Исторические предпосылки и проблемы внедрения стратегического планирования 7 страница

Мақсаттың маңызды қасиеті оның градиенті (лат. – адымдаушы), яғни орындаушы мақсатқа жету жолындағы әрекеті аяқталуға жақындаған сайын, оның мақсатқа жетуге күш салуы белсенділене түседі. Басқарушылық әрекеттің өзі басқару мақсатындағы адамдардың ерекше бір бөлігінің іс-қимылы. Басқарудың мақсаттық міндеті – мақсатқа бағытталған ықпалдарды қалыптастыру жолдарын анықтау.

Егерде мақсатқа жетуге байланысты нысанның маңыздылығы белгілі болса және әр нысанның ықпалы тәуелсіз айнымалылар есебінде белгіленсе, ондай мақсатты мақсаттық функция деп атайды. Мақсаттық функцияның сырт пішіні анықталып және математикалық бейнелеуін алса дағы, оны тек мақсатты ұсыну түрі немесе жолы деп жеңіл-желпі түсіндіруге болмайды. Алға қойған міндетті орындау үшін барлық ақпаратты беретін теңдеуді мақсаттық функция дейді. Соңғысы басқару жүйесінің фирманы өз мақсатына жету жолдарындағы жағдайларымен байланыста көрсетеді. Мақсаттық функция туралы түсінікке басқа басқару теориясының күрделі категориясына «заң» деп анықтама беруге де болады. Бұл бағытта жүйеге «кіру» немесе одан «шығу» сияқты мақсаттық фукнциясы бар заңның бір-бірімен байланысты айнымалы көрсеткіштері басқару объектісінің және сыртқы ортаның жағдайын сипаттайды. Атап отырған термині («мақсаттық функция») логика мен экономикалық лексиконда жиі пайдаланылады. Мысалы, «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген басымдықтарға қол жету үшін, «мақсаттық қаржыландыру» немесе «мақсаттық ресурстарды бөлу, қайта бөлу» деген терминдер кездеседі.

Барлық жағдайда мақсат қоя білудің методикалық негізі мақсатты анықтау ережелерімен белгіленеді. Бұл ережелердің кейбір тармақтары төмендегідей;

- басқару объектісі мен ішкі және сыртқы орталардағы өзгерістерді жүзеге асыратын басқару субъектісінің әрекеттері талап ететін жағдайды тәптіштеп жазу;

- басым немесе қалыптасқан жағдайдағы әрекеттердің ең маңыздысын немесе біріші орындалуға тиісті бағыттардың приорететтерін анықтау.

«Қазақстан – 2030» атты жолдауда көрсетілген ұзақ мерзімді жеті приоритеті еліміздің қазіргі уақытынан бастап, 2030 жылға дейінгі таңдаған стратегиясына толығымен сай келеді.

- жалпы мақсатты немесе глобальді мақсатты өз сапасында таңдау ұйым немесе қоғам әрекетінің ең басты бағыты деп тану;

- мақсатты түпкі нәтижеге сәйкес терминдермен тұжырымдау, атқарылатын жұмыстарға қол жеткізетін әрекет процестерінің категориялары еместігін түсіну;

- «мақсат – оған жету жолы – нәтижесі» ара қатыстарының қаущалдылығынан (гр. – себепті байланысына) пайда болатын мақсаттарды оның құрамына жататын мақсат тармақтарына бөлу. Соңғыларын оның төменгі мақсат тармақтарына одан әрі қарай мақсат тармақтарына бөлу;

- «мақсаттар тармағы ағашының» құру графикалық моделін жасау;

- осы графикалық модельдерді деңгейі мен шындары бойынша тексеріп, мақсат тармақтарының толықтығын анықтау, әйтпеген күнде, мақсат тармақтарының біреуінің байламай қалуы одан жоғары сатыда тұрған мақсаттың жүзеге асуына кедергі келтіреді;

- мақсаттардың өзара бағыныштылығын тексеру және иерархиялық мақсат пен оның мақсат тармақтарының функциялары мен дәлелденуін бір қатарға қоймау;

- баламалы немесе қарама-қарсы мақсаттарды болдырмау, өйтпеген жағдайда, яғни керексіз «бұтақтарын» уақытында кесіп тастамаса, «мақсаттар тармағы ағашы» «шешімдер ағашына» айналып, азып кетуі мүмкін;

- бір шыңнан шығатын мақсаттардың арасында басқа шыңнан шығатын мақсатқа тәуелдісі кездесе, осы тәуелді мақсаттың мақсат тармағын қажетті деңгейге шейін төмендету арқылы, түрлі «бұтақтар» арасындағы байланыстарды еске ала отырып, «ағаштың» конфигурациясын (лат. – пішін үйлесімін) анықтау;

- екеуі бірдей шыңнан шығатын, мәні бірдей, бірақ әр түрлі тұжырымдалған мақсаттарды және олардың бір-бірінің мазмұны қайталанса, біреуін тастау (бірдей немесе жартылай сәйкес келетін мақсаттар тек біреуінде емес, бірнешеуінде орын алуы мүмкін);

- жартылай жүйені басқару субъектілерінің алдына мақсат тармағын негізгі мақсаттық мәселе етіп қою;

- егер алғашқы тұжырымдамада мақсат тармағының мазмұнына сай қабылданбаса, онда оған жаңа тұжырымдама беру;

- әрбір мақсат (мақсат тармағы) үшін оған жету көрсеткіштері мен бағалау көрсеткішінің жүйесін, изоморфтық жүйе мақсатын құру.

Сөздік байланыс жүйесінің маңыздылығын еске ала отырып, жоғарыда көрсетілген ережелердегі мақсаттарды вербалды (лат. – ауызша) тұжырымдау талабына сай толықтыру қажет. Әдеттегі жағдайда мақсаттарды жақсы тұжырымдау төмендегідей белгілерге жауап береді:

- ол орындалатын әрекеттерді сипаттайтын етістіктің тұйық түріндегі бұйрық райынан басталады;

- талап етілетін нәтижені айқындайды;

- белгіленген мерзімде мақсатқа жетуді айқындайды;

- шығынның ең жоғарғы шегі көлемін айқындайды;

- мақсатқа жету факторын анықтау үшін жұмыстың қажетті нәтижесін ететін сандық сипаттама береді;

- тек «қашан» және оны «қалай» істеуге болатындығы ескертіледі;

- тікелей мақсатты белгілеуге және басқарушы мен тура бастықтарының функционалдық міндеттеріне жауап береді;

- мақсатқа жету үшін кімнің жұмыс істейтіні олардың барлығына түсінікті;

- нақты және қол жетерлік, бірақ жеңіл емес;

- басқадай мақсаттармен салыстырғанда уақыт және қорлар шығындары тиімді қайтарымды қамтамасыз етеді;

- қорлар қашанда бар және олар шартты көлем шегінде жүзеге асырылады;

- бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесіне екеулеп жауап беру жойылады немесе оның салдары жеңілдетіледі;

- бүтіндей компанияның және оның бөлімдерінің жұмыстарының негізгі принциптері мен тәсілдері сәйкес;

- орындаушылардың мүддесіне сай және ұйымда елеулі тартыстар тудырмайды;

- жазбаша белгіленіп, бекітілген оның көшірмесе мәлімет алу үшін бастықта немесе оның бағыныштысында сақтаулы;

- бағыныштысымен жеке әңгімеде басқарушымен келісілген.

Егер мақсат қоя білу объектісі мен субъектісінің арасындағы тіке байланыс болса, ол – олардың арасындағы кері байланыс мақсаттарды орындаудың (мақсатты іске асыру) бағасы. Егер керісінше жағдайда болса, басқарушының сырт пішіннің бұзылғанын көрсеткен болар еді. Сондықтан баға беру процедурасы мақсатты іске асыруды тексеру және сол сияқты басқарудың нәтижелілігін анықтау үшін методика қабылдауды қажет етеді. Менеджерлер басшылыққа алатын басқарудың нормативтік-методологиялық құжаттарын даярлағанда, мақсатты іске асырудың барлық сатылары үшін және шаруашылық ұйымдардың барлық түрлері үшін, сол сияқты, олардың функционалдық жүйелері үшін, методикалық тұтастықты қамтамасыз ететін және алынған нәтиженің тиімділігін салыстыра алатын жалпы бағалау ережесін пайдалануға көңіл аударған жөн.

Өз міндетін жан-жақты білу басқарушылардың біліктілігінің белгісі. Бұл тек қана қатардағы қызметкерлердің санына байланысты емес, соншалық басқарушылық орнында отырғандардың мамандық деңгейіне қатысты. Оны пайдалана білу басқарушылар жұмысы жемістілігінің белгілі бір жағдайы, менеджерлер ойлауы жүйелілігінің сипаты. Кім де кім «Мақсаттар тармағы ағашының» графасын жасай алмаса, ол ерекше көңіл аударуды қажет ететін шешуші факторларды таңдап алуға қабілетсіз. Ол себеп және салдар тізбегін жасауға, қабылдайтын шешімдердің қорытындысын немесе олардың «салдарын» алдын-ала байқауға да қабілетсіз.

Айтарлықтай нәтижеге жетуге кедергі жасайтын, қол жетпейтін мақсатты алға қоюдың мағынасыздығы айдан анық. Сондықтан мақсат қою ережесін пайдалану, қойылған мақсатты іске асыруды тексеруге көмектесіп қана қоймайды, сол сияқты оны қосымша бағалау ережесінің барлығын аңғартады. Аталған қосымша бағалау ережесі мақсатты жүзеге асыру факторын, сол сияқты деңгейін немесе табысқа жету үшін жұмсалатын күшті (мақсатқа жету жолында қанша қаржы, жұмыс күші т.б. жабдықтар жұмсалғанын) бағалауға көмектеседі.

9-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік

2. Ұйымның сыртқы ортасы туралы түсінік

1. Ішкі айнымалылар- бұл ұйым ішіндегі оқиғалық факторлар. Көбінесе ішкі фактор жетекші өз жұмысында жеңетіндей "мәлімет" болып табылады. Конвейердегі жұмысқа байланысты бір қалыптылықпен шарлау, мысалы "Дженералт Моторс" құрайтын конвейрлер желілерінен бас тарту арқылы "мәліметтерді" жеңе алмайды, өйткені компанияға қауіп төнуі мүмкін. Конвейерден бас тартудың орнына жетекші оның жұмысшыларға жайсыз ықпалын мойындайды және өнімділігін төмендететін шаралар қолданады.

Жетекшінің назар аударуын талап ететін ұйым ішіндегі басты айнымалылар - мақсаттар, құрылым, міндеттер, технология және адамдар, сонымен қатар капитал (негізгі қорлар) материалдар, мысалы материалдың үздіксіз ағымы.

Алдымен біз олардың негізгі сипаттамаларын, содан кейін олардың байланысын қарастырамыз. Менеджерге фирманың ішкі ортасы туралы ақпарат ішкі мүмкіндіктерді қойылған мақсаттарға жету үшін фирма бәсеке күресінде сүйене алатын потенциалын анықтауы қажет. Ішкі ортаның талдамасы, сонымен қатар ұйымның мақсаттары мен міндеттерін анықтау үшін қажет. Өнімді өндіруге басқа ұйым мүмкіндік беріп не қамтамасыз етсе, олардың өміріне белгілі бір әлеуметтік жағдайлар жасайды.

Мақсаттар. Мақсат - тәжірибеге қызмет ету барысында ойдағы нәтижеге жетудің нақты соңғы жағдайы.

Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін. Біріншіден бұл ұйымның әр түрлі типтеріне байланысты. Екіншіден, егер ұйымдар ірі болса, онда көп мақсаттар болады, мысалы, пайда алу үшін мақсаттарды нарық үлесіне, жаңа өнім шығаруда, қызмет көрсету саласында және т.б. сияқты аумақтарда құру керек. Бөлім мақсаттары, мысалы: қаржылың бөлімнің мақсаттары несиелік шығынды сатып алу саласынан 1 пайызға дейін қысқарта алады т.б. аумақта құру керек.

Ұйым құрылымы бұл ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жетуіне көмектесетін формадағы деңгейлердің, басқару және функционалды аумақтардың логикалық өзара байланыстары. Функционалды аумақ түсінігі бөлімнің ұйым үшін орындайтын жұмысына қатысты, мысалы, маркетинг, өндіріс, қызмет шілерді өндіру немесе қаржыны жоспарлау.

Еңбек мамандарын бөлу - берілген жұмысты мамандарға, яғни ұйымның көзқарасы бойынша кім жақсы орындайтынын ескеріп бекіту.

Басқару көлемі бір жетекшіге бағынушылар саны бақылау сферасын құрайды:

• егер бір жетекшіге адамның көп көлемі бағынса бақылау дың кең сферасы болады;

• бақылау дың тар сферасында жетекшіге адамдардың аз көлемі бағынады.

Біріктірудің қажеттілігі - жұмыс көлденең және тік бөлінген кезде, егер басқарушы механизм формасын құрмаса, адамдар бірге жұмыс істей алмайды.

Адамдар (еңбек ресурстары) - бұл адамдар тобы, қызметші ұйымдар, басқарушылар, бағынушылар, құрылым, потенциал, біліктілік, жұмысшының көлемдік құрамы, еңбек өнімділігі, кадрлар ағымдылығы, жұмыс күшінің құны, жұмысшылардың қызығушылықтары мен тұтынушылар.

Адам қоғамда және жұмыста өзін қалай ұстайтыны — тұлғаның сипаттамаларының және сыртқы ортаның сәйкестігінің күрделі салдары.

Нақты потенциалды сипаттамалардың саны шексіз қабілеттер (потенциал, дарын, қажеттілік, күту, қабылдау, қарым-қатынас, құндылықтар), екі адамның бір жағдайда өздерін бірдей ұстағанда ықтималдың нөлге тең болады.

Тұлғаға және іс-әрекетке сыртқы ортаның ықпалы:топтар, лидерлік.

Технология - төртінші маңызды ішкі айнымалы, құрылуды жүзеге асыруға көмектесетін амал болып табылады. Бұл айнымалының басқару ықпалы технологияда үш ірі бекітім сөздермен анықталады: стандартталудың өнеркәсіптік революциясы және механизациясы, кон-вейерлі құру желілерінің стандартталуы мен механизациясын құрау, стандарттау идеясы.

Вудворд бойынша технологияның жіктелуі.Джоан Вудворд - Британдық басқарушы зерттеушісі. Өндіріс фирмасын игеру барысында ол өндіріс фирмасының барлық технологияларын үш топқа бөлуге болатынын тапты:

• Бірлік, ұсақ сериялық немесе жеке өндіріс;

• Стандартты жабдықтар мен құраудың конвейерлік амалдарын қолданумен, механизациямен сипатталатын массалық ірі сериялық өндіріс;

• Үздіксіз өндіріс - үлкен көлемдегі өнімді шығару үшін тәулік бойы өндіріс үшін жұмыс істейтін автоматтандырылған жабдықтар.

Томсонның технологиялық жіктеуі.Әлеуметтанушы және теоретик Джейм Томсон технологияны жіктеуді және келесі жүйеге қайшы келмейтін жүйені ойлап тапты. Оның ойынша технологияларды мынадай категорияларға бөлуге болады:

• Көп звенолы технологиялар:желілерді құрау, жинау.

• Делдалдық технологиялар: бөлектік іс, онда басқарушы қызметшілерімен сирек кездеседі, телекоммуникациялар абоненттер арасындағы делдал ретінде болады және т.б.

• Қарқынды технологиялар: нақты бір материалда белгілі бір өзгерістер жасайды, мысалы, фильмді құрастыру.

Көбінесе Вудвор өнеркөсіптік кесіпорындар технологиясымен шұғылданса, ал Томсонды ұйымның барлық түрі қызықтырады.

Міндет - алдын ала бекітілген амалмен алдын ала келісілген мерзімде орындалуға тиіс жұмыстың бөлігі немесе жұмыстың сериясы. Егер жұмыс осы амалмен, осы мерзімде ұйғарылғандай орындалса, ұйым сәтті қызмет етеді. Міндеттің сипаттамалары міндет адамдармен, ақпаратпен байланысты болуға тиіс аныңталады. Міндеттер және мамандық.

2. Ұйымның сыртқы ортасы ұйымның ішіндегі қабылданатын шешімдерден немесе ұйым қызметінің нәтижелерін тұтынушысы болып табылатын топтар, құрылтайлар немесе жеке адамдардан тұрады. Сыртқы ортаның факторлары мыналар: экономикалық, саяси, нарықтың тех-нологиялың, халықаралық, бәсеке, әлеуметтік факторлар.

Ұйымның сыртқы ортасы мынадай элементтерден тұрады: стратегиялық қайта құрау, мақсаттарды өзгерту. Маңызды сипаттамасы - сыртқы ортаны өзгерту дәрежесі. Ол қызметтің түр ерекшелігіне, ҒТР дамуының деңгейіне, саяси жүйеге байланысты.

Қазіргі менеджмент ұйымда болып жатқан процестерді бірінші кезекте сыртқы ортамен, екінші кезекте ішкі ортамен байланыстырады деп есептейді. Сыртқы орта ойын ережесін, ал ішкі орта жетістік немесе сәтсіздікті анықтайды. Ішкі орта: мақсат, құрылым, міндеттер, технология және алымдар.

Ұйымның сыртқы ортасына байланысты міндеттер:

• Ұйым ашық жүйе ретінде сыртқы ортаға ресурстар, кадрлар, энергия, тұтынушылар мен жабдықтаушылар бойынша тәуелді болғандықтан, менеджерлерге ұйымнан тыс факторлар қозғалысын ескеру қажет;

• Менеджерлерге ұйымына әсер ететін айналадағы факторларды анықтап алуы және сыртқы ықпалға бейімділік амалдары мен әдістерін таңдайалу керек;

• Ұйым өміршеңдігі үшін және тиімділігін сақтау үшін ортаға бейімделуге мәжбүр.

Сыртқы ортаның басты, сипаттары

Сыртқы орта факторларының өзара байланысы - бұл бір фактордың өзгерісі басқа факторларға әсер ететін күш деңгейі. Ортаның қандай да бір факторының өзгерісі басқа факторлардың өзгерісіне әкеле алады.

Сыртқы ортаның күрделілігі - ұйымның бейімділікке міндетті факторлар саны, сонымен қатар факторлардың түрлену деңгейі.

Ортаның өзгерісі - бұл ұйым айналасындағы өзгерістің жылдамдығы. Сыртқы ортаның өзгермелілігі ұйымның бір бөлігіне жоғары, басқалары үшін төмен болуы мүмкін. Жоғары өзгермелі ортада ұйым немесе бөлім тиімді шешімдер қабылдау үшін неғұрлым әр түрлі ақпаратқа сүйенуі қажет.

Сыртқы ортаның анық еместігі - ұйымда бар орта туралы ақпараттың көлемі және осы ақпараттың нақтылығына сену. Сыртқы орта неғұрлым анық болса, соғұрлым тиімді шешімдер қабылдау күрделі.

Сыртқы орта тікелей және жанама ықпалдар ортасында бөлінеді.

Тікелей ықпалдың ортасы:

• Клиенттер- өңдеу және қызмет көрсететін тұтынушылар ұйымының өмір сүруі мен дамуына ықпал ететін ұйымның басты тобы. Мақсаттар, құрылым клиенттердің қажеттіліктерін, мәселелерін сипаттауы керек және сол қажеттіліктердің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету керек.

• Жабдықтаушылар- ұйымның мақсаттарына жетуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етушілер. Ресурстардың қолда барлығы мен бағасы ұйымның қызметіне ықпал етеді, міндеттер мен жоспарды жасағанда ес-керіледі. Жабдықтаушылармен, энергиямен және т.б. жұмысты ұйымдастыру.

• Бәсекелестер- бәсеке ұйымның еркіндігін шектеу арқылы ұйымның мақсатына, құрылымына, басқару әдістеріне ықпал етеді.

• Мемлекет, заңдар, өкілеттілікқұрылтайлар "ойын ережелері" арқылы бекітеді, заңдардың көмегімен ұйым қызметіне ықпал етеді, мысалы: 4 шілде 1992жылғы "Шағын кәсіпкерді қолдау және қорғау туралы", 11мау-сым 1991жылғы "Монополиялық қызметтің бәсекесінің дамуы мен шектеулігі туралы", "Толық және шектеулі жауапкершілік серіктестік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары "Қазаңстан Республикасының салық кодексі", әр түрлі өзгерістер мен заңдылықтар актілеріне толықтырулар; 9 маусым 1998жылғы "Жағымсыз бәсеке туралы", 5 қараша 1995 жылғы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу туралы", жыл сайын бекітілетін Заңдар "Республикалық бюджеттер туралы", "Шағын және орта бизнестің дамуы туралы", "Мемлекеттік көсіпорындар туралы" "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" және т.б.

• Қаржылық ұйымдар:салық комитеттері, қаржылық органдар, қаржылық бақылау органдары.

Оқу орындары.Жоғарғы білікті мамандар дайындау, компьютер-лерді білу, халықаралық және мемлекеттік тілдерді білу және т.б.

• Еңбек ресурстарының көздері

• Қылмыстық құрылымдар

• Маманды одақтар (профсоюз)

Жанама ықпалдың басты факторлары:

Демографиялық факторлар.Демографиялық орта жер шарының біртұтас әлемдік нарыққа айналуымен сипатталады. Демографиялық ортада әлемдік демографиялық жарылыс жүріп жатыр. Егер 1981 жылы жердің жалпы тұрғындарының көлемі 4,5 млр. Адам болса, қазір ол 5 млрд. адамға артық. 2000 жылғы болжаған көлем-60 млрд. адам, тұрғындардың өсуімен қатар тауар нарықтарының параметрлеріне ықпал ететін тұтынушылар өседі.

Қазақстанда тұрғындардың саны белгілі бір факторлардың ықпалымен төмендеуде. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауында "Қазақстан-2030" айтылады: "Кез келген көзқарас жағынан әлсіз жақ демографиялық өсудің көшуі 1992 жылдан бастап алғашқы соғыстан кейінгі 50 жылда біздің тұрғындар қысқара бастады.

Статистика бойынша 1993 жылдың басында тұрғындар саны 18 млн. адамды құраса, 1997 жылы 16,5 млн. адамды құраған. Бұл ең алдымен экономика, игілік деңгейінің, туу көлемінің төмендеуімен байланысты. Туу-дың төмендеуі балаларға арналған тауар шығаратын барлық фирмалардың қызметіне ықпал етеді және өзінің стратегиясын қайта құруға мәжбүр етеді. Сонымен бірге бұл фактор қызмет көрсету сферасының дамуына әсерін тигізеді.

Қазақстандағы туудың төмендеуімен бірге тұрғындардың қартаюы жүріп жатыр. Өмірдің орташа ұзақтығы қысқарып жас және жасөспірім саны төмендеуде.

Сонымен қатар Қазақстанда миграциялық ағынның жоғары қарқынды бақылауы 1989 жылдың өзінде республикада миграцияның теріс сальдосы 93,4 мың адамды құрады. 1994жылы республикадан 410 мың адам қоныс аударды, 1996жылы - 175,5 мың адам. Өндіріс салдарынан экономикалық жағдайындағы қызметшілер санының өсуі өзгеруде. Нарықтық қатынастарға өтумен бірге сауда мен қызмет көрсету сферасында коммерциялық-кә-сіпкерлік қызмет тегі жұмыстар саны өсуде. Нарықты игеру мен болжамды анықтауда болашақта белгіленген демографиялық өзгерістер маңызды болып табылады. Фирма демографиялық қарқынды жан-жақты игеріп, өзінің қызметіндегі олардың ықпалын дәл анықтай алатын экономикалық жағдайды анықтай алуы керек.

• Экономикалық жағдай. Экономикалық жағдай ресурстардың құнын және тұтынушылардың сатып алу қабілетін анықтайды. Техниканың, технологияның деңгейі мен шаруашылық тәжірибедегі экономикалық фак-торларға мыналар жатады: өндіріс пен қызмет көрсетудің құрылымы мен мақсаттары, тұтынушылардың сатып алу қабілеті, әр тұрғынның табысы, баға, инфляция деңгейі, жинақ несиеге қол жететіндік, жұмыссыздың және т.б. Сатып алушының қабілеті өндірістің құлдырауы мен экономикалық дағдарыстарда сипатталады. Жетекшілер сұраныстың төлем қабілеттеріне, өндіріс пен тауарлық ресурстардың ұсыныс тәуелділігіне, табыс көлеміне және олардың қоғамдағы бөліну сипатына назар аударулары қажет. Қазақстанның саясаттанушы мен әлеуметтанушылардың мәліметтерінде қазіргі уақытта кедей тұрғындардың үлесі 70% -ды құрайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: