік уақыт аралығындағы экожүйедегі биомассаның артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік тропикалық ормандарға тән, өте төмені – шөлдер мен тундрада.

- Өздіктазалануы – ластаушы заттардан құтыла алуы не оны түрлендіре алу қабілеттілігі.

- Төзімділігі – сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы.

- Тұрақтылығы – экожүйенің тепе теңдік жағдайынан шыққаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу қабілеті.

- Эмерджменттілігі – экожүйенің ерекше қасиеті, ол белгілі қасиеттерінің жай қосындысы емес.

- Экологиялық сукцессия – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен биогеоценоздардың біртіндеп қайтымсыз ауысуы.

 

53. Популяция динамикасының сипаты: көбею, өлу, тіршілік ету қисықтары, өсу жылдамдығы. Динамикалық көрсеткіштері белгілі бір уақыт ішіндегі популяция ішінде болып жатқан процесті көрсетеді:

- көбеюі – туылу арқылы белгілі бір уақыт аралығындағы жаңа жеке түрлер саны;

- популяцияның өсу жылдамдығы – бірлік уақыттағы популяцияның көбею қарқындығы. Популяцияның өсу жылдамдығы оң, теріс, нөлдік болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш көбеюдің, өлімнің және орын ауыстырудың көрсеткіштеріне байланысты.

өлу көрсеткіші – бірлік уақыттағы популяцияның жеке түрлерінің азаю саны.

Белгілі түрдің аса көбейіп кетпеуін реттейтін физикалық және биологиялық факторлардың жиынтығы ортаның қарсылығы деп аталады. Олар: азық тапшылығы, су тапшылығы, тіршілік ортасының тапшылығы, қолайсыз ауа райы, жыртқыштар, ауырулар, паразиттер және бәсекелестік. Ал тіршілік ету қабілеттілігі биотикалдық потенциалмен анықталады, олар – көбейуі, таралу қабілеттілігі, жаңа жерлерді тартып ала алу қабілеттілігі, қорғану механизмдері, қолайсыз жағдайларға төзу қабілеттілігі.

Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар: биотикалық, абиотикалық және антропогендік.

 

54. Популяция түсінігі, анықтамасы, сипаттамасы. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері және таралу аймағы ареал деп аталады.

Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты мынандай топтарға бөлінеді:

- космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны);

- убиквистер – кең ареалға ие және ортаның алуантүрлі жағдайында да тіршілік ете береді (мысалы, қасқырлар);

- эндемиктер – өте шектелген ареалға ие (мысалы, пингвиндер).

Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық деп бөлінеді.Статикалық көрсеткіштер популяцияның осы мезеттегі жағдайын сипаттайды және мыналардан құралады:

- саны – популяциядағы жекелеген түрлер саны;

- тығыздығы – жекелеген түрлер саны немесе бірлік ауданға не бірлік көлемге келетін популяцияның биомассасы;

- құрылым көрсеткіштері – жыныстық және жастық құрамы;

кеңістіктік-этологиялық құрылымы – ареал аумағындағы түрлердің таралу сипаты (біркелкі, біркелкі емес, кездейсоқ).

 

55. Тірі жүйелердің ұйымдық деңгейлері.

 

 

56. Аутоэкология, синэкология, демэкология. Аутоэкология - түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын да зерттейді.

Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбір түр қоршаған ортамен өзінше байланыста болады.

Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді.

«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.

Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады.

Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір бірімен ажырамас ұғымдар.

 

57. Тұрақты даму жіне экологияның рөлі

Тұрақты дамуға талап - табиғи қорларды және жүйелерді жеткілікті түрде бұзбай, болашақта да экономикалық пайда табатындай сақтау

Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасына қарай жіктеледі. Адам, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар экологиясы деп бөлінсе, өз тарапында бұл экологиялық бағыттарды жеке түр ретінде немесе бірлестік ретінде қарастырып, оларға әсер заңдылықтарын космоста, суда, ауада немесе басқа да бір орталарда зерттеулер жүргізу арқылы алуға болады.

Тірі ағзалар тропикалдық, қалыпты және полярлық аумақтарда, сонымен қатар табиғи, жасанды, антропогендік (адам жасаған) немесе өзгертілген орталарда тіршілік етеді, тағы ескеретін жай осы орталардың сипатына да (таза немесе таза еместігіне) олардың тіршілігінің тәуелділігі.

Осы күнгі экология мыналарға:

- зерттеу объектісінің өлшеміне байланысты: аутоэкология, демэкология, синэкология, ландшафттық экология, мегаэкологияға;

- зерттеу затына байланысты: микроағзалар экологиясы, грибтер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, адам экологиясы, ауылшаруашылық экология, өндірістік экология, жалпы экология;

- тіршілік ортасы мен құрамы бойынша: жер экологиясы, таза су қоймалары, теңіз экологиясы, Қиыр шеткі солтүстік экологиясы, таулар экологиясы, химиялық экологияға;

- затты зерттеу бойынша: аналитикалық, динамикалыққа;

- уақыт факторы бойынша: тарихи және дамушы болып бөлінді.

 

 

58. Табиғи ресурстар және оны рационалды пайдалану тұрақты дамудың бір аспектісі

Қазақстанда сан-алуан пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесінің 105 элементінің 99-ы Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған, қазір 60-тан астам элемент өндіріске енгізілген.

Қазіргі кезде 493 кен қазба орны белгілі болып отыр, минералдық шикізаттың 1225 түрі бар. Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің зерттелген қорлары бойынша – 1 орын, күміс, қорғасын және хром қорлары бойынша – 2 орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша –3 орын, молибден қорлары бойынша - 4 орын, алтын қорлары бойынша – 5 орын алады.

Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын бойынша – бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфор шикізаты бойынша – екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орын алады.

Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері

А) Су.

Су қорларын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары:

1) Қайта пайдалану;

2) Жаңа тазартқыш технологияларды қолдану;

3) Ұйымдық шаралар.

Б) Пайдалы қазбалар. Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың қалып қалуы өндірістік қалдықтардан көптеген минералдар түрлерін технологиялардың жетілген түрлерінің жоқтығынан әлі күнге дейін алынбауынан болып отыр.

В) Жерді пайдалану. Жерді барлық түрде пайдалану оның деградациясына алып келеді. Бұл мәселені «топырақты қорғау мен тиімді пайдалану» бөлімінде жете қарастыратын боламыз.

Г) Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану орман қорларын тиімді пайдалану мен оның өсімділігін арттырудан тұрады. Осы мәселені жүзеге асыру үшін арнайы табиғат аймақтары мен қорлар құрылған, олар: заповедниктер, мемлекеттік табиғи парктер, ұлттық қорлар.

 

 

59. ҚР-ң тұрақты дамуының экологиялық актуалды мәселелері

Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу алдында тұр. Қазақстанда экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер, көлдер мен өзендер, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт,радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл залалар.

 

 

60. Тұрақты дамудың стратегиясы және оның механизмі

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының тұрақты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ құрылды.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше орын алады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.

 

61. Қазақстан энергетикасы және тұрақты даму.

Энергетика. Ел экономикасы артыумен бірге энергияға деген сұраныс жылдан жылға өсіп келеді. Ал энергияны өндіру қайта толмайтын қорларды жағу арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе осы қорлардың азаюы, ал екіншісі қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны. Бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы дәстүрлі емес (күн, жел, су) энергия көздерін пайдалануды енгізу және энергияны аз мөлшерде пайдаланатын құрылғыларды тұрмыста және өнеркәсіпте қолдану. Қазақстан уран қоры мен оны өндіру бойынша әлемде көш басында тұр, соған қарамастан елде әлі жұмыс істеп энергия шығаратын бір де бір атом электр станциясы жоқ. Егер жоспарланып отырған АЭС салынса және олардың саны мен сапасын болашақта арттырсақ, онда Қазақстан электр энергиясымен өзін өзі толық қамтамассыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығарушы елге айналады.

 

62. Әлеуметтік-экономикалық кризис және тұрақты даму

Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау

Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларының негізінде елдің ресурстарды өндірумен салыстырғанда оларды тепе-тең тұтынбау жағдайындағы тарихи қалыптасқан теңгерімсіздік жатыр. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық пайдалы құндылық – гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде жалпы өлшем бірлігіне негіздесе, онда қазіргі ысырапты бағалау мүмкін болады.

Сонымен, 2005 жылы 29,4 ГВт мөлшерінде өндірілген жиынтық өнімді алу үшін елімізде тұтастай алғанда 94,85 ГВт мөлшерінде ресурстар тұтынылды. Бұл - жыл бойы еліміздің 65,45 ГВт қуатының резерві ысырап болды немесе жеткіліксіз пайдаланылды деген сөз. Бұл Қазақстан Республикасында ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші (РПТ) салыстырмалы түрде төмен екендігін көрсетеді, ол қазіргі кезде 31 пайызға тең. Бұл орташа әлемдік деңгейден артық, ол 24 пайызға тең, бірақ әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған елдерінен: Жапониядан - 36%, АҚШ-тан – 34%, Германиядан - 33 % кем. (Бұрынғы КСРО-да РПТ көрсеткіші 36%-ға жетті, ол әлемдік аренада бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті).

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді.

Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен: өмір сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-күйімен айқындалады.

Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан 1,17 коэффициентпен 78-ші орында тұр.

Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды.

Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық тұрақтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін – 25,5-ті құрайды, ал Ресей Федерациясы үшін – 4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4.

 

Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер рейтингінде 80-ші орынға ие. Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық тұрақтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.

Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді:

 

- РПТ – кемінде 43 %,

- ресурстарды пайдалану жиынтығы – кемінде 246,86 ГВ т,

- өндірілген жылдық жиынтық өнім – кемінде 113,1 ГВ т.

 

Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады. 53%-ға тең РПТ кезінде «тұрақты даму» траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, «озыңқы» технологиялар есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы халқының саны тұрақты дамудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады.

Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді өрістету (ең алдымен, еңбек нарығы проблемасын шеше отырып), қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажет.

Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға азаюға тиіс.

63. Қазақстанның су қорлары және мәселелері

Қазақстанда су заңдылықтарының құқықтары «Казахстан Республикасы су кодексінде» (1993 ж.) және нор­мативті құжаттарда берілген.

Қазақстан территориясындағы барлық сулар Қазақстан Республикасының су қоры болып табылады.

ҚР сумен аз қамтылған аумаққа жатады. Қазақстанда 11 мың өзен (200 мың км), 48 мыңнан астам көлдер (Каспий, Арал, Балхаш, Алакол), жер асты сулары, жалпы ауданы 2033 кв. км болатын 2724 мұздық бар. Шөл астындағы тұщы су қоры Балхаш сияқты 65 тен астам көлге тең.

Қазақстанда 7 су қоймасы бар, ең ірісі Бухтурма тереңдігі 11 м, ені 35 км, ұзындығы 600 км, Капшагай (тереңдігі 15-45 м, ені 22км, ұзындығы 180 км).

Каспий теңізі – ең үлкен тұзды көл, жалпы ауданы – 400 мың кв. км. Арал теңізі қазіргі күні 44,5 мың кв. км ауданнан тұрады. Соңғы 30 жылда Арал деңгейі 14,7 м түсті, су жағадан 100-120 метрге кетіп қалды.

Қазақстанда барлық сулар мемлекет меншігінде.

 

 

«Экология» пәні бойынша емтихан сұрақтары

 

 

1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша ҚР ның Конституциясы.

2. ҚР ның «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңындағы экологиялық нормаланулар.

3. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты және міндеті.

4. Табиғатты пайдалануды дамыту және адамзат болашағы үшін экологияның негізгі биологиялық пән ретіндегі маңыздылығы.

5. Тіршілік ету ортасы туралы түсінік. Экологиялық факторлар.

6. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

7. Организм және оның өмір сүру жағдайы. Абиотикалық және биотикалық факторлар.

8. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.

9. Арал өңіріндегі әлеуметті-экологиялық проблемалар.

10. Қазақстан Республикасындағы жер қорларының экологиялық жағдайы.

11. Жердің су қорлары.Жалпы сипаттамасы.

12. Ластану классификациясы (химиялық, физикалық, биологиялық)

13. Қазақстандағы су қорлары. Сумен қамтамасыз етудегі проблемалар.

14. Ядролық жарылыстың адамзат үшін қаупі. (Семей полигоны және т.б.)

15. Радио жиіліктік диапазонындағы электромагниттік өрістерден қорғану әдістері.

16. Атмосфераны ластаудың жалпы сипаттамасы (қоректену көздері)

17. Кәсіпорындардағы қондырғылардың атмосфераны ластауы

18. Атмосферадағы зиянды қоспалардың нормалануы (олардың негізгі түрлері, адам организміне әсері, ШРК)

19. Атмосфераны қорғау бойынша шаң аулау процесстерінің параметрлері (түрлері)

20. Құрғақ түрде шаң аулағыштар (жұмыс істеу принциптері, түрлері)

21. Ылғалды түрде шаң аулағыштар (жұмыс істеу принциптері, түрлері)

22. Электр фильтрлері (жұмыс істеу принциптері, түрлері)

23. Фильтрлер (жұмыс істеу принциптері, түрлері)

24. Туман аулағыштар (талшықты фильтрлер)

25. Өндірістік тастанды заттарды газ және бу тәрізді қоспалардан тазалау әдістері

26. Зиянды заттардың атмосфераға таралуы. Санитарлы-қорғаныс зонасы

27. Шаң концентрациясын бақылау әдістері

28. Газ және бу қоспалары концентрациясын бақылау әдістері

29. Өндірістік ақаба сулардың классификациясы.

30. Ақаба суларды тазалау әдістері.

31. Өндіріс қалдықтарының классификациясы

32. Радиоактивтік қалдықтарды залалдандыру және көму

33. Ақаба сулардың қалдықтарын жою және утализациялау

34. Табиғатты қоррғау және тұрақты даму

35. Суды ластау себептері, көздері және су қорларын пайдалану

36. Альтернативті экологиялық таза энергия көздері.

37. Кәсіпорындарында қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері.

38. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері және тұрақты даму.

39. Табиғи қорлардың жіктелуі.

40. Биосферада тұрақсыздық пайда болуының антропогендік факторлары.

41. Тұрақты дамуды сақтаудың халық аралық бірлесуі.

42. Табиғи ресурстар және оны рационалды пайдалану.

43. Тұрақты даму деңгейлері: локалды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, глобалдық.

44. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.

45. Биосфера және оның тұрақтылығы.

46. Түр экологиясы-аутоэкология.

47. “Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

48. Тұрақты даму концепциясы.

49. Популяциялар экологиясы-демэкология.

50. Биосфера ұғымының пайда болуы, биосфера эволюциясы.

51. Биоценоздың трофикалық құрылымы: продуценттер, концументтер, редуценттер.

52. Биогеноз, биогеоценоз, және экожүйе ұғымы.

53. Популяцияның динамикалық сипаты: көбеюі, өлуі, тіршілік ету қисықтары, өсу жылдамдығы.

54. Популяция: түсінігі, анықтамасы, негізгі қасиеттері (саны, жасы).

55. Тірі жүйелердің ұйымдық деңгейлері.

56. Аутоэкология, демэкология, синэкология

57. Тұрақты даму жіне экологияның рөлі

58. Табиғи ресурстар және оны рационалды пайдалану-тұрақты дамудың бір аспетісі

59. ҚР-ң тұрақты дамуының экологиялық актуалды мәселелері

60. Тұрақты дамудың стратегиясы және оның механизмі

61. Қазақстан энергетикасы және тұрақты даму.

62. Әлеуметтік-экономикалық кризис және тұрақты даму

63. Қазақстанның су қорлары және мәселелері

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: