Ерте жас тобы 2018 жыл мамыр айы

Өтпелі тақырып «Жайдары жаз келді!»

Мақсаты: балалардың көңіл күйлерін көтеру, әртүрлі іс- әрекетті эмоциялы қабылдау

Міндеттері: үлкендердің нұсқауларын орындап, жалғауы бар сөйлемдерді түсіну, іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсінуін бекіту;

-біртекті заттарды ортақ белгілері бойынша топтастыру;

-қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыра білу;

- би қимылдарымен әуенге сай қозғала білуін дамыту;

 

Апталық тақырып «Денсаулық»-3 Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет -0,5 Таным- 1 Сенсорика-0,5 Жаратылыстану-0.5 Шығармашылық- 2 Сурет салу-0.5; Мүсіндеу-0,5 музыка – 1,0
«Сиқырлы түстер» 1-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Бір қатар тізбекпен жылдам және баяу жүгіру.Жол бойымен еңбектеу 2 м қашықтыққа. 2. Жол бойымен еңбектеу 2 м қашықтыққа. Шағын төбешіктен допты домалату. 3. Шағын төбешіктен допты домалату. Шашырап жүгіру. Қимылды ойын:«Түрлі-түсті шарларды жинайык» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көңілді шарлар» Мақсаты:таныс заттардың белгілерін, түстерін айта білу дағдыларын бекіту. Ересектердің сөйлеген сөздерін қайталау, жеке сөздер мен сөз тіркестерін дауыстап айта алу дағдыларын бекіту   Сенсорика Тақырыбы: «Түрлі –түсті шарлар» Мақсаты:пішіні мен түсі бойынша топтастыра білу дағдыларын бекіту Сурет салу Тақырыбы: «Көңілді алақандар!» Мақсаты:бояу жағылған алақанды қағаз бетіне ұқыпты басу Музыка Тақырыбы: «Топ-топ балақані» (К.Қуантбаев) Мақсаты: ән айтып, музыкалық-ырғақты қимылдарды орындай білуге үйрету Ән тыңдау: «Қызыл, жасыл көбелек» (А.Райымқұлова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Ойыншықпен би»
«Әрқашан күн сөнбесін!» 2-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Шашырап жүгіру. Еденде жатқан лентадан аттап өту. 2. Еденде жатқан лентадан аттап өту. Допты екі қолмен алға лақтыру. 3. Допты екі қолмен алға лақтыру. Жоғары қойылған көлбеу тақтайдың бойымен еңбектеу. Қимылды ойын:«Күн мен жаңбыр» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Күн» С.Оспанов Мақсаты: күн туралы түсінігін жетілдіру, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, балалардың түсінуіне жеңіл өлең шумағын қайталап айту (күн ұйықтайды, күн оянды, күн ашылды) Жаратылыстану Тақырыбы:«Жайдарлы күн» Мақсаты:табиғат құбылыстарының ерекшеліктеріне эмоционалды көңіл-күй танытуға баулу Мүсіндеу Тақырыбы: «Күлімдеген күн» Мақсаты:ермексазды алақан арсына салып дөңгелек пішіндер мүсіндей білуін бекіту Музыка Тақырыбы: «Топ-топ балақан» (К.Қуантбаев) Мақсаты: ән айтып, музыкалық-ырғақты қимылдарды орындай білуге дағдыландыру Ән тыңдау: «Қызыл, жасыл көбелек» (А.Райымқұлова) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Ойыншықпен би»
«Көңілді жаз» 3-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1. Жоғары қойылған көлбеу тақтайдың бойымен еңбектеу.Допты төменге лақтыр. 2. Допты төменге лақтыр, «Секіргіштер» ойын жаттығуы. 3. Шарды домалату, доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 50 см). Қимылды ойын:«Көгалдағы балапандар» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Көңілді балғындар» ойын-жаттығуы Мақсаты:үлкендердің нұсқауларын орындап, жалғауы бар сөйлемдерді түсінуге, іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсініп, қайталап айту. Ойын әрекетіне қатысуды, әрекеттерін эмоциялы қабылдауды үйретуді жалғастыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға, еліктеуге баулу Сенсорика Тақырыбы: «Көңілді серуен» Мақсаты: ересектердің нұсқауларын түсінеді, айналасындағы кеңістіктен заттарды таба білу қабілеттерін арттыру Сурет салу Тақырыбы: «Жазғы шалғын» Мақсаты:қағаз бетіне бояу саусақтың ұшымен сүйкей жағу әдісімен сурет салу дағдысын бекіту Музыка Тақырыбы: «Алақай, жаз келді» (К. Қуатбаев) Мақсаты:Әнді тыңдау, әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау дағдысын қалыптастыру, көңіл күй сезімдерін ояту Ән тыңдау: «Қайсы екен?» (Б.Дәлденбай) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Гүлдер» биі
  «Жәндіктер оянды» 4-апта Денешынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 50 см). Таяқшалардан аттап өту. 2. Таяқшалардан аттап өту. Бір – бірінің артынан жүгіру. 3. Бір – бірінің артынан жүгіру. Себетке доп лақтыру. Ойын жаттығу:«Еңбек сүйгіш құмырсқа» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Құмырсқа» Н.Жанаев Мақсаты:шағын тақпақ арқылы тыңдау мәдениетін және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру, эмоционалды көңіл күйін білдіруге үйрету, қайталау арқылы өлең сөздерін айтқызу Жаратылыстану Тақырыбы:«Еңбек сүйгіш құмырсқа» Мақсаты:құмырсқаның тіршілігін бақылау Мүсіндеу Тақырыбы: «Мен жасай аламын» Мақсаты:қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету Музыка Тақырыбы: «Алақай, жаз келді» (К. Қуатбаев) Мақсаты:Әнді тыңдап, әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау дағдыларын бекіту, көңіл күйлерін көтеру Ән тыңдау: «Қайсы екен?» (Б.Дәлденбай) Музыкалық-ырғақты қимыл: «Гүлдер» биі  

 

 


 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: