double arrow

Дивергентное мышление и воображение

Журналистика-шығармашылық қызметтің саласы.БАҚ аудиториясы

Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы

Азақ баспасөзін тұңғыш зерттеуші Бекхожин Қайыржан

Существуют два типа аффектов, физиологический и патологический. Об их различиях поговорим в следующей статье.

Аффект оказывает негативное влияние на умственную деятельность, и положительно на физическую деятельность (достижения в спорте в состоянии аффекта)

Вторая стадия характеризуется потерей самоконтроля, самообладания.

Третья стадия – стадия аффективного шока – полное истощение физических и психических сил человека, предельная усталость, апатия, отупение, сонливость, разбитость, обморок, обездвиженность.

(1910.Павлодар обл.Баянауыл ауд.)-қазақ баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеушілердің бірі.ҚазМУ-ді бітірген (1942).Журналистік қызметін 1929 ж Павлодар округтік «Кеңсе туы» газеті мен «Колхоз» газетіне хаттар мен ақпараттар жариялаудан бастады.1935-39 жж. Семей обл. «Екпінді» газетінде жұмыс істеді.1942-45жж. Қостанай обл. «Большевиктік жол» газетінің редакторы.1945-47 жж. ҚазМУ-дің журналистика фак аға оқытушы, содан соң фак деканы болып қызмет істеді.Кандидат,доктор диссертациялар қорғады.Тарих ғыл.док.профессор 1948 ж. Журналистика кафедрасының меңгерушісі. «дала уәлаяты»газеті мен «айқап» журналын алғашқы зерттеушілердің бірі. «Қазақ баспасөзі тарихының очерктері», «Қазақ журналистикасы тарихының очерктері»(С.Қозыбаев пен С.Матвиенкомен бірлесіп жазған) монографияларының авторы.

Қоғамдық пікір және БАҚ Бұқаралық ақпарат құралдары —Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді. Соңғы жылдардағы көптеген өзгерістер нарықтық қатынастардың дамуына әсер етуімен қатар, саяси коммуникациялардың жаңа түрлерін айқындап, айшықтай түсті. Қоғамда орын алып жатқан барлық жағдайларды таныту, ақпараттандыру барысында саяси жарнаманың қажеттілігі байқала бастады. Саяси жарнаманы өз дәрежесінде қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болатындығы айқындала түсті. Жарнама ұғымына қатысты түрлі коммуникативтік үлгілер мен теорияларды қарастыру барысында, кибернетикалық-басқарулық бағытты айтпаса болмайды. Оның негізгі зерттеулері ақпарат, коммуникация және кибернетика теорияларымен байланысты. Осы бағыт туралы тұжырымдама К. Дойч (К. Deutsch) еңбегінде баяндалады. Оның ақпараттық-кибернетикалық үлгісіндегі ақпараттық ағындары түрлі фазалармен байланысқан төрт одақпен ерекшеленеді: 1) ақпаратты алу және жинау; 2) ақпаратты өңдеу және бағалау; 3) шешім қабылдау; 4) кері байланыс шешімдерін қабылдау. Берілген үлгіні саяси жарнаманың әдістері мен технологияларында толықтай қолдануға болады деп түсінеміз. Өйткені, басқарушы элита қоғамдағы кез келген мәселенің туындауына байланысты алынған және қайта өңделген ақпараттар негізінде тиімді шешім қабылдайды. К. Дойч саяси жүйедегі коммуникацияның үш негізгі түрін көрсетеді: 1) жеке, формальды емес коммуникациялар; 2) ұйымдар арқылы жүргізілетін коммуникациялар; 3) БАҚ арқылы жүргізілген коммуникациялар. Мұндай жағдайларда түрлі байланыстарды құру формасы ретінде саяси жарнама қолданылуы мүмкін: бірінші жағдайда жағымды бейне қалыптастыру үшін кандидаттар имидждік технологияларды пайдаланады; екінші жағдайда корпоративтік жарнама ұйымдастырылып, қоғам алдында партия, саяси институттар мен басқа ұйымдардың “қажетті” имиджі дайындалады; үшінші жағдайда берілген ақпараттық технологиялардағы субъектілер мен объекттілердің өзара қатынасы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған жарнама материалдары (жарнама роликтері, мақалалар, парақшалар) көмегімен жүреді. Демек, К. Дойчтың ақпараттық-кибернетикалық үлгісінің терминдерінен саяси жарнаманы саяси жүйедегі түрлі элементтер арасындағы қатынастарды реттейтін әдіс ретінде қарауға болады: мемлекет және қоғам, мемлекет пен түрлі қозғалыстар мен ұйымдар (партиялар, сайлау блоктары, қысым көрсету топтары). Саяси жарнаманы коммуникативтік қимыл ретінде қарастыруға болатындығы туралы жоғарыда айтылған болатын. Оның көмегімен лидер, партия, мемлекет пен мүдделі топтар, қоғам арасындағы ақпарат алмасу жүреді. Саяси жарнама қоғамда нақты көрініс тапқан құндылықтарды көпшілікке таратады. Жарнама берушінің тиімді қимылдары мақсатты топтардың оларға дауыс беруін оятады. Кез келген саяси жарнамалық науқан барлық әлеуметтік топтардың өзіндік ережелеріне сай болуы тиіс.Саяси науқан туралы ақпараттар тарататын саяси жарнама саяси ғылымдардың түрлі салаларымен қатар, тікелей жарнама және маркетингпен тығыз байланыста. Саясаттағы әрбір субъект өз өнімімен шығып, ақпараттық кеңістікті түрлі идеялық суреттемелермен толықтырады. Демек, бүгінгі қоғамның коммерциялық жарнамасы, идеологиялық және саяси құндылықтарды меңзейтін, тәуелсіздік алғанға дейін көзқарасымыз басқа болған саяси жарнаманы дамыта түсті. Әрине, саяси жарнаманың коммерциялық жарнамадан айырмашылығы жетерлік. Алдымен екі жақ объектілерінің әр-түрлілігі. Егер сайлау науқанын алар болсақ, оның басты кейіпкері - кандидат, тірі тұлға. Бірақ, американдық мамандар пікірінше, саяси кандидатты “сатудан”, тауарды өткізу анағұрлым жеңілірек. Сонымен бірге, коммерциялық жарнаманың негізгі мақсаты - табыс табу болса, саяси жарнамада қажетті құндылықтарды қоғам мүшелерінің санасында қалыптастыру болып табылады. Саясат пен экономика бір-бірімен тығыз байланысқан, өзара ажырамайтын ұғымдар. Мәселен, ірі экономикалық құрылымдар, корпорациялар, ассоциациялар саяси күштер қимылдарына әсер етеді, белгілі бір саясаткерді қолдап, оның шешімдерін орындауға ықпал жасайды. Сонымен бірге, саясаткер іскер адам секілді нарық конъюнктурасын сезініп, қоғамдағы өзгерістерді жылдам қабылдауы тиіс. Сондықтан болар, экономикада тиімді қолданылатын түрлі әдістер мен технологиялар саясатта да жүргізіледі. Саясат пен экономиканың өзара тығыз байланысын Т. Парсонс (Т. Parsons) өз еңбегінде көрсетеді. Ол саяси қызмет пен банк қызметі арасындағы қимылдарды қатар жүргізді. Мәселен, сайлау науқанына қатысушы үміткер банк қызметкері секілді билікке “үлес” бөледі, нәтижесінде сайлаушылар оның ұсыныстарын бұл сайлауда қолдамаса да, банк жұмысының режиміне ұқсас, келесі сайлау науқанында және басқа шарттарда қолдау табуы мүмкін. И. Шумпетердің “Капитализм, социализм және демократия” еңбегінде: “партиялар мен саясаткерлер кәсіподақ ассоциациялары сияқты саяси белсенділікті реттейді. Партияларды басқару, оның жарнамалық науқаны, ұрандар мен марштар психотехникасы - жай әсемдік құралы емес. Бұл саясаттағы қимылдардың мәні”. Саяси жарнамадағы экономикалық тәсілдерді орындауға “Қоғамдық пікір” тұжырымдамасы ерекше ықпал жасады. Берілген әдістеме саясаттың “нарықтық” тұжырымдамасын қалыптастырады: сайлаушы тұтынушыға теңеледі; саяси партиялар мен лидерлер - қызметтің кең түрлерін ұсынатын кәсіпкерлер; саяси үгіт-насихат коммерциялық жарнамамен трансформацияланады; үкіметтік орындар саяси қызметті қолдауға жұмсалған шығынды өтейтін мемлекеттік фирма ретінде қарастырылады. Қоғамдық сайлау саяси жүйедегі “қоғамдық тауарлар мен қызметтің” алып сұраныстары мен ұсыныстарының нарқы ретінде бағаланады. Ал индивидтің дауыс беру мінез-құлқы - оның жеке экономикалық қызығушылықтарымен теңестіріледі. Осыған байланысты, саяси адам толығымен экономикалық азаматқа айналады. Саясат саласындағы саяси маркетинг және маркетингтік технологиялар, “өз түріндегі “бизнес” “философиясына” ұқсатылады, ал лидерлер, партиялардың сайлау алды бағдарламалары тұтыну тауарлары қатарына қосылады. Ресейлік ғалым Е.Г. Морозова саяси және экономикалық тауарлар арасындағы алты ұқсастықты атайды: 1) экономикалық және саяси тауардың өз имиджі бар; 2) барлық тауардың этикеткасы, маркасы бар: саясаткер сәйкесінше партия арқылы ұсынылады, консерватор немесе жаңашыл бейнесін көрсетеді; 3) әрбір тауармен бірге оның “қызметтік” бағдарламасы қосылып сатылады; барлық саясаткер сайлау науқаны барысында өзінің тұғырнамасын сайлаушылар назарына ұсынады; 4) экономикалық және саяси тауар нарықта бірдей технологиялармен “алға жылжиды”; 5) экономикалық және саяси тауардың бәсекелестері бар; 6) тауарды “алға жылжыту” үшін (экономикалық, саяси) нарықта осы тауардың келешегіне байланысты қаржы жұмсалады. Дегенмен, экономикалық және саяси нарық арасындағы сәйкес келмейтін тұстарын да айта кету қажет. Экономикалық тәсілдерге сәйкес, азамат партияны, үміткерді немесе саяси шешімді қабылдау арқылы өз мінез-құлқын экономикалық мүдделерге бағындырады. Ал, саяси рынокта нарықтық экономикадағыдай өзіндік көріністері жоқ идеологияны азаматтардың мінез-құлқына ықпал ету факторы болады. Оның кейбір мәселелері үгіт-насихат түсініктеріне байланысты жүргізілген талдауларда қарастырылады. Коммерциялық жарнамада ұсынылатын тауардың ерекшеліктері баяндалып, тауар “ақшаға” айырбасталады, ал сәйкесінше саяси жарнамада тауар сайлаушылар дауысына, саяси қолдауы мен сенімдеріне айырбасталады. Саяси жарнаманы коммерциялық жарнамамен салыстырғанда, ол көп жағдайларда сайлау науқандары тұсында қысқа мерзімге созылады. Мәселен, сайлау науқанында сайлаушылардың бір үміткерді таңдауға сендіру үшін бірнеше апталар қажет болса, экономикалық алға жылжыту мәселелері бірнеше кезеңдерге бөлінген уақыттық мерзімдерге созылады. Сонымен қатар, саяси жарнамада этикалық құндылықтарға ерекше мән беріледі. Сондықтан, коммерциялық заңдылықтар, технологиялар, әдістерді саяси салаға оның өзіндік ерекшеліктерін ескермей байланыстыру кері нәтижелерге ұрындыруы әбден мүмкін. Осындай ерекшеліктерді сезіну арқылы саяси кеңістіктің өзгешеліктерін түсінеміз және саяси жарнаманың келесі айырмалық белгілерін айқындаймыз: - қызметтік тұрғыдан қарағанда - саяси жарнаманың азаматтарға қысқамерзімді әсер етуі, оның мақсатты топқа сол сәтте дәл ықпал жасау және жеке мінез-құлқын өзгерту; - жарнамалық мәтінді қарастырсақ - әмбебаптық үлгі шегіндегі мазмұнда жүргізу; уәде мен серт; қарсыластарды сынға алу; - мазмұндық кілті - жарнамалық мәтін элементтерінде бәсекелес жағына сыни пікірлер айту; - жарнамалық хабарламаның байланысы коммуникатор қызығушылығымен ұштасып, таратылып жатқан ақпарат мазмұнын толықтай қадағалау; - формальды тұрғыдан қарасақ - ақпараттық нарықта жарнамалық хабарламаны ақылы негізде төлеу; - азаматтардың саяси қатысуының қажеттіліктеріне қарай, билік салаларында әлеуметтік тауарды жасанды тұтынуда қозғаушы ретінде сапалылығын көрсету; - қолданатын құралдардың шектеулілігі, мысалы, азаматтардың ақпаратпен толық қамтамасыз етілмеуі; - берілген хабарламаны қабылдауда “сатып алушы” саяси жарнаманы “тұтынушымен” ұқсас. Саяси жарнаманың берілген сапаларын бөлу арқылы, жарнамалық науқанды жүргізуге сәйкес қажетті хабарламалар әлеуметтік мәселелерді жеңіл шешу және байланыстырудың басқа да түрлері тек азаматтарды саясат сахнасын маркетингтік тәсілдермен ғана ақпараттандырмайды, сонымен бірге, үгіт-насихаттық түрдегі жұмылдыру стратегиялары қолданылады. Саяси жарнаманың берілген ерекшеліктері жұмыс барысында кездесетін мәселелерді түсіндіріп, басқа да саяси технологиялармен байланыстарын орнықтырады. Саяси жарнама саясатпен бірге пайда болды. Алғашқы мемлекеттер құрылысымен-ақ, билік тұрғындармен байланыс орнату арқылы елдегі тәртіп реттелетінін түсінді. Билік азаматтар мінез-құлқына ақпараттар көмегімен әсер ету жолын таңдады. Демек, бұл ұғым саяси нарық, саяси мәдениет және саяси қатынастардың бөлшегі болып табылады. Электоралдық қабылдауда сайлаушының өз таным-түйсігін жаңа ақпаратқа байланысты түзеу қабілеті өте маңызды. Бұл арада ресейлік саяси ғылымдарының докторлары Е. Егорова-Гантман мен К. Плешаков атап көрсеткен бірнеше нұсқалардың болуы мүмкін: 1 нұсқа. Сайлаушы саяси жарнаманың ықпалымен үміткер жайлы тосын ақпаратпен танысуы мүмкін. Егер бұл мәлімет оның осы саясаткер туралы бұрынғы ой-пікірімен орайлас келсе, дұрыс деп есептейді, онда сайлаушы өзінің танып-қабылдауының дәрежесінен тыс үміткердің образын жағымды жағынан бекіте түседі. 2 нұсқа. Егер осы жарнамалық ақпарат мәні бойынша дұрыс болса, қабылдаудың маңызы зор. Өз таңдауының тиімділігі жөнінде таразылай білетін сайлаушы, жағдайды қайтадан бағамдайды, сөйтіп өзінің бағытын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қасаң түйсікті сайлаушы жаңа ақпаратты теріске шығарады, өз санасында қалыптасқан стереотиппен образға шаң жуытпайды. 3 нұсқа. Саяси жарнамада мазмұндалған жаңа ақпарат бұрынғы қабылданған қалыптасқан пікірді жойып жіберуі мүмкін. Күдікшіл, күмәншіл сайлаушы толқиды, нәтижесінде дұрыс пікірді теріс пікірмен шатастырып алуы мүмкін. Өз пікіріне берік сайлаушы тұрақты бейнесін, ой-пікірін сақтап қалады. 4 нұсқа. Бұрынырақ бұрыс мәліметпен танысқан сайлаушы, кейінірек жаңа бір мәліметті кездестіреді. Бірінші аталған сайлаушы бейнені қайта бағалап, өзіндік ой-пікір қорытады, ал екіншісі жарнаманы теріске шығарып өзінің бастапқы, үйреншікті пікірінде қалады. 5 нұсқа. Бұрынғы күмәнді образды бекітетін жаңа ақпарат қандай сайлаушының болмасын сол бейне туралы осындай ойын қуаттай түседі. 6 нұсқа. Бұрынғы жағымсыз бейнені теріске шығаратын жаңа лайықсыз ақпарат бір сайлаушыны өз бағдарын қайта қарауға бағыттауы тиіс. Екінші сайлаушы БАҚ-та, жарнамада берілген ақпаратты мойындамай, өз жолында қалады. Демек, саяси жарнаманы қабылдауға азаматтардың саяси мәдениеті деңгейі, білімділігі мен біліктілігі дәйек болмақ. Саяси жарнама біздің қоғамымызға өте қажетті құрал. Мәселен, партиялардың көптігі және тұғырнамаларындағы ұқсастық халықты әбден шатастырады. Сонымен қатар, түрлі партиялардың бағдарламаларымен толықтай танысып шығатын азаматтардың саны аз болатындығы белгілі. Сондықтан жарнама саяси тұжырымдамалар мен бағдарламалар түсінігін жеңілдетіп, оның мәтіндерін эмоцияландырады, лозунгтік, ұрандық сөздерге айналдыра отырып, сайлаушылардың сенімін қалыптастырады. Саяси коммуникацияның үздігі, Франсуа Миттеран, Жак Ширак, Лионель Жоспен, Александр Квасьневский сынды саясатшылардың саяси кампанияларын жетістікке жеткізген Жак Сегела: “Жарнама қазір тек сауданың ғана сөзі емес. Ол саясаттағы сөз, қоғамдық қатынастардағы сөз, адамгершілік сөзі”, - деп есептейді. Ол сайлау науқанын ұйымдастырушылар мен үміткерлерге өзінің ұсынған сегіз өсиетін ұстанғандарын қалайды: 1) дауысты партияға емес, адамға береді; 2) дауысты идеологияға емес, идеяға береді; 3) дауысты өткенге емес, болашаққа береді; 4) саяси емес, әлеуметтік бейнеге дауыс береді; 5) дарынсыздыққа емес, адам-аңызға дауыс береді; 6) үйреншіктілікке емес, тағдырға дауыс береді; 7) жолы болмаушыға емес, жеңіскерге дауыс береді; 8) түсініксіз құндылықтарға емес, шын орындалатын құндылықтарға дауыс береді. “Сайлау бұл - драматургия, - деп тағы жазады Ж. Сегела. Сайлаушылыр тек үміткерге сенген тұста ғана дауыс береді. Саяси кеңесші науқанның барысын халық күткендей етіп дайындауға тиіс. Жалған уәделерге орын бермей, тек орындалатын уәделерді сайлаушыларға ұсыну керек. Дегенмен, бәрін бірге емес, қажетіне қарай кезеңдерге бөлген дұрыс. Сонда ғана фильм ырғағы жағдайларға мойын сұнып және оның соңы біреу ғана: сіздің жеңіс”. С.Ф. Лисовский өзінің еңбегінде А. Дейянның төмендегі анықтамасы саяси жарнама ұғымына сай келетінін айтады: “Жарнама - бұл бұқаралық ақпарат құралдары және басқа байланыс түрлері арқылы кез келген тауарды, өнімді, фирманы, мекемені, кандидатты, үкіметті ақылы және біржақты үндеу”. “Никколо М” саяси кеңес беру орталығының шығармашылық тобы дайындаған ғылыми еңбекте, саяси жарнаманың келесі типологиялары ұсынылған: Саяси жарнаманы қабылдауға байланысты классификациялау: - визуалдық (буклеттер, сыртқы жарнама, плакаттар, листовкалар, күнтізбелер); - аудиолық (радиохабарлама); - аудиовизуалдық (теледидарлық және киножарнама). А. Дейянның классификациясы: - қатаң саяси жарнама - қысқа мерзімді мақсаттарға қолданылатын, жылдам реакцияны қажет ететін жарнама; - жайлы саяси жарнама - белгілі тұлғаны, қажетті көңіл-күйді қалыптастыратын жарнама. Саяси жарнама қызметтерін Ф. Коттлердің классификациялауы: - ақпараттық; - ақыл-кеңестік; - салыстырмалы; - ескертпелі; - бекітуші. Саяси жарнаманы тарату түріне байланысты Л. Девлин классификациясы: 1 қарапайым - кандидаттың журналист пен телекөрермен алдындағы жауабы; 2 негативтік - бәсекелестердің танымалдылығын түсіруге ұмтылатын жарнама; 3 концептуалдық - сайлауға түскелі жатқан кандидат идеяларын сайлаушыларға жеткізу; 4 “шыншыл кино” - кандидаттың сайлаушылармен әңгімелесу кадрлары; 5 “жеке сенім” - беделді тұлғалар мен кездейсоқ азаматтардың саясаткер туралы айтқан позитивті пікірлері; 6 “нейтральді репортер” - журналист кандидат туралы ақпарат береді; 7 “қимылдағы кандидат” - саясаткердің маңызды мәселелерді шешудегі қатынасын көрсетеді. М. Керн жарнамалық роликтің екі түрін бөліп көрсетеді: - кандидат тұғырнамасы ұсынылған ролик; - кандидат ұраны берілген ролик. Р. Джослин классификациясы: Саяси жарнаманың риторикалық типтері: - кандидатты танымал ете түсу; - бәсекелес оппонентке шабуыл; - шабуылға берілген жауап. Саяси менеджмент саласының маманы Г.В. Пушкарева саяси жарнаманың төрт ерекшелігін көрсетеді. Біріншіден, ақпараттық өнімді дайындаушы коммуникатордың қимылы мен қабылдаушы реципиенттің аралығы мезгілмен бөлінеді. Екіншіден, саяси кампанияны жүргізушілер өнім жасау процесінде толық бақылау жүргізе алады. Үшіншіден, жарнамалық өнім реципиентке өзгеріссіз ұсынылады. Төртіншіден, саяси жарнама тегін түрде еш жағдайда жүргізілмейді. Саяси жарнама саласындағы белгілі американдық маман Роджер Эйлис пікірінше: “Науқан тұсындағы баспасөзді болып жатқан оқиғалар суреттемесі, қатысушылар қателіктері, кадрға түскен тараптар қақтығыстары, сайлау жарысы жолындағы қоғамдық пікір қорытындылары қызықтырады”. Саяси менеджерлер мен имиджмейкерлер саяси жарнамамен жұмыс жасауда оның таралуының төмендегі түрлеріне көңіл бөледі: 1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама: а) процестегі жарнама: жарнамалық үндеу, мақалалар, шолулар, сұхбат, басқа да саяси жарнамалық сарындағы репортаждар; б) радио және тележарнама: радиожарнама: радиолық үндеу, радиороликтер, радиожурналдар, репортаждар, сұхбат, эфирдегі әңгімелесулер; тележарнама: телероликтер, телеүндеу, телехабарлар, телерепортаждар, телеқойылымдар, телебаяндама, теледебаттар, “дөңгелек үстелдер”; в) аудиовизуалдық (экрандық) жарнама: жарнамалық кино және бейнефильмдер, роликтер, бейнеэкспресс-ақпарат, слайд-фильмдер. 2. Сыртқы жарнама: жарнамалық қалқан, панно, стендтер, афишалар, транспоранттар, плакаттар, үлкен формадағы парақшалар; - жарықтық экрандар, табло, жүгіртпе жолдар; - көліктегі жарнама: салонішілік, сыртқы жапсырмалық; - басқа да сыртқы жарнамалар: әуе шарлары, аэростаттар, сенсациялық қойылымдар. 3. Паблик рилейшнз шаралары: - тұсаукесерлер, баспасөз конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар; - қайырымдылық шаралары, қоғамдық шаралардағы демеушілік; - қоғамдық маңызды тақырыптағы көрермендік сөйлеулер. 4. Баспалық жарнама: парақшалар, плакаттар, конверттер, открыткалар, хаттар, брошюралар, үндеу, шақырулар, бағдарламалар, күнтізбелер, визиттік карточкалар. 5. Тікелей почталық жарнама: баспалық жарнама материалдарын тарату. 6. Жарнамалық ескерткіштер: күнтізбелер, вымпелдер, значоктар, іскерлік сыйлықтар. 7. Компьютерленген жарнама: жарнамалық ақпараттарды арнайы компьютерлік жүйелерге орналастыру. Жоғарыда аталған жағдайларға қарап, бүгінгі таңда саяси жарнаманың ұғымы мен мазмұны айқындала түскенін байқау қиын емес. Сонымен бірге, аталған тәсілдер күнделікті түрде тиімді қолданылып

Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады. Дайджесті айдарлар мен тақырыптар бойынша, уақыттық ерекшеліктер бойынша шығаруға болады. Интернет сайттарда да дайджест жасауға болады. Сіздің дайджестіңізде жарияланатын мақалалар автордың немесе редакцияның рұқсатымен жинақталу керек, міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме берілу керек. Ісіңіз оңай болу үшін тұрақты түрде мақала алып тұратын ақпарат көзімен алдын ала келісімге келіп алуыңызға болады.Дайджест - қысқартып алынатын ақпараттың мазмұндамасы. Трактат пен манускрипт арасында мәліметтерді іздеу қажеттілігі көнелікте пайда болды. Сол қажеттілік әдебиеттің дигестам - көне түрін өмірге әкелді. Латын тіліне аударғанда, бөлу, ретімен орналастыру, толығымен жазу деген мағынаны білдіреді. Дигесттер – манускриптегі негізгі идеялардың, фактілердің қысқаша үзінділері. Олар білім концентраттар қызметін атқарады (бір орында жиналу). Қазіргі уақытты көне дигесттер екінші рет дүниеге келді. Олар жаңа жағдайларда қайта туылды және «дайджесттер» деген жаңа атауын алды, ағылшын тіліне аударғанда «қысқаша мазмұндама» деген мағынаны білдіреді.Дайджестті құрайтын негізгі әдіс-тәсілдер: автордың басты ойлары, ол ең маңызды хабарлаған фактілер мен цифрлар өзгертуге болмайды. Ақырында деректемеден олар үшін ең маңызды немесе басқа алғашқы ақпараттың мақсаттары үшін сығулар пайда болады. Дайджестің құрастыруы мен дайындалудың мақсаты оны жеңіл оқу, оны қызықты және ғибрат аларлық жасау. Дайджесттерді құрастырудың әдістері тақырып көрсеткіштердің дайындау тәсілдеріне сәйкес. Мында да іздестіру ұйғарым, келешекті мазмұн, және үлгі-жоспар боп көрсетілген, мәтіндерді саралау және олардан керекті көріністерді шығару, тараудың бірінші кезеңде құрастыру маңызды. Дайджестердің тақырып көрсеткіштерден айырмашылығы осында - көрсеткіштерді құрастырғанда құжаттар топталу бірлік болып табылады, ал дайджесті құрастырғанда – мәтіндердің үзінділері. Дайджестің дайындауы келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:- дайындық кезең (тақырыпты таңдау және зерделеу; оқырман сұранысын анықтау; тақырып бойынша құжаттарды табу);- негізгі (библиографтың жиналған құжаттардың мазмұны мен түрімен танысу, құралға қосуға болатын мәтіннің үзіндімен танысу, тарау бойынша материалды бөлу);- қорытынды (анықтама аппаратын дайындау, құралды редакциялау және дайындау). Дайджестер үшін сипатты:* тақырыптың біржақтылығы;* мәселені қараудың аспектілердің айырмашылығы;* әр түрлі саладағы мамандар қолданатын терминологиядағы айырмашылық;* мәліметтердің болатын қайшылықтар, әр түрлі авторлардың көзқарастарының дәл келіспеуі Осының бәрі материал топталуына және көз жетерлік, ақпаратты қабылдауын жеңілдететін және дәл келіспейтін концепцияларда, нәтижелерде немесе қорытындыларда осы түрінде көрсетуіне ерекше көңіл бөледі. Дайджестің құрылымы келесі түрде болады:* титул парағы;* мазмұны;* алғы сөз;* әдетте тарауға бөлінген негізгі мәтін;* пайдаланған әдебиеттер тізімі;* қосымшалар (иллюстрацияланған материал);* негізгі атаулардың сөздігі (керекті жағдайда) Дайджестер электрондық түрде де жасалады, ал оқырмандар назарына оларға ең қолайлы құрылымында ұсынылады. Негізінде бұл баспа нұсқау немесе ксерокөшірмелер. Дайджестер оқырмандармен жеке жұмыс істегенде де, кітапханалық көрмелерді ұйымдастырғанда да, көпшілік іс-шараларды өткізгенде де қолданылады

Журналистикаға кіріспе. Ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың түрлері мен әдістері туралы ғылым ретінде журналистиканың шығуы мен дамуы. Журналистік қызметтің құқықтық негіздері. Журналистика қызметтері. Журналистика қағидаттары. БАҚ бостандығының мәселелері. Журналистік шығармашылықтың тиімділігі. БАҚ типологиясы. Журналистика кәсібінің шығармашылық сипаты. Шығармашылық өлшемдері.•Көне орыс әдебиетінің тарихы•ХVІІ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы•ХІХ ғасырдағы (1-жартысы) орыс әдебиетінің тарихы •Балалар әдебиеті•Орыс әдеби сынының тарихы•Антикалық әдебиет•Орта ғасырлар және Қайта өрлеу дәуіріндегі шетел әдебиеті•ХVII-XVIII ғ.ғ. шетел әдебиеті•ХІХ ғасыр шетел әдебиеті• Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Журналистикадағы БАҚ процесс негізінен неше сатыдан тұрады 3 сатыдан

Журналистің моральдық-этикалық принциптері. Моральдық-этикалық принцип – қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез. Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы:Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т.б.) негізінде қамтылады. Принцип – негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз. Журналистің принциптері:1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі.2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті.3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады. 4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді. 6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді.7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс.8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді.9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн.10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы. 11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды.12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті. 13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді.14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т.с.с.

Журналист ік қызметті ұйымдастыру Мәдениет көп мағыналы ұғым. Қайсыбір мәліметтерге қарағанда, оның ағылшын тілінде 160, Батыс Еуропа елдері тілдерінде 250-ден астам анықтамасы барға ұқсайды. Мәдениет сөзі – термин, араб тілінен «маданият», мағынасы: «адам баласының қоғамдық саласындағы табыстары мен ақыл-ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы». Этика сол сан-салалы мәдениеттің құрамдас бөлігі, жаратылысы айрықша әлем. Журналистік жауапкершілік – журналистік әдеп әлемі тақырыбының бір үлкен тарауы. Бұл мәселеде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған журналистік шығармашылықтағы әдеп-мораль нормаларын сақтау жайына баса назар аударылады. Журналист өз қызмет бабында, шығармашылығында Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның, халықаралық шарт-ережелерді және редакциялық жарғыны басшылыққа алады. заң нормаларын сақтамау, заңды құрметтемеу – заңсыздық. Әдепсіздік. Журналист мұндай жағдайда заңның алдында жауап береді. Моральдық-этикалық тұрғыдан журналист әр хаттың артында адам бар, адамның тағдыры бар, көз жасы, үміті бар деп түсінеді. Еңбекшілердің хат-қолжазбаларына қамқорлықпен, құрметпен қарау жайында кешегі (кеңес) қоғам тұсында да аз талап қойылған жоқ. «Совет баспасөзі мен радиода қоғамдық бастамаларды одан әрі жақсарту туралы» және «Совет баспасөзінің жұмысшы және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшылықты жақсарту туралы» қаулыларының негізгі принциптері қазір де маңызын жойған жоқ.Авторлар мен тілшілер – басылымдардың негізгі тірегі, сенімді күші. Журналистік іскерлік, журналистік шеберлік тек шығармашылықпен ғана өлшенбейді. Іскерлік, шеберлік автор тарту, авторлармен жұмыс мәдениетінде де көрінеді. Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі. Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. – Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді. Бұл әдепке қатысты заңдылықтар тікелей теледидар функциясына, бағытына байланысты. Мысалы, ақпараттық функцияны орындайтын жаңалықтардағы жаршылар (дикторлар) тиянақты болуы керек, бұл оның киіміне де, өзін ұстауына да қатысты. Оларда артық қимыл жасау (көздерін жыпылықтатып, теңселіп, қолдарын ербеңдетіп және т.б.), күрделі, түсініксіз, ұзын құрмалас сөйлемдер айту этикаға қарама-қайшы келеді. Олар жаңалықты нақты, қысқа және түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Ал ойын-сауық бағдараламаларының жүргізушілері, керісінше, өз талғамы бойынша киім киіп, өзіндік стиль қалыптастыруға тырысады. Бағдарламаларды қызықты өткізу үшін, оларда, кейбір кездерде мимикалық шектен тыс қимылдар келтіріліп (әсіресе, музыкалық бағдарламалар) те жатады. Журналистік сұхбат енмесе әңгіме-дүкен әдебі. Журналистік әдеп әлемінің бір қыры – адамдармен, авторлармен сөйлесе білу, сырласа, сыр тарта білу өнері. Бұл мәселеде журналистке шешендік өнер де тән. Жалпы моральдық-тикалық нормаларды сақтай отырып, журналист адамдармен сұхбат жүргізу, әңгімелесу барысында қандай-қандай нәрселерді ескеріп, қандай жағдайлардан бойын аулақ ұстау керек?1. Әзілдесіп-қалжыңдасып, ақжарқын әңгімелесу («Әзілің жарасса, атаңмен ойна». Норма).2. Сынасып әңгімелесу.3. Күтіп, тосып, жылы жүз танытып әңгімелесу.4. Сырласып әңгімелесу (Бауыржан:«Сынаспай сырласпа»).5. Сыбырласып әңгімелесу (Басқаның мазасын алмау).6. Ішіп алып, іші бауырға кіріп әңгімелесу. 7. «Жаным», «күнім» деп жалынып сөйлеу.8. Басын бар қауіп-қатерге тігіп, жалындап сөйлеу.9. Жағынып, шағынып сөйлеу.10. Лапылдап-жылмаңдап, жасанды сөйлеу.11. Мұп-мұздай, сұп-сұр бетпен жылусыз сөйлеу.12. Қас-қабақпен сөйлеу.13. Қорқытып, үркітіп, екпіндеп, айбат шегіп сөйлеу.14. Ақылмен, сабырмен, табиғи, шешен сөйлеу және т.б.Журналистік шығармашылық және сөз әдебі. Тілдік этикеттер нормаларының сақталмауы көп жылдардың әңгімесі, қазіргі уақыттың бір проблемасы. Журналистік шығармашылық және сөз әдебі «табу», «эвфемизм» терминдерімен тығыз байланысты. Табу да, эвфемизм де барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым.Табу – тыйым салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар. Эвфемизмнің мағынасы ішуге болмайтын тағамды ішуге болатын тағаммен ауыстыру. Киюге болмайтын киімді киюге болатын киіммен ауыстыру. Сөз нормасы, сөз әдебі де сол. Бұл заңдылықтар қазіргі баспасөздің көбісінде сақталмайды. Ал тележүргізушілердің бұл заңдылықтарды сақтауы көбінесе өздерінің білім деңгейіне байланысты. Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген мамн болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн. Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт.

Репортаж ( спортта), журналистиканың жанры. Әлдебір спорт жарысы туралы мәлімет беру. Репортаждар тікелей және жазып алу арқылы жүргізіледі.

Репортер - ақпарат қызметініңнегізгі құрамы. Телерепортерлар жұмыс үстінде (2007)Оқиға барысын қадағалап, жедел сұхбат алып, репортаж жүргізетіндер. Оларға қойылатын басты талаптар: оқиғаны дәл жеткізу, мақсатқа жету, оқиғаның бейнесін ашуда ыждағаттылық керек, ең бастысы - радионың көркемдеуші, бейнелеуші құралдарын шеберлікпен пайдалану, дыбыстық эффект арқылы хабар берудің тыңдарманға жол табар әдіс-тәсілдерін табу. Негізгі оқиға орнынан басқа олардың ақпарат алатын көздері - ИТАР-ТАСС, РИА-"Новости", "Интерфакс", "Пост-фактум", "Қазақпарат", "Қазақстан-ТУДЕЙ" т.б.

Публистика жур шығармашылықтың негізгі түрі Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-фияның алғашқы көріністері туды.Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.Латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аң


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: