Психодрама техникалары 5 страница

 

Лонгитюдтік талдау

 

Лонгитюдтік талдау- ұзақ уақыт ішінде бақылауға алынған адамдардың жас ерекшеліктеріне және әсер еткен факторларға байланысты өзгеруін талдау әдісі.Бұл әдіс адамның өмір циклдары мен фазаларындағы болған психологиялық қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерін анықтауға пайдалалынады.Мысал ретінде Э.Эриксон жасаған тұлғалық дамудың эптгенетикалық кестесін көрсетуге болады.Бұл кітапта лонгитюдтік талдаудың бір көрінісі ретінде темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқауды жүргізу жолы көрсетілген.

 

Темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі.

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: төменде берілген жоспардың баптары бойынша бақылау жүргізіп.оларды талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады.Зерттеуші өзі жүргізген бақылау нәтижесін төмендегі тұжырымдамалармен салыстырып,әрқайсысының тұсына жауаптарын «+» немесе «-» деп белгілеуі керек.

 

Тұжырымдамалар

Жылдам әрекет қажет болған жағдайда оқушы өзін қалай ұстайды:

А) іске жеңіл араласып кетеді

ө)беріліп әрекеттенеді

б) жай әрекеттенгенімен,артық сөз айтпай орындайды

в) сенімсіз,алаңдап әрекеттенеді

Мұғалімнің ескертуіне қалай қарайды:

А) енді қайталамайтынын айтқанымен,алайда біраз уақыттан кейін тағыда сол қалпында қайталайды.

ә) оған ескерту жасағанға тас талқан болып ашуланады

б) тыңдайды,бірақ үндеместен жұмысын орындайды,

в) үндемейді, бірақ өкпелейді.

Оны мазалайтын сұрақты талқылауда қатарларымен қалай сөйлеседі.

А) асығыс,жанын беріп сөйлегенімен,басқалардың айтқанына құлақ түреді

ә) тез,бар ниетімен,алайда басқаларды тыңдамайды

б) жай,асықпай,бірқалыпты,бірақ сенімді

в) терең қобалжып күдіктенеді

 

Бақылау жұмысын тапсырарда оқушы өзін қалай ұстайды,ол жұмысты әлі аяқтап үлгермеген болса,немесе жіберген қатесін жұмысты жинап алғанннан соң есіне түскен жағдайда:

А) болған оқиғаға жеңіл қарайды

ә) жұмысты аяқтауға тырысады,қате жібергеніне ызаланады

б) мұғалім өзі келіп жұмысты жинап алмағанынша, тапсырманы асықпай орындай береді,жіберілген қате жайлы аз сөйлейді

в) есептің дұрыстығына сенімсіз,күдік туғызған болса да сөзге келмей жұмысын өткізеді

Қиын тапсырманы орындағанда оны бірден орындай алмаса өзін қалай ұстайды:

А) тастайды,біраз уақыттан кейін жалғастырады

ә) біраз уақыт ызаланып отырса да райынан қайтпай нәтиже шығарады

б)бірқалыпты

в) сасқалақтық,сенімсіздік білдіреді

 

Оқушы үйіне асығып тұрған жағдайда,мұғалім,басқа оқушылар немесе белсенділер тобы оған сабақтан соң қалып,бір тапсырманы бірге орындауды ұйғарса,өзін қалай ұстайды:

А) тез келіседі

ә) ызаланады

б) бір сөз айтпастан қалады

в) сасқалақтап қалады

 

Бейтаныс ортада өзін қалай ұстайды:

А) аса белсенділігін білдіріп,тез арада бағдарлану үшін қажетті мәліметті алады,тез шешім қабылдайды

ә) бір ғана бағытта белсенділігін көрсеткенімен,көп мәліметті ала алмайды,алайда шешімді тез қабылдайды

б) айналада болып жатқан жағдайларға асықпай қарайды,асығыс шешім жасамайды.

В) қысылып,сасқалақтап айналамен танысып,шешімді сенімсіз қабылдайды

 

Осы жоспар бойынша бақылау нәтижесін бағалап шығу үшін төмендегі кестеге бақылау нәтижесін әр баланың қатарына түсіріп шығу керек (сәйкес келеген бағанаға «+» немесе «-» белгілерін қою арқылы)

 

    №   Зерттелінушінің аты жөні     А   Ә   Б   В   Темперамент типі
             
             
             
             
             

 

Оқушының әрекеті басым көп жағдайда «А» жауабымен бағаланса, оның темпераменті сангвиникке жақын болғаны, «Ә»- холерикке,

«Б»-флегматик, «В»-меланхолик темпераменті типінің өкілі деп тұжырымдауға болады.

 

Контент талдау

Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл,Осгуд,Бельсон.

Контент талдау дегеніміз бір кісінің жазған шығармасын,хатын, түсініктемесін т.б. текстерін психологиялық талдау жасау.

Мақсаты:

1.Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнеленуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу

2. Траихи жағдайларды талдау (тарихи кейіпкерлерді немесе тарихи шығармалар авторларының портретін жасау)

3. Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге, ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге,олардың психологиялық портретін жасау

4.Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау

5. Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.

Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиеттерін сипаттауына негізделген.

Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшелері ретінде көрсетілетіні анықталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау әдістері тобына жатады.

Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп қарастырылады. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады (немесе ұғым символ). Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкерлердің бір-бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда, автордың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы талданады.Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен,контент талдауды зерттелінушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.

Орындау ережесі:

Контент талдау әдісін пайдалану үшін жинаған текстік материалдарды келесі ретте талдау қажет.

Әр бір элементтің текстте қайталануын және ол элементті өзгертіп қолдануын кестеге түсіреді. Элемент ретінде сөз,ұғымдар, анықтамалар саналады және әрбір сөзді қолдану жиілігі есептелінеді.

Талдау нәтижесі матрица кестесіне түсіріледі. Бір-біріне тәуелсіз қолданылған элементтер әр түрлі текстен кездесуінің жиілігі А, В деп белгіленіп, арақатынасы табылады.

 

 

Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тесті

Мақсаты: оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.

Орындау ережесі: зерттелінушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі.Әр сұрақты мұқият оқып,оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ.Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауап парқтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты-жөні және оқитын сыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.

Тест жүргізу барысында балаларға жауап парақ таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын-ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтарды даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керек. Оған жауапты қалай толтыру керектігі түсіндіріледі.

Жауаптарды «иә» немесе «жоқ» деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса «+», келіспейтін болса «-» белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп,балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Нәтижесін бағалау:

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау нәтижесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген кезде оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көрсетілген.

Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.

 

Жауаптарды факторлар бойынша жинақтау кестесі.

 

Факторлар Сұрақтар нөмірі
1.Мектепішілік жалпы мазасыздануы 2,4,7,12,15,21,23,26,28,46,49, 50,51,52,53,54,55,56,57,58.
2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы.   5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44.
3. Табысты болу қажеттілік фрустрациясы 1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38, 41,43.
4. Баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқыуы   2,7,12,16,21,26.
  5.Баланың өзін-өзі байқауы және бағалауы   27,31,34,37,40,45.
  6.Айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы   3,8,13,17,22.
  7.Стресске психофизологиялық қарсы тұруының төмен болуы.   9,14,18,23,28.
  8.Мұғалімнен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары   2,6,11,32,35,41,44,47.

 

 

Жауаптар кілті:

  жоқ   жоқ   Ия   жоқ   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   Ия   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   Ия   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   жоқ   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   Ия   жоқ
  жоқ   жоқ   Ия   жоқ   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   Ия   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   Ия   жоқ
  жоқ   жоқ   жоқ   жоқ   жоқ
  жоқ   ия   жоқ   жоқ   жоқ
  ия   жоқ   Ия   жоқ    
  жоқ   ия   Ия   жоқ    

Факторларға мазмұндық сипаттама:

1 Мектепішілік жалпы мазасыздануы – баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты болады.Мұғалімдермен тіл табысуы,сабақтардан үлгерімі,оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болатындардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй жағдайы.

2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы-баланың әлеуметтік қатынасының қалыптасқандығы, құрдатарымен қатынасуы,оқушылар арасындағы статусы,баланың бір салада өте табысты болуы,оған тәуелділердің барлығы, жолдастарының оның пікірімен санасатындығы,басқалар алдында беделдігі.

3. Табысты болу қажеттілік фрустрациясы - балаға табысты болуға мүмкіндік бермей отырған неше түрлі жағымсыз жағдайлар және олардың түрі, көптігі, баланың осы проблеманы шешуге мүмкіндігінің барлығы немесе жоқтығы, қажеттіліктерінің түрлері, спорттағы табыстылығы, оқу барысындағы жетістіктері.

4. Баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы, оқып, біліп алған нәрселерін тақта алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып,мазасыздануы.

Білген, оқып үйренген нәрсені көрсетуге шамасы келмей қалатындығы.

5.Баланың өзін-өзі байқауы және бағалауы – басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен байланысты оң эмоциялары немесе олақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күйзеліс жағдайлары, осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі.

6. Айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы, ата-анасының алдында жауапкершіліктімін, оларды ренжітпеу керекпін деген ойы, төмен баға аламын деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі. Осы сезімге байланысты қажетті жерде іскерлігі бола тұра, оны көрсетуге шамасы келмей қалуы.

7.Стресске психофизологиялық қарсы тұруының төмен болуы, өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыра алмауы, мектепішілік әрекеттерінде салақтық элементтерін көрсетуі, жаңалықты үйрену ерекшеліктері, көпшілік алдында ептілік білдіре алмауы, нәтижесінде қоршаған орта тітіркендіргіштері әсеріне реакциясының жоғары болуы.

8.Мұғалімнен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары, мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым-қатынас жасауының қалыптаспауына байланысты мектептің балада теріс эмоция туғызуы.

 

Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тесті

Сауалнама

1.Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау сізге қиын ба?

2.Мұғалім сіздің материалды қаншалықты жақсы меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?

3.Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?

4.Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?

5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрып соққан кезі барма?

6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болады ма?

7..Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?

8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймайын деп ойлап сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорқатын кезіңіз болған ба?

9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?

10.Әр түрлі ойын ойнағанда бірге оқитын балалар сізді мазақтайды ма?

11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болдыма?

12. Екінші жылға сыныбымда қалуым мүмкін деген ой сізді қобалжытады ма?

13. Өзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдау жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?

14. Тақтаға шығарғанда әзілдесетін кезіңіз болады ма?

15. Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздың біреуініңде істегісі келмейтінін сездіңіз бе?

16.Тапсырманы орындау алдында қатты қобалжисыз ба?

17. Ата-анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?

18. Сыныпта есеңгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?

19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?

20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?

21. Тапсырманы орындап болғаннан соң, оны дұрыс орындадым деп қобалжисыз ба?

22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдарын есімде сақтаймын деген сеніміңіз күшті ме?

23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?

24. Сыныптастардың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?

25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсеңіз ынталана орындайсыз ба?

26. Жауап беріп жатқанда азырақ қобалжуды байқайсыз ба?

27. Кейде айтыс-тартысқа түсуге қорқасыз ба?

28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенде жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?

29. Сіз жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішінде кейбіреулері жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?

30. Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?

31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кезі болады ма?

32. Оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсызба?

33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы рас па?

34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қымсынасыз ба?

35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-аналарыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?

36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына, ризасыз ба?

37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізді қобалжытады ма?

38. Бұрынғыға қарағанда қазір және келешекте жақсы оқитындығыңызға үміттенесіз бе?

39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба?

40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?

41. Сыныпта жақсы оқитын баланың басқалардан ерекше құқығы бар ма?

42. Бірге оқитын балалардың кей біреуі жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?

43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?

44. Мұғалліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?

45. Сыныптастар сіздің қабілетіңізді,тәртібіңізді күлкіге көтереді ме?

46. Басқа балаларға қарағанда қобалжығышпын деп ойлайсыз ба?

47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?

48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар екен деген ой сізді тынышсыздандырады ма?

49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдем ұмытқаныңызды сезесізбе?

50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болады ма?

51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданып,қобалжығаныңызды сезесіз бе?

52.Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?

53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорқасыз ба?

54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?

55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқалар сізден жақсы түсінгенін сезесіз бе?

56. Мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады деген ой сізді мазалайды ма?

57. Тапсырманы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?

58. Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырманы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдемей ме?

 

Жауап парақ

 

Оқушының аты жөні:

Сыныбы:

 

                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   

 

«М және Д» әдістемесі (Мазасыздану және депрессия)

Мақсаты: Жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және дипрессия жағдайларының орын алуын анықтау.

 

Бағалау шкаласы:

Ешуақытта -5 балл

өте сирек -4 балл

сирек - 3 балл

жиі -2 балл

өте жиі -1 балл

Нәтижесін талдау ережесі

Зерттелінушінің берген жауабы бойынша оның алған баллдары кесте бойынша коэффициенттік мағынасына ауыстырылады.Сонан соң барлық коэффициенттердің арифметикалық суммасы шығарылады.

Мазасызданудың диагностикалдық коэффициенті.

 

Мазадануды анықтайтын сұрақтар №     Жауап бойынша алған баллдар
           
  -1,38 -0,44 1,18 1,31 0,87
  -1,08 -1,33 -0,6 0,37 1,44
  -1,6 -1,34 -0,4 0,6 0,88
  -1,11   0,54 1,22 0,47
  - 0,9 -1,32 -0,41 -0,41 1,2
  -1,19 - 0,2 -1,04 1,03 0,4
  -0,78 -1,48 -1,38 0,11 0,48
  -1,26 -0,93 -0,4 0,34 1,24
  -1,23 -0,74   0,37 0,63
  -1,92 -0,36 0,28 0,56 0,1

Егер коэфициенттер суммасы +1,28 және одан көп болса зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: