Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 16 страница

Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы – кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрсетілу керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойып отырған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және не керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді.

 

Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенін де түсіне бастайды.

Бірақ клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстылығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің қағидалары

Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық кеңес беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтың этикалық қағидаларына сай жүруі керек. Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке ассоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолог баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұйықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттанғаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескел мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жарамсыз деп танылады. Кәсіби қағидалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құқығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді ғана орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, Психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А. Бодалев, В.В. Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:

- қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;

- клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;

- кеңес беруге тыйым салу;

- кеңес берудің анонимділігі;

- жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;

- клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;

- психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;

- кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

Бұл тұжырымдаманың негізінде клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты және ыңғайлы сезінуге бағытталған кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатынас әрекеттің жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті психологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы және оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағыттану

Бұл қағида бойынша психолог өзіне жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелерге ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалары мен идеяларына бағытталуын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші қиын болып отырған қарым-қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабыл алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.

Кеңес беруге тыйым

Кеңес беруге тыйым салуға негіз болатын себептер өте көп және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандай болмасын басқаға кепілдендірілген кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күйінде қалады. Оның үстіне, кеңес бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл жағдай кеңес алушы тұлғаның шындыққа бара-бар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірибесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін «гуру» ұстанымына қояды. Бұл ұстанымда клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілікпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге ұмтылудан бас тартып, өзінің басынан өтіп жатқан оқиғаға немқұрайлы қатынас қалыптасуына алып келеді.Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне теріс әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің негізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз рөлін түсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін байқаса бұл туралы пікірін клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тыйым салынады.

Кеңес берудің анонимділігі

Психологиялық кеңес берудің негізгі шарты – оның анонимділігі, яғни құпиялылығы. Бұл қағида бойынша клиенттің психологқа айтқан кез-келген ақпараты және психодиагностикалық зерттеу нәтижелері оның келісімінсіз ешқандай жеке тұлғаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдарға, оның ішінде туысқандарына немесе достарына айтылмайтындығына психолог кепіл береді. Көптеген елдерде бұл ережеден туындайтын мемлекет заңында арнайы қарастырылған баптар бар. Барлық мәліметтер құпия сақталынатыны туралы клиент алдын –ала ескертіледі. Дегенмен, кей кездерде психологиялық зерттеу барысында клиенттің берген ақпараттарында оның біреудің өміріне қастандық жасап, қауіп туғызып тұрғаны туралы тиянақты мәлімет алынған жағдайда бұл құпияны психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет. Бірақ, әрине, бұл жағдайда психологтың өте абай болғаны және клиент мүддесін есепке алғаны дұрыс.

Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.

Психолог өз клиенттерімен достық қарым-қатынасқа өте отырып немесе өзінің достары мен жақын туыстарына кәсіби көмек көрсетуге тырысып, оларға жығылғаны, айтқанымен жүргені тәжірибесі мол және кәсіби шеберлігі қалыптасқан кеңесшілерде де кездеседі. «Өз Отанында пайғамбары жоқ» дегендей, психолог өз туысқандарына психологиялық кеңес беру мақсатында кез-келген ұсыныстар мен әңгімелер жүргізуі оның кәсіби қызметі оңай бағасызданылатындыққа алып келеді, сонымен қатар басқа да көптеген себептер бойынша да бұл жолдың қиын жерлері бар.

Психотерапияда клиенттермен жұмыс жүргізу үшін маңызы өте зор екі негізгі ұғым бар: а) «тасымал», яғни клиенттің психотерапевтке және онымен өзінің қатынастарын, негізгі проблемалары мен шиеленістерін тасымалдай білуге бейімділігі; б) «контртасымал», яғни психотерапевттің клиентке қатысты ішкі проблемалары мен шиеленістерін және өзінің белгілі адамдармен қатынастарын жобалауға бейімділігі. Психоанализге З.Фрейд енгізген бұл ұғымдар бүгінгі күні психотерапияның түрлі бағыттарында кеңінен қолданылады. Олар кез-келген адам қатынастарында және психотерапия шеңберінде қалыптасқан арнаулы қатынастар адамның ішкі мұқтаждығы мен тілегінің ықпалында болатындығын білдіреді. Оның үстіне, тіпті кәсіби психотерапевт те контртасымалға «қарусыз» болады. Әр жас маман өзінің контртасымалын клиент проблемаларын сараптау мақсатында пайдалана білуін, түсінуін, өзгелерді басқару үшін және бірқатар басқа да жеке және тұлғааралық феномендерді анықтау үшін ол тәжірибелі мамандармен бірлесіп ұзақ жұмыс жүргізіп, жеке тұлға ерекшеліктерін талдауға үйренуі – міндетті талаптардың бірі. Бұл феномендер кеңес беру процесінде де түрлі деңгейде пайдаланылады. Бірақ арнайы дайындықтан өтпеген адам бұл күрделі құбылыстарды жүргізу ерекшеліктерін істеуі қиын.

Кеңес беруші клиенттің беделін сақтау үшін ол туралы жеткілікті мәлімет алуының қажеттігін, мәліметтілігі аз болуымен байланысты толық көмек көрсетуі қиын екенін түсіндіруі керек. Бірақ мәліметтілік кейде кеңес беруші мен клиент арасында тығыз жеке қатынас орнатуға, олардың жақын адам ретінде бір –бірінің талаптары мен тілектерін қанағаттандыруына және кеңес беруші клиент проблемасын тиімді шешуге қажетті объективті ұстанымдарды сақтай алмайтынына алып келуі мүмкін. Басқа елдер тәжірибесінде клиент пен кеңес берушінің (психотерапевт пен клиенттің) тұлғааралық қатынасы орын алғанын, оның ішінде төсек қатынасына түсуі анықталып, оның психотерапевт қызметінен босатылғаны жарияланған. Сондай-ақ бұл оқиғаға алуан түрлі көзқарастар болды. Бірақ, осы пікірталастардан жасалған қорытынды біреу: мүмкіндігінше жеке қатынастарды болдырмаған жөн, ал егер осы жағдай орын алса психологтың өте абай болып, психолог кеңес беру немесе психотерапия процесін жүргізуді тоқтатуы керек.

 

Клиенттің кеңес беру процесіне кірістірілуі

Кеңес беру процесі тиімді болу үшін, клиентті қабылдау кезінде ол өзінің проблемасы бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселелердің барлығын эмоцияға шылыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұнда кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндеп клиенттің басынан өткізілген жағдайдың барлығын бір – бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мағынасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратындай болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.

Клиентті қабылдау кезінде ол кенеттен толқып, тақырыпқа деген қызығушылығын жоғалтып, жалығып, іштей психолог пікірімен келіспей, болған жағдай туралы ешнәрсе айтқысы келмей қалатын кездері болады. Бұл жағдайда клиентке оқиғаны соңына дейін түсіндіріп айтудың, себептерін талдап, түсіндіруге тырысып, әңгімелесуге оны мәжбүр етудің пайдасы жоқ. Мұндай кезде психолог тақырыпты ауыстыра отырып, күнделікті болып жатқан, баршаға ортақ тақырыптарға ауыстырып, сол әңгіме барысында психологпен сөйлесуге қызығушылығын қайта шақырып, кейде әзілдесіп және басқа тәсілдердің көмегімен клиентті кеңес беру процесіне қайта кірістірген жөн. Зерттелінушінің қызығушылығын сақтағанда ғана оның психологиялық кеңеске деген оң көзқарасын жандандыруды қамтамасыз етуге, жағдайды дұрыстап алуға мүмкіндік туады.

 

Клиенттерге жауапкершілікті өз мойнына алдыру

Кеңес беру барысында клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір нақты нәтижеге жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындық туғызған жағдайға өзі де кінәлі екенін мойындап, оны өзгертуге шынымен тырыса бастайды. Керісінше, кінәсін мойындамаған жағдайда ол айналасындағы адамдар тарапынан көмек пен жағдайды өзгертуді күтеді және талап етеді.

Жауапкершілік локусын клиенттің өзіне аудару оңай шаруа емес. Қабылдау барысында психолог жасай алатын нәрсе – бұл клиентке оның адамдармен қатынастары күрделі сипатта екендігін түсіндіріп, оны оң белгіге аударуға ықпал ететін жолдарын көрсету. Бұл жағдайда кеңес беруші өте маңызды нәтижеге қол жеткізеді, себебі адам өзінің оқиғаға жауаптылығын сезіне отырып, өз өмірінде өзгерістер болуы үшін не істеу керектігі туралы өзі шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдаудағы психологтың көмегі өте пайдалы.

Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру

И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов, т.б. ғалымдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымы мен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады. Дегенмен бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы рөл психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарастыру керек.

Кеңес беру процесіндегі психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншалықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімін, іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қоятынын көрсетеді де, оған сенімін арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымда болу арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі «жоғарыға» ұстанымында болған беделдімен клиент көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптеген сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердің ұстанымы мен даңқы олардың тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқы өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайда өзінің білімі мен, беделіне сүйене отырып бір жағдайда «жоғарыға» ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып «төменге» ұстанымын ұстанатын актер болып келеді.

Кеңес берушінің ықпал ету құралдары

Кеңес берушіде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Бірақ олардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әңгімесі болып табылады. Әңгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.

Клиентпен әңгімелесу

Кеңес беру тәсілдерінің ішінде ерекше тобын құратындары – клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арақылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет.

Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтын адам бар екеніне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүрген сырларын шертеді. Осы қызығушылық пен тыңдаудың өзі, мәселенің негізіне психологтың шын көңілмен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтер кеңінен пайдаланылады.

Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті міндетті алып кеңес беруде тиімділікке жету мақсатымен қолданылатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан тұратын күрделі құрылым болып табылады.Олардың ішінде психолог сөзінің нақтылығы мен анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.

Арнайы тапсырма беру әдіс-тәсілдері

Клиенттің психологиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланылатын әдістемелер мен арнайы жасалған техникалар үлкен орын алады. Оларға, мысалы, гештальт-терапия шеңберінде жасалған «бос орындық техникасы», отбасылық терапия шеңберінде жасалған «келісімдер жасау», т.с.с. әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б. түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да, клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбінесе кеңес берушінің теориялық бағдарымен, сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.

Әдіс-тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойынша теориялық еңбектермен таныстығын, бұл жұмыстардың ерекшеліктерін толық түсінгенін, сондай –ақ әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің, оның кәсіби жинақтылығының шарты болып табылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп, оны эмоционалды жағынан үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін, клиент пен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.

Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері

Кеңес берушінің ықпал етуінің вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиент пен кеңес беруші ара-қатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың болуының негізгі шарты - әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады:

а) психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап, айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: