double arrow

Атамекен

А.В. Суворов

В.Г. Белинский

Ø Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4-тақырып Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші. Фонетика (үндестік заңы).

Практикалық сабақтың жоспары

1.Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.(тақырыптарына байланысты жаңа сөздермен таныстыру).

2.Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші. Фонетика (үндестік заңы)-еске түсіру, жаттығулар орындау.

ҰЛЫ ІС ОТАНШЫЛДЫҚТАН ТУАДЫ

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей.

Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.

(Бауыржан Момышұлы).

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңыздар.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

2.Мәтіннен сөз тудырушы жұрнақты сөздерді тауып оқыңыз.

3.Мәтіндегі сөз түрлендіруші жұрнақтарды табыңыз.

4. Отаншылдық,сүйіспеншіліктен, ұлтшылдықпен, бауырларымен, азаматтың сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен кейінді ықпалды сөздерді табыңыз.

Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен!

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем!

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем!

Тапсырмалар:

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

2.Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.

3.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен, асқар тау, күннің нұры.

4.Өлеңнен тәуелдік жалғауларды табыңыз.

5.Өлеңнен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6.Өлеңді жаттап алыңыз.

ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы қазір әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды. Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақстан – жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болып отыр. Осы салалардың өсуі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. «2003-2015 жж. арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін толық шешіп, өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға кірісті.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

- Қазақстан саяси картада қашан пайда болды?

- Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс орнатты?

- Қазақстан шаруашылығының басты саласы не?

- Инновациялық даму қандай мүмкіндік береді?

3. Тәуелсіздік, мемлекеттік, саяси-географиялық, көшбасшысы сөздерінің жұрнақтарын анықтаңыздар.

4.Шаруашылығының, тәуелділігін, мүмкіндігін сөздеріндегі ықпалды анықтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

5-тақырып Білім - байлығымыз. Білім атасы – Ы.Алтынсарин. Кітап – білім бұлағы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: