Хромтау ауданы бойынша

Хромтау ауданының үш ауылдық округтері Көктөбе,Көктау,Тасөткел

Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан.Осы ауылдық округтерді үйірлі италия шегіткесіне қарсы зеттеу тексеру мақсатында бір уақытша анықтаушы авто көлігімен жұмысқа алынды.

4 мамыр айында Ресей Федерациясымен шекаралас Көктау ауылдық окугінде бақылау өткізіліп,біріккен акт жасылып,итальян шегіркесінің күбіршегінің табылғаны анықталды.

01 маусым 11 шілде аралығында Көктау ауылдық округінде - 4000 гектар, Көктөбе ауылдық округінде - 5000 гектар,Тасөткел ауылдық округінде – 5000 гектар барлығы 14000 гектар жерге жазғытұры тексеру жұмыстары жүргізіліп,нәтежиесінде итальян шегіткесінің дернәсілдері табылмауына акті жасалды.

11 мамырда Ресей Федерациясы Домбар ауданының главасының орынбасары ауылшаруашылық бөлімінің басшысы М.А.Пельц,Ясный аудан аралық ФГБУ «Россельхохцентр» филиалының басшысы А.Б.Жангужинов,

Ауылшаруашылық бөлімінің бас агрономы И.И.Кальчин қатысуларымен Хромтау ауданымен шекаралас 200 гектар жерге итальян шегіткесінің күбіршесіне бақылау жүргізілді және күбірше жоқтығына акт жасалынды.

19 маусым айында Ресей Федерациясы Домбар ауданының главасының орынбасары ауылшаруашылық бөлімінің басшысы М.А.Пельц, Ясный аудан аралық ФГБУ «Россельхохцентр» филиалының басшысы А.Б.Жангужинов,

Ауылшаруашылық бөлімінің бас агрономы И.И.Кальчин қатысуларымен Хромтау ауданымен шекаралас 200 гектар жерге итальян шегіткесінің дернәсілдеріне тексеру жүргізіліп, табылмағаны жөнінде акт толтырылды.

Ресей Федерациясымен шекаралас жерлерде тексеру қорынтындысы бойынша итальян шегірткесінің таралуы байқалмады.

Қобда ауданы бойынша

Жасалған болжам бойынша биылғы жылғы италия шегірткесінің таралуына байланысты,республикалық бюджеттен қаржы бөлініп,Ресей Федерациясымен көршілес орналасқан Терісаққан, Жарық, Ақырап, Қызылжар, Жиренқопа және Сөгәлі ауылдық округтерін зерттеу үшін мамыр-қыркүйек айларына қосымша үш адам көлігімен уақытша анықтаушы жұмысына алынды.

Көктемгі-жазғы тексеріс кезінде аудан бойынша италия шегірткесі дернәсілдерінің таралуын анықтау мақсатында 90,0 мың га жер тексерілді.

Соның ішінде Ресей Федерациясымен шекаралас Ақырап, Жарық, Терісаққан, Сөгәлі, Жиренқопа, Қызылжар ауылдық округтері бойынша көктемгі-жазғы тексеру 29,0 мың га жерге жүргізіліп, дернәсілдердің таралуы анықталмады. Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта бірігіп құрылған коммисия құрамында-Орынбор облысы бойынша ФГБУ «Россельхозцентр» филиалы Тұз-төбе аудан аралық бөлімінің бастығы Карагулова М.К., Орынбор облысы бойынша ФГБУ «Россельхозцентр» филиалы Ақбұлақ аудан аралық бөлімінің бас агрономы Сизова А.С., « РФД және БӘО » РММ Қобда аудандық филиал директоры Аиргалиев А.С, агроном-энтомологы Шайхин Н.Қ – 21 шілде күні Қобда ауданы Жиренқопа а/о мемлекеттік қор жерінде 1,7 мың га, Тұз-төбе қалалық округі «Первомайский» аумақтық бөлімінде 1,5 мын га, Қобда ауданы Ақырап а/о мемлекеттік қор жерінде 1,8мың га жер тексерілді. Нәтежиесінде италия шегірткесінің таралуы анықталмады.

Мәртөк ауданы бойынша

Көктемгі-жазғы тексеріс кезінде аудан бойынша италия шегірткесі дернәсілдерінің таралуын анықтау мақсатында 100,0 мың га жер тексерілді.Соның ішінде Ресей Федерациясымен шекаралас Байнассай,Жайсан,Аққұдық,Байторысай,Қызылжар,Хазірет ауылдық округтері бойынша көктемгі-жазғы тексеру 47,3 мың га жүргізіліп,дернәсілдердің таралуы қоныстану тығыздығымен 1ш.метрге 5-ке дейін 4,8 мың гектарда анықталды.Өңдеуге жататын көлемдер байқалмады.

Мәртөк ауданы Ресей Федерациясының Ақбұлақ, Беляй, Қуандық аудандарымен шекаралас. Сол аудандармен жыл сайын көктем мерзімінде өсімдік қорғау саласында қызметтес,аймақтардың және тұрғындардың шегірткелік зиянкестердің шабуылынан бірлескен келісімі құралады, шекаралас аймақтардың шегірткелік дернәсілдері бойынша екі жақтан тексеру жоспары, шекаралас аймақтардың тексеру бойынша актілері жасалды.

2016 жылы РФДжБӘО,аудандық аумақтық инспекциясының мамандары және Ресей шекаралас аудандарының уәкілдерімен бірігіп шекаралас аймақтарда шегірткелік зиянкестер бойынша тексеру жұмыстары өткізілді.

Көктемгі-жазғы тексеріс кезінде Ресей Федерациясымен шекаралас Ақбұлақ ауданында бірігіп құрылған коммисия құрамында – Ақбұлақ ауданы ауылшаруашылық басқармасының бас агрономы А.М.Ильясов, Орынбор облысы бойынша ФГБУ «Россельхозцентр» филиалы Ақбұлақ аудан аралық бөлімінің бас агрономы Сизова А.С, «Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы Э.Ж. Жакенова, «РФДжБӘО» РММ Мәртөк аудандық филиал басшысы Мурзагулов К.К, агроном-энтомологы Хабибулина Ф.А 17 маусым күні италия шегіртке дернәсілдерінің таралуына Мәртөк ауданы Жайсан а/о мемлекеттік қор жерінде 250 га, «Жайсан» ш.қ жайылымында 250 га; Ақбұлақ ауданы «Сагарчин»ООО жайылым жерлерінде 450 га тексерілді. Нәтежиесінде италия шегірткесі дернәсілдерінің таралуы байқалмады.

Ресей Федерациясы Беляй ауданының уәкілдерімен 22 маусымда италия шегірткесі таралуына Мәртөк ауданы Байторысай а/о «Диана» ш.қ күнбағыс алқабында 110 га, Байторысай а/о мемлекеттік қор жерінде 190 га; Беляй ауданы «Долина» СПК тынай жерінде 350 га тексерілді. Нәтежиесінде италия шегірткесі дернәсілдерінің таралуы байқалмады.

РФ Қуандық ауданының уәкілдерімен бірлесіп италия прусы дернәсілдерінің таралуына тексеру жұмыстары 29 маусымда өтті. Қызылжар а/о «Еламан» ШҚ егістік жері 110 га, Қызылжар а/о мемлекеттік қор жері 290 га, Қуандық ауданы бойынша - «Приуральский» ОАО-ның 400 га шабындық тексерілді –италия шегіртке дернәсілдерінің таралуы анықталған жоқ.

Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылға италия шегірткесінің химиялық өңдеуінің алдын-ала болжамын жасау мақсатында 140 мың га жерге жазғы мониторингтік тексеру жүргізілді. Ресей Федерациясымен шекаралас Байнассай, Жайсан, Аққұдық, Байторысай, Қызылжар, Хазірет ауылдық округтері бойынша жазғы тексеру 60,6 мың га жерге жүргізіліп,соның ішінде италия прусының қоныстанған жерлері анықталмады. Сонымен, Ресей Федерациясымен шекаралас ауылдық округтерде 2017 жылға химиялық өңдеуге аймақтар жоспарланбаған.

РФ Ақбұлақ уәкілдерімен бірлесіп италия прусы таралуына тексеру жұмыстары 27 – шілдеде өтті. Мәртөк ауданы Жайсан а/о мемлекеттік қор жерінде 250 га,, «Жайсан» ш.қ жайылымында 250 га; Ақбұлақ ауданы «Сагарчин»ООО жайылым жерлерінде 450 га тексерілді.Нәтежиесінде италия шегірткесі таралуы байқалмады.

Ресей Федерациясы Беляй ауданының уәкілдерімен 03 тамызда италия шегірткесі таралуына Мәртөк ауданы Байторысай а/о «Диана» ш.қ күнбағыс алқабында 110 га, Байторысай а/о мемлекеттік қор жерінде 190 га; Беляй ауданы «Долина» СПК тынай жерінде 350 га тексерілді.Нәтежиесінде италия шегірткесінің қоныстануы байқалмады.

РФ Қуандық ауданының уәкілдерімен бірлесіп италия прусы таралуына тексеру жұмыстары 30 шілдеде өтті.Қызылжар а/о «Еламан» ШҚ егістік жері 110 га, Қызылжар а/о мемлекеттік қор жері 290 га, Қуандық ауданы бойынша - «Приуральский» ОАО-ның 400 га шабындық тексерілді –италия шегіртке таралуы анықталған жоқ.

Жүйелі бақылау жұмыстары 352,6 мың га жүргізілді.

 

Болжам:

2017 жылы зиянкестің саны ағымдағы жылдан аспауы ықтимал.

Азия шегірткесі

Азиатская саранча


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: