Психодрама техникалары 8 страница

Басшы болуға икемділікті бағалау тесті

 

Төмендегі ұсынылатын тест басшы болудың жеке көрінісінің дәрежесін анықтайды

Берілген 50 сұрақта сіздің мінез-құлқыңызды анықтау үшін берілген 2 түрлі жауаптар бар.Сіздің пікіріңізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз.Жаман жауаптардың жоқ екенін біліңіз.Сұрақтарға тез,ойланбай жауап беру керек.

  1. Айналадағылардың назарында жиі боласыз ба? а) Иә б) жоқ
  2. Сізді қоршаған адамдардың көпшілігі қызметтері жағынан сізге қарағанда жоғары орында деп ойлайсыз ба? а) Иә б) жоқ
  3. Қызметтеріңіз бірдей адамдармен жиналыста бірге болғанда,өз ойыңызды айту қажет емес деп ойлайсыз ба, оны айту керек болса да? а) Иә б) жоқ
  4. Сәби кезіңізде кішкентай достарыңыздың ойындарын басқару ұнайтын ба еді? а) Иә б) жоқ
  5. Сізге қарсылық білдірген адамның, оның дұрыс еместігіне көз жеткізуден қанағаттанасыз ба? а) Иә б) жоқ
  6. Сізді батылсыз адам деген кез болды ма? а) Иә б) жоқ
  7. Мынадай тұжырымдармен келісесіз бе? Жекелеген ұлы тұлғалардың жасағандары ғана әлемдегі ең пайдалысы? а) Иә б) жоқ
  8. Сіздің мамандық белсенділігіңізге сілтеме жасайтын кеңес берушіге зәрусіз бе? а) Иә б) жоқ
  9. Адамдармен әңгімелескенде салқынқандылығыңызды жоғалтқан кездеріңіз болды ма? а) Иә б) жоқ
  10. Сізден айналағыңыздағылардың қорқуы сізге қанағат бере ме? а) Иә б) жоқ
  11. Барлық жағдайда (жұмыстық кеңес, достық компания т.б.) өзіңізге көңіл аударатын және барлық жағдайды бақылауға ыңғайлы жерге отыруға тырысасыз ба? а) Иә б) жоқ
  12. Сіздің сыртқы бейнеңізді сендіретін әсер (импозантты) қалдырады деп есептей ме? а) Иә б) жоқ
  13. Сіз өзіңізді армандаушымын деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
  14. Егер айналаңыздағы адамдар сіздің пікіріңізбен келіспесе, сіз сасқалақтамайсыз ба? а) Иә б) жоқ
  15. Сіздің өз ұсынысыңыз бойынша жұмыс топтарын (спорттық, қызықты т.б.) ұйымдастырған кездеріңіз болды ма? а) Иә б) жоқ
  16. Егер сіз белгілеген шаралар белгілі қорытынды бермесе а) Сіз оны басқа біреуге тапсырғанға қуанасыз б) қабылданған шешіммен байланысты барлық жауапкершілікті өзіңізге аласыз
  17. Екі пікірдің қайсысы сіздің пікіріңізге тура келеді? А) нағыз басшы барлық істі ұсақ-түйекке дейін өзі істеу керек б) нағыз басшы басқара білу керек
  18. Қандай адамдармен жұмыс істегенді жақсы көресіз? А) бағынышты, жуас б) бірбеткей адамдар
  19. Қызу айтыстан қашқалақтайсыз ба? а) Иә б) жоқ
  20. Бала кезіңізде әкеңіздің өктемдігіне жиі ұшырадыңыз ба? а) Иә б) жоқ
  21. Мамандық туралы пікірталаста сіз өзіңіз келіспеген адамды өзіңізге қарата аласыз ба? а) Иә б) жоқ
  22. Мынадай көріністі елестетіп көріңіз: Достарыңызбен орманда қыдырып жүрген уақытта сіздер жолдан адасып қалдыңыздар, кеш батып келеді,шешім қабылдау қажет:
  23. а) Сіз бұл мәселені топтағы ең білгір адам шешу керек деп ойлайсыз б) Сіз басқалардың шешіміне арқа сүйейсіз, келісесіз
  24. Мынадай сөз бар: қалада 2- болғанша ауылда 1- бол деген Егер сізге таңдау берсе сіз не істер едіңіз? А) ауылда 1- болу б) қалада 2- болу
  25. Сіз өзіңізді басқа адамдарға қатты әсер ететін адаммын деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
  26. Сіздің сәтсіз өткен тәжірибеңіз сізге жеке бастама бастауға кедергі келтіреді ме? а) Иә б) жоқ
  27. Сіздің пікіріңізше нағыз басшы ол: а) өз ісін жақсы білетін б) мінезі күшті
  28. Сіз барлық уақытта адамдарды түсінуге тырысасыз а) Иә б) жоқ
  29. Айналаңыздағы тәртіптілікті сыйлай білесіз бе? а) Иә б) жоқ
  30. Басшылардың қай типі сізге құрметті болып көрінеді? А) Өзі барлығын шешетін б) Әркезде ақылдасып отыратын
  31. Сіздің пікіріңізше, басшылардың қай типі фирманың, өндірістің жұмысына ыңғайлы? а) бірлесіп,ақылдасып істейтін тип б) Авторитарлық тип
  32. Сізді жиі пайдаланып кетеді деген әсер сізде жиі бола ма? а) Иә б) жоқ
  33. Сіздің бейнеңізге қай портрет жақын? а) Қатты дауыс,шапшаң қимыл,сөз үшін қалтаға түспейсіз б) Бәсең дауыс,асықпай жауап беру, өзіңізді бақылап қимылдау.ойлы көзқарас
  34. Жұмыс жиналысында сіз бір өзіңіз басқаларға қарама-қайшы ойдасыз, бірақ сіз өзіңіздің ойыңыз дұрыс екеніне сенімдісіз.Өзіңізді қалай ұстар едіңіз? А) үндемей қоя саласыз б)Өзіңіздің ойыңыздың дұрыс екенін дәлелдейсіз
  35. Сіз туралы басқалардың қызығушылығын өз мақсатына пайдаланады деп айтады ма? а) Иә б) жоқ
  36. Егер Сіз бір үлкен іске жауапты болсаңыз, онда сіз үрей қорқынышты сезінесіз бе? а) Иә б) жоқ
  37. Өзіңіздің кәсіби мамандығыңыздан не күтесіз? А) біреуге бағыну б) тәуелсіз болу
  38. Сіз қалай қарайсыз. Жанұяның бақытты болуына маңызды сұрақты ерлі зайыптының біреуінің шешкені дұрыс па? А) дұрыс б) дұрыс емес
  39. Сізге керек емес нәрсені біреудің сөзіне еріп сатып алғансызба? а) Иә б) жоқ
  40. Сіз өз ұйымдастырушылық қабілетіңіз ортадан жоғары деп есептейсіз бе?
  41. Қандай да бір сәтсіздікпен кездескенде өзіңізді қалай ұстайсыз? А) сәтсіздіктен есім шығады б) сәтсіздік жылдамырақ қимылдауыма көмектеседі
  42. Қызметтес жолдастарыңызға кенеттен кінә тағасыз ба,егерде оларға кінә лайықты болса? а) Иә б) жоқ
  43. Сіз өзіңіздің жүйкеңізді өмірдің тауқыметіне шыдай алады деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
  44. Егер сізге қайта құруды орнату керек болса, сіз қалай орындайсыз? А) дереу өзгеріс жасаймын б) біртіндеп өзгеріс енгіземін
  45. Сіз өте мылжың адамның керек кезінде сөзін бөле аласыз ба? а) Иә б) жоқ
  46. Сіз мына ұғыммен келісесіз бе: «Бақытты болу үшін елеусіз өмір сүру керек» а) Иә б) жоқ
  47. Әрбір адам өзінің адамгершілік қасиетімен көрнекті іс жасау керек деп ойлайсыз ба? а) Иә б) жоқ
  48. Сіз бала кезіңізде кім болуды армандағансыз? А) әйгілі суретші,композитор,ақын б)ұжым басшысы
  49. Қандай әуенді тыңдағанды жақсы көресіз? А) салтанатты, қуатты, күшті б)Мұңды, лирикалық
  50. Сіз маңызды адамдармен кездескенде қобалжисыз ба?

а) Иә б) жоқ

  1. Сіздің ерік күшіңізден күштірек адамды жиі кездестіресіз бе?

а) Иә б) жоқ

 

 

Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы

 

Сынып ұжымы, топ туралы жалпы мәлімет (оқушылардың саны, оның ішінде қыз және ұл балалар саны, жас ерекшеліктері, сыныптағылар неше жылдан бері бірге оқиды, жаңадан келгендер, жетекшілерінің өзгеріп тұруы, т.с.с.)

Сынып оқушыларының ұйымшылдығы: өзін-өзі басқару деңгейі, сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарды орындайтындығы;

Сынып ұжымының оқу іс-әрекеті. Сыныптың жалпы үлгеріміне мінездеме(кейбір оқушылар үлгерімінің жеке бақылауға алынуы, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны ұйымдастыру түрлері);

Оқушылар ұжымының өзіне-өзі қызмет көрсетуі, оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы орны. Жұмыстардың түрі. Жалпы еңбекке деген көзқарасы;

Оқушылар ұжымының қоғамдық-пайдалы, өндірістік әрекеті:

Сыныпта тапсырмаларды бөлудің түрлері (үнемі немесе кезектесіп)

Сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгейі, майталмандардың тұрақты немесе уақытша болуы;

Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері:

Балалардың уйымшылдығы сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері, оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара көмегі және олардың ішкі негізі, сыныптың ортақ іске деген қызығушылығы;

Жеке оқушылардың эмоционалдық жағдайы;

Оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері;

Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы;

Ұжымның бос уақытты өткізуі, рухани, спорттық өмірі, балалардың ой-өрісі (интеллектуалдылығы), көркем өнер, шығармашылық кештер, компьютерлік сауаттылығы, т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалау үшін бағалауға келесі көрсеткіштерді пайдалануға болады.

 

Бағалау көрсеткіштері

 

1.Мінез-құлық қасиеттері

1.1.Жағымды мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

белсенділігі, тәртіптілігі;жинақтылығы, ұайымшылдығы, мейірімділігі;жауапкершілікті сезінуі, қайырымдылығы;іскерлігі, кішіпейілділігі;шешім қабылдағыштығы,қарапайымдылығы;ұстамшыл болуы, адамдарға ықылас қоюы; ашықтығы, әдептілігі, шыншылдығы, адамгершілігі.

1.2.Жағымсыз мінез-құлық белгілерінің көрініс беруі:

өзімшілдігі, тұйықтығы;дөрекі, өтірікші, ұстанымсыздығы;менменшілдігі.

1.3.Жағымсыз әдеттері:

темекі тартуы;есірткі заттарды пайдалануы;алкогольдік ішімдіктерге,басқа да улы заттарға құмарлығы

2. Жалпы мәдени дағдылары:

- мінез-құлық мәдениеті, үлкендермен және жодастарымен қарым-қатынасының қалыптасқандығы, кішіпейілдігі, ұқыптылығы, сүйкімділіг, жылы жүзділігі,

- сөйлеу мәдениеті- өнер, әдебиет салаларына деген көзқарасы, - үйіндегі кітапхана қоры

3. Қарым- қатынас жүйесі:

- қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы- ашықтығы, жарқын жүзділігі

- толеранттығы (басқалардың пікіріне шыдамдылығы)

-мейірімділігі, парасаттылығы,, адалдығы, сезімталдығы,сыйластығы, қайырымдылығы, т,б. Қасиеттерінің қарым-қатынас барысында көрініс беруі.

4. Сыныптастарымен қарым-қатынасы:

-сыныптастарының мүддесімен санасуы,- кикілжіңдерден өзін аулақ ұстауы.

5.Ата-аналарымен қарым-қатынасы

- оларды жақсы көреді және өте сыйлайды, -сыйлайды және оларды тыңдауға тырысады,

- оларға сенімсіздікпен қарайды және көбіне тыңдамайды-өзінің ата-анасын сыйламауын қалай түсіндіреді-ата-ана беделін мойындамайды- қандай жағдай болсада өз дегенімен жүреді.

6. Табиғатқа деген қатынасы

-Табиғатты жақсы көруі- табиғатқа көз қарасы нақтылы қандай көрініс береді

-экологиялық дағдарыс қаупін дұрыс түсінедіТабиғатқа ұқыпты қарауға дағдыланған

7. Білім алуға, оқуға деген көзқарасы:

-үлгерімі, алып жүрген бағалары оқушының оқу себептері-сабаққа уақтылы немесе кешігіп келуі-үй тапсырмаларын орындауы, өз бетінше білім іздеуі, оның жүйелілігі

- жақсы көретін пәндері, оларды неге жақсы көреді, болашақ мамандық таңдауға әсері барма,-қандай сабақтарды жеңіл меңгереді, қандай пәндерді меңгеруге қиыналады,

- білімді меңгерудегі жеке кемшіліктері, олардың себептері- оқуға деген қызығушылығы, оның ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы өз бетінше білім алу дағдысының қалыптасуы, өз бетінше білім алумен айналысуы оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктеріне көзқарасы

8. Өз-өзіне деген көзқарасы

- өзінің жеке тұлғасына беретін бағасы (өте жоғары, өте төмен, дәлме-дәл)

- жоғары адамгершілік қасиеттерін сезінуі- өзінің жеке жетістіктері мен кемшіліктеріне деген қатынасы.

9. Оқушының сынып ұжымындағы рөлі мен орны

- оқушының сынып ұжымындағы, статусы) майталман, атақты, жағымды, танымал емес, оңаша шеттелген) ұжымның, сыныптың, топтың оқушыға деген көзқарасы,

- оқушының ұжымға деген көзқарасы, оның талаптарын орындауы, ұжым пікірін бағалауы.сыныптағы достары, жолдастары, олардың ортақ қызығушылықтары,-сыныптастарымен кикілжіңге келуі, оның себептері.

Қолданылған психодиагностикалық әдістемелер көмегімен жиналған материалдарды осы көрсеткіштер бойынша өңдеп шығу нәтижесінде сынып оқушыларының жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін өлшеп шығуға және кемшіліктерін түзету- дамыту жұмыстарының мазмұнынын анықтауға мүмкіндік болады. Әрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін оларға өзіндік жеке бағдарлама жасаған артық болмайды.

Диагностикалау нәтижелерін талдау барысында барлық жиналған материалдарды бір-бірімен ұштастырып, жүйеге келтірген орынды. Өйткені бір әдістеменің көмегімен қалыптасқан тәжірибенің ерекшеліктерін толық анықтап алу мүмкін емес. Сондықтан баланың ұжым ішілік қарым-қатынасын талдауға социометриялық талдауды, рекогностика (тәуелсіз берілген пікірлерді талдау) элементтерін қолданумен қатар балалардың мектептегі өмірін бақылау, таным процестері мен жекелік қасиеттерін зерттеу жұмыстары бір-бірімен ұштастырылып жүргізіледі.

Жан-жақты зерттеу нәтижелері жоғарыда келтірілген көрсеткіштер бойынша бағаланып, олардың барлығын бір кестеге түсіру арқылы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып талдауға мүмкіндік туады.

 

 

«Отбасылық қарым - қатынастың аймағы» тесті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: