Баяндамалар мен рефераттар 13 страница

Экзистенциядағы «шынайы болмыс» уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан, басқадай нәтиженің қалыптасуы. Сондықтан олар физикалық уақыт (секунд, минут, сағат) туралы емес, оқиғалар уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан оқиғалардан (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс істеу, қызықты кездесулер, т. б.) тұрады. Экзистенциалдық уақыт - жеке бастың сипатында болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-қасірет, таңдау мен жауапкершілік. Былайша айтқанда ол ─ тағдыр. Экзистенциализмнің онтологиялық тұжырымдамасының мәні: болмыс пен уақыттың арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен уақыт» бір-бірін анықтайды дейді.

Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы және одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз. Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағдай» категориясының рөлі зор. Ясперс: «тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін» (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады ─ дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзілуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады.

Мұндай танымды түсіну, діни және атеистік экзистенциализмге де тән. Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. Мысалы, Авраамның таңдауын алайық. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-дүниесі күйзеліске түседі: сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. «Жеке адам өзін-өзі іске асыруы тиіс»- дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім (құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: «Экзистенциализм - оптимизм, әрекет туралы ілім»,- деп жазады ол.

Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ─ ең бір негізгі ерекшелік болып саналады. Таңдау бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау мүмкіндігі әр адамның о бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек етсе. Ал, бостандық - адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде ─ бұл ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі өмірдің арғы жағына тарайды Яғни, эсхатологиялық мәні бар, бостандық ─ өмірден де жоғары қойылады.

Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан алшақ болуы және оның әсерінен қашуы керек дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып «шынайы шындық”, «Мен»-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып, аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады

Структурализм - (лат structura - құрылым) объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кезкелген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам-субъект” және оның бостандығы деген қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Бостандық тек қана фикция, ол тірі және өлі дүниедегі жалпы құрылымдарға тәуелді, әлеуметтік және мәдени өмірдің бос қияли жемісі деп санайды. Құрылымдық біртіндеп лингвистикалық әдіс болып қалыптасып, тіл мәселесімен айналысты. Бұл әдістің жан-жақты тарауы, оны философиялық пайымдау, оның әлеуметтік-саяси және мәдени оқиғаларға араласуы, сынау және өзіндік сынау арқылы структурализмді постструктурализмге жеткізді.

.Постструктурализм -ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында дамыған әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі структурализмнің «екінші толқынын» сынау мен қиындығын жеңу барысында қалыптасқан плюралистік бағыт. Структурализмдегі бинарлық (екі бөлімнен, екі компонентен тұру) және иерархиалық түсініктер постструктурализм мен постмодернизмде қандай болмасын бірлікке негізделінбеген көпттік ұғыммен ауыстырылады. Ол Ж.Делез бен Ф. Гваттридің «Кафке» (1974) еңбегінде енгізілген «Ризома» терминінде анық көрінеді. Ризома (гр.rihiza –тамыр) тармақталынған тамырлық жүйенің көптеген «түйінін» білдіреді. Олардың пікірінше «ризома» нақтылықты бейнелеуде құрылым ұғымынан гөрі қолайлы және жеке элементтердің қатал иерархиясын жояды. Дәстүрлі таным теориясындағы негізгі метафора «ағаш» (онда орталық бағана және одан жан-жаққа тарайтын бұтақтардың барын жорамалайды) болса, метафора ризома орталық тамыры жоқ, өте күрделі өз-ара байланыстағы бұтақшалар мен олардың шексіз көптеген басқа қосымша бұтақша мен балауса бұтақтарға тамыр болып қызмет атқара алатындығын білдіреді. Бұл секілді әлем көрінісінде «орталық» және «шеткі аймақ (периферия)» өзінің мәнін жояды.

Постструктурализмнің негізгі ерекшелігі –децентрация, деконструкция, мәдениет тілін дискурсивтік талдауды мәдениет кеңістігінде мәтін мен мәнмәтіннен тұратын таңба жүйесі ретінде түсіндіру. Ж.Деррида бойынша: «ешнәрсе мәтіннен тыс өмір сүрмейді». Ж.Деррида орталықтандыруды сынап, мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсіндіріп, «Өзіндік референция» еңбегінде оның өрісін кеңейтті. «Қанша парадоксальді болғанымен, орталық құрылымның ішінде және сыртында орналасқан орталық ─ орталық емес».

Децентрация ─ бұл құрылымды (структураны) басқаратын орталықтың өзінің құрылымының болмауы, ол структураның ішінде және оның сыртында орналасқан. Ол экономикада - өндірістегі децентрация, мәдениетте - мәдениеттің тең құқығының, басқаға көңіл аударудың пайдасы үшін этноцентризмнен бас тартуы, т.б.

Ж.Деррида «деконструктивизм» деген интеллектуалдық қозғалысты тудырды, ол деконструкциядан шығатын түсіндірудің, мәтінді оқудың жаңа тәсіліне негізделеді. Деконструкция мәдениет пен философияны игерудегі еуропалық «метафизикаға» қарсы философиялық ұстаным, саяси стратегия, мәтінді оқу тәсілі, талдау әдісі ретінде қарала алады. Деконструкция жоққа шығару немесе бүлдіру емес, қайта тұрғызуды негіздеу мен іске асырудың жаңа бір талпынысы, ол үшін дискурсивті мақсатты ашып, түйіндерін шешу қажеттілігі туады.

М. Фуко постструктурализм мәселелерін қарастыруда, білімді әлеуметтік құрылымдау саласындағы зерттеулерінде өзінің «Сөздер мен заттар» еңбегінде көп үлес қосты. Еуропалық эпистемологияда (таным теориясы) ол үш эпистеманы (таным өрісі): қайта өрлеу, классикалық рационализм, қазіргі заман деп бөледі. Егер қайта өрлеуде тіл заттар ішіндегі зат ретінде болса, классикалық рационализмде (модернизм) тіл ойды жеткізетін құрал, қазіргі замандағы эпистемада тіл дербес күшке айналады.

Постструктализм өкілдері: Ж.Деррида, Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар,                       Ю. Кристева, М.Фуко – биліктің іске асу тәсілдерін анықтап оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыраңқылықты қарама–қарсы қоюды өз міндеттері деп таниды.

Философия енді ешбір онтологиялық, гносеологиялық мәселелерді шешпейді, адамның өмір сүруінің мәні туралы сұрақтары қойылмайды. Философия – интерпретация (талдап түсіндіру) формасы, ақыл-ой мәдениеттің әртүрлі салалары арасындағы интерпретациялық делдал.

«Постмодернизм»- «Қазіргі заман» ұғымына сай,  модерннен кейін деген француз сөзі. Постмодернизм әдетте жаңа дәуірдегі рационализм мен ағартушылық философиясының мәселелеріне қарсы тұратын философия. Постмодернизм ұғымы француз философы Ж.Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің арқасында жоғарғы мәртебеге ие болды. Постмодернизм термині 1917-1920 жылдары архитектурадағы стиль ретінде, ал 1960 жылы терең түсіндірілу негізінде ғылыми айналысқа енді.

Постмодернизм мәдениет, әдебиет, өнер, ғылым, техника, әлеуметтік-экономикалық, технологикалық және саяси саладағы біркелкілікті орнатады. Ал қатал логикалық жүйе ─ соңғы қорытынды, әртүрлі тұрақтылықты іздеу, беделдің алдында бас ию, құндылықты негізсіз енгізу, адамдар арасындағы келісімді міндетті етуге тырысу, ескірген этика мен моральді жоғары көтеруден бас тартып, адамды «тоталитарлық жүйеден» босатуға ұмтылады.

 Модерн мен постмодернизм арсындағы қайшылық көптеген пікірталастың тууына әкелді, оның ішінде әсіресе, Ю.Хабермас пен Ж-Ф. Лиотардың пікірталасы маңызды болды. Бұл пікірталасқа М.Фуко, Ж.Деррида мен Р.Рорти, т.б. қатысты. Қандай болғанда да олардың көбі ғылымның объективтілігі, мораль мен құқықтың әмбебаптылығы, өнердің автономиялығы, ғылыми прогресс, адамның азаттық ұраны ─ қанаудың әмбебаптық жүйесіне, адамның жатсынуына жеткізгенін мойындайды. Ж. Делез бен Ф.Гвартари қазіргі замандағы капитализм экономикасы мен өндіріс деңгейінде субъективтік тілек машинасын жасап, адамды, олардың құрылымдарын әлеуметтік винтиктеріне(тетіктеріне) айландырғанын анықтады.

Ж. Бодрийар өз еңбегінде қоғамдағы әлеуметтік кеңістіктегі жағдайды сипаттай отырып, оның ерекшелігінің дамуын «симулякр» және «симуляция» түсінігі арқылы көрсетеді. Симулякр дегеніміз көшірме немесе ұқсастық (үйлестік), түпнұсқаны ығыстырып, түпнұсқадан маңызды болады. Симулякр қазіргі заман мәдениетінде үстемдік етеді, ал оның репрезентациясы кино, теледидар, аспаздық, көңіл көтерудің көмегі арқылы іске асырылады. Олардың шиеленісуі, әртүрлі әлемнің бір сәтте уақыт пен кеңістікте қосылуына әкеледі. Ол өзіндік сәйкестендіруді (самоидентификация) іздеу немесе тар шектелу локализация мәдениетіне жетелейді.

Батыс еуропалық постмодернизм, постиндустриалдық қоғам ұғымына сай құндылық, енді ақша немесе билік емес - ақпарат, нақты шындық - виртуалдыққа айналды. Лабиринт принципі арқылы құрылып, БАҚ гипершындығын (Ж.Бодрийар) тудыратын гипермәтін ұғымы пайда болды.

Постмодернизм өкілдері: Р. Барт, Ж. Батай, Ж. Бодрийар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж-Ф Лиотар., Р. Рорти. Ал М.Фуко қойған диагнозды батыс елдерінің дамуы дәлелдеп отыр. Масс-медиада жасалған реалдық пен нақты қылмыс, саясат, жыныстық қатынастар, т.б. ажырамас күйге жетті. Шындықты ойдан шығарылғанымен және өмірдің өзінен туғанды «тек экрандылығымен» бөліп қарау мүмкін болмай қалды. Бір құбылысты көрсету сол құбылыстың өзінің негізіне айналды, тек сол кезде ғана ол өз болмысына ие болады, көрсетілмесе - жоққа тең. Бұл философиядағы түйінді ойлар, батыс еуропадағы индустриалық өркениеттің постиндустриалдыққа өтуінің салдары.

 

 

Семинар сабағының жоспары:

1. ХХ─ХХІ ғ. басындағы саяси-әлеуметтік шындық, рухани мәдениеттің ерекшеліктері және олардың философиядағы көрінісі.

2. Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика, постпозитивизм.

3. Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.

4. Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар.

 

Әдістемелік ұсыныстар:

Осы заманғы Батыс философиясының негізгі бағыттары. Классикалық философияның негізгі қағидалары және оларды осы заманғы ғылым мен әлеуметтік практиканың жетістіктеріне сәйкес кейбір философиялық ағымдардың сын елегінен өткізуі.

Сциентизм және антисциентизм. Информациялық (ақпараттық) қоғам идеясы. Технократизмге сын.

 

Дүние ортасындағы адам және адам әлемі. Экзистенциализм және оның түрлері.

Өмір мен өлім проблемасы (С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, Ж. Сартр).

Постмодернизм ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, қазіргі Батысеуропалық философияның дамуына ерекше әсерін тигізіп отыр.

Бақылау сұрақтары:

1. Прагматизм ағымының тек Америкада пайда болуының себебі неде?

2. Герменевтика ілімінің мәдениет саласын ғылым деңгейінде зерттеу мақсаты не?

3. Экзистенциалдық философия және оның негізгі бағыттарының пайда болу

           себебі?

4. «Бір өлшемдегі адам» теориясының мәні?

5. Классикалық философияның негізгі принциптерін сыни көзқараспен қайта

           қарау?

6. Психоаналитика іліміне Юнг қандай жаңалық енгізді?

7. Постпозитивизм ағымы ғылыми білімнің өсуіне қандай ықпал жасады?

8. Неопозитивизм ағымының негізгі зерттеу обьектісін көрсет?

9. Франкфурт мектебінің әлеуметтік мәселелерді шешу әдісі?

 

Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:

1. ХХ ғ. көркемдік мәдениеттегі Фрейдтің санасыздық идеялары.

2. Экзистенциализмдегі жаттану мәселесі.

3. ХХ ғ. философиясының ғылыми-техникалық ақыл-ойға табынуы.

4. Неопозитивизм эволюциясының негізгі кезеңдері.

5. ХХ ғ. Батыс философиясындағы адам мәселесі.

6. Технократиалық және антитехнократикалық утопия.

7. К. Поппердің әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасының негізгі мәні.

 

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:

1. Камю А. Бунтуюший человек. М.: 1990.

2. Кривелов И. А. Библия: историко-кретический анализ. М.: 1985.

3. Кьеркегор С. Страх и трепет. М.: 1993.

4. Мир философии: Хрестоматия в 2 частях. – М.: 1991.

5. Сумерки богов: (Ф. Ницше, З. Фрейд и д.р.). Сост. А. А. Яковлева. М.: 1990.

6. Хайдеггер М. Время и бытие: статьи и выступления. М.: 1993.

7. Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.: 1985.    

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж., Қасабек А. Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

2. Ақназаров Х. З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы, 1992.

3. Алтаев Ж., Касабек А., Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

4. Әбішев Қ. Философия – Алматы: Ақыл кітабы, 2001.

5. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы, 1992.

6. Бессонов Б. Н. Назначение человека. М.: 1995.

7. Гайденко П. П. Экзистенциализм и проблема културы. М.: 1963.

8. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы - Адматы: Раритет, 2004.

9. Зотов А. Ф., Мельвиль Ю. К. Западная философия ХХ века. Учеб. Пособие. М.:

         1987.

10. Зотов А. Ф., Мельвиль Ю. К. Западная философия ХХ века. Учеб. Пособие. М.:

          1998.

11. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Е. Философия. Алматы: 2003.

12. Қасабек А.Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, 2002.

13. Құлсариева А. ХХ ғасыр философиялық тұжырымдамасы. Алматы, 2001.

14. Лейбин В. М. Фрейд, психоанализ и современная западная философия. М.: 1990.

15. Маркузе Г. Одномерный человек. М.: 1969.

16. Мудрагей Н. С. Рациональное и иррациональное. Историко – теоритический

          очерк. М.: 1985.

17. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

18. Немировская Л. З. Философия: Уч. Пособие. М.:1996.

19. Поппер К. Открытое общество и его враги. М.: 1992.

20. Поппер К. Логика и рост научного знания. М.: 1983.

21. Рассел Б. Человеческое познание, его сферы и границы. М.: 1957.

22. Современная западная философия.М.: 1991.

23. Современная западная философия: словарь, М.: 2000.

24. Философский энцеклопедический словарь - М.: 1994.

25. Философия (под ред. проф. Никтич Л.А.). М.: 2000.

26. Философия: Т. Х. Ғабитов. Электрондық оқулық. Алматы. Юрлит, 2004.

27. Философия Құр. Т. Ғабитов - Алматы: Раритет, 2005.

28. Фромм Э. Психоанализ и этика. М.:1993.

 

 



Орыс философиясы

 

Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі. Орыс философиясы Батыс Еуропалық мәселелерді қарастырады, бірақ оның ерекшелігі ─ ойлау тәсілінің ұлттық сипатында болып отыр.

Православие діні - ежелгі орыс философиясының фундаменті. Христиан дінін орыс халқының 988 жылы қабылдауы, оның дамуының жаңа кезеңі болды. Ол кездегі ойшылардан, христан діні теоцентрлік көзқарасты талап етті. Орыс философиясы «Византиялық» философияның әсерімен дами бастады. Онда неоплатондық теоцентрлік мәселе басым болды.

 Неоплатонизм – идеалистік ағым, оның мақсаты - Платон ілімін қатаң жүйелеу, ондағы қайшылықты жою және оны ары қарай дамыту. Платонның идеалистік теориялары неоплатонизмде мистикалық эманация (сәуле шашу, өту) туралы ілім формасында қабылданды. Материя әлемдік иерархияның төменгі буыны, «әлемдік жанның» эманациясы, олардан «рух» - жоғары тұрады, ал «алғашқы жаратылыс» немесе біртұтастық тіпті бәрінен де биік болмақ. Неоплатонизм бойынша философияның ең жоғарғы сатысында ақыл-ой, оған тәжірибенің көмегімен емес, мистикалық экстаздың арқасында ғана жетуге болады. Бұл философияда идеализм - теософияға айналады. Теософия (гр theos - құдай және sophia - даналық білім; сөзбе-сөз ─ құдайтану) - кейде теологиямен, кейде мистикалық, дінтанудан тыс формалармен теңесетін ұғым. ІХ-XVIII ғасырлардың бірінші жартысы - философиялық мәселелер мен басқа да қоғамдық сана сұрақтарына, әсіресе діни және эстетикалық тұрғыдан жауап іздеу кезеңі (Илларион, Андрей Рублев, Феофан Грек, Владимир Монамах). XVIII ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың бірінші ширегі - россиядағы философияның тарауы және ғылым мен мәдениетті ұғыну, әрі, Батыс Еуропаның философиялық ойы мен ағымдарына еліктеу мәнінде жүрді. ХІХ ғасырдың екінші ширегі - ХХ ғ. басында Орыс философиясының өз дамуы басталды. Орыс философиясының Кеңестік кезеңі  ─ марксистік болды.

Илларион Киевский (ІХ ғ) - бірінші орыс Метрополиті. Оны Ярослав Мудрый тағайындады. Оның «Слово о Законе и Благодати» атты еңбегінде біраз философиялық және қоғамдық-саяси идеялар бар, ол Христиан дінінің негізгі түсінігін қарастырады. Илларион Көне өсиеттік қағидадағы құқықты ереженің мәнін ұғынуды ұсынады: құпияны, мәңгілікті білмей, бармен көңіл көтеру ─ аз нәтиже береді, құлдықты тудырады дейді. Евангелияда (інжіл) ақиқат игіліктен ажырмай, бүкіл адамзатты құтқарады, Көне өсиеттік Жаңа өсиеттікке ауысып, құлдық бостандыққа жетеді делінген. Адамзат тарихы дамуының мәні осында. Владимир Мономахтың негізгі шығармасы ─ «Поучения» (оқыту). Онда өзіне тән философия, моральдық-өнегелік кодекс, келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселелері бар. Орыс жері, оның тағдыры, елді біріктіру, қорғау мақсаты, жақсылық пен зұлымдық тақырыптары қарастырлады.

М. В Ломоносов. (1711-1765 жж.). Ең алғашқы орыс ғалым, Батыс Еуропалық рухани беделдерден өзін іштей тәуелсіз санаған.Ол орыс философиясындағы материалистік дәстүрді қалады. Материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосыла келе молекуланы құрайды, материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болатынын атап көрсетті. Корпускуляр теориясы заттардың құрылымын қарастырады, барлық заттар мен материя ең ұсақ бөлшектерден ─ корпускулярдан, яғни атомдардан, материалдық монадан тұрады дейді. Танымдық ойлары: құбылыстар мен заттар сезім мүшелері арқылы қабылданады. Ол ой жүзінде талданып, қорытындылау барысында танылып іске асады. Ломоносов экспериментке, тәжірибеге, теориялық ойлауға үлкен мән берген. Әлеуметтік өмірде ағартушылық, гуманистік көзқараста болды. Ломоносовтың құдайға қатысы - деизм. Ол бір жағынан, Құдайдың бар екенін жоққа шығармайды, ал, екінші жағынан, ең жоғарғы күшті және мүмкіндікті оған ғана тән деп санамайды. Сондықтан ол діннің ғылымға араласпауын талап етті.

А. К Радищев. (1749-1802 ж) ─ тұрақты, табанды материалистік позицияны жақтады. Болмыстың материалистік бастамасын негіздеумен бірге, әлеуметтік-саяси философияға көп көңіл бөлді. Патша өкіметіне қарсылық көрсетіп, халық өкіметі үшін, құқықтық және рухани бостандық үшін күресуден тайынбады. «Петербургтан Москваға саяхат» деген еңбегінде шаруаларды басыбайлықтан революциялық жолмен босатуды талап етті. Оның әлеуметтік-философиялық көзқарасына француз революциясының зор әсері болды.

 Орыс философиясының үшінші кезеңі ХІХ ғасырдың екінші ширегінен басталады. Осы уақытта ұлттық тіл, (Н. М. Карамзин, А. С. Пушкин), орыстың классикалық әдебиеті пайда болды, олармен бірге орыстың өзіндік санасы қалыптасты. Философиялық ойлар ақсүйектер дініне айналды, зиялы қауым діни мәселелерден арыла қоймайды.

П. Я. Чаадаев (1794-1856) орыс философиясының қалыптасуының басында тұрды. 1836 жылы «Телескоп» журналында өзінің философиялық хаттарын жариялай бастады. Онда ұлттың рухани дүниесі үшін православиеге қарағанда, католицизмнің маңызды екенін көрсетеді. Түкке тұрмайтын Византияға тәуелді болу, өркениетті Еуропадан бөліп тастады дейді. Оның пікірінше, адам материалдық және рухани субстанцияның қосындысы. Адам туған күнінен бастап өлгенге дейін ұжымда, қоғамда болғандықтан ғана тұлға, кісі болып қалыптасады. Ұжымдық сана толық түрде жеке тұлғалық ерекшелікті, субъективтілікті анықтайды. Ұжымдағы өмір - адамды хайуаннан ажыратын негізгі фактор. Ол индивидуализмге, эгоизмге қарсы болды. Жеке бастың пайдасын қоғамдық мүдеге қарсы қойды. Тарихи процестің негізінде Құдайдың көрегендігі жатыр. Дінді - Құдайдың еркін христиан діні іске асырады, ол тарихтың қозғаушы өзегі болып саналады. Тарихқа, мемлекетке және жеке адамның тағдырына әсер ететін негізгі фактор ─ географиялық жағдай. Жеке патшалық зұлымдығы - орталық өкіметтің диктаты, басыбайлылық. Құқық бұзылуының негізгі себебі: басқа елдерге қарағанда ұлан- байтақ шексіз жерінің болуы. Ресей дүниежүзілік тарихи процестен шығып қалды, оның келешектегі мақсаты - дүниежүзілік тарихи өріске оралу, батыстық құндылықты игеру. Бұл ойлар: «славянфильдер» және «батыстық» болып бөлінуге алып келді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: