double arrow

Лекция № 4

Тақырып: Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы

1. Қатты әсер ететін улы заттардың сипаттамасы.

2. Улағыш заттардың жіктелуі.

3. Организмнің әр түрлі УЗ топтарымен зақымдану белгілері.

4. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

5. ҚӘУЗ-бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы.

1. Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан кезде адамдардың жаппай зақымдалуы тудыруға қабілетгі, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.Бейбіт уақьггта химиялық қауіпті арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының салдарын дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.. Оларға: акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихло­рэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.

2. ҚӘУЗ — бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялык қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия мұнай өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға жіктеуге болады болады:

а) түншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар;

д) түншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар

3. Көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүке жүйесінің тері ұлпаларына қауіпті. Жуйкені жансыздандыратын УЗ. Бұл топқа улылығы жоғары фосфор органикалық заттар — зарин, заман, V — газдар жатады.Организмге тыныс алу органдары, жара, тері, кілегейлі қабық, асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Тері ұлпалары мен кілегейлі қабық арқылы ФОЗ тамшылы-сұйық, аэрозоль және бу тәріздес күйде әсер етеді.ФОЗ организмге енгеннен кейін тыныс алуды, жүрек-тамыр жүйке және басқа жүйелердің қызметін күрт бұзады.ФОЗ-дың зақымдау әсері үш дәрежеге бөлінеді:

женіл зақымдау дәрежесі көз қарашығының қысылуын, көру қабілетінің күрт төмендеуін, көз боп маңдай төңірегінің сырқырауын, мұрыннан сілекей ағуды, кеуденің қатты қысылуын, жүректің айнуын, жалпы әлсіздікті тудырады;

орташа зақымдау дәрежесі ауатамырдың тарылуы сал-дарынан демікпенің дамуымен, сондай-ақ жеңіл зақымдану дәрежесі кезінде байқалатын уланудың барлық белгілерінің күшеюімен сипатталады. Жүрек айниды, кейде құстырады, іш бұрап ауырып, өтуі мүмкін, кіші дәрет жиі келеді. Кілегейлі қабықтың көгеруі жүріс-тұрыстың бұзылуы, құрыспа байқалады.

ауыр зақымдау дәрежесі ұстама тәріздес сипаттағы құрыспамен сипатталады, құрыспа кезінде тыныс алу біржола тоқтауы мүмкін. Тері жамылғылары көгеріп, дәрет алу жиілейді. Құрыспалар кейде 30 — 40 минутқа дейін созылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмексіз зақымданушы қаза болады.

4. Иондағыш сәулеленумен зақымданган кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.

Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет.

5.ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химялық қауіпті объектілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерекшелігіне, санына және сақтау жағдайына, авариялар, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты.Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын ай­мактың химиялық зақымдануы болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: