Эхинококк. Альвеококк 21 страница

Ойық жараның қай асқынуы туралы ойлауға болады?

 

* +пилородуоденальді стеноз

* қан кету

* малигнизация

* тесілу

* пенетрация

 

#1161

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 40 жастағы ер адам жүрек айнуына, эпигастрий және оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезіне шағымдалып түсті, ауру сезімі арқаға біріледі.Анамнезінде кезеңді түрде түнгі және қарны аш кезінде «аштық» ауруы мазалайды екен. Науқас оны ас содасын қабылдаумен өзі басады, ауруы мерзімдік сипатқа ие. Қарап тексергенде терісі қалыпты түсте, ішінің сырт бейнесі өзгермеген, пальпация жасағнда жұмсақ, эпигастрий және оң жақ қабырға асты ауырады. Құрсақ қуысының УДЗ: іште еркін сұйықтық анықталмайды, өт қабы өзгеріссіз, ұйқы безі үлкеймеген, контуры анық. Диастазасы қалыпты.

 

Қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

* он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы

* жедел панкреатит

* ойық жара малигнизациясы

* +ойық жара пенетрациясы

* гастрит

 

#1162

*!Ауруханаға 49 жастағы ер адам орташа ауырлық жағдайында, көп реттік құсу және сасықиіспен кекіруіне шағымданып түсті. Айқын әлсіздік байқалады.Анамнезінде 10 жыл бойы ойық жарамен ауырған. Эпигастрийде «шылпылы шуылы», «тамған су тамшысы» симптомы және іштің кебуіанықталады.

Науқасқа ЕҢ алдымен қандай тексеру әдісін тағайындайсыз?

 

* құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

* +асқазан рентгеноскопиясы

* құрсақ қуысын УДЗ

* дуоденоскопия

* ЭФГДС

 

#1163

*!Ауруханаға 55 жастағы ер адам, бір апта бұрын жеген тамағымен құсқандығы туралы шағымданып түсті. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары құрғаған, гемотокрит 55%. Анамнезінде ұдайы ауру сезімі және ол соңғы уақытта эпигастральды аймақтағы ауырлық сезіміне ауысатынын байқаған. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясында асқазанының айқын үлкейгендігі байқалады.

Көрсетілген симптомдар қандай патологиялық жағдайға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес

келеді?

 

* +электролит бұзылысы

* бауыр құрылысының бұзылысы

* гипергликемия

* гипертензия

* қызба

 

#1164

*!Аурухананың қабылдау бөліміне 65 жастағы ер адам шіріген жұмыртқа иісі бар тағамды құсуға, асқазаны толып тұрғандай сезімге, тәбетінің болмауына, әлсіздікке, тырысуларға шағымданып түсті. Он екі елі ішектің ойық жарасымен бірнеше жыл бойы ауырған, толық және тұрақты емделмеген.Соңғы уақыттарда жағдайы нашарлаған: құсуы жиілеген, аз мөлшерде тағам қабылдағанның өзінде эпигастрий аймағында кернеп тұратын ауру сезімі мазалайды, айтарлықтай арықтап салмағын жоғалтқан. Қарап-тексергенде: жүдеген, терісінің серпімдіілгі төмендеген, Хвостек, Труссо симптомдары оң. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ, көзге көрінетін асқазан перистальтикасы, іш астардың тітіркену белгілері жоқ. Пальпацияда іш катайған. Бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың кайсысы болу мүмкін?

 

* перфорацияланған ойық жара

* ойық жара малигнизациясы

* жедел панкреатит

* пенетрация

* +стеноз

 

#1165

*!Он екі елі ішек ойық жарасымен ауырған әйел адамда орташа дәрежедегі қарқынды қан кетуі (F1 А) және пилородуоденальді стенозы бар. Ойық жаралық анамнезі 12 жылдан бері.

Осындай клиникалық жағдайлар кезінде қандай ТИІМДІ емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

 

* айналымдағы қан көлемін толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін бір деңгейде ұстауға бағытталған консервативті ем

* интенсивті операция алдылық дайындықтан кейінгі жедел операция

* +өміріне қауіп төну көрсеткіштері бойынша шұғыл операция

* кейінге шегерілген операция

* жоспарлы операция

#1166

*!Он екі елі ішек ойық жарасымен ауырған 38 жастағы әйел адамда орташа дәрежедегі қарқынды қан кетуі (F1 А) және пилородуоденальді стенозы бар. Ойық жаралық анамнезі 9 жылдан бері, ауруханада бірнеше рет емделген.

Осындай клиникалық жағдайлар кезінде жасалатын тиімді емдік шара?

 

* айналымдағы қан көлемін толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін бір деңгейде ұстауға бағытталған консервативті ем

* интенсивті операция алдылық дайындықтан кейінгі жедел операция

* +өміріне қауіп төну көрсеткіштері бойынша шұғыл операция

* кейінге шегерілген операция

* жоспарлы операция

 

#1167

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 68 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінде 10 жыл бойы он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырған, осы жыл ішінде дене салмағының айқын төмендеуі, дәм сезудің өзгеруі, себепсіз әлсіздік пайда болған. Асқазанды рентгенологиялық зерттегенде үлкен иінінде толу дефектісі анықталады.

Анықталған көріністер ҚАНДАЙ асқынудың пайда болғанын дәлелдейді?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

*жараның ұйқы безіне пенетрациясы

*гипертрофиялық гастриттің дамуы

*ойық жараның өршуі

*+жараның малигнизациясы

#1168

*!Хирургияның қабылдау бөліміне 42 жастағы ер адам эпигастрий тұсындағы белдемелі тұрақты ауру сезіміне, құсуға шағымданып жеткізілді. Анамнезінде 6 жыл бойы он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырған, ауру сезімі мезгілдік және «түнгі» сипатынан айырылған. Асқазанды рентгенологиялық тексергенде шеті бұлтиып шырышты қабаттан шығып тұрған, тегіс емес терең ойық жара анықталады.

Анықталған көрініс ҚАНДАЙ асқынудың бар екенін көрсетеді?

*анықталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ

*+жараның ұйқы безіне пенетрациясы

*гипертрофиялық гастриттің дамуы

*ойық жараның ушығуы

*жара малигнизациясы

 

Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының асқынуы

*3*11*1*

 

#1169

*! Науқас 31 жаста, ішінің жоғарғы бөлігінде кенеттен қатты ауру сезімінің пайда болуымен шағымданады. Пальпация жасағанда іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында - бос ауа анықталды.

Қандай емдеу тактикасын таңдаған тиімді?

 

*консервативті ем

*жоспарланған операция

+шұғыл операция

*динамикалық бақылу

*амбулаторлық жағдайда қосымша тексерістерден өткізу

 

#1170

*! Науқас 58 жаста, жедел түрде ойық жарадан қан кету белгілерімен келіп түсті. Анамнезінде ойық жара ауруымен ауырмаған, осыдан 2 жыл бұрын миокард инфарктысын басынан өткерген, осыған байланысты ұзақ уақыттан бері кардиомагнил қабылдайды. ФГДС-та асқазанның жедел ойық жаралары анықталды, қан кету белгілері жоқ.

Қандай тиімді емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

 

*+хирургиялық стационарда консервативті ем

* терапиялық бөлімшеде консервативті ем

* тұрғылықты жерінде амбулаторлы ем

*жедел операция

* жоспарлы операция

 

#1171

*! Аурухананың қабылдау бөлімшесіне 35 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде науқастың қалпы оң жақ қырына жатып, аяқтарын ішіне бүгіп алған. Пальпация жасағанда іші қатайған, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ дәлірек келеді?

 

*жедел ішек түйілуі

*жедел панкреатит

*+ойық жараның перфорациясы

*жедел холецистит

*миокард инфарктісі

 

#1172

*!Профузды қан кетумен асқынған он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде науқастарға ҚАНДАЙ хирургиялық тактиканы қолданады?

 

*консервативті ем

*жеделдеу операция

*+шұғыл операция

*кешіктірілген операция

*жоспарланған операция

 

 

#1173

*!Науқас 55 жаста, қабылдау бөліміне эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып жеткізілді. Анамнезінде ойық жара ауруымен ауырады. Ішінің жоғарғы бөлігінде аяқ астынан қатты ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде науқас оң жақ қырына аяқтарын ішіне бүгіп жатыр. Пальпация жасағанда құрсақ бұлшық еттері қатайған, эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Диагноз қоюға қандай зерттеу әдісі НАҚТЫ көмек береді?

 

*+іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*іш қуысының МРТ

* іш қуысының КТ

*ЭРХПГ

*ФГДС

 

#1174

*! Науқас 43 жаста, хирургиялық бөлімшеге ойық жарадан қан кету диагнозымен жатқызылған, консервативті емдеу барысында «кофе тәрізді» құсық, кенеттен әлсіздік, қара түсті нәжіс пайда болды. ФГДС-та ойық жарадан ақырындап қан кетуде.

Осы жағдайда одан ары емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

*динамикалық бықылау

*консервативті ем

*кешіктірілген операция

*+шұғыл операция

*жоспарлы операция

 

#1175

*! Терапия бөлімшесіне асқазан-ішек жолынан қан кеткен 65 жасар науқасқа хирург кеңеске шақырылды. Науқас миокард инфаркті диагнозымен емделіп жатқан.

Осы жағдайда қандай емдеу тактикасын қолданған абзал?

 

*терапия бөлімшесінде динамикалық бақылау

* гастроэнтерология бөлімшесіне ауыстыру

* +хирургия бөлімшесіне аудару

* амбулаторлық емге шығару

* күндізгі стационарға ауыстыру

 

#1176

*! Науқас 30 жаста, дене шынықтырудан кейін эпигастрийде қатты ауру сезімі, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытқануы, суық тер пайда болды. Анамнезінде жыл мерзіміне байланысты ауру сезімі пайда болып тұрған, түнде қыжыл мазалайды. Қарап тексергенде іштің алдыңғы бұлшық ет қабырғасының қатайғаны байқалады, Спижарный симптомы оң.

Төмендегі берілген болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы

*он екі елі шек ойық жара ауруының өршуі

*аш ішектің бұралуы

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

 

#1177

*! Науқас 40 жаста, аяқ астынан эпигастрийде қатты ауру сезімі пайда болып, кейін ауру сезімі өздігінен басылып қалған. Уақыт өте эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында қарқындылығы аса қатты емес ауру сезімі қайта пайда болған. Осыған байланысты ауырғанынан 3 тәулік өткеннен кейін жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызылды, рентгеноскопияда пневмоперитонеум анықталды.

Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?

 

*жедел ішек түйілуі

*+жабылған перфоративті ойық жара

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*жедел холецистит

 

#1178

*! Науқас 35 жаста, ішінде аяқ астынан қатты ауру сезімі пайда болған. Рентгенограммада оң жақтағы диафрагма күмбезі астында бос ауа анықталды. Қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?

 

* +шұғыл операция

* госпитализация, динамикалықбақылау

* жоспарлы операциялық ем

* консерватиаті ем

* амбулаторлы ем

#1179

*! 55 жастағы ер адам «кофе тәрізді» құсыққа, әлсіздікке, қара түсті нәжіске шағымданып хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. ФГДС-та: Асқазанның ойық жарасы Forrest IIB, қызыл тромб.

Дәл осы жағдайда ары қарай қандай емдеу тактикасын ұстанған абзал?

 

*амбулаторлы ем

*+консервативті ем

*кешіктірілген операция

*шұғыл операция

*жоспарлы операция

 

Өкпе абсцесі және гангренасы

*3*11*

#1180

*!57 жастағы науқас ауруханада өкпенің созылмалы абсцессі диагнозымен емделуде. Рентгенографияда өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық пен газ деңгейі бар дөңгелек пішінді түзіліс анықталды.

Науқасты емдеуде қандай тактика тиімді?

 

*плевра қуысын дренаждау

*абсцесс қуысын дренаждау

*өкпенің сегментарлы резекциясы

*абсцесс қуысын алу

*+лобэктомия

 

#1181

*!46 жастағы науқас ауруханада оң өкпенің абсцессі диагнозымен ем қабылдауда. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлады. Ентігу күшейіп, қан қақыру пайда болды. Қан қақыру өздігімен тоқтады.

Қайталанған қан қақыру кезінде қандай емдеу тактикасы тиімді болып табылады?

 

*плевра қуысын дренаждау

*абсцесс қуысын дренаждау

*гемостатикалық терапия

*емдік бронхоскопия

*+пульмонэктомия

 

#1182

!Өкпе абсцесімен ауырған науқаста дене қызуы 390С дейін көтерілді, жалпы әлсіздік күшейді, ентігу пайда болды. Ультрадыбыстық зерттеуде оң плевра қуысында гомогенді емес сұйықтық анықталды. Науқасқа «Оң жақты пиоторакс» болжамалы диагнозы қойылды.

Көрсетілген зерттеулердің қайсысы пиоторакс диагнозын нақтылауда ең тиімді болып табылады?

 

*+плевра қуысының пункциясы

*қанның биохимиялық анализі

*компьютерлік томография

*бронхоскопия

*биопсия

 

#1183

!Науқас 40 жаста, пневмонияның ремиссия сатысында дене қызуы көтеріліп, қалтырау, кеуде қуысында ауру сезімі, жөтел пайда болды. 7-ші күні науқаста жөтелгенде ауыз толтырып шығатын іріңді қақырық пайда болды. Тәулігіне 300,0 мл дейін іріңді қақырық бөлінді. Кейін іріңді қақырығы азайып, интоксикация белгілері мен дене қызуы төмендеді. 3-ші күні науқас қайталап жөтелді, жөтелгенде ал-қызыл түсті көпіршікті қақырық бөлінді.

Аталған патологияда төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

* зақымдалмаған бронхиалды ағашқа іріңнің аспирациясы

* абсцестің плевра қуысна ашылуы

*+ бронхиалды ағашқа қан кетуімен асқынуы

* басқа ағзаларда абсцестердің түзілуі

* өкпе гангренасымен асқынуы

 

#1184

!Өкпенің созылмалы абсцессі кезінде қандай емдеу әдісі тиімді болып табылады?

 

*стационардағы комплексті консервативті ем

*санаторлы-курортты ем

*диспансерлік бақылау

*+радикалды операция

*амбулаторлы ем

 

#1185

*!40 жастағы әйел ауруханаға сол өкпе абсцессі диагнозымен келіп түсті.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты?

 

*+кеуде қуысының рентгенографиясы

*плевра қуысының УДЗ

*қақырық анализы

*бронхоскопия

*спирография

 

#1186

*!Науқас 36 жаста, стационарда өкпе абсцессі диагнозымен емделуде.

Тиімді емдеу жолын таңдаңыз?

 

*плевра қуысын дренаждау

*+абсцесс қуысын дренаждау

*санациялық бронхоскопия

*физиоем

*барокамера

 

#1187

*!42 жастағы науқас ауруханада «Оң өкпенің абсцессі, бронхқа ашылмаған кезеңі» диагнозымен емделуде.

Туберкулезді кавернамен дифференциалды диагностикасын жүргізу үшін қандай зертханалық әдісті қолдануға болады?

*+қақырықты туберкулез микобактериясына тексеру

*жалпы қан анализі

*коагулограмма

*қанды биохимиялық зерттеу

*серологиялық зерттеу

 

#1188

!42 жастағы науқас ауруханада «Оң өкпенің абсцессі, бронхқа ашылмаған кезеңі» диагнозымен емделуде.

Өкпенің перифериялық қатерлі ісігімен дифференциалды диагностикасын жүргізу үшін қандай әдісті қолданған жөн?

 

*магнитті резонансты томография

*жалпы шолу рентгенографиясы

*плевра қуысының пункциясы

*+бронхоскопия биопсиямен

*плевра қуысын УДЗ

 

#1189

!Науқас әйел 40 жаста, терапия бөлімшесіне келіп түсті. Науқасқа «Сол өкпенің абсцесі» болжамалы диагнозы қойылды. Кеуде қуысының шолу рентгенографиясында перифокальды инфильтрациясы мен құрамында сұйықтық деңгейі бар қуыс анықталды.

Көрсетілген патологиялардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізу керек?

 

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*өкпенің кавернозды туберкулезі

*бронхтағы бөгде зат

*+өкпе гангренасы

*өкпе қатерлі ісігі

 

#1190

!Науқас 33 жаста, ауруханада өкпе абсцессі диагнозымен емделуде. 5-ші тәулікте науқаста пиопневмоторакс анықталды.

Қандай емдеу әдісі тиімді?

 

*+плевра қуысын дренаждау, белсенді аспирация мен антибактериалды ем

*өкпенің абсцесспен зақымдалған бөлігінің резекциясы

*торакотомия және плевра қуысының санациясы

*массивті антибактериалды ем

*емдік бронхоскопия

 

 

Спонтанды пневмоторакс. Жедел іріңді плеврит. Пиопневмоторакс.

*3*11*

 

#1191
*! Өкпе абсцессімен емделіп жатқан науқаста пиопневмоторакспен асқыну орын алады. Төмендегілердің қайсысы науқасқа көмек көрсету үшін ЕҢ бірінші кезекте жасалуы тиіс?

 

*протеолитті ферменттерді эндобронхиальді енгізу

*+плевра қуысын дренаждау

*антибактериальді терапия

*цитостатиктерді енгізу

*рентгенотерапия

 

#1192

*!Науқас И., 28 жаста, рентгенологиялық зерттеуде сол өкпенің жартылай көлемде коллапсы анықталды. Сол жақтық субтоталды пневмоторакс диагнозы қойылды.

Төмендегі емдеу шараларының қайсысының тиімділігі ЕҢ жоғары?

 

*тораоскопия

*дереу торакотомия

*симптоматикалық ем

*плевра қуысын дренаждау

*+плевра қуысын пункциялап ауаны аспирация жасау

 

#1193

*!16 жасар жас жігіт, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің коллапсы анықталды. Спонтанды пневмоторакс диагнозы қойылды.

Қандай емдеу тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады?

 

*бақылау

*плевральді пункция ауа аспирациясымен

*+ауаның активті аспирациясымен плевра қуысын дренаждау

*торакотомия

*консервативті терапия

 

#1194

*!26 жасар ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергеннен кейін «Спецификалық емес спонтанды пневмоторакс» алдын ала диагнозы қойылды.

Диагнозды нақталау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

 

*торакоскопия

*+кеде қуысының рентгеноскопиясы және рентгенографиясы

*плевралық пункция

*өкпені сканирлеу

*бронхоскопия

 

#1195
*!45 жасар науқаста, өкпенің екі проекциялы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңының тотальді көленкеленуі және кеудеаралықтың қарама қарсы жаққа ығысуы анықталады.

Диагнозды нақталау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

 

*томография

*бронхоскопия

*ультрадыбысты зерттеу

*+компьютерлік томография

*магниторезонансты томография

 

#1196
*! Науқас 65 жаста, «Оң өкпенің созылмалы эмпиемасы» диагнозымен келіп түсті.

Науқасқа операцияның қайсы түрін жасаған жөн?

 

*лобэктомия

*торакопластика

*пневмонтомия

*өкпенің сына тәрізді резекциясы

*+декортикация

 

#1197
*! 35 жасар пациент «Оң жақты плевра эмпиемасы, өкпенің тотальді коллапсы» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Төмендегілердің қайсысы науқас үшін ЕҢ маңызды шара болып табылады?

 

*интенсивная консервативті терапия

* плевра қуысының пункциясы

*+плевра қуысын дренаждау

*оң жақты пульмонэктомия

*емдік бронхоскопия

 

#1198
*!18 жасар науқасқа гангренозды перфоративті аппендицит, диффузды іріңді перитонитке байланысты операция жасалынған. Операциядан кейінгі кезеңде науқас кеуде қуысының оң жақ бөлімінің ауырсынуына, ентігуге, дене қызуы 38°-39°С дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Перкуссияда – оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда - оң жақта тыныстың күрт әлсіреуі байқалады. Рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің тотальді қараюы анықталады. Науқасқа: Оң жақты тотальді экссудативті плеврит диагнозы қойылды.

Төмендегілердің қайсысы науқас үшін ЕҢ маңызды емдік шара болып табылады?

 

*антибактериальді терапия

*дезинтоксикацилық терапия

*бронхоскопия

*торакоскопия

*+плевра қуысын екі түтікшемен дренаждап, плевральді лаваж жасау

 

#1199
*!54 жастағы ер адам ауруханаға «Сол жақтық іріңді плеврит» диагнозымен келіп түсті.

Төмен көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ маңызды?

 

* патологиялық ошаққа араласпай интенсивті терапия

*+плевра қуысын Бюлау әдісімен дренаждау

*плевра қуысын дренаждау

*плевра қуысын дренаждап активті аспирациялау

*бронхоскопия

 

#1200
*! 45 жастағы ер адам іріңді хирургиялық бөлімшеге оң жақ өкпенің абсцессі диагнозымен жатқызылған. Консервативті емдеу барысында науқаста пиопневмоторакс дамыды.

Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы науқас үшін ЕҢ бірінші кезекте жасалуы керек?

 

*торакотомия

*қабынуға қарсы ем

*+плевральді пункция

*вагосимпатикалық блокада

*плевра қуысын дренаждап үздіксіз жуып шаю

 

#1201
*!32 жасар науқас, кеуде торының ауырсынуына, ентігуге, іріңді қақырықпен жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кеуде қуысының шолу рентгенограммасында оң өкпенің тотальді коллапсы, синус үстінде сұйықтық деңгейі анықталды. Науқасқа: Оң жақты плевра эмпиемасы, өкпенің тотальді коллапсы диагнозы қойылды.

Төменде көрсетілген емдік шаралардың қайсысы науқас үшін ЕҢ бірінші кезекте жасалуы керек?

 

*интенсивная консервативті терапия

*плевра қуысының пункциясы

*+плевра қуысын дренаждау

*оң жақты пульмонэктомия

*емдік бронхоскопия

 

 

ӨТА.Жедел холецистит

*3*9*1*

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: