Психодрама техникалары 6 страница

Суммасы -1,28 және одан төмен болса – зерттелінушінің мазасыздануы,депрессиясы және эмоционалдық зорлануы жоғары екенінің белгісі.

Аралық көрсеткіш (-1,29 дан+1,27 ге дейін) мазасызданудың орта мағынада екенін көрсетеді.Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алумен,өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады.Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі түтіркендіргішке әсерленуі төмен болады.

«М және Д» әдістемесі (Мазасыздану және депрессия)

Орындау ережесі. Тапсырманы топпен немесе жеке дара орындатуға болады. Зерттелінушілерге келесі нұсқау беріледі. Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй-жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және барынша дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Жауаптарыңыз бес нұсқада болуы мүмкін:

- Ешуақытта

- өте сирек

- сирек

- жиі

- өте жиі

Жауап парақта сұрақ нөмірінің тұсында берілген осы нұсқалардың біреуін «+» деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы Сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны сұрап алуға болады.

Зерттелінушілерге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.

Тапсырмалар:

 

  1. Сіз өзіңізді бұрынғыдай жылдам қимылдамай, асықпай, аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?
  2. Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?
  3. Сіз өзіңіз жабыраңқы сезімде, тұнжыраңқы болып жүресіз бе?
  4. Ешқандай себепсіз мазасызданып, бір нәрсе болатындай сезімге бөленіп жүретін кезіңіз болды ма?
  5. Достыққа және мейірмандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?
  6. Сіздің өміріңізде қуаныш пен бақыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?
  7. Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтін, көптеген нәрселерге немқұрайды қарайтындай сезінесіз бе?
  8. Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?
  9. Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді тоздырады ма?
  10. Жаман түс көресіз бе?
  11. Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданған кездеріңіз болды ма?
  12. Сізге ешкім көңіл аудармай, ешкімнің сізді түсінгісі келмей жүрген сезімге бөленіп, өзіңіздің жалғызсыраған кездеріңіз болады ма?
  13. Қолдарыңыз бен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездеріңізді байқадыңыз ба?
  14. Сіз өзіңізді шыдамсыз, тұрақсыз, әбігерленгіш екеніңізді байқдыңыз ба?
  15. Өзіңіздің жалғыз қалғыңыз жиі келеді ме?
  16. Жақын адамдарыңыз сізді жақтырмайтын немесе немқұрайды қарайтын кездерін байқадыңыз ба?
  17. Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кездеріңіз болды ма?
  18. Сізге өзіңіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келді ме?
  19. Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?
  20. Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?

 

 

Жауап парақ.

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:

 

 

Жауап варианттары Жауап белгісі Жауап варианттары Жауап белгісі Жауап варианттары Жауап белгісі
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі  
  Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі     Ешуақытта өте сирек сирек жиі өте жиі        

 

Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы

Мазасыздану және депрессияны анықтауға Д. Голбде ұсынған шкаланы пайдалануға болады.Голбде жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагносткалау мүмкін.

 

Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек:

1.Мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса

2.Оны ағзаның стресске дұрыс жауабы деп есептеңіз.

3.Егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса.

 

Мазасыздану шкаласы.

 

1.Сіз өзіңізді ашу кернеп абыржығаныңызды сезінесіз бе?

2.Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?

3.Тез ашуланасыз ба?

4.Босаусыңыз оңай ма?

Егер сіз бір сұраққа ғана «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада.Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұйқыңыз тыныш ба?

2. Басыңыз немесе мойныңыз ауырып тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?

3. Сізде келесі симптомдар байқалады ма, бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?

4. Денсаулығыңыз сізді жиі мазасыздандырады ма?

5.Ұйқыға бөленуіңіз қиын ба?

Нәтижесін талдау.

Жоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр «иә» дегені 1 баллмен бағаланады.Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады.

Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.

Қорқыныш тудыратын симптомдар:

- жүректің күшті немесе жылдам соғуы,

- тершең болу,

- Дірілдеп қалтырап кету

- Ауыздың құрғап қалуы (дәрі қабылдамай ақ)

- Көкірек пен іш симптомдары:

- тыныс алудың қиындығы

- тұншығып қалу,

- Көкіректің ауруы

- Жүрек айнуы немесе асқазанның ашуы

Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:

- бас айналуы, талып қалу

- заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы,

- өз-өзін басқара алмай қаламын немесе жынданып кетемін деген қорқыныш

- өліп қалатын шығармын деген қорқыныш

Жалпы симптомдар:

- бірде дене қызып,бірде қалтырап дірілдеу

- дененің ұйып қалуы

Ішкі кернеу симптомдары:

- бұлшық еттердің тартылып қалуы,ауыруы

- босаңси алмау

- Шамадан тыс зорлану, өзін «атылуға даяр мылтықтай» сезіну

- Тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұтынуға қиналу

Басқа ерекше симптомдар:

- күтпеген нәрселерден қатты сескену

- мазасызданған кезде зейінді шоғырландыруға, ойлануға қиналу,

- Ызақор болу

- Ұйқының бұзылуы

 

Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай-қайсысы сіздің психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын мамандармен отырып талдаған дұрыс.Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігі соматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденеді (шаршау және қажу, бұлшық еттерге суық тиген, невралгия т.с.с) Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді

Қақтығыс жағдайдан шығып кете аласызба?

К.Томас сауалнамасы

Мақсаты: Мінез құлық ерекшеліктерін,дау дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.

Орын алған дау дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез-құлық көрсететінін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойынша келіспеушілікке алып келетін шатақ мінезді екі типке топтастыруға болады:Басқа адамдардың, қызығушылықтарына тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы;өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.

Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:бәсекелесу,жарысу барысында басқаны жеңу арқылы өзінің мәртебесін көтеріп,өзгенің намысына тию,ең жиі пайдаланылатын және ең тиімсіз жолы.

Икемделу,бәсекелесуге қарама қарсы келетін әрекет,өзгенің пайдасын ойлап өз қызығушылығын құрбандыққа келтіру

Ымыраға, компрамисске келу, дау-дамайдың себепкерлері бір-бірімен келісімге келуі

Жалтару (бойды аулақ салу, қашып кету) басқаның тіршілігіне де,өзінің мақсатына да ынталанудың төмендігі

Ынтымақтастық,-екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға келуі

К.Томастың айтуынша «а» және «б» нұсқалары бойынша, бәсекелестік пен икемделу арқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреуі ұтса, екіншісі ұтылады, немесе компрамисске келу арқылы екеуі де ұтылады.Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау-дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.Сауалнамада 60 тұжырымдама бар.

Бағалау шкаласы

Келіспеушілік жағдайдағы мінез-құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады: «бәсекелес», «ынтымақтас», «ымыршыл», «жалтарғыш», «бейімделгіш». Осылардың қайсысы (қандай дәрежеде) Сізге тән екендігін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.

«Бәсекелес»: А-3,,8,10, 17,25,28

Б- 6-а,9,13,14,16,22

«Ынтымақтастық» А-5,11,14,19,20,23,

Б-2,8,21,26,28,30

«Ымырашыл» А- 2,4,13,22,26,29

Б- 7,10,12,18,20,24,

«Жалтарғыш» А-1,6,7,9,12,27
Б- 5,15,17,19,23,29.

«Бейімделу» А- 15,16,18,21,24,30.

Б- 1,3,4,11,25,27,

Нәтижесін талдау

Дау-дамайдағы мінез-құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады.Дау дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін бір-бірімен ұштастырып пайдаланған стратегия тиімді болады.Олардың әрқайсысы 5 тен 7 баллға дейінгі аралықта болғаны қарым-қатынаста сыйысымдылық,тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады.

Егер міінез-құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5 тен төмен,ал басқалары 7 баллдан жоғары болса (барлық баллдардың қосындысы 30ға тең)-сіздің көрсететін мінез құлқыңыз тиімділіктен алыс.

Өз мінез-құлығыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканың көрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинаған дұрыс,яғни жоғары ұпайдағы мінез құлықты азырақ қолданып,төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады. Дау-дамай мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы-: «бәсекелес», «ынтымақтас», «ымыршыл», «жалтарғыш», «бейімделгіш»тікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.

Қақтығыс жағдайдан шығып кете аласызба?

Орындау ережесі: Сауалнаманың әр бабы «а» және «б» әріптерімен белгіленген екі нұсқадағы тұжырымдамадан тұрады.Оның қайсысы сіздің мінезіңізге жақын болса,сол нұсқаны белгілеңіз.

 

Сауалнама

1.а) Кейде талас тартыс мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына алуға мүмкіншілік беремін

б) Біздің көзқарасымыздағы қарама-қайшылықтарды талқылаудың орнына, екеуміз де келісетін нәрселерге көңіл аударғым келеді

2. а) мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын.

б) мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді.

3. а) әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.

б) өзгелердің қызығушылығын қорғау үшін кейде өз қызығушылығымды жанпида етемін.

4. а) мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын.

б) Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

5. а)талас-тартыс сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін.

б)бостан-босқа шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенін істеймін.

6. а) өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын.

б)мен өз айтқанымды орындауға тырысамын.

7. а)талас-тартыс тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін.

б)мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларда кішіпейілділік танытуға болады деп есептеймін.

8. а)өз дегеніме жетуге әбден тырысамын.

б)бірінші кезеңде барлық қаралған мәселелер мен талас-тартыс тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын.

9. а) қарама-қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлаймын.

б)өз дегеніме жету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

10. а)өз дегеніме жетуге тырысамын.

б) мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын.

11. а) ең бірінші қандай өзекті мәселе талас-тартыс тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.

б)Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлыққа шақырамын.

12. а)ұрыс-қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын.

б)егер маған қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік

13. а)мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын.

б)өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін.

14. а)өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын.

б)өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.

15. а)біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын.

б)ауыртпалық болмауы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамын.

16. а)басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

б)өз ұстанымымның артық екеніндігіне басқаның көзін жеткізуге тырысамын.

17.а) өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.

б)қолайсыз жағдайдан аулақ болу үшін бар күшімді жұмсаймын.

18. а)егер біреудің бақытты болатындай жағдайы болатын болса, мен оған мүмкіндік беремін.

б)егер ол маған қарсы болмаса,мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік беремін.

 

 

19. а)біріншіден барлық қаралған мәселелер мен талас-тартыс сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын.

б) талас-тартыс сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана шешуге болатынына сенемін.

20.а)қарама-қайшы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын.

б)екеумізге де тиімді болатын үйлесімділікті табуға тырысамын.

21.а) әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын.

б) мен әрқашанда мәселені тікелей талқылауға бас бұрамын.

22.а) менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын.

б)өз ұстанымымды қорғаймын.

23.а)әр адамның тілегін қанағаттандыруды мақсат етемін.

б) кейде талас-тартыс сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуға мүмкіндік беремін.

24. а)өзгенің ұстанымы ол үшін өте маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.

б)оны компромиске бару керек екеніне көзін жеткізуге тырысамын.

25. а)менікі дұрыс екеніне нандырамын.

б)әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын.

26. а)мен әдетте орта позицияны ұсынамын.

б)әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан талпынамыз.

27. а)талас-тартыс жағдайларды болдыртпауға тырысамыз.

б)егер осы жағдай біреуді бақытты ететін болса, мен оған өзінің ұстанымын сақтауға мүмкіндік беремін.

28. а)өз айтқанымнан қайтуға тырысамын.

б)шиеленіс мәселелерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймыз.

29. а)мен ортақ ұстанымды ұстанамын.

б)дау-дамайға бола толғанудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

30. а)басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын.

б)келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірлесіп жетістікке жететіндей ұстанымда боламын.

 

.

 

Т.Лиридің тұлға аралық қатынасты диагностикалау әдістемесі.

Т.Лири,Г.Лефоржем,Р.Сезакомдардың әдістемелері 1954 жылы пайда болған.Топта қалыптасқан тұлға аралық қатынастарды анықтауға 8 ортақ және 16 нақты қарым-қатынас нұсқалары анықталған.Олар психограммаға түсірілген.Олар: бағындыру-бағыну және татулық-агрессия.Дәл осы факторлар тұлға аралық процесті қабылдау барысында жалпы адам туралы әсерді анықтайды.Мұндай қарама-қайшы жағдайлар үш осьпен бағаланады:бағындыру-бағыну,татулық-агресия,эмоционалдық-аналитикалық.

Мақсаты: Бұл әдістеме көмегімен адамның идеалды «Менін»,өзін қабылдауын өзіне деген көзқарасын зерттейді,сонымен қатар кішігірім топтардағы қарым –қатынастарды айқындауға бағытталған.Осы әдістеме көмегімен адамдардың өзіндік бағасы мен тұлға аралық қатынаста өзара бір-біріне баға берулері анықталады.

Орындау ережесі. Әдістеме екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде зерттелінушілерге тұлға аралық қатынасты көрсететін шеңберлік психограмма бойынша өзіне тән мінездемені төмендегі берілген октанттар бойынша сипаттамалардан тауып алып,оны «+» плюс деп белгілеу ұсынылады.

 

Қоршаған ортаға деген қатынас түрлері:

1-октант: Өктемшіл

2-октант: Өзімшіл-бастамашыл

3-октант: Агрессивті-басқыншыл

4-октант: Күдікшіл-сенбейтін

5-октант: Көнгіш-ұялшақ

6-октант: Тәуелді -ырымшыл

7-октант: Ынтымақтас-ымырашыл

8-октант: Қамқоршыл- альтруистік

Әр октант өкілдері тұлға аралық қарым қатынаста өздеріне тән келесі ерекшеліктермен сипатталады (баллдық көрсеткіштері екінші тапсырманы орындағаннан соң нақтыланады.)

 

 

 

Октанттар бойынша мінездеме.

1.Өктемшіл

0-8 балл жинағандар. өзіне сенімі өте күшті, қайсар, табанды, жақсы ұстаз, жетекші және ұйымдастырушы бола алады. Басқаруға қабілеті жақсы.

9-12 балл жинағандар.Бастамшыл, жігерлі, қайратты, барлық іс-әрекеттеріне табысты, басқаларға ақыл айтуға, кеңес беруге құмар, өзін сыйлағанды талап етеді, сын көтермейді, өзінің мүмкіндіктерін ақиқаттан артық бағалайды.

13-16 балл жинағандар. Өктемшіл, бастамашыл, қатыгез мінезді, барлығына ақыл үйретеді және билігін жүргізеді, айтқанын бұлжытпай орындауды баршадан талап етеді, басқалардың кеңесіне құлақ салмайды, жетекшілікке, өзгелерге бұйрық беруге құмар, өте күшті, әсерлі тұлға.

2.Өзімшіл-бастамшыл

0-8 балл жинағандар.Эгоистігі анық байқалады, сенімді, тәуелсіз, өзіне бағытталған, бақталастыққа жақын тип.

9-12 балл жинағандар. Мастанған, өзіне қанағаттанған, абыройлы екендігіне сенімі үлкен, басқалардан өзін артық санайтын, басқалардан өзгеше пікірде болатын және өз пікірін жоғары бағалайтын, топта оқшауланып жүретін тип.

13-16 балл жинағандар. Баршадан жоғары болғысы келетін, есепшіл, өзін-өзі ерекше жақсы көреді.Бағынғанды ұнатпайды, қиындықтарды өзгеге аудара салады,өзі істерге жатсына қарайды. Айналасындағылардан оқшауланып, ешкімді менсінбей жүретін мақтаншақ,сыйымсыз тип.

3. агрессивті- басқыншыл.

0-8 балл жинағандар. Қайсар, қыңыр, мақсатқа жетуде үлкен табандылық білдіретін, жігерлі, турашыл тип.

9-12 балл жинағандар.Талапшыл, турашыл, шын көңілді, басқаларды бағалағанда қатал және бір беттілік көрсетеді, ымырашылдыққа бармайды, өзгелерді кінәлайды, сыншыл, сықақшыл, ашуланшақ, күлегіш

13-16 балл жинағандар. Шамадан тыс қайсарлық, мейрімсіздік, қатыгездік, өзгелермен қастасуға құмарлық, ұстамсыздық, агрессиясының кейде асоциалдық мінезге ұштасуымен сипатталады.

4.Күдікшіл – сенбейтін.

0-8 балл жинағандар. Іс-әрекеттері мен ой-пікірінде шыншыл, өзгелерге сын көзбен қарайтын, еш нәрсеге сенбейтін, сыйысымсыз.

9-12 балл жинағандар. Сыншылдыққа құмар, адамдарға көңілі қалған, тұйық мінезді,сыр бермейтін, ашушаң. Өзгелерге сенімі төмен, тұлға аралық қатынаста басқаларға сенбеушілігінен қиналады. Негативизімін вербалдық агрессия арқылы білдіреді.

5.Көнгіш-ұялшақ

0-8 балл жинағандар. Қарапайым, кішіпейіл, қымсынғыш, жасық,кез-келген уақытта барлық адамдарға өз жолын бергіш, эмоционалдық жағынан ұстамды, өз пікірі жоқ, тіл алғыш, өз қызметін адал атқарады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: