Тапсырмалар

Тапсырмалар

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыз.

2.Мәтінді аударыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

4.Ұлы Абайдың «Адамның үш қасиеті» туралы сөздерін әңгімелеп беріңіз

5.Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз.

Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы

Әлемдік нарықта Қазақстанның қазіргі уақыт жағдайында басымдық негізгі бәсекесі жоғарғы білікті, шапшаң әрекет ететін адамдық капитал болуы қажет. Атап айтқанда, елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші - халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасы болып табылады.

Сондықтан елді дамытудың жаңа кезеңінде халықтың әлеуметтік жағдайын ауқымды жақсартудан басталып отыр. Қоғамдағы барлық бөліктердің өмір деңгейін жақсарту арқылы одан әрі ілгерілеу жолына түсеміз.

«Нұр Отан» партиясы бәсекеге қабілетті адам капиталын дамытуға бюджеттік ресурстарды топтауды қамтамасыз етеді. Біздің мақсатымыз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылым, басқару, инженерлік-техникалық элиталық жаңа формацияларды құру болып табылады.

Біз Қазақстан халқының тұрақты қосымша ақша қаражаттарының көздерін иемдену мүмкіндіктері – құнды қағаздарды басқарудан инвестициялық кіріс түсіру: акциялар, облигациялар ренттік кіріске ие болуына күшімізді саламыз.

Қазақстандықтардың лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, тұрақты кірісінің болуы, сапалы білім алуы, медициналық көмек алуы, демалысқа және туристік қызметтерге қаражат жұмсауы және лайықты қарттықпен қамтамасыз етілуі қажет.

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

3. Мәтінге сұрақ дайындаңыздар

4. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңыздар.

«ҚАЗАҚСТАН – 2030»

СТРАТЕГИЯСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КӨЗІ

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бір бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс - әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру қажет.

Бүгінгі күнде ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, мәселелердің ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын олардың жуықтай түскенін сезінеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: