Лекция-5. Саяси субьектілері 6 страница

6. барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының бағдарламаларын азаматтық институттардың бекітуін қамтамасыз ету.

Қоғамның бюрократиялануын жою үшін мынадай тетіктерді жетілдіру қажет деп санаймыз:

1. демократияның дамуы, жариялық процестері мен конструктивті сынның жаппайға айналуы;

2. қызметкерлердің жалақысының, карьерасының, қоғамдағы жағдайының оның қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді болуы;

3. шаруашылық механизміні, нарықтық қатынас жүйесін жетілдіру;

4. өкілділік билік ұйымдарын демокартияландыру және атқарушы билікке ықпалын күшейту;

5. заңдық жауапкершілік, бюрократтарды заң бойынша жауапқа тарту ережесін ендіру.

Брюрократияның өмір сүруі кәсіби адамдар топтары, басқарушылық қызметпен айналысатын - бұл қалыпты, жағымды процесс. Бюрократизм жағымсыз, аномальді құбылыс ретінде қалыптаса бастауы, ол бюрократияның анық нақты көрініс беруі.

«Биліктің бөліну» жүйесіндегі заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің өзара қатынасы. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.

Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау жасайды.      

Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.

Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшін жояды.

Құкықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары. Қазақстандағы құкықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелері. Азаматтық коғам концепциялары. Азаматтық қоғам мәні және белгілері. Мемлекег пен азаматтық коғамның өзара байланысы. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары.

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген. 

Лекция-9. Саяси партиялар және партиялық жүйелер,

қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

1 Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері.

2 Саяси партиялардың пайда болуы, қалыптасу шарттары және эволюңияеы. Саяси партиялардың жіктелуі. Билік катынас жүйесіңдегі саяси партиялар, саяси партиялардың мемлекеттік механизмдермен өзара әрекеттесуі. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі. Қазақстандық партиялық жүйелердің даму урдістері және ерекшеліктері.

3 Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.

4 Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары.

Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері. Партия ұғымы латынның «pars» деген сөзiнен шыққан, ол бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi. Неміс ғалымы М. Вебер саяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін атап өткен:

·  аристократиялық үйірмелер;

·  саяси клубтар;

·  көпшілік партиялар.

М. Вебер саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi бойынша қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп алуына, белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке артықшылықтарды иеленуіне қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым деп анықтама берген болатын.

Сонымен, саяси партия дегеніміз саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.

Саяси партияның негiзгi белгiлерi:

¨ белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;

¨ адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ мерзiмдiк, ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi бойынша құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн);

¨ билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын ұстануы;

¨ саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн бiлдiруi немесе қорғауы.

Саяси партияның құрылымы:

¨ партиялық аппарат;

¨ қатардағы мүшелерi;

¨ партия жақтаушылары.

Саяси партияның қызметтерi:

¨ билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау;

¨ үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу, анықтау, жинақтау;

¨ үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және топтастыру;

¨ партиялық идеологияны, қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу;

¨ қоғамда саяси тәрбие жүргiзу;

¨ партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi қоғамдық ұйымдарға кадрлар даярлау және ұсыну.

Саяси партия қалыптасуына керi ықпал ететiн факторларға:

1 партиялардың әлеуметтiк базасының шектеулiлiгi;

2 партиялардың саяси саланы түсiнуiнiң тарлығы;

3 партиялардың қаржы тапшылығы жатады.

2 Саяси партия типологиясы. Саясаттану ғылымында саяси партиялар жiктемесi көптеп кездеседi. Мәселен, марксистер жiктеудiң негiзгi өлшемi ретiнде партияның таптық табиғатын алады, институттық тұрғыны жақтаушылар ұйымдық-құрылымдық өлшемдi алады, функционалистер партияның ең басым және орындау мүмкiндiгi бар қызметiн негiзге алады, либералдық бағыт партияның идеологиялық және саяси сипатының маңыздылығын айтады.

Саясаттану ғылымында М. Дюверженiң саяси партия концепциясы классикалық деп танылған. Ол партияны кадрлық және бұқаралық деп екiге бөледі.

 Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы мен принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның негiзгi қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Партияның негiзгi мақсаты көп мүшелердi иелену. Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты емес, жергiлiктi ұйымдарының дербестiгi басым, депутаттық фракция басқа депутаттардан тәуелсiз болады. Кадрлық партияға АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар жатады.

Бұқаралық партияға европалық барлық социалистiк, христиандық-демократиялық, коммунистiк, ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке ие. Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды бiртұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып, жеңiске оңай жетедi.

Дж. Сартори саяси партияның мынадай типологиясын ұсынады:

1 парламенттiк-электораттық партия;

2 ұйымдық-бұқаралық партия;

3 электораттық-бұқаралық партия.

Саясаттану ғылымында саяси партияның мынадай типологиялары да кездеседi:

1 әлеуметтiк ақиқаттылыққа қатынасына қарай: революциялық, реформистiк, реакционерлiк, консервативтi;

2 идеологиялық бағытына қарай: социал-демократиялық, коммунистiк, либералды, консервативтi, дiни, монархиялық, ұлттық, фашистiк;

3 саяси билiкке қатысуына қарай: билеушi, оппозициялық, жария, жартылайжария, жасырын;

4 саяси темпераментiне қарай: оңшыл, центристiк, солшыл.

3 Партиялық жүйелердiң мәнi. ХІХ ғасырдың екiншi жартысында және ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Европа мен АҚШ-та көппартиялық, екiпартиялық, бiрпартиялық жүйелер қалыптасты. Бұл елдердегi саяси өмiр мiндеттi түрде партиялармен байланысты болды. Саяси жүйеде партиялар бара-бара шешушi рөл атқара бастады. ХlХ ғасырда партиялар саяси күрестiң идеологиялық формасын иелене бастады, сондықтан да партиялар белгiлi бiр идеяларды алып жүрушi болып табылды. Демократия – бұл саяси партия қызметiнiң, құрылуының жемiсi. Демократия партиялық қолдаусыз мүмкiн емес:

· олар парламент қызметiне қатысады.

· парламентте партиялар өздерiнiң саяси курсын ұсынады және қорғайды.

· партия парламенттiк деңгейде шешiм қабылдауға қатысады, бұл партияның күшiн сынау болып табылады.

· партия сайлауға қатысады, саяси бейжайлықпен күреседi, ел үшiн саяси басымдылықтарды анықтайды.

· саяси партиялардың көптiгi сайлаушыларға таңдау мүмкiндiгiн тудырады, билiкке таза бәсекеде жеңiске жету мүмкiндiгiн тудырады.

Партиялық жүйелер партиялардың санына қарай бiрпартиялық, екiпартиялық, көппартиялық болып бөлiнедi (М. Дюверже).

Көппартиялық жүйе (мультипартизм). Батыс Европаның көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.

Екiпартиялық жүйе (бипартизм). Көптеген саясаттанушылар саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi. Парламентке сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Бұл партия шешiмi бiршама нақты және тиiмдi. Екi партиялық жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық жүйесi.

Бiрпартиялық жүйе (монопартизм).Бiрпартиялық жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.

Бiрпартиялық жүйенiң қалыптасу белгiлi бiр әлеуметтiк-тарихи себептерге және сол партия алға қойып отырған мақсаттарға да байланысты. Мысалы, КСРО-дағы коммунистiк партия мен Германиядағы национал-социалистiк партия. Дегенмен, кейбiр ойшылдардың айтуы бойынша белгiлi бiр тарихи кезеңде бiрпартиялық жүйе үлкен жетiстiкке де алып келедi.

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.

Қазақстандағы «Саяси партиялар туралы» бірінші заң 1996 жылы 2 шілдеде қабылданған болатын. Қазақстандағы саяси өзгерістерге және демократиялық қоғам орнату талаптарына сәйкес Парламент 2002 жылдың 15 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды.

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйе қалыптасуын қазақстандық саясаттанушы ғалым М. Машан мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді:

1 1986 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басы (ресми емес бiрлестiктердiң қалыптасуы);

2 1990 жыл мен 1991 жыл тамыз (партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы);

3 1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары (КПСС таратылуы, КСРО-ның тарауы, тәуелсiз ҚР құрылуы, саяси партиялардың тiркеуден өтуi, азаматтардың саяси белсендiлiгiнiң артуы);

4 1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызы (бiрiншi қабылданған ҚР Конституциясынан жаңа Конституциясына дейiн);

5 1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шiлдесi (жаңа қабылданған ҚР Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейiнгi кезең);

6 1996 жылдың шiлдесiне 2002 жылдың қыркүйегiне дейiнгi кезең.

7 жаңадан ҚР саяси партиялар туралы Заңының қабылдануы (2002 жыл 19 қыркүйек).

Қазақстан Республикасындағы саяси өмiр мен азаматтық қоғамның қалыптасу процесi демократияландырудың заңдылықтарының сақталынып отырғандылығын көрсеттi. Дегенмен мынадай қиындықтар да кездесуде:

1 көппартиялық жүйенiң жылдам және аз уақытта қалыптасуы;

2 өтпелi қоғамдағы саяси факторлардың жетекшiлiк рөлi реформаның жоғарыдан жасалынуына байланысты болуы.

3 қоғамның саяси жүйесінде қайшылықтың барлығымен байланысты.

Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі. Қоғамдық Ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуы, белгiлерi мен қызметтерi. Қоғам мүшелерiнiң белгiлi бiр тобының мүддесiн бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке кiрген, оған материалдық көмек көрсететiн өзiн-өзi басқаратын адамдардың бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олардың қоғамдық мәртебесi мемлекеттiк заңда және өзiнiндiк жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ, Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: