double arrow

Исторические предпосылки и проблемы внедрения стратегического планирования 5 страница

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.

ХХ ғасырдың 90-is жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгереді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б) «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімнің жоғалтпайтындай етіп басқару керек;

г) лауазымға істі кәсібі түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджметті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсібі дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.

Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.Ғ. Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993 ж.) кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994 ж.), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001 ж.) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.

Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Каренов Р.С. зерттеді. Одан басқа «Өндірістік менеджмент» (1996 ж.), «Инновациялық менеджмент» (1997 ж.) деген еңбектері бар. Ол «Кадрлық менеджмент (2001 ж.) атты еңбектерінде нарықтық экономика жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдрешевтің «Кәсіпорынның өндірістік менеджменті (2001 ж.) кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюнктура жағдайында қаржы менеджерінің ролі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.

Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсібі білімі мен басқару ойынның дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Менеджменттің біртұтас қағидасы жоқ. Бизнес пен менеджмент бойынша білім жүйесінің үш негізгі орталығы бар:

1. АҚШ. Дүние жүзіндегі басқару инфрақұрылымы ең ірі ел. Тіркелген бизнес мектебінің американдық университеттер ассамблеясынан сертификаты, бизнес пен басқару облыстарында 1300-ден жоғары бағдарламалары, оның ішінде 600 бизнес мектебі бар. 10 мыңнан астам кеңестік фирмалар қызмет етеді, 70 периодикалық шығармалар бар, 10 мыңнан астам шығармалар басқару мен бизнес бойынша әдебиеттермен негізделген. Бизнестің үш сатылы білім жүйесі құрылды: бакалавр, магистр, философия докторы.

2. Батыс Еуропа. Еуропада менеджерлерді дайындаудың 300 орталығы бар. Магистрлік бағдарламалар дамыған. Әлеуметтік, өндірістік пәндерді, бизнес пен басқару аспектілерінің халықаралық және сақтандыруды игеруге ерекше мән беріледі.

3. Жапония. Жапонияда тек қана 3 бизнес мектебі бар. Жетекшілерді фирманың өзі бизнестің әр түрлі аспектілерінің ерекшелігін білу үшін, фирманы игеру үшін жоспарлы түрде міндеттерге ауыстыру арқылы "тәжірибе арқылы оқыту" қағидасы негізінде дайындайды. Жапондьқ фирмаларда барлығы оқиды, жауапкершілік бөлімше жетекшісіне жүктеледі. "Өмірлік жалдау жүйесі" дамыған.

Қазақстандық және шетелдік менеджменттің негізгі айырмашылықтары:

1. Сыртқы орта (тарихи дамуға байланысты ерекшеліктер күші);

2. Халық менталитеті (көзқарастар, әдеттер, психология, адамгершілік деңгейі).

Осыдан барып төтендегі айырмашылықтар болады:

• Басқаруға тән әдісі. АҚШ-та және Батыс Еуропада экономикалық, өміршілдік және әлеуметті-психологиялың әдіс тән болса, Қазақстанда демократиялық, эконо-микалық және аздаған әлеуметті-психологиялық әдіске негізделген.

• Жетекшілікке тән стил. АҚШ-та және Батыс Еуропада кеңестік-демократиялық немесе игілікті-авторитарлық, Қазақстанда демократиялық немесе игілікті-авторитарлық стиль тән. Жапония қатысуға немесе кеңесік-демократиялыққа негізделген.

• Менеджерлердің басқару шешімінің түрін игеру. АҚШ-та және Батыс Еуропада істе немесе адамдарда (немесе екеуінде де), Жапонияда адамдарда және істе қаралады.

• Басқару шешімдеріне тән әдіс. АҚШ-та және Батыс Еуропада біртұтас кеңестік немесе ымыра, Қазақстанда біртұтас кеңестік немесе ымыра. Жапонияда кеңестік немесе ымыра басқару шешіміне тән әдіс болып табылады.

• Басқару шешімдерінің құрылымы. АҚШ-та және Батыс Еуропада - дайындық және орындаудың ұзақ фазасы, Қазақстанда өте қысқа, өте ұзақ орындау фазасы саналады. Ойдағыдай болмай қалған сәттегі пікір: "жақсы шьқсын дедік, алайда әдеттегідей болды". Жапония-да дайындыңтың ұзаң, орындаудың ңысңа фазасы не-гізге алынады.

• Еңбекке ыңғайлау процесі ретінде мотивацияға тән әдіс. АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды экономикалық жөне материалдық емес ынталандырулар арқылы мотивациялау. Қазақстанда жұмысшыларды экономикалық, материалдық емес ынталандырулармен мотивациялау және мотивацияның болмауы, Жапонияда фирмаға жұмысты мотивациялау. Корпоративті сананы құру әдістері қолданылады.

•Жоспарлау. АҚШ-та және Батыс Еуропада ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға ынта қою, Қазақстанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы жұмыс жасау, Жапонияда тиянақты стратегияльқ және тактикалық жоспарлау.

• Өндірістің демократизациясы. АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқаруға шамалап тарту, Қазақстанда басқаруға шамалап тарту, Жапонияда жұмысшыларды басқаруға активті тарту.

• Басқару шешімдерінің автоматизациясы. АҚШ-та және Батыс Еуропада - жоғары және өте жоғары, Қазақстанда төмен, Жапонияда өте жоғары және жоғары.

• Ұйым мәдениеті. АҚШ-та және Батыс Еуропада -жоғары. Қазақстанда — орташа. Жапонияда — жоғары.

• Жоғары басқарушылық міндетке тағайындау. АҚШ-та және Батыс Еуропада жоғары маманды квалификация және табысты жұмыстың тәжірибесі талап етіледі. Қазақстанда кез-келген басқарушылық міндетке жоғары маманды квалификация және табысты жұмыстың тәжірибесі талап етіледі. Жапонияда - міндетті түрде негізді жоғарғы білім болу керек, сонымен қатар жаңа ғылыми-тәжірибелік жұмысты қорғау нәтижесі ретіндегі дәреженің болуы қажет.

2. Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін ұйғарады. Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі мен осы өтпелі нақты жағдайға сәйкес келетін стандарттарды, әдет-дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.

Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:

- алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа экономикалық құрылым пайда болады, сонан кейін осы қатынас пен құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді.

- кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан реттеліп, белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын (нишасын) алуы керек;

- реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің айрықша жолмен қалыптасуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің айрықша қалыптасуына тән бір нәрсе - бұл айрықшалықтардың стратегиялық мінез-тәртібі шектеулі күйінде қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық ахуалдың µзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;

- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын көптеген кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан артық көрсетілетін әсері болып табылады (қызметкерлерді көбейтуге ұмтылыс). Кәсіпкерлік қызмет - мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:

1) нарықтық экономика субъектілерінің дербестігі. Ешкім де басқа біреуді кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына түрімен айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;

2) өндіріс факторларын қисындастыруға, инновацияға, жаңа енгізулерге негізделген бастамашылдығы (инициативность);

3) тәуекелдік;

4) пайданы жүйелі алуға бағытталғандығы;

5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.

Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны

«Кәсіпкер» терминін XVIII ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі Ришар Контальон енгізген болатын. Контальон кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теоретигі. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кәсіпкерлік қызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементін айтып кетті.

Кәсіпкер µзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа µнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.

Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.

«Кәсіпкер» және «менеджер» ұғымдары синоним болып табылмайтынын түсіну аса маңызды. Америкалық индустриянын негізін XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады. Олардың аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай). Дж. П. Морган (болат және банк ісі), Эндрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).

Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мыңдаған адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші рөлді ойнайды. Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономикасында маңызды орын алады.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді былайғы жүрт «өзгерістердің бекзадалары» деп атауы әдетке айналған.

Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері бас-көз болатын барлық кәсіпкерлерді менеджер деп атауға болады. Олардың кейбіреуі кәсіпорынды дамытудағы өзінің қызметінің тек бастапқы кезінде ғана емес, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді.

Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет-бейімі бола бермейді. Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті төмен болып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.

Белгілі болғандай, менеджменттің бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Тіпті, менеджердің еңбегіне қатысты көзқарастарда да бірауыздылық жоқ.

Бұл µзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан құрылымда істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғам да қаншалықты пайдалы болатынына қарамастан қандай да бір өзгерістерге қарсыласып бағады. Сондықтан да кәсіпкерліктің философиясы танымға және мәселелерді жете ұғынуға бағытталған.

Мысалы, АҚШ-та шағын және ұсақ кәсіпкерліктің үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы және шамамен 40% жұмысшы күшінің жиынтығы тиеді екен.

Кәсіпкерлік бастама (инициатива) алдын ала болжанған нәтиженің логикалық салдары болып табылады. Кәсіпкерлк бастамасыз ұтқыр идея мен «ең жоғары технология» автоматты тұрғыдан экономикалық жетістікке жеткізбейді. Маркус Валленберг (Швецияның банкирі, фабриканты және менеджері) «кәсіпкерлік - жаңа техниканың пайдаланылуына қойылатын негізгі талап» деген ойды айтыпты.

Дамушы елдердегі ең үлкен қиындықты табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі немесе техникалық-технологиялық ноу-хау деңгейінің төмендігі емес (бұлар сөзсіз шешуші рөл ойнайды), капиталдың жетіспеушілігі тудырып отыр. Бастапқы кезеңде кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін дәстүр мен саяси жүйенің жағдай тудыратын қолайлы атмосферасының болмауы да бұл істің бірден өркен жайып кетуіне кедергі болады.

Кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы

Мақсаттарды анықтап алу - мол табыстың көзі. Мақсаттарды анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристµтель де былай деп атап кетіпті: «игілік барлық жерде екі шарттың сақталуына қарай болады:

1) қандай да бір қызметтің түпкі мақсатын дұрыс белгілеу және

2) түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу».

Спиноза Барух (XVII ғ. нидерланд философы) мақсаттың рөлін «Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді. Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән;

• Шектеу - қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп тәсілдерін қабылдай алатын қабілет.

• Кµтермелеу және өндіріп алу жүйесі - шығармашылықты, бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп алу.

• Мәселе – қайталанбайтын, жаңа.

• Басшылық стилі - қатерлі әрекеттерді ұйғарады. Өзгерістерді жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру.

• Ұйымдық құрылым - икемді, құрылымы да өзгере алатындай болады. Қызмет мәселелерге қарай ұйымдастырылады,

• Баламаларды (альтернатив) бағалау - баламалар жиынынан ең жақсысы таңдап алынады.

• Тәуекелдікке қатынас - жасампаз тәуекелдік (созидательный риск). Тәуекелдік нұсқаларының жиынтығын теңгерімдеу.

Жалдамалы еңбек негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Барлық нарықтық экономикалы елдерде сан және сапа параметрлері бойынша айрықшаланатын сан алуан кәсіпкерлік фирмалар бар.

Негізгі сапалы параметрлерге фирма сүйенетін мұндай шектеудегі меншік типі жатады.

Кәсіпкерлік фирмалар меншік типтері бойынша аражіктері ажыратылып көрсетіледі:

- жеке фирмалар;

- жауапкершілігі шектеулі емес ұжымдық кәсіпорын;

- кәсіпорындардың бірлестігі;

- фирманың филиалдары мен өкілдіктері. Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері бойынша айрықшаланады. Мысалы:

- қызмет сипаты мен мазмұны бойынша;

- шығарылатын µнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр түрлілігімен;

- әр түрлі фирмалық одақтарға кіру тәсілдері бойынша;

- бәсекелестік күресті жүргізудің әдістері мен тәсілдері бойынша және т.б.

Кәсіпкерлік фирманы шектеудің негізгі сандық параметрлеріне мыналар жатады:

- қьпметкерлердің саны;

- капиталдың жылдық айналымы.

АҚШ-та қызметкерлердің сандық өлшеміне сәйкес мыналар бөлініп көрсетіледі:

- өте ұсақ кәсіпорын (10 адамнан көп емес);

- ұсақ кәсіпорын (20 адамнан көп болмайды);

- шағын кәсіпорын (99 адамнан артық болмайды);

- орташа кәсіпорын (500 адамнан көп емес);

- ірі кәсіпорын (500 адамнан көп).

Капиталдың жылдық айналымының µлшемі бойынша, мысалы, Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:

- ұсақ (жылдық айналым 25 мың маркіден көп емес);

- орташа және ірі (айналымы 25 мың маркіден де көп).

Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің (фирмалар, кәсіпорын. жеке кәсіпкерлер) тиімді іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпкерлік дербес қызмет ретінде субъектілердің қызметін өз бетінше еркін жүзеге асыруын ұйғарды:

- кәсіпкерлік қызмет түрлері мен салаларын таңдау арқылы;

- осы қызметтердің бағыттары мен әдістерін таңдау арқылы;

- шаруашылық шешімдерді қабылдаумен және оларды жүзеге асыратын құралдарды таңдау арқылы;

- өндірістік бағдарламаны қалыптастырумен, µнім мен қызмет көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді таңдау арқылы;

- өткізудің арналары мен әдістерін таңдаумен;

- еңбекақы жүйесін және мөлшеріп белгілеу арқылы;

- өнім мен көрсетілетін қызметтің тарифтері мен баға деңгейін белгілеумен;

- салықтық тµлемін және басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданы (табысты) иеленумен. Кәсіпкерлерге мыналар тән:

- қызмет салаларын кәсіби тұрғыдан меңгеру;

- нақты басқару білімдеріне ие және өндіріс, өткізу мен маркетингтік қызмет тәжірибесі болады;

- ресурстар мен қаржылық қаражатты қажет ететін нарықтағы жағдайды және өз мүмкіндіктерін дәл бағалай алады;

- экономикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуі құзіреттілігі, іскерлік мәдениеті, нақты әдет-дағдысының (машығы мен тәжірибесі) болуы;

- өндірісті ұйымдастыра білуі және мақсатқа жетіп, пайда алу үшін тәуекелге бел буып, әрекет ету;

- нарықтың мүмкіндіктері мен жаңашыл идеяларды талдап, пайдалана білуі.

Кәсіпкерліктің мәні нарықтағы болжауға келмейтін белгісіз жағдайында капитал, мүлік, патенттік кұқық және басқа ресурстар түріндегі меншікті тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін тауып, осы мүмкіндіктерді нақты іс жүзіне асыруға қол жеткізу болып табылады.

Кәсіпкерлік тәуелділік. Бұл ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерлік фирмалардың жетістік (немесе сәтсіздік) деңгейін бейнелейтін объективті категория. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер жетістікке жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін шешімдерді жиі қабылдауына тура келеді.

Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды қамтиды.

Ахуалдың болжамсыздығы (белгісіздігі) былайша анықталады: фирманың қызметі мінез-құлықтары шамамен дәл анықтала бермейтін кµптеген өзгерістерге, контрагенттерге және тұлғаларға тәуелді.

Кәсіпкерлік қатерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.

1. Тәуекелдік пайда болу табиғаты бойынша былай жіктелмек:

а) меншік шаруашылығы;

ә) кәсіпкерліктің жеке тұлғасына байланысты;

б) табиғи факторлармен себептес.

2. Пайда болу себебі бойынша тәуекелдікті мынадай салдармен бөліп көрсету мақсатқа лайықты:

а) болашақтың болжауға келмейтіні;

ә) серіктестің мінезінің жұмбақ болуы;

б) ақпараттың жеткіліксіздігі.

3. Сақтандырылу мүмкіндігі бойынша кәсіпкерлік тәуекелдікті былай жіктеуге болады: а) сақтандырылатын; ә) сақтандырылмайтын.

4. Кәсіпкерлік мәселені шешу кезеңдеріне қарай қатер мыналарда пайда болады: а) шешім қабылдауда; ә) шешімді жүзеге асыруда.

5. Фирмаға ықпал ететін әсердің ұзақтығы бойынша: а) қысқа мерзімді; э) ұзақ мерзімді.

6. Болжамды нәтижелер бойынша тәуекелдік былай жіктеледі: а) алыпсатарлық; ә) жай.

7. пайда болу саласы бойынша:

а) сыртқы;

б) ішкі.

8. Аукымы бойынша: а) қысқа (тұжырымды); ә) ғаламдық.

9. Ұйғарылу деңгейі бойынша:

а) ұйғарымды; ә) қиын; б) апатты.

Тәуекелдіктің түрлері:

- саяси;

- экономикалық;

- техникалық.

Экономикалық қатер мына тәуекелдіктерді қамтиды: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, инвсстициялық, ақпараттық және т.б..


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями: