Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 14 страница

(Кескеннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).

Қосымша бөлшектер.

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке,гүл,кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің басталуын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нәрселерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін. Мысалы үлкен қолшатыр – саңырауқұлақ адам – адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін.

Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасу психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі.

Қатысты бөлшектердің боолмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы бала өміріндегі қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауын көрсету мүмкін.

Суреттердегі түстер.

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламды қолдануды қалайды. Егер зертелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайды да бейнелеуі мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық қалыпты бала әдетке 2-ден 5ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғарғы лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы бала өз өмірінде болатын эмоциялық жағдай өзгергенде қорқынышты болуын көрсетеді.

Қорытындылау кезеңі.

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады, нәтижесі жүйеге келтіріледі.

 

«Жануарлар мектебі» жобалау әдітемесі

(оқушылардың мектепке бейімделеуін диагностикалау).

Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала мектепте өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті және маңызды мәселе болып табылады.

Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен,психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі.Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан,бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістемесінің көмегімен зерттеуге болады.Мұндай әдістемелердің бірі- «Жануарлар мектебі» деп аталады.

Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын,оның себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу кезіндегі жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедіргісіз сурет салуына жағдай туғызады.Сонымен бірге сурет салу бастауыш мектеп оқушыларына қызықты және дағдылы әрекет.

Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады.

Бұл әдістеменің тек мектепке бейімделу кезеңінде ғана емес,сонымен бірге үлкен жастағыларға да,яғни әртүлі сабақтарда оқу әрекетінде және сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым қатынасында туындаған қиындықтарды анықтауда қолдануға болады.Бұл әдістемені топтық және жеке формада жүргізуге болады.

Керекті жабдықтар:қағаз,түрлі түсті карандаштар.

Алдын ала дайындық.

Жүргізуші: Қазір сіздермен бірге сиқырлы орманға саяхат жасаймыз, ыңғайлы отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басыңызға жапырақтар, аяғыңызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сіздер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңіздер. Айналаға қараңыздар! Қандай жануарлар мектепте оқиды екен? Ал қандай жануарлар ол мектепте мұғалім қызметін атқарады. Сіздер қандай сезімдесіздер? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен онға дейін санағанша, сіздер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде»болыңыздар, содан кейін көзіңізді ашасыздар!

Нұсқау:

Жүргізуші: Сіздер «Жануарлар мектебінде» болыңыздар. Ал енді қарандаш пен қағаз алып не көргендеріңіздің суретін бейнелеуді өтінемін. Тапсырма орындалады. өз суреттеріңізге мұқият қарап, «мен» өзім деген жануарларды табыңыз. Оның жанына «х» немесе «в» әрпін қойыңыз.

Талдау ережесі.

1. Суреттің парақ бетінде орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғары жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі жағына жақын орналасуы өз-өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет парақтың ортасында бейнеленсе, онда бала жағдайы барлық көрсеткіштер бойынша нормада деп есептеуге болады.

2. Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі фигуралардың шығыңқы жерлерінің көрінуі немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күнгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күнгірт болса – қорқыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс ету, күдіктілікті білдіреді.

3. басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол адамның барлық жағдайда тұрақтылығын білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – мазасыздықтың пайда болуын, ал суретті өшіргені және қайта салғаны өзіне сенімінің төмен екендігін көрсетеді.

 

4. Көз, құлақ, ауыз т.б. детальдардың болуы.

Көздің бейнелеуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір детальдарын мұқият салуы) өзіне деген, айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығының белгісі. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер – вербальды агрессияның белгісі.

5. Адамдарды салу коммуникативті қарым-қатынас ерекшеліктерін білдіреді. Бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастағы балалар (ойлау, оқу әрекеті т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы сыныптастар арасындағы жағымды қарым-қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.

6. Бала бейнеленген мұғалім мен жануар арасындағы қарым-қатынас сипаты. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір-біріне деген қарым-қатынаста қалай орналасқан?

7. Оқу іс-әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс-әрекетті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыратынын көрсетеді. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс-әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

8. Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күнгрт, бұлыңғар түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейнеленбеген болса, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым-қатынасын білдіреді. Ал суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленеді. Бірақ та оқушылардың бір-бірін сызықпен бөліп тастаған болса, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастың қиыншылығын білдіреді. Бала мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуге қызығады, бірақ суретте берде-бір қоянның, басқа жануарлардың аузы жоқ болса, бұл жағдай қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықты білдіреді.

Сурет аяқталмаған, жаунарлар боялмаған болса, мұғаліммен оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп, қайтадан салынған. Қарандашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бұл суретте балада мектеппен байланысты мазасыздық бар деп талдауға болады. Мұндай жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жұмыстар жүргізу керек. Суретте ішкі агрессияның барлығы, жануарлардың құлақтары мен мүйіздерін үшкір бұрыштармен бейнеленгенін көруге болады. Баланы мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін. Мектеп туралы балада жағымсыз ассоциация бар болса мұғалім – крокодил, бала – қоян болып түседі. Сыныпта агрессия сезілсе мұғалімде – тістер, тырнақтар, оқушыда –тістер және инелердің болуымен бейнеленеді. өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек қоюы сурет бойынша баламен әңгімелесу барысында өзін сыныпта еркін сезінбейтіндігі анықталады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.

Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, сауалнамалар «Жануарлар мектебі» әдістемесін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде бірінші сыныптарға адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулар өткізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көп балалардың мәселелері шешіледі.

Осының негізінде «Жануарлар мектебі» әдістемесі оқудың бірінші кезеңінде балада пайда болатын қиындықтарды шешуге және оны уақытында жоюға көмектеседі.

 

Мектеп психологының іс қағаздары.

 

Мектеп психолгының іс қағаздарын жүргізу қажеттілігі.

 

Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.Психологиялық қызмет арқылы мектепке қабылданған баланың оқуға даярлығы анықталады.Барлық сынып оқушыларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып,қысқа мінездемелер жасалады.Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып,оларды түзету шараларын ұйымдастырады. Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық кеңес беріп,шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады.психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді..Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық,деффектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет. Психологиялық қызметті жүргізу барысы,әр іс шараларды өткізу уақыты алдын ала жоспарланғанда ғана,психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан мектеп психологы көптеген қағаздарды уақтында,талапқа сай жүргізуі керек. Олардың үлгілерін М.Битянова,И.В.Дубровина,Л.И.Прихожан жасап шығарған.Сол үлгіге сүйене отырып әр мектеп және басқа мекемелер психологы өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алу керек.Тарауда ең бірінші ретте керек құжаттардың үлгілері берілген.Оларды сол бойынша немесе өңделген түрде жасауға болады.Сондықтан бұл оқулықта берілген іс қағаздар варианттары үлгі деп аталады.

 

Мектеп психолгы іс қағаздарының тізімі.

1.Мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары.

2.Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар.

3. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар

4.Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары

5.Айлық немесе апталық жұмыс жоспары

6. Диагностикалық материалдар картотекасы

7.Бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар.

8. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары

9.Психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстар журналы.

10.Кеңес беру,коррекциялау,жеке түзету дамыту іс шараларын тіркеу журналы

11.Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы.

12.Психологиялық түзету жұмысында қолданылатын аудиоматериалдар.

13.Кабинет паспорты,мүліктер мен құралдар тізімі.

14.Жылдық есеп

 

 

Мектеп психологы жұмыстарын жоспарлау.

Психологиялық қызмет жоспары календарлық және күнделікті түрлерде түзеледі.Календарлық жоспар жарты жылдық немесе оқу жылын толық қамтитын болуы мүмкін.

Жоспар негізі үш бөлімнен тұрады.бірінші бөлімінде психологиялық қызметтің бағыттары,өткен оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесі,психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған проблемасы бар балалармен жүргізілген жеке түзету дамыту және топтық коррекциялық жұмыстардың нәтижелеріне қысқаша сипаттама беріледі.Бұл талдаудың негізгі мақсаты психологиялық қызметтің жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз ету.Жоспардың екінші бөлімінде мектептің профиліне байланысты жасалған жылдық жоспарына сүйене отырып келе жатқан оқу жылында психологиялық қызметтің алдына қойылған мақсат пен міндеттер нақты көрсетіледі.Жалпы білім беретін орта мектеп және мектеп-гимназия психологиялық қызметі жоспарларының ортақ және айырмашылығы бар болуы мүмкін.сондықтан оларды бір үлгі бойынша жасауға болады.

Тек қана мектеп –гимназия жоспарында оқушылардың интелектуальдық қабілетінің бағытын анықтауға және оны дамытуға арналған іс шаралар,қолданылатын әдіс тәсілдер кеңірек болуға тиіс.Календарлық жоспар күрделі жұмыстар тақырыбын қамтиды.Мысалы,пиходиагностикалық минимумдарды жүргізу мерзімі анықталған,түзету шаралары,семинарлар және конференциялар тақырыптары нақты көрсетілген және басқа барлық күрделі іс шаралар тізімін толық қамтитын болуы мүмкін.Осы ерекшеліктерді ескере отырып жылдық календарлық жоспарды келесі үлгі бойынша жасап шығуға болады.

 

Мектептің психологиялық қызмет жоспарының үлгісі.

 

р/с Жұмыс мазмұны Мерзімі
  1- бағыт Психодиагностикалық жұмыс  
  Мектеп жасына келген балалардың оқуға даярлығын анықтау Мамыр тамыз
  Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды психодиагностикалық минимумнан өткізу -баланың ата-анасымен танысып,отбасындағы материалдық,психологиялық-педагогикалық жағдайын анықтау, -мектепке келген баланың таным процесстерін зерттеу,интеллектуалдық дамуын анықтау, -баланың оқу мотивациясын анықтау -баланың өзіне және қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру. -оқушының мектепішілік қарым қатынас ерекшеліктерін зерттеу.   Тамыз қыркүйек
  Мектепке қабылданғандардың ішінде оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келмеген балалардың таным процесстері мен жекелік қасиеттерін терең зерттеп,себебін анықтау.Қажеттілік туғанда дамуында дағдарыс бар балаларды МПК тексеруіне жіберу.   Қыркүйек қазан
  Бастауыш сынып оқушыларының таным прцестерін,жекелік қасиеттерін және мектепішілік қарым қатынас ерекшеліктерін зерттеу.   Қыркүйек қазан
  Бесінші алтыншы сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.Гимназиялық сыныптарды таңдап алуға көмек көрсету     Қараша желтоқсан
  Орта буын оқушыларының қарым қатынас мәдениетін зерттеу.Топішілік қатынас ерекшеліктерін бағалау.   Қараша желтоқсан
  Орта буын оқушыларының мотивациялық сферасын зерттеу.Оқу барысында табысты болу немесе сәтсіздіктен бас тарту мотивацияларының қайсысы жетекші екенін анықтау   Қаңтар ақпан
  Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (өзін-өзі бағалауы,талап ету деңгейі,топ ішіндегі мәртебесі,эмоционалдық жағдайы)   Жыл бойы
  Жас өспірімдер мінез құлқында акцентуацияның көрініс беруін талдау Акцентуация түрлерін анықтау әдіс тәсілдерін қолданып балалардың мінезіндегі ауытқуларды жанжақты талдау.   Қаңтар ақпан
  Оқытушылардан,ата-аналардан шағым түскен балалардың жекелік ерекшеліктерін тереңдетіп зерттеу.Қажет болған кезде әлеуметтік –диспетчерлік қызмет атқару. Жыл бойы
  8,9-сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.   Ақпан наурыз
  Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау және мамандықты таңдау мотивациясын зерттеу. Ақпан Наурыз  
  Мектеп бітіруші сыныптар оқушыларын қажеттілігіне байланысты оларды жан-жақты психодиагностикалық зерттеулерден өткізу.   мамыр
  11-сынып оқушыларының мамандыққа икемділігін зерттеу.Оқушылардың қалауы бойынша жеке тұлғалық ерекшеліктерін,интелектуалдық қабілет көрсеткіш терін анықтап беру. Мамыр маусым
  Педагогтардың қалауы бойынша олардың жеке тұлғалық қасиеттерін және мамандық құзырлылығын анықтау және басқа психодиагностикалық қызмет көрсету.   Жыл бойы
  Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу   Жыл бойы
  2-бағытПсихологиялық түзету дамыту жұмыстары  
  Бастауыш сыныптарға қабылданған балаларды мектеп күн тәртібіне бейімделуіне арналған сауықтыру іс шаралары. Тамыз Қыркүйек Қазан
  Мектепке даярлығын зерттеу барысында таным процестерінде ақаулық бар және оқуға даярлығы төмен балалармен дамыту машықтарын және ойындарын жүргізу   тамыз
  Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін түзету дамыту іс шараларын және шығармашылық ойлауын дамыту сабақтарын ұйымдастыру   Қыркүйек қазан
  Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру.Үлкен үзілістер кезінде балалармен сауықтыру ойындарын жүргізу   Қазан Қыркүйек Жыл бойы
  Орта сынып оқушыларының жеке тұлғалық жағымсыз мінез көрсеткіштерін өңдеу түзету жұмыстарын ұйымдастыру   Қараша желтоқсан Жыл бойы
  Талапкерлерге арналған өзін-өзі психологиялық талдау мектебін ұйымдастыру.Оқушылар көмегімен психология апталығын өткізу.   Жыл бойы
  Жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру.   Жыл бойы
  Мектеп бітірушілердің қарым қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг және түзету іс-шаралары мен ойындар ұйымдастыру Жыл бойы
  Проблемасы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізу.Сұраныс бойынша мінез құлқы қиын балаларға арналған жаттығулар ұйымдастыру.Психологиялық түзету дамыту жұмыстарын және треннингтер жүргізу. Жыл бойы
  3-бағыт Кеңес беру жұмысы  
  Баланы мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес пункті жұмысын ұйымдастыру     Маусым тамыз
  Ата-аналарды психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстыру. Психокоррекция және арнайы дамыту жұмыстарды талап ететін балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстыру.   Тамыз қыркүйек
  Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін оларға арналған лекциялар және басқа арнайы сабақтар жүргізу. Жыл бойы
  Ата-аналармен олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңес ұйымдастыру.Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.   Жыл бойы
  Орта буын оқушыларында кездесетін ерекшеліктер туралы олардың ата-аналарымен әңгімелесу.Психологиялық білімді насихаттау жұмысын жүргізу   Жыл бойы
  Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау проблемасы туралы кеңес беру     Қаңтар ақпан
  Болашақ отбасы өміріне дайындау және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру   Жыл бойы
  Оқушылар алдында тұрған проблемалары бойынша топтық және жеке дара кеңес беру   Жыл бойы
  4-бағыт.Ғылыми-әдістемелік жұмыс  
  Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны. Әдістемелік семинар   қыркүйек
  Семинарлар тақырыптары -жеке тұлға дамуында кездесетін ауытқулар және олардың пайда болу себептері -шығармашылық қабілеттілікті тәрбиелеу -түзету дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері Сұраныстар бойынша анықталған мәселелер Жыл бойы
  Ата-аналардың психологиялық педагогикалық білімін жетілдіру іс шараларын ұйымдастыру. Ата-аналар жиналыстарына баяндамалар даярлау,әр түрлі саладан мамандар шақыру   Жыл бойы
  5-бағыты.Әлеуметтік-дипетчерлік қызметі  
  Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету,олардың құжаттарын медициналық-психологиялық коммисияға дайындау Қажеттілік бойынша
  Медициналық –психологиялық комиссияның шешімі бойынша психологиялық дамуында патологиясы бар арнайы мектепке орналастыру т.б.қажеттілікке байланысты көмек көрсету Қажеттілік бойынша

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: